Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет5/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ТҮРКІСТАН АЗАМАТТЫҚ 
ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ БІРІГУІНЕ 
НЕГІЗ БОЛА АЛАТЫН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
2.1 М. Шоқайдың келешек Түркістан азаматтық қоғамы 
және мемлекеті жөніндегі ойларының 
философиялық негіздері
Алаш  жетекшілері  Ресейдегі  Ақпан  революциясы 
бұратана  ұлттарға,  соның  ішінде  Түркістан  халқына  да 
бостандық  әкеледі  деген  үлкен  үмітпен  қарсы  алған  еді. 
Өйткені революция патша билігін, монархияны жойды. Ре-
сей  демократиялық  партиялары  –  кадеттер,  оңшыл  және 
солшыл  социалистер  т.  б.  келешек  Ресейді  федеративтік 
демократиялық республикалар түрінде көруші еді. Яғни, Ре-
сей империясына кіретін орыстар және тағы басқа халықтар 
өз  республикаларын  құрып,  федерацияның  тең  мүшесі 
бола алады деп ойлайтын. Орыс демократтары осы өз аты-
на сай халықтар теңдігі идеясына оң қарайтын. Бұл, әсіресе,                
А.Ф. Керенский, П.Н. Милюков сынды саяси қайраткерлер-
дің  Дума  мінбелеріндегі  сөйлеген  сөздерінде  көбірек  айты-
латын.  Ақпан  революциясының  нәтижесінде  билік  басы-
на  келген  демократтардың  өздері  құрған  өкіметті  уақытша 
деп  атауы  тегін  емес  еді.  Олардың  тұрғысынан  қарағанда, 
билік  халықтың  басым  көпшілігінің  ықтиярлығымен 
келген  жоқ,  орталықтағы  төңкерістің  нәтижесі  ғана  еді. 
Сондықтан  да,  құрылған  билік  бүкіл  халықтың  ырқын 
білдіре  алмайтындықтан,  бұл  өкіметтің  міндеті  –  биліктің 
бірден бір заңды түрі бола алатын Құрылтай жиналысының 
(парламенттің)  сайлауын  дайындап,  өткізу  деп  есептеді. 
Құрылтай  жиналысының  сайланған  депутаттары  ғана,  ха-
лықтың  еркін  білдіретін  шын  билік  бола  алады,  тек  солар 
ғана  атқару  билігінің  органы  –  өкіметті  сайлайды.  Осы  Ре-

58
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
сей  тарихында  бірінші  рет  болған,  жалпы  тең  құқықтық 
жағдайда демократиялық жолмен сайланған ең бірінші пар-
ламентті октябрьде билікті қолына түсіріп алған большевик-
тер  көсемі  Лениннің  нұсқауымен  күшпен  таратып  жіберді. 
Оған дейін Құрылтай жиналысы идеясын Лениннің өзі, яғни, 
большевиктер қолдап келген еді. Бірақ, сайланған Құрылтай 
жиналысы депутаттарының көпшілігін большевиктер құрай 
алмады.  Басқаша  айтқанда,  Ресей  халқының  сайланған 
заңды билік органын халықтың азғантай тобы – фабрика-за-
уыт  жұмысшыларының  –  қарулы  көтерілісімен  ғана  келген 
большевиктер  зорлықпен  таратып  жіберді.  Осы  Құрылтай 
жиналысының құрамында Түркістан халықтарынан сайлан-
ған  депутаттар  да  бар  еді.  Солардың  бірі  Мұстафа  Шоқай 
болатын. Большевиктердің демократияға жат күш екендігін 
олардың  теориялық  қағидаларын  білмейтіндер  үшін  де, 
айқын көрсете алатын ең сорақы факт осы болатын. 
ХХ  ғасырдың  басында  30-шы  жылдарына  дейін  еліміздің 
отарлықтан  босанып,  дербес  мемлекет  құруының  ол  кезде 
екіталай болып тұрғанына қарамастан оның келешекте іске асу 
мүмкіндігіне  сенім  артып,  ол  мүмкіндіктерді  жақындатудың 
барлық жағдайларын саралап, сан түрлі астарларын ақтарған 
Алаш жолбасшыларының ойлары біз үшін қазір баға жетпес 
қазына.  Алаш  көсемдерінің  барлығы  дерлік  репрессияның 
құрбаны  болып  кеткеннен  кейін,  осындай  мәселелерді  жан-
жақты талқылап, ашық түрде жариялап отыруға М. Шоқайдың 
мүмкіндіктері болды. Оның Еуропаның тап ортасында, Фран-
ция астанасы Парижді мекендеп, демократиялық, социалистік 
т.  б.  бағыттағы  әртүрлі  саяси  топтармен  кең  араласып,  көп 
істерде бірге қызмет атқарды. 1929 жылдан Берлинде шығып 
тұрған «Яш Түркістан» журналын 1939 жылы қашан жабылып 
қалғанға дейін басқарып тұрғаны бұған дәлел. Бұл журналдың 
барлық  дерлік  күрделі  проблемаларға  талдау  жасаған  және 
әрбір  мәселені  келешек  Түркістанның  азаттығының  тұрғы-
сынан  қарап  бағалаған  мақалаларын  М.  Шоқай  жазды  десек 
артық болмас. 
Бұл  туралы  Қазақстан  тарихшылары  К.  Есмағамбетов,                   
М.  Қойгелдиев,  Б.  Садықованың  зерттеулері  көп  материал 

59
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
береді.  Демократия  үрдістерінің  тамырын  терең  жайған,  Ев-
ропа  басқа  елдердің  сан  алуан  көзқарастар  мен  қозғалыстар 
өкілдеріне  өз  жерінде  паналауына,  әрекет    етуіне  кеңшілік 
жасады: солардың ең бірегейі – Францияда 20 жылдай тұрып, 
қызмет  атқарған  М.Шоқай  демократиялық  құндылықтарды 
толық  мағынасында  қолдады.  Әрине,  Түркістанның  та-
рихи  жағдайына  байланысты,  Алаш  көсемдерінің,  соның 
қатарында  М.  Шоқайдың  да  ең  бірінші  кезектегі  мәселесі  – 
ұлттық  тәуелсіздік  еді.  Ол  тәуелсіздіктің,  әрине,  мемлекеттік 
формасы  болу  керек.  Әуелде  олар  ондай  форма  Ресейдің 
демократиялық  федерациясының  құрамындағы  автономия 
деп  білді.  Бұрынғы  патшалық  монархия  жүйесі  сақталса, 
ешқандай  автономияның  бола  алмайтыны  оларға  айқын  еді. 
Сондықтан  да,  Ә.  Бөкейхановтың  кадеттер  (конституциялық 
монархия), яғни шектеусіз болып келген монарх билігін негізгі 
заңдармен  шектеуге  бағытталған  партияға  кіргенінің  себебі 
осы  деп  білген  жөн.  Ұлттардың  дербестік  құқықтарын  мой-
ындайтын  демократиялық  қозғалыстар  мен  партиялар  ғана 
еді.  Большевиктер  де  осындай  ұрандарды  көтеріп  жүретін. 
Ақпан төңкерісінің қарсаңында Түркістан халқының мүдделе-
рін  жақтап,  белсенді  көрініп  жүргендердің  ішінде  Эсер  пар-
тиясының  жолбасшыларының  бірі  А.Керенский  болғаны 
белгілі.  Яғни,  демократия  идеяларының  жүйесінде  әрбір 
халықтың,  ұлттың  әлеуметтік-саяси,  мемлекеттік  дербестігі 
идеясы  да  үлкен  орын  алатыны  даусыз.  Түркістан  халқының, 
соның  ішінде  қазақ  халқының  отарлық  жүйеден  құтылу  жо-
лында сол күрестің басында жүргендердің Ресей демократта-
рына  үміт  артып,  солармен  біріге  жүріп  қызмет  етуі  табиғи 
нәрсе еді. Бірақ ол үміттерінің кейін ақталмай қалғандығы да 
белгілі.  Қоқан  қаласында  құрылған  Түркістан  автономиясы 
да демократиялық мақсаттар бағытында пайда болған еді. Ол 
билік  органы  бір  топ  адамның  өздерін  билік  деп  жариялай 
салғандығынан  емес,  Түркістан  өлкесінің  барлық  өңірлерінен 
келген өкілдердің бас қосуында сайланған билік. Және де ол тек 
Түркістандағы түрік халықтарын ғана емес, славян және басқа 
халықтар өкілдерін де қатыстырды. 
Осы  тарихи  фактілердің  өзі  кеңестік  баспаларда  Алаш 
көсемдері  жөнінде  үнемі  байырғы  хандық  дәуірді  көксеп, 

60
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
өздері  де  хан  болу  үшін  ғана  күресті  дейтін  жалаларының 
соншалықты  тұрпайы  жалғандығын  көрсетеді.  Алаш  пар-
тиясы  үшін  дайындалған  бағдарлама  да  олардың  түбегейлі 
мақсаттарының әрбір жеке азаматтың құқықтарын қамтамасыз 
етуге бағытталған қазіргі заман деңгейінде жасалған құжат еді. 
Бұл  құжаттың  негізінде  жатқан  идея  да  Түркістан  өлкесінде 
барлық органдары өз кезегінде сайланып отыратын билікті ор-
нату еді. Осындай демократиялық жүйе орыс демократиялық 
партиялары бағдарламаларында да осы дәрежеде көрініс таба 
алмады.  1918  ж.  пайда  болған  Алаш  үкіметінің  құрамы  да 
жиналған өкілдердің сайлауымен құрылды. Әрине, Түркістан 
өлкесінде  ғана  емес,  сол  кездегі  бүкіл  Ресейдің  өзінде  де 
демократиялық  үрдістер  енді  ғана  бел  алуға  аяқ  басқан  әлі 
балаң  құрылымдар  еді.  Сондықтан,  жетілген  демократияның 
көптеген тетіктері оларда жоқ, тіпті әлі пайда бола алмаған еді. 
Мұстафа  Шоқайдың  кейінгі  шет  елдерде  шыққан  еңбек-
тері,  баспасөзде  жария  болған  мақалаларындағы  оның  боль-
шевиктердің  пролетариат  диктатурасы  туралы  идеясының 
теориясы  мен  практикасына  жасалған  қатаң  сыни  талдау-
лары  большевизм  идеяларының  түпкі  негізінде  ешқандай 
демократиялық нышандардың жоқтығын көрсетті. Егер боль-
шевиктер  бірде  бір  пролетариаты  жоқ  Түркістан  өлкесінде 
пролетариат  диктатурасын  орнатамыз  десе  және  орнатқан 
болса,  онда  ол  орыс  пролетариатының  Түркістан  халқына 
үстемдігінен басқа еш нәрсе де емес деген еді ол. 
М.  Шоқайдың  осы  проблемалар  бойынша  өрбіткен  көп-
теген  ойларының  дүниетанымдық,  әлеуметтік  саяси  астар-
ларын ашу қазіргі Қазақстанда әлі де шешілуі, іске асуы тиіс 
мәселелерді,  бағдарламаларды  кең  ауқымда  қарап,  тереңірек 
ұғынуға көмегінің зор екендігі дау тудырмаса керек. 
Оның  тарихи  мұрасын  тек  тарихи  тұрғыдан  емес,  ең  ал-
дымен  әлеуметтік-философиялық  негізінен  қарау  ұсынылып 
отырған  еңбектің  мақсаты.  Ал  ол  автономия,  тәуелсіздік, 
еркіндік т. б. ұғымдарын М. Шоқай қалай түсінді, қандай әлеу-
меттік-саяси және рухани тұрғыдан көре білді дегенге саяды.
М.  Шоқайдың  1999  жылы  жарық  көрген  таңдамалы 
шығармаларының екі томдығын байыптап оқыған әрбір адам 

61
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
оның  тікелей  талдаған  нақты  нәрселерінің  ар  жағында  терең 
әрі  ауқымды  рухани  кеңістіктің  бар  екендігін  аңғара  алады. 
М. Шоқай Шығыстың ғана емес, бүкіл Батыстың тарихын, ру-
хани  мәдениетін  кең  көлемде  игере  білген  және  оларды  өз 
тұрғысынан  сыни  көзбен  қорыта  білген  XX  ғасырдағы  әлем 
ойшылдарының қатарындағы қазақтың ең үздік ойшылы деп 
айтуға  болады.  Бүкіл  Батыстың  ең  негізгі  мәдени  ошақтары-
ның  алдыңғысы  делінетін  Парижде  20  жылдан  астам  қызмет 
еткен кезеңі, оның халықаралық деңгейдегі қайраткер ретінде 
қалыптасуына  да  үлкен  мүмкіндік  берді.  Европаның  ең  озық 
ойлы  қайраткерлерімен,  әсіресе  әртүрлі  демократиялық, 
социалистік  қоғалыстардың  басындағы  көсемдерімен  тығыз 
байланыста  болып,  сан  алуан  қызметтерде  араласып  жүрді 
және әр істе өз елінің азаттығы тұрғысына сай әрекет етуі оның 
тек ғалым ғана емес, саяси қайраткер ретінде көрсетеді.
М. Шоқайдың автономия, ұлттық тәуелсіздік туралы көзқа-
растары  оның  демократиялық  дүниетанымымен  тікелей  бай-
ланыста.  Ол  әр  халықтың,  соның  ішінде  әрбір  жеке  адамның 
дербестігін бүкіл қоғамдық жүйенің, мемлекеттік құрылымның 
түп  қазығы  деп  қараған.  Бұл  оның  көптеген  саяси,  әлеуметтік 
мәселелерді  талқылауында  айқын  көрініп  тұрады.  1939  жылғы 
«Яш Түркістанның» 110 санындағы «Ата-түріктің реформалары» 
аталатын мақаласында ол «... ұлттық еркіндік пен азаттыққа тал-
пыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрізді нәрсе. Егер оған 
сәл мүмкіндік туыла қалған жағдайда, ол сөзсіз өзін көрсетпей 
қоймайды» деп жазады. Осылай түсіну 1936 жылғы қабылданған 
Кеңестік негізгі заңды талдаған мақаласында да оның ойының ішкі 
негізгі арқауы болып тұр. Бұл заңда сырт қарағанда кеңес азамат-
тарына барлық бостандықтар берілген сияқты, олардың өз еркін 
білдіруі үшін әртүрлі ұйымдарға бірігуіне құқықтары бар. Бірақ, 
солардың  барлығы  тек  социалистік  жолды  нығайту  үшін  ғана 
екен. Басқа жолды таңдауға ерік жоқ, олар туралы ойлауға да, 
айтуға да болмайды. «Басқаша айтқанда, социалистік құрылыс 
хақында  большевизм  бағдарламасында  жазылғандардан 
ауытқып пікір айтуға тыйым салынған».
Оның  үстіне  халықтың  барлық  саналы,  белсенді  өкілдері 
коммунистік  партияны  құрайды  деу  партия  мүшелерінен 

62
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
басқалардың  бәрін  санасыздарға  қосып,  берілген  бостандық-
тардың  бәрін  де  жоққа  шығарып  отыр  дейді.  Партияда  жоқ 
бүкіл интеллигенция, яғни, ғалымдар, өнер адамдары, ағарту 
қызметкерлері тағы басқа топтар, яғни, осындай санасы жетіс-
пейтіндер саналылыарды үкімет органдарына сайлайтыны таң 
қаларлық нәрсе.
М.  Шоқайдың  ойынша  осы  Заңдағы  ешқандай  демокра-
тияға  жуыспайтын  нәрсе  –  ол  ең  жоғарғы  билікті  қолында 
ұстап отырған коммунистік партияның, оның жоғарғы орган-
дарының  халық  тарапынан  ешқашан  сайланбайтындығы.  Се-
бебі,  сайланатын  кеңес  органдары  тек  партияның  қолындағы 
қуыршақтай ғана нәрсе, оларда толық мағынасында билік жоқ. 
Кеңестік  Ресейдегі  жағдайдың  ғажайыбы  сонда  –  ешқашан 
сайланбайтын үкімет өзін қандайда болмасын демократияның 
үлгісі деп жариялайды.
Яғни,  жеке  адамның,  жалпы  азаматтардың,  қандай  нәрсе 
жөніндегі  болмасын,  еркін,  дербес  ойлауы  М.  Шоқай  үшін 
табиғи нәрсе, соның ішінде елдің әлеуметтік саяси құрылымы 
жөнінде де. Мұстафа Шоқайды қазақтың өткен дәуірлеріндегі 
қоғамдық түзімдерді аңсады, тіпті өзі хан болғысы келді дейтін 
сандырақтардың оның бүтін ойлау жүйесіне, атқарған істеріне 
жат  екендігі  оның  шығармаларының  өн  бойына  өң  беріп 
тұрады.
Оны  М.  Шоқайдың  автономияны  қалай  түсінетіндігінен 
де  байқауға  болады.  Ол  автономияны  орыс  империясына 
кіріп  келген  түркістандықтардың  қоғамдық  саяси  –  ұйым-
дасу формасы және басқа да халықтар сияқты Бүкіл ресейлік 
демократиялық федерацияның бір дербес құрамасы ретінде 
қарады. Сол кездегі тарихи жағдай, әсіресе, Түркістандағы аху-
ал, кадрлардың өте тапшылығы, түркістандық халық бұқара-
ның саяси түсінігінің кемдігі, басқа да көптеген себептер Ресей-
ден  алаңсыз  бөлініп,  дербес  мемлекет  құру  туралы  мақсатқа 
тіпті  мүмкіндік  бермеді,  дейді  М.  Шоқай.  Оның  үстіне  қазақ 
зиялылары  ол  кезде  орыстың  демократиялық  күштерінің  Ре-
сей халықтарының бостандығы жайлы ұрандарына, сөздеріне 
әлі  де  болса  сенетін  еді.  «Біз  сол  тұста  автономияны  былай 
түсінетінбіз:  Түркістанның  дербес  ел  басқаратын  мекемелері 

63
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
мен атқару органдары, яғни заң шығаратын парламенті және іс 
жүргізетін үкімет болуға тиіс деп ойлайтынбыз. Сыртқы саясат, 
қаражат, жол, әскери істер Бүкіл ресей федерациясы үкіметінің 
ісі деп есептейтінбіз. Оқу-ағарту жұмыстары, жергілікті жол-
дар мәселесі, жергілікті мекемелер, заң және жер мәселелерінің 
бәрі  жергілікті  автономиялы  үкіметтің  ісі  деп  қарайтынбыз. 
Біз  әсіресе  жер  мәселесіне  ерекше  мән  беретінбіз.  Әскери 
құрылыс мәселесіне де едәуір елеулі өзгерістер енгізбекші едік. 
Мәселен, Бүкіл Ресей үшін құрылған әскери комиссариатта бо-
лумен бірге түркістандықтардың әскери қызметін Түркістанда 
құрып,  Түркістанда  қалдыру  біз  үшін  маңызды  мәселе  еді».   
М.  Шоқайдың  мұндағы  айтып  отырғаны,  әрине,  Ақпан  рево-
люциясынан кейінгі сайланған Құрылтай жиналысының (яғни, 
Бүкіл ресейлік парламенттің) орнататын демократиялық Ресей 
құрамындағы автономия. Патшалық Ресей қайта орнаса, ешбір 
автономияның болмайтындығы олар үшін анық нәрсе еді.
Алаш  зиялыларының,  соның  ішінде  М.  Шоқайдың  авто-
номия  деген  ұғымы  ешбір  дербестікке  қауқары  жоқ  кеңес 
дәуіріндегі қуыршақ републикалардан басқа мағынада. Өзінің 
ішкі өмірі өз билігінде болатын мемлекеттік құрылым. Барлық 
органдары  сайланатын  билік.  Өзін  сайлаған  азаматтардың 
еркін  іске  асыратын,  соларға  бағынышты  жүйе.  Мұнда 
тоталитаризмнің немесе хандық-феодалдық биліктің ізі де жоқ.
Осындай  мағынадағы  автономия  идеясы  М.  Шоқайдың 
өзінің  айтуынша  тәуелсіздік  жолындағы  қозғалыстың  әлі 
балаң дәуіріндегі қадамдарын еркін де нық баса алмай жүрген 
кезіне сәйкес келеді. Ресей демократтарының патша үкіметіне 
қарсы  күресіп  жүрген  кезеңдегі  ұлттармен  халықтарды 
езгіде  отырғандығы,  олардың  азаматтық  және  дербес  мемле-
кет  құруға  құқықтары  жөніндегі  ұрандарына  кәміл  сенетін 
Түркістан  зиялылары  төңкерістен  кейін  қолына  билік  тиген 
олардың  табан  астынан  өзгеріп,  автономия  жөнінде  естігісі 
келмейтінін  көрді.  Өз  күштерімен  бостандыққа  жетуге  сол 
кезеңде  дайындықтарының  жоқ  екендігін  алғашқы  құрған 
мемлекеттік  түзімдерінің  –  Алаш-орда  және  Қоқандағы 
Түркістан  автономияларының  ілезде-ақ  жоқ  болғандығы 
көрсетті. Осы ауыр тарихи тәжірибеден шығатын қарапайым 

64
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
қорытындылар:  бостандықты  үстемдік  етушілердің  ешуақыт-
та өз қолымен бермейтіндігі, оны тек әртүрлі себептерге бай-
ланысты  олардың  әлсіреген  кезінде  ғана  алуға  болатындығы. 
Яғни,  алдағы  күрестің  негізгі  мақсаты  оларды  әлсірететін, 
ал  өзіңді  күшейтетін  себептерге  қызмет  ету.  Ол  күресті  өз 
жауыңның  қолында  отырып  жүргізу  қиын,  ал  кейде  тіпті 
мүмкін  емес.  Оны  тәуелсіздігінің  жауынан  алшағырақ,  одан 
тәуелсіз күштерімен біріге отырып қана жүргізуге болады.
Яғни,  тәуелсіздікке  қол  жеткізудің  мұраты  енді  автоно-
мия  бола  алмайды.  Ресейдің  жағдайында  әсіресе  ол  фор-
ма  жеткіліксіз,  тым  сыңаржақтық,  үстемдіктің  шеңберінен 
шығармайтын  форма.  Ол  өз  жауыңның  қарамағында  қала 
берудің жолы.
Тәуелсіздікке  жетелеп,  соған  құлшындыра  және  жұмыл-
дыра алатын, қол жете қалған күнде бостандық пен тәуелсіз-
дікті  баянды  ете  алатын,  ішкі  қатынастарда  да,  сыртқы 
істерде де өз билігіңді толық өзіңде болғыза алатын мұрат, 
соған апаратын жол ол – мемлекеттік дербестік, тәуелсіз мем-
лекет  құру  идеясы.  Мұстафа  Шоқай  осы  жолға  түсті,  қалған 
өмірінің бәрін соған жұмсады.
Жалпы  дүниетанымдық,  түпкі  саяси  мұраттары  жағынан 
Мұстафа Шоқай Алаш қозғалысы көсемдеріне, әрине, жақын 
болды. Әсіресе, бұл Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтік-саяси 
тұрғысымен  көбірек  үйлеседі.  Сонда  да  болса,  бір  үлкен 
мәселеде  олардың  көзқарастары  алшақ  болды.  Ең  алдымен 
М.  Шоқай  Орталық  азияны  мекендейтін  түрік  халықтарын, 
тіпті, одан да тыс өңірлерді жайлаған түрік халықтарын шын 
мәнінде  бір  халықтың  әр  түрлі  бөліктері,  яғни,  жеке-жеке 
халықтар емес, бір халыққа кіретін жеке ұлыстар деп қарады. 
Сондықтан,  түрік  халқы  жайлайтын  бүкіл  Түркістан  бір  ав-
тономия  болғаны  дұрыс  деп  есептеді.  Бұған  оның  ойынша, 
әрине, қазақтар да кіреді. Орталық азияны жайлаған барлық 
түрік ұлыстары – қазақтар, өзбектер, қырғыздар, түрікпендер 
т. б. ұлыстар бірге болғанда ғана қуатты бір мемлекет құра ала-
ды. Олардың мәдени, рухани т. б. тамырлары бір. «Түркістан 
ұлттық қозғалысының тарихында Мұстафа Шоқай мен оның 
алашордалық достарының арасында бірінші рет қозғалыстың 

65
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
екіге  бөлінуіне  жол  берілді.  М.  Шоқай  ұлттық  қозғалыстың 
тек  теориялық  негізін  қалап  қоймай,  ұлттық  қозғалыстағы 
эмиграцияның  орнын  да  анықтайды»,–  деп  жазады  Б.  Са-
дықова [15]. Бірақ Ә.Бөкейханов бастаған Алаш көсемдерінің 
көпшілігі  бұл  идеяға  қарсы  болды.  Олар  айтқан  уәждердің 
де, әрине, негіздері жеткілікті сияқты. Ол өз алдына байыпты 
талдауды  қажет  ететін  тақырып.  Ә.Бөкейхановтың  айтуын-
ша, егер біздерде – қазақтарда – оқыған, көзі ашық азаматтар, 
яғни қажетті кадрлар соншалықты тапшы болып отырса, мы-
салы, Өзбекстанда бізбен салыстырғанда ондайлар он есе кем. 
Оның  үстіне  оларда  қалың  бұқара  діншілердің  ықпалында. 
Сондықтан  да,  оның  пайымдауы  бойынша  мұндай  одақтасу 
арқылы біз қайда барамыз? 
Бұл  айтыс,  бірақ  олардың  арақатынастарын  бұзған  жоқ.  
М.  Шоқай  Түркістан  автономиясын  құру  жолындағы  қат-
қабат  әрекеттердің  арасында  қазақ  автономиясын  құру 
істерінде де араласып жүрді. «Шоқайдың автономия жария-
лаудың  уақытына  байланысты  қызу  талқылауларда  қай 
жақты  қолдағандығы  туралы  қолымызда  ешқандай  дерек 
жоқ.  Бірақ  екі  жақ  арасында  дәнекерлікке  жүргендігі  тура-
лы  дерекке  қарағанда,  оның  бейтарап  бағыт  ұстанғандығын 
айта  аламыз»,  –  дейді  Әбдуақап  Қара.  Түркістан  автоно-
миясы  Алаштың  бір  бөлігі.  Оны  бөліп  қарау  қате.  Себебі, 
Мұстафа  Шоқайды  Түркістанға  жіберіп  отырған  Әлихан 
Бөкейхан.  Түркістан  автономиясының  бірінші  басшысы 
Мұхамеджан  Тынышбайұлы  Алаш  қайраткері,  екінші  және 
соңғы президен-ті Мұстафа Шоқай Алаш қайраткері. Жалпы 
ол кезде Түркіс-тан автономиясының құрамындағы Сырдария 
қазақтары  сан  жағынан  сол  кездегі  жалпы  қазақтың  жарты-
сынан  артық  болатын.  Алаш  көсемдері  олардың  тағдырына 
бейқам  қарай  алмайтын  еді.  Түркістан  мен  Алашорда  бір-
біріне  тәуелсіз  үкіметтер  болды.  Олар  өзара  байланысып 
бір мезгілде шыққан емес. Бір-бірінен хабарсыз бой көтерді. 
Бірақ екеуі Алаштың екі қолы болды. Айналып келгенде, олар 
Алаш  қозғалысының  екі  бөлек  тармағы.  Кейін  большевик-
тер  екеуін  де  құлатқаннан  кейін  Түркістан  автономиясынан 
Мұстафа Шоқай, Ғұбайдолла қожа, Башкұрт үкіметінен Зәки 

66
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Уәлиди Тоған, Алашорда үкіметінен Әлихан Бөкейхан, Ахмет 
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы Орынборда бас қосып, 
жаңа одақ құрды. Ол «Ресей Оңтүстік-Шығыс автономиялық 
Мұсылман өлкелері одағы» деп аталды. «Түрікшілдік идеясы 
түрік  тайпаларының  сыртқы  жаумен  қырғи-қабақ  соғыс  ба-
рысында ортақ ұлттық мүдделерін бірігіп қорғау мақсатынан 
өмірге келсе керек. Бұл процесс, деректер көрсетіп отырғандай, 
хунндар,  үйсін  және  қаңлы  дәуірінде-ақ  жүріп  жатты.  Ал 
тұтас  бір  концепция,  көзқарас  түрінде  оның  қалыптасуы, 
мамандардың  пікірінше,  VІ–ҮШ  ғасырларға,  жалпытүркілік 
мүдде  негізінде  пайда  болған  алғашқы  түркі  мемлекетінің 
құрылуы кезеңімен тұспа-тұс келеді» [16]. 
Большевиктік теория бойынша келешекте таптар да, мем-
лекетте жоғалуға тиіс. Тіпті олардан көрі тұрақтылау көрінсе 
де  ұлттар  да,  ендеше  ұлттық  тілдер  де  жоғалады.  Бүкіл 
әлемде  бір  ғана  халық,  не  ұлт,  бір  ғана  тіл  қалуы  ықтимал. 
Солай  болады  да.  Әрбір  халықтың,  ұлттың  қалыптасқан  не-
месе қалыптасатын пролетариат табының бірден-бір жауы өз 
ұлтының  буржуазиясы,  үстем  табы.  Яғни  халықтың  бірлігі-
нің өзі бір-бірінсіз бола алмайтын жау таптардан құралады. 
Пролетариат  сонымен  бірге  тапсыз  қоғамға  келу  арқылы 
өзін  өзі  тап  ретінде  жояды.  Бірақ  бұл  идеялардың  барлығы 
да  әр  кезеңде  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  мазмұны 
жағынан да, формасы жағынан да өзгерістерге ұшырай берді. 
Басқаша  айтқанда  жағдайлар  ол  идеялардың  жалғандығын 
айғақтаған  сайын  большевизм  көсемдері  ұстанымдарын 
құтқару  қамымен  оларды  үнемі  жамап-жасқаумен  болған. 
Мысалы дүниежүзілік пролетарлық революция идеясы сон-
дай күйде болғаны белгілі. Маркс пен Энгельс пролетарлық, 
социалистік революция өнеркәсібі неғұрлым жоғары дамыған 
елдерде басталады деген болса, Ленин оның империализмнің 
ең  осал  буынында  да  жеңіске  жете  алады  деген.  Ал  ол  осал 
буын капиталистік өнеркәсіп енді ғана бой алып келе жатқан, 
пролетариат  әлі  толық  қалыптасып  үлгірмеген  Ресей  екен. 
Халқының басым көпшілігі шаруалар болған елде пролетари-
ат диктатурасы тек қарулы күшпен ғана орнап, күшпен ғана 
ұстап тұруға болатын тәртіп екені о бастан белгілі еді. 

67
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
Большевиктердің  теория  жүзінде  тоталитарлық  бағыт 
екендігі  билікке  келгеннен  кейінгі  іс-әрекеттерінде  неғұрлым 
айқын  көрінді.  М.  Шоқай  «Яш  Түркістан»  беттерінде,  басқа 
да  басылымдардағы  мақалаларында  большевиктердің  іс-
әрекеттерінің,  ең  алдымен  тоталитарлық  озбырлықтарының 
демократиялыққа  жат  мәнін  ашуды  көздеді.  Большевиктер, 
мысалы,  көптеген  елдерде  коммунистік,  солшыл  күштердің 
ұйымдасуына тікелей ат салысып қана емес, сол істерді тікелей 
басқарып,  оларда  іштей  бүліктік  әрекеттерді  қоздырып, 
олардың ішкі бірлігін, әлсіретуге күш салып келгені мәлім. Шет 
елдердегі коммунистік, солшыл партияларды қаржыландырып 
отырғаны  да  белгілі.  Көп  елдерде  халықтың  азғана  тобын 
құрайтын солшыл күштердің үстемдігіне әкелуге тиіс әлемдік 
революция  мақсатынан  большевиктер  ақырғы  күйрегенге 
дейін баз кешкен жоқ [17].
Оның  үстіне  М.  Шоқай  большевизмнің  тоталитарлық, 
тіпті  экстремистік  мағынасын  басқалардан  көрі  ерте  түсінді. 
Большевик  көсемдерінің  жалпы  концепциялық  тұрғыларын, 
әсіресе,  ұлт  мәселесіне  байланысты  қағидаларының  қалай 
өзгеріп,  құбылып  отырғанын  жіті  бақылап  отырған.  Боль-
шевик  көсемдерінің  ұғымында  ұлттық  дербестікке  ұмтылу 
барлық халықтардың пролетариатының бірлігіне қауіпті, яғни, 
қайшы  келеді,  пролетарлық  күресті  әлсіретеді.  Сондықтан, 
ұлттық  дербестік  немесе  автономия  пролетариаттың  жеңіс-
ке  жету  күресінде  жағдайға  қарай  уақытша  ғана  ұран 
ретінде  пайдалануға  болатын  нәрсе.  Пролетариаттың  түпкі 
мақсаттарының тұрғысынан ұлттардың жеке дербес мемлекет 
болуының өзі қажетсіз, тіпті зиянды. 1917 жылы жазда Петер-
бург  жұмысшы,  солдат  депутаттары  кеңесінің  төрағасы  бо-
лып отырған Н. Чхеидзеге М. Шоқай жолығып, Түркістанның 
автономия  болуына  оның  қалай  қарайтындығын  сұрағанда 
ол  мұндай  мәселені  көтермегені  жақсы  екендігін  ескерткен. 
Ташкенттегі теміржол жұмысшылары мен солдаттар кеңесінің 
билікті  Петербургтағы  төңкерістен  де  бұрын  қолына  алып 
алғандағы  жергілікті  Түркістан  халқына  жасаған  зорлық-
зомбылықтары патша кезіндегілерді тіпті жолда қалдырды деп 
жазды  ол.  Ташкентте  1917  жылы  өткен  Түркістан  жұмысшы, 

68
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
солдат депутаттарының ІІІ съезінде бұл өңірдегі билікті қолына 
алып  үлгірген  большевиктер  түркістандықтарды  билік  ор-
гандарына  қатыстырмау  жөнінде  қаулы  шығарғанын  жазды. 
Оның  мәнісі  бір  де  бір  пролетариаты  жоқ  елде  пролетариат 
диктатурасын  орнату  ол  елдің  –  халқының  суверендік  құқын 
тәрік ету екендігін олардың өздерінің мойындауы. Белгілі бір 
кезеңде Ташкент жұмысшы және солдат депутаттар кеңесінің 
басында  жүрген  большевиктер  М.  Шоқайды  өз  ұйымдарына 
шақырып,  тіпті  сол  кеңесті  басқаруды  ұсынған.  Бірақ, 
большевиктердің Түркістан халқына қатынасын жақсы білетін 
М.  Шоқай  одан  бас тартты да,  Түркістан автономиясын құру 
істеріне  барлық  жігерін  жұмсады.  «Азғана  уақыттың  ішінде 
М. Шоқайдың табандылығы мен ұйымдастырушылық қабілеті 
арқасында  Түркістан  халқының  басым  көпшілігі  автономия 
идеясы төңірегінде топтасып, өзінің ұлттық мүддесін қорғауға 
шығады» [18]. 
Яғни,  большевиктермен  ымырасыз  күрес  М.  Шоқайдың 
Түркістан автономиясын Қоқанда құрған кезеңінен басталады. 
Және бұл тартыс тек саясат мәселелері шеңберінде ғана емес, 
көп  жағдайда  ол  дүниетанымдық,  философиялық,  мәдени-
рухани негіздерді де қамтып отырады. Ал бұл әсіресе еркіндік, 
демократия, адамдардың азаматтық құқықтары, халықтар мен 
ұлттардың өз тағдырын өзі шешуге құқықтылығы, теңдік пен 
әділеттілік  т.б.  тақырыптарда  өрбіп  отырады.  Бұлар  –  оның 
басқарған «Яш Түркістан» журналының (1929–39 жж.) ең өзекті 
тақырыптары. 
Ұлттық  тәуелсіздік  тақырыбы  оның  барлық  сөз  болып 
отырған ой түйіндерінің соқпай кетпейтін, тек соған алып келетін 
түп  қазығы.  Және  ол  туралы  негізгі  М.  Шоқайдың  ойынша, 
керісінше, ұлтты іштей берік бірлікке ұйыстыратын күш ұлттың 
барлық  топтарына,  жеке  мүшелеріне  де  тән  рухани  зерденің 
бірлігі. Ал бірақ ол қандай бірлік? Экономикалық бірлік те, сая-
си бірлік те рухани тұтастықтан нәр алмаса, ұзақ тарихи берік 
тұтастыққа  әкеле  алмайтынын  осы  тақырып  сөз  болғанда  ол 
үнемі  айрықша  шегелеп  айтып  отырады.  Жазған  мақалалары 
белгілі бір нақты саяси практикалық мәселені анықтауға арна-

69
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
лып  отырғандықтан  оның  философиялық-ғылыми  мағынасын 
ашуға  тоқтала  алмайтындығын  ескертіп  отырады.  Ондай 
белгілі  бір  мағынаның  бар  екендігі,  оның  соған  сүйене  айтып 
отырғаны  да  күмән  туғызбайды.  Ол,  біздіңше,  қандай  мағына 
болуы мүмкін? «...Мұстафа Шоқайдың қызметі тек Кеңестермен 
идеологиялық күрес жүргізумен шектелген жоқ. Ол тек белсенді 
саяси қайраткер ғана емес, Түркістанның тарихына байланысты 
ғылыми зерттеулер жүргізген  ғалым да болды» [19]. Бұрынырақта 
айтылғандай  М.  Шоқай  классикалық  неміс  философиясымен, 
әсіресе И. Канттың осы халық және ұлт туралы жазғандарымен 
жақсы таныс болған. Осылай деп қорытындылауға М. Шоқайдың 
И. Кант пен Фихтенің бұл туралы ойларына жасаған сілтемесі 
негіз береді. Және де ол сілтемелерде Кант пен Фихтенің халық 
пен ұлттың айырмашылығын көрсеткен анықтамасына бір дау 
тудырмайтын айқын қағида ретінде қарауы. Ол анықтамада тал-
дау жасамағанымен, одан кейінгі «ұлттық зиялы» ұғымына бер-
ген  талдауындағы  ойлары  осы  анықтаманың  негізінде  өрбиді. 
Өйткені ұлттық зиялылар халықты ұлт деңгейіне көтеру үшін өз 
ұлтына тән ортақ сана, ал түркістандықтарды алсақ, «шығыстық 
зерде», «шығыстық рух» оларға да тән болуға тиіс. Онсыз олар 
өз  халқына  жат  болып  қалады.  Оның  ойынша,  осындай  жат 
болып қалу трагедиясы Шоқан Уәлихановтың басында болған. 
Сонымен  бірге  өзіндік  «зиялыларысыз    ұлтқа  айналған  саяси-
әлеуметтік халық бұқарасы ешқашан болған емес» дейді ол [19, 
176 б.].
Осы  өз  халқына  рухани  жақтан  өгей  болып  қалу,  ортақ 
рухы,  санасы  болу  дегеннің  ар  жағында  тұрған  негізі  туралы 
өзі  сілтеме  жасап  отырған  Кант  әр  адамның  жан  дүниесінің 
сан  алуан  жақтарын  бір  бүтіндікке  келтіретін  нәрсе  игілік 
идеясы (идея блага) деген еді. Ол игілік идеясы халыққа да тән. 
Ол  игілікті  әр  адам  да,  халық  та  қалай  түсінсе  де,  оны  неден 
көрсе  де,  оған  тәуелсіз  сол  идея  адамдардың  бүкіл  рухани 
дүниесін тұтастыққа келтіретін ұйтқысы бола алады. Оны кейін                         
Ф. Ницше космологиялық құндылықтар деп атаған. 
Осы сөздер М.  Шоқайдың Ф.  Ницшенің шығармашылы-
ғымен  жақсы  таныс  екендігін  көрсетеді.  Әрине  өз  халқының 

70
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  өмірін  сарп  етіп  жүрген 
Шоқай  Ницшенің  халықты  тобыр,  азғындап  арығандардың, 
бишаралар  мен  жеңілгендердің  жиынтығы  деп  қарайтын, 
адамзатты  мақсат  емес,  тек  құрал  деп  бағалаған  тұрғысымен 
ешбір келісе алмақшы емес. Сондықтан да, ол Фарабидің адам-
затты  мақсат  тұтатын  көзқарасын  Ницшенің  «асқақ  тұлға» 
(сверхчеловек)  идеясына  қарсы  қойды.  Сонымен  бірге  үнемі 
күштілікке, артықшылыққа, үстемдікке, қысқаша – Ницшенің 
термині бойынша – билікке деген ырыққа – ұмтылуды әлемнің 
түпкі  заңы  деңгейіне  жеткізетін  принципіне  М.Шоқайдың 
бүкіл өмірлік жолы, оның құндылығы сай келмек емес. 
Осы  тұрғыдан  қарағанда,  М.  Шоқайдың  өмірлік  құнды-
лығы, оның түпкі мәні – бостандық, нақтырақ алғанда – ұлттық 
бостандық – деп айтуға болады. Ал ұлттық бостандықтың прак-
тика жүзінде ұйымдасу формасы – ұлттық дербес мемлекет. 
Әрине,  ұлттардың теңсіздіктері мемлекеттердің ара  қаты-
настарында  да,  сөз  жоқ  көрінеді.  Бірақ,  бір  мемлекеттің 
ішіндегі  ұлтаралық  қатынастарға  қарағанда  мемлекет  болып 
ажыраған ұлттардың арақатынастарындағы теңдік те, теңсіздік 
те  әлдеқайда  айқын  көрінеді,  өйткені  олардың  барлық  кеңіс-
тік, экономикалық, мәдени, әсіресе саяси шекаралары – анық 
жіктелген.  Ұлттар  бұл  соңғы  жағдайда  халықаралық  жеке 
тұлға,  яғни,  басқа  сондай  тұлғалармен  тұтас  тұлға  ретінде 
қатынас жасауы тиіс. 
М. Шоқайдың адамға, халыққа қатынасы туралы оның әл-
Фарабидің қоғамның пайда болуы жөніндегі көзқарасына бай-
ланысты айтқандарында анық  көрінеді. «Адамзат қоғамының 
шығуы  туралы  Фарабидің  айтқан  ойлары  одан  көп  ғасыр-
лар  кейін  Ж.  Ж.    Руссоның  «Contrat  social»...  атты  еңбегінде 
баяндалған.  «Сите  Модельде»,  –  деп  жазады  барон  Карро 
де  Во,  –  Ницшенің  жуық  арадағы  кейбір  концепциялары-
на  таң  қаларлықтай  ұқсас  келетін,  яғни,  зорлық  пен  күштің 
қоғамдағы  рөлі  жөніндегі  ойлары  бар».  Бірақ,  –  деп  жазады 
М.  Шоқай,  –  Фарабидің  күш  пен  зорлыққа  қатынасы  және 
олардың қоғамдағы рөліне беретін бағасы неміс философының 
көзқарасынан басқаша, тіпті қарама-қарсы. Егер Ницше үшін 

71
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар
жақсылық  дегеніміз  жоғарғы  кастаның  төменгіге,  «астам 
тұлғаның»  қатардағы  адамдарға  үстемдігін  қамтамасыз 
ететін  нәрсе  болса,  Фараби  үшін  зорлық  пен  күш  адамдық 
философиядағы зұлымдықтың дерті және «жетілген қаланың» 
авторы бұл туралы пікірін «жетілмеген қалалар» туралы тара-
уында айтқан» [20].
Ұлттық  тәуелсіздік  идеясы  мемлекетттік-саяси  мағынада 
ғана емес, жалпы метафизикалық, философиялық мазмұнын-
да да сөз болып отырады. Идеяның бұл жағы көбінесе нақты 
саяси,  әлеуметтік  мәселелерді  талқылауда  олардың  аста-
рында  жатқан  негізгі  мағына  ретінде  көрінеді.  Бірақ,  бір 
ретте  оның  бұл  жөнінде  тікелей  айтқаны  да  бар.  Ұлттық 
тәуелсіздікке,  бостандыққа  ұмтылу,  –  дейді  ол,  –  қолайлы 
жағдайлар қалыптасқан кезде табиғаттың заңындай көрінбей, 
болмай  қалмайтын  нәрсе.  Яғни  басылып,  жаншылып  қалған 
күнде  де  ол  ұмтылыс  ешқашан  өшпейтін  құбылыс.  Осыған 
байланысты  оның  еркіндік,  демократия,  тәуелсіздік  туралы 
ойлары  Руссоның,  Канттың  Фихтенің  көзқарастарымен  са-
рындас  екендігі  айқын.  Оған  дәлел  оның  осы  ойшылдардың 
айтқандарына келтірілген сілтемелері. Ницшенің халық тура-
лы,  оған  «Асқақ  тұлғаның»  үстемдігін  ақтап,  негіздейтін  кон-
цепциясына  қарсы  тұрғыда  екендігін  көрсеткен.  М.  Шоқай 
үшін басқаша болуы да мүмкін емес. 
Осы  бағыттағы  оның  ойлары,  әрі  бүкіл  бастан  кешірген 
тәжірибелері оны автономиялық жолдың, әсіресе, Түркістан ұлт 
азаттық қозғалысы үшін жалған жол екендігі туралы шешімге 
алып  келді.  Өйткені,  Ресей  сияқты  мемлекеттің  шеңберіндегі 
автономиялық ұлттың дербестігі туралы жалған елесті бекітеді, 
ұлттың дербестікке деген құлшынысын әлсіретеді. Олай болса, 
тәуелділікте отырған ұлт үшін о бастан ақиқатты жол – ұлттың 
дербес мемлекетін құру үшін күрес.  

72
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал