Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет7/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
тұрған отарлық бұғауды тек күшпен ғана үзуге болады. Ондай 
күш тек Түркістанның өз аумағында жоқ. Ондай бұғауды үзуге 
Кавказ,  Еділ-Орал,  Қырым,  Украина  аумақтарының  бәрінде 
де  жеке-жеке  алғанда  жоқ.  Сондықтан,  осы  тәуелсіздік  үшін 
күресіп  жатқан  аймақтардың  сырттағы  ұйымдарын  бірігуге, 
бір майдан құруға шақыруда М. Шоқай пәрменді әрекеттерге 
бара  білді.  Шет  елдердегі  эмиграциялық  ұйымдардың  «Про-
метей» деп аталатын майданы, оның сол аттас журналы Поль-
ша өкіметінің қолдауымен жұмыс істей бастаған.
«Прометей» қозғалыс майданының құрамында «Түркістан 
ұлттық бірлігі» ұйымының басшысы бола жүріп, он жылдан 
астам  саналуан  саяси  іс-қимылдарға  араласып  жүргендегі       
М. Шоқайдың қозғалыстың түп мақсаты келешектегі тәуелсіз 
Түркістан  мемлекеті  екендігі  аян  еді.  Ол  мақсат  1919  жылғы 
Грузияда  жүріп  Версаль  конференциясына  қатысушы  мем-
лекеттерге  бағыштаған  меморандумында  айтылғанды.  Сол 
кездің  өзінде  М.  Шоқай  автономия  идеясынан  бас  тартқан 
болатын.  Бірақ,  1939  жылы  осы  автономия  немесе  ұлттық 
мемлекет  мәселелеріне  байланысты  Мұстафа  Шоқай  мен 
Еділ-Орал  түріктерінің  (Татар  ұлттық)  қозғалысының  жол-
басшысы  саналатын  Аяз  Исхакидің  арасында  саяси  айтыс 
пайда болған. Прометей майданына кіретін Украина, Кавказ 
сырты  (Грузия,  Әзірбайжан)  өлкелері  эмигранттық  топта-
ры  да  өз  келешектерін  Ресейден  бөлек  дербес  мемлекеттер 
ретінде көретін. Тек Еділ-Орал татар түріктерінің ұйымы Ре-
сей  федерациялық  мемлекетінің  құрамындағы  саяси  емес, 
мәдени автономия формасын қалайтын еді. Ресей федерация-
сы  орнаған  күнде  де  оның  құрамына  саяси-территориялық 
автономия  болып  кіру  идеясының  өздері  үшін  ұлттық 
қозғалыстың  жас,  бала  кезіндегі  бір  басып  өткен  баспалдағы 
ғана  екенін,  ондай  автономияның  Ресей  жағдайында  шын 
азаттыққа жеткізе алмайтынын біз кеш те болса кейін түсіндік 
деп М. Шоқай «Яш Түркістан» беттерінде, француз журналда-
рында да, одан бұрын сан рет жазған да болатын. 1917 жылы 
Ресей  мұсылмандарының  құрылтайында  келешек  Ресейдің 
мемлекеттік  құрылымы  қандай  болғаны  мұсылмандарға 
тиімді  деген  мәселе  талқыланғанда,  олар  федералистер  мен 

83
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
унитаристер  болып  екі  жарылған.  Яғни,  біраз  делегаттар, 
солардың  ішінде  татарстан  өкілдері  басы  Аяз  Исхаки  болып 
Ресейдің федерация болмай унитаристік мемлекет болғанын 
қаласа,  олардың  көпшілігі  федерация  болғанын  жақтағаны 
белгілі. Түркістан өкілдері, Алаш басшылары федерациялық 
демократиялық  республика  ғана  орыс  емес  халықтарға 
территориялық саяси автономия алуға мүмкіндік береді деп 
ойлады.  Яғни,  федерацияға  кіретін  автономиялық  республи-
калар  бәрі  өзара  тек,  өзін-өзі  билейтін  субъект  бола  алады 
деп сенетін. Ал, бұл, әрине, мәдени автономиядан әлдеқайда 
жоғары құрама. Ол өз алдына дербес субъект деп қаралады. 
Кейбір жалпы мәселелерге ғана барлық автономиялар орталық 
билікке бағынуы тиіс және оларды да бәрі бірігіп шешуі керек. 
Сол  кездегі  Ресейдің  құрамына  кіретін  халықтардың  ішінде 
тек поляктар мен финдер ғана оның құрамынан шығып, дер-
бес, бөлек мемлекет құру үшін күресіп жүрген еді. Ал татар-
лар, т. б. кейбір халықтар орыстар қоныстанған өлкелердің ор-
тасында  қалғандықтан,  олардың  өкілдерінің  көпшілігінің  тек 
мәдени автономия идеясымен шектелетініне біз түсіністікпен 
қарайтын едік дейді М. Шоқай. 
Бұл  келтірілген  фактілер  тарихта  жалпы  белгілі  болса 
да  оларды  қысқаша  атап  өту  жоғарыда  айтылған  айтыстың 
мазмұнын анық түсінуге көмектеседі деп ойлаймын. 1939 жыл-
ғы  «Яш  Түркістан»  журналының  114-санында  М.  Шоқайдың 
«Түрік бірлігі хақында» деген атпен мақаласы жарияланған. Бұл 
тақырып сол кезде барлық түрік топтарының басылымдарын-
да  қызу  талқыланып  жатса  керек.  Мақаласында  Түрік  бірлігі 
турасын айтқанда, эмиграциядағы түрік топтарын бірлестіру 
мәселесі – саяси мәселе дейді М. Шоқай. Сондықтан да, «оның 
шешілуі шарт-жағдайларға тәуелді» [21, 221 б.]. Ұлттық тәуел-
сіздік үшін күрес ұлттың дербес мемлекет құру мәселесі бол-
ғандықтан  ол  ұлттық  мәдени  бірлік  мәселесімен  шектеле  ал-
майды. Ол қашанда бола беретін нәрсе. Туыстас халықтар бір-
біріне рухани, моральдық, мәдени жақындықтарына байланыс-
ты көмек беріп жататыны табиғи нәрсе. Ол ұлттар арасындағы 
етене байланыстар. Ал сол халықтардың ұйымдарының саяси 
күрестегі  бірігуі,  яғни  белгілі  бір  ұйымдасу  формалары  тек 

84
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
қана  олардың  ішкі  туысқандық  бірлігіне  құрыла  бермейді, 
құрылса  да  саяси  күрестің  сыртқы  жағдайларымен  есепте-
се  отырып  құруға  тура  келеді.  Ұлттың  саяси  дербестігі,  яғни, 
осы  тұрғыда  мемлекеттік  дербестігіне  қол  жеткізуі  басты 
мақсат болғандықтан тек ұлттық бірлік белгісімен құрылатын 
ұйымға кіру алғашқы мақсаттың іске асуына кедергі болмауы 
тиіс. Мысалы «Прометей» майданына кіру ұлты, нәсілі, дініне 
қарамастан Ресейдегі барлық тәуелді ұлттардың тәуелсіздікке 
жету  үшін  күш  біріктіруі  болып  есептеледі.  Ресейге  кіретін 
түрік топтарының бірлігі, сол бірліктің ұйымдық формалары 
мен  іс-бағыттары  «Прометей»  сияқты  геосаяси  ұйымдардың  
іс-бағыттарына қайшы келуге тиіс емес. 
Бұл  ойлар  М.  Шоқайдың  стратегиялық  та,  тактикалық 
мәселелердегі тұрғысының терең де, айқын екендігінің белгісі. 
Осы мәселелерге байланысты ол басқа бір мақаласында сол кез-
де Түркістаннан шетте мұғажыриятта жүрген бұрынғы басма-
шылар деп аталған ұлттық көтерілісшілердің басшыларының 
бірін  мысалға  келтіргені  бар.  Ол  кісі  большевиктерге    қарсы 
ұлттық күресте тек мұсылмандармен бірігу керек деп, мұсыл-
ман  елдерінің  бәрін  дос  көріп  жүріп,  өз  ұлттық    мұратына 
жат күштермен одақтасып қалғанын  өзі де сезбей қалған еді 
дейді.  Ал  ол  кісі  көтерілісшілер  ішіндегі  көзі  ашықтау  деп 
саналатындардың бірі еді деп жазады ол. 
Саяси күресте өз ұлтының жалпы ортақ мүдделерінен баз 
кешпей-ақ  тактикалық  тұрғыдан,  ал  кей  жағдайларда  тіпті 
стратегиялық тұрғыдан да сан алуан күштермен одақтасуға бо-
лады. Ол субъектінің (бұл жерде – халық тұтастығының) таңдау 
еркіндігі.
Аяз Исхаки М. Шоқайды Түрік бірлігі саяси мәселе дегені 
үшін сынайды. Татар мұғажырларының қайраткері түрік бір-
лігі дегенді тек түріктердің мемлекеттік бірлігі  деп қана түсінеді 
екен.  Яғни,  оның  ойынша  М.  Шоқай  барлық  түріктерді  бір 
мемлекет ету жағында  екен. Ал бұл татар мұғажырларының 
тек  мәдени  автономияны  ғана  қолдап  келе  жатқанына  қатты 
соққы  деп  біледі.  Аяз  Исхакидің  айтуынша,  онсызда  барлық 
түрік  топтарын  орыс,  армян  эмигранттарының  тарапынан 
тағылып  жүрген  «пантюркизм»,  кейде  тіпті  «панисламизм» 

85
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
дейтін айыптарға М. Шоқай өзі дәлел тауып беріп отыр екен. 
Эмин  Заруан  дейтін  армян  Аязды  Ресей  түріктерін  Анадол 
түріктерімен қосылуын көздеп  жүр деп айыптаған екен. 
Мәдени  автономия  басқа  үлкен  халыққа  кіріптар  болып 
отырған халықтың дербестікке қарай аяқ басудағы ең алғашқы 
қадамы  ғана.  Өзіндік  рухани  бет-пішінін  сақтап  қалу  үшін 
өз  тілінде  мектептер,  әртүрлі  мәдени  ошақтар,  өз  тілінде  ба-
сылымдар деген сияқты істерге құқығының болуы. Бірақ сон-
дай құқыққа ие болу үшін де, әртүрлі саяси іс-әрекеттерге де 
барған.  Яғни, мәдени істердің де саясаты болады. Мәдени авто-
номия, әрине, дербес мемлекет болудан алыс, тіпті саяси авто-
номиядан да алшақ. Олай болса, саяси дейтін сөзден қорқатын 
ешбір себеп жоқ. 
М.  Шоқайдың  айтылған  еңбегінде  де,  одан  кейінгі  жарық 
көрген «Түрік бірлігі төңірегінде көтерілген орынсыз айтысқа 
орай»  [21,  235  б.]  деген  мақаласында  мәдени  пікір  жары-
сы  мен  дөрекілікке  ұрындыратын  айтыстың  ара  жігін  ашып 
көрсеткен.  Егер  құрметті  Аяз-бей  менің  түрік  бірлігі  саяси 
мәселе дегеніммен келіспей, ол туралы өз пікірін дәлелдермен 
өрбіткенде кәдімгі қалыпты пікір жарысы орын алған болар еді 
дейді  ол.  Оның  орнына  тек  айыптауға,  М.  Шоқайдың  айтқан 
пікірлерінің  өңін  теріс  айналдырып,  бұрмалаушылыққа  жол 
берілген.
М. Шоқайдың мұндағы өзінен де, өзгелерден де күтетіні – 
ой еркіндігінің, сөз бостандығының ең қарапайым, «қалыпты» 
нормалары,  әрбір  пікір  жарысына  қатысушының  өздері  тал-
қылап жатқан нәрсенің мазмұнынан ауытқымауы, яғни, демо-
кратиялық ортадағы мәселелерді шешудегі әрбір адамның дер-
бестігін,  ойы  мен  тұрғысын  құрметтеуі.  Талқыланып  жатқан 
мәселені  былай  қалдырып,  оппонентінің  қадір-қасиетіне 
тиісу әсіресе саяси қайраткерге жараспайтын мәдени деңгейді 
көрсетеді.  М.  Шоқай  Аяз  Исхакидің  бұрынғы  бір  жарияла-
нымында  Палестина  мәселесіне  байланысты  араб  елдерінің 
ауызбірлігін мадақтап жазған екен. Палестина мәселесінің тек 
рухани-мәдени мәселе емес, мемлекет құру мәселесі екендігін, 
сондай  мемлекет  құру  мәселесінде  түрік  бірлігінің  жетіспей 
жатқандығын  өкініш  ретінде  оның  өзі  жазғандығын  да  еске 

86
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
алады. Яғни түрік бірлігінің саяси мәселе екендігін өзі де бұрын 
мойындап  жүріпті.  «Мұстафа  Шоқай  осы  түркішілдік  идея-
сын Түркістан топырағында жүзеге асыруы керек деп ойлады. 
Ең қызығы, ол осы идеяларын ең жемісті түрде эмиграцияда 
дамытты. 1923 жылдың науырызында ол Францияда тұрып де-
путат Жео Жеральдқа түркістандық ұлттық қозғалыс жөнінде 
материал жібереді. Ең алғашқы жолдарында осы орасан зор 
өлкенің  географиялық  суреттемесін  жасап,  кейінгі  жолда-
рында  өзін  біртұтас  Түркістан  идеясының  авторы  ретінде 
көрсетеді» [25].
М. Шоқай Ресей аумағындағы түріктердің барлығы бірігіп, 
бір  мемлекет  құруы  туралы  идеяны  еш  уақытта  айтпаған. 
Және  де  бұл  аумақтағы  түріктердің  бір  мемлекет  түзуі  тіпті 
мүмкін емес деп санаған. Оның идеясы Түркістан түріктерінің, 
әрине қазақтарды да қоса, бір мемлекет құруы еді. Бұл белгілі 
бола тұра барлық түріктерді бір мемлекетке біріктіру туралы 
жалған  идеяны  М.  Шоқайға  таңудың  ешбір  негізі  жоқ  бола-
тын. Егер өз елінің дербестігі туралы ойдың өзі сол елдің сая-
си  қайраткерлерінің  өздеріне  қорқынышты  көрінуі  құлдық 
көңіл-күйдің  олардың  жан  жүйесінде  соншалықты  берік 
орныққандығының белгісі деуге болады.
Түркістан  ұлттық  қозғалысының  негізгі  бағдарламасын 
анықтап,  тактикалық,  стратегиялық  идеяларын  түзу  жо-
лында  да,  әрбір  нақты  практикалық  қадамдарын  іске  асыру 
сәттерінде де М. Шоқайға осындай көптеген тартыстарды бас-
тан кешуге тура келген. Солардың барлығында да оның жан-
жақты білімдарлығы, бүкіл әлемдегі сол кезде болып жатқан 
процесстерді  ой  сарабынан  өткізе  отырып,  солардың  Түркіс-
тан тағдырына қандай қатысы болуы мүмкін екендігін болжай 
алатын керемет ойшылдығы оны ең дұрыс шешімдерге келтіре 
алып жүрді.
Мәдени  автономия  одан  кейінгі  территориялық  сая-
си  автономияға,  әсіресе  дербес  ұлттық  мемлекетке  халықты 
рухани-мәдени  жағынан  есеюді  қамтамасыз  ететін  кезең.  Ол 
мемлекеттік-саяси тәуелсіздік жоқ кезде де жүре бере алатын 
процесс. Бірақ, әрине, мемлекеттік-саяси дербестік оған толық 
жол аша алады.

87
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
Ресейдегі  түрік  халықтарында  осындай  мәдени  процесс 
белгілі дәрежеде жәдит қозғалысы түрінде де іске асқаны мәлім. 
Бірақ, ол қозғалыс мәдени автономия деңгейінде емес еді. Пат-
ша билігі ондай автономияны берген жоқ. Сондықтан да, ол пәр-
менді дами алмады. Ресейге кіріптар орыс емес халықтардың 
ұлттық  қозғалысының  жолбасшыларының  басым  көпшілігі 
мәдени автономия мәселесін қойған күнде де оны, біріншіден, 
қозғалыстың бір өткінші жолы деп қарайтын, екіншіден, мәдени 
автономия идеясын, қозғалыстың түпкі дербес мемлекеттікке 
жету  идеясының  тек  құрамды  бөлігі  ретінде  ғана  көретін. 
Бірақ,  еш  уақытта  оны  ұлттық  қозғалыстың  ақырғы,  соңғы 
мақсаты  деп  білмейтін.  Ресейге  кірген  мұндай  халықтардың 
біразының  мәдени  деңгейі  М.  Шоқайдың  айтуынша,  орыс 
халқынан жоғары болатын. Ол осындай халықтар деп, әсіресе, 
поляктар мен финдерді атайды. Бұлай дегенде ол әсіресе бұл 
халықтардың саяси-мәдени белсенділігін көзге ұстайтын. Оның 
үстіне бұл халықтардың Еуропа елдеріне жақындығы ұлттық 
дербестікке  ұмтылуларына  солар  тарапынан  қолдау  табуын 
жеңілдететін еді. Осындай жеңілдіктердің Түркістан аумағында 
жоқтығы,  халықтың  саяси  мәдениеті  мен  белсенділігінің 
кемдігі  М.  Шоқайды  қатты  қамкөңіл  ететін  еді.  Бұл  оның 
шығармашылығында үнемі көрініп те, сезіліп те отырады.
Бірақ, адамдар жан-жүйесіндегі мәдени-рухани өзгерістер 
халықтың  дербес,  ұлттық  тәуелсіздік  алған  кезеңінде  немесе 
бұрыннан дербес ел болып отырған болса, жәй маңызды ғана 
емес, тіпті бірден бір шешуші факторға айналатын кездері бо-
лады. Ондай өзгерістер бүкіл қоғамдағы әлеуметтік-саяси, эконо-
микалық-практикалық өзгерістердің бастамасына айналады. 
Бұл  жөнінде  М.  Шоқайдың  саяси  ғана  емес,  философия-
лық ойларға құрылған «Ататүріктің реформалары» атты 1939 
жылы  «Яш  Түркістанда  жарық  көрген  мақаласы  айрықша 
мәнді.  М.  Шоқай  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  бас 
кезіндегі  Түркияның  аса  мүшкіл  қалін  суреттей  келіп,  оның 
мешелденуінің  себептеріне  талдау  жасайды.  Бір  кездерде 
Араб  елдерінің  барлығы,  солтүстік  Африка,  Грецияны  қоса 
Еуропаның шығыс жағындағы Балкан өңірі, Қырым мен Кав-
каз сыртын қамтыған Осман империясының 70 млн-дай халқы, 

88
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
6  млн.  шаршы  км.  жері  бар  ел  еді.  ХХ  ғ.  басында  ол  өзіне 
қарасты елдердің бәрінен айрылды. Еуропа елдері, бүкіл батыс 
қарқынды дамып бара жатқанда Түркия бұрынғы ескі жүйенің 
кеселдерінен  шыға  алмаған.  Соғыс  өнері  де  Батыс  елдерінде 
алға кетті, ал Түркия бұрынғы күйінде қала берді. Осыны сезіп 
елін  жаңарту  үшін  оның  кейбір  қайраткерлерінің  бұрын  да 
және  1908–14  жылдарында  жасаған  реформалары  ескі  киімге 
тек  сырттай  жамау  жапсырған  сияқты  күткен  нәтижелерге 
жеткізе  алмады.  «Ал  Түркия  қоғамы  түбегейлі  өзгерістерге 
зәру еді... Ал экономика мен қаржы салалары баяғыда-ақ жат 
қолына өтіп кеткен» [17, 208 б.].
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған шақта жеңілген ел-
дер,  әсіресе,  Түркия  аса  аянышты  халге  түсті.  Ол  жеңген  ел-
дермен  жасасқан  шарттардың  нәтижесінде  жартылай  отар, 
солардың қолындағы ойыншыққа айналып қалды.  Бұғаздарын, 
еуропалық  бөлігіне  де  билігі  шектеліп  қалды.  Осындай  және 
басқада тығырықтардан шығу жолында Ататүрік пен оны жақ-
таушылары құрған ұлттық қозғалыс ұйымы күрестің жаңа ерлік 
дәуірін бастаған еді. «Алайда ұлтты құтқару күресі сыртқы жа-
уды жеңіп, туған жерін азат етумен ғана шектелмейді. Ұлтты 
көтеру  көбіне-көп  ішкі  реформаларға  байланысты  болатын 
да,  реформаның  қарқыны  ұлттың  бойындағы  дерт-дербездің 
қандайлылығына тәуелді еді. Мемлекетті қасіретке душар еткен 
дерт-дербезден құтқаруға бекем бел байлаған адам кез келген 
кедергіні  жеңіп,  алға  қойған  мақсатқа  қарай  батыл  қадамдар 
жасауға тиіс. Ұлт үшін азаттық пен тәуелсіздіктен артық тағы 
қандай қасиетті нәрсе болмақ?
Түркия өз қадір-қасиетінің даңқын қайта көтерді. Түркия-
ны  пұшайман  халге  түсірген  нәрсе  –  оның  мемлекеттік 
құрылымының негізінде  бір берік ұлттық тұғырдың жоқтығы 
еді.  Осы  ұлттық  тұғыр  жолындағы  күрес  «Ұлттық  Анадо-
лы» күресінен де ауыр машақатты еді. Халықты көзге көрініп 
тұрған сыртқы жауға қарсы көтеру көзге көріне бермейтін әдет-
ғұрып,  салт-сана,  ұғым  мен  танымға  орнығып  алған  «жауға» 
қарсы көтеруден әлдеқайда жеңілге түсетіні белгілі. Күні өткен 
көнеліктер  жойылмайынша,  оның  орнына  жаңа  нәрселерді 
орнатуға болмайды» [17, 208 б.]. Ұлы адамның осы жазғандары 

89
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
тап  қазіргі  Қазақстанның  басынан  кешіп  отырған,  әлі  де  ба-
сынан  өткеруге  тиіс  жағдайлары  мен  міндеттерін  суреттеп 
отырғандай!  Әрине,  біздің  тарихи-әлеуметтік  күйлерімізде 
кейбір  өзгешеліктер  бар,  бірақ  мәселелердің  түпкі  мәні  тап 
сондай. Ататүріктің өз халқына деген қалтқысыз сүйіспеншілігі 
туралы айта келіп, М. Шоқай нағыз еліне берілгендік жөнінде 
мынандай  ойды  айтуды  жөн  көрген:  «Өз  халқын  сүю  деген 
сөз оның бойындағы кемшіліктерін, жаман, жат қылықтарын 
да  сүю  дегендікті  білдірмейді.  Ататүрік  Түркия  халқының 
бағытын өзгертті. Оның реформалары Түркия тарихының жаңа 
бетбұрысына қызмет етіп, оның табыстан табысқа жете беруіне 
кепілдік  беретіні  шүбәсіз»,  –  дейді  ол.  Осы  реформалардың 
алғашқы оң нәтижелер бергені жөнінде ол бұл жарияланым-
нан сәл бұрынырақ «Яш Түркістанның» 108 санында-ақ айтқан 
еді.  Оның  берген  бағасы:  «Ататүрік  басшылық  еткен  соңғы 
он жылдық реформа барысында ешбір ел бастан кешірмеген 
Түркияда қол жеткен оңды өзгерістерді, бәлкім, дүниежүзінде 
ешбір  ел  бастан  кешірмеген  шығар.  Бұл  реформалар  елдің 
сыртын  ғана  емес,  ең  бастысы  ішін,  түрік  халқының  таным-
түсінігін, ойлау жүйесін өзгертті» [21, 199 б.].  
Түркістан  мен  Алаш  ұлттық  қозғалысында  ұлт  азатты-
ғына  байланысты,  оның  әсіресе  келешегі  жөніндегі  түбегейлі 
концепциялық  мәселелерді  көтеріп,  қалам  тартқандардың 
ішінде Ә. Бөкейхан мен М. Шоқай екеуі айрықша көзге түседі. 
Большевиктер  билігінің  ауқымында  қалған  Ә.  Бөкейханның 
кейінгі  жылдары  қандай  мәселеден  қандай  көзқарастарды 
ұстанғаны  жөнінде  біз  білмейміз.  Көзқарастарын  білдіруге 
олардың  мүмкіндігі  болған  жоқ.  Тек  осы  кезеңге  дейінгі 
олардың  көзқарастары  көп  мәселелерде  бір  арнада  болға-
нын  білеміз.  Шет  елдердегі  жарияланған  басылымдарында                                             
М. Шоқай Ә. Бөкейханов жөнінде үнемі аса құрметпен бағалап, 
кеңес баспасөздерінде оған жабылған өрескіл жалаларға тойта-
рыс беріп, қорғап отырған. 
Бұрын  да  басқа  бір  мәселелерге  байланыста  айтып 
жүргендей олардың өз елінің келешегін, халқының басқалармен 
терезесі тең, дербес, тәуелсіз мемлекет құруының қай жолмен 
кетуі  керек  екендігі  жөніндегі  олардың  бағыты  батыс  демо-

90
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
кратиясы  болғандығы  шүбә  туғызбайды.  Бұрынғы  шығыстық 
саяси,  мемлекеттік  жүйелер  ұлтты  ұшпаққа  жеткізбейді. 
Мемлекетті  басқару  түптеп  келгенде  халықтың  өз  қолында 
болуға  тиіс.  Билік  халықтың  еркіне  бағынышты,  сайланып 
отыратын,  белгілі  мерзімде  ауысып  отыруға  тиіс.  Байырғы 
Түркияны  мешелдеткен  де  оны  ескі  билеу  жүйесі  болатын. 
Ататүрік оны батыс демократиясына қарай бұрды. 1939 жылғы 
«Яш  Түркістанда»  басылған  «Халықаралық  өмірден»  деген 
мақаласында  М.  Шоқай  осы  жөнінде  былай  деп  жазды:  «Біз 
барлық тіндермен Азияға байланғанымызға және жүзбе-жүз» 
азиялық болғанымызға қарамастан, Еуропа жөнінде көп айта-
мыз. Және Еуропаға қарай «бет бұрып» отырмыз. Неліктен со-
лай? Жауап: Олай болатын себебі, бізге тепкі көрсетіп отырған 
ұлттық  жауымыз  Ресей  (кешегі  патшалық,  бүгінгі  кеңестік, 
ертең қандай атпен шығарын құдай білсін) Еуропада, сондай-
ақ  біздің  отанымыз  бен  халқымызға  шынайы  жанашырлық 
танытатын  жақын  достарымыз  да  Еуропадан  табылып  отыр. 
Сондықтан азиялық бола тұра, біздің тағдырымыз Еуропамен 
байланысып жатыр» [21, 223 б.].
Ә. Бөкейхан да, М. Шоқай да батыс, немесе Еуропа демо-
кратиясы  дегенде  оны  тек  батысқа  ғана  тән,  шығыс  адамын-
да  бола  алмайтын,  болуға  тиіс  те  емес,  шығыстың  болмысы-
на  алаңсыз  жат  қасиет  деп  ойлаған  емес.  Және  демократия-
ны  жеке  адамның  коллективизмге  жау  өзімшілдігін  ғана 
күйттейтін жүйе деп түсінген емес. Ол тым жабайы ойлаудың 
үлгісі болған болар еді. Олар жеке адамның жекелігін мақрұм 
ететін  жүйелерді  жақсы  білді,  соның  зардабын  өздері  де 
халқының әрбір азаматының тартып жатқанын біледі. Олардың 
ең  негізгі  көңілде  түйген  нәрсесі  –  ұлт  азаттығы  демократия-
сыз  бола  алмайды.  Ататүрік  реформалары  түрік  халқының 
таным-түсінігін,  ойлау  жүйесін  өзгертті»  дегенде  М.  Шоқай 
оның  ойлау  үрдісінде  демократиялық  құндылықтардың 
орныға  бастағандығын  айтып  отыр.  Ондай  ойлау  жүйесінің 
орнығуы сол реформалардың нығаюының шарты деп түсінеді. 
«Мұстафа Шоқайға Алаш қозғалысының соңғы жетекшісі деп 
айтуға болады. Ол өзінің саяси ұстаздары, Алаш қозғалысының 
құрылтайшы жетекшілері большевиктердің қысымына тап бо-

91
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
лып түрмелерге қамалып, кейін атылып кеткеннен соң, Алаш 
туын  шетелдерде  көтерді.  Сонымен  қатар  Түркістан  автоно-
миясына да Алаш қозғаласының бір тармағы деп қарау керек. 
Өйткені Ташкент және Қоқандағы саяси іс-қимылдарға Шоқай 
өзінің  жеке  инициативасымен  емес,  қайта  Бөкейхановтардың 
нұсқауы  бойынша  араласып  атсалысты.  Өйткені  ол  кезде 
қазақтар Түркістан деп атаған әкімшілік аймақтағы облыстар-
да  қазақтардың  жарымынан  астамы  өмір  сүретін.  Демек  бұл 
қазақтардың құқығын қорғау да, әрине, Алаш мұраты» деп жа-
зады Әбдуақап Қара  [26]. 
М.  Шоқай  Түркістандағы,  Қоқандағы  іс-қимылдарын 
өз  инициативасымен  емес,  Бөкейхановтардың  нұсқауымен 
атқарды  деген  Ә.Қараның  пікірі  оның  дербес  қайраткерлігін 
төмендету деп есептейміз. Бұл тым анайы тұжырым. 
Ендеше  демократиялық  құндылықтар  белгілі  бір  халық-
тардың  бір  мөлдек  еншісі  емес,  олардың  биологиялық  таби-
ғатының  қасиеті  емес,  жалпы  адамзатқа  тән,  тіпті  адамның 
адамдығының  белгісі,  өйткені  демократия  қоғамдық  жүйе 
түрінде  адамдар  еркіндігінің  болмыстық  іске  асу  формасы. 
Адамдардың адамдық мәніне неғұрлым сәйкес келетін форма.
Ататүріктің  реформаларына  оң  баға  беруде  М.  Шоқай 
туысқан  халықтың  тарихи  жетістіктеріне  қуану,  сүйсінумен 
қатар  сондай  өзгерістерді  енгізудің    тәжірибесі  келешек 
Түркістанда  болуға  тиіс  реформаларға  да  белгілі  дәрежеде 
үлгі  бола  алады  деген  ойға  бейім  Алаш  көсемдері,  мыса-
лы  Ә.  Бөкейханның,  әсіресе  М.  Шоқайдың  шығармаларында 
көрінетін,  бірақ,  бірінші  кезекте  айтыла  бермейтін  мәселенің 
екінші жағы: осы – халық сыртқы тәуелділіктен босап, дербес 
мемлекет құрудағы оның түрі, формасы, оны құрудың жолда-
ры,  мемлекеттің  ішкі  құрылымы,  ондағы  жеке  азаматтардың 
алатын  орны.  Осы  жөнінде  оның  қалай  ойлайтындығы  жал-
пы алғанда демократиялық бағытта екендігін бұрыннан айтып 
келеміз.  Алайда  ұлттық  дербестікке  жеткеннен  кейін  қандай 
іс-шараларды  іске  асыру  керек,  қандай  өзгерістер  бірінші 
қатарда тұру керек екендігі олардың алдында әлі тұрған жоқ 
еді.  Біз  нақты  білетін  бір  ғана  нәрсе  –  Алаш  партиясының 
бағдарламасы,  ондағы  келешек  Құрылтай  мәжілісінің  Ресей 

92


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал