Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет4/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.3 Кант және Гегель азаматтық қоғам туралы 
И.  Кант  (1724–1804  жж.)  адамзат  тегіндегі  зерделілік,  өз 
іс-әрекеттерін  әркімнің  өзі  анықтауы  тиіс  екендігі,  оның  өз 
бақытына әрі кемелденуіне ұмтылатындығы, басқаша айтқан-
да – еркіндігі – түптеп келгенде табиғаттың сыйы деп қарайды. 
«Табиғат оны шешуге мәжбүрлейтін адамзат тегінің ең ұлы мәсе-
лесі – жалпыға ортақ құқықтық азаматтық қоғамға қол жеткізу. 
Тек осындай, оның мүшелеріне ұлы еркіндік берілетін, демек, 
толық  антагонизм  болатын  және  дегенмен  өзгелердің  еркін-
дігімен  сиымдылығы  үшін  еркіндік  дәл  анықталатын  және 
сақталатын  дәл  осындай  қоғамда  ғана  табиғаттың  жоғарғы 
мақсаты  дегеніне  жетеді:  адамзаттың  бойындағы  барлық 
оның  нышандарының  дамуы  іске  асады;  ...Міне  сондықтан 
онда  сыртқы  заңдардың  бақылауындағы  түпкілікті  еркіндік 

41
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
игерілмейтін  мәжбүрлікпен  астасатын  мұндай  қоғам,  яғни, 
барынша  әділетті  азаматтық  құрылым,  табиғаттың  адамзат 
тегіне арналған жоғары міндеті болуы керек...» [10]. 
ХVІІІ ғасырда ғылымның, әсіресе, жаратылыстану ғылым-
дарының өрлеп келе жатқан кезінде көп ойшылдар әлеуметтік 
әділдік  принциптері,  соның  ішінде  адам  еркіндігі  мызғымас 
табиғат заңы деп негіздеуі дұрыс нәрсе еді. Ол қоғамдық көңіл 
ауанына  сай  келетін.  Табиғи  құқық  теориясы  да  осының  бір 
түрі  деуге  болады.  Себебі,  қоғамдық  ойда  берік  орын  алып 
келе  жатқан  үрдіс  –  табиғат  заңын  ешкім  өзгерте  алмайды, 
онымен  есептеспеуге  болмайды.  Әрбір  адамның  еркіндігі 
–  табиғат  заңы.  Оны  басып,  жаншитын  қоғамдық  жүйе  – 
табиғат заңына қарсы, ақылға сиымсыз. Кант та солай дейді. 
Яғни, азаматтық қоғамның түп тамыры адам табиғатында жа-
тыр. Заң ғылымдарында  жекелік құқық деп аталатын табиғи 
құқықтарды  мойындай  отырып,  Кант  адамдардың  алғашқы 
табиғи  қалпын  қоғамдық  емес,  азаматтық  қалыпқа  қарсы 
қояды.  Бұл  жаңа  кезеңді  Кант  қоғамдық  емес  демейді.  Тек 
оны қоғамдық деу жаңа қатынастардың табиғатына сай емес. 
Ол жаңа  қатынастың  сипаты қоғамдық қана  емес. Ол, әрине 
қоғамдық,  бірақ  қоғамдық  оның  түпкі  табиғатын  көрсете 
бермейді. Оның түпкі табиғаты – азаматтық. 
Алғашқы табиғи қалыптан азаматтыққа өту соншалықты 
көп  уақыт  бұрын  болғандықтан,  Канттың  ойынша,  оның 
қандай  түрде  іске  асқандығын  қазір  анықтау  мүмкін  емес. 
Сондықтан,  ол  жөніндегі  болжаулардан  көрі  азаматтық 
қалыптың адамның түпкі табиғатынан (мәнінен) қалай шыға 
алатындығы  туралы  мәселені  қарастыру  оны  түсінудің  ең 
дұрыс жолы деп есептейді. 
Қоғам мен мемлекеттің келісімдік сипаты туралы қағиданы 
өзінен бұрынғы ұстанушылар сияқты Кант та адамның белгілі 
бір өзгермейтін мәні бар деп есептейді. Осы өзгермейтін түпкі 
мән – еркіндік. Тарихта адамдар қаншалықты басқа өзгерістерге 
ұшырап  жатса  да,  олардың  негізгі  өзгешелігі  –  еркіндігі  – 
өзгермейді.  Еркіндіктің  деңгейі,  ауқымы,  тіпті  мазмұны  да 
әр заманда өзгеше болуы мүмкін, бірақ оның негізгі белгісі – 
еркіндігі өз сипатын жоймайды. Ол еркіндік – әр адамның өз 

42
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
шешімдерін,  өз  өмірін  өзі  таңдауы.  Сырттан  бір  күштердің, 
дәстүрдің,  заңдардың  ықпалымен  болған  шешімдердің  өзін 
де  әр  адам  өзі  қабылдайды.  Амалсыз  мойынсұнудың  өзі  де 
адамның өзінің шешімі. Табиғи адамның о бастан еркін екендігін 
Руссоның да айтқанына тоқталғанбыз. Бірақ Руссо еркіндікті әр 
адамның өз іс-әрекетін өзі анықтайтындығын көрсетумен ғана 
шектелді. Оның философиялық мәніне бойлаған жоқ. Кант бол-
са, азаматтық қалыптың адамдардың осы түпкі ерекшелігінен 
туатындығын  логикалық  талдаумен  негіздеуге  тырысады. 
Канттың айтуынша еркіндікті түсіну мүмкін емес, яғни, оның 
қайдан,  неден,  қалай  пайда  болатынын  кәдімгі  ғылыми  жол-
мен,  себеп-салдарлық  логикамен  дәлелдеуге  болмайды.  Тек 
оның  бар  екендігін  мойындап,  қабылдауға  болады.  Табиғи 
құқық  идеясын  қолдай  отырып,  ол  әрбір  адамның  еркіндігін 
оның ең алғашқы құқығы деп есептейді. «Еркіндік (басқаның 
мәжбүрлейтін ықпалына тәуелсіздік) бүкілжалпы заңға сәйкес 
келетін  әркімнің  еркіндігімен  үйлесімді  бола  алатын  болса, 
адамзатқа жататын әрбір адамның ең бастапқы құқығы», [10] 
дейді ол. 
Практикалық  зердеге  сын  туралы  ілімінде  де  ол  зерде-
ге  о  бастан  тән  принциптер  бар  екендігі  туралы  қағидасын 
өрбіткен.  Ол  принциптер  зердеге  туабітті,  алғашқы.  Яғни, 
олар  ешбір  тәжірибеден  туындамайды,  тәжірибелерге  тәуел-
сіз  және  олардан  бұрын.  Ол  принциптердің  адам  зердесінде 
пайда болуы туралы мәселе қоя алмаймыз. Оларды жаратушы 
берді  деген  тұжырым  да  оны  белгілі  түсіндіру  болып  шығар 
еді. Оның үстіне ол тұжырым ғылым тұрғысына тек жорамал 
ғана. Өйткені ғылым тұрғысынан ол – Жаратушы – ақырғы се-
беп ретінде өзі де дәлелдеуді қажет етеді немесе ол дәлелдеуді 
қажет етпейді дейтін болсақ, онда біз философия мен ғылым 
аясынан  шығып,  нанымның  шеңберіне  кетеміз.  Ал  наным 
түсіндіруді қажет етпейді. 
Практикалық  зерденің  осындай  тумысынан  өзіне  тән 
ұғымдарының  ең  біріншісі  ретінде  Кант  еркіндікті  атайды. 
Себебі,  басқа  заңдары  мен  принциптерінің  барлығын  осы 
еркіндік ұғымы арқылы түсіндіруге болады, керісінше мүмкін 
емес.  Әрине,  қоғамның  келісімдік  табиғаты  туралы  теория 

43
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
үшін оны философиялық тұрғысынан қарасақ, еркіндік идея-
сы ең іргелі мазмұнға ие. Солай бола тұра Гоббстың, Локктың, 
тіпті Руссоның т.б. шығармаларында оның мазмұны жеткілікті 
ашылмаған.  Ал  Гоббс  оны  тіпті  жоққа  шығаруға  жақын.  Тек, 
Кант қана оны басқаларының бәрін де түсіндіре алатын ұғым 
деп  қарады.  Басқа  принциптер  мен  максималар  екінші. 
Еркіндік ең тереңдегі негіз болғандықтан тікелей көрінбейді. Ол 
зерденің априорлық принциптерін іске асыру үшін шешімдер 
қабылдау қажет болғанда ғана көрінеді. Шешім қабылдау де-
ген  әртүрлі  максималар  мен  іске  асыру  жолдарының  ішінде 
біреуін ғана қабылдау деген сөз, яғни, таңдау, таңдау еркіндігін 
іске асыру. «Практикалық зердеге сын» еңбегінде Кант былай 
дейді: «Барлық моральдық заңдар мен соларға сай міндеттердің 
жалғыз принципі, ол – ырықтың автономиясы.  Қандай да бол-
масын еркін қалаудың гетерономиясы (өз еркінен емес, басқа 
бір  нәрседен  шығуы)  –  ешқандай  міндеттілік  туғызбайды, 
керісінше,  оның  принциптеріне  қайшы,  әрі  адамгершіліктің 
ырқына  қарсы.  Адамгершіліктің  жалғыз  принципі  –  оның 
заңның  материясынан  (өзіне  сай  тілек  туғызатын  объектіден) 
тәуелсіздігі және еркін таңдауды жалпы заң түзудің формасымен 
байланыстыру. Максиманың соған қабілеті болуға тиіс. Бірақ, 
объектіден  тәуелсіздік  негативтік  мағынасындағы  еркіндік, 
ал  таза  практикалық  зерденің  өздігінен  заң  түзуі  позитивтік 
жасампаздық  мағынасындағы  еркіндік.  Яғни,  моральдық  заң 
таза  практикалық  зерденің  автономдығынан  немесе  еркін-
дігінен  басқа  ешнәрсені  білдірмейді,  ал  бұл  еркіндіктің  өзі 
барлық максималардың формальдық шарты, тек сол арқылы 
олардың  бәрі  ең  жоғарғы  моральдық  заңмен  үйлесе  алады» 
[11].  Екінші  бір  пайымдауларында  ол:  «...жалпыға  бірдей 
заңдық формадан басқа еш нәрсе де ырық үшін заң бола ал-
майтын болса, ондай ырықты табиғат құбылыстарының өзара 
қатынас заңынан, яғни, себептілік заңынан толық тәуелсіз деп 
ойлау  керек.  Мұндай  тәуелсіздік  еркіндік  деп  аталады.  Олай 
болса, тек таза заң түзушілік форма ғана өзіндік заңы болып 
тұрған ырық еркін ырық» [11, 50 б.]. 
Канттың ойынша таза зерде, оның ұғымдары мен прициптері 
таза, басқаша айтқанда сезімдерден таза, яғни, таза логикалық 

44
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
ұғымдар, әсіресе еркіндік ұғымы. Еркіндікке сезімдер, Канттың 
айтуынша, әртүрлі құмарлықтар, жеке объектілердің ықпалы, 
өзімшілдіктер, әрине, әсер етеді. Сөйтіп жеке адамдар әртүрлі 
дұрыс та, теріс те максималарды таңдауы мүмкін. Бірақ, таза 
зерденің  априорлық  принциптерінің  өз  мағынасында  ол 
сезімдіктер жоқ. 
Адамдардың  практикалық  өмірі  деп  Кант  олардың  өзде-
ріне  қажет  бұйымдар  мен  азық-түліктерді  өндіруді  айтпай-
ды. Материалдық игіліктерді өндіру ол үшін тіпті негізгі нәрсе 
емес. Себебі, ол ондай өндірістің мазмұны мен бағалылығын 
анықтайтын  адам  жанының  шешімдерін  бірінші  орынға 
қояды.  Сондықтан  да,  Кант  үшін  практиканың  негізі  – 
практикалық зерде. Адамдардың іс-әрекет саласын реттейтін 
зерде.  Оның  негізгі  реттеуші  принципі  –  еркіндік  дедік. 
Шешімдерді  қабылдаудың  түпкі  негізгі  жағдайлары. Осыған 
сай  Кант  еркіндік  принципін  немесе  ұғымын  реттеуші  деп 
қана  қарайды.  Соның  негізінде  заңдар  негізгі  заңдар  және 
максималар түзіледі. Зерденің ең негізгі априорлық заңы деп 
Кант «Ырқыңның максимасының қуаты жалпыға бірдей заң түзу 
принциптері бола алатындай етіп әрекет ету» [12, 51 б.] дейді. 
Өзімізше айтсақ, өз мақсатыңа, өз бақытыңа ұмтылуың, ортақ 
заңға  сәйкес  басқалардың  да  сондай  өз  мақсатына,  бақытына 
ұмтылуына үйлесетін болсын. Жеке іс-әрекеттерде өзімшілдіктің 
құмарлықтары  мұндай  шекпен  санаспайтындығын  Кант, 
әрине,  жақсы  біледі.  Бірақ,  эмпирикалық  өмірдің  ондай 
озбырлықтарын  есепке  алмайтын  практикалық  таза  зерде 
ондай  өмірге,  жеке  әрбір  жанға  абсолюттік  талаптар  қояды. 
«Таза зерде өзінен өзі практикалық зерде және (адамдарға) біз 
адамгершілік заңы деп атайтын жалпыға бірдей заң береді». 
Осы тұрғыдан шыға отырып, Кант өзінің таза ерік туралы 
(воля)  ұғымын  өрбіткен,  себебі  ол  «еркіндік  ұғымы  ерік 
автономиясын  түсіндірудің  кілті  болып  табылады»  [12], 
«Еркіндікті барлық зерделі тіршілік иелерінің еркіне тән қасиет 
деп есептеу қажет» деп есептейді. Бірақ, еркіндікті шешімдер 
қабылдаудың  алғышарты  немесе  түпкі  шартты  жағдайлары 
деп қарау оны тек белгілі бір норма деп түсіну емес. Норма, 
өлшем  шешімнің  шеңберін  шектейді.  Шешім  сол  норманың 

45
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
аумағында  ғана  орындала  алады.  Зерде,  ақыл  сол  еркіндіктің 
негізінде  өзіне  өзі  шек  қоятын  нормалар  мен  априорлық 
заңдарды,  максималарды  одан  кейін  қабылдайды,  ал  бұл 
жасампаздық. Сондықтан да, Кант адам өзіне өзі заң беретін, 
бере  алатын  жалғыз  тіршілік  иесі  екендігін  айтады.  Осындай 
заңдар  мен максималар априорлық, яғни тәжірибеден бұрын
оған  тәуелсіз,  таза  практикалық  зерденің  таза  өз  туындысы 
болғандықтан,  оны  қабылдаған  адамдар  сыртқы  жағдайлар 
қандай  болса  да,  оларды  орындауға  тиіс.  Сондықтан  да,  ол 
заңдар,  әсіресе,  жоғарыда  аталған  заң  адамгершілік  заңдары. 
Оларды  орындау  адамдар  үшін  абсолюттік  парыз.  Оларды 
орындаудан  ауытқып,  бір  құмарлықтың  жетегінде  кетсе, 
ондай  адам  немесе  оның  сол  қылығы  моральдық  теріс  баға 
алады.  Жағдайлардың  оны  орындауға  мүмкіндік    бермегені 
оның адамгершіліктен ауытқығанын кешіре алмайды. Қандай 
жағдайлар  болмасын,  тіпті  адамды  өлімге  душар  ететін 
болып тұрса да, ол адамгершілік талабынан ауытқымау керек. 
Мысалы, өз отанын, өз отбасын, бала-шағасын өлімнен сақтау 
тек өз өлімімен ғана мүмкін болып тұрса, адам өлімге баруы 
тиіс.  Материалдық  игіліктерді  өндіру,  ғылыми  зерттеу  және 
тағы да басқа істерде адам әрекеті тек нәтижесімен бағаланады. 
Нәтижесіз,  сәтсіз  аяқталған  әрекет  мұндай  істер  саласында 
төмен бағаланады. Қажетті өнімге, табысқа т. б. қол жетпесе, 
бұл салаларда оған кеткен уақыт пен қуат – босқа кеткен шығын. 
Ал моральдық салада көзделген мақсат орындала алмай қалған 
жағдайда да егер ол істі атқарған адам орындау үшін барлық 
мүмкіндігін, тіпті өмірін қиюға дейін қолданса, ол моральдық 
тұрғыда жоғары бағаланады. Моральдық акт нәтижелілігімен 
емес,  істің  адамгершілік  мазмұнымен  және  өз  борышына 
субъектінің қатынасымен бағаланады. 
Сонымен, практикалық өмір моральдық-адамгершілік па-
рыздар дүниесі және соларды орындауға байланысты қарым-
қатынастар. Ол парыздар туралы ұғымдар мен принциптерді 
адамдар өзін қоршаған табиғаттан алмайтын болса, – өйткені 
табиғатта  ондайлар  жоқ,  –  онда  олардың  пайда  болатын  бір 
ғана көзі адамның өз зердесі, яғни, адамның өзі болып шығады. 
Олай  болса,  өз  іс-әрекеттерінің  бірден-бір  иесі,  авторы  өзі 

46
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
болғандықтан,  олардың  барлық  нәтижелері  үшін  бірден-бір 
жауап берушісі де өзі. Олардың иелігіне де өзі ие. 
Осының  барлығы  жеке  адамның  оқшау  дербестігінің, 
автономдығының  ішкі  мәні,  мағынасы.  Бұл,  бірақ,  жеке 
адамның басқалармен байланысы алаңсыз үзіледі дегенді біл-
дірмейді.  Ондай  байланыстарды  әркім  өзінше,  дербес  түзеді 
дегенді  көрсетеді.  Ол  және  сондай  қатынастардың  барлы-
ғында бірдей емес, саналуан түрлі екендігінің де белгісі. Алуан 
түрлі  қатынастар  иелері  бірдейлік  жағынан  бірікпейді,  сан-
түрлілігімен  бірігеді.  Әркім  сондай  қауымдық  бірлікті  өзінің 
өзгешелігімен  толықтырады.  Нағыз  берік  бүтіндікті  (мысалы, 
күрделі  қоғамды)  бірдейліктер  құрай  алмайды,  өзгешеліктер 
құрайды, себебі, әрбір өзгешелік басқа өзгешеліктерге мұқтаж. 
Бірдейліктер  бір-біріне  мұқтаж  емес.  Олай  болса,  Кант  үшін 
еркіндік адамда кейде болып, кейде болмайтын өткінші қасиет 
емес, ол ендеше адамды адам ететін қасиет. Өйткені, тек еркін 
адам,  басқаша  айтқанда  шешімді  түбінде  тек  өзі  қабылдай 
алатын адамға ғана жауапкершілік артуға болады. Тек сондай 
адам ғана өз ойларына, өз сөзіне, өз ісіне өзі ие. Сондықтан да, 
адамдар  өмірінде  басқаларға  зиян  келтіргені  үшін,  қылмыс-
тары  үшін  соттайды,  олар  заңдар  жүйесін  құрады,  оларды 
орындауды  қадағалайтын  мекемелер  құрады  т.  т.  Қылмыс 
деңгейіне  жетпейді  деп  есептелетін,  өз  ортасы  мақұлдамай-
тын  істері  үшін  моральдық  тұрғыдан  жазғырылады.  Заңдар 
жүйесінде,  мысалы,  психикалық  дерттерге  душар  болған,  өз 
ойлары мен шешімдеріне ие бола алмай қалғандарды «жауап-
кершілікке  қабілетсіз»  (невменяемость)  деген  ұғым  бар. 
Ондайлар  зиянды  әрекеттері  үшін  сотталудан  босатылады, 
себебі,  не  істеп,  не  қойғандарына  мән  бере  алмайды.  Бұлар 
философия тілімен айтқанда субъектілік қасиетінен, қабілеті-
нен айырылғандар. Олар өз ойлауын, іс-әрекеттерін өзі басқара 
алмайтындықтан еркін емес. Басқаша айтқанда шын адамдық 
деңгейден айырылып қалғандар. Оларды моральдық тұрғыдан 
жазғыру  да  қиын.  Канттың  тілімен  айтса,  ондай  адамдарда 
таза зерденің өзі жоғалған. Қоғамды, бұрын да айтқандай, тек 
зерделі тіршілік иелері ғана құра алады. Жануарларда ол жоқ. 
Қылмыскер деп есептелгенді айыптау, соттау, жазалау, оны өз 

47
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
әрекеттеріне өзі ғана ие зерделі тіршілік иесі деп қабылдаудың 
нәтижесі. Яғни, оның басқаша болуға мүмкіндігі бар еді, бірақ 
дұрыс  жолдан  өз  еркімен  тайқыған  деп  қаралғандықтан  оны 
айыптауға болады. Осындай ерікті жандар ғана басқа тіршілік 
иелерінен өзгеше өзіндік жаңа дүние – қоғам, мемлекет  құра 
алады. Оның дәстүр, заң, әдет-ғұрыптары, оларға сай мекеме, 
ұйымдарының  барлығы  адамдарды  о  бастан  еркін  жандар 
ретінде танудың негізінде пайда бола алады. 
Солай  бола  тұра  Кант  қоғамдағы  заңдарды  таза  зерденің 
қашанда  бар  заңдары  десе,  ол  олардың  ешбір  бұлтартпас, 
әрекеттің сыртқы жағдайларын ешбір есепке алмайтын, тіпті 
эмпирикалық  фактілерге  қарсы  түрде  іске  асуы  керек  болып 
тұратындығынан  шығады.  Осы  бұлтартпастық  сипатты  ол 
«бұлжымас талпыныс» (категорический императив) деп атады. 
Ол  талпыныс  сыртқы  жағдайлардың  қысымы  емес,  адамның, 
оның  зердесінің  өзіне  қоятын  талабы.  «Табиғат  заңдарынан 
өзгеше бұл еркіндіктің заңдары моральдық деп аталады. Сыртқы 
әрекеттерге қатысты және заңға сай келетін болғанда, оларды 
юристік заңдар деп атайды; егер олар (заңдар) іс-әрекеттердің 
анықтаушы  негізі  болуын  талап  ететін  болса,  онда  олар 
этикалық  заңдар  деп  аталады,...  юристік  заңдар  тарапындағы 
еркіндік  оларды  сыртқы  әрекеттерде  қолдану  еркіндігі;  ал 
екінші тараптағыларындағы еркіндік ерікті сырттай да, іштей 
де  қолдануға  қатысты.  Өйткені  екеуі  де  зерденің  заңдарымен 
анықталады [10, 132 б.]. Юристік те, адамгершіліктің де заңдары 
әдет-ғұрыптың, тәжірибелік зерденің екі түрлі көріну жақтары, 
екеуі де мораль саласына жатады. 
Юристік  заңдар  оларды  сыртқы  әрекеттерде  орындауды 
қанағат  етеді.  Оның  адамның  ішкі  пиғылына  айналуын  та-
лап  етпейді.  Әрине,  бұлардың  барлығы  белгілі  бір  адамдар 
қауымы  құралған  жерде  мүмкін  нәрсе  және  әрбір  жанның 
зердесінің дербестігі, оның таңдау мүмкіндігі ғана қауымдасуды 
мүмкін  етеді.  Олардың  әрқайсысының  алғашқы  дербестігі 
Канттың  айтуынша  қауымдастықты  азаматтық  қоғам  етеді. 
Басқаша  болуы  табиғат  заңына  қайшы.  Азаматтық  қалып, 
азаматтық  қоғам  адамдардың  түпкі  табиғатынан  туындай-
ды.  Табиғаттың  өзі  әрбір  тіршілік  иесін,  яғни,  адамды  да  ке-

48
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
мелденуге  ұмтылдырады.  Ал  адамдардың  кемелденуі,  өсіп, 
өркендеуі белгілі кезеңде азаматтық қоғамда ғана мүмкін бола-
ды. Ондай қоғамдағы азаматтардың теңдігі олардың алғашқы 
табиғи теңдігінің жалғасы. Осындай о бастан бір-біріне тәуелсіз 
адамдардың түзген құрамасында оған кіргендердің құқықтары 
да,  міндеттері  де  бірдей  бола  алады.  Олай  болмаса,  ешбір 
қауымдасу да құрала алмас еді. Азаматтық қалып адамдардың 
түпкі  табиғатына  бірден-бір  сай  келетін  құрама.  Басқаша 
айтқанда  демократиялық  жағдай,  жүйе,  тәртіп  адамдардың 
мәнінен шығады. Азаматтық қалыпқа ауысу арқылы адамдар 
алғашқы, ешбір заңдармен реттелмеген табиғи бостандықтан 
заңдармен  реттелетін  мәдени  қалыпқа  ауысады.  Соның 
арқасында  қауымның  үлесіне  берген  бостандығын  біріккен 
ортақ ырық арқылы қайтарып алады. 
Канттың  ойынша  мемлекетті  құратын  қоғамдық  келісім-
нен  бұрын  да,  кейін  де  жеке,  уақытша,  өткінші  келісімдер 
бола  беруі  мүмкін,  олар  мемлекет  құрмайды.  Белгілі  бір 
қажетті,  бірақ  өткінші  мақсаттар  үшін  одақтар,  басқа  бір 
экономикалық  тағы  басқа  мұқтаждықтарды  өтеу  үшін 
келісім  арқылы  ұйымдасудың  түрлері  болады.  Бірақ,  олар 
мақсат  орындалғаннан  кейін  ыдырауы  ықтимал.  Ал  мемле-
кет құратын алғашқы қоғамдық келісім адамдардың ең іргелі 
әрі мәңгі мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін іске аса алады. 
Оның негізінде таза практикалық зерденің қашанда бар және 
адам бар болса ешбір өшпейтін заңы жатады. Өткінші жеке 
келісімдер  азаматтық  қалыпты  орнықтырмайды,  мұндай 
мақсат оларда жоқ. Азаматтық қоғам құрғанда, оған кіретін 
әр  адам  басқалармен  тең  жағдайда  соны  құрушылардың 
қатарында, өйткені онда қалыптасатын ортақ жалпы ырықта 
оның  да  ырқы  бар.  Жалпы  заңдар  түзуші  суверен  (ортақ 
ырықта) ол да бар, яғни ол да суверен. 
Бұдан  шығатын  нақты  әлеуметтік-саяси  қорытындылар-
дың бірі – барлық уақытта жоғарғы билік халықта болуы тиіс, 
тікелей де, дәнекерлі түрде де, соның еркін білдіруі керек. Мұны 
тіпті табиғаттың заңы деп білген дұрыс. Тирандық, деспоттық, 
тоталитарлық  билеу  формалары  осы  табиғат  заңына  қарсы, 
мемлекеттің түпкі табиғатынан ауытқу. «Өзін мемлекет етіп 

49
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
құрған  халықтың  осы  актісі  шын  мәнісінде  мемлекет    идея-
сы,  ал  оны  бірден-бір  заңды  ете  алатын  ең  алғашқы  келісім 
бойынша  (omnes  et  singuli)  әр  адам  халықтың  құрамында 
бас тартқан сырттай еркіндігін сол сәтте-ақ қауымдастықтың 
мүшесі ретінде, яғни енді мемлекет деп қаралатын халықтың 
құрамында (universi) қайта қабылдайды; сондықтан да, мем-
лекет немесе мемлекеттегі адам белгілі бір мақсат үшін о бас-
тан өзіне табиғатынан тән сырттай бостандығының бір бөлігін 
құрбан  етеді  деп  ойлауға  болмайды;  ал  заңға  негізделген 
тәуелділікте өзінің жалпы бостандығын қайта иемдену үшін 
ешбір  заңға  негізделмеген  жабайы  еркіндігін  құқықтық 
жағдайда  тастайды,  өйткені  бұл  тәуелділік  оның  өзінің  заң 
шығарушы  еркінен  туып  отыр».  Канттың  түсінуі  бойынша, 
тек осындай мемлекет құру үшін болған келісім актісінде оған 
кірген,  соған  қатысқан  адамдар  халықты  құрайды.  Уақытша 
бір  мақсаттар  үшін  болған  ұйымдасу  формаларында  халық 
сияқты тарихи бірліктер құра алмайды. Халық – мемлекет бо-
лып біріккендердің бірлігі. Ол мәңгі болмаса да, адамдарды 
өздерін адам деп есептеуге негіз беретін (олардың ұғымы бой-
ынша) аса қымбат құндылықтар үшін пайда болады. Халықтың 
әрбір  мүшесі  сол  құндылықтарды  қастерлейтін  жағдайда 
ғана, осындай бірлік қалыптасады және сақтала алады. Халық, 
әрине, мемлекетті құрмай тұрған кезде-ақ ұйыса алады. Бірақ, 
мемлекет  болып  бекігенге  дейін  ол  бірлік  әлі  берік  емес. 
Мемлекет болу бірлікті нығайту үшін көп халықтар осындай 
бірігу  арқылы  ұлт  болуға  ұласқан.  Кеңестік  философияда 
айтылатындай  экономикалық  тұтастық  немесе  бірлік  ұлтты 
біріктіретін  фактор  бола  алмайды.  Себебі,  экономикалық 
байланыстар мен бірліктер ұзақ мерзімдік бірлікке негіз бола 
алмайды.  Экономикалық  мүдделер  жағдайға  қарай  айны-
малы бола береді. Ұлтты құрау үшін жан дүниеде аса терең 
бойлаған рухани құндылықтар болуы керек. Олар адамдардың 
мінез-құлқында көрінеді. Мінез-құлықтардың түпкі төркінін 
таза  практикалық  зерденің  заңдарынан  көретін  Канттың 
қағидалары  сондықтан,  ақиқатқа  әлдеқайда  жақынырақ. 
Әр жанның түкпірінде ұялаған осындай заңдар ғана әркімді 
табиғатынан дербес етеді. Бірақ, табиғаттың осы заңын тәрік 

50
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
еткен  деспоттық  мемлекеттерді  Канттың  айтуынша  әкелік 
(отеческое)  деп  атау  пайда  болды.  Өйтсе  де  оларда  әкелік 
қамқорлық  жоқ.  Оларда  мемлекет  мүшесі  –  азаматтарға  – 
өз  бақытын  өзі  әлі  білмейтін  кәмелетке  толмаған  балалары-
на қатаң әкенің қатынасындай қатынас бар деп уағыздалады. 
Адамдардың  шын  табиғатына  сәйкес  келетін  мемлекет 
әкелік  емес,  отандық  (отечественное)  болу  керек  дейді  Кант 
[13].  Отандық  немесе  патриоттық  мемлекеттің  түпкі  тірегі  – 
азаматтардың  ортақ  ырқы.  Сол  ырықтың  ұжымдасу  форма-
сы. Әкелік мемлекеттерде азаматтар жоқ, тек бағыныштылар 
(подданные) бар. 
Халықтың  жалпы  ортақ  ырқының  іс  жүзінде  орындалуы 
негізінде үш түрде болуы мүмкін дейді Кант. Бұл мемлекеттің 
формасы  туралы  мәселе.  «...мемлекеттің  формасы  я  авто-
кратиялық,  я  аристократиялық,  я  демократиялық  бола  ала-
ды... мемлекеттің автократиялық формасының ең қарапайым 
екендігін  байқау  қиын  емес,  атап  айтқанда  бұл  корольдің 
халыққа  [қатынасы],  яғни  мұнда  тек  бір  ғана  заң  шығарушы 
бар.  Аристократиялық  форма  екі  тектес  қатынастан  тұрады 
–  игі  жақсылардың  өзара    қатынастары  (заң  шығарушылар 
ретінде),  оның  мақсаты  суверен  болу  және  осы  сувереннің 
халыққа  қатынасынан;  ең  күрделісі  демократиялық  фор-
ма,  ол  алдымен  барлығының  ырықтарын  біріктіруі,  сол 
арқылы халықты құруы, сонан соң азаматтардың ырықтарын 
біріктіріп,  ортақтықты  құруы,  және  ақырсында  сол  ортақ 
қауымның  басына  суверенді  отырғызуы  қажет,  ал  бұл  (суве-
рен) сол біріккен ортақ ырықтың өзі. Ал мемлекетте құқықты 
қолдануға  келсек,  бұл  жағынан  авторитарлық  ең  қарапайым 
форма ең оңтайлысы, бірақ құқықтың өзіне қатынасы жағынан 
ол халық үшін ең қауіптісі де, өйткені бұл форма деспотизмге 
қатты ойысады» [11, 265 б.]. Өйткені, биліктің басында тұрған 
әмірші көнбіс халықты заңдарға тезірек бағындыруы мүмкін, 
бірақ, бағыныштылар онымен азамат бола алмайды. Азамат-
тар мемлекеттің белсенді мүшелері. Нағыз шынайы республи-
ка халықтың өкілетті жүйесі болудан басқа ештеңе де бола ал-
майды, себебі, біріккен халықтың өзі суверен. Биліктің қандай 
формасы болмасын олар түпкі мағынасында сувереннің өкілі 

51
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
болуға тиіс. Осындай таза республикалық форма орнатылған 
болса, онда биліктің тізгінін бұрынғы өктем болған күштерге 
қайтарудың  еш  қажеті  жоқ.  Олардың  озбырлығы  халық 
билігін  жоқ  қылып  жіберуі  сөзсіз.  Сондықтан,  о  баста 
мемлекеттің қандай формасы пайда болмасын – автократтық 
па,  аристократтық  па  немесе  бір  жартыкештік  қалыпта  ма, 
бәрібір, олар ең түпкі табиғи формаға – таза республикаға – 
қарай реформалық жолмен ойыса беруі керек, яғни, халықтың 
еркін  білдіретін  заңдардың  негізінде  жұмыс  істеуге  мойын-
сынуы  тиіс.  Таза  республикалық  форма  ең  орнықты  форма, 
өйткені  respublika  деген  сөздің  бастапқы  мағынасының  өзі-
ақ  ортақ  іс  дегенді  көрсетіп  тұрғандай,  ол  халықтың  жалпы 
мүдделеріне сәйкес келеді. 
Таза практикалық зерденің заңдары, категориялары, яғни, 
принциптері  субъективтік  емес,  объективтік,  жеке  адам  бол-
сын, жалпы халықты тұтасымен алғанда да олардың өткінші, 
эмпирикалық  мұқтаждықтарына  тәуелді  емес,  себебі,  олар 
қандай  да  болмасын  зерденің  о  бастан  бар  принциптері. 
Субъективтік ырық – ол халықтың болсын жеке адамның ай-
нымалы  елігулері,  олар  бүкілжалпы  принциптеріне  қайшы 
да  келіп  жатады.  Олай  болса,  көбінесе  моральдылықтың 
шеңберінен шығып кетіп жатады. Ендеше эмпирикалық өмірде 
субъективтік  жалпы  принциптердің  аумағынан  шығып  кетіп 
жатады. Еш уақытта орындай алмайтын жалған уәде берме, - 
дейді мысалы жалпы принцип. Бірақ жеке адам екінің бірінде 
соның  мүддесінен  шыға  бермейді.  Ол  тағы  өзінікінің  дұрыс 
еместігін біледі, сезеді, адамгершіліктің шегінен аттап кеткеніне 
жаны  күйзелуі  де  мүмкін.  Осының  өзі  зерденің  бұлтартуды 
ешбір  кешірмейтін  талаптың  бар  екендігінің  куәсі.  Ол  жеке 
субъективтік ырықтан жоғары тұрған объективтік ырық. Жал-
пы барлық зерделерге тән нәрсе. Сондықтан да, практикалық 
зерденің  принциптері,  яғни,  заңдары  табиғат  заңдарынан 
түбірінен  өзгеше,  олар  өктемдік,  талаптылық  (категоривтік 
императив)  сипатта,  олар  түпкі  еркіндіктің  нәтижесі.  Түпкі 
автономдық,  жеке  дербес  ырықтың  мағынасы.  Оны  сыртқы 
бір  күштер  басып,  жаншуы  мүмкін,  одан  субъективтік  ырық 
ауытқуы  мүмкін,  бірақ  оны  адамды  жойып  жібермей  тұрып 

52
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
жойып  жіберу  мүмкін  емес.  Ол  адамнан  ажырамас  қасиет, 
ол алаңсыз жаттала алмайды. Олай болса, ырық дегеніміздің        
өзі  –  практикалық  зерде.  Ырық  дегеніміз,  –  дейді  Кант,  –  ай-
нымалы елігулерден тәуелсіз зерденің практикалық қажеттілік 
деп, яғни жақсылық деп тапқанын ғана таңдау қабілеті» [12]. 
Белгілі заңға, тәртіпке мойынсындыруды Кант күшпен ба-
сып-жаншудан ажырату қажет деп біледі. Мойынсыну қажет-
тілікті  өз  еркімен  қабылдау.  Ол  еркін  таңдаудың  көрінісі. 
Оның  бұл  ойы  да  Руссоның  көзқарастарымен  үндес.  Кант  та 
мемлекеттің  шығу  себебін  зорлық  жасаудан,  күшпен  басып-
жаншудан көрмейді. Күш қолданудан тұрақты қоғамдық жүйе 
не тәртіп туа алмайды. Зорлық, әсіресе, құқық пен міндеттің 
еш уақытта түпкі негізі болмақ емес. Осындай «теориялардың»   
бірі  –  Марксизмнің,  әсіресе,  оны  Лениндік  «дамытудың» 
қағидасы  болғаны  белгілі.  Бұл  қағида  бойынша  мемлекет 
дегеніміз  халықтың  белгілі  бір  тобын  екінші  бір  тобының 
жүйелі  түрде  басып-жаншу  машинасы,  үстемдіктің  органы, 
дәлірек айтса, бір таптың басқа таптарға үстемдігінің органы. 
Бұл  теорияда  шын  мағынасында  еркіндікке  орын  жоқ.  Жеке 
адамның  өзіндік  дербестігіне  орын  жоқ.  Яғни,  жеке  адамның 
дербес  кісілік  абыройына  орын  жоқ.  «Мақсаттар  дүниесінде 
бәрінің  де  я  бағасы,  я  абыройы  бар.  Бағасы  барды  екінші  бір 
соған бара-бар нәрсемен ауыстыруға болады. Ал қандай да бол-
са бағадан жоғары нәрсенің ендеше, ешқандай бара-барлыққа 
келмейтін нәрсенің абыройы бар» [12, 276, 277 б.]. 
Адамдағы  қабілеттердің,  икемділік  пен  ыңғайлылықтар     
т. б. немесе пайда келтіретін, сол арқылы бір қажетті сырттай 
нәтиже  бере  алатын  қасиеттердің  бағасы  бар,  олардың  баға-
сын өлшей алатын өлшем бар. Ал өзі өздігінен бағалы, өзінің 
нәтижесі тек өзі болатын нәрселердің, яғни, моральдылықтың 
абыройы  бар.  Сондықтан  да,  ешбір  пайдагерлікке  қатыссыз 
моральдылыққа,  Канттың  айтуынша,  тек  зерделі  жан  иелері, 
яғни,  адам  баласы  ғана  қабілетті.  Ендеше  адамгершілікке 
қабілетті адамзатта ғана абырой бар [12, 277 б.]. 
Сонымен  Канттың  азаматтық  қоғам  туралы  идеялары 
бұрын  айтылған  ойшылдардың  бұл  туралы  теорияларын 
кең  мағынада  өрбітіп,  олардың  философиялық  негізін 

53
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
қалады. Неміс классикалық философиясының тағы бір ұлы 
өкілі Г. В. Ф. Гегель (1770–1831 жж.) азаматтық қоғам туралы 
ілімнің екінші бір жағы – ырықтың еркіндігі мәселесіне көп 
көңіл бөлді. Ол оның ойынша, бұл саладағы философияның 
зерттейтіні  ырық  идеясы.  Тіпті  ырық  идеясы  –  ойлаудың 
белгілі  өзегі.  Оның  себебі  –  ойлау  өзінің  белгілі  кезеңінде 
нақты  болмысқа  айналуы  тиіс.  Яғни,  өзіне  болмыстық 
форма  беру  сатысында  ой  идеяға  айналады.  «Ойлауды 
ырықтан  бөлек  өзінше  бір  қабілет  деп  танитындар,  тіпті, 
оны,  ырықты,  игілікті  ырықтан  төмен  қоятындар  ырықтың 
табиғаты жөнінде ешнәрсе білмейтіндігін көрсетті», – дейді 
ол [14]. Ал «құқықтың нәр алатын негізі – жалпы руханилық 
және  оның  ең  жақын  орны  мен  шығар  көзі  –  ырық,  ал  ол 
еркін,  ендеше  еркіндік  оның  субстанциясы  мен  айқындығы 
және  құқықтық  жүйе  –  еркіндіктің  іске  асқан  патшалығы, 
оның екінші бір табиғат түрінде тудырған рух дүниесі» [14, 
359 б.]. Ырық, әрине, жеке жанның, жеке ойлаудың несібесі. 
Онсыз жеке ойлаудың оқшаулануы болмайды. Оның пайда 
болуының  формасы,  ол  –  Мен  (я).  Оның  ішкі  құрылымы  – 
бүкілжалпылық  (всеобшее)  пен  жекелік,  жалқылықтың 
арақатынасы. «Мен ойлаумын және әрі бүкілжалпылықпын... 
Мен  дүниені  білетін  болсам,  мен  ол  дүниеде  өзімдемін, 
әсіресе,  ол  дүниені  түсінген  болсам.  Теориялық  қатынас 
осылай.  Керісінше,  практикалық  қатынас  ойлаудан,  Мен-
нің өзінен бастайды және әуелден қарама-қарсылықта көрі-
неді,  өйткені  о  бастан  бөліну  жігін  орнатады.  Әрекетшіл, 
практикашыл,  яғни  әрекет  жасай  отырып,  Мен  өзімді 
анықтаймын, ал өзіңді анықтау – өзгемен айырмашылықты 
анықтау»  [14,  360,  361  бб.].  Ырық  немесе  Мен  ойлаудың 
өзіне өзінің қатынасы, рефлексиялық доға. Өзін-өзі анықтау 
өзін  әрекетімен  жасау,  құру.  Ал  рефлексияның  нақты 
айқындықтан  ада  формасы  бүкілжалпылық  пен  жекеліктің 
бірлігі. Яғни, бүкілжалпы бола тұра оқшауланған, өзіне-өзі 
тұйықталған жан. Басқа сондай жандармен немесе ойлаумен 
дербес  тәуелсіз  қатынаста.  Осындай  дербес  ойлаулардың 
Мен  болып  қалыптасулары  өздерінің  ортақ  объективтік 
болмыстық формасын құрады. Ол форма – мемлекет.

54
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
«Ырықтың бостандығы қандай нақты мазмұнды қалайты-
нын  өзі  шеше  алатындығында  ғана  емес,  өз  шешімімен  таң-
даған  нәрсесінен  ырық  бас  тарта  алады»  [14,  376  б.].  Құқық 
идеясы  тек  осындай  еркін  ырық  ұғымымен  туыстас.  Еркін 
емес  ырық  деген  бос  сөз.  Еркін  емес  ырық  ырық  емес.  Тек 
басқаның  әмірімен  атқарылатын  іс,  сол  басқаның  ырқының 
іске асуы. Оны орындаушы сол ырықтың иесінің қолданатын 
құралы  ғана.  «Құл,  –  дейді  бұл  туралы  Гегель,  –  өзінің  шын 
табиғатын  (сущность),  өзінің  шексіздігін,  еркіндігін  білмейді, 
өзін  мән  ретінде  білмейді;  ал  өзін  осындай  деп  білмеудің 
мәнісі – ол өзін ойлаудың предметі етпейді» [14, 376 б.]. Яғни 
бұл  мағынада  Гегель  амалсыздан  басқаның  ырқын  орында-
ушыны  айтып  тұрған  жоқ.  Өйткені  мұндай  жағдайда  да  он-
дай  құл  өзін  ойлаудың  предметі  етуден  айрылған  жоқ.  Ге-
гель  өзін  ойлаудың  предметі  ету  қабілетінен  айрылғандар 
жөнінде  айтып  тұр.  Ал  бұл  Канттың  да,  Гегельдің  де  түсінуі 
бойынша  адамдық  қасиеттен  ада  болғандар.  Гегель,  мыса-
лы, жануарларда мұндай қасиет жоқ дейді [14, 369 б.]. Бірақ, 
Гегельдің  түсінуінде  үлкен  айырмашылық  бар.  Оның  жалпы 
философиялық  жүйесі  бойынша  табиғат  та,  адам  қоғамы, 
яғни адам  да бүкіләлемдік абсолюттік идеяның өзі өздігінен 
дамуының нәтижесі. Табиғатта, әлемде абсолюттік идея өзіне 
жат түрде материалдық түрге ауысады, өзіне өзі жаттанады. 
Келесі  бір  сатысында  адамдар  қоғамы  түрінде,  рух  форма-
сында дамиды, әрі өзін өзі таниды. Олай болса, Гегельдің зер-
де,  рух,  олардың  қарама-қарсы  жақтары  –  бүкілжалпылық 
пен  өзгешелік,  жалқылықтары  –  бүкіләлемдік  идеяның 
қасиеттері.  Олар  адамдарда  да  бар,  бірақ,  абсолюттік  идея-
ның,  бүкіләлемдік  рухтың  нақтылық  түрге  енген  формасы, 
бүкілжалпылықтың жалқылығы. Бүкілжалпылық идея өзінің 
әртүрлі  өзгеше  қырларының  жіктеліп,  біршама  дербестікте 
өрбуіне жол береді. Жалқылықсыз өсіп-өну, даму жоқ. Оның 
шексіздігі  әр  сәтте  шектілікте  өтуі  керек.  «Тек  осы  еркін-
дікте  ырық  сөзсіз  өзін  мекендейді,  себебі,  ол  тек  өзімен  өзі 
қатынастылықта,  басқа  еш  нәрсемен  емес;  сол  арқылы  басқа 
бірдеңеден тәуелділік қатынас жоғалады. Ол ақиқатты немесе 
дәлірек айтсақ, ақиқаттың өзі, өйткені оның өзін айқындауы-

55
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
ның  өзі  оның  бар  болмысы,  яғни  өзіне  қарама-қарсы  тұрған 
оның  өз  ұғымы  немесе  таза  ұғымның  өзінің  өзіне  мақсаты 
және өзінің өзі үшін реалдылығы – оның өзін өзі аңдауы» [14,                                 
377 б.]. Сонымен, өзімізше айтсақ, барлығы да әлемдік рухтың 
ішкі белеңдері, бәрі де – идеалдылық та, реалдылық та соның 
ішінде, оның өзіндік қырлары. 
Сондықтан,  адамдардың  азаматтық  қоғамға  дейінгі 
және  азаматтық  қоғамның  өзінің  дамуы,  өрістеуі  деп  қабыл-
дайтынымыздың  өзі  бекер  нәрсе,  абсолюттік  идеяның 
табиғатқа  жаттануының,  адамзат  түрінде  өрбуінің  өз  тари-
хы  екен.  Олардың  барлығы  абсолюттік  идеяның  әлемдік  рух 
деңгейіндегі тарихы. Адамдар соны іске асырудың құралдары 
ғана. Бұл тұрғыдан алғанда азаматтық қоғамның түпкі құрушы 
субъектілері адамдардың өздері емес. Адамдар мұнда тек со-
лай  болып  көрінеді.  Шын  мәнінде  адамдар  Бүкіләлемдік 
рухтың белгілі кезеңдегі өз мақсаттарын іске асырудағы ойна-
тып қойған қуыршақтары ғана. Руссо, әсіресе, Кант азаматтық 
қалыпты  адамдардың  түпкі  мәнінің  іске  асқан  ақиқат  фор-
масы деп қараса, әрі мемлекеттің түпкі мәніне сәйкес келетін 
бірден-бір форма деп ойласа, Гегель оны бүкілжалпылықтың 
тек жалқылық түрінде өзін өзі өрбіту деп қана көрсетеді. Рус-
со мен Канттың анықтамаларын ол тек ерекшелікті индивидті, 
жеке адамға тән шолжаңдықтың ырқы деп бағалады [14, 377, 
378 бб.]. Бүкілжалпылықты шексіз көтерген Гегель жекеліктің 
мәнін  де  шексіз  төмендетеді.  Ол  үшін  жекеліктің,  ал  мұнда 
жекелік – жеке тұлға – мағынасы жоқтың қасы. Оның қызметі 
–  бүкіләлемдік  мазмұнның  тек  бір  жалт  етіп  жоқ  бола-
тын  көрінісі.  Гегельдің  философиясында  бүкілжалпылық 
алғашқы, сол ғана өз ішіндегі өзіне тән айырмашылықтарды, 
өзгешеліктерді  тудыратын  болғандықтан,  Мемлекеттің  шын 
мәнісі – бүтіннің бөліктерге үстемдігі. Олай болса шын еркіндік 
бүтіннің  немесе  бүкілжалпылықтың  еркіндігі,  шын  ырық  та 
адамдардың  мөлдек  ырықтары  емес,  бүкілжалпылықтың 
ырқы. Мемлекет осы ырықтың іске асқан болмысы. Мемлекет 
– субстанция, ал жеке адамдар соның модустары. «Мемлекет 
өзі өздігінде, әрі өзі үшін ізгіліктің (нравственность) тұтастығы, 
еркіндікті және де зерденің абсолюттік мақсаты – еркіндіктің 

56
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
болуы. Мемлекет дүниеде орныққан және онда саналы түрде 
өзін өзі іске асыратын рух, ал табиғатта болса ол өзін өзіне жат 
нәрсе түрінде шындыққа айналдырады, онда ол – мүлгіген рух. 
Тек санада бар, өзін бар нәрсе ретінде білетін рух – мемлекет. 
Еркіндікте  жекелікті,  жеке  өзін  саналауды  емес,  оның  мәнін 
ғана ескеру қажет, ал бұл мән, адам оны біле ме, жоқ білмей 
ме, оған тәуелсіз дербес күш болып іске асады, жеке адамдар 
оның бір өткінші сәттерінен артық еш нәрсе  емес: мемлекет 
ол – Құдайдың дүниеге сапары...» [14, 378 б.]. 
Жеке  адамдар  тарихтың  үдерісінде  өз  мүдделерімізді 
көздеп,  соларды  іске  асырып  жүрміз  деп  ойлайды,  өз  мақ-
саттарымызды  өздеріміз  таңдаймыз  дегенге  сенімді.  Ал 
олардың жеке әрекеттерінің тоғысуынан олар күтпеген, олар 
көздемеген  нәтижелер  келіп  шығады.  Яғни,  Гегельдің  ой-
ынша  адамдардың  сол  мақсаттарды  іске  асыруындағы  жеке 
ырықтарынан, зерделерінен тыс, олардан әлдеқайда құдіретті 
ырық,  зерде  бар.  Түптеп  келгенде  осы  соңғылар  іске  асады. 
Осы  соңғысы  мемлекеттің  негізі.  Ол  осы  соңғы  ырықты  іске 
асыруы  тиіс.  Демократиялық  азаматтық  мемлекет  болсын 
немесе  деспотиялық,  монархиялық  жүйе  болсын,  –  бәрінің 
түпкі негізі осы. Осындай философиялық әрі әлеуметтік-саяси 
тұрғысына  байланысты  Гегель  парламенттік  демократиялық 
республикадан  көрі  конституциялық  монархия  артық  деп 
есептеді. Сол кездегі Пруссияның мемлекеттік басқару форма-
сы осыған жақын еді. Оның көптеген замандастары Гегель өз 
кезіндегі билеушілердің көңілінен шығуды көздеді деп есепте-
ген. Бірақ монархиялық билікті заңдармен шектеуді дұрыс деп 
тапқан ойшылға азаматтық қоғам идеясы жат еді деп айтуға 
болмайды.   

57
2. Мұстафа Шоқайдың Түркістан азаматтық қоғамы туралы идеясы 
және ұлттың бірігуіне негіз бола алатын рухани құндылықтар

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал