Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



жүктеу 3.67 Kb.

бет18/49
Дата08.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      127
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
әділетсіздікке  төзбейтіндей  болуы  керек;  өзі  қажет  деп  санаған  нәрсені 
жүзеге  асыру  барысында  шешім  қабылдағыштық  танытып,  қорқыныш 
пен дәрменсіздік көрсетпей, батыр да батыл болуы тиіс» [35, 221 б.].
Әл-Фарабидің  философиясындағы  үлгілі  адам  идеалын  талдауға 
арналған  мақаласында  Г.  Қоянбаева  былай  дейді:  «Бақыт,  әл-Фараби 
пікірінше,  көпмәнді  және  барлық  түсініктер  секілді  көпмағыналы  және 
көпдеңгейлі.  Ол  белгілі  бір  анықтама  немесе  өлшемге  келмейді,  бірақ 
әл-Фараби  кез  келген  адамның,  адам  немесе  топтың  бақытты  өзінше 
түсінетінін жоққа шығармайды» [36, 214 б.]. Одан ары қарай бұл зерттеуші 
ұлы  ғұламаның  мұрасындағы  бақытты  іздеп  табудағы  шығармашылық 
ізденістерді адамның әлеуметтік өмірімен байланыстырады: «Әл-Фараби 
тұжырымдамасы  бойынша,  бақыт  адамның  психикалық  жан-жағдайы 
ғана емес, яғни ол қуаныш сияқты адамның қанағаттық, рахаттану секілді 
эмоционалдық  сезімдерді  бастан  өткізгенімен,  бұл  сезім  тек  адамның 
психологиялық сапаларымен адамның мінез-құлқы мен руханилығының 
қалыптасуымен  ғана  байланысты  емес.  Оның  жетістіктері  бақыт  секілді 
адамның қоғамдық өміріне енгізілген, өйткені табиғаты бойынша адам өз 
қажеттіліктерін қанағаттандыру және толыққанды өмір сүруі үшін басқа 
адамдармен бірге тұруға және бірге әрекет етуге мұқтаж. Әл-Фараби адам 
қоғамнан тыс бақытқа жетуі мүмкін емес деп тұжырымдайды [36, 297 б.]. 
Жетілу  үшін  ең  қажетті  нәрселердің  бірі  жүрек  қайраты  және  осы 
жүрек  пен  оның  жылуын  Әл-Фараби  ізгі  адамның  «басты  құралы»  деп 
есептейді. Қайраттың қолдауындағы ақыл мен жүректің осындай бірлігі 
кейінгі қазақ ойшылдарына, мысалы Абайға тән болып келеді. Ортағасыр-
лық араб философиясын терең зерттеген қазақстандық маман Н.Л. Сейтах-
метованың пікірінше, «кемелдік теориясының пайда болуына ислам түрт-
кі  болды.  Ислам  ортағасырлық  адамның  өмірін  адамгершілік  мәнмен, 
мейірімділікпен және қайырымдылықпен толықтырды. «Адам – Құдай» 
қатынастарының  мәнін  білдіретін  жүрек  категориясы  тек  сопылықта 
ғана  кеңінен  таралмаған,  мұсылмандық  ортағасырлықтың  бүкіл  рухани 
тәжірибесін жүрек философиясы деп атауға болады» [37, 214 б.]. 
«Құтты  біліктің»  басты  төрт  кейіпкері  –  Елбасы  Күнтолды  (Әділет), 
Уәзір Айтолды (Бақыт), Уәзірдің баласы Өгдүлміш (Ақыл) және Уәзірдің 
інісі  Оғдұрмыш  (Игілік)  ұлықтық  пен  кішілік  ізеттерін  ұстай  отырып, 
диалектикалық талас-тартысқа бармаса да Сократтың диалогиялық әдісі-
мен  Платон,  Аристотель,  Фараби  көтерген  әлеуметтік-философиялық 
мәселелерге жаңаша түркілік түсініктерге сай жауап іздейді. Кейіпкерлер-
дің  әрқайсысына  тән  қасиеттерді  жеке-жеке  сипаттаған  автор  олар  бір-
бірінен тәуелсіз өмір сүргенде адамды бақытқа жетелей алмайды деген қо-
рытынды жасайды. Төртеуі бірлік пен ынтымақта болғанда ғана адамдар 
бақытты өмір сүре алады. Билеушінің бақыты халықпен бірге, халықтың 
бақыты билеушінің басты мұраты болуы тиіс. Бақыт жекелеген адамдарға 
ғана тән ұғым емес. Ол көпшілік сипатқа ие болатын мәдени-әлеуметтік, 
этикалық-эстетикалық құбылыс. 

128                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Жүсіп  Баласағұн  бақытқа  жету  үшін  әкімдердің  ел  билеу  әдісіне 
көбірек  көңіл  бөледі.  Поэмадағы  «Билеушінің  міндеттері»  деп  аталатын 
тақырыпта  билеушіге  арналған  нұсқаулар  мен  ережелер  берілген.  «Ел 
билеуге керек мың түмен, сонда ғана ашылады түн-тұман», «Әлем билеу 
үшін зерде тірек қой, ел билеуге керек – ақыл, жүрек, ой», «Бағынған елді 
баға біл, баққан елді бұйырма арзан үкімге», «Көп ойнаған әкім елін жеп 
бітіреді»,  «Ақымақ  әкімнің  айналасында  жарамсақтар  отырады,  ақылды 
әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады». «Әділ бектің заңы да жо-
ғары», «Бек тәтті өмірді сүйсе, елдің күні қараңғы», «Істі білгенге тапсыр» 
[38,  256  б.]  деген  ұлағатты  сөздер  айтқан  Баласағұн  барлық  басшыларға 
халыққа қызмет етуді міндет ретінде ұсынады. 
Мемлекетті заң арқылы басқару ғана адамдардың теңдігін орнатып, ізгі 
қарым-қатынастар жасауға жағдай жасайды. Баласағұн шығармасындағы 
Күнтолды (патша) да заңды құрмет тұтады. Ол туралы шығарма авторы 
«заң түзелді, дүние тыншып жайланды, әділ заңмен аты аңызға айналды» 
деп жазады және әділдіктің өлшемі, басшылықтың сүйеніші, мемлекеттің 
арқауы – әділ заң деп тұжырым жасайды. 
Билеуші мен қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың реттелуі 
екі  жаққа  да  байланысты  болмақ.  Бұл  мәселеге  айрықша  көңіл  бөлген 
Баласағұн халықты қоғамдық өзгерістерге ықпал ете алатын күш деп білді. 
«Қара халықтың қарны тойса, тілінен ерік кетеді», «Халық тарықса, үкімет 
жұтайды», «Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады», «Халық бүлінсе, 
саясат оны түзейді», «Әкімнің ақысы болса, қараның қақысы бар», «Уәзір 
жауыз  болса,  ел  мен  халық  бұзылар».  Халықтың  ашуы  ханды  да  тақтан 
ұшырады.
Халықтың  құқы  мемлекет  заңымен  және  тәртібімен  қорғалса  ғана 
әділетсіздік  болмайды.  Үкіметтің  міндеті  халықты  қайыршылық  күйге 
жеткізбеу.  Ал  мұндай  жағдайды  болдырмау  үшін  жеке  адамның  да, 
әлеуметтік  топтың  да  мүдделері  мен  мінез-құлқын  әрдайым  зерттеп, 
қадағалап отыру қажет. Бұқара халықпен үнемі араласу, олардың тұрмыс 
жағдайын,  мұң-мұқтажы  мен  өтініштерін  ескеру  билеушілердің  на-
зарынан  тыс  қалмауы  тиіс.  Әр  топтың  мүддесі  де,  қарекеті  де  әртүрлі, 
сондықтан да олардың әрқайсысымен сөз табысып, ортақ келісімге келу 
билеуші қасиеттерінің бірі. 
Жүсіп Баласағұн аталмыш шығармасында:
«Диқанның наны – адал,
Сен диқанмен қатынасып, аралас,
Сонда  болар  тәтті  тағам,  адал  ас»,  –  десе,  қолөнершілер 
мен  саудагерлердің  кәсібінің  қиыншылығы  мен  ерекшелігін  айта  келіп, 
олармен де қалай тіл табысуы керектігі жөнінде ақыл-кеңестер береді:
«Қолөнершілер қолдарында түрлі өнер,
Қол өнерін пайдаланып күн көрер.

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      129
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
Бұлар да бір ең қажетті кісілер,
Жақын жүргін, көп-көп пайда түсірер.
Керуеншілерде күллі әлемнің аңсары, 
Кіл асыл зат қызықтырған баршаны. 
Кезбесе олар жиhанды, ұлы-кішікті.
Киер ме едің қара сусар ішікті. 
Жақсы атыңды шықсын десе, сайлы бол
Мүсәпір мен керуенге жайлы бол» [38, 312 б.].
Диқандар  адал  еңбегімен,  маңдай  терімен  мемлекеттің  қазынасын 
молайтады,  басқаларды  да  асырайды,  қолөнершілер  сұлулықты  жасай-
ды,  ал  саудагерлер  керек-жарағыңның  бәрін  тауып  береді.  Жақсы  адам 
деген  атыңды  шығарғың  келсе,  жол  үстіндегі  керуеншілер  мен  мүсәпір-
қонақтарды  күтіп,  қонақжайлылық  таныт  дейді.  Жоғарыда  аты  аталған 
кәсіп иелерінің адал еңбегі қандай құрметке болса да лайық.
«Баққан елді бұйырма арзан үкімге,
Ас-суын бер, киімін де бүтінде.
Салмағың сал есепке, алып күшін де,
Құдай сенен сұрар солар үшін де,
Бейнет беріп қинама сен оларды,
Содан құдай саған дұшпан боларды,
Сен басынба, бәрі құлы Алланың, 
Өйтсең өзің тозақ тілеп алғаның» [38, 314 б.].
Патша, уәзір, әскер басшы, қазы, хатшы, қазынашы, ғалым, қолөнерші, 
малшы, жұлдызшы, дәрігер және тағы басқалардың жағымды және жағым-
сыз қасиеттеріне сипаттама берген Жүсіп Баласағұн мемлекетте тұрақты-
лық пен үйлесімділік, молшылық пен бақыт, әділдік пен заңдылық үстемдік 
құруы үшін олардың әрқайсысының не істеу керектігін және неден тарты-
нуы жөнінде кеңестер береді. Тәлім-тәрбиелік маңызы бар бұл шығарма сол 
дәуір үшін идеологиялық құжат қызметін де атқарды. Оның мақалға айнал-
ған көптеген қағидалары мен сөздері бүгінгі күнге дейін мәнін жойған жоқ. 
Демек, Ж. Баласағұн шығармасында бақыт абстрактілі, жеке индиви-
дуалды  емес,  адамның  ішкі  рухани  дүниесімен  астасып  жататын,  саяси-
әлеуметтік  факторлармен  байланысты  болып  келетін,  әділеттілік  пен 
ізгілік категориялары арқылы өз мәнін толықтыратын тұтас руханиланған 
үлгідегі құбылыс екендігін тұжырымдауымызға болады. 
XI  ғасырда  Қарахан  мемлекетінде  өмір  сүрген  келесі  бір  ірі  ғұлама 
Махмұд Қашқари. Түріктердің қоғамдық өмірінің барлық жағын қамты-
ған әйгілі «Түрік тілінің сөздігі» («Диуани лұғат ат-түрк») атты еңбегі оны 
бүкіл  әлемге  мәшhүр  етті.  Үлкен  энциклопедиялық  шығарма  «Түркі 
тілдерінің  сөздігі»  мемлекеттік  басқару  мен  саяси  қызметі,  түркілердің 
әдебі мен этикасы туралы да бағалы деректер береді. Адамдар арасындағы 

130                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қарым-қатынаста  ол  әдептілік,  адамгершілік,  ізеттілік,  қайырымдылық, 
жақсы адамға тән жағымды мінез мәселелерін сөз етеді. «Білімді болғың 
келсе, дананың айтқанын тыңда», «Адам басына жел үйір, жақсы адамға 
сөз  үйір»,  «Күн  есіктен  кірсе,  әділдік  түндіктен  шығады».  Даналардың 
айтқан  сөзі  адамдарды  адамгершілікке,  қайырымдылыққа,  білімділікке 
жетелейді. Білімді адамдар басқалардың еңбегін құрметтейді. Елге еңбегі 
сіңген жақсы адамдарды жұрт мақтайды, өзге халыққа үлгі етеді. Зорлық 
жүрген жерде әділдікке орын қалмайды. 
Махмұд Қашқари әкімдердің ел билеуде ақыл-парасат пен әдептілікке 
және кішіпейілдікке үйір болуын талап етті. «Ұлық болса – ізгілік ет», сонда 
ғана сенің қарамағыңдағы халық соңынан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз 
әдеттер олардың қызмет бабына сыйыспайды. Ел билеуде күшкен сенген-
нен  ақылға  жүгіну  әлдеқайда  тиімді  нәтиже  береді.  «Ақылмен  арыстан 
ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың».
Өзінің жеке басының пайдасын күйттеген әкімдер елге опа әпермейді. 
Әкімнің барлық іс-әрекеттері халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені 
де  жасыра  алмайсың,  қандай  ауыр  кезең  болса  да  халықпен  бірге  болу-
ды үгіттеген жинақ авторы «Әмір жат елден өзіне арнап сарай соқтырып 
қойса, бұл жаман ырым. Бұл түбі басына қиын-қыстау күн туса, қашып 
барып  паналаймын  дегенді  білдіреді.  Бұл  халқының  алдында  жасаған 
сатқындығы. Өйткені, қарапайым елдің барар жер, басар тауы жоқ. Сен 
билеуші болғаныңмен, олардан артық емессің. Бір топырақта тудың екен, 
ендеше бірге өле біл» [39, 111 б.].
Жеке  бастың  мүддесін  ғана  ойлайтын  әкімдердің  мұндай  әрекетін 
олардың халыққа жасаған опасыздығына теңеген М. Қашқари қандай күн 
туса да өз топырағында және халқымен бірге бол деген ғибраттық сөзін ар-
найды. «Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар, сонда бол, қуаңшылық жылында, 
халық қайда – сонда бол». Халық болмаса, сенің билігің кімге керек, билік 
қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасты тәртіптілік пен заңдылықты 
сақтаумен бірге, шаруашылық істерін реттеуге, әділдікті қалпына келтіруге, 
зорлық-зомбылықты болдырмауға да арналған. «Жерді тау басып ұстайды, 
елді бек басып ұстайды». Елдің елдігін сақтау, ынтымақ пен бірлікте ұстау, 
ел ішіндегі бассыздықты болдырмау – әкімдер назарындағы басты мәселе. 
Мемлекеттің  қуаттылығы  мен  күштілігі  халықтың  адал  еңбегінен  құ-
ралған қазынада екендігіне мән берген Махмұд Қашқари былай деп жаза-
ды: «Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші, 
қазына  кілтін  ұстаған  адамға  аса  сақтықпен  қарағаны  абзал.  Алтын  мен 
күміс бар жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере 
ет. Бүгіп қалсаң, сен де ұрысың» [39, 128 б.]. Ашкөздік пен тойымсыздық та 
адамдарға тән қасиеттердің бірі. Ұрлық жоқшылық пен тоқшылық кезеңді 
таңдап жатпайды. Халық қазынасы талан-таражға түспеуі тиіс. Билеушінің 
міндеті ел байлығын сақтай білуінде, оны бұзғандарды аяусыз жазалауында.
Шамамен бір дәуірде, бір қоғамда өмір сүргендіктен Махмұд Қашқари 
мен Жүсіп Баласағұн арасында рухани сабақтастықтар мен ұқсастықтар 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      131
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
кездеседі. Он бірінші ғасырдағы түркі әдебиетінің дамуын терең зерттеген 
орыс ғалымы И.В. Стеблева осыған назар аударады. «Егер сен даналықтың 
кемеріне жетіп меңгерсең, енді оны еңбектене іске асыр» (Ж. Баласағұн). 
М. Қашқаридың ойы да осы төркіндес: «Білікті кісіге кезіксең, сөзін тыңда, 
кісілікті үйрен, үйренгеніңді амалыңда қолдан». 
«Құтадғу білікте» айтылады:
«Кімде кімді сараңдық кедей етсе, осы дүниедегі бар байлық 
та дәулетті ете алмас».
«Диуани лұғат ат-түркте» осы ой сәл өзгеше берілген:
«Егер кімнің көкірегі қараңғы (кедей, ғапыл) болса, онда оны 
күштеп бай да, тоқ та ете алмайсың». 
Мына өлең жолдары да бір бірімен үндес:
Мемлекет құрып, халықты байытты,
Қой мен қасқыр қатар жайылды,
Жақтастары қуана қарсы алады
Жаулары оның алдында басын иді (Ж.Б.)
                             
және
Санасыздар қалтырасын, 
Ел мен заң тұрақтасын
Қой мен қасқыр бірге жүрсін,
Қайғы-мұң бізден алыстасын (М.Қ.) [40, 103-105 бб.].
Халықтық  нақыл  сөздерді  мен  мақал-мәтелдерді  жиі  қолданған           
М. Қашқари шығармасының құндылығы осы бір ұтқыр пайымдаулардың 
қазіргі күнге дейін өзгеріссіз қолданылуында. Оның ел билеу мен әкімдер, 
әділдік  пен  адалдық,  парасаттылық  пен  қайырымдылық,  заңдылық  пен 
адамгершілік туралы айтқан өсиеттері мен нұсқауларының адамзат ұрпа-
ғына берер ғибраты да мол. 
Ортағасырлардағы  түркі  халықтарының  ұлы  ұстазы  –  ірі  ойшыл, 
бүкіл түркі жұртын татулыққа, имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа 
үндеген ұлы әулие атанған Құл Қожа Ахмет Ясауи еді. 
Сопылық адам жанының тазалығы туралы, адамды екі дүниеде де ру-
хани бақытқа жетелейтін діни антропологиялық, исламдық-мистикалық 
ілім.  Ол  ислам  дінінің  рухы,  мәні,  сайып  келгенде,  исламның  мәйегі, 
яғни  сананың  өсуінің,  жан  тазарып,  ар-ұят  оянуының,  рухани  жетілудің 
белгісі. «Сопылықты жүрекпен ғана сезесің», демек, сопылықтың не екенін 
жүрегін оята алған адам ғана түсіне алады. Сопыларға тән ортақ қасиет 
–  адалдық,  мейірімділік,  қанағат,  шынайы  ізгілік,  Алланы  сүю,  барлық 
адамзатты сүю, арлы және адал болу. 
Ясауидің «Даналық кітабы» («Диуани хикмет») мен «Рисала» еңбектері 
түркі  тілінде  жазылған  рухани  және  гуманистік  бағыттағы  шығармалар. 

132                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Оларда адамның өмірдегі негізгі мақсаты кемел адам («әл-инсан әл-камил») 
дәрежесіне  жету  екендігі  айтылады.  Бұл  еңбектердің,  әсіресе  «Диуани 
хикметтің» негізгі мазмұны да сопылық жолындағы мұсылмандық ілімнің 
қағидаларын жүзеге асырудың, оларды күнделікті өмірде үнемі қабылдау 
мен  орындаудың  әдіс-тәсілдерін  үйретуге  арналған.  Ясауидің  сопылық 
көзқарасына тән нәрсе адам өзіне ең жоғары деңгейлік мақсат қояды, ол 
мақсат  –  Алламен  толық  тұтасу,  осы  жолда  ол  Құдайды  неғұрлым  шын 
сүйген сайын, соғұрлым Оған жақындай береді. Оған ұнамсыз қасиеттер-
ден арыла бастайды. Сопылық ілімнің ауыр да қиын болатынын айта келіп 
Қожа Ахмет осы жолдан өтуді табанды түрде талап етеді. Сопылықта Алла, 
ақиқат,  махаббат  түсініктерінің  мазмұнын  ашып,  олардың  байланысын, 
арақатынастарын ашу басты мұраттар болып табылады. Бұл мақсатқа жету 
үшін төрт сатыдан өту керектігі айтылады. Олар: 1) шариғат; 2) тариқат; 
3)  мағрифат;  4)  хақиқат.  Біріншісі  –  ислам  дінінің  қағидалары  мен  әдет-
ғұрыптарын орындау жолы. Екіншісі – сопылық мүддеге жеткізетін рухани 
жетілу жолы. Үшіншісі – дін ислам жолын танып-білу – рухани жаңару-
дың келесі басқышы. Төртіншісі – Алламен тұтасу [41, 73 б.]. 
Академик Ғарифолла Есімнің пікірі бойынша, қазақ халқының ұлттық 
ойлау  жүйесі  Фарабиден  бастау  алған  фәлсафа  мен  Ясауидің  сопылық 
түсініктері  негізінде  қалыптасқан.  «...Ясауи  дүниетанымын  білдіретін 
ұғымдар қанағат, ғаріп, махаббат, шайтан, пақыр, хақ, нәпсі, зікір, қасірет, 
себеп, тәубе, құл, тағат, шарап, несібе, жаннат, мақам, керемет, күнә, азап, 
ғайып, ырзық, ғашық, сипат, дидар, медет, пенде, жан, иман, сабыр, сыр, 
ықылас» [42, 73 б.]. Қазақ дүниетанымындағы сопылыққа арнайы тоқтала 
отырып,  бұл  ғалым  осыдан  өзге  тағы  да  отыз  сегіз  ұғымдарды  келтіріп, 
қазақтың  діні  мен  ділі,  тілі  мен  санасындағы  Ясауи  мұрасының  маңыз-
дылығын атап өтеді. 
«Диуани-хикмет»  ислам  дінінің  негізгі  қағидаларын  түркі  халықта-
рының жүрегіне жеткізген құнды еңбек. 
«Менің хикметтерім – құдіретті бір пір,
Естігендердің көңілі толқып ұйып тұр.
Тірі болса бұл жаhанда қор болмас;
Оқыған пенделер еш нәрседен зар болмас.
Менің хикметіме қойса кім бас,
Өлерінде болсын иман жолдас
Ясауи хикметін даналар естісін.
Естіген жандар мұратына жетсін [41, 123 б.].
Ахмет Ясауи адам мен қоғам мәселелерінің арақатынасына айрықша 
назар  аударған.  Ислам  дінінің  өнегелілікке,  таным-болмысқа  қатысты 
ақыл-ой,  парасат  туралы  құндылықтарын  кең  насихаттаған  ол  бұқара 
халыққа  үстемдік  құрған  әмірлердің,  бектердің,  қазылардың  әділетсіз 
істерін  сынайды,  бұл  дүниенің  жалғандығын  айтады.  Оның  сопылық 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      133
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
ілімінің  басты  мақсаты  адамды  жетілдіру,  адамның  болмыс-бітіміне  тән 
кейбір жағымсыз әдеттерді жою. 
Адамдардың барлығы Құдай алдында тең. Олардың теңсіздігі адам-
дардың жағымсыз іс-әрекеттерінен туындаған. Ахмет Ясауи адам бойында 
кездесетін тойымсыздық, ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық 
сияқты жаман қасиеттердің болатынына өкініш білдіреді, мұндай жағым-
сыз  әдеттерден  арылуға  шақырады,  адамдарды  бір-бірін  құрметтеуге, 
көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді. 
«Дүниені мүлкім деген сұлтандарға, 
Әлем малын сансыз жиып алғандарға,
Он өмірлік дүние-малын жиса-дағы,
Өлім келсе бірі де опа болмайды екен.
Сол жақсы өз жерінде патша болса, 
Әділ болып, бір мүминді қазы қылса,
Сол қазы барша елді разы қылса,
Ризалықпен жұмақ үйін алады екен» [41, 185 б.].
Ел  билеушілері  халықты  әділдікпен  басқаруы  тиіс.  Арам  жолмен 
жиылған мал-мүлік дүние болып табылмайды, жазықсыз жандардың көз 
жасына қалғанды Құдай кешірмейді. Жақсы патша ғана халқын разы ете 
алады. Мұндай патшаларға жұмақтан орын да дайын. Даналық пен татулық-
ты,  сүйіспеншілік  пен  бақытты  жырлаған  «Диуани  хикмет»  шығармасы 
адам өмірінің барлық жағын қамтыған құнды еңбек. 
Демек, А. Ясауи философиясындағы бақыт түсінігі – адамның рухани 
кемелденуі, Хақ тағаламен қауышу, ақиқатқа қарай өрлей түсу ұстанымдары 
арқылы  өз  мәнін  айқындап,  әділеттілік,  адамгершілік,  қарапайымдылық, 
кішіпейілділік және т. б. этикалық қағидаларды адамның өз бойына сіңіруі 
барысында ғана қалыптасып, материалдық пен тәндік құмарлықтарды шек-
теумен шартталған синкретті ұғым екендігін тани аламыз.
Бақыт – рухани және физикалық үйлесімділік пен кемелдіктің ерекше 
жағдайы, соған жету адамзаттың өмір сүруінің мәнін құрайтын абсолютті 
құндылық.  Барынша  жетілген  кемелдік  ретіндегі  бақытқа  жету  адам  өз 
бетінше оқшау өмір сүргенде емес, рухани қарым-қатынас пен өзара көмек, 
еңбек бөлінісі орын алатын қауымдастықта өмір сүргенде, ол белгілі бір 
қоғамның мүшесі болғанда ғана мүмкін болады. 
Бақыттың  материалдық  игілік  ретіндегі  түсінігі  қоғамның  әлеуметтік 
жай-жүйесін қарастырғанда да аңғарылады. Қоғамдық өндірістегі маман-
дану мен еңбек бөлінісі қажетті түрде әлеуметтік дифференциацияны ту-
дырады, соның нәтижесінде қоғамды өздеріне лайықты орынды иеденіп, өз 
мүдделерімен ерекшеленіп, өздеріне ғана тән қоғамдық қызметтерді атқа-
ратын салыстырмалы түрде оқшау әлеуметтік қауымдастықтар мен топтар 
пайда  болады.  Адамдардың  теңсіздігі  мен  әлеуметтік  жіктелісі  қоғамның 
табиғи  жағдайы  екендігін  айта  кету  керек.  Адамдарды  қолмен,  жасанды 

134                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
түрде  бірегейлендірудің  кез  келген  ұмтылыстарының  ұзаққа  бармағанын 
тарихи  тәжірибеден,  алысқа  бармай-ақ  өткен  ғасырда  ғана  халқымыздың 
бастан өткізген социалистік экспериментінен байқауға болады. 
Ерте түркі мемлекетінде VI–VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған 
Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштерінің  дүниежүзілік  өркениет  тарихын-
да  алатын  орны  ерекше.  Бұл  құлпытастар  рухани  мәдениеттің  жоғары 
деңгейін  аңғартатын  жазба  дәстүрдің  ғана  емес,  сол  кездегі  әлеуметтік-
саяси  ойдың  да  асыл  мұрасы  болып  табылады.  Бұл  ескерткіштер  ерте 
ортағасырларда  әлемдік  тарихтың  саяси  сахнасын  түре  шыққан  түркі 
халықтарының бақытты қоғам мен әділ мемлекет құрумен байланыстыры-
латын  олардың  әлеуметтік-этикалық  ойынан  да  хабар  береді.  «Күлтегін», 
«Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында кейінгі ұрпаққа рух беріп, 
тарихтың тағылымын үйрететін сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі 
халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық 
пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, ар мен намыс туралы түсініктері, діні 
мен  наным-сенімдері,  ұлысаралық  және  адамаралық  қарым-қатынастар, 
жеңістер мен жеңілістер баяндалады. 
«Ежелгі түркілердің өмірлік принциптері, дүниетанымдық басымды-
лықтарын «Өлімнен ұят күшті» деген этикалық ұстанымға сүйенетіндігі 
Орхон жазбаларынан оқимыз, дейді профессор С. Нұрмұратов шын мәнін-
де көптеген өмірдегі пенделік рухани адасушылықтың бастауы адамның 
ұятсыздығынан, яғни екіжүзділігінен басталатынын Күлтегін, Тоныкөктар 
заманында бабаларымыз айқын білген» [43, 5 б.].
Көне  түркі  жазбаларындағы  бақыт  құбылысының  қоғамдық  әлемді 
құру  жағдайларының  –  ұлттық  рух  пен  асқақтыққа,  ерлік  пен  елдікке, 
бірлік  пен  татулыққа,  намыс  пен  жігерге  бағдарланған  саяси-әлеуметтік 
негіздерді  тани  аламыз да, оның  бүгінгі  заман үшін  ұсынған  тарихилық 
қағидаларының өнегелілік мәртебесін түйсінеміз.
Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынын-
да»  кітабында  былай  дейді:  «Біздің  бәріміздің  де  мақтаныш  етуімізге 
тұрарлық  мол  мұрамыз  бар.  Өйткені  ата-бабаларымыз  адамзат  тари-
хында өшпес із қалдырып кеткен, Евразия құрылығындағы халықтардың 
тағдырына орасан зор күшті әсер еткен. Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-
бабаларымызды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естемін, Білге қаған, 
Күлтегін сияқты алғашқы қағандардың есімдері ежелгі ерте заманның өзге 
ұлы  қолбасшыларының  және  мемлекет  қайраткерлерінің  есімдерімен 
әбден  қатар  тұра  алады,  олардың  атқарған  істері  басқалардың  атқарған 
істерінен  артық  болмаса,  еш  кем  емес»  [1,  94-95  бб.].  Олардың  өнегелі 
өмірі  мен  қызметі,  артына  қалдырған  салиқалы  сабағы  мен  өсиеттері 
бүгінгі еліміздің егемендігін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, халқымыздың 
еркіндігі мен ынтымақ-бірлігін, бақыты мен шаттығын ардақтауды және 
қастерлеуді ғибраттайды және үлгі етеді. 
Сонымен, ортағасырлық түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол руха-
ни мұра қалдырған ойшыл бабаларымыздың – Бумын мен Естемін қаған-


1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал