Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет23/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Сонымен бірге бір нәрсені баса айту керек, адамгершілік, руханилық 
не табиғи, не трансцендентті (сакральды) негізден шықпайтын соңғы негіз 
ақиқаты ретінде түсінілді. Адамгершілікті жырау «кантша» – адамның ру-
хани мәнін практикалық сананың бастауы ретінде түсінді. Егер гуманизм 
адамның өзіндік құнды мәні ретінде түсінілсе, бұдан жырау этикасының 
гуманистік қыры көрінеді. 
Адам руханилығының өзіндік қасиеті оның өз негізінде бар, қозғалысы, 
тыныштық таппайтын трансцендентті шегі қалыптасудың үздіксіз қозға-
лысы ретінде түсінілетін имманентті процессуалдылық. Бұл адам болмы-
сының рухани бастауының онтологиялық ерекшелігі. 
Жырау  шығармаларында  адамгершіліктің  жеке  және  қоғамдық  бас-
таулары, халықтың рухани ұлылығының негіздері діни сеніммен, конфес-
сионалдық  догма  мен  сенім  нышандарына  экзистенциалды  шешімнің 
императиві, тірегі ретінде байланысты болуы  сирек кездеседі. Жақсылық 
адамның жақсы ойы мен қылықтары, жақсылық – бұл адамға адамдық бас-
таудан тыс не жоғары біреудің атынан ұсынылатын дерексіз діни-метафи-
зикалық принцип не императивті талап емес, адамның шынайы ісі арқылы 
көрінетін адалдық, шыншылдық, даналық, жомарттық, батылдық және т. б. 
Тәңірі  не  Алла  (ал  жырау  өлеңдерінде  дәстүрлі  қазақ  мәдениетінің 
дүниетанымдық негіздерінің синкретті сипатына сай Жаратушының және 
болмыстың жоғарғы бастауының екі аты да тең дәрежеде қолданылады)  
нақты  себеп  ретінде  жерге,  әлемге  үстемдігін  білдіреді,  бірақ  өз  ойлау 
мүмкіншілігі  мен  істері  үшін  толық  жауапкершілікті  адамның  өзі  ала-
ды.  Жырау  дара  адамның  санасының  дербестігін,  ішкі  еркіндігін,  соны-
мен бірге халықтың рухани бірігуін пайымдай отырып, адамның рухани 
дербестігіне, оның зейіні мен еркіне жүгінеді. 
Жыраулар  шығармашылығында,  жыршылардың  толғауларында  ав-
торлық бастау адамның рухани-адамгершіліктік бейнесінің біртұтас және 
әмбебап  жетілу  жолдарының  жетілуін  пайымдаудың  ерекше  формасы 
ретінде өзіне жол ашады. Автор өз шығармашылығында дәстүр беделіне 
сөзсіз бағынады және дәстүрдің өзі эгалитарлықты қауымдастықтың өмір-
лік іс-әрекетінің құндылықтық-нормативті принципі ретінде белгілейтін 
болғандықтан өзін ашып көрсетеді. 
Сонымен бірге ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында ұсынылған дәс-
түрлі ділдік құрылымды тарату салты ру-тайпалық қауымдастық деңгейі-
не тар екендігін көрсетеді. Қазақ эпосын тудырушы діни-мифологиялық 
сюжеттегі  жыршылардың  рөлі  олардың  жалпы,  қауымнан  тыс,  нағыз 
адамгершілік  құндылықтар  негізінде  халықтың  рухани  және  әлеуметтік 
кірігуі міндетін орындауынан тұрады. 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               169
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
Бақсы, күйші, жырау тек «насихаттап» қана қоймайды, өз шығарма-
шылығын  жинақтап,  бұл  құндылықтарды  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғас-
тырады,  сонымен  бірге  жәй  халық  пен  шонжарлардың,  кедейлер  мен 
байлардың алдында жоғары беделге ие болады. Тарихи аңыздарда халық 
даналарының  ұяты  жоқ  әміршілердің  өздеріне  лайықсыз  қылықтарын 
әшкерелегенімен,  олардың  жазаланбағанымен  қоймай,  сый-сияпат  пен 
жоғары мақтауға ие болғаны халықтың есінде сақталған. 
Жыршылар, сал-серілер «әлемдегі күштілердің» сөздері мен іс-әрекетін 
бағалау мүмкіндігіне тек қауымдық-рулық және тектік-топтық моральдық 
нормалары арқылы ғана емес, жалпыадамдық, эгалитарлы және гомогенді 
адамгершілік межесінде де ие болды. «Жыраулардың ерекше беделі құры-
лымнан  тыс  принципті  түрде  болады...  Ол  коммуникативті  өзара  әсер 
биліктен  жоғары,  саяси-құқықтық  регламенттеу,  туыстық  байланыстар, 
барлық конфессианалды, заттық, тектік, тайпалық бөлінулер бар жерде бо-
лады» [56, 19 б.].
Яғни,  адам  өмірінің  болмыстық-онтологиялық  және  құндылықтық-
мәндік негіздерінде болады. Осы жолда әлеуметтік-этикалық рефлексия 
адам  мен  әлем  қатынасын  бір  бейнеге  жинақтай  отырып  онтологиялық 
әмбебап құрылымның мағынасымен теңдестіріледі. 
Бұл онтология мен этиканың гомологиясын қазақ халқының мәдени 
дәстүрінің, ағартушылар шығармашылығымен қоса даму кезеңінен көруге 
болады. 
Мысалы, ХV-ХVІ ғ.ғ. дамыған жыраулар поэзиясында көшпенді қоғам-
ның  шаруашылық,  мәдени,  саяси  дағдарысы  –  Даланың  экономикалық 
және әскери-саяси құлдырауы, Алтын Орданың құлауы, өзара бөлінушілік 
және т. б. – анық этико-онтологиялық модальдылықты көрсетеді. Әсіресе 
бұл Асан қайғының, Шалкиіз Тіленшіұлының, Ақтамберді Сарыұлының 
және басқа жыраулардың шығармашылығында айқын көрініс тапқан. 
Даланың әлеуметтік сәтсіздігінің бейнеленуі  мен көшпенді қоғамның 
бұрынғы  ру-тайпалық  бірлігінің  ыдырауы  олардың  жырларында  уақыт 
байланысының  онтологиялық  ажырауын  білдірді.  Сонымен,  Ноғайлы 
ұлысының ыдырауы  Шалкиіз жырларында біртұтас табиғаттағы, онтоло-
гия қабаттарындағы апатты жағдай ретінде болмыс қасіретін сезінуді  по-
этика арқылы көрсетеді. Бұл бақытсыз Күнде Әлемнің мәңгілік тәртібі мен 
байланыстарын бұзып, оның жағдайын астаң-кестең қылып, құлдырауға 
апарып, уақыт өз жігінен шығады: 
Он сан ноғай бүлген күн,
Жез қарғылы құба арлан
Жетіп түлкі ала алмай,
Шалған аңын ала алмай,
Қорашыл төбет болған күн,
Оң қанатын теріс соғып,
Лашын құс қу ала алмай қалған күн

170                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Зерттеушілердің ортақ пікіріне сәйкес, Асан қайғы поэзиясы – экзис-
тенциалдық,  көшпелі  қоғамның  талқандалуы  мен  құлдырау  жағдайына 
терең жеке эмоционалды әсері, мыңжылдық тарихтың мұраттары мен құн-
дылықтарын сақтап қалуға деген жанкешті талпыныс. Асан қайғыны мұсыл-
ман  мәдениеті,  оның  рухани-адамгершіліктік  мұраттары  қызықтырғаны 
сөзсіз,  бірақ  исламды  жеке-қоғамдық  өмірге  деген  барлық  қағидалары-
мен,  құндылықтарымен,  талаптарымен  толық,  сөзсіз  қабылдау  –  өзінің 
жеке,  көшпенді  мәдениеттің  мәңгілік  дәстүрінен  бас  тарту  болып  санал-
ды. Мұнымен Асан келіспеді. Сонымен бірге, ол Дала халқының өміріндегі 
патриархалды-рулық институттардың әлеуметтік-қалыптағы мәнін жоғал-
ту арқылы  көшпелі қоғамның бітпейтін өзара феодалдық қырқысу арқылы 
құлдырауына қатты қайғырды. 
Асан қайғы көшпелі және отырықшы өмір құндылықтарын салыстыра 
отырып, компаративистика мен қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық теорияға 
философиялық-герменевтикалық  мәселені  қояды:  құндылықтардың  оп-
позициялық  жүйесі  негізінде  (отырықшы  мәдениет  құндылықтары),  ба-
ламалы өмір бейнесі тұрғысында бір көшпелі мәдениеттің құндылықтары 
мен мәнін түсініп және талдау мүмкін бе: 
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін,
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ел қадірін не білсін!
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
Көшсе, қона білмеген,
Қонса, көше білмеген,
Ауылыңа көнбеген
Жұрт қадірін не білсін!
Зар-заман  ақындары  шығармашылықтарының  ерекшеліктері  – 
Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы және т. б. рухани өлшемінің 
Әлемнің  онтологиялық-құндылықтық  құлдырау  себебін  анықтайды. 
Е.Д.Тұрсынов былай дейді: «зар-заман ақындарының жанталасуы уақыт-
ты жаңаша түсінудің қалыптасуы болды: олар үшін өткен уақыт кейін-
гіден алшақ жатыр» [57, 49 б.], ал болашақтың жетістіктері белгісіздігімен 
қорқытты. 
Эстетика-феноменологиялық зерттеулер көрсеткендей, өнер туынды-
сы – сапалы (онтологиялық) түрлі кеңістік-уақыттық деңгейлері бар ақи-
қаттың ерекше түрі, негізгілері: 
1.  Өнер  туындысында  пайдаланатын  жәй  материалдық  зат  (кенеп, 
сыр, мәрмәр, дыбыстар және т. б.) нақты кеңістік пен уақыт.

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               171
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
2. Өнер туындысы ақиқат жағдайлардың, көріністің, оқиғаның үлгісі 
ретінде  көрінетін  көркем  бейнедегі  тұжырымды-затты  кеңістік  пен  уа-
қыт.  Мысалы,  ауызша  шығармашылық  эстетикасында  сюжетті  құру 
кеңістік-уақыт деңгейінде араласуға негізделген. Автордың еркі олардың 
хронологиялық жалғаспайтын жағдайын көрсету тәртібін анықтайды. 
3. Субъектінің – көркем шығарманың реципиенті немесе жаратушы-
ның жеке түйсігінде (перцептивті тәжірибе) көркем бейненің кеңістіктік-
уақытты  параметрлерді  қалыптастыру  заңы  іске  асатын  перцептивті-
субъектілі кеңістік пен уақыт. 
Табиғи, әлеуметтік және субъективті-жеке әлемді игерудің рухани тәжі-
рибесін жариялау ретіндегі жыраулар шығармашылығына тән ерекшелік 
кеңістіктің  барлық  көрсетілген  түрінде  біртұтас  рухани-адамгершіліктік 
бағалау  қолданылатындығымен  қорытылады.  Сондықтан,  жыраулар  по-
эзиясы  әлемнің  бұзылмас  құндылықтық-онтологиялық  бастауларымен 
замандастарының тұрмыс-салтына өз көзқарасын ұштастырып, әлеуметтік 
сынның күшін өз мойнымен көтерді. 
Егер М.К. Мамардашвили жүргізген философияның екі типін ажыра-
туды пайдалансақ, онда жырау поэтикасындағы этикалық-онтологиялық 
категориялар – олардың философиялық этика ғылымы мен жүйесі емес, 
практикалық философиясының, өмірлік даналығының (фронезис) бастауы 
деп айтуға болады. Жырау білімді жоғары құндылықтар қатарына көтере 
отырып, жеке тұлға мен халықтың тағдырындағы драмалық қайшылықтар 
алдында өз беделін сақтаудың практикалық құралын табуға апармайтын 
абстрактілі білімге немқұрайдылық көрсетеді. 
Түрлі тарихи дәуірлердегі номадтық мәдениеттегі жыраулар рөлінің 
дамуы  жыраулар  тек  дәстүрлі  мифологиялық  және  тарихи  сюжеттерді 
жырлап  қоймай,  дүниетанымдық  рефлексияның  беделді  субъектісі  де 
бола білгендігімен анықталады. Жыраулар сөзіне мәртебе беретін  сыни 
зейін  мен  харизматикалық  ерік  қатар  жүрді,  қазіргі  тілмен  айтқанда, 
әлеуметтік  және  жеке  тұлғааралық  қатынастар  құндылықтары  мен  нор-
маларына деген мәртебе болатын. 
Е.Д. Тұрсынов жыраулардың негізгі қызметін былай көрсетеді: 
1. Тек тайпа не ру арасындағы байланыс емес, хандықтың, ұлыстың, 
тайпалық одақтың құрамына кіретін барлық рулар мен тайпалар арасын-
да байланыс орнату.
2. Бейбітшілік кезіндегі аса маңызды мемлекеттік мәселелерді, соғыс 
кезіндегі соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешуге қатысу. 
3.  Әскердің  жігерін  көтеру  мақсатында  ата-бабаның  даңқты  істері 
жайлы тарихи әндерді, қаза тапқан батырларға арналған оданы, батырлық 
эпостарды орындау. 
4. Ең бастысы – «болжағыштығына» сүйене отырып, болашақты көре 
білу, жыраулар хан мен халыққа ақыл айтып отырған [58, 92 б.]. 
Жыраулар поэзиясы негізгі мағынасы мен тақырыбына байланысты 
– көнетүркілік поэзияның заңды мұрагері, оларға патриоттылық, бөтенді 

172                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қабылдамау, өз құндылықтары мен өмірлік бейнесін батыл айту, әділдікті 
қалпына келтіруші ретінде сезіну тән. 
Жыраулар өзінің негізгі мағыналық сипаты мен тақырыбына сай ше-
шендік өнерді, эпикалық көркемсөз поэтикасын, буффонадтық қорқыту 
мен  арандату,  гротескілік  трагедияны  бойына  сіңірген  күшті  шешендік 
дәстүрдің  жыр,  өлең  түрінде  берілу  формасы  екендігі  белгілі.  Сонымен 
бірге  жырау  –  қазіргі  семиология  терминімен  айтқанда,  перформативті 
дискурс,  өзінің  әлемі  (ізгілік  әлемі)  мен  бөтен  (жамандық  әлемі)  әлемге 
апелляциясыз бөлінген бұйыру мен тыйым салу поэзиясы. 
Егер руналық ескерткіштерде түркілік рухтың ұлылығы бейнеленсе, 
жыраулар поэзиясында – оны жоғалту қасіреті бейнеленген. 15 ғасырдан, 
ұлы  географиялық  ашылымдар  дәуірінен  бастап,  ойкумен  көшпенділігі 
отырықшылыққа  қарама-қарсы  болған.  Кейбір  жеке  тұлғалардың  (Асан 
қайғы)  ғаламдық  өзгерістерді  жақсы  түсіне  отырып,  үмітсіздік  энерги-
ясымен  қарсы  тұрғанын  білеміз.  19  ғасырға  дейінгі  кейбір  ақындардың 
өлеңдерінің «зар-заман поэзиясы» дәуірі аталуы кездейсоқ емес. 
Жыраулар поэзиясында сөз көркем-эстетикалық бейненің өмір сүру 
тәсілі  болды,  сонымен  бірге  ол  өзінің  мифтік-салттық  негізінен  кете  ал-
май, сөз – заттар – істер архаикалық принциптеріне сәйкес сөз бата мен 
қарғыс,  сәуегейлік  пен  болған  жайдың  себептері  сияқты  магиялық  қыз-
метін сақтаған. Жырау өзіне П.Флоренскийдің: «Бір орталыққа жиналған 
тұтас  халықтың  тарихи  еркін  –  сөзді  өз  билігімде  ұстаймын,  ал  істі  – 
күшіммен емес, тек оны өз жолымен бағыттаймын» [59, 255 б.] деген фор-
муласын  қолдануы  мүмкін  еді.  Бұл  формула  жыраудың  өз  рөлін,  соған 
сай халықтың өміріне бағыт берудегі айтқан сөзін түсінуге жалпы бағыт 
береді. Бұл өз шығармашылығына деген міндетті Базар жырау өз өлеңінде 
жақсы көрсеткен: 
Қайыңның қатты безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім!
Сөйлер сөзге келгенде
Шебердің құрған тезі едім!
Есіткендерді еміреніп,
Өртедім оттай өзегін
Талай жерді таңдантып
Қызыл тілді безедім! [60, 163 б.]
Жыраулар  поэзиясында  оның  тәрбиелік-педагогикалық  бағытына 
назар  аударылған.  Жырау  тек  жәй  құндылықтарды  жариялауды  мақсат 
етпейді, ең алдымен, осы құндылықтарды тәртіптің мөлшері, өмір құры-
лымында қажет принцип ретінде жариялады. Жыраулар поэзиясын ав-
тордың  шығармашылығын  өз  мәнеріне  айналдыру  ретінде  қарастыруға 
болады.  Жыраулар  сөз  өнері  моральдік  дидактика,  олардың  ерекше 
әлеуметтік мәртебесіне байланысты өсиет айту. 

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               173
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
Жыраулар  тек  қарапайым  Дала  жұртының  адамгершілігі  жоғары, 
өмірлік ұстазы ғана болып қоймады, сонымен бірге маңызды саяси қызмет-
тің ауыртпалығын да өз мойындарына алды. Жыраулар ханның кеңесшісі, 
биі, әскер басшысы, атақты батыры ретінде барлық хандыққа қатысы бар, 
мемлекеттік істерді шешуге ерекше жігермен қатысқан. 
Академик Ә.Х. Марғұлан былай дейді: «Жырау ру басы ақсақал, халық-
тың көкейтестi арманының мұңшысы, жыршысы ретiнде өте қажеттi тұс-
тарда болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметiне бөлен-
ген жырауларға жұрт болашағына қауiп төнiп, қалың бұқара жол таба ал-
май тығырыққа тірелген екiталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес 
сұрайтын болған. 
Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жiгер берiп, осы оқиғаның немен 
тынарын  болжап,  тебiрене  жыр  толғайтын  болған.  Болашақты  барлап 
болжам айту – көреген де бiлгiр жыраулардың поэтикалық өнерiнiң бас-
ты тәсiлi болып саналған» [61, 73 б.]. Жыраулар өздерінің халық пен қазақ 
қоғамының саяси бетке ұстар адамдарына әсер ету дәрежесін түсініп, өз 
сөзінің халық алдындағы жауапкершілігін сезінген. 
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ!
Жыраудың, «дала философының» (Ш.Уәлиханов) поэтикалық сөзі тек 
айтылып қана қоймай, қазақтардың көшпелі мәдениетінің рухани кеңісті-
гі құрылады, өседі, тереңдейді. Көшпелілердің Батыстың техногендік, ин-
дустриалды  өркениетінің  қысымына  объективті-тарихи  тұрғыда  душар 
болуы «Мәдениеттің үлкен уақытында» жыраулар поэзиясында жырлан-
ған  дәстүрлі  қазақ  мәдениетінің  рухани  әлемін  иемденетін  құқы  бар 
болмыстық-онтологиялық мәртебесін жоққа шығара алмайды. 
Пайдаланған әдебиеттер
1. Магауин М. Из глубины веков // … Озера степные. – Алматы: Гылым, 1999. – 284 с.
2.  Толғау  поэтикалық  форма  ретінде  жеті-сегіз  еркін  ұйқастан  тұрады. 
Е.Д.Тұрсынов  айтқандай,  толғау  жанрына  жататын  шығармалар  түркі  поэзия-
сында  ҮІІІ-ХІІІ  ғ.ғ.  бастап  кездеседі.  –  Қараңыз:  Турсунов  Е.Д.  Древнетюркский 
фольклор: истоки и становление. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 172 с.
3. Касымжанов А.Х. Самоопределение и духовное наследие // Саясат. – 1999. – 
№3.  89 с.
4. История Казахстана: народы и культуры: Учебное пособие / Масанов Н.Э. 
и др. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 608 с.

174                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
5. Сонда. 
6. Кодар А. Менталитет казахов по народным преданиям и поэзии жырау // 
Кодар А. Зов бытия. – Алматы: Издательский дом «Таймас», 2006. –  528 с.
7. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. – М.: АСТ, 2000. – 619 с.
8. Кодар А. Истоки Степного Знания (опыт философии казахской истории) // 
Кодар А. Степное Знание: очерки по культурологии. – Астана: Фолиант, 2002. – 208 с.
9.  Акатай  С.Н.  Философия  тенгризма  //  Казахстанская  философия  в  канун 
XXI века (материалы Республиканской научно-теоретической конференции, по-
священной 40-летию Института философии МН-АН РК, 28 мая 1998 г.). – Алматы: 
Ақыл кітабы, 1998. – 251 с.
10.  Касымжанов  А.Х.  Пространство  и  время  великих  традиций.  –  Алматы: 
Қазақ универститеті, 2001. – 301 с.
11. Генон Р. Очерки о традиции и метафизике. – СПб.: Азбука, 2000. – 320 с.
12. Хëйзинга Й. Homo ludens // Хëйзинга Й. Homo ludens. В тени завтрашнего 
дня. – М.: Издательская группа «Прогресс», «Прогресс-Академия», 1992. – 345 с.
13. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких гор и сте-
пей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.
14. Валиханов Ч.Ч. Заметки по истории южносибирских племен // Валиханов Ч.Ч. 
Собрание сочинений в 5-ти т. Т. 1. – Алма-Ата: Каз. сов. энциклопедия, 1984. – 451 с.
15. Нуржанов Б.Г. Культурология: курс лекций. – Алматы: Университет «Кай-
нар», 1994. – 128 с.
16. Сонда.
17. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. – Алматы: 
Каржы-Каражат, 1994. – 48 с.
18. Қар.: Сулейменов О.О. Философские проблемы культуры // www.kros.ru
19. Нуржанов Б.Г. Культурология: курс лекций. – 128 с.
20. Тойнби А. Дж. Цивилизация перед судом истории: Сборник. 2-е изд. – М.: 
Айрис-пресс, 2003. – 393 с.
21. Тойнби А. Дж. Постижение истории. – М.: Прогресс, 1991. – 739 с.
22. Сонда.
23. Сонда.
24. Сонда. 
25. Қар.: Кодар А. Истоки Степного Знания (опыт философии казахской исто-
рии) //  Кодар  А.  Степное Знание:  очерки по культурологии. –  Астана:  Фолиант, 
2002. – 208 с.
26. Баймухаметов Ж. Интеллектуальный номадизм в современной западной 
философии // Культурные контексты Казахстана: история и современность: Мате-
риалы международного семинара, посвященного 100-летию М.О. Ауэзова. – Ал-
маты: Ниса, 1998. – 301 с.
27. Сонда. 
28. Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. – Алматы: Дайк-
Пресс, 2000. – 604 с.
29. История Казахстана: народы и культуры: Учебное пособие / Масанов Н.Э. 
и др. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001 – 608 с.

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               175
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
30.  Гейзенберг  В.  Естественнонаучная  и  религиозная  истина  //  Гейзенберг  В
Шаги за горизонт. – М.: Прогресс, 1987. – 328 с.
31. Сонда. 
32. Сулейменов О.О. Философские проблемы культуры // www.kros.ru
33. Кон И.С. Открытие «Я». – М.: Политиздат, 1978. – 367 с.
34.  Танирбергенова  Г.Т.  Нравственные  начала  национального  самосознания. 
Дисс. … канд. филос. наук. – Алматы, 1996. – 98 с.
35. Хëйзинга Й. Осень Средневековья. – М.: Наука, 1988. – 416 с.
36. Махамбет Өтемісұлы да Қазтуғанды қайталайды. 
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі.
Жаурыны жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен – Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын!
37. Сулейменов О.О. Философские проблемы культуры // www.kros.ru
38. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. – Алматы: 
Каржы-Каражат, 1994. – 48 с.
39. Оссовская М. Рыцарь и буржуа: Исследования по истории морали. – М.: 
Прогресс, 1987. – 528 с.
40. Хëйзинга Й. Осень Средневековья. – 416 с.
41. Ламетри Ж.О. Анти-Сенека, или Рассуждение о счастье // Ламетри Ж.О
Сочинения. – М.: Мысль, 1976. – 511 с.
42.  Жыраулар  поэзиясы  дәстүрінде  жырлаған  соңғы  қазақ  ақындарының 
бірі – Махамбет Өтемісов өзінің досы және серіктесі Исатай Таймановқа көпте-
ген өлең жолдарын арнаған. Бұл өлең жолдарының жалпы сипаты гиперболалық 
метафора  ретіндегі  поэтикалық  теңеулер  жүйесі  арқылы  батыр  бейнесін  құру 
әдісін пайдаланады. Гиперболалық метафораны қолдану негізінде құрылған өлең 
мәтінін  мысалға  алар болсақ, Исатай қаза  болғаннан  кейін  жазылған  Өтемісов-
тың «Қызғыш құс» деген өлеңін келтіруге болады: 
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме,

176                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды-ау
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім!
Керіскідей шандозым.
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағына сары жебені салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған.
Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.
Айқайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен;
Атқан оғы Еділ – Жайық тең өткен:
Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді-ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?!
43. Оссовская М. Рыцарь и буржуа: Исследования по истории морали. – 528 с.
44. Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – Алма-
ты: Дайк-Пресс, 2001. – 172 с.
45. Магауин М. Кобыз и копье. Повествование о казахских акынах и жырау 
XV-XVIII веков. – Алма-Ата: Жазушы, 1970. – 160 с.
46.  Кодар  А.  «  Сокровенное  сказание  монголов»  и  поэзия  казахских  жырау 
позднего средневековья // Кодар А. Зов. бытия. – Алматы: Издательский дом «Тай-
мас», 2006. – 528 с.
47. Оссовская М. Рыцарь и буржуа: Исследования по истории морали. – 528 с.
48. Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – 172 с.
49. … Озера степные. – Алматы: Гылым, 1999. – 284 с.


1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал