Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет8/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
мемлекетінің  формасын  федеративтік  парламенттік  респу-
блика  түрінде  көретіндігі.  Бұл  бағдарлама  қабылданғанда, 
оны  талқылау  барысында  М.  Шоқай  белсенді  қатысқан.  Яғни 
парламенттік республика М. Шоқайдың да өз халқы үшін ең 
тиімді  құрылым  деп  есептейтін  формасы.  Ендеше  қазақ  зия-
лылары  конституциялық  монархияны  да,  президенттік  ре-
спубликаны да қабылдамады. Аталған екі мемлекеттік форма 
да Еуропа, жалпы демократиялық батыс елдерінде бұрыннан 
бар болатын (Ұлыбритания, АҚШ т. б.). Ол елдердің шынайы 
демократиялық екендігі ешбір шәк келтірмейтін. Олай болса, 
қазақ зиялыларының, М. Шоқайдың да өз елі үшін парламенттік 
республиканы лайық көргенінің сыры неде деп ойлауға болар 
еді?
Бұл  жөнінде  тек  жорамал  түрінде  айтуға  болады.  Бұған 
оның  белгілі  ой  шолулары  аз  да  болса  негіз  беретін  сияқты. 
Қысқа ғана айтылған  мақалаларда ол көптеген мәселелердің 
түп тамырын қозғай алған. Мысалы, ең алдымен оған дейінгі 
әлеуметтік  жүйенің  ұлт  бостандығын  баянды  ету  үшін 
жарамсыздығы. Оны баянды етіп, бекіту үшін жаңа әлеуметтік-
саяси  жүйенің  керектігі,  ол  үшін  халықты  бойындағы  ескі 
жүйеден қалып қойған кеселдерден арылту.
Мұстафа  Кемаль  Ататүрік  түріктердің  бағытын  өзгерт-
кенде  ұстанғаны  Еуропалық  демократиялық  жол  еді.  1923 
жылы Түркия республика деп жарияланды. Түркия парламенті 
пайда  болды.  Демократиялық  заңдар  қабылдана  бастады. 
Азаматтардың  тең  құқықтары  жарияланды.  Әйелдер  ерлер-
мен  тең  құқықты  деп  шешілді.  Дін  ісі  мемлекеттен  бөлініп, 
әркімнің жеке ісі деп жарияланды, т. т. Осылардың барлығын 
ескішілдердің  қарсылығын  жеңе  отырып  енгізуге  тура  келді. 
Қарсылық  әсіресе  діншілдер  тарапынан  болған  еді.  Олардың 
парламенттік  республиканы  лайық  көруінің  төмендегідей 
негіздері болды деп ойлауға болар:
1.  Демократиялық  деуге  болатын  мемлекеттік  басқару 
формаларының  ішінде  парламенттік  республика  жеке 
азаматтарға  болсын,  Ресейге  кіретін  халықтар  мен  ұлттарға 
болсын неғұрлым кеңірек бостандық бере алатын жүйе. Онда 
биліктің үш тармақтары – заң шығарушы, сот – жүйелері бір-

93
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
біріне  тең  құқықты  әрі  көп  жағдайда  тағайындалмайды,  сай-
ланады.  Парламенттік  республикада  биліктің  бір  кісінің,  бір 
топтың  қолына  шоғырлану  қаупі  әлдеқайда  кем.  Патшалық 
монархиялық  биліктен  енді  ғана  құтылған  елде  бұрынғы 
үйреншікті  болып  қалған  бір  ғана  адамның  (патшаның) 
билік  жүргізуіне  қайтып  оралу  қаупі  қашанда  сақталады. 
Ондай  қауіпті  неғұрлым  азайтудың  жолы  –  билікті  көптеген 
орталықтарға, тараптарға бөліп тастау, соның ішінде жергілікті 
органдарды  биліктің  қомақты  бөлігіне  ие  ету.  Әсіресе  жеке 
ұлттар мен ұлыстардың, өңірлердің автономиялық дербестігіне 
жол  беру.  1935  жылғы  ұсынылған  «Кеңестік  жүйені  жан-
жақты  демократияландыру»  туралы  бағдарлама  «ауылдық 
кеңестен бастап орталық атқару комитетіне шейін бүкіл Кеңес 
аумағында  тіке,  жалпыға  бірдей  және  жасырын  дауыс  беру 
арқылы жүретін сайлау жүйесі жолға қойылатынын алға тарт-
ты», - деп жазады М. Шоқай. Сол бағдарламаның нақты құжат 
түрінде  әлі  көрінбей  жатып-ақ  оны  «парламентаризмнің  ең 
кемелді баламасы» болатыны туралы көпірме сөздермен көміп 
тастады дейді ол [21, 15, 16 бб.]. 
М. Шоқайдың айтуынша «Тіке, жеке және жасырын дауыс 
беру жолымен сайлау-сайлаушының өзі қалаған адамына дауыс 
беруін қамтамасыз ететін ең қолайлы тәсіл. Парламентаризм 
көпшіліктің мүддесін үкіметтің озбырлығынан қорғайды. Егер 
жасырын сайлау жолымен құрылған Кеңес Парламенті «қызыл 
бұқа»  Сталин  тарапынан  ұсынылған  адамдарға  сенімсіздік 
көрсетсе, не болар еді? Бұл деген сөз – Кеңес жүйесінің тараты-
луы, пролетариат диктатурасының құлауы болар еді» [21, 55 б.]. 
Парламенттік республика идеясын ұлттық төңкерісшілдер ғана 
емес, орыс революцияшыл демократтары да ақпан төңкерісіне 
дейін қолдаушы еді.
2.  М.  Шоқай  Алаш  жолбасшылары  сияқты  өз  халқының 
саяси  сауаты  мен  белсенділігінің  тым  төмен  екендігіне  бай-
ланысты  неғұрлым  кең  бостандықтар  беретін  жүйе,  яғни 
парламенттік республика, адамдарды саяси істерге кеңірек тар-
тып, қатыстыру арқылы демократиялық дағдылар мен көңіл-
күйге  тезірек  үйретуге  мүмкіндік  береді  деп  ойлаған  да  бо-
луы мүмкін. Қалың бұқара неғұрлым көбірек қатысқан сайын 

94
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
демократияның әлеуметтік тірегі кеңіп, беки береді деп ойлау 
демократтар үшін табиғи нәрсе, яғни бірден бір дұрыс. Қалың 
ұйқыда  жатқан  туыстастарын  «оятудың»  одан  басқа  қандай 
тиімді жолы болуы мүмкін?
3.  Түркістан  аймағында,  Қазақстанды  қоса  алғанда  да, 
жергілікті  халықтан  шыққан  оқығандардың  барлығы  бірдей 
өз  халқының  шын  бостандығы  мен  дербестігін  қолдаған  жоқ. 
Патша  билігі  кезінде  оның  әкімшілік  орындарында  әртүрлі 
қызметтерде болып өз басы үшін ғана «жылы» орын іздегендер, 
тіпті отаршылдық саясатты жан-тәнімен қолдап, іске асырып 
жүргендер  де  болатын.  Өз  қызметін  ғана  біліп,  халқының 
келешегіне алаң болмай, тартыстардан өзін аулақ ұстайтындар 
да табылатын. Ал исламшыл діни топтар, егер патша үкіметі 
болсын, уақытша үкімет болсын шариаттың жолымен жүріп, 
өздерінің  ісіне  тиым  салмаса  Ресейге  кіріптар  болуға  да 
ырза  болған.  Бұған  Ташкенттегі  «Ғұламалар  ұйымының»  іс-
әрекеттері  мысал  бола  алады.  Олар  сондағы  билік  органына 
бұрынғы монархисті сайлауға да мақұл болған.
Яғни  сол  кездегі  Түркістан  халқының  ішіндегі  оның  келе-
шек  тағдырына  ықпал  етуге  араласқан  топтардың  ішінде  тек 
шын демократтар ғана ұлттық тәуелсіздіктің шын жаршылары 
да, күрескерлері де болды. Осылай болуы табиғи да еді. Оның 
табиғи  болатын  себебі  халықты  құтқару,  оны  бостандыққа 
жеткізу  бұрын  да  басқа  бір  мәселеге  байланысты  айтып 
өткеніміздей  оны  сыртқы  құрсаулардан  босатумен  шектеле 
алмайды. 
Халықты  бостандыққа  жеткізудің  екінші  және  ең  қиын  да 
күрделі жағы – оның әрбір мүшесін де, әрбір азаматын да бостан-
дық деңгейіне көтеру болып есептеледі. Оны М. Шоқай халықтың 
өз  бойындағы,  ойлауындағы  әдет  болып  қалған  құрсаулардан, 
өзіңнің де, басқалардың  бәрінің қатысуымен ғана шешілуге тиіс 
ұйғарымдарды  тек  басқалардан  күтетін  жалтақ  психологиядан 
құтылу,  өз  елінің  тағдырын  шешу  оның  әрбір  азаматының  ісі 
екендігін мойындау. Яғни философия тілімен айтқанда әркім өзін 
үдерістердің тек объектісі деп қарамай, субъектісі деп қарау.
Тарихи  азаттыққа  жетудің  екінші  кезеңін  осылай 
түсінгендіктен  де  М.  Шоқай  Түркістан  халқының    бұрынғы 

95
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
хандық,  феодалдық  әмірлік  билеушілік  формасына  қайтып 
оралуды  ұлттық  азаттыққа  жатқызбайды.  Ол  өз  бойындағы 
құлшылықта, тіпті Ресейдің қарамағындағы құлшылықтан да 
бетер мешелдікте қала беру деп бағалайды.
Сонымен  ұлттық  азаттық  толық  мағынасында  оның  әрбір 
мүшесінің  азат  болуы  деген  сөз.  Ал  бұл  тек  демократиялық 
қоғамда ғана бола алады. Бұл Түркістан ұлыстары үшін Ресей 
тепкісінен босанғаннан кейін ғана шын мағынасында іске аса ба-
стайтын процесс. Бұл жөнінде М.Шоқай «1936 жыл» деген «Яш 
Түркістанның» 74-санында жарық көрген мақаласында былай 
деген: «Колхоз, совхоз және басқа да осылар тәрізді мемлекет 
қожалықтары  тарапынан  еріксіз  түрде  пайдаланылып  келе 
жатқан  құрылыстарды  біз  жаратпаймыз  да,  жақтырмаймыз. 
Біз оларды ұлттық мемлекет мүддесіне сәйкес келмейтіні үшін 
жаратпаймыз,  жатсынатын  себебіміз  де  содан.  Әрине,  боль-
шевик өкіметі тарапынан жасалған форманы жаратпағандық, 
оны  қабылмағандық,  оған  дейінгі  форма  ғана  Түркістанның 
болашақ  ұлттық  мемлекет  құрылысы  негізіне  алынуы  керек 
деген ұғым тудырмайды...
Нағыз Түркістан ұлтшылы енді қайтып оралмайтын өткен 
күндер  мен  бастан  кешкендерді  ойлап  сары  уайымға  салын-
байды.  Ол  қашан  да  өз  халқының  болашағы  хақында  ойлап, 
сол үшін қызмет ететін болады /21, 6,7бб./.
Ататүріктің  реформаларының  мән  мағынасын  ойластыр-
ғанда М. Шоқай мәселенің осы жағына айрықша көңіл бөлген. 
Әрине,  М.  Кемальдің  басшылығымен  өнеркәсіп  орындары, 
экономиканың  товарлы  қатынастарда  өрбуі,  кәсіпкерлікті, 
оқу-білім  жүйесін т.т. салаларды дамытуда көптеген іске асқан 
шаралар  елдің  дербестігіне  қызмет  етті.  Бірақ,  осылардың  
барлығы түптеп келгенде түріктердің рухани еңсесін көтеріп, 
әрқайсысының  өз  елінің  иесі  өзі  екендігін  сезінуде  қосалқы 
факторлар  да  еді.  Сыртқы  жаудан,  үстемдіктен  құтылғанмен 
өзінің  әлеуметтік  жүйесінде  құлдық  күйде  қала  берсе,  бұл 
ұлтты  азаттыққа  жеткізу  болып  санала  алмайды.  Онда  оның 
жеке мүшелері өзінің азат екенін сезбейді де.
Өз  ұлтының  азғана  бір  бөлігінің  озбырлығында  қала  бер-
ген  ұлт  өкілдерінен  ондай  жағдайда  отан,  ұлттық  бірлік, 

96
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
патриоттық  сезімдердің  қалыптасуын  күту  қиын.  Өз  азамат-
тарына қорлық көрсету мемлекеттің дербестігіне үлкен залал. 
Егер ұлт өз бойындағы бұғаулардан босай алмаса, – ең үлкен 
қасірет сол.
1936  жылы  қабылданған  советтік  конституцияны  әлемде 
теңдесі  жоқ,  кемелденген  демократияның  іске  асқан  түрі, 
бұл енді бір ғана  таптың,  пролетариаттың диктатурасы емес, 
жалпыхалықтық  билік  деп  жар  салған  советтік  насихаттың 
жалғандығын  көрсете  келіп  М.  Шоқай:  «Сонымен  «жал-
пы  халықтық»  мемлекет  тұсында  да  билік  тек  Коммунистік 
партияның  қолында  ғана  қалып  отыр.  Бұрынғы  орыс  про-
летариаты  диктатурасының  жағымсыздықтары  жаңа  Негізгі 
заңының тұсында өзгерістерге ұшыраған сияқты болғанымен, 
ол сол бұрынғысынша күшінде», - [21, 44 б.] деп түйеді. 
Яғни, М. Шоқайдың түсінуінше пролетариат диктатурасы 
кезінде болсын, одан кейінгі жалпы халықтық билік деп аталған 
кезде болсын билік тек сол таптың немесе халықтың қолында 
болған жоқ, ол тек солардың азғантай бөлігі, социализмді құру 
ісіне берілгендігімен ғана  өлшенетін «саналы», «ынталы» және 
«белсенді»  топтың  (коммунистік  партияның)  билігі  болып 
келді. 
Бұл  тұста  біз  өз  тарапымыздан  айтар  едік:  коммунистік 
пратияның  тұтас  алғандағы  билігі  де  емес,  оның  жоғарғы 
органдарының,  әсіресе  оның  саяси  бюросының  шексіз  билігі 
еді. 
Ресей мұсылмандарының 1917 жылы өткен құрылтайында 
осыған байланысты екі түрлі көзқарастың болғандығы мәлім; 
олар: федералистер мен унитаристер. Біріншілері – Ресей келе-
шекте демократиялық федеративтік мемлекет болып құрылған 
күнде оған кіретін орыс емес халықтар территориялық автоно-
мия болып, федерацияның тең құқықты бір бөлігі болуы тиіс 
деп қарайтын. Екінші бағыт территориялық  жіктелуге дейін 
мәдени автономия деңгейін бастан кешіру керек деп есептейтін. 
Яғни  бұл  көзқарас  бойынша  Ресей  унитарлық  мемлекет  бо-
лып қала беруі керек. Мысалы, мекендеген жері Ресей жерінің 
ортасында  қалған  кейбір  халықтар  үшін  территориялық 
жіктелуге  ол  кезде  мүмкіндік  жоқ  деп  есептелетін.  Татар 

97
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
мұсылмандарының  кейбір  өкілдері  жалпы  кең  көлемде 
қаралатын  мәдени  автономияны  қалаушы  еді.  Бірақ  жал-
пы  көпшілік  территориялық  автономия  жағында  болатын. 
Алаш жетекшілері, солардың ішінде М. Шоқай да территория 
жағынан бөлектелген, әлдеқайда дербес саяси автономия құру 
жағында болды. 
Мәдени  автономия  басқа  елге  кіріптар  болып  отырған 
халықтың өзінің бітім-болмысына сай өз мәдениетін дамытуға 
алатын біршама өрісі ғана. Өз тілінде мектептері болып, мәдени 
ошақтары,  ұйымдары,  баспагерлік  қызмет  т.  т.  өз  тілінде 
жүргізуге  құқының  болуы.  Бұл,  әрине,  халықтың  өзіне  үстем 
болып  отырған  халықтан  дербес  болу  жолының  ең  алғашқы 
қадамы  ғана.  М.  Шоқай  патша  заманында  осының  өзіне 
үлкен  тосқауыл  қойып  отырушы  еді  деп  жазады.  Халықтың 
рухани  мәдениеті    жоғарылығы,  ол  басқа  елге  тәуелді  болып 
отырған  күнде  де,    онымен  басқалардың  есептесуіне  мәжбүр 
ететін  күшті  фактор  екені  белгілі.  Ол  тәуелсіздікке  жетудің, 
соны  дайындаудың  айрықша  қуатты  алғышарты  бола  ала-
ды. Ресей қарамағындағы Польша мен Финляндияның дербес 
мемлекет    болып  бөлініп    кетуіне  басқа  себептермен  қатар 
олардың  мәдени  дамуы  жағынан  осы  мақсатта  дайындауды 
көздегендіктен өрбіген.
Бірақ  осындай  мәдени  дамуға  патша  билігі  әсіресе 
Қазақстан, Түркістан өңірлерінде шын мағынасында мүмкіндік 
бермей келді. Ресей жағдайында мәдени автономияның өзі бос 
қиял сияқты еді.
Сондықтан да Ресей мұсылман қауымы жетекшілерінің  ба-
сым көпшілігі территориялық саяси автономия ғана халықтың 
барлық  өмір  салаларында  дамуына  жол  аша  алады  деп 
түсінетін. Соған сәйкес олар, солардың ішінде алаш көсемдері 
де,  Ресей  демократиялық  күштерінің  билікке  келуінен  үлкен 
үміт күтті, соларды қолдады да. Территориялық саяси автоно-
мия  халықтың мемлекеттік дербестікке ұмтылуының алғашқы 
көрінісі.  Нағыз  шын  демократиялық  федерация  болған 
жағдайда автономия халықтың соны құрған халықтың өз ішкі 
істерін  өзі  билеу,  өзі  шешу  болып  табылады.  Халық  белгілі 
деңгейде өзін өзі анықтайтын субъект. Ең жалпы істерде ғана 

98
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
ол заң негізінде федералдық билікке бағынады. Федерация тең, 
дербес мемлекеттердің өз еріктерімен құрылған одағы. Қажет 
болса, автономия сол одақтан шығып кетуге де құқылы, өз тер-
риториясы, өз өкіметі, парламенті жалпы заңдармен үйлескен 
өзіндік  ұлттық  заңдар  жүйесін  құрған,  өз  жерінде  өз  қарулы 
күштері, яғни әскері бар ел.
Осындай федерация құрамына кіретін дербес мемлекеттің 
сөз жоқ, басқа салалармен қатар өзінің мәдени өмірін де еселеп 
дамытуға мүмкіндігі болады. Мәдени автономия ісі өзінің ішкі 
ісіне айналады.
Халықтың дербес мәдениеті, бірақ, егер ол халық билігінің 
өз қолында болса әрі оны халық жеткілікті марқайта алса, тіпті 
гүлдендірсе, оны, әсіресе, әлеуетті субъект етеді, басқалардың 
құрметіне, бас июіне әкелетін нәрсе. Ол халықтың рухани бет-
пішінін  басқа  дүниеге  де  танытады.  Әрине,  экономикалық 
қуат, техникалық өскелеңдік өзгелерден тәуелсіздікке, ал кей-
де  экономикалық  үстемдікке  қол  жеткізеді.  Бірақ  халықты 
басқаларға белгілі бір үлгі боларлықтай, тұтас бір дәуірлерде 
өз  мүшелерін  де,  басқаларды  да  жан-тәнімен  баурап  алатын 
нәрсе емес.
Техника да, ғылым да, солармен сабақтас экономика да биік 
дамыған  күнде  де  халықтың  өзіндік  өздігін  құрай  алмайды, 
олар тап осы халықтың өзіндік рухани бет-пішініне әлдеқайда 
бейтарап. Олар – адамзаттың жалпы құралы. 
Рухани мәдениет белгілі бір халық өкілдерінің өздеріне ғана 
етене ішкі құндылықтарының сыртқы іс-әрекеттерінде, жасаған 
дүниесінде, өнердің барлық түрлерінде көріну стилі, олардың 
болмыстық  түрге  ие  болған  қалпы,  олардың  бүкіл  дүниені 
қалай  қабылдап,  қалай  сезініп,  қалай  түйсінуінің  көрінісі. 
Яғни ол халықты, оның әр мүшесін де тұтас бір өзгеше субъ-
ект ретінде кеңістікте ғана емес, ең алдымен рухани дербестікте 
айқындайды.
Қазіргі  Қазақстанның  әлеуметтік-саяси,  рухани,  ментали-
теттік,  т.  б.  жағдайлары  Ататүрік  реформалары  басталу  ке-
зеңіндегіден, әрине, әлдеқайда басқаша. Түркістан халқының, 
соның  ішінде  қазақ  халқының  бүкіл  тарихи  жолы  басқаша 
болды.    Осман  империясын  бастан  кешірген,  оның  ыдырап 

99
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
әлсіреген, дүниежүзілік соғыста жеңіліп, көп жерлерінен айы-
рылып,  М.  Шоқайдың  айтуы  бойынша  ХХ  ғасыр  бас  кезінде 
жартылай отарлық халде көрінгеннен көз түрткі көріп жатқан 
Түркия басқыншыларға қарсы тәуелсіздік үшін күрес жолына 
түскенде  қанша  дегенмен  Түркістан  халықтарына  қарағанда 
рухы  әлдеқайда  биік  еді.  Бүкіл  тарихында  ешбір  басқа  елге 
кіріптар  болып  көрмеген,  керісінше,  дүниенің  жартысы-
на  дерлік  үстемдік  жасап  келген  Осман  түріктерінде  ұлттық 
сезім жоғары болатын, тіпті тәкаппар деуге де келетін. Басқа 
әлеуетті  мемлекеттердің  Түркияны  бөлшектей  бастауын,  ба-
сынуын олар аса қорлық сезімімен қабылдап, ашынды. Бірақ 
жағдай өте ауыр еді. Экономика, қаржы көздері басқалардың 
қолына  өтіп  кеткен.  Өмірдің  көп  салалары  мешеуленген. 
Осы ауырлықтарға қарамастан ұлтты құтқару жолында олар 
айрықша  берік  бірлік  таныта  біліп,  ерен  ерлікпен  барлық 
басқыншыларды  жерінен  қуып  шықты,  бұғаздарды  өзіне 
қайтарды. 
Бірақ басты міндет әлі алда еді. Бүкіл елді өзгерту қажет еді. 
Ол өзгерту Ататүріктің бағдары бойынша тек демократиялық 
жол  болды.  Ал  халықтың  рухани,  әдет-ғұрып,  менталитеті 
оған  онша дайын емес болатын. Ұлтты құтқарушы деп бүкіл 
халық  мойындаған  орасан  зор  беделін  Мұстафа  Кемаль  осы 
өзгерістерді  енгізуге  жұмсады.  1923  жылы  Түркия  респуб-
лика  деп  жарияланды,  халифат  жойылды  т.б.  көптеген  осы 
бағыттағы шаралар іске аса бастады. Реформалар басталғаннан 
кейінгі  10  жылда  М.  Шоқайдың  айтуынша  адам  танымастай 
өзгерді. Бұл жөнінде аздап айттық та. 
Осы  қысқа  ғана  суреттемемен  қазіргі  Қазақстанның 
жағдайын  салыстыратын  болсақ,  үлкен  айырмашылықтар, 
әрине,  көзге  түседі.  Түркістан  халықтарының  ең  алдымен 
тарихының  өзі  басқаша.  Ұзақ  уақыт  авторитарлық,  діни-
клерикалдық  жағдайда  экономикалық-техникалық,  білім 
жағынан  кешеуілдеуімен  қоса,    бұл  халықтар  кейін  Ресейдің 
әртүрдегі үстемдігіне душар болып қалған. Бұл тек патшалық 
дәуір ғана емес, большевиктердің бұрын тіпті ешбір болмаған 
жауыздығына  тап  болды.  Адамдардың  еркіндік  сезімдері, 
ұмтылыстары алаңсыз өшірілуге жақындады.

100
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Бірақ ең басты кешеуілдеушілік, тіпті кейде кері кетушілік 
әлеуметтік-саяси  салада  болып  отыр.  Ол  ең  алдымен  демо-
кратия  институттарының  әлі  жөнді  енбегендігі,  азаматтық 
қоғамның  өрбімей  отырғандығы.  Елде  мемлекеттік  жүйе  ре-
спублика,  демократия  басты  түпкі  бағытымыз  деп  Негізгі 
заңда  жарияланғанымен,  шын  мәнінде  авторитарлық  билік 
жүйесі  қалыптасты.  Биліктегі  топтар  демократияны  тек  сөз 
жүзінде ұран еткенімен, іс жүзінде ол іске аспай отыр. Негізгі 
заң  –  мемлекеттің  өмір  сүруінің  ең  жалпы,  түпкі  негізі  бо-
латын  принциптердің  жүйесін  құрауы  тиіс.  Мұны  кезінде                 
Ж.Ж. Руссо қоғамдық келісім туралы негізгі шығармасында ай-
тып кеткен, сол кезден бастап бұл демократиялық жүйенің ең 
алғышарттарының бірі. 
Осындай  керікетушілікке  себеп  болып  отырған  жағдай-
лардың  ең бастысы бұқараның әлеуметтік-саяси енжарлығы, 
барлық  шешімдерді  жоғарғы  биліктегілердің  ғана  ісі  деп 
қабылдайтын психология әлі басым. Алаш көсемдері айтқандай 
халықты,  ең  алдымен  өз  халқы  –  қазақты  саяси  жағынан  оя-
тып,  өз  тағдырын  өзі  шешуге  белсендіріп,  жұмылдыру  үшін 
қазіргі  мемлекеттік  басқару  жүйесін  де  өзгерту  қажет.  Бұл 
жөнінде Алаш көсемдері барынша дана да айқын шешімдерін 
бізге мирас етіп қалдырып кетті. Бұл үшін Алаш партиясының 
бағдарламасын  еске  алудың  өзі  бізге  үлкен  сабақ.  Ол  бағ-
дарламада  мемлекеттік  басқару  түрі  туралы  бөлігінде:  «Ре-
сейде  демократиялық  парламенттік  республика  болуы  тиіс», 
–  деп жазылған.
Қазіргі Қазақстанда президенттік республика басқару фор-
масы алғашқы жылдардағы оған артылған міндеттерді атқарып 
болды.  Сондықтан  халық  бұқарасын  билікке  неғұрлым  кең 
тартуға,  саяси  іс-әрекеттерге  барынша  белсенді  араласуы-
на, басқару істерін жіті бақылап отыруға, өздерін ерікті елдің 
ерікті  азаматтары    ретінде  сезініп,  ойлау  жүйесін  бірте-бірте 
жаңартуға,  яғни  таным-түсініктерінің  өрісін  кеңейте  беруіне 
парламенттік  республика  неғұрлым  қолайлы  деп  есептеу 
қажет.  
Қызметі,  барлық  ынта  жігері  саясатқа  бағытталған  бол-
са  да  М.  Шоқай  шығармашылығында  қалам  тартқан  тақы-

101
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
рыптарының  жалпы  философиялық,  концептуалдық  сыр-
ларына  да  бойлап  отырады.  «Яш  Түркістан»  журналының 
1931  жылғы  18  санында  жарық  көрген  «ұлттық  зиялы»  атты 
мақаласында  ол  осы  «халық»  және  «ұлт»  деген  ұғымдарға 
қысқа түрде тоқтап өткен. «Атақты   алман философтары Кант 
пен Фихтелер: халық бірін-бірі және өзін өзі  басқара алмай-
тын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар. Ұлт – 
басқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің 
біріңғай    мүддесі  бар  халықтар  жиынтығы.  Философиялық 
тұжырымдауынша, халық  – объект, ұлт – субъект» (subъekt) 
[17,  176  б.].  Келтірілген  сілтеменің  мазмұнын  М.  Шоқайдың 
сол мақалада әрі қарай өрбіткен ойларымен салыстырсақ, ол 
осы  тұжырыммен  келісетін  сияқты.  Яғни  бұл  тұрғыда  өз  ал-
дына дербес  мемлекет, немесе азаматтық қоғам құра алмаған 
адамдардың  топтары  бір  жерде  бірігіп,  біршама  бүтіндікті 
құрай  алса  да,  ол  әлі  азаматтық  тұтастық    емес.  Ол  өзін  өзі 
басқаратын  деңгейге  жеткен  жоқ.  Канттың  айтуы  бойынша   
да  белгілі  бір  жерде  бірігіп  бір  тұтастықты  құрған  көптеген 
адамдар тобын  халық (Populus) дейді. Осындай көпшілік, не-
месе оның бір бөлігі шығу  тегіне сай бір азаматтық тұтастыққа 
біріккен  жағдайда  оны  ұлт  (gens)  деп    атайды,  ал  азаматтық 
тәртіпке мойын сұнбайтын оның бөлігін (сол  халықтағы жа-
байы топ) қарабайыр (vulgus), олардың заңсыз бірігулерін  то-
быр    дейді.  Бұл  соңғы  қалып  оларды  азаматтыққа  лайықсыз 
етеді [10, 209 б.]. 
Өз  кезегінде  Канттың  бұл  идеясы  Ж.Ж.  Руссоның  көзқа-
растарының  жалғасы  екенін  көрсетеді.  Руссо  адамдардың  ең 
ерте  дәуірлерде  ешбір  қоғамдаспай,  әркімнің  тек  жеке-же-
ке тіршілік еткен кезі болды деп ойлағандығын бұдан бұрын 
айттық. Осылай ойлау одан бұрынғы ХVІІ ғасырда өмір сүрген 
Т. Гоббс т. б. да тән болатын. Адамдардың қоғам болып бірігуі, 
немесе  мемлекетті  құруы  кейінірек  пайда  болды.  Қоғамның 
және мемлекеттің пайда болуы бұлардың түсінуінше бір нәрсе. 
Олай болса, қоғамдасу, мемлекетті құру аса бір қажеттіліктен 
туған  жеке,  дербес  адамдардың  өзара  келісімінің  нәтижесі. 
Қоғам болып бірігу үшін одан бұрын ешбір тәртіпке, ережеге, 
заңға  бағыну,  басқалардың  мүддесінің  не  екендігін  білмеген, 

102


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал