ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия және саясаттану институты нысанбаев Ә. Н., Әлжан Қ.Ұ



жүктеу 3.67 Kb.

бет1/14
Дата16.01.2017
өлшемі3.67 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ИНСТИТУТЫ
Нысанбаев Ә.Н., Әлжан Қ.Ұ., 
Ғабитов Т.Х., Нұрмұратов С.Е.
 ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ 
ФИЛОСОФИЯСЫ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 
20 жылдығына арналады
Оқу құралы
Алматы, 2011

2
УДК 1/14
ББК 87.3 (5 Каз)
Н  90
ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының 
Ғылыми Кеңесі жарияланымға ұсынған
Н 90    Нысанбаев Ә.Н., Әлжан Қ.Ұ., Ғабитов Т.Х., Нұрмұратов С.Е. Ұлттық 
тәуелсіздік және қазақ философиясы / Оқу құралы. - Алматы: ФжСИ, 2011. 
– 217 б.
ISBN 978-601-7082-45-1
Бұл кітап «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы ауқымындағы «Ежел-
гі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы» (20 том-
дық) топтамасының негізінде қалыптастырылған алғашқы оқу құралы. Жұмыста 
ежелгі  түркі  әлемінде  қалыптасқан  дүниетанымдық  үлгілерден  бастап  қазіргі 
кезеңдегі  кәсіби  философиялық  деңгейге  дейінгі  даналық  ой-тұжырымдар  ел 
тәуелсіздігімен астастырыла отырылып қамтылады. Оқу құралын қалыптастыру 
барысында қазақтың философиялық ойының тарихта сан қырлы сипатта көріну 
формалары ескерілді және сараптаудан өткізілді. Кейбір бөлімдер тарихи тұлға-
лардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге арнал-
са, біршама бөлімдерде қазақ халқының рухани әлеміндегі айырықша белгілерге 
философиялық сипаттамалар беріледі. Жұмыстың мәтіні қазіргі заманның та-
лаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және ол жалпы оқушы 
қауымға теориялық тұрғыдан көмегін тигізетін мақ-саттарға негізделген. 
УДК 1/14
ББК 87.3 (5 Каз)
Бас редакторы:
ҚР ҰҒА академигі, профессор Ә. Нысанбаев
Жауапты редакторы:
философия ғылымдарының докторы, профессор С. Нұрмұратов
Рецензенттер:
философия ғылымдарының докторы, профессор  М. Сәбит
философия ғылымдарының докторы, профессор  М. Изотов
  философия ғылымдарының докторы, доцент  Б. Сатершинов
ISBN 978-601-7082-45-1                                     © Философия және саясаттану 
 
 
 
 
                                   институты, 2011

3
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналықтың озық үлгісі болар-
лық әлемді танып-білудің, зерделеудің өзіндік сипаттамалары, түркілік ерек-
шеліктерін танытатын философиялық ойлар мен терең мағыналы тұжырымдар 
жеткілікті болғаны белгілі. Мәселе сол рухани інжу-маржанның қадірін қазіргі 
тәуелсіздіктің  іргесі  бекіп  жатқан  тарихи  кезеңде  біліп,  қаймағын  бұзбай 
қазіргі  жаһандану  заманында  жүйелі  түрде  жинақтай  алуда  және  оны  әрбір 
келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен бере білуде болып отыр. Осы істі 
абыроймен жүзеге асырған жағдайда еліміздің еуразиялық кеңістіктегі ерек-
ше  халық  ретіндегі  этникалық  сипаты-мыздың,  басқа  халық тар  алдындағы 
құрметіміздің  асқақтай  түсері  анық.  Өйткені,  өзінің  рухани  құндылықтарын 
аялаған, өрбіткен ел ғана, оған жаңа заманда өзіндік жаңғырту сипатын берген 
халық  қана  адамзаттың  күрделі  Тарихының  ауқы мында  шынайы  бағалануға 
иеленері  белгілі.  Осы  мақсатты  оқу  құралының  авторлар  ұжымы  жұмыстың 
негізгі бағдары, методологиялық ұстанымы ретінде алға қоя отырып, қазақ фи-
лософиясы пәні бойынша аталмыш еңбекті оқушы қауымға ұсынуды жөн көрді.
Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз тәуелсіздікке қол жет-
кізгенен бері қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектер жарық көргені белгілі. 
Олардың  кейбірі  жеке  монографиялар  болса,  біршамасы  оқу лық,  немесе  оқу 
құралы сипатында көрініс тапты. Бірақ олардың баспадан шығу даналары да, та-
ралу ауқымы да жоғары оқу орындарындағы күннен күнге ұлғайып келе жатқан 
интеллектуалдық рухани байлыққа деген сұраны сты толығымен қанағаттандыра 
алмасы  анық.  Оның  үстіне  философиялық  ойлау  тарихына  деген  көзқарас 
біржақты болмауы тиіс, ол әртүрлі түсініктердің сұхбатынан, өзара байланысы-
нан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана жас ұрпақтың шығармашылыққа деген 
талпынысы күшейе түседі, күрделі тарихымыздағы көптеген мәселелер бойын-
ша, тарихи тұлғалардың дүниетанымдық жүйелері бойынша соны ойлар туын-
дайды. Міне, осындай түпкі астары бар жағдайды ескере отырып, авторлардың 
жаңа бір тобы жас тарға оқу құралын қалыптастыруға бел байлаған болатын.
Бұл еңбекті жинақтауға, қалыптастырып, құрастыруға еліміздің әртүрлі ғы-
лыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жүрген фило-
софия тарихы мамандығы бойынша қызмет атқарып жүрген жоғары білікті ма-
мандар қатысты. Жұмыста келтірілген мәтіндердің біршамасы ғы лыми өнімдер 
түрінде баспасөз бетінде жарық көрген және олар бірнеше жылдар ауқымында 
ғылыми  көпшіліктік  деңгейде  сынақтан  өткен.  Әсіресе,  мәтіндердің  негізгі 
арқауы болатын бөлімдер қазақ философиясының тари хына арналған «Қазақ 
даласының ойшылдары» атты көптомдық жинақта жа рық көрген еді. Өкінішке 
орай, кезінде бұл топтамадағы материалдардың Қа зақстан Республикасының 
интеллектуалды  кеңістігі  көлемінде  кеңінен  тара лып  кетуіне,  студенттердің 

4
қолына  жетуге  баспа  данасының  аздығы  кедергі  болды.  Сондықтан  оқушы 
қауымның осы ұжымдық еңбекте кездесетін кейбір авторлардың мақалаларымен 
етене таныс болмауы әбден мүмкін. Міне, осындай мәселелер ғалымдарды жаңа 
ізденістік  әрекеттерге  итермеледі.  Жұмыс  фило софия  тарихын  баяндаудағы 
аталған олқылықтарды кәсіби деңгейде жою мақсатында, сонымен қатар қазақ 
философиясының қыры мен сырын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына 
сәйкес белгілі бір жүйеге келтіру үшін жасалынды.
Ал, енді оқу құралы мәтінінің осындай түрдегі кешенді жұмысқа жи нақ-
талуы  еліміздегі  ежелгі  заманнан  қазіргі  кезеңге  дейінгі  философияны  игеру 
тарихында  алғашқы  рет  жасалып  отыр.  Сондықтан  мәтіндегі  әртүрлі  ғылыми 
стильдердің,  пайымдаулардың  кездесіп  қалуы  заңды  дүние  деген  ой дамыз. 
Негізгі мақсат – қазақ философиясының көп ғасырлық тарихында орын алған 
дүниетанымдық әмбебаптарға, рухани игерулерге қарай ғылыми түсініктердің 
көкжиегін  кеңейту,  оқушы  қауымды  мемлекеттік  тілде  сұхбатқа  шақыру, 
шығармашылыққа баулу, тәуелсіз елдің жаңа ділі тұрғысынан этнофилософия 
мәселесіне көңіл аудару болып табылады. 
Жалпы философияның өзі адамдардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптас-
тыруға  бағытталған  ілім.  Оның  құрылымынан  догмалық  түрде  қатып  қалған 
көзқарастарды,  түсініктерді  іздеу  жаңсақтық.  Ол  үнемі  ағып  жатқан  өзендей 
жаңарып отыруы тиіс. Тек тоталитарлық қоғамда ғана философияның аясы тары-
лып, белгілі бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен шектеліп отырыла-
ды. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз емес. Қазақ 
дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап ұғымдар бар екені осы 
еңбекте кеңінен айтылады. Мәселен, қазақтың дүние танымдық әлемі этикалық 
принциптерді  негізінен  адамаралық  қатынастарда  асқар  биікке  қойып,  оны 
барлық бағдарлардан жоғары қоятындығы атап көрсетіледі және осы ұстаным 
зерттеулердің басымдылық танытатын мето дологиялық қағидасына айналған.
Әлемдік  философияның  бастауларын  іздегенде  көбінесе  Ежелгі  Қытай, 
Ежелгі Үнді елі мен Ежелгі Грекия атап өтіледі. Алғашқы тұтас мағынадағы 
философиялық мектептер, ағымдар мен бағыттар, міне, осы үш орталықта пай-
да болған, ал қалған елдер осы үшеуінен тараған философиялық түсініктерді 
қолдана отырып өздерінің философиялық ұғымдарын қалыпта стыра алған де-
ген пікір қазіргі кезеңде көптеген оқулықтарда орын алған. Әрине, жоғарыда 
аталған  өркениет  кеңістіктерінде  шынымен  де  философия ның  озық  үлгілері 
тарихи  процестің  ерекше  белгісіндей  жүйеленген  сипатта  көрініс  тапқанын 
мойындауға тиістіміз.
Дегенмен  философиялық  бастауларды  іздегенде  әлемді  рухани  игерудің 
рационалдық түрлерімен шектелмеуіміз керек, адамзат тарихының сан қырлы 
мүмкіндіктерін  айшықтай  түсіп  қана  оның  бойындағы  тылсым  қуаты  мен 
күшін, орасан зор шығармашылығын аша түсеміз. Міне осы тұрғыдан алғанда 
түркілік философиялық ойлар өзіндік тарихи ерекшеліктері бар дүние және ол 
көркем бейнелерді жандандыра түсетін, белгілі бір жүйеге бағынатын құрылым 
болып табылады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден бөлектеу 
принциптерге негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол 

5
даналықты жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ халқының даналық 
тағылымдары  аталған  тарихи  үлгіні,  мәдени  пара дигманы  сабақтастықпен 
жалғастырып келе жатқан бірегей мәдениет болып табылады. Қазіргі кезеңдегі 
елімізде жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 
көрсетілген ерекшелікті, ұлттық даралы лығымызды барынша екшей түсетініне 
сенімдіміз. Жоғары оқу орындарындағы студенттерге мен магистранттар мен 
докторанттарға ұсынылып отырған осы оқу құралының жалпы мазмұны да осы 
жетекші идеяға қызмет етеді және оқырманды тарихи оқиғалардың желісімен 
бойлата отырып философиялық сұхбатқа шақырады.
Оқырман қауымға ұсынылған ұжымдық шығарма қазақ философиясының 
қысқаша  топтамасы.  Сондықтан,  сан  ғасырлық  тарихымызда  көрнекті  орын 
алған біршама данагөй ғұламалардың жинаққа енбей қалу дерегін мойын даймыз. 
Мәселен, Жүсіп Баласағұнның философиялық дүниетанымы туралы М.С. Орын-
беков жазып кеткені белгілі. Басқа да зерттеушілер қазақ философиясының сан 
қырлы астарларын ашып беруге ат салысып келе жатқанын атап өтуге болады. 
Сон дықтан бұл оқу құралының мақсаты жинақталған өзіндік философиялық 
пайымдауларды оқырман қауымға еліміздің жаңғырған әлеуметтік және мәдени 
ахуалына сәйкес жүйелеп ұсыну болатын.
Сонымен бұл еңбек «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы ауқымын-
дағы «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық 
мұрасы» (20 томдық) топтамасының негізінде қалыптастырылған оқу құралы 
болып табылады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс 
алып жатқан студенттер мен магистранттарға, жалпы оқырман қауымға арналған 
қазақ философиясының тарихы пәні бойынша оқу құралы ретінде ұсынылады. 
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі құндылықтар жүйесі көптеген өзге-
рістерге еніп жатқаны белгілі. Қазіргі модернизациялану кезеңінде философия-
ның,  жалпы  гуманитарлық  білімнің  негізгі  субъектісі  болып  адам  есептеледі. 
Сондықтан қоғамдағы рухани құндылықтар тек адамның жетілуіне, кемелденуіне, 
үйлесімді өмір сүруіне қызмет етуі тиіс. Қазақстандағы қазіргі философия ның 
алдында  жаңа  әлеуметтік  және  саяси  шындықтың  күрделі  мағынасын  ашу, 
өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, тәуелсіз Қазақстан-
ның өркениетті, дамыған елу елдің қа та рына енудің мәдени-тарихи алғы шарт-
тарын байыптау сияқты қиын да күр делі міндеттер тұр. Осы мақсатқа жету оқу 
құралының негізгі бағдары, методологиялық ұстанымы болып табылады.
Жалпы  ұлттық  қауіпсіздіктің  қайнар  көзі  болатын  Қазақстан  халқының 
рухани  бірлігі  мәселесі  осы  ұлттық  философияның  қалыптасуы  мен  дамуы, 
яғни  халқымыздың  руханиятының  үйлесімді  өрбуі  құбылыстарымен  тікелей 
астасып  жатады.  Халқымыздың  этнофилософиясының  мазмұнды  тұстарын 
жақсы  көрсете  білген  сайын  ұлтымыздың  рухани  әлемі  байи  түседі.  Ол  өз 
кезегінде еліміздің әрбір азаматының жеке дүниетанымында сапалы өзгеріс-
тер  әкеліп,  оларды  даналық  әлеміне  де  жақындата  түседі. Сондықтан ұлттың 
өзіндік философиялық жасампаз, руханиланған даналық әлемін игере түскен сай-
ын еліміздегі өркениетті және орнықты дамудың іргетасын нығайта түсеміз, 
мәдениеттер арасында рухани көпір орнатамыз. 

6
1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ 
ТАРИХИ-МӘДЕНИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1. Қазақ философиясының ерекшеліктері
Ұлттық философия – халықтың өзін өзі тұрақтандыратын және оның бар-
лық әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын қалыптастыратан 
рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың философиясын, дүниетанымын зерделе-
удегі басты мәселе «Біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен терезесі тең болар-
лық рухани қор жинадық па, жинамадық па?» деген сұраққа барып тіреледі. 
Адамзат  қол  жеткізген  ғылыми-техникалық  жаңалықтардың  нәти-жесінде 
ел  мен  ел  қарым-қатынасы  тез  өрбіп,  күн  өткен  сайын  кеңейіп  келе  жатыр. 
Бұрындары  ұшы-қиыры  жоқтай  болып  көрінетін  үлкен  әлем  бүгінгі  комму-
никация  құралдарының  күрделенуінің  арқасында  бір  ауылдай  кішігірім  бо-
лып қалған сияқты. Осы заман талабы философиялық мұраны да кең тұрғы-
дан  қарастыруды  қажет  етеді,  өйткені  бүгінгі  халықаралық  байланыстар, 
бүгінгі мәдени сұхбат деңгейі томаға тұйықтыққа жол бермесі хақ. Сондық тан 
да мәдени қор жасау өз халқымыздың қолда бар мәдени мұрасы мен ру хани 
игіліктерін сақтап, оны жаңғыртумен шектелмесе керек. Рухани қазы намызды 
байытуда бүкіл әлемдік алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің тәржімаланып, 
жалпы жұрттың қолына жеткізу ісі аса маңызды да жауап кершілікті бастама 
екендігі сөзсіз. Онсыз біз ұлттық философиямызды өрелі өркениеттілікке бас 
бұрғанын іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана көрсетіп қойған болар едік 
Қазақ философиясының ерекшеліктеріне кеңінен тоқталудан бұрын, жалпы 
«Фило софия дегеніміз не?» деген мәселені анықтап алайық. Философияның ежел-
гі грек ой шылдарының дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып 
кел гендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсі-
ніктері  де  тарихи-философиялық  еңбектерде  молынан  ұшырасады.  Мы салы, 
Платон «геометрия және басқа философиялар» деген тіркестерінде фи лософия 
ұғымын «ғылым» сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның ай туынша Со-
крат  «философия»  терминін  даналыққа  құштарлықты  ақиқатқа  жетуге  деген 
құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Ал Аристотельдің шәкірттері болса, 
болмыстың  іргелі  негіздерін  айқындауға  мүмкіндік  беретін  жалпылама  ғылым 
ретінде бұл «бастапқы философияны» өз заманында метафизика деп атады.
Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы 
1. 
әралуандылықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз 
байланысты.  «Физика»,  әдетте,  жаратылысты,  натуралды  табиғатты,  оның 
заттар  мен  процестердегі  сыртқы  көрінісін  зерттейді.  Демек  «метафизика-

7
ның» үлесіне бұл құбылыстардан «кейін» орналасқан, олардың арғы жағын-
дағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, 
құбылыстардың, процестердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мәнділік ор-
наласқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдық заңды лығын, 
яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдау дан жасы-
рын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл «арғы жаққа үңілу» жасырын 
нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді танымдық ойлаудың қозғалысы, 
пайымдаушы күш. Ал М. Хайдеггер былай деп жазады: «… Ме тафизика - бұл 
мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану. Бірақ бұл «дефиниция-
ны» мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ 
қойылады: «бар нәрсе болмысының мәні деген не?»
1

Де мек,  осыдан  күрделі  сұрақтар  тізбегі  құралып,  «не  өмір  сүреді?»  деген 
мәселе туындайды. Мұны «не нақты өмір сүреді?» деген сұрақ жалғастырады. Бұл 
жерде бар нәрсенің өмір сүруі туралы мәселеден оның мәнділігі туралы мәселеге 
көшеміз.  Бұл  сұрақтардың  тізбегін  осы  мәнділікті  тану  мүмкіндігі  мәселесі 
аяқтайды, яғни бұл жерде таным процесінің мәні туралы мәселе қойылады. Со-
нымен, болмыс туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердің 1935 
жылы жазған «Гельдерлин және поэзияның мәні» деген еңбегінде осы айтылған 
цикл тіл туралы мәселемен аяқталады. ХХ ғасырдың ұлы философының пайым-
дауынша тіл ең соңғы негіз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және со-
нымен қатар, оны игерудің жалғыз универсалды құралы болып табылады. 
«Философияның  даналықтан  туатын,  даналықпен  тығыз  байланысты 
2. 
тағы бір қыры, тағы бір анықтамасы – түсінік», – дейді ғалым Т. Рысқалиев. 
Оның ойы бойынша, философия ежелден бері дүниедегі заттарды, құбылыстарды, 
бо лып жатқан оқиғаларды танып қана қоймай, оларды түсіндіруге тырысты; 
оларға  өзінің,  өзі  арқылы  адамның  қалай  қарайтынын  білдіруге  тырысты. 
Филосо фияны белгілі бір шамада бір сөзбен түсінік деп қарауға болады, яғни 
адам ның қоршаған ортаны, дүниені, тарихты, жағдайды, басқа адамдарды, өзін, 
өзінің  дүниеге  қатынасын  түсінуі.  Даналықты  біліммен  шатастыру  сияқты, 
түсінік те таныммен шатастырыла беріледі. Танымда, ғылымда – тағы да баса 
қайталауға тура келеді – адам жоқ. Адам жоқ жерде түсінік бола ма? Адам ның 
жетілгенің, жетіскенін, Декарт айтқандай, ойлаумен емес, түсінікпен өлшеу ке-
рек. Әйтпесе, ойлауға машинаның да қабілеті жетеді. Көп нәрсе лерді, көптеген 
рухани дүниелерді, көп ойшылдарды біз әлі жете түсінбей келеміз. Әлі де ара-
мызда Паскальды, Кантты, Руссоны, Шопенгауэрді, Ниц шені, Достоевскийді, 
Толстойды,  Абайды,  Мағжанды  түсінбеген  оқымысты лар  бар.  «Қолда  барда 
алтынның  қадірі  жоқ»  –  бұдан  артық  бізге  қандай  бай лық  керек?!  Даналық 
та,  түсінік  те,  осыларды  бойына  жинай  білген  филосо фия  да  қазақ  ойынан: 
Қорқыттан,  Асан  Қайғыдан,  Шалкиізден,  Бұқардан,  Абайдан,  Ыбырайдан, 
Шәңгерейден, Ғұмар Қараштан табылады. Осы жағы нан біз олардың туынды-
ларын «Қазақ философиясы» деп ауыз толтырып айта аламыз
2
.
1
 Хайдеггер М. Кант и проблема метафизики. - М.: Мысль, 1997, с. 5-8.
2
 Рысқалиев Т. Даналық пен түсініктің үлгілері. - Алматы: Философия және саясаттану ин-
ституты, 1999.163 б.

8
Енді «даңалыққа құштарлық» деп анықталатын философияға қайта ора-
лайық. Бұл сөз тіркесіндегі «құштарлық» белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзінен 
жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді 
білдірумен  қатар,  «өзге»  үшін  «өзіңді  ұмыту»,  өзіңнен  бас  тарту  сезімін  де 
аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін «өзге нәрсе» нені білдіреді? Ол 
физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзіндік « меннен» 
өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды «меннің» өзі де физикалық тәннің өмір сүруінен 
өзгешеленеді.
Иә,  бұл  пәнилік  өмірдің  шектелуі  екендігі  бәрімізге  белгілі.  Былайша 
пайымдауға  болады:  адамды  өзінің  шектеулі  шеңберінен  шығарып,  «өзгеге» 
құштарлықпен  ұмтылуға  мәжбүрлейтін  құдіреттің  бар  екендігін  ескерсек, 
оның жалғыз тәсілі – бұл рухани күш-жігер болып табылады. Мұны идеал дық, 
руханилық,  ақыл-ой  және  т.б.  атаулармен  атауға  болады.  Осылай  зерде леудің 
нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз адам ның өзінің 
шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.
Сонымен,  философияны  «даналық»  түсінігімен  байланыстырар  болсақ, 
онда бұл соңғы ұғым «білімнің жоғары синтезі», белгілі бір нәрсе туралы «толық 
жетілген білім» деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осын дай білімге 
деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті – менің өзімнен тыс табиғат және 
адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі (ескерте 
кетейік, антикалық дәуірде философия білімге ұмты луды, таза да тұнық Ақиқатқа 
жетуді білдірді).
Адам – ақыл-ойы бар әлеуметтік жан. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа 
бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана 
қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман тала бына сай дұрыс 
шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен 
әлемді  терең  және  дұрыс  түсіну,  яғни  жалпы  және  жеке  мақсаттарды,  және 
оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік бе ретін дүниетанымның 
қажеттілігі  шарт.  Адамға  қоршаған  ортада  бағдар  жа сауына,  оны  өзгертуіне 
көмек  беретін  –  ғылым.  Мысалы,  физика  бір  энергия  түрінің  екіншісіне  ау-
ысуына  мүмкіндік  береді,  химия  табиғатта  жоқ  нәрсені  қалай  синтездеуді 
үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағ дай жасайды, техни-
калық ғылымдар жаңа көлік құралдарын даярлайды, байланыс жүйесін, ғарыш 
кемелерін  және  жаңа  тұрмыстық  техника  жасап  шығарады.  Ғылымның  осы 
барлық  салалары  жекелей  және  барлығы  жиылып  әлемді  белгілі  дәрежеде 
түсінуге  септігін  тигізгенімен  дүниетанымның  ор нын  алмастыра  алмайды. 
Дүниетаным ғылым жетістіктерінің негізінде қа лыптасады, бірақ ол сонымен 
қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік 
дамудың  жеткен  деңгейі  мен  өмір  сүру  тәртібін  бейнелейді.  Мұның  бәрі 
гуманитарлық білімнің ерекше жүйесі – философияны игеруді қажет етеді.
Дүниедегі  өзінің  орны  туралы,  жеке  және  қоғамдық  өмірдің  мақсат-
мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана от-
ырып  адам  белгілі  бір  философиялық  көзқарастар  қалыптастырады.  Өзінің 
мәдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім дәрежесіне орай, 

9
әртүрлі  өзара  әңгімелесудің  әсерімен  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
мен  әдеби  кітаптардан  алынған  мағлұматтарын  жинақтай  отырып,  ол  өзінің 
жеке өмірлік философиясын, жүйелі және ғылыми негізделген болмаса да өз 
дүниетанымын қалыптастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық және өндірістік 
жағдайлардағы  «бір  сәттік»  дүниетанымның  өзі  де  қанағаттандырарлық  бо-
луы мүмкін. Белгілі француз философы Огюст Конт (1798-1857) философия-
ның дәуірі өтті деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша 
«позитивтік» ғылымдар – физика, математика, химия және т.б. философияны 
керек етпейді. Олар барлық мәселелерді өздері шеше алады, олар «өздерінше» 
философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға ие болды.
Контпен келісуге бола ма? Ол үшін кітапхана сөрелеріндегі әр елдерден 
басылып шыққан жүздеген, тіпті мыңдаған философиялық кітаптар мен жур-
налдарға көз жүгіртіп, жоғары және орта арнаулы оқу орнындарында фило-
софияның  оқытылатынын  ескерсек  те  жеткілікті.  Ғалымдар  мен  мемлекет 
қайраткерлері, саясаткерлер мен өнер адамдарының философиялық еңбек тер-
ге деген қызығушылығын жоққа шығару мүмкін емес. Және бұл қызығу шылық 
өсе түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пікірі өзін ақтамайды.
Философия  тарихындағы  әмбебаптылық,  тенденциялар  мен  дәстүрлер 
фи лософияның ұзақ уақыт бойы сақталуына ықпал етеді. Табиғи, адамзаттық 
және идеалдық әлемнің мәнін тануға деген әмбебаптық ұмтылысты «филосо-
фия  қалай  жүзеге  асырады?»  деген  сұрақ  туындайды.  Оның  жауабы  бізге 
айдан  анық:  философия  дегеніміз  адам  рухының  (немесе  «ой лауының», 
«зердесінің» және т.б.) сөз арқылы берілуі. «Бастапқыда Сөз пайда болды» 
деген тезистің философияның қалай «болатынына» қатысы бар. Француз фило-
софы Альбер Камюдің мынадай пікірі бар: «Адамның адам бо луы көбіне оның 
пікір айтқанынан гөрі, үндемей қалуының арқасында». Бұл біздің өміріміздің 
кейбір жағдайларында белгілі бір ақиқатты білдіргенімен, қойылып отырған 
мәселеге келгенде оны қанағаттандыра ал майды. Себебі жалпы тіл, сөз біздің 
ойымыздың нақтылығын білдіреді.
Сонымен бұл «сөз», бұл білім мен даналық не туралы дейтін болсақ, оның 
«жалпы  бар  нәрсе»,  өмір  сүретін  нәрсе  туралы  екендігі  философия  тарихы-
нан белгілі болды. Бұл тұрғыдан алғанда, оның ең бастапқы саласы, іргетасы 
он тология,  болмыс  туралы  ілім  болып  табылады.  Мұнан  ары  біз  болмыстың 
деңгейлерінің  осы  типологиясын  пайдалана  отырып,  философиялық  білімнің 
әртүрлі  салаларын  жеке  дара  жүйелеп  қарастырамыз.  Философиялық  білімді 
жіктеуде  көптеген  әдіс-тәсілдердің  бар  екендігін  ескергеніміз  жөн.  Мысалы 
философиядағы  ең  кең  танымалы  ретінде  теориялық  философия  және  прак-
тикалық  философия  деген  бөлінісі.  Оның  біріншісіне  болмыс  теориясы  (он-
тология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. Екіншісінің өзегін, 
ең алдымен этика құрайды, оған құқық философиясы, тарих филосо фиясы және 
т.б. жатқызылуы мүмкін.
Философияның  теориялық  және  практикалық  деп  бөлінуі  өзінің  бастау-
ын антикалық классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін ерекшелеп, оны 
«пойетикалық философия» деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді 

10
көздейді, ал оның негізін сөз шығармашылығының эстетикасы – ри торика және 
поэтика құрайды. Ақырында, өз кезегінде бірнеше «әлемдерге» бөлінетін адам-
зат  рухының  болмысына  (мысалы,  наным-сенімдер  әлемі,  адамгершілік  және 
эстетикалық  құндылықтар  әлемі,  ғылым  әлемі,  ментальдық  қабілеттер  мен 
мүмкіндіктер әлемі және т.б.) қатысты филоссофия мынадай салаларға бөлінеді, 
мысалы, дін философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы және филосо-
фиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық бо-
лып табылатын психология және риторика, ғылым философиясы, және де фило-
софиялық антропология және т.б. Зерттеушілердің басым бөлігі философиялық 
дүниетанымның  қалыпта суында  ғылыми  деректермен  қатар  миф  пен  діннің 
ерекше  рөлін  атап  көрсе теді.  Әр  халықтың  өзіндік  мифологиясы  мен  сенім-
нанымдары бар екендігіне күмән келтірмейміз. Сол себепті қазақ рухани дүние-
сінен бастау алатын қа зақ философиясы туралы айту орынды. 
Философияның тек рационалдық парадигмаға негізделген батыстық түрінен 
басқа да әлемдік ойлау кеңістігінде формалары жеткілікті. Мысалы, К.Ясперс 
өзінің «Тарихтың мәні мен міндеттері» атты еңбегінде философтардың мынадай 
типтерін атап өтеді:
- Адамгершілік өлшемін берген әулиелер…
- Философиялық жасампаздар…
- Философиялық жаңғыртушылар…
- Ұлы жүйе құрушылар…
- Даналық өрісіндегі философтар
- Поэзиядағы философтар… 
Сонымен, философия болмыстың мәнін осылай игерумен (немесе оны 
құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, деңгейлердің, процес-
тердің және т.б. мәнділігі), адамның әлемге қатынасының мәнін және ондағы 
адамның мәнділік орнын танумен айналасады.
Философия дүние мен адамның қатынасындағы әмбебаптық негіздерді 
3. 
зер ттейді. Оларды өзара байланыстырып, қабыстырып тұрған тетік – мәдениет, 
ал ол қашанда этникалық сипатта болады. Егер философия мәдениеттің ру хани 
мәйегін, өзегін, күре тамырын құраса, онда әрбір этномәдениеттің өзіндік фило-
софиясы бар екендігі анық. Осыдан әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер 
бар  болса,  сонша  ұлттық  философиялық  жүйелердің  болатындығы  анық 
дәлелденеді. Ұлттық философияда ұлттық мәдениет өз қисындылығына жетеді. 
Бұл арада философия мен жеке ғылымдардың ара сындағы айырмашылық анық 
көрініс табады. Табиғаттану ғылымдарынан өзгеше философия (метафизика) 
пәні  физиканың  арғы  жағында  жатыр.  Ай талық,  неміс  химиясы  жоқ,  бірақ 
неміс философиясы бар
1
.
Философтың ойы бойынша, негізінен алғанда, Жаңа дәуірге – машиналық 
индустрия  пайда  болғанға  дейін  -  қазақ  жеріндегі  ең  тиімді  шаруашылық 
формасы  көшпелі  мал  шаруашылығы  болды.  Сондықтан,  біздің  арғы  баба-
ла рымыз мындаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты. Ол, бірін-
шіден, табиғатқа бас иуді, оған табынуды талап етті – қазақ халқы басқа да 
1
 Мырзалы С. Философия әлеміне саяхат. - Алматы, 2001, 2 бөлім, 158 б.

11
Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркі-
не сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден 
қазақ халқының қазіргі тілмен айтқанда экологиялық санасы биік болды, оған 
тән саяси формалар – соғыс демократиясы, әрі кеткенде – алғашқы феодалдық 
қатынастар,  дамыған  феодализм  қазақ  жерінде  ешқа шанда  болған  жоқ,  ол 
көшпенділік шаруашылық формасының, болмысының табиғатынан шығады.
Екіншіден,  қазақ  философиясында  онтологиялық  және  гносологиялық 
(дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді;
Үшіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне экзистенциал-
дық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір туған жеріңнің ұланғайыр 
уақыт  пен  кеңістік  әлемінде  жалпы  дүние  болмысымен  барынша  бауырла-
стығын сену көркемдік таным игілігінің маңызды бір шарты болып табы лады. 
Кешегі мен бүгінгінің бәрін аялап, адамзат ұрпағын бір-бірімен сабақ тасты-
рып жатқан алмаймыз. Бұл дүние – нақты құбылыс пен адам бауырла стығынан 
туатын шындық. 
Төртіншіден,  көшпенді  халықтың  арасындағы  әлеуметтік  айырмашылық-
тар  аз  болғандықтан  тендікке  негізделген  әділеттілік  құндылығы.  Сондықтан 
да бүгінгі танда жүріп жатқан қайта әлеуметтік топталу – рестратификация – 
(аса байлармен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-
дүниесінде ауыр жарақаттар қалдыруда;
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау – бұл да 
ха лықтың қанына терең сіңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз 
бай ланыста – бар нәрсеге қанағат ету де қазаққа тән нәрсе;
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден горі жоғары ұстау – ол 
да көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық;
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барасында неше түрлі қиындықтарды, 
қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келеді – ол ерлікті, ба тырлықты талап етеді. 
Сондықтан, беске келген жылқының жы лында ойнап, 14-15-ке келгенде батыр-
лықты армандап, біздің бабаларымыз дың көбі 20-25-інде елін аман сақтау жо-
лында өмірлерін қия білген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық 
қасиетті бүкіл әлемге айқын көрсетті. Қазақ халқының дербестігін көре алмай 
жүрген кейбір арам пиғылды саясаткерлар оны білуі қажет;
Сегізіншіден,  көшпелінің  өмірі  қысқа,  өне  бойы  қауып-қатерлерден, 
соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнге өмірді бағалап өмірден алу-
дан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен 
сөзбен, даналықпен көрсете білу, неше-түрлі сайыстарға қатысу, «бір сырлы, 
сегіз қырлы болу» – бабаларымызға тән нәрселер болған;
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қиналғандар-
ға риясыз қол ұшын беру – бұл да біздің халықтың тарихи қалыптасқан кере-
мет қасиеттерінің бірі;
Оныншыдан, көшпенділердің негізгі құндылықтарының бірі – ата-ананы, 
үлкендерді сыйлауы, яғни туысқандық сүйіспеншілік. 
Профессор  А.  Қасабек  қазақ  философиясының  басқа  да  бітімдік  ерек-
шеліктеріне назар аударады. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батыр-

12
лар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер 
-  бәрі  де  өздері  өмір  сүрген  заманның  объективті  құбылыстарын  тілге  тиек 
етіп,  жалпы  алғанда  жоғары  даму  тенденциясы  шеңберінде  қазақ  халқының 
қоғамдық,  саяси,  мәдени,  сайып  келгенде  философиялық  ойлау  жүйесінің 
құрылымын  жасады.  Олар  -  анайы  реализм,  білімнің  негізгі  жақ тары,  еркін 
ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, 
зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, құқтың саяси және филосо фиялық жақтары, 
мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар 
сыңаржақтыққа,  консерватизмге,  тоқыраушы лыққа  және  білімсіздікке,  қазақ 
халқының прогрессивті дамуына кедергі бо латын басқа да кемістіктерге қарсы 
бағытталды. Бұны да қазақ философия сының қалыптасуы мен дамуының өзін-
дік ерекшелігі деп атап айтуға болады. 
Қазақ халқының философиялық дүниетанымын танып-білу үшін фило-
4. 
со фиялық пен қарапайым саналардың арақатынасы мәселесінің басын ашып 
алуымыз  қажет.  Философиялық  әдебиетте  қарапайым  сананы  эмпирикалық 
тәжірибе, эмпирикалық сана, эмпирикалық біліммен шектейтін көзқарастар 
кездеседі. Бұл пікірлермен келісу қиын. Әрине, эмпирикалық білім қара пайым 
санадан  төмен,  оның  құрамдас  бөлігі  ғана.  Қазақ  философиясын  зер ттеуші 
проф. Г. Нұрышева атап өткендей, эмпирикалық түсінік эмпирикалық фактіні 
адам санасында жай бекітіп қана қояды, ал қарапайым сананың ауқымы мен 
мүмкіндігі мол, оның жалпылап, қорыту қабілеті бар. Бірақ бұл қорыту фило-
софиялық-ғылыми емес, қарапайым деңгейде ғана
1
.
Белгілі философ О.А. Сегізбаев атап көрсеткендей, «философиялық сана – 
фактілерді біліп қою ғана емес, сонымен бірге тәжірибенің нәтижелерін түсінік-
тер түрінде қорыта білу. Қарапайым сана, әрине, оны жасай алмайдың. Сондық-
тан да қарапайым сана тәжірибені нақты-сезімдік бейнелерде белгілей отырып, 
философиялық  сананың  негізін  қалыптастырады  десек  дұрыс  деп  ойлаймыз. 
Осыдан  келіп  қарапайым  сана  мен  философиялық  са наны  бір-біріне  қарама 
қарсы қоюдың қисынсыз екені түсінікті.
Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда болды, 
5. 
ал оған дейін қазақ халқы өзінің философиялық ойларын вербальдық форма-
ларда бейнеледі. Рухани дамудың вербальдық кезеңін жер бетінде өмір сүріп 
отырған халықтардың барлығы да басынан кешкен. Адам сөздің көмегінсіз, 
тек  елестету  арқылы  объ ектілер  мен  олардың  арасындағы  қатынастарды 
есінде сақтап қала алмас еді»
2

Қазақ халқының философиялық дүниетанымын арнаулы зерттеген ғалым 
О.А. Сегізбаев қазақтардың ой қызметінің алғашқы кезендерінде дүние мен 
оны  түсіну  туралы  информацияны  жинап,  сақтайтын  және  жалғастыратын 
коммуникативтік функцияны атқарған модельдік-бейнелеу (тасқа қашалған 
суреттер)  мен  символдық-белгілік  (таңба-ру  белгілері)  жүйелердің  орнын 
басқан вербальды-дискурсивті ойлау орта ғасырларда қалыптасқанын айтып, 
«енді басты рольді халықтың ауызекі тілі атқара бастады, бірақ бұл тұрмы стың 
1
 Нұрышева Г. Адам өмірінің философиялық мәні. - Алматы, 2001. 28-31 бб.
2
 Сегизбаев О.А. Казахская философия XV- начала XХ вв. Алматы, 2002. 49 б.

13
коммуникация функциясының аумағынан шықпайтын тіл емес, адам дардың 
араласуының  творчестволық  формасына  тән  дискурсивтік,  яғни  пайымдық 
тіл  еді.  Вербальды  -  дискурсивті  дамудың  негізгі  құралы  –  тіл,  ды быстық 
сөз»
1
, - деп атап көрсетеді.
А. Қасабек қазақ философиялық ойының келесі бір ерекшелігі деп оның 
шынайы  патриотизмін,  халқына  сүйіспеншілігін,  оның  бақыты,  мүддесі  және 
болашағы  үшін  күресуге  және  оған  жету  жолдарын  өз  қадірінше  анық,  жан-
жақты көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-ақ аяғынан тік тұрған, 
6. 
бірден  қалыптасып  кеткен  жүйе  деген  пікір  тумаса  керек.  Біртұтас  көзқарас, 
дүниені  жан-жақты  танып-білу,  оның  заңдылықтарын,  таным  процесін,  әле-
уметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау - соңғы 
ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен халықтың ақындық шығармашы лығында 
қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы 
болды. Олар негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік қасиетке толы бір қалыпқа сия 
бермеуі мүмкін, бірақ адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын 
көрсететін философиялық мәні бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық 
жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз әдеби етіне сай, тез жаттап алу, оны 
есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгер тпей, жоғалтпай жеткізу - бұл фило-
софия тарихындағы ғажап құбылыс»
2
.
Әрине, халықтың мындаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қа-
дыр-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - 
қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталуға мүмкіншілік пайда болды. 
Қазіргі  кезде  тарихи-философиялық  ғылымның  көптеген  халықтардың 
философиялық  мұраларын  зерттеген  тәжірибесі  ұлттық  философияның  қа-
лыптасуы, дамуы және негізгі бағыттары туралы, оларды зерттеудің теория-
лық және методологиялық мәселелері жөнінде жинақталған, жалпы ой ларды 
тұжырымдауға  мүмкіндіктер  береді.  А.  Қасабек  қазақ  философиясы ның  та-
рихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі дейді. Онда 
ғылыми  таным  процесі  мен  халықтың  идеялық  ізденістері,  бай  тарихы  мен 
ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы халқымыздың 
тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және методоло гиялық құрал. Ол 
қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста, сондықтан оны зерт-
теп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеолигиясын, өнерін, 
әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т.б. пайымдау мүмкін 
емес.  Халықтың  ұлт-азаттық  қозғалысымен  тығыз  қоянқолтықтасқан  қазақ 
философиясы  ғылыми  құндылығымен  қатар,  жоғары  азаматтық  қасиетімен, 
әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей ізде уге атсалысқандығымен, 
өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленді. 
«Қазақ философиясы» ұғымын анықтағаннан соң, осы философияның 
7. 
ерекшеліктеріне қысқаша тоқталайық. Бұл мәселе туралы Ғ. Есім, Ә. Нысан-
баев, А. Қасабек, Ж. Алтаев, О. Сегізбаев және тағы басқалары сүбелі зертте-
1
 Сегизбаев О.А. Казахская философия XV- начала XХ вв. Алматы, 2002.
2
 Қасабек А., Алтаев Ж. Философия тарихы. - Алматы, 2006. 232-250 бб.

14
улерін жүргізуде. Кейбір маңызды пікірлерге назар аударайық. Ғ.Есім «қазақ 
философиясы – «өмір сүру философиясы», философия пәні рухы жағынан 
қазіргі экзистенциализмге жақындау»
1
, – дейді. Оның пікірінше, қазақ халқы 
бойкүйездікке  салынбай,  белсенді  әрекетті  қолданған.  Қазақ  филосо фиясы 
сөз  құдіреттілігіне  негізделген.  «Аталы  сөзге  тоқтаған,  бір  ауыз  сөзден 
жеңілген, сөздің ұлағатын білген қазаққа қазір сәл нәрсені ұқтыру үшін ұзақ-
ұзақ «насихат» айтуың керек», – дейді ғалым. Бұл тұрғыдан герменевти када 
көп мүмкіндік баршылық деуге болады.
Қазақ философиясын мойындадық делік, тілі бар, діні бар, ділі бар, мәде-
8. 
ниеті мен тарихы бар, билер мен даналары бар халықта философия болмады де-
генге сену қиын. Сонда: «қазақ философиясы қандай философия?» деген сұрақ 
ойға оралады емес пе? Бұған Ғұмар Қараштың сөзімен «өмір пәлса пасы» деп 
қысқа жауап беруге болады. 20 ғасырда «экзистенциализм», «экзи стенциалдық 
философия» деген ұғымдар кең тарады. Көпшілік мұны тек біздің заманымыздың 
туындысы  деген  пікірге  апарады.  Шындығында,  экзи стенциалдық  мәселелер 
философтарды  сонау  ежелгі  гректер  заманынан  бері  толған дырып,  ойлантып 
келеді
2
.
«Қазақ философиясынан әдіснаманы да, гносеологияны да іздеп әуре бо-
лудың  қажеті  жоқ»,  –  деп,  ойын  жалғастырады  қазақ  философиясын  зертте-
ушілердің бірі – Т. Рысқалиев. Олардың орнын табиғи туа біткен сезім, аңғару, 
интуиция  басып  жатыр.  Философия  дегенді  анықтайтын  негізгі  белгілер  осы 
мәселелердің төңірегінде болып келеді: рационалдық-теория лық философиялық 
жүйе, бірімен-бірі байланысты категориялар жүйесі, ғы лым, әдіснама, гносео-
логия, онтология, идеология. Қазақ философиясынан таза түрде бұлардың бірде 
бірі орын алмаған. Олай болса, бір кезде Мұхтар Әуезов айтқандай, Абайды да, 
Шәкәрімді де, Ыбырайды да, Ғ. Қарашты да философтар қатарына жатқыза ал-
майды екенбіз. Осы дағдылы түсінік бойынша, біз өмірге ғаламат көркем, мәнді 
де сырлы терең толғамдар, суы рып салма айтыстар (диалогтар) әкелген халықты 
философия әлемінен ал шақтатуға мәжбүр боламыз. Философиялық дәстүрі, ар-
наулы философиялық трактаттары мен еңбектері, философиялық жүйелері жоқ 
халықты философи яға жақындату қиынның қиыны болып шығады. Осы ма сон-
да мәселенің тоқ етері? Жоқ. Мәселе – қазақ философиясының өзіндік сипатын-
да, ерек шелігінде болып отыр
3

Сонымен,  қазақ  философиясын  зерттеу  жаңа  заманда  жаңа  деңгейге 
көтеріле бастады. Алдағы сараптауымызға тікелей қатысы бар төмендегідей 
қазақ философиясының ерекшеліктерін атап өткенді жөн көрдік: 
1. Қазақ философиясы философиялық емес сарындағы даналық тәжірибесі-
не жатады (М. Орынбеков, І. Ерғалиев, Т. Рысқалиев, Т. Бурбаев және т.б.);
2. Қазақ философиясы табиғатқа бас июмен, оны тәңірі тұтумен сипатта-
лады, оның терең экологиялық мазмұны бар (Ғ. Ақпанбек, С. Мырзалы, Т. Ғабитов, 
А. Қасабек, Ж. Алтаев және т.б.);
1
 Есім Ғ. Сана болмысы. - Алматы, 1994, 59-б.

Рысқалиев Т. Даналық пен түсініктің үлгілері. - Алматы, 1999. 164 б.

Мырзалы С. Философия әлеміне саяхат. - Алматы, 2001, 2 бөлім, 158 б.

15
3.  Қазақ  философиясы  көшпелілік  менталитетпен  тығыз  байланысты 
(Д. Кішібеков, Ж. Молдабеков, С. Ақатай және т.б.);
4. Қазақ философиясы онтологиялық және гносеологиялық мәселелерден 
гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі (Ә. Нысанбаев, С. Нұр-
мұратов);
5. Қазақ философиясында аксиологиялық мәселелерге, әсіресе рухани құн-
дылықтарға ерекше назар аударылады (Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов және т.б.); 
6. Қазақ философиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипат 
-талады (М. Хасанов, Қ. Нұрланова, Т. Ғабитов, Қ.Әлжан);
7. Философиялық мәселелер, қазіргі тілмен айтқанда, негізінен экзистен-
циалдық, дидактикалық және прагматикалық сипатта қарастырылады (Ә. Ны-
санбаев, Т. Ғабитов);
8. Қазақ философиясында нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі ар-намыс, 
қанағат,  тәубе,  әділеттілік  және  тағы  басқалары  жоғары  қойылады,  алудан 
гөрі беру дәріптеледі;
9.  Ұжымдық  мүдде  жеке  мүддеден  жоғары  қойылады  (Сегізбаев  О.  А. 
және т.б.). 
Қазақ философиясының болмысы мен мәні, шын мәнісінде, Қазақстан 
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ел философтары тарапынан кең талқылана 
басталды. Өйткені, осыған дейін бұл философия жөнінде теріс ұстындар ба-
сымдық танытып келді. Оларды былай топтастыруға болады:
1. Еуропаорталықтық позиция бойынша, шынайы философияны тек Ба-
тыс өркениеті қалыптастыра білді, өйткені онда философия туралы рефлек-
сия бар. Шығыста философия емес, тек дана ойлар ғана болды.
2.  Көшпелі  халықтардың  философиялық  ойға  жету  қабілеттілігіне  күмән 
келтірушілер де жеткілікті. Олардың пікірінше, номадалар варварлық саты дан 
көтеріле алмаған, оларға рационалдық пайымдаудан гөрі, көркем бейне леу тән.
3.  ХХ  ғасырға  дейін  философия  тарихында  «прогресс  сатылары»  деген 
түсінік  үстемдік  етіп  келді.  Бұл  түсінік  бойынша,  ғылым  мен  философияны 
ұштастыра білген озық халықтар және тарих көшінде кенже қалып қойған, «арт-
та қалған» ұлыстар бар. Соңғыларын тек ағартушылық әрекет нәти жесінде озық 
философиямен таныстыруға ғана мүмкіндік бар («өркениет тендіру», «аккульту-
рация» ілімдері).
4. Кеңес Одағында да қазақ философиясы болды деп ешкім ашық айта 
ал мады. Шоқан, Абайлардың өздері де орыс мәдениетінің ықпалымен кейбір 
философиялық ойларға жетті делінді.
Осы пікірлер арасынан философия Шығыста болған жоқ, тек Батыста қа-
лыптаса алды дегенді ерекше біліп алу қажет. Өйткені бұл мәселені шешіп ал-
май, қазақ философиясы туралы айту артық болар еді. 
Өзіндік болмыс ұғымына жақын тұрған ерекшелік ұғымы көбінесе салт 
пен дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтарында басым қол-
данылады.  Бұл  ұғым  қоғамның  сапалық  ерекшелігін  көрсетуде  белсенді 
түрде  көрінеді.  Бұның  өзі  жалпы  адамзат  айғағының  экономикалық  шын-
дыққа  қатысындағы  үлкен  рухани  бағалы  орнын  жоққа  шығарады.  Шығыс 

16
қоғамдарының  ерекшелігі  тұрақты  рухани  мұраны  әлеуметтік  байлықпен 
тығыз бірлікте қарастырады. Осыдан біз индустриялық қоғамға қарсы бағыт-
талған әлеуметтік қатынастардың түбегейлі өзгешелігін көреміз. Сондықтан да, 
рухани байлық бастауы «ерекшелік» ұғымының жүгін арқалап, шығы стың ойлау 
ерекшелігін айқындап тұр. 
Еуропалық әмбебаптылықтан бас тарту елеулі салдарға әкелді, ол қоғам-
9. 
ның арғы-бергі түп тамырын зерттеуге, өткен мен бүгіннің бірлігін бағалауға, 
әрі уақыт пен кеңістік мәдениеттерінің арақатынасына негізделген. Шығыс 
әмбебаптылығының жаңа концепциялары белсенді сөз бола бастады. Мұның 
маңызды қорытындысы - әр кез шығыс халықтарының мәдениеттері арасы-
нан тарихи және мазмұндық сәйкестік тауып, Отан, патриотизм, эндогендік 
идеяларына негізделген ортақ бір мәдениет бар деушілерді біріктіру
1
.
Өркениеттің рухани аспектісінің көлемді болғаны соншама оның Шығыс 
қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлдем өзгеше. Ал бұның өзі қоғам-
ның экономикалық, саяси бейнелерінің (ракурстерінің) тарихи есінде сақта-
луымен ерекшеленеді. Ол әрқашан тарихи тәжірибені шыңдауға мүмкіндік 
береді,  қоғам  жүгінерлік  прецеденттер  қалыптастырады,  мәдени  мұраның 
жүрек соғысы болып табылады.
Осы негізде Шығыс өркениеті батыстың өмір сүру үлгісіне конфронтация-
лық қатынасын қалыптастырады. Шығыс қоғамдарының дербестік және тәу-
елсіздік шегін белгілейді. Ол таза рухани аспектіге ұласады және шығыс мәде-
ниетінің, өзіндік тұрмыстық, автономдық принциптердің негізінде ха лықара-
лық  құқықтық  жүйеленуіне  белсенді  әсер  етіп,  халықаралық  және  ұлттық 
қауымдастықтардың әрекет ережесі болып қалыптасады. 
М.  Орынбеков  атап  өткендей,  бұрынғы  әлемдік  философия  тарихының 
қазіргі  мәселе  қою  жағдайынан  өзгешелігі  сол,  онда  еуроцентризм  үстемдік 
алды.  Ол  Батыстағы  шешімді  асырып  жіберіп,  Шығыс  философиясын  теріс 
бағалады.  Бұған  сенсек,  Шығыста  барлық  уақытта  бір  түрлі  философия 
өмір сүрген. Оның негізгі белгілері – пессимизм, иррационализм, идеализм. 
Отаршылдықтың  көптеген  ғасырлары  Шығыс  ойларының  пессимистілігі, 
инерттілігі  делінетін  менсінбей  қараулықпен  белгілі.  Бұл  Гегель  концепция-
сында тіркелген, онда Батыс философиясы Шығыс философиясынан әлдеқайда 
жоғары бағаланған. Бір жағынан, Шығыс тұрғындары отаршыл дыққа қарсы 
күрес барысында «мәдени империализммен» әртүрлі күрес тәсілдерін тапты. 
Бұл Шығыс ұлтшылдығының әртүрлі қалыптарында жал пыланды.
Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы бол ма-
ғандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман бо-
лып дамығандығын көреміз. Сондай-ақ рационализмнің, материализмнің, ак-
тивизмнің, экстраверттіліктің, тағы да басқа бағыттардың әртүрлі қалыптары 
Шығыста өмір сүргендігі белгілі. Шығыс философиясының ерекшелігінің өзі 
- қатып қалған, қатаң бұлжымас философия түрлерінің болмауында. Сондық-
тан да, жаңа еуропалық ойлау әдісінен шығатын өлшемдерді қолдану дұрыс 
емес (М. Орынбеков).
1
 Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1996. 156 б.

17
Егер  мейлінше  жалпылай  қарасақ,  философия  адамзат  мәдениетінің, 
оның дүниетанымдық әмбебаптылығының түпкі негізінің рефлексиясы. Бұған 
бақ сақ, философия адамдар үшін міндетті емес, тек оның тіршілігін қалыптас-
тыратын,  әмбебап  дүниетанушылық  қана  қажеттілік  екендігі  белгілі.  Фило-
софия тек мәдениеттің күйзелу кезеңдерінде ғана қажет. Ол кезде мөлдір, айқын 
даналық әдістері қажет болады. Ал дәстүрлі салыстырмалы түрде жай дамитын 
мәдениетке тура келетін философиялық емес қалыптағы даналықтың өзі ке рек.
Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам 
тіршілігін  қалыптастыратын  дүниетанымдық  әмбебаптылық  дәрежесінде 
қолданылады. Сондықтан да шығыс «философемі» дәстүрлі көркем және діни 
әдебиеттерде малтығып, философия тарихшыларын философиялық жүйені 
әлеуметтік аспектіде зерттеуге, дүниетанымдық бағыттағы мәтіндерді тануға 
итермелейді. 
Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында философиялық еңбек-
10. 
терде  мифологиялық,  дәстүрлік  және  жаңашылдық  кезеңдер  ерекшеленеді. 
А.Х.Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезеңдерді 
бөліп алады: «1. Мифология. 2. Ренессанс (Қайта өрлеу). 3. Ағартушылық»
1
.
Біздің ойымызша, қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы түркі тайпалары ның 
этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Этникалық процестердің жойқын күші 
Исламдық Ренессанстың біріктіруші шеңберін бұзып шықты. Бұл процесті әртүр-
лі бағалауға болады. Қалыптасушы этностар (қазақтар, қырғыздар, өзбектер және 
т.б.)  тұрғысынан  көшпелі  орталық-азиялық  империялардың  құлауы  жағымды 
оқиға  болды.  Бірақ,  сонымен  бір  мезгілде  көрші  отырықшы  империялар  бас 
көтеріп,  номадтарды  жаулап  алуға  дайындалды.  Қазақ  мәдениетінің  дәстүрлі 
кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғұрлым толық сіңірген, өйткені ол 
ХХ ғасырдың басына дейін көшпелі мал шаруашылығын сақтап келді. 
Философиядағы дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен 
уақыттың белгілі бір социум өмір қамының негізі ретіндегі түсінігімен бай-
ланысты.  Қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымында  уақыт  адамнан  бөлінбеген 
және «уақытты өткізу (немесе өлтіру)» ол үшін мүлдем жат. Дәстүрлі дүние-
таным уақыттың сызықтық емес циклдік өлшемін пайдаланады және оның 
негізіне кәдуілгі табиғи ырғақтар жатады. Мысалы, қазақтың ай атауларын 
алайық - «көкек» - құстардың оралу уақыты, «мамыр» – жаңару кезеңі, «ота-
малы» – мал барынша тойынады, «қазан» - шөптің таусылуы, «қаңтар»- күннің 
қысқарылуы, қаңтарылуы және т.б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың 
линиялық өлшемдерінің орнына қазақтар «ат шаптырым», «ет асым», «сүт 
пісірім», «бие сауым» және т.б. қолданады.
Егер Батыс дүниетанымында (бос кеңістік және абсолюттік шексіздік идея-
сына негізделген) адам «күнделікті тірлікпен» басылып қалса, онда но мад бұл 
мәселені шеше алды. Табиғатпен оңаша қалған адамға әрбір мезет құнды және 
бұл әлемдегі өз болмысының үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. «Қалай 
жағдай?» деген сұраққа көшпенді жақсы көңіл-күймен «әдеттегідей» деп жау-
ап береді. 
1
 Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1996. 156 б.

18
Көшпелінің дәстүрлі дүниетанымы болмыстың тұлғалық тылсымдық ыр-
ғақтарына  мән  береді.  Адам  өмірі  өткінші  жағдайдан  «бақи  дүниеге»  өтпелі 
кезең ретінде қарастырады. Бұл өмірде адамға мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі 
беріледі. Ең басты шарт - «адам болу» (Абай). 
Жыл санаудың он екі жылдық белгілі циклын жеке тұлғаның өзіне де қол-
дануға болады. Циклдер арасындағы аралық жылдар ерекше маңызға ие бо-
лады (мүшел жас - 13, 25, 37, 49, 61…). Күн белсенділігінің он бір жылдық 
циклдері де өмір қамының ырғақтарына ықпал етеді. Өзге мысал: Ресей про-
фессоры  А.Жабин  11842  белгілі  қайраткерлердің  өмірбаянын  зерттей  келе, 
адамдардың шығармашылық белсенділігінің 15 жылдық циклі болады деген 
қорытындыға келді. («Известия» 1996 жыл, 24 шілде). Жыл санаудың он екі 
жылдық циклінен өзге қазақтарда «қозы жасы» – 10 жас, «қой жасы» – 15 жас, 
«жылқы жасы» – 25 жас және «патша жасы» – 40 жас туралы көзқарастар да 
кездеседі. 
Дәстүрлі дүниетанымда уақыт басымдылығын жоғалтып, жаңашылдық-
тарға бейімделе бастайды. Мысалы, көшпелілердің дәстүрлі құдайы Тәңірі 
уақыт  өте  келе,  Алланың  бейнесімен  бірігіп  кетеді,  Албасты  бірте-бірте 
ис ламның  зұлым  рухтарының  қасиеттерін  бойына  сіңіріп,  ал  Баба  Түкті 
Шашты  Әзиз  мұсылман  әулиесіне  айналады.  Осы  тұрғыда  бұл  мәселені 
А.Байтұрсынов өзінің «Қобыланды аңызындағы әйел бейнесі» мақаласында 
қарастырады: «Кең байтақ… және өзгелерге толығымен таңсық болған қазақ 
даласы  өз  ұлдарына  ұлттық  сипат  пен  халықтық  ерекше  бет-бейнені  әуел 
бастапқы  тазалығын  бүлдірмей  ұзақ  уақыт  сақтап  қалуға  септігін  тигізді. 
Сыртқы ықпалдан жерана арқылы қозғалған қазақтар әдет-ғұрпын, өз халқына 
(номадқа) тән өзіндік өмір тәртібін сақтап қалды». 
«Қобыланды» эпосының бірнеше варианттары болды. Оның қыпшақтық ва-
риантында тәңірішілдік пен шаманизмнің көптеген элементтері кездеседі және 
бұл қазақтардың исламға өту жағдайын бейнелейді. Бұрынғы наным-сенімнің 
көрінісі ретінде кейіпкердің бірінің анасы Көктен кемпір мифтік қырымен ерек-
шеленеді. Эпоста жаңа, мұсылман дініне орын берген ескі на ным-сенімге деген 
халықтың терең ықыласы байқалады. Кейіпкердің анасы Аналық – мұсылман 
әйелінің символы. «Бұл – өзгенің қуанышымен және қайғысымен өмір сүретін 
әйел»  (Ә.  Бөкейханов).  Оның  күйеуі  ескі  номадтық  тәртіптерді,  ата-бабаның 
наным-сенімін ұмытқысы келмейді. Ол бағынышты жан ретіндегі әйелге деген 
мұсылмандық көзқарасты қабылдағысы келмейді. 
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымын қарастырғанда бірнеше тарихи са-
лыстырулар жүргізуге болады. Батыс Рим империясының құлауымен Евро пада 
батырлық  ғасырлар  орнайды
1
.  Алайда  батырлық  кодекстің  осалдығы,  оның 
институционалды емес, жеке тұлғалық сипат алуында болды. Көсемге деген 
адалдық индивидуалдық әлеуметтік жүйеге сүйенеді. Ұзақ уақытқа шыдайтын 
берік әлеуметтік және саяси институттар құруға батырлар қабілетті емес. Оның 
мысалын Аттилла ның өлімінен кейін батыс ғұндардың құлауынан байқауға бо-
лады. Қазақ мәдениеті дәстүрлі кезеңінің өзіндік санасының үстем формасы 
1
 Тойнби А. Постижение истории. М., 1991. - 299 б.

19
батырлық эпосы болып табылады. Эпос әлемі әдетте дәстүрлі. Онда қиын-қыстау 
аху алдардағы жүріс-тұрыс қалыптары (агрессияны тойтару, стихиямен күрес 
және т.б.) көрініс табады. Эпикалық дәстүрлі кеңістік мынадай оппозицияға 
негізделеді: «біздікі және біздікі емес (бөтен)», «достар – дұшпандар». Және 
бұл белгілі бір формаға ие болады. Мысалы, қазақтың батырлық жырларында 
шексіз дала «біздікі» деп есептеледі және оның ар жағында жау бар деп сана-
лады. Батырлық кезең әрқашанда оқиғаларға толы, қиын-қыстау ахуалдарда ол 
қоюлана түседі.
Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде реликтілік (сақ-
талу) және динамикалық (өзгермелі), архаикалық (көне), актуальды (өзекті) және 
футуристік  (келешектік)  деп  бөлуге  болады  (Л.  Н.  Гумилев,  А.  Тойнби).  Бұл 
жерде біз моральдық бағалауға ұмтылмаймыз. Мысалы, тоталитарлық жүйеде 
утопиялық болашаққа (коммунизмге) бола бүгінгі күн құрбан бола тын. Алайда, 
әдетте болашаққа бағдар ұстанған динамикалық жүйелер өміршең болып келеді. 
Уақыттың өткен шақтан бүгінгі арқылы болашаққа қарай зырлайтыны сияқты 
жаңашылдық мәдениеттер де үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін. Табиғат 
әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және мәңгілік дүние бастауы, 
бірден бір ақиқат болды. Ол өздігінен жара тылған, тіршілік етудің имманенттік 
себептері мен факторларының, бел сенділік пен эволюцияның негіздері болды. 
Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана 
қалды. Оның себептерін түсініп және соған өз болмысын құрып, табиғат ката-
клизмаларынан  қашқақ тап  отырды.  Табиғат  бұл  жерде  адамдарға  тұрмыстың 
формалары  мен  әдістерін,  көшпенділіктің  немесе  егіншіліктің  таңдауларын 
белгілеп беретін ғалам ретінде көрінеді.
Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетаным-
дық ұстанымына адалдығын дәлелдеп отыруға мәжбүр етті, өйткені тіршілік 
етудің ауыр және қатал жағдайлары руластардың әлеуметтік бағдар мен сал-
ттардан бұлтаруына жол бермеді, әйтпесе оларға рудан аластауы, көп жағ дайда 
мұның арты өлімге апарып соқтыратын еді. Дүниені сезіну айқындала түсті, 
дүниені түсіну айқын әрекеттерге итермеледі, дүниетаным нақты жағ дайдан 
туатын, шын айқын болды. Табиғат дүниенің аяқталған қалыпты жағ дайы, ал 
адам табиғаттың бір бөлшегі ғана болды. 
Алайда, адамзат баласының даму эволюциясының нәтижесінде еңбектің 
практикалық және жаңғыртушылық қызметі бірте-бірте түсінікті бола түсті, 
сөйтіп табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеп, қайта жаңғырту жүзеге асы-
рылды. Егіншілік пайда болады, жинаушылық бау-бақша өсіруге айналады. 
Үй  малдарына  шөп  шабу  іске  асады.  Табиғи  ортаны  бейімдеуден  адамдар 
оны өңдеуге ауысады. Оның енді бір формасы аңдарды қолға үйрету болды. 
Жабайы жылқыны қолға үйрету жабайы мал өсіру мен көшпенділікке жол 
ашты. Бұл сол заманда прогрестік құбылыс болды.
Табиғи ортаны өзгертудің пайда болуы философиялық көзқараста адам-
ның айқын мақсатты қызметін, мақсат қою факторын өмірге келтірді. Мұның 
өзі адамның табиғаттан бөлініп дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының 
алғы  шарты  еді.  Адамның  мақсаткерлік  қызметі  объективтік  процестің  ше-

20
шуші формасы болып табылады. Біртұтас, бірақ қарама-қайшылықты про цесте 
ол  табиғи  заңдылық  және  адамдардың  мақсаткерлік  қызметі  ретінде  көрініс 
тапты. Тұтас дүние қалпы енді үнемі адамдардың мақсатты қыз метімен, оның 
«табиғи бөлшегі» емес, оның әміршісі, өзгертушісі болуға ұмтылған әрекеті 
нәтижесінде бұзыла бастады. Әзірге мұнда ешқандай оғаш тық жоқ еді, бір-
ақ  көп  ғасырлардан  кейін  бұл  әрекет  экологиялық  және  ан тра-пологиялық 
дағдарысқа әкеп соқтырды.
Табиғат  әлемі  адамдардың  мақсаткерлік  қызметінің  барысында  адам 
әлеміне  айналады.  Енді  қажеттіліктің  «темірдей  ерік-жігерін»  талап  ететін 
табиғи заңдылықтар емес, адамдардың ерікті қызметі шешуші рөл атқарды. 
Олар сыртқы жағдайлардың детерминациясы сияқты емес, бостандық заңы 
бойынша  әрекет  етті.  Осының  өзі  жалпы  алғанда  кейіннен  тіршілік  етудің 
дүниетанымдық бағдарына жеткізеді. Қоғамдық санада олардың өзі-ақ әле-
уметтік  мінез-құлықтың  нормалары,  салты,  дағдысы  ретінде  қалыптасады 
да, адамдардың қауымдастығының, сондай-ақ қазақтың арғы тегінің де өмір 
сүруін реттеп отырды.
Қазақтардың  арғы  тектері  дүниетанымы  қалыптасуында  ерекше  рөл 
атқарған генотеизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық 
қолданыста да әртүрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар немесе оның 
ізбасарлары арқылы негізі қаланған діндердің көпшілігімен салыстырғанда 
генотеизм ертеде пайда болғанына қарамастан, халық дүниетанымының не-
гізінде  табиғи,  тарихи  жолмен  қалыптасқан  дүниетаным  болып  саналады. 
Онда адамның қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатына-
сымен  байланысты  ерте  діни  және  мифологиялық  көзқарастар  да  ерекше 
орын алады. 
Генотеизм  адамзат  қоғамы  дамуының  ерте  кезеңдерінде  материалдық 
өмір мен ұжымдық сананың жалпы заңдылықтары шеңберінде табиғи жол-
мен пайда болып, қалыптасты. Генотеизм ұрпақтан ұрпаққа ауызша және ви-
зуалды дәстүр арқылы жеткізіліп сақталды және бұл бүгінгі ұрпаққа осы дін 
туралы белгілі бір түсініктің болуына мүмкіндік береді. Қазақтар мұсылман 
болғанымен дәстүрлі шамандық наным-сенімдерін, ерте түркілерден тарай-
тын  Тәңіріге,  Ұмайға,  Жер-Суға  табынушылықтарын  сақтап  қалды.  Қазақ 
шамандары (бақсылары) өздерінің құрбандық шалуын мұсылман пайғамбар-
лары  мен  әулиелеріне  жалбарынудан,  мұсылман  сүрелерін  оқудан  бастады 
және аяқтады. Ш.Уәлихановтың айтуынша «Ғаламның барлық ғажайыпта-
рын тану қажеттілігі, өмір мен өлім мәселесі және адамның табиғатқа қаты-
насы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты және өлген адамдардың 
рухын қастерлеуді тудырды». 
Шаманизмнің  культтық  (табынушылық),  ғұрыптық  (ритуалдық)  ерек-
шелігіне  кеңінен  тоқталмай,  біз  оның  маңызды  қырына  -  моральдық-этика-
лық, адамгершілік-тәрбиелік қырына көңіл қоямыз. Қоршаған табиғат - оған 
бағыныштылыққа орай діни сезім тудыратын бастапқы нәрсе. Табиғатты бей-
нелеу  барлық  тайпалар  мен  халықтарда  заңды  және  универсалды  құбылыс 
болды. Ол адамдардың бастапқы дүниетанымын бейнелейтін мифологияның, 

21
фольклордың,  діни  түсініктердің  өзгешелігін  тудыратын  қоғамдық  сана  да-
муының  кезеңі  ретінде  қарастырылады.  Бақсылар  бүкіл  өзінің  табынушы 
құралдарымен адамның құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы идея-
сын орнықтырды. Жекелеген адамның тағдыры, оның өмірі, денсаулығы, ма-
териалдық игілігі рухтар мен құдайларды қадір тұтуға бағынышты болды. 
Ендігі жерде, отбасылық тұрмыс жағдайында адамның рухтар мен құдай-
ларға қатысты жүріс-тұрыс ережелерінің кейбір түрлерін қарастырған орын-
ды. Бұл әсіресе, отбасы ошағын білдіретін от-ана құдіретін құрметтеуге бай-
ланысты  тыйымдарды  қамтиды.  Жалпы  отқа  табыну  түркі  халықтарына 
ғана емес, Азияның моңғол немесе иран халықтарына және өзге халықтарға 
да тән әмбебапты құбылыс. Қазақтардағы отқа табыну жоғарыда аталған от-
ананы қастерлеумен байланысты. Кейде «от-ана» өзін құрметтемегені, қасиет 
тұтпағаны үшін жазалаушы әрекетімен де көрінеді. Отты бүлдіруге, яғни оған 
қиқым лақты руға, өткір темір заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлді басуға 
және т.б. тыйым салынады. Отты күн сайын шаңырық иелерінің қоректенетін 
тағамы нан  ауыз  тигізіп  отыру  да  міндетті  саналады.  Тіпті  үйдің  ошағынан 
шыққан  күлді  де  адам  мен  мал  баспайтын  жерге  төгеді.  Бұл  тәртіптер  мен 
қалыптар  бұзылса,  от  құдайы  бұл  үйдің  иелерін  зұлым  рухтан  қорғамайды, 
әртүрлі ау рулармен жазалайды, кейді тіпті белгілі бір заттарды, үйді өртеп те 
жіберетін. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын білдірді, сондықтан онан кейін 
құрбандық шалынып, құдайға жалбарынып құлшылық етеді. 
Осылайша, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткіші, зұлымдықтың қарсыласы 
ретінде барлық түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақ-
пен қатар, табалдырық та қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе керілуге 
болмайтын еді, өйткені онда үйді қорғайтын есіктің иесі орналасады. Ол да 
бұл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жіберу арқылы 
жазалай алады.
Азиялық көшпенділердің культтық өмірінде Аспан құдайының (көктің) рөлі 
мен маңызы ерекше болғандықтан Ж.П.Ру бұл діни нанымдарды Тәңірішілдік 
деп атады. Малшы көшпендінің табиғатқа толық бағынышты лығы құдіретті, 
тылсым күштерді қастерлеуге, әулиелендіруге әкелді. Қазақ-көшпенді барлық 
қайғы-қасіретті, пәле-жаланы, ауру-сырқауды көктің жаза лаушы күшімен бай-
ланыстырды және барлық үмітін де көк тәңірімен байла ныстырды.
Қазақтар Айға, Күнге, отқа, суға, аспанға, Жерге табынды, оларды қаси етті 
деп есептеді және соның нәтижесінде анттар пайда болды. Ант абырой және 
адалдықпен қатар қойылды. Антты бұзудан өлім артық болды (ең жаман қарғыс 
- «ант ұрсын»). Қарғыс адамның басына бақытсыздық әкеледі деген сенім пайда 
болды. Халық бүгінгі күнде де өзінің жек көрушілігін қарғыспен, сүйіспеншілігі 
мен игі тілегін батамен білдіреді. Адамды тәрбие леуде, оны қайырымды істерге 
ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды ау лақ ұстауда батаның рөлі өте үлкен. 
Адамдар  қазіргі  күні  де  қайғы-қасіреттен  құтылу  осы  өмірдегі  қайы-
рымды қылықтар мен игілікті істердің арқасында деп пайымдайды. Сондық-
тан  да  бата  орындалды  деп  түсінеді.  Мазмұндалған  бұл  материалдан  жер 
бетінде игілікті өмір сүрудің жалғыз жолы рухтар мен құдайлар алдындағы 

22
бағыныштылықты  уағыздайтын  дін  ретіндегі  генотеизмнің  идеологиялық 
мәні  айқын  көрінеді.  Оның  тағы  бір  ерекшелігі  адамдардың  бұл  өмірдегі 
әртүрлі қылықтары мен қылмыстары, сондай-ақ жақсылықтары оның өлген-
нен кейінгі тағдырына әсер етпейді.
Генотеизм  қарапайым  малшылардың  діни  санасында  терең  және  берік 
орын алған. Генотеизмге тән мәнді белгі ретінде оның діни мәнділігі жазбаша 
түрде сипатталмағанына және насихат түрінде уағыздалмағанына қарамастан 
тарихи тұрғыдағы тұрақтылығын да айтуға болады. Ол отбасылық және ру-
тайпалық деңгейде ұрпақ арасындағы үздіксіз байланыс жолымен жалғасты. 
Оның маңызды себептерінің бірі көшпенділер өмірінің ерекше экономикалық 
шарттарымен  сипатталады.  Генотеизмнің  моральдық-этикалық  түсініктері 
ақын-жыраулардың адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы мен дамуына 
тікелей ықпал етті, бұл олардың шығармашылығынан айқын аңғарылады.
Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы – олардың 
бақылайтын, қабылданатын, дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы, бұл бол-
мыспен  тамырластығы  уақытты,  кеңістікті,  адамның  ішкі  дүниесі,  тіршілік 
етудің басқа да жақтарын, болмыс-мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз 
көрінісін тапты. Мұның бәрінің нақты өмірде нақты түп та мыры бар, осыдан 
келіп басқа ешбір дүние түсінігімен шатыстыруға болмай тын дүниенің ұлттық 
образы, дүниетанымы пайда болады.
Қазақтың ата тегінің мәдениетіне назар аудару ондағы этностың ментали-
теті ұғымын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, бұдан қоғам мүшелерінің бар-
лығына  қатысты  және  индивидуалдық  деңгейде  көрінетін  қоғамда  ұжымды 
түрде  қалыптасатын  ойлау  және  психика  құрылымын  ұғынамыз.  Мәдени-
еттің бұл «ферменті» әрбір адамның әлеуметтік мінез құлқында шешуші рөл 
атқарады. Өйткені ол оның санасында орныққандықтан оған қоғамдық қозға-
 лыстың жолын айқындайды, сан қилы өмір сәттеріне бағдар береді, ең бас тысы, 
барлық  объективті  мүмкіндіктердің  ішінен  өз  қалауын  таңдауға  жөн  сілтейді. 
Егер түйсік дәрежесіндегі қалау архетиптік қалыптың базасында жүзеге асып, 
инстинктер импульстерде көрініс тапса, ал менталитет «ғылыми мінез-құлық» 
пен әдет-ғұрыптардың жиынтығы негізінде бағдар таңдауы та лап етеді, бұларды 
тәрбие мен білім беру т.б. арқылы коллектив береді.
Осыдан кейін Шығыста қабылданған онекілік санаққа ор-ай онекі жыл дық 
өлшем қалыптасты. Мұның өзі кейбір рухани мистикалық бастауларды ұстанды. 
Мәселен, жылан жылы бақытсыздық жылы болып саналды, өйткені әдетте онекі 
жыл сайын осы жылы жұт келеді. Жылқы мен қой жылдары бақытты болып 
саналады, әдетте бұл жылдары мал қоңды, халық тоқ болды. Түнгі аспанға көз 
салған көшпенділер көк күмбезінде сексен сегіз шоқжұлдызды белгіледі. Олар 
ерекше мәнге ие болды. Өйткені аспан жарты шар ретінде көз көрім әлемді жау-
ып тұрушы және жұлдыздар қозғалысы төменгі әлемге байланысты, оған елеулі 
ықпал етеді деп санады. Егер бірінші онекі айдан тұратын жылдық циклге көңіл 
аударар болсақ, олар белгілі бір шоқжұлдыздарға сай құрылды. Уақытты одан 
әрі түсіну онекі жылдық циклге алып келді оған тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, 
жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз енеді.

23
Қазақтың  ата  тегінің  даму  үстіндегі  уақыт  ұғымы  болмыспен  тікелей 
қа тысты  құбылыстан,  сезімдік  нақтылықтан  шығып,  эволюция  барысында 
фе нелогиялық және циклдік сападағы кезеңдерге, «тірі хронологияға» және 
одан әрі ұзақ жыл санау жүйесіне өткеніне қарамастан өз бойларында нақты 
болмысқа тән қасиетін сақтап қалды. Санасыз инстинкттердің немесе сана-
лы импульстердің, бұлардың екеуі де бірден пайда болады, серпінді форма-
лары  түрінде  қалады.  Мұның  өзі  тарих  барысында  айтарлықтай  өзгеретін, 
бірақ ешқашан базистік өзегін жоғалтпайтын архетип немесе оның көрінісі 
ретінде бағалауға негіз болады. Уақытты бұлай түсіну арқасында ол образды 
және эмоционалды сипатқа ие болады, бұл оның сезімдік нақтылыққа жақын 
екендігін  білдіреді.  Қазақ  философиясының  нақты  болмысқа  тәнділігі  мен 
сезімдік нақтылығы осыдан көрінеді. 
Қазақ философиясының нақтылы халықтық көрінісіне мақал-мәтелдер 
жатады. Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, данышпандықтың сүзгісінен 
өткен, мәңгілік өмір сүруге құқылы, біздің заманымызға дейін жеткен қазақ-
тың мақал-мәтелдері, ертегілері бүгін де өз маңызын жоғалтпай, өзінің жарқын 
бейнесімен  халықтың  адамгершілік-психологиялық  дамуының  та рихи  жо-
лын нұрға бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, аңыз дар мен 
өлеңдерге, айтыс пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар халықтың қуанышы 
мен  қайғысын,  даналығы  мен  өмірлік  тәжірибесін  білдіретін  ең  кеңінен 
таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың өзіндік ко дексі де бо-
лып  табылады.  Мақалдардан  көрінетін  моральдық  кодекс  балалық  шақтан 
кәрілікке  дейінгі  тәрбиеде  маңызды  рөл  атқарады.  Қазақ  мақалдары ның 
тақырыбы барлығын қамтиды. Ол өмірдің барлық қырын құрамына енгізеді: 
күнделікті тұрмыстан тарихқа, өмірге дейін, халықтық этика норма ларының 
кең кодексін қамтиды. Көшпелі өмір тәртібіне сай қазақ халқының өз еңбек 
әрекетіне  деген  көзқарас  мақалдарда  бейнеленеді.  Бақыттың  көзі  ретіндегі 
еңбекке деген көзқарас көп мақалдарда кездеседі. Мысалы, «таяқпен құлын 
табасың, құлынмен тұлпар табасың, тұлпармен бақытыңды табасың».
Архаикалық өмір тәртібін бейнелейтін қазақ мақалдарын зерттеу олардың 
идеялық мазмұнының өзегі «жаман адам» мен «жақсы адам» түсініктерінен 
құралатынын  көрсетеді.  Қолдаушы  формула  «жақсы  адам»  мен  кінәлаушы 
«жаман адам» отбасылық өмірдегі де, қоғамдық өмірдегі де моральдық нор-
малардың бүтін жиынтығын білдіретін қорытындылаушы түсініктер болды. 
«Жақсы» мен «жаман» халықтық мораль тұрғысында былайша бағаланады 
немесе сыналады: «Жақсы іске келеді, жаман асқа келеді», «Жақсыдан қашпа, 
жаманға баспа».
Қазақ мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресі мәселесі 
үлкен  орын  алады.  Халықтың  қолдайтын  барлық  жүріс-тұрыс  нормалары 
мен принциптері, жағымды бағаланатын адамгершілік әрекеттердің барлығы 
қайырымдылық болып табылады. Ал халықтың кінәлайтын, қолданатын әре-
кеттері мен қылықтарының барлығы, адамның қоғамдық және жеке өміріне 
зиян  келтіретін  нәрсенің  бәрі  зұлымдық  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
қайырымдылық  ақылмен  және  біліммен  байланыстырылады,  адамгершілік 

24
өмірде  үлкен  мәнге  ие  болып,  зұлымдыққа  қарсы  күресте  маңызды  құрал 
ретінде бағаланады. 
Қазақтың халық даналығы адам абыройын түсіретін моральдық принцип-
терді  қатал  айыптайды.  Және  керісінше,  батырлық,  патриотизм,  төзімділік 
сияқты  жағымды  адамгершілік  қасиеттер  бағаланады.  «Ер»  түсінігі  туралы 
мақалдар  өте  көп.  Мысалы,  «Ерді  намыс  өлтіреді,  қоянды  қамыс  өлтіреді». 
Мыңжылдық  тәжірибеден  туындаған  «Таспен  ұрғанды,  аспен  ұр»  деген 
даналықты айту үшін қазақ халқы небір қиын-қыстау күндерді бастан өткізді. 
Көшпендінің кеңпейілділігі мен қонақжайлылығы мына мақалдан көрініс табады: 
«Кездескен адамыңды сыйла, мүмкін оны соңғы рет кездестірген шығарсың».
Осылайша, қазақ мақал-мәтелдеріндегі адамгершілік-этикалық идеяларға 
үстірт  шолу  жасаудың  өзі  Қазақстандағы  этикалық  ойдың  халық  даналығы-
ның  тереңдегі  таусылмас  қайнар  бұлағынан  нәр  алатын  бай  адамгершілік 
материалға  негізделгенін  көрсетеді.  Қазақтың  ақын-жыраулары  ойдың  асыл 
інжу-маржандарын  осы  мақал-мәтелдерден  алып  отырды.  Көпғасырлық 
халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға толы. Тарихтың бүкіл өн 
бойындағы өзара қатынастарды реттеп отыратын адамгершіліктің қарапайым 
нормалары  бүкіл  халықтың  жинақтаған  тәжірибесінің  нәтижесі  мен  қоры-
тындысы болып табылады. Біз мазмұндалған материалдың өзектілігін рухани 
ақиқаттар тұрғысынан жеткізуге тырыстық, бірақ оның алғы шарты кез-кел-
ген  философиялық  проблематика  сияқты  философияның  өз  дамуының  ішкі 
(имманентті)  қажеттіліктерімен  қатар,  әлеуметтік  дамудың  сыртқы  қа жет-
тіліктерімен де сипатталады. 
Өзінің табиғатқа көзқарасы қалыптасқаннан бастап, осы күнге дейін түпкі 
ипостосия ретінде қарайтын және мәңгілік әрі өткінші емес болмысты біртұтас 
дүние деп тани отырып, қазақ халқы өзінің этноспен шендесуіне қол жеткізді, 
өйткені оның табиғатқа жақындығы мейлінше айқын әрі талас туғызбайтын 
еді. Ғасырлар бойы эволюция барысында қазақ әрқашан та биғатқа қайта ора-
лып отырды. Бұл оның бірінші ажырамас белгісі болды. Оның тіршілігіне тән 
екінші бір қасиет – оның түп негізіндегі қайшылық. Бұл қайшылық ғұндардың, 
үйсіндердің,  қаңлылардың  ара  қатынастарынан,  мал  өсіру  мен  егіншіліктің, 
көшпенді  және  отырықшы  тайпалардың  кей  кездерде  қайшылықтарға  дейін 
жетіп, соғыс жолымен шешуге дейін баратын өзара әрекеттерінен туған еді. 
Бұл амбиваленттілік осы халықтың бүкіл тарихымен қатар жүреді. Ол адамдар 
санасына әлеуметтік материяға тереңдей еніп, бітіспес таластар туғызды. 
Қазақ философиясында даналық үлгілері ауызекі мәдени ақпаратты бе-
рудің тиімді тәсілі – поэзиялық үрдіс арқылы түйінделген. Батыста филосо-
фиялық пайымдаулар рационалдық ғылыми әдістемені мұрат тұтса, еуразия-
лық дала көшпелілерінде даналық әдеп талаптарымен синкретті түрде көрініс 
табады. Қазақ философиясы соңғысына жақын. 
Профессор  М.  Орынбековтың  пікірі  бойынша,  идеялардың  мыңдаған 
жылдық  құпиясын  өз  бойына  жинақтаған  қазақ  философиясы  тарихы  бүгінгі 
таңда  орасан  зор  мәнге  ие  болды.  Өз  ұлтының  түп-тамырына,  салт-санасына 
және ерекшелігіне назар сала бастаған жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін мұның 

25
маңызы ерекше зор. Жаңа мемлекеттің тарихи-қоғамдық аренасын дағы орталық 
ұғымы «төлтумалылық», өзіндік болмыстылық. Бұл енді өзінің барлық мүше-
лерінің  өмірлік  доминанттарының  жалпылығы  және  өзіне  тән  ерекшелігіне 
негізделген қоғамның дербестігін, сапалық айқындылығын білдіруге жұмсалады. 
Бұл жерде қоғамдық тұрмыстың әр қырлары, қоғамдық сананың онтологиялық 
және  гносеологиялық  аспектілері,  тіршіліктің  қалып тасқан  элементтері  және 
дамудың  ішкі  бастаулары  ажырамас  бір  салаға  бірігеді.  Әртүрлі  философтар 
мен мәдениеттанушылар өзіндік болмыстың орны жайында ой түйе келіп, ол – 
тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәде ниеттің өміршеңдік өзегі, ғылымның 
мәдени өзегі, қоғам дамуының үдемелі қағидасы деген ұғым қалыптастырған.
Жоғарыда келтірілген дәлелдемелер «қазақ философиясы» сөз тіркесін 
нық қолдануға жеткілікті деп ойлаймыз. Әрине, «қазақ философиясы» ұғымы 
ары қарай зерттеуді талап ететін мәселеге жатады. 
«Қазақ философиясы» деген терминнің қисындылығы, біздің ойымызша, 
төмендегідей  негіздермен  айқындалады.  Біріншіден,  ұлттық  философия  әр 
халықтың болмыс формаларымен тығыз байланысты. Өйткені әр халықтың ор-
наласу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ 
мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады. 
Табиғи  және  әлеуметтік  өмірді  тікелей  бейнелеу,  дүниенің  құрылымы, 
оның жасарын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының 
бастапқы кезеңі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ, 
сондықтан да философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді. А. Қасабек 
мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жат-
қан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның 
пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжы рымдар бар дейді. Филосо-
фия мифке тән дүниеге тұтас көзқарастық бағытты сақтауға тырысады. Соның 
негізінде не мифологиялық, не аллегориялық-көркем, не символикалық-діни, 
не  нақты-ғылыми  ойлау,  бірақ  олардың  әрқайсысы  қабылданған  түрлеріне 
сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау фор маларын құрайды.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы сөзді тек ойшылдардың дүниеге 
көзқарасы жалпылама көзқарастың (әмбебапты) универсалды принциптерін не-
месе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға бо-
лады. Діни-мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, фило-
софия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікірсайыс ретінде 
қолданылатын  рационалды  ойлауға,  дүниені  танып  білудегі  қайшылықтарды 
аңғару  мен  шешуге  тырысады.  Бұл  әрекет  адамның  жан-жақты  ойлауы  және 
оның интеллектуалды интуициямен бірегей қа бысқан нәтижесінде туады.
Қазақ  тарихында  көп  кездесетін  «рулық»  генетизм  осы  қоғамның  әле у-
меттік, таптық бөлінуі және «ақсүйектік» рулар пайда болған кезінде күшейді. 
Соңғылардың қоғамдағы «заңдың орындары олардың төркіні құдайдан неме-
се батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп олардың әлеуметтік 
дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді 
рөлі  бекітілді.  Осы  рулардан  шыққан  ойшылдардың  әле уметтік  идеялары 
қоғамның даму тенденциясын біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың 

26
қөзқарасы  жеке  бастың  көзқарасы  ғана  емес,  қоғам ның  тарихы  дамуының 
мүддесіне сай келгендіктен қоғамдық пікір ретінде қалыптасы. Мысалы, Төле 
би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқалардың ой-жүйесі, олардың ақыл-
кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
Қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінің  уто пиядан  бас  тартып,  антиутопияға 
бағдар ұстанғанын тарихи талдаулар дәлел дейді. Батырлық ғасырларға қара-
мастан  «Гүлстан»  және  «Жер-ұйық»  идеяла рын  «Зарзаман»  идеясы  алма-
стырды. Қазақ утопиясы өзінің бастауын шыңғыс тұқымдарының номадалық 
ұлыстарының  дағдарысы  кезеңінен  алады  (Сайф  Сараи.  Гүлстан).  Бұл 
идеяның  классикалық  көрінісі  «Бірінші  қа зақ  философы»  Асан  қайғының 
(Ш.Уәлиханов)  шығармаларында  орын  алады.  Асанның  «Жерұйығы»  өзінің 
амбиваленттілігімен сипатталады: «жұмақ бағы» тәртіп пен ретсіздіктің, адам 
мен табиғаттың, өлім мен мәңгіліктің, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесім-
ділігі болып табылады. 
Қазақ философиясы қалыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бірі 
ерте түркі жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткіштердің тас плита-
лар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны 
белгілі.  Бізге  дейін  жеткен  санаулы  ерте  түркі  жазбасының  мәтіндерінде 
түркілердің  ата-бабаларының  жоғарғы  адамгершілік  қасиеттер  туралы  эти-
ка лық  мәселелер  молынан  кездеседі.  Халықпен,  Отанмен,  оның  абыройын 
қорғаумен,  еркіндігі  мен  тәуелсіздігін  сақтаумен  байланысты  мәселелер 
жазба әдебиет ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірінен саналатын Орхон-
Енисей жазбаларында өзі-нің өте өткір қойылуымен ерекшеленеді. 
Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегі түркілердің әлемге деген көзқара-
сын,  олардың  идеалды  өткен  шағының  толық  картинасын  түйінге  және 
оны  жоғары  адамзаттық  қасиеттермен  байланыстыруға  мүмкіндік  береді. 
Жазба ның авторы түркі қаға-натының құлауына әкелген олардың өміріндегі 
өзгерістердің себебін ата-бабалардың қалдырған өсиетінен ауытқудан көреді. 
Қағанаттың күші мен құдыреті қағанға адалдықпен, аристократияның бірлі-
гімен  сипатталады.  Автор  идеалды  батыр-қағанға  қажет  міндетті  этикет 
қалыбын ұсынады:
1) түркі халқының заңы мен мемлекетін құру және қолдау;
2) дүниенің төрт бұрышындағы халықтарды басу және қолдау;
3) дана және батыл қаған болу. Орхон жазбаларында қағанды «көктен 
жаратылған» деп атайды.
Түркілердің шынайы тарихын ерте түркілердің сына жазуымен салы с-
тырғанда, оның ақиқаттылығы мәтіндердегі сипаттаудан анағұрлым бай және 
алуан түрлі болғандығы аңғарылады. Бұл жазбаларда өз дәуірі үшін қа жет 
идеалдарды, моральдық кодекстерді, яғни өзара қырқысқа жол бермей, ата-
баба жолымен мемлекеттің құдіреті мен тұтастығы идеяларын ғана ав тордың 
жариялауға мүмкіндігі болды. Халық өз батырларын даңққа бөледі, соғыста 
да,  бейбіт  уақытта  да  батырлық  адамның  жағымды  адамгершілік  қа сиеті 
ретінде  жоғары  бағаланды.  Батыр  болу  ерте  түркі  қоғамында  ең  жоғарғы 
өлшемдерді қанағат-тандыруды білдірді.

27
Ертетүркі  қоғамында  қалыптасқан  адамгершілік  көзқарастар  біздің  ата-
бабаларымыздың белгілі бір мораль мәселелері бойынша ақын-жыраулардың 
этикалық  көзқарастарынан  байқалатын  ойлау  деңгейін  салыстыруға,  адам-
гершілік  дамуындағы  сабақтастықты  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Ақындар-
дың  рухани  ойының  қалыптасуының  келесі  бір  маңызды  идеялық  бастауы 
шаманизмнің (бақсылықтың) діни-этикалық концепциясы болып табылады. 
Түркі халықтары философиялық көзқарастарының қалыптасуына ықпал 
еткен маңызды идеялық бастаулардың бірі исламның діни-этикалық концеп-
циясы  болды.  Қазақ  қоғамында  рулық  дәстүрдің  үстемдігі  жағдайында 
мұсылмандық фанатизмнің рөлі төмен болды. Арабтар Орта Азияны жаулап 
алғанға  дейін  қазақтар  Тәңіріге  (аспанға)  табынды.  Тарихшылардың  бір-
ау ызды  пікірінше,  Орта  Азияның  отырықшы  халықтары  713-714  жылдары 
арабтарға толығымен бағынды. 
Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершілік туралы ілім де болып табы-
лады. Ислам Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, ше телдік 
Шығыстың  бүтіндей  бірқатар  елдерінің  адамгершілік  дамуына  ықпал  етті 
және ықпал етіп келеді. Жалпы исламның этикалық ойы исламның өмір сүру 
тәртібін анық-тайтын идея ретінде осы діннің пайда болғанынан бері өмір сүріп 
келеді. Бірақ теологиялық - этикалық жүйе түріндегі бұл ойдың қалыптасуына 
мұсылманшылықтың негізгі деректері - Құран мен Сүннеде көрініс табатын 
мұсылмандардың  моральдық  қалып-тарының  жинағы  әсер  етті.  Исламдық 
этикалық ой сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретінде сүйене отырып 
мұсылман қоғамының тәрбие принциптеріндегі қа жеттіліктерін өтей алды.
Құран  бір  жағынан  ру-тайпалық  қауымның  дәстүрлерін  бейнелейтін, 
екінші жағынан, алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық институттарына 
қарсы бағытталған пайымдарды бейнелейтін этикалық-құқықтық нормалар дан 
құралады. Құранның моральдық қағидалары күнделікті өмірдің барлық қырын 
қам тиды: отбасы қатынастары, туыстар арасындағы міндеттер, айналысатын 
пайдалы нәрселердің жиыны, өзге дін (христиан, иудей) өкілдерімен қатынас, 
саудамен және қолөнермен айналысу, тыйымдар, парызды өтеу және т.б. Ша-
риатта «бес уақыт намаз адамды күнәдан айырады» деп айтылғандықтан на-
маз  оқуға,  ораза  ұстауға  кұрметпен  қарайды.  Ең  ауыр  күнә  -  Құрандағы  та-
лаптардан  ауытқу.  Алланың  ізгілігі  мен  қайырымдылығына  қарамастан  бұл 
күнә кешірілмейді. Ең жоғарғы қасиет – Алланың еркіне бағыну, шынайы сенім 
үшін өзіңді құрбандыққа шалу. 
Мұсылмандарға  ізгілікпен  қарау  және  дінсіздерді  қудалау  -  Құранның 
негізгі  ерекшеліктерінің  бірі.  Ислам  қағидасы  бойынша  тек  құдайға  қызмет 
жасап,  құлшылық  ету  жолымен  ғана  бақытқа  жетуге  болады.  Осыған  орай, 
мұсылмандар  дұрыс  жолды  таңдай  алады.  Бұл  тезис  мұсылмандық  ойдың 
өзегін құрайды және ол ислам ізбасарларының рухани өмірінде маңызды рөл 
атқарды. Мұсылман дінінің моральдық-этика лық жүйесінің бүкіл іргетасы осы 
бағыныштылық талаптарымен құрылғаны белгілі. Мұсылман нағыз адам болу 
үшін, ол моральды тұрғыда таза, өз әре кеті мен сөздерінде адал болуы тиіс. Тек 
сонда ғана ол адамдар алдында да, Алланың алдында да құрметке ие болады. 

28
Асан қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XV ғ.), Доспанбет жырау (XVІ ғ.), 
Шалкиіз  (1465-1560),  Ақтамберді  (1675-1768),  Бұқар  жырау  (1668-1781), 
Шал  ақын  (1748-1819)  және  т.б.  –  өз  дәуірінің,  философиялық  идеалда-
рын білдірген ойшылдардың бүтіндей бір шоғыры. Жыраулар мен ақындар 
өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында 
бейнелей отырып, орасан зор рухани күш-жігерді өз бойларында қорытты.
Ортағасырлық  және  онан  кейінгі  дәуірлердегі  мұсылман  авторларының 
шығармаларының барлығы дерлік Құранның бірінші сүресімен басталады. 
Ақтамберді жыраудың, Үмбетей жыраудың, Бұқар жырау мен Қабан жырау-
дың  және  т.б.  адамгершілік-этикалық  көзқарастарында  исламның  ықпалы 
айқын байқалады. Ақын-жыраулар өздерінің адамгершілікке қатысты ойла-
рын құдайдың, пайғамбарлардың атынан айтты және бұл қазақ қоғамында 
олардың көзқарастарының ықпалын күшейтті. Бұл, әсіресе Бұқар жыраудың 
моральдық-дидактикалық шығармаларынан айқын байқалады. 
Ұлт  санасында  сақ талған  Тәңір  дініне,  заратуштрашылдыққа  (зороа-
стризм  емес),  шамандық  сенімдерге,  пұт  дініне,  манихей,  христиан,  иуда 
діндеріне қатысты ұғымдар дың бәрі ғылыми тұрғыдан жүйеленіп келеді. Осы 
тұста қазақ даласынан шыққан ғұламалар Заратуштра, Анахарсис, Қорқыт, 
Әбу Насыр әл-Фараби, Абай бейнелері арқылы ұлтымыз дүниетанымының 
жалпыадамзаттық  өрке ниетпен  байланысын,  біздің  де  әлемдік  пәлсапалық 
ойға қосқан қомақты үлесіміз бар екенін көрсетпекпіз. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал