Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет3/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.2 Жаңа заман ойшылдары 
Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо 
Жаңа заманда азаматтық қоғамның идеяларын жария еткен 
Гоббс пен Дж. Локк оларды негізінде әлеуметтік-саяси жағынан 
қарастырды. Әсіресе, Гоббс өзінің республикалық идеяларын-
да монархистік жүйе тұрғыларынан онша алыстап кете алған 
жоқ.  Адамдардың  алғашқы  табиғи  жағдайындағы  жеке-жеке 
тіршілігінен  қауымдасу  мен  мемлекет  құруға  көшкендегі  өз 
ырықтарын біріктіріп келісім жасаудың артықшылығы, оның 
ойынша, тек «бәрінің бәріне қарсы соғысынан» құтылғандығы 
екен. Келісімнің мәнісі бір жағынан қауымдасқан адамдар бәрі 
де өз жеке ырықтарынан бас тартып, билікті өздері сайлаған 
бір, не бірнеше адамға береді. Ал ол барлығының ырықтарын 
біріктіріп,  өз  ырқына  айналдырып,  тізгінді  өзі  ұстайды. 
Әрине, ол бір ғана адамға емес, адамдардың бір ғана тобына 
берілуі де мүмкін (династия). Осы ырықтың бәрін өз қолында 
шоғырлағандар  қауым  адамдарының  қауіпсіздігін,  жалпы 
мүдделерін, бейбіт жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. 
Дж. Локк болса, алғашқы табиғи жағдайда «бәрінің бәріне 
қарсы соғысы» болды деп есептемейді. Оның түсінуінше қоғам-
дасып, мемлекет құруға басқа мұқтаждықтар итермелеген. 
Т.  Гоббс  та,  Дж.  Локк  та  алғашқы  адамдардың  жеке,  дер-
бес  тіршілігін  оларға  туа  бітті  еркіндіктің  көрінісі  деуден 
аулақ, керісінше, табиғи адамдардың өмірі сыртқы күштердің 
алдындағы  дәрменсіз  жандардың  ауыр  да,  қауіпті  тіршілігі. 
Ондай өмірді бостандық деп айту қиын. 
Гоббс  (1588–1679  жж.)  болса,  шын  мәніндегі  бостандықты 
мойындамаған.  Ол:  «Еркіндік  пен  қажеттілік  үйлесе  алады... 
ерікті  әрекеттер  адамдардың  ырқынан,  ал  ырық  еркіндіктен, 
сонымен қатар, адамдардың ырқынан туатын әрбір акт, тілек 
және  талпыныс  белгілі  бір  себептен,  ол  себеп  тағы  бір  се-
бептен,  себептердің  тізбегінен  (ал  тізбектің  соңғы  тізгіні,  ең 
ақырғы  себеп  құдайдың  қолында)  болғандықтан  оның  бәрі 
қажеттіліктен  туындайды.  Осы  байланыстарды  көре  алатын 
адамға адамдардың еркінсіген әрекеттерінің қажеттілігі айқын 
болар  еді.  Бәрін  көріп,  бәрін  реттеп  отырған  құдай,  әрине, 

30
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
адамдар  қалаған  нәрсесін  істеп  жатқанда  да  содан  қажетті-
лікті, құдайдың өз қалағанының болып жатқанын да көреді... 
адамдарда  ешнәрсеге  құштарлық  та,  ешнәрсеге  құмарлық  та 
құдайдың ырқынсыз болмас еді...» [7].
Яғни,  Гоббстың  теориясы  бойынша  о  баста,  адамдардың 
табиғи,  қоғамға  бірікпеген  жағдайында  әркімнің  еркі  өзінде, 
өзін өз қалағанынша басқарады. Бірақ, адамдар табиғатынан тек 
өз мұқтаждығын ғана көздейтіндіктен олардың мүдделері бір-
біріне қайшы, тіпті жау. Олай болса, олардың арасында үнемі 
толассыз  тартыс  болып  жатуы  да  табиғи.  Осы  бәрінің  бәріне 
қарсы соғысынан адамдар алаңсыз бір-бірін жойып жібермес 
үшін олар қоғамдасып, мемлекет құруға мәжбүр болған. Мем-
лекет, яғни, адамдардың өзімшілдігін тежеудің құралы болуға 
тиіс болған. Гоббстың ілімі осындай болғандықтан, ол мемле-
кетке кірген адамдарды қоғамның ерікті, дербес мүшелері деп 
есептеуден  аулақ.  Яғни,  олар  мемлекеттің  азаматтары  емес. 
Өз  өмірін  бейбіт  күйде  сақтай  алса,  басқа  құқықтардан  ол 
мақрұм. Ол сувереннің, яғни Гоббсша корольдің қоластындағы 
жан ғана. Егер Король немесе суверен өз міндетін орындамай 
жүрген жағдайда да, қоғам мүшелері өз ырықтарын қайтарып 
ала  алмайды.  Гоббстың  теориясының  жартыкештігі  осын-
да.  Оның  ойынша  енді  жарамсыз  корольді  халық  құлатып, 
билігінен айыра алмайды. Себебі, алғашқы келісімде мемлекет-
ке кірген адамдар ол жөнінде өзара келісімге келген, тек содан 
кейін  ғана  өздерінің  ортақ  ырқын  суверенге  берген.  Басқаша 
айтқанда,  халық  пен  сувереннің  арасында  келісім  болмаған. 
Онда сувереннің халықтың алдында ешқандай міндеті болмай 
шығады. 
Шын  мағынасында  Гоббс  осы  соңғы  тұжырымдары  ар-
қылы  қоғам  мен  мемлекетті  ерікті  адамдардың  келісімінен 
туған  дейтін  теориясының  түп  негізін  бұзды  деуге  болады. 
Өйтпесе,  келісімнің  мағынасы  жоғалады.  Келісім  өз  мағы-
насында тең жақтардың ортақ шешімі болуы тиіс. Келісетін 
тараптардың  бәрі  де  одан  өзінің  белгілі  бір  мүддесін 
қанағаттандыруы  керек.  Әр  тараптың  белгілі  бір  міндеттері 
де  болуға  тиіс.  Ал  Гоббстың  түсіндіруі  бойынша,  Король 
міндеттерін  орындамаған  күнде  де  халық  оны  биліктен  тай-

31
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
дыра алмайды, олай етуге құқығы жоқ екен. Халық Король-
ге  ешбір  міндет  артпастан  елді  билеу  құқығын  бере  салған. 
Гоббстың  теориясының  ішкі  қайшылыққа  толы  екендігі  мы-
надан  да  көрінеді.  Адамдар  орталық  билікке  қаншалықты 
құқықтар  бергенімен,  ешқашанда,  ешбір  жағдайда  басқаға 
беруге  болмайтын,  әрбір  жаннан  ешбір  ажыратуға  болмай-
тын  құқықтар  бар  екен.  Ол  қандай  құқық?  Әрбір  адамның 
өмір сүруге құқығы. Ол құқықты адамға жаратушы берген. Ол 
құқықты жарық дүниеде әр адамнан басқаның, соның ішінде, 
сувереннің  алып  қоюына  қақысы  жоқ.  Егер  адамның  өмір 
сүруге  құқығын  ешкім  алып  қоя  алмайтын  болса,  онда  сол 
өмір сүруге қажетті оның меншігін де алып қоюға болмайды. 
Мысалы, адамды тағам жеу, су ішу, ауамен дем алу т.т. сияқты 
онсыз  өмір  сүруге  болмайтын  нәрселерден  де  мақрұм  етуге 
ешкімнің де, яғни, жоғарғы биліктің де хақысы жоқ. Меншік 
сонысымен  азаматты  биліктен  де,  басқалардан  да  тәуелсіз 
етеді. Сонда да болса, осынша қайшылықтарға құрылғанына 
қарамастан  Гоббс  азаматтық  қоғамның  алғашқы  жаршысы 
болды. Келісім бойынша пайда болған мемлекет оған кіретін 
мүшелерінің жалпы мүдделерін қорғау үшін заңдар негізінде 
қызмет  етуі  тиіс.  Монархиялық  билікті  жақтап,  монархтың 
мызғымас  суверен  болуын  қолдаса  да,  ол  конституциямен 
шектелуі  керек  деп  білді.  Осыған  орай,  мемлекеттің  болуы 
мүмкін үш формасына талдау жасағанда монархияға көбірек 
іші  бұрады.  Оның  ойынша,  конституциямен  шектелген  мо-
нархия ең оңтайлы билеу түрі. Ал демократия болса, көптеген 
дау, талас-тартыс туғызумен мәселелерді шешуді қиындатады 
дейді ол.
Мемлекетті бір адам басқарғанда қиындықтар азырақ бола-
ды. Гоббс, әрине билеуші монархтың өзімшіл ырқының ешбір 
тежелмегендігінің неге әкелетінін жақсы біледі. Сондықтан да, 
заңдармен тежелген, білімді ақылгөй монархты аңсайды. Бірақ, 
эгоизм адамдардың, – ал монарх та адам, – түпкі табиғаты деп 
білетін Гоббс ондай адамның табыла бермейтінін де біледі. Ол 
тіпті өз кезіндегі мәдениетті деп есептелетін елдердің өзінде де 
бәрінің бәріне қарсы соғысы адамдар арасында, тіпті ең жақын, 
туыстардың да арасында бүркемелі түрде жүріп жатыр дейді. 

32
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Оның  үстіне  сол  «бәрінің  бәріне  қарсы  соғысы»  (латынша  – 
«Bellum om`nia contra omnes») табиғи заңдылық болғандықтан 
оны тек тежеуге болады, жойып жіберу мүмкін емес. 
Гоббстың  демократиялық  идеяларының  бірі  –  барлық 
адамдардың  тумысынан  теңдігі.  Табиғат  адамдарды  тең  етіп 
жаратқан. Егер тәннің қара күші жағынан біреу артық болса, 
екінші біреу ақылды, сезімтал, жігерлі, батыл, шешен сияқты  
т. т. жақтарынан артық болып тұрады. Сөйтіп алғанда олардың 
орташа  теңдігі  шығады.  Бірақ,  осы  теңдіктің  өзі  біреулердің 
екіншілерге мәңгі бақи үстемдігін туғыза алмайтындықтан то-
лассыз тартыс бола береді. Үстемдіктер қашанда орнықты емес, 
аумалы-төкпелі. 
Король  билігі  құдайдан  дейтін  діни  көзқарасқа  Гоббстың 
қағидалары түбегейлі қарсы еді. Сондықтан да, ХVІІ ғасырдың 
бірінші  жартысында  оның  жарық  көрген  шығармалары 
сұрапыл сынға ұшырады. Бұл сын әсіресе шіркеу басындағылар 
жағынан  өшпенділік  туғызды.  Корольді  құдайдың  жердегі 
өкілі  деп  танитын  заманда  оның  билікті  халықтың  қолынан 
алғандығын дәлелдейтін идеяға басқаша қатынас болуы мүмкін 
емес еді. Ол ХVІІ ғасырдағы ағылшын революциясын қолдаған 
қалың  бұқараның  көкейкесті  мүдделеріне  сай  келді.  Король 
мен ағылшын парламенті арасындағы күресте демократиялық 
күштерге  осындай  идеялар  рухани  негіз  болды.  Англия 
королі  мен  парламентін  жақтаған  қарама-қарсы  күштердің 
ұзақ уақыт әуелі бейбіт, кейін қарулы күштерінің соғысы бұл 
елдің  демократиялық  азаматтық  мемлекеттік  құрылымына 
монархияның белгілі бір нышанын қалдырып кетті. 
ХVІІ  ғасырда  ағылшын  революциясына  қоғамдық  қайрат-
кер ретінде белсене қатысқан Джон Локк (1632–1704 жж.) осы 
идеяны  дамытушылардың  бірі  болды.  Локктың  мемлекеттің 
келісімдік  табиғатын  түсінуі  Гоббстың  көзқарастарынан 
әлдеқайда  басқаша  екендігін  көреміз.  Ең  алдымен  ол  қоғам 
мен  мемлекетті  ажырата  білді.  Оның  ойынша,  қоғам  мем-
лекеттен  көп  бұрын  қалыптасқан.  Мемлекет  қалыптасқанға 
дейінгі  адамдардың  қатынастары  жаулық  сипатта  емес, 
олай  болуы  тіпті  мүмкін  емес.  Керісінше,  адамдар  бір-біріне 
ықыласты,  өзара  көмек  сипатында  болған.  Өйткені,  бұл 

33
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
адамдардың  табиғатына  тән  қалып.  Яғни,  оларға  бейбітшілік 
қатынас  неғұрлым  сай  келеді.  Қоғамның  өзі  де  табиғи  нәрсе. 
Өркениеттік жағдайлардың туындысы деп есептелетін көптеген 
қасиеттер, оның ойынша, алғашқы адамдарға тән. Еңбек, оның 
жемістері  оны  іске  асырғандардың  табиғи  заңды  меншігі. 
Табиғи  жағдайда  адамдардың  барлығы  тең,  тек  жұмсайтын 
күштерінің, ықыластылығының, қабілеттерінің т.б. әртүрлілігі 
олардың  байлықтарының,  қоғамдағы  орнының,  беделінің 
әртүрлілігіне әкеледі. Содан келіп теңсіздік туады. 
Гоббстан  өзгеше  Локк  мемлекеттің  қажеттілігін  адамдар-
дың  бір-бірімен  толассыз  жаулығы  емес,  меншіктің  шығуы, 
бай-лықтың  жеке  адамдардың  қолында  қорлануы,  солармен 
бірге  теңсіздіктер,  әділетсіздіктер,  өшпенділіктердің  шығып, 
өрши беруі т. т. туғызды деп біледі. 
Егер Гоббс қоғам, мемлекет және ешбір заңдар жоқ кезде 
адамдардың бір-біріне деген кез келген ісі, зорлығы, меншігін 
тартып алуы, тіпті өлтіруі де әділетті болды деп түсіндірсе, 
Локк  адамдардың  адамгершілік  нормалары  мемлекеттен 
бұрынғы  қоғамда-ақ  қалыптасқан  дейді.  Яғни,  әркімнің  өз 
еңбегімен  тапқаны  оның  меншігі  болуы  –  әділеттілік.  Оны 
екінші  біреудің  тартып  алуы  әділетсіздік.  Мемлекеттің 
құрылуына,  оның  әсіресе  заң  шығарушы  органының  – 
парламенттің – сайлануына Локктың ойынша осы меншікке 
байланысты  әділетсіздіктердің  өршуі  негізгі  себеп  болса 
керек.  Ендеше,  мемлекет  қандай  түрде  болса  да,  тіпті  ол 
монархиялық  формада  болса  да,  ол  жалпы  әділеттіліктің 
қорғаушысы  болуы  керек.  Азаматтардың  жалпы  ортақ 
мүддесі осы. Ол ортақ мүдделер заң жүйесі болып бекітілуі 
тиіс.  Сондықтан,  Локк  заң  шығарушы  органды  ең  жоғарғы 
деп  есептейді.  Егер  елді  жеке  адам,  –  монарх,  –  билесе  де, 
ол осы заңдарды орындаушы ғана болуы тиіс. Яғни, барлық 
азаматтардың  ортақ  ырқы  мемлекет  үшін  заң.  Әрине,  өзін 
құдайдың  жердегі  өкілі  деп  есептейтін  монарх  пен  соны 
жақтайтындардың  көзінде  бұл  барып  тұрған  қылмыс, 
бұл  жаратушының  жерде  орнатқан  тәртібіне  қарсы  шығу, 
қасиетті нәрселердің бәрін де тәрк ету. Католик дініне жан-
тәнімен берілген жәй халықтың біразы да шонжарлар тара-

34
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
пынан езгі  көріп жүрсе де король мен парламент күштерінің 
арасында болған соғыста монархия жағында болған. 
Мемлекеттің  түпкі  шығу  себебін  Дж.  Локктың  өзі  былай 
түсіндіретін: «Қоғамға кірудегі адамдардың негізгі мақсаты өз 
меншігін бейбіт және қауіпсіз жағдайда пайдалану, ал ол үшін 
ең  негізгі  құрал,  әрі  қару  болып  қоғамда  орнатылған  заңдар 
қызмет етеді; барлық мемлекеттердің ең алғашқы әрі негізгі са-
лауатты заңы – заң шығарушы билікті бекіту, ал заң шығарушы 
биліктің  өзінің  бағынуы  тиіс  –  ең  бірінші  әрі  негізгі  табиғи 
заңы  қоғамды  (қоғамның  игілігіне  сай)  және  қоғамның  әрбір 
мүшесін сақтау болып табылады» [8]. 
Алғашқы  келісім  Локктың  түсінуінде  белгілі  бір  арнайы 
талқылаудың,  саналы  пікір  жарыс  түрінде  емес,  адамдардың 
бірігуге деген үнсіз іс жүзіндегі ыңғайласу түрінде болған бо-
луы керек. Осылай бірігудің нәтижесінде ортақ ырықтың иесі 
– қауымдастық – ең жоғарғы суверен. Суверен – биліктің түпкі 
иесі. Яғни, Гоббс жоғарғы Суверен деп монархты айтса, Локк 
халықты айтады. 
Монарх Локктың идеясы бойынша, тек атқарушы биліктің 
басшысы. Ол Жоғарғы суверенге бағынышты. Егер атқарушы 
билік,  яғни  монарх,  халықтың  мүддесіне  қарсы  жау  бо-
лып  шықса,  халық  оны  биліктен,  тіпті,  қажет  болса,  күшпен 
құлатуға құқылы. 
Локк  азаматтық  қоғам  идеяларының  көкжиегін  барын-
ша кеңейтті. Оның ойынша, билік мемлекеттік құрылымның 
белгілі  бір  деңгейінде,  сатысында  шоғырланбауы  керек. 
Әсіресе белгілі бір қолда. Биліктің әртүрлі бөліктері, қырлары 
әртүрлі  құрылымдарға  бөлінгені  дұрыс.  Оның  себебі:  тек 
сонда  ғана  билік  біреудің  немесе  бір  топтың,  институттың 
т.  б.  бір  құрылымдардың  қолында  иеленіліп  кете  алмай-
ды.  Ең  алдымен,  заң  шығарушы  билік  атқарушы  биліктен 
ажырау  қажет.  Заң  шығарушы  билік  тікелей  халықпен  сай-
ланып,  соның  ырқын  тікелей  білдіретін  орган  –  парламент 
– ретінде ең жоғарғы билік болуға тиіс. Ол заңдардың орын-
далуын бақылап отыруы керек. Атқарушы билік оларды іске 
асырудың жолдары мен тікелей шараларын қарастырып, оны 
тікелей  басқаруды  иеленеді.  Локктың  идеясында  сот  та  осы 

35
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
салаға  жатады.  Тек  кейінірек  қана  Француз  ойшылы  Монте-
скье сот билігін атқару билігінен ажыратып, өз алдына дербес 
билік саласы болу керек деп дәлелдеді. 
Маркстік, әсіресе большевиктік насихатта осылардың бар-
лығы  буржуазиялық  еркіндік,  тек  буржуазиялық  қалталы-
лардың ғана билігі деп уағыздалып келді. Бірақ, шын мәнінде 
бұлардың  барлығы  жалпы  адамзаттық  бостандықтардың 
идеясы  еді.  К.  Маркстың  пролетариат  диктатурасы  туралы 
идеясының іске асуы басқа таптарды ғана емес, пролетариаттың 
өзін де бостандықтардан мақрұм етті. 
Солай  бола  тұра,  Локк  ең  қолайлы  мемлекеттік  басқару 
формасы  деп  конституциялық  парламенттік  монархияны 
қолдады. Монархтың билік құзырлары тым азайып бұрынғы 
халықтың әміршісінің орнына бос сүлдесі нышаны ретінде ғана 
қалып,  халықтың  жалдап  алған  ең  жоғарғы  қызметшісіндей 
тұлғаны  сақтау  белгілі  бір  топтардың  көңіл-күйімен  есепте-
су үшін қажет болды деуге болар. Өйткені, барлығы да және 
әсіресе король тек заңның шеңберінде ғана жұмыс істеу керек. 
Бұл жерде де Локк Гоббстың суверен (яғни монарх, немесе су-
верен деп танылғандар) заңға бағынбайды, себебі, оның өзі заң 
шығарушы деген тұжырымына толық қарсы келіп тұр. 
Англия қауымында және Еуропаның кейбір елдерінде ерте-
рек қалыптасқан адамдардың әлеуметтік-психологиялық және 
саяси-экономикалық  жағынан  жеке  дербестігі,  автономдық 
оқшаулануы  азаматтық  қоғамның  құралуының  негізі,  әрі 
себебі болды. Осы өзгеріс дүниеге жаңа көзқарас, оны жаңаша, 
басқаша  сезініп,  түсінудің  де  нәтижесі.  Еуропаның  басқа 
ірі  қауымдарының  ішінде  осы  өзгерістерді  басынан  ерте-
рек  кешіре  бастаған  ағылшын  қауымы  соған  сәйкес  өз  фило-
софиясын  да  түзеді  десе  болады.  Дербес,  автономдық  бол-
мысына  сай  адамдар  да  басқа  дүниені,  табиғатты  бүтіндей 
тұтастығынан  бұрынырақ  жекеліктердің  жиынтығындай 
қабылдап, түйсінуі де заңды сияқты. Бұл да өздерін қоршаған 
табиғаттағы әрбір құбылысты өзі-өзімен ғана шектелген жеке 
нәрседей  қабылдауға  үйрететін  болу  керек.  Эмпирикалық 
философияның әлеуметтік-психологиялық көңіл ауаны осын-
дай болатын болар. Дж. Локктың таным теориясы да осындай 

36
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
көңіл ауанның әрі алдын ала жеткен хабаршысы, әрі сол түзеліп 
келе жатқан қатынастардың метафизикалық бейнесі. 
Осындай көңіл ауан бірте-бірте бүкіл Еуропаны қамтыды. 
Құрлықтағы Испания, Голландия, Португалия, Франция, Ита-
лия  сияқты  елдерде  товарлы  өнеркәсіптің  қарқынды  дамуы, 
рыноктың өрбуі т. т. үдерістер осындай көңіл ауаннан туындай-
ды және өзі де соны тудырады. Оның құрлықтың шегінен асуы 
бұрын Еуропаға белгісіз жаңа құрлықты Американы – ашуға 
алып келді. 
Егер  Англия,  Голландия  сияқты  елдер  осы  жаңа  рухани 
бетбұрысты  практикалық  істермен  қатар  өткізген  болса,  құр-
лық-тағы әлі монархия, шіркеу үстем болып отырған елдерде, 
оны ең алдымен ой таразысынан өткізу, рухани деңгейде дайын-
дау жағдайында еді. Алдыңғы елдердің азаматтық қоғамға өтуі-
нің аса қиын да, драмаға толы тәжірибесі Еуропа ойшылдары-
ның әлдеқайда ауқымды зерттеулеріне арқау болды. 
Осындай  өзгерістерді  Еуропада  рухани  жағынан  дайын-
даған,  қоғамдық  ой  өкілдерінің  ішінде  ең  көрнектілері  деп 
Вольтер  (1694–1778  жж.)  мен  Руссоны  (1712–1778  жж.)  айтуға 
болады.  Вольтерді  қоғамдық  келісім  теориясын  жақтады  деп 
анық  айтуға  болмайды.  Бірақ,  келешек  азаматтық  қоғамның 
іргесін құруға тиісті мұраттарды жария етіп, әсіресе күні өткен 
қоғамдық жүйені ащы да өткір сынға алғаны белгілі. 
Франциядағы  абсолюттік  монархияның,  феодалдық  басы-
байлылық,  өз  еңбегінен  емес,  мұра  болып  қалған  жерлерге 
ие,  содан  байлыққа  бөгіп  отырған  ақсүйектердің  шектен  тыс 
артықшылықтары,  Шіркеудің  халықты  қараңғылыққа  ду-
шар етіп, құлдыққа көнбіс, жақсылықтың бәрін бұл дүниеден 
емес, о дүниеден күтетін енжарлар етіп отыруы – осылардың 
барлығы  Вольтер  шығармаларында  ақылға  ешбір  сыйымсыз, 
жалғандыққа құрылған деп көрсетіліп, мазақ пен келемеждің 
нысанына  айналды.  Вольтер  шығармаларының  негізгі  өзегі  – 
азаматтардың еркіндігі, әсіресе, ойдың еркіндігі. Онсыз ғылым 
мен білім дамымайды. Табиғатты зерттеу адамзаттың игілігіне, 
еркіндігіне,  әсіресе  адами,  мәдени,  моральдық  тазаруына 
қызмет  етеді.  Вольтер  –  ағартушы.  Тек  ақыл,  зердеге  сүйену, 
солардың өлшемімен ғана барлық нәрселерді таразылау адам-

37
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
дар санасын соқыр сенімнен азат етеді. Ой бостандығы жөнінде 
Вольтер  бір  кісіге  қаратып:  сіздің  уағыздап  жүретіндеріңізді 
мен соншалықты жек көремін, бірақ сол ойларыңызды айтып 
жүруге мүмкіндігіңіз болуы үшін өмірімді пида етуге даярмын 
депті деседі. Яғни, ол көзқарастар мен пікірлердің еркін жары-
сын қолдайды, оған тыйым болмау керек. Бұл, әрине, әсіресе 
шіркеу идеялогиясының өктемдігіне қарсы айтылған сөз. 
Өз кезіндегі көп ойшылдар сияқты Вольтер де мемлекеттің 
ең  тиімді  формасын  білімдар  монархтың  билігінен  көрген. 
Бірақ, өмірінің соңғы жылдары республикалық билік форма-
сына қарай ойысқан. Өйткені, білімдарлық барлық жағдайлар-
да адамның жақсы адам болуының кепілі бола алмайтындығын 
Вольтер байқаған болуы тиіс. Сонда да болса, Вольтер тағыны 
мәдениет қана адам етеді, кітап оқу адам жанын шарықтатады 
деген ұстанымында қала берді. Оның үстіне әрқашан білімдар 
билеушіні қайдан таба бересің? Ал абсолюттік монархия бо-
лып отырған кезде, билеуші халық тарапынан сайланбайтыны 
белгілі. Билік – билеуші әулеттің құдай берген меншігі. 
Биліктің  шығар  көзі  құдайдан  дейтін  дәуірден  биліктің 
шығар  көзі  халықта  дейтін  көзқарасқа  келу  сайрап  жатқан 
даңғыл жолдан өткен жоқ. Вольтердің өзі де халық билігі де-
генге толық сене алған жоқ. 
Демократиялық  азаматтық  қоғам  идеясына,  жалпы  мем-
лекеттің келісімдік сипатына неғұрлым жақын келген ойшыл 
Ж.Ж. Руссо болды. 
Өзінің  әйгілі  –  «Қоғамдық  келісім  жөнінде  немесе  саяси 
құқықтың принциптері» деген еңбегін ол «адам еркін болып туа-
ды, бірақ барлық жерде ол құрсауда» [9] деген сөздермен бастай-
ды.  Алғашқы  табиғи  адамдар  қоғам,  мемлекет  құрмай  тұрған 
кезде Руссоның ойынша адамдар еркін. Ол еркіндік әркімнің өз 
күнкөру мәселесін тек өзі шешетіндігінде. Әркімнің өз еркі тек 
өзінде. Әркімнің басқа адамдармен жүйелі, тұрақты қатынасы 
жоқ.  Ондай  байланыстар  сирек  әрі  кездейсоқ.  Сондықтан, 
олардың арасында үнемі «бәрінің бәріне қарсы соғысы» болып 
жатты деу қисынға келмейді. Ондай жағдайда адамдар арасында 
теңсіздік, жаулық қатынастар болуы мүмкін емес. Адамдардың 
табиғи айырмашылықтарының оған ешбір қатысы жоқ. 

38
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
Қоғамдық  ассоциация  құруға  деген  мұқтаждық  адам-
дардың  өндіру  қабілеттері  артып,  мұқтаждықтары  да 
әртүрліленіп,  сан  жағынан  көбейген  кезінде  пайда  бола-
тын болар. Әркім енді әр түрлі де өскелең, үнемі артып келе 
жатқан  мұқтаждықтарын  тек  өзі  ғана  қамтамасыз  ете  ал-
май  қалады.  Оларды  енді  қоғамдасып,  күш  біріктіргенде 
ғана  өтеуге  болады.  Адамдардың  жеке-жеке  күштерінің  жәй 
сандық  жиынтығымен  салыстырғанда,  сондай  күштердің 
бірігіп біртұтас күш болғанда, әлдеқайда әлуетті екендігін ірі 
құрылыстарды техникасыз-ақ іске асырған ерте замандағылар-
ақ көрсетті, дейді Руссо. 
Бірақ,  қоғамдасудың  мәні  –  барлық  жеке  ырықтарды 
біріктіріп  бір  ырыққа  айналдыру.  Онда  әркімді  бұрынғы 
еркіндігінен айырмай ма? Еркіндігінен айырмай, оны сақтай 
отырып  адамдардың  бірігіп,  бір  ассоциация  құруына  бола 
ма?  Оны  құру  үшін  қоғамға  кіретін  барлық  адамдарға  тән 
бір ортақ мүдде болуы керек. Ондай мүдде бар және сондай 
мүдде ғана қоғамдасуды мүмкін етеді. Қоғамдасу арқылы ғана 
адамдар сол ортақ мүддені өтей алады. Әрине, бұдан әркімнің 
ортақ  мүддеге  қосылған  өз  мүддесі  жоғалып  кетпейді.  Тек 
қоғамдағы  жеке,  бірақ  мағынасы  бірдей  мүдделер  орында-
луы үшін барлығының күш-жігерін бір арнаға бағыттайтын 
заңдар, тәртіптер, нормалар қажет. Осындай қоғамдық тәр-
тіптерге бағыну әркім үшін басқа бір күшке емес, тек өзінің 
өзіне  бағынуы  болып  шығады.  Яғни,  осындай  тәртіптер, 
заңдар  орната  алғанда  ғана  әркім  өзінің  байырғы  табиғи 
кезіндегі өз мақсатын өзі күйттейтін еркіндігін сақтайды. 
Екінші  жағынан  әр  адамның  өзіндік  ерекшелігі,  ортақ 
мүдделерден  басқа  да  өзгеше  мүдделері  болмаса  да 
қоғамдасудың  қажеттігі  болмас  еді.  Егер  ортақ  мүдделер 
қоғамдасуды  мүмкін  етсе,  мүдделердің  өзгешелігі  ондай 
қоғамдасуды қажеттілікке айналдырады, – дейді Руссо. 
«Келісімге  келуші  жеке  кісілердің  орнына  осы  акт  бірден 
шартты  ұжымдық  Бүтіндікті  туғызады,...  Осы  Бүтіндік  осы 
актінің нәтижесінде өзінің бірлігіне, өзінің ортақ меніне, өзінің 
өміріне  және  ырқына  ие  болады.  Осы  барлық  мүшелерінің 
бірігуінен туған заңдық тұлға бір кезде Азаматтық қауым деп, 

39
1. Ұлттық тәуелсіздік, азаматтық бостандық хақындағы әлемдік 
философиялық ой мен М. Шоқай шығармашылығы... 
қазір  –  Республика  немесе  Саяси  организм  деп  аталады;  оның 
мүшелері осы Саяси организмді оның әрекетсіз кезінде Мем-
лекет дейді, ал оның белсенді кезінде Суверен дейді. Оны басқа 
сондай  құрылымдармен  салыстырғанда  Держава  дейді.  Ал 
ассоциацияның  мүшелеріне  келсек,  олар  түгелімен  алғанда 
халық,  жеке-жеке  алғанда  жоғарғы  билікке  қатысушылар 
ретінде  азаматтар,  Мемлекеттің  Заңдарына  бағынушылар 
ретінде қоластындағылар деген атқа ие болады» [9, 420 б.].    
Бірақ егер келісімнің осы алғашқы түпкі мәні бұзылса, егер 
суверен  немесе  оның  белгілі  бір  бөлігі  осы  жалпы  мүддені 
емес, бір жеке мүдделерді іске асыруға қарай ойысып жатса, 
қоғамдық  келісімнің  негізгі  шарты  жоғалады,  сонымен  бірге, 
сувереннің  өзі  де  жоғалады,  ал  адамдар  болса,  алғашқы  же-
ке-жеке өмір сүру қалпына қайта оралады. Жеке мүдделер әр 
азаматтың  өз  күшімен  еңбегі  арқылы  заң  шеңберінде  өтелуі 
тиіс.  Өмірдің  бұл  саласын  реттеу  атқарушы  биліктің  ісі  болу 
керек. Онымен сувереннің жалдап алған адамдары айналысуы 
керек. 
Руссоның  ойынша,  заңдарды  түзуші  халықтың  өзі  бол-
ғандықтан,  билеудің  формасы  туралы  мәселе  аса  зор  маңыз-
ды  емес.  Егер  басқару  заңдардың  негізінде  болатын  болса, 
мемлекеттік  құрылымның  формасы  қандай  болмасын,  тіпті 
монархиялық болса да, оны республика деп санау керек. Мо-
нарх  мұндай  жағдайда  сувереннің  жалдап  алған  ең  жоғарғы 
шенеунігі  ғана.  Руссоның  осы  идеясы  әсіресе  оның  кейінгі 
қудаланып, кітаптарын өртеуге дейін әкелгеніне себепкер бол-
ды. Сондай ойларының тағы бірі – егер халық құлдыққа душар 
болып, соған көніп отырса, ол, әрине, дұрыс, ал егер қолайлы 
жағдай туғанда сол бұғауды жұлып тастаса, ол одан да дұрыс 
дегені еді [9,198 б.]. 
Бірақ  дейді  Руссо,  –  келісімнің  алғашқы  мағынасы  тарих 
барысында бұзылғаны мәлім. Ортақ ырықты немесе жоғарғы 
билікті жеке адамдар мен топтар өз мүдделері үшін иемденіп 
алған.  Бұл  монархиялық  формаларда  оңайырақ  іске  асты. 
Осы тұрғыдан Руссо заңмен билейтін монархты жеке басының 
мүддесі үшін ғана билейтін тираннан немесе деспоттан ажы-
ратады.  Тиранның  билігі  заңсыз,  бірақ  мұндай  заңсыздықтар 

40
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
әлдеқашан  орнығып  алған.  Сондықтан  ол:  «Адамдар  еркін 
болып  туады,  бірақ  барлық  жерде  олар  бұғауда»  дейді  [9,                      
198 б.]. Гоббс та, Локк та бастапқы о бастан тең жеке адамдардың 
бірігуінен туған қоғамдық келісім туралы демократиялық иде-
яны ұсынғанмен ол жолда жартыкештіктен әлі құтыла алмаған 
болса,  оны  әлеуметтік-саяси  тұрғыда  белгілі  деңгейде  шегіне 
жеткізе алған Руссо еді. 
Демократия идеялары, өмірді демократиялық түрде құру, 
яғни, ерікті азаматтар қоғамы етіп түзу туралы қағидалар неміс 
жерінде метафизикалық, философиялық мағынада қаралғаны 
белгілі. Бұл мәселеге неғұрлым көп көңіл бөлген И. Кант еді. 
Мәселенің жалпы философиялық деңгейде қойылатыны – сол 
кездегі Германия демократиялық өзгерістерді іске асыруға әлі 
дайын емес болатын. Бірақ алдыңғы қатарлы ойшылдар сон-
дай  жағдайдың  келешекте  болуы  тиіс  екендігін  сезетін.  Ал                 
И. Кант олардың қажет екендігін айқын түсінді деуге болады. 
Азаматтық  қоғамның  бірден  бір  табиғи  заңды  екенін 
дәлелдейтін Гоббс, Локк, Вольтер, Руссолардың ойлары фило-
софиялық  көзқарастармен  байланысты  болғанмен  де,  олар-
да мәселені философиялық жағынан түбегейлі түрде тарқату 
жетісе бермейтін. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал