Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет9/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
білудің  қажеттігі  болмаған  адамдарды  өздеріне  қажетті  бір 
нормалар мен заңдарға мойынсұнуға міндеттейді. Әркімге тек 
өз мұқтаждығын күйттеудің орнына енді ортақ бір мүдделер-
ді  іске  асыру  үшін  басқалардың  өзгеше  мүдделерімен  сана-
суына  тура  келеді.  Қоғамға  кірген  барлық  адамдардың  бір 
ортақ  мүдделерін  қамтамасыз  ету  үшін  олардың  бәрінің 
жеке ырықтары бірігіп бір ырыққа айналады. Оны бұрын да 
айтқандай Руссо жалпы ырық деп атаған. Одан басқа әркімнің 
өзіндік  мүдделері  бар.  Оларды  әркім  өзінше  күйттеп,  өз 
әрекетімен  қамтамасыз  етуге  құқылы,  бірақ  әркімнің  ондай 
қызметі басқалардың мүддесіне нұқсан келтірмеу керек.
Кант та осындай көзқарасты қолдайды да, жалпы ырықты 
бүкіл жалпы ырық (всеобщая воля) деп атайды. Мемлекеттің 
ең  негізгі  заңдары  осы    бүкілжалпы  ырықты  іске  асырудың 
жолдары мен ережелерін айқындайды,  айқындауы тиіс. Рус-
со да, Кант та осы мемлекетке кірген барлық  адамдардың бір 
арнаға тоғысқан ырқын Жоғарғы суверен деп атайды.  Жоғарғы 
суверен  халықтың тұтас еркі дегенді білдіреді.
Басқаша айтқанда, қандай да болмасын биліктің, халықтың 
және оның жоғарғы денгейі ретінде, – ұлттың – түпкі шығар көзі, 
оны  тудыратын  күш  деп  сондай  бірлікке  кірген  адамдардың 
ортақ  мүддесі,  олардың  соған  деген  тұтас  ырқы  танылады. 
Бұл  бір  жағынан  бүкіл  адамдар  тарихында  қоғамның  пайда 
болуының  түпкі  мәнінің  өзі  демократиялық  мағынада  екенін 
көрсетеді. Қоғам болуды тек қана барлық біріккен адамдарға 
түгелдей  тән  ортақ  мүдде  анықтайтын  болса,  онда  халықтың 
ырқына сүйенген, тек соның мүддесімен ғана қызмет атқаратын 
жүйе шын мағынасындағы қоғам болып есептеледі. Олай бол-
са, қоғам деген ұғымға тек демократиялық жүйе сәйкес келеді.  
Руссоның және белгілі дәрежеде Канттың да ойынша осы қандай 
да  болсын  халық  жеке  адамдардың  қауымдасуда  жекелігінің 
немесе  дербестігінің  жоғалуының  нәтижесі  емес.  Ол,  керісін-
ше, жеке адамдардың дербес ырықтарынан құралады. Канттың 
анықтауында халық белгілі бір   территорияда экономикалық, 
рухани-дәстүрлік  тектік  бірлік  болуы  мүмкін,  бірақ  ол  әлі  
әлеуметтік-саяси  бірлік  емес. Ол  мемлекеттік  бірлікте  басқа 
сондай бірліктерден дербес тұтастыққа ие бола алады. Өйткені, 

103
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
халық      мемлекет  болып    ұйысқанда  ғана  басқа  этникалық, 
әлеуметтік  топтардан  тек    арасы  ажырап,  дербес  құрама 
ретінде көріне  бастайды. Басқаша  айтқанда  әрбір ересек жеке 
адам басқа сондай жеке адамдарға  қатынасында дербес  тұлға 
деңгейінде көріне алса, халықтар да әлеуметтік-саяси құрамаға  
айналу  арқылы жеке құқықты тұлға түрінде көріне бастайды. 
Жеке адам тұлға   ретінде өзіне тиісті нәрселердің бәріне, әсіресе, 
өз ырқы мен әрекеттеріне өзі  ие болатыны сияқты мемлекет 
болып ұйымдасқан  халық та өзіне тиісті  нәрселердің бәріне 
өзі  ие  болып,  оларды  өз  мақсаты  мен  ырқына    бағындырып, 
бағыттай алатын болады. Тек осындай қалыпқа келген  халық  
қана  бұрынғы іштей босаң бірліктен ұлтқа айнала бастайды, 
яғни іштей жаңа сападағы берік те шымыр тұтастыққа ұласады. 
Ұлт мүшелерінің барлығы өздерінің негізгі мүдделерін реттеп, 
іске асырып отыру үшін орталық және жергілікті мекемелерін 
құрап,  оған  өз  өкілдерін  жібереді.  Ол  өкілдікті  көп  адам-
дар  емес,  тіпті  бір  ғана  адам  орындауы  мүмкін.  Ол,  мысалы, 
Руссоның айтуынша монархиялық форма. Ал көп өкілдерден 
құралған  билік  формасы  да  болуы  мүмкін.  Ол  парламенттік 
немесе аристократиялық форма. Бұл жөнінде Руссоны қолдай 
отырып,  Кант  қай  форма  түріндегі  басқару  жолы  болмасын, 
ол  қабылданған  заңдарға  сүйену  керек.  Заңдар  сол  қоғам 
мүшелерінің жалпы ырқының жүйеленген көрінісі болуға тиіс. 
Мұны олар республика дейді. 
Мұстафа  Шоқайдың  ой  желістері  де  осы  сарындағы 
қорытындыларға  сүйенеді.  Оның  ойынша  халық,  әсіресе 
ұлт  болу  үшін  олардың  бірыңғай  ортақ  санасы  болуы  тиіс. 
Ол  сананың  ұйтқысы  ретінде  негізгі  мақсаты  қалыптасуы 
керек.  Түркістан  халқы  үшін  ол  мақсат,  әрине,  өзін  «жат 
үстемдіктің тепкісінен құтқарып, өз мекемелеріне ие, тәуелсіз 
бір жеке тұлғаға айналдыру...» [17, 176 б.]. Яғни М. Шоқайдың 
түсіндіруінде де жат жұрттың үстемдігінде отырған халық та 
ұлт деп есептеліне алмайды, себебі онда өзінің әлеуметтік-саяси 
келбетін  өзі  анықтайтын  ырық  жоқ,  осы  мағынада  ол  толық 
деңгейдегі  субъект  емес,  басқа  елдермен,  мемлекеттермен 
өз  ырқын  көрсететін  қатынас  жасай  алмайды.  Халықаралық 
қатынастарда ол жеке тұлға емес. 

104
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Халық  осындай  дербес  жеке  тұлғаға  айналу  үшін  онда 
өзіндік  бір  рух  болуға  тиіс.  Ол  рух  оның  бүкіл  тарихында 
түзеледі.  «Асылында  халықтың  рухани  дүниесі  (мәдениеті) 
біртұтас нәрсе – деп жазады ол большевиктердің «түрі – ұлттық, 
мазмұны пролетарлық» мәдениет түзеу туралы формуласына 
қарсы. Оны «мазмұнға» және «формаға» бөлуге болмайды. Кез 
келген  рухани  мәдениет  өзінің  мазмұнымен  анықталады  [17, 
153 б.]. Яғни, территориялық, экономикалық, тіпті этникалық 
бірліктер  де  оның  негізін  құрай  алмайды.  Ондай  бірліктер 
болған күнде де ол халықты жеке тұлға ете алмайды. Ондай 
ішкі  терең  бірлік  –  ол  ұлттық  рух,  немесе  шығыстық  зерде 
дейді.  «Батыс  тәрбиесін  алған  зиялыларымыздың  аянышты 
жері  –  рухани  жақтан  өз  халқына  өгей  болып  қалуы  еді.  Ба-
тыс  тәрбиесі  көптеген  туыстарымызды  халқымыздың  жан-
дүниесіне  сіңген,  ұлттық  тарихымыздың  өн  бойында  жатқан 
«шығыс зердесінен» айырды. Олар, яғни Батыс тәрбиесін алған 
туыстарымыз басқа жақтан жинаған білімдерін өз халқының 
өмірімен (Шығыс зердесімен) бірлестіре алмады» [17, 177 б.]. 
Ендеше  халықты  басқа  халықтармен  жақын  ететін  белгілер 
қанша болса да, оны дегенмен басқалардан өзгеше ететін нәрсе 
осы рухани өзіндік ерекшелік деуге келеді. 
М. Шоқайдың айтылған ойлары оның халық және ұлт ту-
ралы  көзқарастарының  кейбір  батыс  ойшылдарының  «халық 
идеясы» дейтін ұғымдарына жақын сияқты. Бұл оның Шығыс 
ғұламаларымен қатар Батыс философиясының тарихымен де 
мол хабардар екендігін көрсетеді. 
Халықтың  әлі  субъект  деңгейіне  көтерілмегендігі  тура-
лы  көзқарас  М.  Шоқайдың  айтуында  Кантқа  да,  Фихтеге  де 
ортақ  сияқты.  Фихте,  бірақ,  бұл  мәселені  халықтың  әртүрлі 
топтарын өзара бірлестіру тұрғысынан қарастырып, жоғарғы 
ауқатты да, білімдар топтар мен қарапайым күнделікті өндіріс 
саласындағы  қалың бұқара арасындағы үйлесімдікке баса на-
зар  аударған.  Ол  үшін  Фихтенің  ойынша  өмірде  Христиан 
дінінің негізінде жатқан барлық адамдардың теңдігі идеясын 
іске  асыруға  ұмтылу  қажет.  Ол  үшін  тағыда  біреулерді  асыл 
текті,  ал  екіншілерді  төмен  санаудан  арылып,  әрбір  адамды, 
(әрбір  халықты  да)  адамзат  өкілі  деп  қарап,  солай  қатынас 

105
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
жасауға дағдылану қажет. Басқаша айтқанда Фихте сол кездегі 
Германияда  кешеуілдеп  қалған,  ал  Ұлыбритания,  Фран-
ция және т. б. елдерде орныққан азаматтық, демократиялық 
жүйеге мегзеп отыр. Ал «халық рухы» дегенге келетін болсақ, 
бұл  жөнінде    М.  Шоқайдың  көзқарасына  белгілі  дәрежеде 
ғана  ұқсайтын  идеяны  дамытқан  Г.В.Ф.  Гегель  болатын.                                                                
М. Шоқайдың Гегельдің философиясымен қаншалықты таныс 
болғандығы жөнінде бізде дерек жоқ. Бірақ Кант пен Фихтеге 
сілтеме жасауы және әл-Фарабидің көзқарастарына байланыс-
ты Ф.Ницшенің бір идеясына баға беруі, жоғарыда айтқандай, 
Гегель  шығармаларымен  де  таныс  болғандығына  біршама 
сенім тудырады. Оның үстіне аталмыш «ұлттық рух» туралы 
айтқандары  да  Гегель  идеясымен  мазмұны  жағынан  сарын-
дас. Бірақ, әрине, бұл айтқандарымыз М. Шоқай Гегельдің бұл 
жөніндегі ойларын түгелімен қабылдады дегенді білдірмейді. 
Гегельдің «халық рухы» идеясы Канттың, Фихтенің халықты 
іштей  тұтас  ететін  рухани  бірлік  туралы  ойларымен,  әрине, 
сабақтас. Солай бола тұра Гегель концепциясы тіпті басқаша. 
Ол  әлемдік  табиғатты  да,  адамдар  тарихын  тудыратын,  өзі 
үнемі  дамуда  болатын  абсолюттік  идея  деп  есептегендігі 
белгілі.  Абсолюттік  Идея  табиғатта  және  адамдар  тарихында 
өзін рух түрінде дамытады. Табиғаттағы әрбір формаға, адам-
дар және олардың әлеуметтік құрамалары Бүкілжалпы рухтың 
дамуындағы әртүрлі сатылары мен формаларының іске асқан 
түрлері,  олардың  сырттай  көріну  формалары.  Жеке  адамдар 
да, халықтар да солай. 
«Халықтық  рухта  табиғи  қажеттілік  бар  және  сол 
сыртқы  нақты  болмыс  аясында  оның  өзі  өздігіндегі  шексіз 
адамгершіліктің субстанциясы өзі өзі үшін оқшауланған және 
шектелген  әрі  оның  субъективтік  тарабы  кездейсоқтықпен 
тоғысқан, бейсаналық әдет-ғұрып және сыртқы табиғатқа және 
әлемге  қатынасындағы  уақыт  аясында  өмір  сүріп  отырған 
нақты  мазмұнын  саналау.  Бірақ  тап  осы  адамгершіліктің 
өзегінде халықтық рух ретінде өз мемлекеті мен оның өткінші 
мұқтаждықтарында,  заңдар  жүйесі  мен  әдет-ғұрыптарында 
бекіген ой кешетін рух өзінің осы шектелгендігінен арылтып, өз 
табиғатын негізгі белгілерінде танитын деңгейге дейін жеткізеді; 

106
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
бұл  тануда  да  бірақ  халық  рухының  іштей  шектелгендігінің 
табы бар» [27]. 
Бірақ Гегель үшін жоғарыда айтылған оның концепциясы 
бойынша  бәріне  жан  бітіретін,  шын  жаратушы  Әлемдік  рух 
болғандықтан адамдар, халықтар, ұлттар т.б. құрамалар соның 
белгілі  бір  мерзімге  ғана  өзіне  сондай  түр  беретін  формала-
ры ғана, оның өткінші бейнесі. Олай болса, шын мағынасында 
субъект сол Әлемдік рух, ал оның ар жағында Абсолюттік идея 
(Құдайдың  басқаша  атауы).  Осы  тұрғыдан  халық  Гегельдің 
түсінуінде Әлемдік рухтың бір өткінші кезеңі ғана. М. Шоқайдың 
ой жүйесінің өн бойында халықты, әсіресе ұлтты бір құдіретті 
күштің  өткінші  түс  алған  ғана  қалпы  деген  көзқарастың 
түбегейлі  түрде  жат  екенін  көреміз.  «Шығыс  рухы»  туралы 
айта келіп ол: «Біз, әрине, бұл арада «Шығыс рухы» дегеннің 
ғылыми,  философиялық  мағынасына  тоқталып  жатпаймыз. 
Біздің бүгінгі күресіміз үшін осы «Шығыс рухы» «ұлттық рухы-
мыз» болуын және біз қызметін атқарып, тілеуін тілеп жүрген 
халқымыздың  тұла  бойын  осы  шығыс  рухы  кернеп  тұрғанын 
білуіміз жеткілікті» – дейді ол [17, 177 б.]. Гегельдің абсолюттік 
идеализмінің  тұрғысына  аз  да  болса  жақын  бір  тұрғыдан 
ұлттарды соның ішінде өз ұлтын шексіз бір ұлы күштің бір сәт 
қана  болу  түрі  деп  тану  М.  Шоқайдың  бүкіл  өмірін,  күресін, 
іздеп жүрген мұраттарын алаңсыз, түкке тұрғысыз нәрсеге ай-
налдырып жіберген болар еді. М. Шоқай үшін бұл мүмкін емес 
тұрғы. Сондықтан «ұлттық рухы» ол үшін шексіз мәнін жой-
мас  құндылық.  Оның  мағынасының  не  екендігін  зерттеуді  ол 
өзіне мақсат етіп қойған жоқ және ондай мақсатты өз алдына 
қоя да алмас еді. Түркістан ұлтының отарлық бұғаудан толық 
құтылып, өз тағдырын өзі шешу жолында дербес мемлекетін 
құруы – оның өмірлік мұраты болды. Сондықтан да Гегельдік 
«халықтық рух» идеясы мен М. Шоқайдың «ұлттық рух» тура-
лы идеясының арасында белгілі бір сыртқы ортақ белгілері бо-
луына қарамастан мағына жағынан олар түбегейлі өзгешелікте.
Ұлттық тұтастық оны реальды дербес субъект ететін қасиет. 
Сондықтан  да  оның  өзін  өзі  билеуі,  өз  мақсаттарын  тек  өзі 
анықтауы туралы сөз бола алады. Оның түпкі философиялық 
мазмұнына бойлау күнделікті іс-әрекеттің қамымен жүргенде 

107
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
бола  бермейді.  Бірақ  ол  осы  дербестікке  ұмтылудың  ар 
жағында  жатқан  және  ұмтылыстың  өзін  тудырып  жататын 
күш.  М.  Шоқай  қандай  да  болмасын  тәуелсіздіктің  негізін 
құрайтын  сала  –  ол  әдебиет,  көркем  өнер  рухани  мәдениет 
екенін  үнемі алға тартып отырады.  «Яш Түркістанның» 1931 
жылғы  шыққан  20  санындағы  «Түркістан  әдебиеті  хақында 
француздар  не  айтады?»  деген  мақаласында  ол  Париждегі 
«Муа»  журналындағы  Түркістан  ақындарының  өлеңдеріне 
арналған  мақала  туралы  қуанышпен  жазады.  Оның  авторы 
сол  кездегі  Түркістан  ақындарына  жоғары  баға  берген  екен. 
«Париж  –  дүние  жүзі  мәдениетінің  орталығы  саналады»  [17, 
193  б.]  дей  отырып,  осының  өзі  мұндай  орталықта  еліміздің 
мәдениетіне берілген оң бағаның салмағын арттыра түседі деп 
жазады.  Және  ойларын  төмендегідей  жалпыфилософиялық 
деңгейдегі  ойлармен  бекіте  түскен.  «Ал,  рухани  мәдениетке 
келсек, – деп қорытындылайды ол, – ол мүлде басқа мәселе. Ру-
хани мәдениет халықты есейтетін және жетілдіретін нәрсе. Ру-
хани мәдениет үстем жауын табанда жұсатып тастамағанымен, 
дұшпандарын  мысымен  басып,  өзге  халықтардың  құрметіне 
ие  бола  алады»  [17,  193  б.].  Яғни,  ол  халықты  халық  ететін 
негізгі фактор. Саяси дербестік сол рухани, мәдени дербестікті 
аяқтайтын,  оны  ең  соңғы  баянды  ететін  процесс.  «Халқымыз 
жәй әшейінгі адамдардың жиынтығы емес, өзіне тән мәдениеті 
бар қауым екенін, сондай-ақ қазіргі жүріп жатқан талас-тарты-
стар тек «күн астынан бір жағырафиялық орын» алу үшін ғана 
емес, өз мәдениетін күллі әлемге, соның ішінде Еуропаға да та-
ныту екенін білуге тиіспіз. Біздің ең басты саяси міндетіміздің 
бірі міне, осындай» [17, 193 б.].  
Шынында  да  экономика  барлығын  анықтайды  дейтін 
көзқарастың  жаңсақ  екендігін  тарихтың  өзі  көрсетіп  отыр. 
Экономикалық  қатынастары  сипаты  жағынан  да,  деңгейі 
жағынан да біршама бірдей халықтардың рухани, мәдени си-
паттары  соншалықты  әртүрлі  келетіні  осыған  дәлел.  Мыса-
лы,  Еуропадағы  дамыған  елдер  экономикалық  қатынастары 
жағынан алғанда айырмашылықтары өте терең деуге келмейді. 
Ал  әлеуметтік  мәдени  сипаттары  олардың  кейбіреулерін 
аса  өзгеше  етіп  тұрады.  И.  Канттың  айтылған  ағылшындар 

108
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
мен  француздардың  мінез-құлықтарының  тіпті  қарама-
қарсы дейтіндей екендігін көреміз. Ал халықтық мінез-құлық 
оның  рухани  өмірімен  астасып,  сол  арқылы  көрініп  жатады.                                                                                                                            
М.  Шоқайдың  рухани  мәдениетті  сондай  анықтаушы  күш 
түрінде  көруінің  негізінде  осындай  ойлар  жатыр  деп  айтуға 
негіз  бар.  Өйткені  осы  сияқты  сарындар  оның  көптеген 
шығармаларында  белгілі  дәрежеде  көрініс  беріп  жатады. 
Халықтың,  әсіресе  оның,  ұлт  деңгейінде  дербес  мемлекетке 
айналуы М. Шоқайдың түсінуінде сол процесті аяқтайды, не-
месе бекітеді. Яғни, рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени 
дербестіктері халықтың кемелденуінің белгілері, ал саяси неме-
се мемлекеттік дербестік, тәуелсіздік сондай кемелденуді жері-
не жеткізеді әрі келешек дамуына жол ашады. Тек мемлекеттік 
дербестік  қана  халықтың  толық  мағынасындағы  дербестігі. 
Мұндай дербестік, әрине, басқа сондай халықтармен саналуан 
арақатынастардағы тәуелсіздік, халықаралық жүйелерде басқа 
сондай мемлекеттермен тең жағдайда іс-әрекет ету, соларға өз 
мүддесіне сай, тек өз шешімімен араласу. 
Ендеше ұлт болудың рухани негіздеріне жататын тағы бір 
нәрсе  –  ұлттық  мүдде  қалыптасқан  болуы  керек.  Бұл  туралы 
мәселеге – М. Шоқай көптеген мақалаларында соғып отырады. 
«1936 жыл» деп аталатын журналдың 74 санындағы проблема-
лық  мақаласында  ол  осы  туралы  аса  терең  мағыналы  ойлар 
түйген. Шет жұртта жүрген мұғажырлардың, күрескерлердің 
отанына  деген  сарқылмас  сүйіспеншілігі  туралы  айта  келіп 
ол  былай  дейді:  «Атамекенді  сүю  дегеніміз  –  өзіңнің  жеке 
басыңның  талаптарын  қанағаттандыру  немесе  белгілі  бір 
топтың, небір жеке адамның мүдделерін қорғау дегендік емес. 
Атамекенді сүю – оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жол-
да әрқашан қызмет етуге, керек болса жан пида қылуға дайын 
тұру болып табылады» [21, 6 б.]. 
Жалпы  ұлттық  мүдде,  ендеше,  белгілі  деңгейде  ұлттың 
барлық  мүшелеріне  тән  болуға  тиіс.  Яғни  олардың  бір 
ортақ  мүддесі.  Бірақ  әрбір  сондай  жанның  тікелей  алда 
тұрған, тікелей сезінетін нәрсесі болмауы да мүмкін. Тікелей 
практикалық  мүдделер  мен  мұқтаждықтар  жалпы  мүддені 
көлегейлеп кетсе, ол тасада қалып, біраз кісілердің жанында 

109
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
өшіп қалатыны да болады. Соңғы жағдайда олар ұлт мүшесі 
болудан  қалатыны  да  сөзсіз.  Олай  болса,  «Жалпы  ұлттық 
мүдде жеке топтар мүддесінің жиынтығынан тұрмайды» [21, 
6 б.]. Бұл онда ұлтқа кіретін жеке адамдардың мүдделерінің 
де  жәй  жиынтығы  бола  алмайды.  Ондай  жағдайда  жеке 
адамдардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән жеке мүддесіне 
ол жалпы мүдденің тіпті қайшы келетіні де болатыны ғажап 
емес.  Сондықтан  сондай  жалпы  мүддені  қорғау  жеке  адам-
дар мен топтардың наразылығын туғызуы да болып жатады. 
Жалпы мүддені қорғау, ол, әрине, – әділеттілік. «Кім әділ бол-
са,  ол  жеккөрінішті  де  болады»  деген  бір  француз  мақалы 
бар» [21, 6,7 б.] – деп жазады ол. – Мұндай қайшылықтарды 
пидагершілік  жолымен  ымыраластыруға  болады»  [21,  6 
б.].  Басқаша  айтқанда  бұндай  қайшылықты  шешу  жеке 
адамдардың,  топтардың  жеке  мүдделерінен  алаңсыз  бас 
тартпай-ақ, жалпы мүддені жоғары қоюдың жолдарын таба 
білуі қажет. Сонда ғана халық – ұлт болып ұйыса алады. 
М. Шоқай бүкіл Түркістан өлкесіндегі кейін жеке халықтар 
деп  қаралған  Қазақ,  өзбек,  қырғыз,  түрікмен  т.  б.  түрік-
тұқымдастарды,  тіпті  түріктерден  гөрі  иран  тектес  тәжік-
терді  де  қоса  бір  халық  деп  есептегені  мәлім.  Бұл  жөнінде 
оның ойынша аталған халықтар бір халыққа кіретін ұлыстар 
ғана. Бұл мәселеде оның көзқарастары және солардан туын-
дайтын ұстанымдары, мұраттары Ә. Бөкейханов пен басқа да 
Алаш көсемдерінің мұраттарынан өзгешелеу болды. Ол жал-
пы  Түркістан  түріктерінің  бірлігін,  олардың  тұтас  бір  ортақ 
дербестігін қолдаған еді. Әрине, Қазақ автономиясы идеясы-
на алаңсыз қарсы болған жоқ және оны жақтаушылардың да 
қатарында  болды.  Солай  бола  тұрса  да  ол  кейінгі  шет  елде 
жүргендегі күресі мен шығармашылығында осы мұраттардан 
айныған  жоқ.  Жоғарыда  айтылған  халық  және  ұлт  дегенді 
қалай  түсіну  керек  деген  ұғымның  нақты  бейнесі  ретінде 
біртұтас  Түркістан  халқының  бір  ұлт  болып  ұйысуы  жата-
ды.    «Түркістандық  зиялылар  саяси  қызметтері  негізделген 
екі  принципті  анықтады:  біріншісі  –  Түркістанның  ұлттық, 
материалдық,  рухани  күшін  күшейту;  екіншісі  –  орыс 
империализмін әлсіретіп, ыдырату тәсілі» [28].  

110
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Қазіргі  кезеңде  көп  айтылып  жүретін  адам  құқықтары 
идеясы  батыстық  философиялық  және  саяси  ойының  тарихи 
даму жемісі. Батыс қоғамдары үшін адам құқықтары мәселесі 
айрықша маңызға ие екендігі белгілі. Оның өзектілігі ол елдер-
де  демократиялық  тәртіптің  орнығуының  барысында  күшейе 
түсті.  Монархиялық,  олигархиялық  сипаттағы  құрылымдарды 
ұзақ  тартыстардың  нәтижесінде  күйретудің  нәтижесі  осы 
құндылықтарға  әкелді.  Осындай  өзгерістерді  бұрынғы  Кеңес 
одағының  ыдырауынан  кейін  пайда  болған  елдер,  солардың 
ішінде  Қазақстан  да  бастан  кешіруде.  Адамдар  құқығын 
қамтамасыз етуге байланысты ахуалдарды талдау сан алуан  пікір 
жарыстарын туғызуда. Оларда адам құқықтарының әлеуметтік-
саяси,  философиялық,  экономикалық  т.  т.  қырлары  туралы 
пікір  жарыстары  орын  алып  отыр.  Олардың  ішінде  өмірге 
құқықтылық ең басты, әрі алғашқы деп есептелінеді. Адам құ-
қықтарына байланысты әртүрлі елдердегі өзгеше ахуалдарды 
мәдениеттік, философиялық тұрғылардан түсіндіру әрекеттері 
де болды. Ондай байыптаулар статистикалық талдау жолымен 
де болып жатады. «ХІХ ғ. аяғы мен ХХ-ғ. басындағы Қазақстанда 
құрылған демократиялық идеялар азаматтық қоғамды түсінуде 
жаңа бағытты ұстанды», – деп жазады А. Қасабеков [29]. 
Адам  құқықтарының  қазіргі  замандағы  мағынасы  жаһан-
дану  үдерісіне  тартылған  елдер  арасындағы  келісімдермен 
айқындалған.  Мысалы,  қазірде  адам  құқықтары  жөнінде 
айтқанда  Біріккен  Ұлттар  ұйымының  адам  құқықтарына  ар-
налған  Бүкілжалпы  декларациясына  және  соны  нақтылай-
тын  құжаттарға  иек  артамыз.  Оларда  азаматтық,  саяси  және 
әлеуметтік-экономикалық құқықтар қамтылған. Оларға ең ал-
дымен өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа деген құқықтар 
айтылған. Кейінірек бұларға саяси құқықтар, яғни қоғам өмі-
ріне қатысуға және өзін-өзі анықтау билігіне құқық қосылды. 
Батыс елдерінде демократиялық тәртіптердің негізіне саяси құ-
қықтар алынды. Оларға кіретіндері экономикалық құқықтар – 
тіршілік ету құралдарын иемденуге, денсаулыққа, білім алуға 
деген құқықтар кірді. 
Жеке  адамның  қоғамдық  өмірге  араласуы  демократия 
дегеніміз не деген сауалға әкеп тірейді. Ертедегі Грецияда ол, 

111
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
халық  билігі  дегенді  білдіретін.  Басқаша  айтқанда  халықтың 
өзін-өзі  басқаруы.  Сол  кездің  өзінде  де  демократиялық  әлеу-
меттік  жүйенің  экономиканың,  яғни  халықтың  әл-ауқаттық 
жағдайының жақсаруына тиімді ықпал жасайтыны байқалған. 
Басқаша  айтқанда  әркімнің  өз  шаруашылығын  жүргізудегі 
еркіндігі әлдеқайда оң нәтижелер бергендігі көрінген. Қазіргі 
кезде  де  ол  солай.  Жеке  адамдардың  дербестігіне  неғұрлым 
кең өріс ашылған елдерде халықтың материалдық жағдайы да 
белгілі кезеңнен кейін жақсара түседі. Оған көптеген мысалдар 
келтіруге болар еді. 
Алайда  эмпирикалық  деректер  осыны  көрсетсе  де  себеп-
тіліктің  түпкі  тамырларын  ашу  ғана  оны  толық  түсінуге 
мүмкіндік  беретіні  сөзсіз.  М.  Шоқай  Түркияда  жүргізілген 
Ататүріктің  реформаларына  талдау  жасағанда  осы  жағдайды 
баса көрсетіп отырған. Түркияның артта қалуына себеп болып 
отырған  ескі  азиялық  тәртіптерден  бас  тарту  ғана  дамудың 
барлық бағыттарына жол ашар еді дейді ол. Ататүрік өз халқы 
үшін  таңдап  алған  еуропалық  демократия  М.  Шоқайдың 
түсінуінше Түркияны басқа елдерден тәуелділіктен құтқаратын 
бірден-бір  жол  болып  шықты.  Оның  ойынша  келешек 
Түркістанда да осы іспеттес өзгерістер болуы тиіс. 
Басқаша  айтқанда  Түрік  халқының  дүниеге  жалпы 
қатынасы өзгерді. Бұл барлық халықтардың тарихында әр за-
манда  болып  келген  жағдайлар.  Бір  этносқа,  халыққа  жата-
тын  адамдар  басқа  тарихи  кезеңдерде  ең  алдымен  өздерінің 
өмірлік тұрғылары өзгеріп, соның нәтижесінде дүниеге басқа 
тұрпаттағы қатынасқа көшіп жатады. 
Бірақ  неліктен  соншалықты  күрделі  өзгерістердің  ең  ал-
дымен  адамдардың  өздерінен  басталатынын  түсіну  үшін 
адамның  өзі  қандай  құбылыс  деген  сұраққа  жауап  іздеу  ке-
рек.  Адамдардың  құқықтарының  неден  шығатыны  тек  сон-
да  ғана  түсінікті  бола  алады  деп  ойлаймыз.  Олай  дейтініміз, 
әрбір жеке адамды және солардың барлығын бірге әлеуметтік-
тарихи  дүниенің  бірден-бір  бастауы  деп  қарағанда  ғана 
адамдар  құқығының  мағынасы  айқын  бола  алады.  Ал  егер, 
керісінше,  адамдар  бір  сыртқы  жағдайлардың,  себептердің,                                        
т.  б.  бір  құдіретті  күштердің  нәтижесі,  салдары  деп  түсінсек, 

112
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
онда  олардың  құқығы  және  міндеттері  туралы  сөз  болуы 
мүмкін  емес.  Адам  құқықтары  мәселесі  алға  шығу  үшін  он-
дай  қоғамда  әлеуметтік  қатынастардың  түп  қазығын  оның 
өзі құрауы тиіс. Құқық идеясының тереңдегі мазмұны – адам 
өзінің  түпкі  табиғаты  мен  мәнінің  ең  негізгі  талпыныстарын 
іске асыруы қажет екендігін түсінуде жатыр. Әрбір жан адам 
ретінде, яғни өз болмысын өзі түзейтін субъект, өз болмысын 
жаратушы ретінде іс жүзінде көріне алу үшін не істеу  қажет – 
солар негізінде оның құқықтары деп танылады. 
Өзін  өзі  ғана  анықтауға  мүмкіндігінің  болуы  –  әрбір 
жеке  тұлғаның  бастапқы  тұғыры.  Адамның  хайуанаттардан 
өзгешелігі – оның дүниеде болу тәсілі, өмірлік өзіндік жолы 
оған  туа  бітті  берілмеген.  Бүкіл  биологиялық  эволюцияның 
барысында  пайда  болған  алғашқы  адамдардың  өзі  хайуа-
наттардағыдай  қорланған  тәжірибені  өз  организмінде  гене-
тикалық  механизм  арқылы  сақтау  мүмкіндігінен  айрылған. 
Яғни  адамның  тіршіліктік  ету  тәсілі  алдын  ала  берілмеген. 
Сондықтан да ол өзінің өмір кешу жолын өзі таңдауы, өзі жа-
сауы қажет. Әрбір өмірге келген адам осындай дилемманың 
алдында тұр: белгілі бір жолды таңдау немесе ондай таңдаудан 
тайқу. 
Өзінің «Экзистенциализм, ол – гуманизм» деген еңбегінде 
Ж.П.  Сартр  адамдардың  тіршілік  етуі  олардың  мәнділігінен 
бұрын  [30]  болады  дегенді  айтқан.  Оның  мәнісі,  мысалы 
біреу  өмірінде  бір  партияға  кіреді,  белгілі  бір  мамандықты 
таңдайды,  үйленіп  отбасын  құрайды.  Мұның  барлығы  оның 
адамдық  мәнділігінің  (сущности)  қырлары.  Бірақ  осы  сияқты 
мәнділіктерге  ие  болмас  бұрын  ол  жәй  тірі  организм  болып 
тіршілік  етуі  керек,  өсу,  қалыптасу  керек.  Ендеше,  адам  өз 
мәнділігін  өзі  жасау  керек  екен.  Ал  хайуанаттардың  тіршілік 
ету тәсілі оның мәнін құрайды, олай болса, олардың мәні о бас-
тан бар және оны өздері жасамаған. Хайуанаттарға, яғни, өзін 
тек өзінің анықтауы тән емес. Ол тек адамға тән қасиет дедік. 
Оның мәнісі неде? 
Ол  әр  ересек  адам  өзінің  кім,  қандай  және  қалай  бола-
тындығын тек өзінің шеше алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Бұл 
ойды  белгілі  дәрежеде  байыпты  түрде  дамытып,  негіздеуге 

113
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
тырысқан неміс философы И. Кант еді. Адамды түптеп келген-
де одан сыртқы себептер қаншалық ықпал етсе де кім болғысы 
келетінін  оның  өзі  анықтайтын  болса,  онда  ол  басқа  барлық 
заттардан  өзгеше  себеп-салдар  қатынастарынан  тыс  тұр  деп 
айтуға болады. И. Канттың сөзімен айтсақ, адам өзіне-өзі заң 
беріп,  соны  қатаң  ұстана  алатын  бірден-бір  жан.  «Ырықтың 
еркіндігі автономия болудан, яғни өзі өзіне заң болудан басқа 
не  болушы  еді?»  [10,  200  б.].  Мысалы,  практикалық  өмірінде 
оның моральдық заңдары. Оларды адамдар табиғаттан тауып, 
иемденген емес. Табиғатта ондай заңдар жоқ. Олар адамдардың 
өздері құрып, өмірге енгізген төл тумалары. Адамды сыртқы 
себептердің ықпалын басынан кешірді деп айтуға болады және 
ол шынында солай болады да, бірақ сол ықпалды ол қабылдай 
ма немесе оған қарсы әрекет ете ме, оның түпкі шешімі оның 
өз еркінде. Тіпті сондай шешімнің өзі, саналы немесе бейсана-
лы түрде болса да, адамның өз мақсаттары мен еркінің аясында 
өтетіндігі осыны көрсетеді. Ал хайуанаттардың белгілі бір түрі 
үшін оның осы түрге тән  тіршілік ету жолы тән бітімінің өзінде 
беріліп  қойылған.  Ол  жолдан  ол  алаңсыз  бас  тартуы,  басқа 
жолға ауысуы мүмкін емес. 
Бұдан  адамның  өмірдегі  бірден-бір  болу  жолы  еркіндік 
екендігі,  ол  адамның  дүниеге  және  өзіне  қатынасының  негізі 
екендігі туралы түйін шығады. Ендеше ол өз болмысының, іс-
әрекеті мен еркінің әрі себебі, әрі нәтижесі. 
М. Шоқайдың түсінуі бойынша да еркіндік адамның түпкі 
табиғаты. Ерте ме, кеш пе, ол көрінбей қалмайды. Бұл И. Кант 
идеяларымен  үндес.  М.  Шоқайдың  басқа  мақалаларында  да 
батыс ойшылдарының әлеуметтік-саяси көзқарастары туралы 
айтқандарын білеміз. 
Адам құқықтары мен міндеттері туралы идея осы еркіндік-
тің адам болмысының түп қазығы екендігінен туындайды. Оның 
мазмұны  айқын.  Әйтпесе,  өзінің  әрбір  іс-әрекетіне  тек  өзі  ие 
болмаған жағдайда ондай мақлұққа қандай талаптар қоюға бо-
лар еді? Егер ол өзінің әрбір қадамының, қылығының, әрекетінің, 
тіпті өз пиғылы мен мақсаттарының жалғыз авторы, субъектісі өзі 
болмаса, олардың бәрі бір сыртқы күштің ықпалының нәтижесі 
болса, онда ол адамға қандай жауапкершілік артуға болар еді. 

114
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Адам  сыртқы  жағдайлардың  салдары  болса,  ол  субъ-
ект  емес,  ол  тек  басқа  бірдеңенің  нәтижесі.  Ондай  мақлұқта 
ешқандай  құқық  та,  ешқандай  міндет  те  бола  алмайды, 
жауапкершілік те жоқ. 
Мұны философиялық-логикалық талдау негізінде болмаса 
да әрбір қарапайым адам біледі. Сондықтан да олар дені сау 
деп есептелетін әрбір қауым мүшесіне сондай талаптар қойып 
жатады.  Тек  ақыл-есінен  айрылып,  өзін  субъект  деңгейінде 
көрсете  алмайтындарға  ғана  ондай  жауапкершіліктер  артыл-
майды. 
М.  Шоқайдың  жоғарыда  айтылған  ойы  да  осындай 
мазмұнға құрылған. Өйткені қалыптағы жағдайда өз тағдырын 
тек  өзі  анықтау,  өз  билігі  өзінде  болуға  ұмтылмайтын  адам 
да,  халық  та,  ұлт  та  бола  алмайды.  Тіпті  құлдықтың  өзін 
де  адамдар  кейде  өздері  таңдап  алады,  егер  ол  құлдық 
тоқтық пен тыныштықтың кепілі бола алса. Осы фактінің өзі 
құлдық деп атайтынымыздың өзі еркіндіктің басқа бір қалпы 
екендігінің  белгісі,  өйткені  оны  да  еркіндік  арқылы  түсінуге 
болады.  Құл  болу  да  адамның  өзінің  шешімі.  Сондықтан  да 
құқықтар да және олармен байланыста қаралатын міндеттер 
де  адамдардың  хайуанаттарда  жоқ  ерекше  табиғатынан  ту-
ындайды,  оның  ерекше  табиғатының  (особой  сущности) 
ажырамас  қасиеттері.  Құқықтар  мен  міндеттерді  бір-бірінен 
тек  формальдық  жағынан  ғана  ажыратуға  болады,  мысалы, 
заңдарда. Түпкі мазмұнында олар тек бір нәрсенің әртүрлі түс 
алатын  көріністері  ғана.  Адамның  әрбір  құқығы  әрі  оның  өз 
алдындағы, басқалар алдындағы міндеті де. 
М. Шоқай, мысалы, өз халқының тәуелсіздігі үшін күресті 
өз  құқығы  да,  міндеті  де  деп  қараған.  Ол  үшін  олардың 
айырмашылығы  жоқ.  Бірақ  басқа  біреулер  үшін  ол  күрес 
көбінесе  міндет  түрінде  көрінуі  мүмкін.  «Яш  Түркістан» 
журналының  алғашқы  нөміріндегі  «Біздің  жол»  деп 
аталған  бас  мақаласында  ол:  «Егер  біз  халқымыздың  ұлттық 
тәуелсіздігі жолындағы талаптарының мән-мағынасын бұзбай, 
күшін  әлсіретпей,  «Жас  Түркістан»  беттерінде  көтере  алсақ, 
онда  бәріміз  үшін  қасиетті  және  аса  ауыр  жауапкершілік 
артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік» [21, 32 б.], 

115
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
дейді. Бұл әрине, М. Шоқай сияқты елінің ең биік те, жалпы 
мақсаттарын  өз  мақсаттарына  айналдырған,  бүкілжалпы, 
қоғамдық  пиғылдарды  өзінің  жеке  өмірінің  пиғылы  ете 
білген  адамдарға  ғана  тән.  Бірақ,  сонымен  бірге  қоғамның 
ішкі  құрылымы  күрделіленіп,  ол  әртүрлі  мақсаттары  мен 
мүдделері  бар  жеке  топтар  мен  жіктерге  бөлініп  жататыны 
белгілі.  Мұндайда  жалпылық  пен  жекеліктің  арасы  біршама 
алыстап, ол кейде қарама-қарсы алшақтыққа дейін ұласатыны 
да  болады.  Алғашқы  қарапайым  қауымдастықтарда  жалпы 
мүдде  әрі  әрбір  оның  –  жеке  мүшесінің  тікелей  мүддесі  бо-
лып тұрса, яғни, жалпылық пен жекелік әлі белгілі тұтастықта 
болған болса, кейінгі күрделі дамыған қоғамдарда әрбір жеке 
адамның  пиғылы  мен  мүддесі  әлдеқайда  дербестікке  ие.  Тап 
осы соңғы жағдайда жеке адамдардың жеке, дербес мүдделері 
жекеліктің  құқықтарын  алға  тарта  бастайды.  Жекелік  пен 
жалпылықтың  арақатынасы,  олардың  қаншалықты  үйлесе 
алатындығы туралы мәселе бұрын болмаған өткірлік деңгейде 
туындайды.  Яғни,  басқаша  айтқанда  әрбір  қоғам  мүшесінің 
өзіндік белгілі бір  өзгешелігіне құқығы бар. «Жалпы ұлттық 
мүдде, – деп жазды М. Шоқай «Яш Түркістан» журналының 
74  санындағы  «1936  жыл»  деген  мақаласында,  –  жеке  топтар 
мүддесінің жиынтығынан тұрмайды. Мұны қарапайым мысал-
дармен дәлелдеп көрейік. Шаруа, тауар, сауда мүдделерін же-
ке-жеке алғанда олар ылғи да бір-біріне сәйкес келе бермейді. 
Тіпті олардың бір-біріне қарсы келіп қалатын кездері де бола-
ды. Шаруа өз қожалығының өнімін көтеріңкі бағамен сатып, 
тұрмыстық  және  өндірістік  тауарларды  төменірек  бағамен 
алғысы  келеді.  Ал  өз  тауарларын  көтеріңкі  бағамен  сатып, 
тауарлардың  өнімдерін  арзан  бағамен  алғысы  келетін  тауар 
өндірушілердің де ұмтылысы табиғи оңды құбылыс. Осы бір-
біріне қарсы мүдделерді қайтып жалпы бір мүдде тұрғысынан 
үйлестіруге  болады?  Жауап  өте  қарапайым.  Мұндай 
қайшылықтарды пидагершілік жолымен ымыраластыруға бо-
лады» [21, 32 б.]. «Атамекенді сүю, – дейді ол осы мақаласында 
– оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет 
етуге керек болса жан пида қылуға дайын тұру болып табы-
лады»  [21,  6  б.].  Яғни,  М.  Шоқай  жалпы  ұлттың  тәуелсіздік 

116
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
мүддесін  оның  жеке  топтарының  да,  жеке  мүшелерінің  де 
мүдделерінен  жоғары  қояды.  Ұлттың  жалпы  мүддесі,  оның 
тұтастай  тәуелсіздікке  деген  мүддесі  барлық  оның  жеке  топ-
тарына,  мүшелеріне  тән,  ортақ.  Жекеліктің  құқықтары  жал-
пы ұлттық құқық қамтамасыз етілгенде ғана орындала алады, 
басқаша болуы мүмкін емес. 
М. Шоқай, әрине, жеке адамның жеке құқықтарын мақрұм 
етуді  қолдаған  емес.  Демократиялық  елдердің  тәжірибе  ая-
сында ұзақ уақыт өмір кеше отырып, саяси күресіне мүмкіндік 
алған  оның  жариялымдарында  әсіресе,  Франция,  Поль-
ша  елдеріне  деген  ризашылығын  білдірген  тұстары  көп. 
Жеке  адамдардың  жаңа  құқықтары  оның  түсінуінде  жалпы 
ұлттық,  тіпті  жалпыадамзаттың  құқықтарының  толық  баян-
ды  болуының  шарты.  Тек  осы  соңғылар  бүкілжалпы  құқық-
тарды, құндылықтарды бұзу деңгейіне жеткенде ғана өзінің де 
құқықтық негізін жояды. 
Ұлттардың  өзін-өзі  билеу  құқығы,  оның  тәуелсіздік  үшін 
күресі  М.  Шоқайдың  түсінуінде  өз  елінде  демократиялық 
жүйе  орнату  үшін  күрес  болып  табылады.  Өйткені  ұлттық 
тәуелсіздікке  құқысы  –  демократиялық  құндылықтардың  ке-
шенді  шарттарының  бірі.  Ұлттық  дербестікке  қол  жеткізген 
жағдайда  Ресейге  отарлыққа  түскенге  дейінгі  қоғамдық 
жүйеге  қайтып  оралуды  М.  Шоқай  да,  алаштың  басқа  жол 
басшылары  да  армандаған  жоқ.  Сондықтан  Ә.  Бөкейхановты 
да,  М.  Шоқайды  да  бұрынғы  хандықты  көкседі  деген  боль-
шевиктердің  жазғандарының  өрескіл  жала  екендігін  нақты 
дәлелдермен  әшкерелеп  отырды.  Большевиктік  отаршылдық 
билеу  формаларын  сынай  отырып,  ол  Түркістан  ұлттық  қоз-
ғалысында,  тіпті  Түркістан  ұлттық  бірлігі  (ТҰБ)  ұйымының 
жеке бір мүшелерінің өз халқының келешегін Бұқара хандығы 
түрінде  көргендері  де  болғандығын  айтады.  Кейбір  қозғалыс 
мүшелері  оның  одақтастарын,  Ресей  отарлығына  қарсы 
күресті  тек  діни  тұрғыда  бірігуден  іздегендері  де  болды.                                                
М. Шоқай осындай бағыттардың қозғалысты тығырыққа әкеп 
тірейтінін білді және ондай көзқарастардың қауіптілігін үнемі 
өз жарияланымдарында түсіндіріп отырған. Өйткені 1918–1920 
жылдары Бұхара әмірінің өз билігін сақтау үшін одақтастықты 

117
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
тіпті  Ресей  монархиясынан  іздегендігі  де  белгілі  еді.  Яғни, 
ол  қандай  да  болмасын  хандық,  монархиялық  билік  ұлттың 
тәуелсіздігін  сақтай  алмайды  деп  есептейтін.  Тоталитарлық 
пиғылдағы  билеушіге  ұлттық  тәуелсіздік  емес,  өзінің  билігі 
қымбат, сол үшін ол өз ұлтының мүддесін сатып кете береді. 
Ұлттың  өзін-өзі  билеу  құқығы  мен  авторитарлық  билеушінің 
мүддесі бір-біріне сиыспайтын жат нәрселер екенін ол жақсы 
білді.  Олай  болса  жалпы  ұлттық  құқық  салтанат  құру  үшін 
демократиялық жүйеден басқа жол жоқ. Ал бұл соңғы нәрсе 
әрбір азаматтың адамдық құқықтары жүйелі түрде іске асып 
отырған елде ғана толық баянды және берік бола алады.  
Ұлттық  тәуелсіздік  және  демократиялық  бостандықтар 
туралы большевик көсемдері В. И. Лениннің, И. В. Сталиннің 
көзқарастарын  М.  Шоқай  үнемі  жіті  барлап,  талдап  отыр-
ды.  1936  жылы  қабылданған  Кеңес  конституциясы  жоба-
сына  жасаған  талдауында  ол  Лениннің  көзқарасы  мен  осы 
документтегі  айтылған  Сталин  тұжырымының  қайшылығын 
атап  көрсеткен.  «Яш  Түркістанның»  80-81  нөмірлеріндегі 
«Кеңестің  негізгі  заңы»  деген  мақаласында:  «Парламент 
таралғаннан  кейін,  шақырылған  кеңестердің  3-конферен-
циясында  Ленин:  «Буржуазиялық  демократия  мемлекет 
формаларының  бір  түрі.  Социализмнің  барлық  сатқындары 
соның  соңынан  ілеседі.  Төңкеріс  буржуазиялық  құрылыс 
шеңберінен шықпаған кезде біз демократия жағында болдық. 
Тек  төңкеріс  барысында  социализмнің  алғашқы  ұшқындары 
көріне  бастаған  шақта,  біз  пролетариат  диктатурасы  жолына 
түстік.  Бұдан  былай  осы  жолда  берік  тұратын  боламыз»,  [21, 
41 б.]  – деген еді. Ал енді жаңа Конституцияның жобасында 
М. Шоқай «...пролетариат диктатурасының орнына «демокра-
тияны»  қойып,  «демократияланып  жатқан  Кеңестер  Одағы 
шын  мәнінде  жалпы  халықтық  мемлекетке  айналғанын»  ай-
тып тауыса алмай жүр» [21, 42 б.] деп жазды. Ал кеңес адам-
дарына  берілген  бостандықтар  «оларға  тек  социалистік 
құрылысты  нығайту»  үшін  ғана  берілген.  Басқаша  айтқанда, 
социалистік  құрылыс  хақында  большевизм  бағдарламасында 
жазылғандардан ауытқып пікір айтуға тыйым салынған», [21, 
43 б.] – дейді ол. Азаматтардың билікке тікелей ықпалын өткізе 

118
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
алатын  және  сол  билікті  өздері  тікелей  түзетін  процесс  сай-
лау екендігі М. Шоқай үшін ешбір шүбә туғызбайтын ақиқат. 
Бірақ  осы  қарапайым  қағиданың  Кеңестер  Одағында  қалай 
бұрмаланатыны жөнінде әр кезде жазып отырды. 1938 жылы 
Кеңестер  Одағы  Жоғарғы  Кеңесіне  өткен  сайлау  жөнінде  ол 
«Яш Түркістанның» 98 нөмірінде: «Сайлау науқаны дегенімізде, 
әдетте  сайланушы  кандидаттардың  еркін  ұсынылуы  және 
сайлаушылардың  өз  дауыстарын  қалаған  кандидатқа  еркін 
түрде  беруі  көзде  ұсталады.  Сондай-ақ  нағыз  демократия-
лы  науқан  үгіт-насихат  еркіндігін,  сайлаушыларға  өздеріне 
ұнамаған  кандидаттарды  тізімнен  шығарып  тастау  еркіндігін 
де қамтамасыз етеді. Кеңестік Ресейдің сайлауында мұның бірі 
де болған жоқ» [21, 155 б.] – деп көрсетеді. Яғни азаматтың ең 
негізгі  құқықтары  аяқ  асты  етілгені,  әрі  ұлттық  республика-
лардан  сайланған  депутаттардың  үштен  бірі,  ал  кейбіреуінде 
жартысына дейін орталық органдардың ұсынуымен басқа ұлт 
өкілдері  сайланған.  Сайлау  барысында  сайлаушыларға  сан 
түрлі қысымшылықтар көрсетілгені айтылады.
Демократияны тек буржуазиялық мемлекеттің бір форма-
сы  деп,  оны  пролетариат  диктатурасына  Лениннің  ашықтан 
ашық  қарсы  қоюы  18  жыл  биліктің  басында  отырған  боль-
шевик  көсемдеріне,  әсіресе  Сталинге  өз  биліктерін  халыққа 
қарсы, жау жүйе екендігін айғақтайтын, қауіпті қағида болып 
көрінуі ықтимал. Шын мәнісінде бұл жүйе М. Шоқайдың ай-
туынша тіпті пролетариат диктатурасы да емес, коммунистік 
партияның,  одан  да  дәлірек  айтқанда,  партияның  жоғарғы 
органдарының  диктатурасы  еді.  Іс  жүзінде  билікте  ұзақ 
отырған  большевиктер  өздерінің  халық  билігінің  нағыз  жау-
лары екендігін бүркемелеуге мәжбүр болды. Демократияның  
тонын жамылу да осыдан туындаған.      
Келешек  тәуелсіз  Түркістанда  болуы  мүмкін  қоғамдық 
және  мемлекеттік  түзілім  туралы  М.  Шоқайдың  жариялым-
дарындағы  ойлары  көп  емес.  Бұл,  бірақ,  біріншіден  тікелей 
мемлекеттік  басқарудың  құрылымы  қандай  болғаны  дұрыс 
деген  концепциялық  деңгейде  алғанда  солай.  Ал  жалпы 
тәуелсіздік  үшін  күреске  араласа  бастаған  Петербургтағы 
кезеңдерінен бастап бұл жөніндегі ұлы күрескердің көзқарасы 

119
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
толық айқын болды деп айтуға болады. Екіншіден, Түркістан 
келешекте тәуелсіздік ала алған жағдайда ондағы жеке ұлыстар 
(қазақтар,  өзбектер,  қырғыздар,  түркімендер  т.  б.)  тұтас  бір 
унитарлық құрылым болғаны дұрыс па, әлде федерация, кон-
федерация түрінде болғаны жөн бе деген мәселе бойынша кесіп 
айта бермегендей. Ол, әрине, түсінікті де. Бұл, әсіресе, соңғысы 
ол кезде тікелей шешілуін күтіп тұрған мәселе емес еді. 
Ақпан төңкерісі қарсаңындағы әртүрлі саяси қозғалыстар-
ға араласып, патшалық жүйеге қарсы әртүрлі партиялардың 
жоспарымен таныс болуы, Алаш көсемдерімен тығыз байла-
ныста қарым-қатынастары, мемлекеттік Думаның мұсылман 
бюросында Ә. Бөкейхановтың ұсынуымен хатшылық қызмет 
атқарғаны, батыстың ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы демократиялық 
ойымен кең түрде танысып жүруі т. т. жағдайлар бұл бағыттағы 
саяси-әлеуметтік тұрғысын бекітті. Сол бағыттағылар бір кез-
де өздерін «вольтершілдерміз» дейтін еді дейді ол кейінгі бір 
еске түсірулерінде. 
Яғни,  Алаш  көсемдері  де,  солардың  ішінде  М.  Шоқай  да 
ұлтының  келешектегі  тәуелсіздікке  жетуінің,  жеткен  күндегі 
оны бекітіп іске асырудың бірден-бір жолы деп демократияны 
таңдағаны белгілі. Бұл ешбір шүбә туғызбайтын факт. Өйткені, 
бұрын  да  жазып  жүргеніміздей,  патшалық  монархиялық 
биліктің шеңберінде ұлттық құқықтардың ешқайсысы да іске 
аса  алмайтынын  олар  жақсы  білетін.  Сондықтан  төңкерістің 
нәтижесінде  Ресейде  демократиялық  қоғамдық  тәртіп  орна-
ғанда  ғана  тәуелді  халықтар  оған  автономия  түрінде  кіру 
керектігі туралы тұрғы осыдан шығады. Бұл көзқарасын олар 
Алаш  партиясының  бағдарламасында  анық  көрсетті,  онда 
демократиялық  федеративтік  Ресейдің  мемлекеттік  басқару 
формасы парламенттік республика болу керек делінген. Бағдар-
ламаны  қабылдаған  құрылтайдың  жұмысына  М.  Шоқайдың 
белсенді қатысқаны белгілі. 
Бұдан  көретініміз:  алаш  партиясы  өз  бағдарламасында 
Ресей  үшін  мемлекеттік  басқарудың  ең  демократиялық,  кең 
көлемдегі еркіндік бере алатын формасын қалайтындықтарын 
көрсетті. Яғни, олар парламент депутаттарын  сайлаудан бөлек 
президентті  сайлауды  онша  қаламаған.  Өйткені  сайланған 

120
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
халық өкілдерінен бөлек президентті сайлау, оны парламент-
тен  тәуелсіз,  ал  кейде  тіпті  одан  жоғарырақ  өкілетті  етуге 
жол ашуы мүмкін. Ал ондай жол өз тарапында президенттің 
жеке  билігіне  алып  баруға  оңтайлы  форма.  Патша  кезіндегі 
жеке биліктің зардабын жақсы білетін ұлттық дана басшыла-
ры  осындай  қауіпті  алдын  ала  көре  білген  деуге  болады.  Ал 
парламенттік  республика  ондай  қауіптің  жолдарын  жабуға 
тиіс болатын. 
Бұл тұрғыда Алаш қозғалысы көсемдері белгілі мағынада 
орыс төңкерісшіл демократтарынан да ілгері кеткен деуге толық 
негіз  бар.  Оны  орыс  демократтарының,  солардың  ішіндегі 
ең  белгілілері  –  А.Ф.  Керенский  мен  П.А.  Милюковтардың 
саяси  эволюциясы,  саяси  іс-әрекеттері  көрсетті.  Олардың 
көпшілігі орыс емес ұлттардың Ресей империясынан бөлініп, 
дербес  мемлекет  құруына  қарсы  шыққандары  белгілі.  Ал 
бұл  демократиялық  дүниетанымның  түпқазықтарының  бірі. 
Және Ресейдің орыс емес халықтарының аумақтық автономия 
деңгейінде болу құқығын Уақытша үкімет, оның кейін басшысы 
болған Керенский де кезінде мойындаған болатын. Бірақ шет 
елде эмиграцияда жүрген жылдары осы қайраткер ғана емес, 
тіпті оңшыл, солшыл социалистер де біртұтас, бөлінбейтін Ре-
сей империясы пиғылына ойысып кетті. Қысқасы орыс демо-
краттары  шынайы  демократиялық  тұрғыдан  белгілі  кезеңде 
кері шегініп, жарты жолда қалып қойды. Ал түпкі мағынасында 
Ресей  империясындағы  орыс  емес  халықтардың  ұлттық 
дербестігін  мансұқ  ету  жалпы  демократиялық  әлеуметтік 
тұрғыға теріс айналу еді. 
Түркістан  халқының  келешегін,  оның  бодандықтан 
құтылуының мемлекеттік, қоғамдық формаларын басқа жол-
дан  көргендер  де  болғаны  мәлім.  Мұны  әсіресе  «Шуро-и-
Улема»  тобы  мен  «Шуро-и-Исламия»  ұйымдарының  бағыт-
бағдарының  айырмашылығынан-ақ  көруге  болады.  Шуро-и-
улема»  бағытының  өкілдері  Түркістан  халқының  келешегін 
Шариғат заңдарына негізделген қоғамдық жүйеден көрген еді. 
Егер осы талап қабылданса, олар Ресейдегі бұрынғы әлеуметтік, 
тіпті  большевиктік  жүйеге  де  мойынұсынуға  даяр  екендігін 
көрсеткен. 

121
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
М.  Шоқай  мен  оның  жақтастарының  осындай  көңіл-
күйдегі  топтармен  түсіністікке  жол  табу  үшін  қаншалықты 
күш  жұмсауға  тура  келгендігі  оның  «Естеліктерінде..» 
айтылған.  «Біздер,  керек  десеңіз,  материалистер,  өзімізше 
«Вольтершілдер»  болдық.  Біз  алдыңғы  қатарға  саяси  азаттық 
пен  әлеуметтік  шындық  мәселелерін  қойдық.  Халықтың  діни 
сеніміне аса зор құрметпен қарай отырып, біздер Шариғатты 
ұлтты  азат  ету  құралы  деп  есептемедік»,  –  деп  жазды  ол 
[17].  Революцияның  нәтижесінде  Ресейде  федеративтік 
парламенттік республика орнауы тиіс дейтін идеяға М.Шоқай 
мен  оның  жақтастары  соңғы  сәтке  дейін  адалдық  танытты. 
Олардың ұлттық тәуелсіздікке деген барлық мұраттары соған 
байланысты еді. Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің 
ұйымдастыруымен өткен Құрылтай жиналысына, яғни Ресей-
де тұңғыш бостандық жағдайында өткен парламент сайлауын-
да Түркістан өлкесінен 33 кісі сайланған болатын. 
Келешек Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы (парламент) 
Ресейді  федеративтік республикалар одағы  деп  жариялайты-
нына сенді. Түркістан сол құраманың бір бөлігі, яғни, аумақтық 
автономиялық  тең  құқықты  республикалардың  бірі  болады 
деп есептелген. Уақытша үкімет басшылары да солай болады 
деп есептеген. Бірақ, Құрылтай жиналысы өзінің тұңғыш оты-
рысына  большевиктер  басқарған  Кеңес  үкіметі  орнағаннан 
бір айдан астам уақыт кейін (1.02.1918) жинала алды. «Тағдыр 
бізге құрылтай жиналысына баруды бұйыртпады, – деп жаз-
ды  М.  Шоқай.  1918  жылғы  қаңтарда  кеңес  өкіметі  дәуірінде 
өткен құрылтай жиналысының ашылуына біз бармадық, еліміз 
Түркістанда  қалдық.  Құрылтай  жиналысы  өзінің  мәжілісінде 
Ресейдің  республикалар  федерациясы  болғаны  туралы  ғана 
заң  шығара  алды.  6  қаңтар  күні  таңертең  большевиктер  оны 
таратып жіберді. Сол тұстағы Ресейдің қарамағындағы барша 
халықтар үміт күткен құрылтай жиналысы жойылып, мәңгілік 
құрыды. Біздің сол кездегі бір одаққа бірігеміз деген үмітіміз  
де мәңгілік үзілді...» [21, 318 б.]. Бүкіл Ресейде демократиялық 
күштердің  ақырында  жеңіліс  тауып,  жаңа  бір  тоталитарлық 
күштің  үстемдікке  келуіне  орыс  демократтарының  жарты-
кеш  демократиялы  тұрғыда  болуы  негізгі  себеп  болды  деуге 

122
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
болар еді. Өйткені олардың өзі халықтың басым көпшілігінің 
ең  көкейкесті  мүдделеріне  жауап  бере  алмады.  Империялық 
пиғылдан толық арыла алмаған олар соғысты бітімгершілікпен 
аяқтаудың  орнына  оны  жеңіске  жеткенге  дейін  жалғастыра 
беруді  ұстанды.  Шаруалар  үшін  жер  мәселесін  шешудің 
айқын  жоспарын  ұсына  алмады.  Сол  себепті  халықтың  ба-
сым  көпшілігі  болған  шаруалардың  белсенді  қолдауына  ие 
бола  алмады.  Ресейдің  орыс  емес  халықтарының  Ресейден 
бөлініп, дербес мемлекет құруы мәселесінде де олардың басым 
көпшілігінің ұстанымы екіұшты болатын. 
М.  Шоқайдың  Ресей  құрамындағы  Түркістан  автономи-
ясы  қандай  болу  керек  екендігі  жөніндегі  көзқарастары  да 
осы парламенттік республика құрылымына сай болған. Яғни,         
М.  Шоқай  мен  оның  жақтастары  Түркістан  автономиясының 
да  мемлекеттік  басқару  формасы  парламенттік  республика  бо-
луы  керек  деп  есептеген.  Оған  оның  «1917  жыл  естеліктерінен 
үзінділер»  деген  еңбегіндегі  мына  сөздері  дәлел  бола  алады 
деп  ойлаймыз:  «Біз  құрылтайларымызда  автономия  туралы 
ашық  айта  алмадық.  Тек  ұлттық  орталығымызда,  облыстық 
комитеттерімізде  көп  талқылаған  тақырыбымыз  осы.  Біз  сол 
тұста  автономияны  былай  түсінетінбіз:  Түркістанның  дербес 
ел  басқаратын  мекемелері  мен  атқару  органдары,  яғни  заң 
шығаратын парламенті және іс жүргізетін үкіметі болуға тиіс 
деп ойлайтынбыз. Сыртқы саясат, қаражат, жол, әскери істер 
Бүкілресей федерациясы үкіметінің ісі деп есептейтінбіз. Оқу-
ағарту жұмыстары, жергілікті жолдар мәселесі, жергілікті меке-
мелер, заң және жер мәселелерінің бәрі жергілікті автономиялы 
үкіметтің ісі деп қарайтынбыз. Біз әсіресе жер мәселесіне ерек-
ше мән беретінбіз. Әскери құрылыс мәселесіне де едәуір елеулі 
өзгерістер енгізбекші едік. Мәселен, Бүкілресей үшін құрылған 
әскери  комиссариатта  болумен  бірге  түркістандықтардың 
әскери қызметін Түркістанда құрып, Түркістанда қалдыру біз 
үшін маңызды мәселе еді [21, 289 б.]. 
Өзінің  ұлттық  өзгешеліктеріне  өз  заңдарын  құра  алатын, 
орталық билік органдарына да тең құқықта қатыса алатын, өз 
жері, өз қарулы күштері бар, өз істерін өзі басқаратын мұндай 
автономия ұлттық тәуелсіздікті шын мағынасында толық дерлік 

123
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
деңгейде қамтамасыз ете алар еді. Бұл, әрине, біз білетін Кеңес 
Одағындағы өз билігі өзінде жоқ республикалар емес. Әрине, 
Кеңестер одағы кезінде де одақтас республикалар тең құқықты 
деп сөз жүзінде, яғни, конституцияда жазылатын. 
Парламентаризм принципіне, яғни халықты биліктің түпкі 
субъектісі деп тануға беріктік Түркістан халқының 1917 жылғы 
26  қарашада  Қоқанда  ашылған  ІV-төтенше  құрылтайында, 
оның шешімдерінде айқын көрінді. Құрылтайдың шешімдері 
бойынша  «Түркістанды  Ресей  федеративтік  демократиялық 
республикасымен  біртұтас  аумақтық  автономия  деп  жа-
риялап,  дегенмен  автономия  формасын  шешуді  Түркістан 
Құрылтай  жиналысының  қарамағына  қалдырады...  [21]. 
Өз  алдына  Түркістан  Құрылтай  жиналысын  шақыруды  ол                                                                                 
(М. Шоқай) «Ресейде үкіметтің жоқтығы себепті... Бүкілресей-
лік  құрылтай  жиналысының  ұйымдастырылуы  екіталай»  бо-
лып  отырғанымен  түсіндіреді  [21].  Яғни,  бұл  Бүкілресейлік 
құрылтайға  Түркістан  өлкесінен  сайланатын  33  депутаттан 
құралатын  Түркістан  Құрылтай  жиналысы  –  заң  шығарушы 
органы деп тану. Яғни, халық сайлаған депутаттардың бірден 
бір  заңды  билік  екенін  мойындау.  Сондықтан  да,  Түркістан 
халқының  ІV-төтенше  съезі  Түркістан  Құрылтай  жиналысы 
шақырылғанға  дейін  билік  жүргізу  үшін  Түркістан  Уақытша 
Кеңесі  мен  Түркістан  халық  басқармасын  (үкіметін)  сайла-
ды. Яғни олардың түсінуінше Түркістан Құрылтай жиналысы 
–  Түркістан  мемлекетінің  жоғарғы  заң  шығарушы  билігі,  ол 
өзінің алғашқы жиналысында үкіметті де құруы тиіс. 
Халық тарапынан ешқашан сайланбаған, билікті тек қарулы 
күшпен  тартып  алған  большевиктер  партиясы  ешқашан  өз 
билігін  уақытша  деп  атаған  емес,  оның  заңсыздығын  мойын-
даған емес. М. Шоқай демократиялық жүйелердің бір халықтың 
жеке  топтарының  ерекшелігіне  сай  саяси  басқарудың  да 
құрылымдары  өзгеріп  немесе  соған  бейімделуі  тиіс  екендігін 
ескеріп  отырған.  Түркістан  түріктерінің  жеке  ұлыстарының 
өзгешеліктеріне  қарай  ондағы  демократиялық  мемлекеттің 
федеративтік  болу  мүмкіндігін  де  теріске  шығармаған.  «Яш 
Түркістан»  журналының  1939  жылғы  116–117  сандарында 
басылған «Түрік бірлігі төңірегінде көтерілген орынсыз айтысқа 

124
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
орай» деген мақаласында ол түрік бірлігін мәдени бірлік қана 
емес, мемлекеттік бірлік мағынасында айтқаны үшін айыптаған 
Аяз Исқақиға берген жауабында былай деп жазған: «...мен өзім 
және азшылықтағы түркістандықтар, тарихта Ресейдің басына 
бұрын-соңды  көрмеген  қара  бұлт  төнген  кезеңді  пайдаланып 
ұлттық  географиялық  (қаласаңыз  –  «геосаяси»)  шарттар 
мүмкіндік  берген  шекара  ішінде  (Кавказия  тәрізді  маңызды 
және  ұлы  бірліктің  конфедерациясы  ма,  жоқ  әлде  басқа  бір 
түрдегі  бірлескен  мемлекет  болса  да  мейлі)  мейлінше  ұлы 
«Түрік  мемлекеттік  бірлігінің»  құрылуын  ешқашан  көзден 
таса  еткен  жоқпыз»,  –  деп  жазды  [21,  241  б.].  М.  Шоқайдың 
жұбайы  Мария  Шоқай  да  өз  естеліктерінде  ол  «...Швейцария 
мемлекетінің  үлгісімен  федерация  құрғым  келеді»  дейтін  деп 
жазады [21, 406 б.]. 
Федерациялық  құрылым,  әрине,  мемлекеттің  демокра-
тиялық  құрылысына,  жалпы  демократиялық  мемлекеттік 
формаға  қайшы  келмейді.  Керісінше,  ол  демократиялық 
принциптің белгісі. Ол әрбір жеке адам, азамат болсын немесе 
жеке  әлеуметтік  топ  болсын,  олардың  жекелік  дербестігін, 
субъектілігін құрметтеудің түрі. Ондай құрметтеуге әрбір жеке 
адамнан  бастап  қандай  да  болмасын  халық,  топ,  тайпа,  тап 
т.  т.  принцип  жүзінде  лайықты  деп  қаралуы  тиіс.  Іс  жүзінде 
тарихта  бұл  принцип  көбінесе  орындалған  жоқ.  Бірақ  одан 
ол  принциптің  түпкі  ақиқаттылығы  жоғалмайды.  «Жалпы 
адамгершілік  және  философиялық  тұрғыдан  алғанда,  –  деп 
жазды  М.  Шоқай,  –  жақсы  халық,  жаман  халық  деген  ұғым 
жоқ.  Халықтың  бәрі  бірдей.  Бірақ  саяси  тұрғыдан  алғанда 
–  мәселе  басқашалау.  Бұл  салада  халықтар  өзінің  саяси 
дайындығына,  жалпы  дайындық  деңгейіне  қарай  бірнеше 
топтарға  бөлінеді.  Әсіресе  бұрынғы  патшалық  және  қазіргі 
Кеңес Ресейі сияқты көп ұлттан құралған «құрама мемлекет» 
ішінде  теңдік  пен  өзін-өзі  билеу  жолындағы  күрес  дәуірінде 
бұл  айырмашылықтардың  маңызы  орасан  зор...  Біз  қазіргі 
заманғы  саяси  құрылысы  өзімізден  әлдеқайда  озық,  үлкен 
бір  халықтың  шеңгеліне  түсіп  қалдық.  Ол  бізден  анағұрлым 
бай, анағұрлым тығыз топтасқан әрі қай жағынан алғанда да 
бізден анағұрлым артық қаруланғанды» [21, 271 б.]. Өз сөзімен 

125
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
айтқанда  «Вольтершіл»,  Руссоның,  Канттың  ойларына,  тіпті 
Ницшенің идеясына да сілтеме жасап қана емес, сыни тұрғыда 
баға беріп отыратын   М. Шоқайдың осы сөздерінің ар жағында 
тұтас бір философиялық негіз жатыр. Оның түпкі өзегі Руссода 
біршама нышандары көрінген, Канттың шығармашылығында 
метафизикалық  мағынада  өрбітілген  адамның  дүниеде 
болуының түпкі жолы, болу тәсілі еркіндік екендігі жайындағы 
идея.  Тарихи  дамудың  қандай  деңгейінде  тұрмасын,  адам 
еркіндікке ұмтылады. 
Егер ол өз еркіндігін қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейде 
ұйымдаспаған, біліктілігі төмен, нашар қаруланған т. т. болса, 
бағынуға, тәуелділікке көнуі ықтимал. Белгілі бір кезеңге дейін. 
Адамдардың  өзін-өзі  анықтауға  деген  құқығы  осы  адамдар 
болмысының түпкі өзегі еркіндік екендігінен шығатынын бұрын 
да айтқанбыз. Егер философиялық, адамгершілік тұрғысынан 
адамдар, халықтар бірдей, тең болатын болса, ол теңдік олар-
дың түпкі табиғатының, адамдық мәнінің бірдейлігінде. 
Яғни адам қандай деңгейде тұрмасын, бәрібір адам. Түпкі 
мәнділігі еркіндік болғандықтан олардың барлығының өзін-өзі 
билеуге, өзінің кім, қандай және қалай болатындығын өзі шешуге 
қақылы. Ол, ХVІІІ ғасырдағы «табиғи құқық» теориясы өкілдері 
айтқандай,  адамнан  ажыратуға  болмайтын  қасиет.  Өйткені 
одан ажыраған адам адам болудан қалады. М. Шоқайдың «жа-
ман халық», «жақсы халық», деген ұғымдар философияда жоқ 
деп отырғаны осы. Әрі бұл тұста философия да, адамгершілік 
те бір тұрғыда тоғысып тұр. Бұдан шығатын қорытынды: адам-
дарды  адам  ететін  нәрсе  –  олардың  қаншалықты  деңгейде 
ұйымдасқандығы, топтасқандығы, қаруланғандығы, күштілігі, 
әлсіздігі  т.  т.  сондай  белгілері  емес,  олардың  адамгершілік 
деңгейі.  Олай  болса  қазіргі  заманғы  шынайы  гуманизм,  егер 
ол  бар  болса,  адамның  осы  түпкі  құндылығын  қастерлеуі 
тиіс.  Бүкіл  адамдар  аралық,  халықаралық,  мемлекет  аралық 
қатынастар осы принциптерге орнығуы қажет. 
Мұстафа  Шоқай,    қазақ  менталитетінің  тамырларын  өте 
көне  тарихтан,  ал  оның  қалыптасу  жолдарын    ғылым  мен 
техниканың  батыстық  стандарттары  белгілейтін  қазіргі  осы 
шақтан  іздейді.  Жалпы,  түркішілдік  концепциясындағы  ең 

126
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
қызығы түркішілдер ұлт идеясын өз халықтарын адамзаттың 
жалпы  дамуынан  бөлмей,  болашақтан  іздейді.  Олар  үшін  ең 
жеккөріністі  кезең  адамзат  араласуының  барлық  стандарт-
тар  мен  нормаларын  бұзған  отаршылдық  дәуірі.  Сондықтан 
Шоқай  Кеңес  кезеңіндегі  қалыптасқан  барлық  нәрселерді 
қолдамайды,  ол  оны  надан  халықты  естен  тандыру  ретінде 
көрсетеді.  Сондықтан  Мұстафа  үшін  болашаққа  бірегей  жол 
осы халықтың көзін ашу және көзі ашық әлемдік қоғамдастық 
үшін Кеңестік Түркістандағы оқиғаларды объективті суреттеу. 
Мұстафа  Шоқайдың  көптеген  идеялары  әлде  де  күн 
тәртібінде  тұр.  Қазіргі  Қазақстандағы  түркішілдік  идеясы-
на  келсек,  жылдан  жылға  ол  онша  тартымды  емес.  Орталық 
Азиядағы түркілік интеграцияның барлық талпыныстары таза 
декларативті  болып  шықты.  Кеңес  Одағы  ыдырағаннан  кейін 
әрбір түркі республикасы өз тәуелсіз мемлекеттілігіне ие бол-
ды.  Орта  Азия  және  Қазақстан  республикаларының  интегра-
циясы идеологиялық емес, тек экономикалық қана  бола ала-
ды.  Мұстафа  Шоқайдың  кеңестері  мен  жалынды  публицис-
тикасына  қарамастан  түркістандық  түркі  халықтары  қазақ, 
өзбек,  қырғыз  және  т.т.  болып  бөлінді.  Оларда  енді  ұлттық 
мемлекеттілік қалыптасуда және одан өзге болуы беймүмкін.

127
3.  М. Шоқай дүниетанымындағы азаматтық қоғамға тән рухани 
ұстанымдар мен алғышарттар

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал