Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет6/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.2 М. Шоқай«Мәдени автономия», ұлттық 
суверенитет идеяларының арақатынасы және «халық», 
«ұлт» ұғымдары мен адам құқықтары проблемасының 
философиялық негіздері 
М. Шоқайдың жалпы дүниеге көзқарасында материалдық, 
экономикалық  қатынастар  мен  жағдайлар  адамның,  жал-
пы  қоғамның  санасын,  жан  дүниесін  бірден-бір  анықтайтын 
фактор  емес.  Әрине,  адамдар  өміріндегі  олардың  тұрмыс 
жағдайлары  мен  әл-ауқаттық  күйінің  маңызын  ол  теріске 
шығармайды. Бірақ, ол халық пен ұлттың қалыптасуының, та-
рихи дамуының түпкі себебі емес. Халық пен ұлттың, жалпы 
адамдардың рухани пішінінің, басқа халықтардан өзгешелігін,  
қандай құндылықтарды ұстанатынының шығар көзін оның ой-
ынша экономикалық жағдайлардан таба алмаймыз, яғни, со-
лар арқылы түсіндіре алмаймыз. 
Керісінше, ондай жағдайлар қаншалықты маңызды болға-
нымен  олардың  өзінің  жалпы  сипаты,  адамдар  үшін  мән-
мағынасы сол адамдардың өмірлік мағынасын құрайтын руха-
ни құндылықтарына тәуелді. Адамдардың ой жүйесінде берік 
орын  алған  түбегейлі  құндылықтар  қандай  болса,  олардың 
материалдық өндірісінің мән-мағынасы да сондай болады. 
Материалдық  өндірістің,  техниканың  біршама  жоғары 
дамығандығына қарамастан түпкілікті рухани құндылықтары 
божыраған,  соның  нәтижесінде  әлеуметтік,  моральдық 
бірліктен  айрылған  халықтар  тап  осы  себептерден  өзінің 
тәуелсіздігінен  айрылып  жататындығы  тарихтан  белгілі. 
Ертедегі Греция сол дәуірдегі ең дамыған халық бола тұрып, 
ортақ  құндылықтарынан  баз  кешіп,  өзара  жауласатын 
көптеген  ұсақ  мемлекеттерге  айналды.  Олардан  әлдеқайда 
төмен  тұрған,  бірақ  іштей  берігірек  Рим  оны  жаулап 
алды.  Көп  ғасырлардан  кейін  әлуетті  Рим  империясы  да 
соны  басынан  кешті.  Римдіктер  варварлар  деп  есептеген 
тайпалар  мен  халықтар  ол  империяны  күйретті.  Әлемге 
шексіз  билік  жүргізуге  сүйрейтін  империялық  құндылық 
басқа  да  империяларды  құрдымға  құлатты.  Көк  түріктердің 
де,  Османдықтардың  да  биліктері  осылай  ыдырады.  Яғни, 

73
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
олардың  барлығының  күйреуінің  себебі  материалдық  тех-
никалық күштің жетімсіздігінен емес, рухани бірліктің негізін 
құрайтын  құндылықтың  әлсіреп,  өшуінен  еді  деуге  болады. 
Рухани құндылық, егер ол тұтас бір халық адамдарының түпкі 
не үшін өмір кешіп, қалай сол өмірді ақтай алатын нәрсесіне 
айналатын  болса,  ол  халықты  ұлт  деңгейіне  көтеретін  күш. 
Әртүрлі ұлыстар мен руларға, тағы әртүрлі топтарға бөлініп 
келген,  яғни  әлі  де  ыдыраңқылығы  басым  халық  осындай 
олардың  мүшелерін  баурап  алған  құндылықпен  біріге  алса, 
ол  берігірек  тұтастыққа  келіп,  ұлт  деңгейіне  көтеріледі.                                                                                                                         
И.  Канттың,  И.  Г.  Фихтенің  халық  және  ұлт  жөнінде  айтқан 
ойлары осыған ойысады. Ол туралы бұрын айтылған. Олардың 
ойларына сілтеме жасағанда М. Шоқай әсіресе халықты И. Кант 
та, И. Фихте де әлі өзіне өзі толық ие емес, объект деңгейіне 
жақын құрама ретінде көретіндігін айтады. Халық біртұтас бір 
субъект  ретінде  өзін  өзі  толық  басқара  алмайды.  Оның  жеке 
ұлыстары мен топтары  әлі әлдеқайда дербестікте, солар өзін өзі 
біршама басқарып жататын құрамалар. Ұлт – халықтың тұтас 
дербестікке  дайын  субъектілік  қалпы.  Ол  –  тарихи  дамудың  
белгілі  бір  деңгейі.  М.  Шоқай  осы  ойларды  жақтайды.  Бұл, 
бірақ, халықтың материалдық жағдайының, техникалық, тіпті 
ғылыми жетістіктерінің де деңгейі емес. Ондай деңгей, ондай 
жетістіктер кейде жоғары болуы да мүмкін. Ондай жетістіктер 
халықтың  біртұтас  субъект  болуының  оңтайлы  шарттары 
болуы  мүмкін,  солай  болады  да.  Дегенмен,  олар  халықтың 
ұлтқа айналуының ең шешуші шарттары емес. 
Ең шешуші шарттары ретінде М. Шоқай халықтың барлық 
өкілдеріне,  топтарына  бірдей,  оларды  жаппай  еліктіре  ала-
тын,  жұмылдыруға  әкелетін  мақсаттар  болуы  керек,  сондай 
мақсаттарды  айқындайтын  ұлттық  сана  қажет  деп  есептейді. 
Әртүрлі  халықтардың  нақты  әртүрлі  тарихи  жағдайларына 
сай  ондай  мақсаттар  да  әртүрлі  бола  беретіні  хақ.  Басқа  бір 
мемлекетке, халыққа тәуелді болып қалған халықтар үшін ең 
басты мақсат кіріптарлықтан құтылу, дербестікке қол жеткізу 
болатыны табиғи нәрсе. 
М.  Шоқайдың  «...ұлттық  еркіндік  пен  азаттыққа  талпы-
ну  табиғаттың  болмай  қоймайтын  заңы  тәрізді  нәрсе»  де-

74
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
ген  ойы  [21]  И.  Канттың,  одан  да  бұрынырақ  Ж.Ж.  Руссоның 
еркіндік адам баласының туа бітті қасиеті екендігін дәлелдеуге 
бағытталған концепциясымен үндес. Және бұл оның осы кон-
цепциямен  жақсы  таныс  екендігін  білдіреді.  «Адам  еркін  бо-
лып туады, бірақ барлық жерде ол құрсауда» – дейді мысалы 
Руссо [22]. Ал ол, адам, тумысынан еркін болса, еркіндікті аңсау 
оның жан дүниесінің түпкі мұқтаждығы. Бұл адамды бүкіл жа-
нуарлар дүниесінен оқшау етіп тұрған қасиет. Жануарлардың 
өмірлік  мұқтаждықтары  организмнің  тіршілікке  ғана  қажет 
нәрселерімен  шектеледі.  Еркіндік  организмнің  витальдық 
қажеттіліктерінен жоғары, ол тіпті витальдық ұмтылыстардың 
бәрін  де  өзіне  бағындырады.  Егер  витальдық,  биологиялық 
тіршілік  жеткілікті  дәрежеде  қамтамасыз  етілсе,  жануар 
басқа нәрсеге ұмтылмайды. Ал адам егер ол құлдықта болса, 
еркіндікке  жету  жолында  витальдық  қажеттіліктерін  құрбан 
ете  алады.  Яғни,  адам  үшін  еркіндік  ең  жоғарғы  құндылық. 
Руссоның қоғамды, мемлекетті, (ал ол үшін бұл екеуі бір нәрсе) 
алғашқы табиғи ерікті адамдардың өзара келісімінің туындысы 
деп қарайтын ұстанымын қолдай отырып, И. Кант оны саяси 
теория дәрежесінен метафизикалық деңгейге көтерді. Еркіндік 
адамдардың  тума  қасиеті  деген  түсінікті  Кант  оны  адам 
зердесінің түпкі, ешбір тәжірибеден тумайтын, қандай да бол-
са тәжірибеден бұрын зердеде бар ұғымы екендігін көрсетуге 
тырысты. Яғни еркіндік зерденің априорлық  ұғымы. Адамдар 
осы ұғым бойынша іс-әрекет етіп, өзінің барлық қатынастарын, 
құрылымдарын,  қоғам  мен  мемлекетті,  ойлау  жүйесін, 
принциптері,  талаптары  мен  мақсаттарын,  әдет-ғұрыптарын 
еркіндік идеясының негізінде түзеді. Алғашқы қауымдасудың өзі 
осы еркіндік идеясы арқылы пайда болған. «Еркіндік (басқаның 
мәжбүрлейтін  ырқына  тәуелсіздік),  –  дейді  Кант,  –  әрбір 
адамның басқалардың да жалпы заңға сәйкес еркіндіктерімен 
үйлесімді болғандағы оның адамзат баласына тән ең алғашқы 
құқығы. Сенің өзің басқаларға қаншалықты міндет арта алсаң, 
басқалардың  да  саған  тек  сондай  міндеттер  арта  алатындығы 
–  бұл  алғашқы  табиғи  тума  теңдік,  немесе  тәуелсіздік,  яғни 
адамның  өз  қожасы  өзі  болу  (sui  iuris)  [23].  Табиғи  құқық 
идеясын  ұсынып,  кезінде  өрбіткен  француз  ойшылдарының 

75
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
көзқарастарына  ұқсастығына  қарамастан  Канттың  бұл  ойы-
ның өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Еркіндік идеясын Кант 
адамның организмдік, биологиялық белгісі демейді. Оның ой-
ынша еркіндік зерденің мәнін құрайтын ұғым. Зерде еркіндік-
тің заңымен ғана әрекет етеді. Зерде сол заң бойынша белгілі 
идеяны таңдайды, ол – игілік идеясы. Игілікті әрбір адам, әрбір 
адамдар  қауымы  өзінше  түсінетіндіктен,  басқаша  айтқанда 
олардың нені игілік деп санайтындығы әртүрлі болатындықтан 
жеке адамдар мен қауымдықтардың ойлау үрдісі, бағыты, си-
паты әртүрлі, әрі өзгеріп жататыны да табиғи. Әр халықтардың 
мәдениетінің  кейде  көзге  бірден  түсетін  ерекшеліктері  осы 
игілік  идеяларының  әртүрлі  болып  келетіндігінде.  Қазіргі 
тілмен айтқанда олардың ұмтылатын құндылықтары саналуан.
Өзінің  «Ұлттық  зиялы»  мақаласында  М.  Шоқай  осы  са-
рындас  ойларды  айтқан.  Оның  «Шығыс  зердесі»  хақындағы 
көзқарасы Канттың «игілік идеясына» жақын. Сол мақаладағы 
Кант пен Фихтенің халық және ұлт туралы қағидасына сілтеме 
жасай  келіп,  ол  ұлт  зиялысы  мен  халқымызды  біріктіре  ала-
тын осы «Шығыстық зерде» немесе «Шығыс рухы» дейді. Бұл 
ұғымдардың  мәнін  ашып  жату  мақаланың  міндетінен  алыс-
татып  жіберетіндіктен  оған  қазір  тоқтала  алмаймыз  дейді 
ол.  «Біз,  әрине,  бұл  арада  «Шығыс  рухы»  дегеннің  ғылыми, 
философиялық  мағынасына  тоқталып  жатпаймыз.  Біздің 
бүгінгі  күресіміз  үшін  осы  «шығыс  рухы»  «ұлттық  рухымыз» 
болуын  және  біз  қызметін  атқарып,  тілеуін  тілеп  жүрген 
халқымыздың  тұла  бойын  осы  шығыс  рухы  кернеп  тұрғанын 
білуіміз жеткілікті»-деп жазады [17, 177 б.]. 
Әрине, М. Шоқайдың «шығыстық зерде», «шығыстық рух» 
деген  ұғымдарды    қандай  мағынада  айтқанын  біз  де  дәл  ба-
сып айта алмаймыз. Бірақ, шығыстану, түріктану саласындағы 
әдебиеттермен  кеңінен  таныс,  Кант  пен  Фихте  ғана  емес, 
француз  ойшылдары  Вольтер,  Руссо  т.  б.  шығыс  туралы 
пайымдауларын  жақсы  білетін  ол  шығыс  адамының  өзінің 
қауымдастығына,  сондағы  ортақ  құндылықтарға  берігірек 
сабақтасқандығы  оларды  Жаңа  дәуірдегі  батыс  адамынан 
әсіресе өзгеше етіп тұратынын ол көзге ұстады деп ойлауға бо-
лады. Бұл әсіресе ру-тайпалық туыстық бірліктің құндылығын 

76
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
ұстанып  келе  жатқан  қазақтарға  тән.  Түркістанның  басқа 
ұлыстары да одан алыс емес еді. 
М.  Шоқайдың  да,  жоғары  аталған  батыс  ойшылдарының  
тұрғысынан  қандай  бірлікте  болса  да,  ол  адамдардың  да  өз 
таңдауы.  Өйткені,  еркіндікке  ұмтылу  табиғаттың  болмай 
қоймайтын заңы тәрізді нәрсе болса, онда: біріншіден, еркіндік 
табиғаттың заңы емес, тек сол сияқты құбылыс; екіншіден, ол 
адам болмысының түпкі заңы. Еркіндік табиғаттың заңы болса, 
онда ол адамдар еркінен тыс, оған бағынбайтын процесс болған 
болар  еді.  М.  Шоқайдың  айтуы  бойынша,  ұлт  болу  сондай 
бірліктегі адамдардың өз мекемелеріне өзі ие, өзін-өзі басқара 
алатын,  өз тағдырын  өзі анықтай  алатын  адамдардың  бірлігі. 
Бұрын  да  айтқанымыздай  ұлт  басқаларға  тәуелді  болмаған, 
бірыңғай  мүддесі  бар  халықтар  жиынтығы.  «Философияның 
тұжырымдауынша,  халық  –  объект  (object),  ұлт  –  субъект 
(subject)» [17, 176 б.].
М. Шоқайдың түсінуінше халықтың ұлт деңгейіне көтеріл-
уі оны біртұтас субъектіге айналдырады. Яғни, жеке адамның 
да тек басқаның басқаруымен ғана жүре алатын қалпынан өз 
мәселелерін  өзі  шешетін,  өзінше  әрекет  ете  алатын  деңгейге 
шығып, дербес тұлға болатындығы сияқты көп адамдарды, топ-
тарды қамти отырып, халықтың да жеке тұлға бола алатынды-
ғын көрсетеді. «Дүние жүзінде, – деп жазады М. Шоқай, – зия-
лыларсыз  ұлтқа  айналған  саяси,  әлеуметтік  халық  бұқарасы 
бірлігі  ешқашан  болған  емес.  Сондай-ақ  халық  бұқарасынан 
қолдау көрмеген жағдайда зиялы қауым ештеңе істей алмай-
ды. Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни, оны жат үстемдіктің 
тепкісінен  құтқарып  өз  мекемелеріне  ие,  тәуелсіз  бір  жеке 
тұлғаға айналдыру сынды негізгі мақсатқа жету үшін ұлттық 
зиялы  қауым  мен  ол  өзі  тән  болып  отырған  халық  бұқарасы 
арасында бір ортақ сана болуы тиіс. Міне осы сананы айқындау, 
яғни  халық  тілегін  дұрыс  және  анық  бір  формаға  келтіру, 
аталған мақсатқа жету үшін іс пен әрекет бағдарламасын жасау 
зиялылардың міндеті» [17, 176 б.]. Мұстафа Шоқай мұрасында 
«зиялылық» немесе «ұлт зиялысы» тақырыбының алатын орны 
ерекше.  Қайраткердің  зиялылардың  басты  міндеті  «халқын 
ұлт  деңгейіне  көтеру»  деген  тұжырымы  бүгінгі  уақытта  да 

77
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
өз  өзектілігін  жойған  жоқ.  Өткен  ғасырдың  30-шы  жылда-
ры  жасалған  бұл  тұжырымды  біз  бүгін  қандай  тұрғыдан 
түсінгеніміз жөн? Біз XX ғасырда ұлы державалық күштермен 
идеологиялық күресте бір емес, бірнеше мәрте жеңіліс таптық. 
Мұны  жасырудың  қажеті  бола  қоймас.  Сол  жеңілістердің  ең 
зоры,  әрине,  1917  жылғы  желтоқсандағы  Алаш  автономиясы 
аталған  (ал  жалпы  Түркістан  жағдайында  Түркістан  (Қоқан) 
автономиясына)  ұлттық  мемлекеттік  үшін  күресте  алаш  зия-
лыларына тиесілі қолдау көрсете алмағандығымыз.
М. Шоқайдың «халқын ұлт деңгейіне көтеру» зиялылардың 
міндеті деген тұжырымы мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткен 
уақытта жаңа сипат алған идеологиялық күрес жағдайында өз 
күшін жойған жоқ. Ұлт зиялысы үшін мемлекеттік тәуелсіздікті 
жақтаушы,  әрі  оны  нығайта  түсу  жолында  тұрған  күштерді 
қолдау негізгі міндет болып қала береді. 
Еркіндік  пен  субъектіліктің  әртүрлі  қалыптары  мен  дең-
гейлерін  түсіну  автономия,  ұлттық  мемлекеттік  тәуелсіздік, 
мәдени автономия мен саяси-территориялық автономия сияқ-
ты деңгейлерді анықтаудың түпкі философиялық негіздері бо-
лып саналады. Философия тарихында өзін философ ретінде са-
намаса да, оларды алғашқы осы дәрежеде қарастыра бастаған 
Ж.Ж.  Руссо  еді.  Оны  философия,  метафизика  тұрғысында, 
яғни, ақырғы бастаулар жағынан зерттеуді неміс классикалық 
философия өкілдері іске асыра бастады. ХVIII ғасырдағы фран-
цуз  ойшылдарының  көпшілігі  ойлағандай  неміс  ойшылдары 
да  негізінде  еркіндікті  адамдар  дүниесін,  тарихты  түсінудің 
кілті, іс-әрекеттерінің субстанциясы деп қараған. Бұл шынында 
сол кездегі ақыл-ойдың биік жетістігі еді. «Адамзат табындық 
қалыптан рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық бірлікке дейінгі 
жолдан өтеді. Біздіңше этнос дамудағы құбылыс болғандықтан 
оларды  біріктіреді.  Сондықтан,  ұлт  пен  этнос  ұғымдарын 
ажыратудың  қажеті  жоқ.  Ұлт  әзірше  этностық  дамудың  ең 
биігі,  бірақ  ақырғы  деңгейі  емес.  Қазірде  бүкіл  әлемде  және 
біздің суверендік Қазақстанда ұлтты «азаматтандыру» процесі 
жүріп  жатыр.  Сондықтан  қазіргі  ұлттық  саясатты  жүргізуде 
және мәдениеттік құрылымда осыны ескеріп отырған жөн», –
дейді М.З. Изотов [24]. 

78
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Өз  халқының  еркіндігі  мен  азаттығы  үшін  бүкіл  өмірін 
жұмсап  жүрген  Алаш  жолбасшыларының,  солардың  ішінде 
Еуропаның  саяси,  мәдени  орталығының  бірегейі  Париждегі 
қайнаған  тартыстардың  ортасында  жүрген  М.  Шоқай  осын-
дай идеяларды жан-тәнімен қабылдай алды деп айтуға болады 
және бұларды Түркістан азаттығы қозғалысына тиімді пайда-
лана білді.
Еркіндік  идеясын  таза  практикалық  зерденің  түпкі  прин-
ципі немесе идеясы дегенді М. Шоқайдың қоштайтыны қолай-
лы жағдайлар туған кездерде азаттыққа ұмтылу өзін міндетті 
түрде  көрсетеді  деген  тұжырымынан-ақ  байқауға  болады. 
Өйткені  зерденің  терең  түкпірінде  ол  белгілі  бір  тәжірибе 
жинақтаудың  нәтижесінде    пайда  болмайды.  Еркіндік  идея-
сы тәжірибенің  нәтижесі емес керісінше,  тәжірибенің  өзі сол 
идеяның көріну түрі, оның іске асу формасы. Өйткені, зерденің 
табиғаты  сондай.  Сондықтан  да,  ол  априорлық.  Зерденің 
табиғаты  сондай  деген  сөз,  адамның  табиғаты  сондай  деген 
сөз.  Олай  болса  зерденің,  яғни,  адамның  қандай  болатынын 
ешбір сыртқы жағдай анықтай алмайды. Өзінің қандай болу-
ын  зерде,  адам  қашанда  өзі  анықтайды.  Құлдықты  қабылдау 
да  Зерденің,  немесе  адамның  өз  шешімі.  Ол  шешім,  әрине, 
қате,  теріс  шешім  болуы  мүмкін  және  көп  жағдайда  солай 
болып  жатады  да.  Ол,  мысалы,  өзінің  тірі  қалуы  үшін  адам-
зат үшін ең бағалы, ең қымбат нәрселерді құрбан етуі мүмкін. 
Бұл, сөз жоқ, адамгершіліктің деңгейінен төмен шешім. Бірақ, 
жоғарыда  айтылған  ойдың  мәнісі  мұндай  шешімді  ақтау 
емес, басқа түйін. Оның мәнісі – жақсы шешім болсын, жаман 
шешім болсын, адамның өз еркінен туындайды. Оны сыртқы 
жағдайлардың  мәжбүрлеуінен  деп  ақтауға  келмейді.  Қандай 
іс-әрекеті болса да, оның бірден-бір себебі, авторы, субъектісі 
адамның  өзі  деп  қаралып,  жауапкершілік  өзіне  артылады. 
Ешбір сыртқы жағдайлар оны ақтай алмайды. М. Шоқайдың 
жоғарыда  айтылған  сөзі  осы  мағынаны  ғана  білдіре  алады. 
Адамдардың бостандыққа ұмтылысы, олар оны саналы түрде 
жасай ма, немесе тіпті бейсаналық қалыпта болса да олардың 
түпкі  табиғатынан  туындайды.  Нені  болса  да,  олар  өздері 
қалау  керек.  Кеңес  дәуіріндегі  сияқты  ең  бақытты  заман  деп 

79
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
қаралған  коммунизм  дегенге  күшпен  мойындатуға  тыры-
су да бақыт дегеннің не екендігін адамдар өздері шешу керек 
екендігін көрсетті. Мағынасы жақсы деуге келетін нәрсенің өзі, 
егер ол зорлықпен енгізілетін болса, адамдардың өз еркімен, өз 
зердесімен санаспау, оларды адам ретінде жоюға ұмтылу бо-
лып шығады. Яғни, ол дүниедегі ең жаман нәрсеге айналады. 
Басқаша  айтсақ,  жалпы  адамның  түпкі  мәні  (сущность) 
еркіндік дегенді айтқанда оны жеке адамға ғана қатысты деу, 
әрине, қате. М. Шоқай ол ұғымды ең алдымен халық пен ұлтқа 
қатысты  қарайды.  Ол,  әрине,  түсінікті.  М.  Шоқайдың  ұлт 
тағдыры,  ұлттың  өзін-өзі  билеуі,  өз  тағдырын  өзі  анықтауға 
құқығы туралы айтқандарының астарында да осындай идеялар 
жатыр. Олар да әр халықтың, оның өкілдерінің еркін, дербес, 
өз мәселелерін өзі шешу керектігі ешбір сыртқы жағдайлармен 
анықтала  алмайды.  Қандай  да  болмасын  әлеуетті  жағдайлар 
жеке адамды, халықты сол жағдайларға құл болуға міндеттей 
алмайды.  Бұл  жерде  міндет  немесе  моральдық  борышты 
мәжбүрліктен  ажырату  қажет.  Олардың  айырмашылығы 
айқын  болса  да  өмірде,  ол  кейде  теориялық  еңбектерде  де 
екеуін  шатастырушылық  болып  жатады.  Мысалы,  Түркістан 
халқының  Ресей  отаршылығына  түсіп  қалуы,  мысалы,  оны 
өздеріне  бір  міндет  не  борыш  санағандықтан  емес  екендігі 
белгілі. Ол – мәжбүрлік.
Күш құқық туғызбайды, – дейді Ж.Ж. Руссо. Яғни, сыртқы 
күшке бағыну моральдық немесе құқықтық борышқа жатпай-
ды.  Басқаға  үстемдік  ету  де  үстемдік  етушінің  құқығы  бола 
алмайды. Әрбір адамның  о бастағы еркіндігінен олардың тек 
тең жағдайдағы өзара келісімі бойынша ғана қоғам, мемлекет, 
қауымдастық  құрала  алады.  Тең  қатынастар  құрылған  кезде 
ғана адамдар арасында өзара міндеттілік, борыш, құқық т. б. 
пайда болады. Осындай – саналы түрде ме, бейсаналық деңгейде 
ме бәрібір – тең жағдайда ғана борыштылық пен міндет бәріне 
бірдей  болғандықтан  заңды  күшке  ие.  Және  ол  әркімнің  де 
еркіндігін  жоғалтпайды.  Өйткені  ол  міндеттер  мен  борыш-
тар қауымға кірген адамдардың бәрінің ортақ қосынды ырқы. 
Оны  олардың  әрқайсысы  өз  еркімен  қабылдаған.  Руссоның 
айтуы бойынша әрбір қауым мүшесі ортақ ырыққа (тәртіпке) 

80
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
бағынғанда  басқа  біреудің  емес,  тек  өзі  өз  ырқына  бағынады. 
Сондықтан да, адамдар құлдықты да өз еркімен қабылдай ала-
ды.  Яғни,  кейде  өзінің  түпкі  табиғатынан  баз  кешіп,  бір  бол-
машы мақсаттар үшін өзінің түпкі мәнін соларға жетуге құрал 
етеді.  Ендеше  құлдықтың  өзі  де  еркіндіктің  туындысы  екен, 
өйткені, оны да адам өз ықтиярымен қалай алады. Соның бір 
мысалы  ретінде  М.  Шоқай  «Орыс  империализмі  хараб  бол-
сын»  деген  мақаласында  Бақытжан  Қаратаевтың  әрекеттерін 
келтіреді. «Түркістан бойынша орыс өкіметінің мұғажыр сая-
сатын  жақтап  шыққандардың  арасында  Бақытжан  Қаратаев 
айрықша көзге түсетін еді. Сталин мен Кривошеиндерді және 
олардың тонаушылық саясатын мақтап-марапаттап жазған да 
сол  имансыз  Бақытжан  болатын.  Түркістан  далаларына  орыс 
үстемдігін  алып  келген  Әбілқайыр  әулетінен  екенін  алға  тар-
тып «қазақ-қырғыздарды татар саудагерлерінің жемі болудан 
құтқару  үшін  олардың  атамекендеріне  орыс  крестьяндарын 
әкелу  процесінің  тездетілуін»  сұрап  Ресей  патшасына  өтініш 
жасаған да осы қара бет Қаратай еді» деп жазды ол [21, 232 б.].
Б.  Қаратаевтың  осындай  қадамдары  бір  мәжбүрліктен 
емес екендігін ол сол мақаласының екінші бір жерінде былай 
деп көрсетеді: «... Кеңес өкіметі өзінің жиырма екінші жылын-
да  тағы  бір  Бақытжан  Қаратаевты  тауып  алды.  Ол  –  бүгінгі 
Қазақстан  үкіметінің  бастығы  Нұртас  Оңдасынов.  Алдыңғы 
Бақытжан  мен  кейінгі  Бақытжанның  бір  ғана  ұқсамайтын 
өзгешелігі бар. Бақытжан Қаратаев өзінің қара басының қамы 
үшін өз халқының мүдделері мен мұраттарын өз еркімен, өз 
қалауымен  сатқан  болса,  Нұртас  Оңдасынов  сатуға  мәжбүр 
болып отыр... Қызыл Бақытжан Нұртас Оңдасынұлы «Мәскеу 
правдасында»  (39.07.08)  «Қазақстан  мұғажыр  күтеді»  атты 
мақаласын жариялады. Автордың айтпақ ойын мақала атының 
өзі-ақ айтып тұр» [21, 233 б.].
Жоғарыда айтылған, М. Шоқайдың өзі И. Кант пен Фихте-
ге сілтеме жасап, құптап отырған қағида бойынша өзі тән бо-
лып отырған қауымдастықтың ортақ мүддесіне қарсы әрекетті 
сатқындық  деп  айыптау  адамның  шешім  қабылдаудағы 
түпкі  еркіндігіне  ғана  негізделеді.  Тек  о  бастан,  табиғатынан 
ерікті жанға ғана міндет артылады. М. Шоқай Қаратаевты аса 

81
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
қатты  айыптағанда  оның  өз  халқының  түбегейлі  мүдделерін 
ерікті  түрде,  жан-тәнімен  сатып  отырғанын  әсіресе  шұқшия 
көрсетеді.  Ерікті  адамға  ғана  бір  қылығы  үшін  моральдық 
та,  құқықтық  та  жауапкершілік  артуға  болатыны  М.  Шоқай 
үшін  өзінен  өзі  түсінікті,  бір  аксиома  сияқты  нәрсе.  Өйткені 
мораль  да,  құқық  та  өз  зердесінің,  өз  еркінің,  өз  пиғылының 
шешімімен ғана әрекет ететін жер бетіндегі жалғыз мақұлық, 
ол – адам. М. Шоқайдың жоғарыдағы айыптаулары мағынасы 
жағынан,  әрине,  құқықтықтан  көрі  моральдық  айыптау.  Ал 
Ресей  отарлығына  қарсы  күрес,  тәуелсіздікке  ұмтылу,  дербес 
мемлекет  құру  үшін  әрекет  тек  моральдық  деңгеймен  шек-
теле  алмайтындығы  даусыз.  Өйткені  моральдық-этикалық 
тұрғымен талап ең алдымен адамдарда, басқалармен қатынаста 
ішкі  субъективтік  пиғыл  мен  талпынуды  қамтиды.  Ол  ең  ал-
дымен  адамды  пиғылдың  тазалығы  тұрғысынан  бағалайды. 
Тек  сонан  соң  ғана  сыртқы  іс-әрекеттерімен  байланыстыра-
ды.  «Әрекетті  борышқа,  ал  борышты  пиғылға  айналдыратын 
заңнамалар  этикалық  заңнамалар»,  –  дейді  Кант  [23,  126  б.]. 
Этикалық-моральдық тартыс сыртқы күштің үстемдігіне қар-
сылықтың  алғашқы  кезеңіне  ғана  сәйкес  келеді.  Ол  іс-әрекет 
жүзіндегі  тайталастың  дайындығы  ғана.  Ол  кезең  үстемдікті 
қасиетті, прогрессивті етіп көрсету пиғылдарының арамдығын 
әшкерелеу жолы. Ал езілушілерді келешек практикалық тар-
тыстарға моральдық жағынан дайындау керек.
Құқықтық заңнама бойынша міндеттер тек сыртқы болуы 
керек, себебі, әрекет етуші оларды орындау үшін ішкі борыш 
идеясы өзі өздігінен шешуші негіз бола бермейді, сондықтан, 
құқық міндетті орындауды күш қолдану, мәжбүрлеуге сүйенуге 
бағытталған. Борыш орындалса, ішкі субъективтік пиғыл оған 
сай келе ме, жоқ па, ол құқық үшін бейтарап.
Түркістан халқы үшін, мысалы, Ресей өз үстемдігінен белгілі 
алапат төңкерістер мен толқулардың нәтижесінде баз кеше ме, 
жоқ әлде адамгершілік сезімдердің ықпалымен одан бас тарта 
ма, оның ешбір мәні жоқ. Ол үшін тек бұғаудан құтылу қажет. 
М.  Шоқай,  бірақ,  Ресей  империясының  үстемдік,  зорлықтар-
дан адамгершілік тұрғысынан бас тарту мүмкіндігінен алаңсыз 
үмітін  үзген.  Сондықтан  да,  күшпен,  зорлықпен  ұсталып 

82


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал