Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты мейіркүл Жетпісбаева



жүктеу 3.67 Kb.

бет13/13
Дата28.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ҚОРЫТЫНДЫ
Алаш  ойшылдарының,  солардың  ішінде  әсіресе,  Еуро-
падағы,  еркін  ойдың  орталығында  жүріп  өз  көзқарастарын 
барынша  дамыта,  ресми  түрде  білдіре  алған  М.  Шоқайдың 
өз  елінің  болашағы  үшін  жүргізген  күресі,  көзқарастары, 
дүниетанымы  қазіргі  саяси  егемендік  алған  Қазақстан, 
Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан сияқты мем-
лекеттер ғана емес, бүкіл түрік дүниесі үшін, тіпті егемендігі 
үшін  күресіп  жатқан,  оны  жаңадан  орнатып  жатқан  барлық 
халықтар  үшін  рухани  мұра,  саяси  сабақ  бола  алады. 
Ұсынылып отырған жұмыста М. Шоқай шығармашылығының 
дүниетанымдық мағынасына баса көңіл аударылды. 
Азамат соғысы кезеңiндегi өзара кескiлескен монархиялық, 
анархиялық, большевиктiк т. б. күштердiң ешқайсысы да Ресей-
ге кiрiптар ұлттардың мүддесiн көздеген жоқ едi. Ал жаңа ғана 
өз ұлтының алғашқы билiк нышандарын түзеп жатқан Алаш 
көсемдерi  мен  Түркiстан  автономия  басшыларының  қолында 
сондaй  әлеуеттi  күштерге  қaрсы  тұрa  aлaтындaй  қaуқaры 
жоқ кaдрлaр тaпшы болaтын. Құрылғaннaн кейiнгi екi aйдaй 
ғaнa  уaқыт  iшiнде  жеткiлiктi  қaрулы  күштердi  құрa  aлмaды. 
Бaсқa iстердiң бәрiне де ендi кiрiсу керек едi. Қaзaқстaндa да, 
әсiресе  Түркiстанда  да  қалың  бұқараның  саяси  белсендiлiгi 
өте төмен болaтын. Осы айтылған жағдайлардың барлығы бұл 
жаңа құрылған автономиялардың баянды болуына мүмкiндiк 
бермедi. Тiптi Ресейдiң өзiнде де демократиялық жүйенiң ба-
янды  бола  алмағаны,  онда  басқа  бiр  тоталитарлық  бағыттың 
үстемдiк алуы осыны көрсетедi.
Мәдени автономия – басқа үлкен халыққа кіріптар болып 
отырған халықтың дербестікке қарай аяқ басудағы ең алғашқы 
қадамы ғана. Өзіндік рухани бет-пішінін сақтап қалу үшін өз 
тілінде мектептер, әртүрлі мәдени ошақтар, өз тілінде басы-
лымдар деген сияқты істерге құқығының болуы. Бірақ, сондай 

179
Қ о р ы т ы н д ы
құқыққа ие болу үшін әртүрлі саяси іс-әрекеттерге де барған, 
яғни, мәдени істердің де саясаты болады. Мәдени автономия 
–  одан  кейінгі  территориялық  саяси  автономияға,  әсіресе 
дербес ұлттық мемлекетке халықты рухани-мәдени жағынан 
есеюді  қамтамасыз  ететін  кезең.  Ол  мемлекеттік-саяси 
тәуелсіздік  жоқ  кезде  де  жүре  бере  алатын  процесс.  Бірақ, 
әрине, мемлекеттік-саяси дербестік оған толық жол аша ала-
ды. Мәдени автономия – басқа елге кіріптар болып отырған 
халықтың өзінің бітім-болмысына сай өз мәдениетін дамыта-
тын біршама өрісі ғана. Өз тілінде мектептері болып, мәдени 
ошақтары,  ұйымдары,  баспагерлік  қызмет  т.т.  өз  тілінде 
жүргізуге құқының болуы. Бұл, әрине, халықтың өзіне үстем 
болып отырған халықтан дербес болу жолының ең алғашқы 
қадамы.
М.  Шоқайдың  ойынша  халық,  әсіресе  ұлт  болу  үшін 
олардың  бірыңғай  ортақ  санасы  болуы  тиіс.  Ол  сананың 
ұйтқысы  ретіндегі  негізгі  мақсаты  қалыптасуы  керек.  Оның 
түсіндіруінде жат жұрттың үстемдігінде отырған халық та ұлт 
деп есептеліне алмайды, себебі, онда өзінің әлеуметтік-саяси 
келбетін  өзі  анықтайтын  ырық  жоқ,  осы  мағынада  ол  толық 
деңгейдегі  субъект  емес,  басқа  елдермен,  мемлекеттермен 
өз  ырқын  көрсететін  қатынас  жасай  алмайды.  Халықаралық 
қатынастарда ол жеке тұлға емес. Халық осындай дербес жеке 
тұлғаға айналу үшін онда өзіндік бір рух болуы тиіс. Ол рух 
оның  бүкіл  тарихында  түзеледі.  М.  Шоқайдың  айтылған  ой-
лары  оның  халық  және  ұлт  туралы  көзқарастарының  кейбір 
батыс  ойшылдарының  «халық  идеясы»  дейтін  ұғымдарына 
жақын  сияқты.  Бұл  оның  Шығыс  ғұламаларымен  қатар,  Ба-
тыс  философиясының  тарихынан  да  мол  хабардар  екендігін 
көрсетеді  деуге  негіз  бар.  Ұлттық  тұтастық  оны  реалды  дер-
бес субъект ететін қасиет. Сондықтан да, оның өзін өзі билеуі, 
өз  мақсаттарын  тек  өзі  анықтауы  туралы  сөз  бола  алады.                                    
М.  Шоқайдың  ойынша,  қандай  да  болмасын  басқа  бір 
халықтың үстемдігіне душар болып отырған халық, қолайлы 
жағдай туған кезде тәуелсіздік алуға ұмтылмай қалмайды. 
Деректік ағымдар мен оны тарату құралдарының әлеумет-
тік тарихи мән-маңызын түсіну, бағалау жөніндегі М. Шоқай-

180
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
дың  дүниетанымдық  көзқарастары,  тіпті  көбінесе  тікелей  ай-
тыла  бермейтін  ұстанымдары  жалпы  алғанда  мынаған  саяды 
деуге болар: қандай да болмасын деректердің молдығы, оның 
шеңберінің  кеңейе  беруі,  әсіресе,  олардың  қалың  бұқараның 
барлық  топтарына  таралып  отыруы,  оған  тосқауылдың 
жоқтығы әрбір жеке жанды да, әлеуметтік топтарды да еркін 
етеді, адамдар бостандығының негізгі алғышарттарының бірі. 
М.  Шоқайдың  осы  ой  түйіндері  қазіргі  заманғы  жаһандану 
үрдісінде,  информациялық  революцияның  ішкі  логикасынан 
да көруге болады. Батыстағы қарым-қатынас деректер барын-
ша толық болуына байланысты, әрі логикалық жүйелі болуы 
тиіс. Ол ойланудан көрі пайымдауға арналған. Пікір жарысы 
ғана  ақиқатқа  әкеледі.  Шығыстық  қарым-қатынас  негізінде 
ойға түрткі болатындай ғана хабарға бағышталған. Сондықтан 
да,  хабар  тұтас  түрінде  беріледі,  ол  өзгерген  ахуалды  тұтас 
күйінде сипаттай алуы тиіс. Басты нәрсе өз пікіріңді айту емес, 
басқаның пікіріне тосқауыл қоймау. 
Адам  әуелден  табиғат  заңдарымен  және  әлеуметтік  жағ-
дайлармен  анықталмағандығымен  еркін,  жеке  адамдарға 
анау  да  және  басқа  да  болу,  тіптен  оның  адам  болуы  оларға 
тікелей  тәуелді  емес.  Бұның  барлығы  әртүрлі  мүмкіндіктер. 
Еркін  дегенде  есейген  шағында  ол  өзінің  дүниеге  көзқарасын, 
құндылықтарын,  өзінің  өмірінің  мағынасын  өзгерте  алатыны 
жайлы айтамыз. Және бұл адамның Әлемде көп нәрсеге тәуел-
ді  екендігін  жоққа  шығармайды.  Бірақ  бұл  тәуелділік  адам 
мен оның тәуелді затының арасында белгілі бір арақатынас, 
белгілі  бір  қашықтық  бар,  бұл  адам  өзінің  тәуелді  болып 
тұрғанымен  ымыраласа  алмайды  дегенді  білдіреді.  Ол  осы 
қатынастарды орнатады, осы тәуелділікті өзгертеді, оған қарсы 
шыға алады, оның құралына айналып, оның түріне еніп, оның 
функциясын  атқаруы  мүмкін.  Осы  және  басқа  жағдайларда 
оның бұл шешімі көбінесе санадан тыс және бейсаналы түрде 
болады. 
М.  Шоқай  Түркістанда  орнаған  кеңестік  режимнің 
ұлттық  тәуелсіздікке  қарсы  ең  зардапты  идеясы,  яғни  бүкіл 
саяси  бағытының  негізі  деп  пролетариат  диктатурасы 
туралы  идеясын  түсінді.  Ол  идея  ұлттық  тәуелсіздікпен 

181
Қ о р ы т ы н д ы
сиыспайтын  нәрсе.  Ұлттың  мүдделері  пролетариат  табының 
мүдделеріне  бағынышты.  Дәлірек  айтқанда,  ұлттардың  бәрі 
бір  ұлтқа  айналуы  керек.  Ал  іс  жүзінде  большевиктік  саясат 
кеңестер  одағында  орыс  емес  халықтардың  мәдени-рухани 
өзгешеліктерінің маңызын әлсіретіп, жоғалуына жағдай жасап 
отырған еді. Бұл әсіресе «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» 
принципін ендіруде айқын көрінді.
Кітаптың  соңғы  бөлігінде  көшпенділік  өркениеті,  оны 
құрушылардың  әлемдік  дүниетанымдық  негіздері,  құнды-
лықтарына  байланысты  ойлар  тарқатылып  отыр.  Осы 
мәселелерге  байланысты  Батыс  ойшылдарының,  әсіресе,           
А.  Тойнбидің  номадтық  өркениеттің  адамдық  мәнді  тәрк  ету 
идеясының  жалған  екендігі  көрсетілді.  Жалпы  прогрестің 
өлшемі  ретінде  өндірістің,  ғылым  мен  техниканың  жоғары 
дамығаны  ұсыныла  алмайтындығы  және  шын  адамдық 
дамудың биіктігін өркениеттердегі жеке адамдардың еркіндігі 
ғана көрсете алатындығы тұжырымдалды.   

182
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Жасай  бер,  тәуелсіз  Қазақстан!  //  Егемен 
Қазақстан. – 1998. – декабря, 16.
2. Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991. – 368 с. 
3. Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976. – 257 с. 
4. Платон. Законы // Соч.: В 3-х т. – 1965. - Т. 3, ч. 1.– 401 с. 
5. Аристотель. Саясат // Әлемдік философиялық мұра. Аристо-
тель философиясы. – Алматы, 2005. – 3. Т. – 323 б.   
6.  Әлемдік  философиялық  мұра  //  Аристотель  философиясы.       
3 том. – Алматы. – 2005. – 315 б. 
7.  Гоббс  Т.  Левиафан  //  Избранные  произведения:  в  2-х  т.  –  М., 
1965. – Т. 2. – 233 с. 
8. Локк Дж. Два трактата о государственном управлении. Избран-
ные философские произведения. – М., 1950. – Т. 2. –  450 с. 
9. Руссо Ж.Ж. Қоғамдық келісім жөнінде, немесе саяси құқықтың 
принциптері // Әлемдік-философиялық мұра. Жаңа дәуірдегі фран-
цуз философиясы. – Алматы, 2006. – 7. Т.– 415 б. 
10.  Кант  И.  Бүкіл  әлемдік-азаматтық  тұрғыдағы  жалпы  тарих 
идеясы // Әлемдік философиялық мұра. Кант және Гегель филосо-
фиясы. – Алматы, 2006. – 8. Т. – 209 б. 
11. Кант И. Метафизика нравов // Соч.: В 6-ти т. – М., 1965. – Т. 4, 
ч. 2. – 635 с. 
12. Кант И. Практикалық зердеге сын // Әлемдік философиялық 
мұра.  –Кант  және  Гегель  философиясы.  –  Алматы,  2006.  –  8.  Т.  –              
51–52 бб. 
13. Кант И. Основы метафизики нравственности // Соч.: в 6-ти т. 
– М., 1965. – Т. 4, ч.1. – 250 с. 
14.  Гегель  Г.В.Ф.  Құқық  философиясы  //  Әлемдік  философиялық 
мұра. – Кант және Гегель философиясы. – Алматы, 2006. – 8. Т. –  362 б. 
15. Садыкова Б.И. Мустафа Чокай в эмиграции. – Алматы: Изд-во 
«Мектеп», 2009. – 248 с. 
16. Кәкен А. Түркістан легионы. – Астана: Республикалық баспа-
полиграфия орталығы,  2000. – 140 б.
17. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар. –1998. –  1. Т. – 512 б. 

183
Пайдаланылған әдебиеттер
18. Есмағамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға. – Алматы: Дайк-Пресс, 
2008. – 504 б. 
19. Абен Е., Арын Е., Арын Р. и др. Первые лица государства: по-
литические портреты.– Алматы: «Білік»,  1998. – 256 б.
20. Чокай-оглы Мустафа. Туркестан под властью советов. (К характе-
ристике диктатуры пролетариата). – Алма-Ата: «Айкап».– 1993. – 118 с. 
21. Шоқай М. Таңдамалы.  – Алматы: «Қайнар». – 1998. – 2. Т. – 520 б. 
22. Руссо Ж.Ж. Қоғамдық келісім жөнінде, немесе саяси құқықтың 
принциптері // Әлемдік-философиялық мұра. Жаңа дәуірдегі фран-
цуз философиясы. – Алматы, 2006. – 7. Т. – 415 б.
23.  Кант  И.  Антропология  в  прагматическом  смысле  //  Соч.:  в 
6-ти т. – М., 1966. – Т. 6. – 562 с.
24.  Изотов  М.З.  «Полифония  национальных  культур  в  контек-
сте глобализации»// См. в кн.: «Глобализация и диалог конфессий 
в странах Центральной Азии: Материалы международной научно-
практической конференции, 21 июня 2002 г. – Алматы: К-ИЦ ИФиП 
МОН РК, 2002. – 304 с. 
25. Чокай-оглы Мустафа. Туркестан под властью советов. – 1986. – 150 с.  
26. Қара Ә. Алаш қозғалысының соңғы түйіні – Мұстафа Шоқай 
//  Әлем  қазақтарының  рухани  сұхбаты:  тіл,  мәдениет  және  Алаш 
мұраты (халықаралық ғылыми-теориялық конференция материал-
дары).  – Алматы. – 2008. – 287 б.        
27. Гегель. Энциклопедия философских наук. – М., 1977. – Т. 3. – 371 с. 
28. Чагатай Т. «К 60-летию со дня рождения покойного Мустафы 
Чокая // Сборник ко дню 60-летия со дня рождения и к 8-ми летию со 
дня смерти Мустафы Чокай. – 1991. – 136 с. 
29. Қасабек А.Қ., Қасабек С. Идейные основы гражданского обще-
ства в истории казахской философии // В книге: Становление граж-
данского общества в странах Центральной Азии. – 1999. – С. 416.
30. Сартр Ж.П. «Әлеуметтік философия». – Алматы, 1996. – 520 с. 
31. А.-З. Валидов – Т. Голувко. О нашей организации // Из истории 
российской эмиграции. Письма А.-З. Валидова и М. Чокаева (1924–
1932 гг.). – М., 1999. – С. 127. 
32. Письмо М. Чокаева В. Дабровскому. 16 октября 1931г. // Из 
истории российской эмиграции. Письма А.-З. Валидова и М. Чокае-
ва (1924–1932 гг.). – М., 1999. – С. 127.
33. Шілдебаев С. ХХ ғасырдың І-жартысындағы Түркістан идеясы 
және Мұстафа Шоқай // Жас Түркістан. – 1999. – № 2–3.
34. Руссо Ж.Ж. Об общественном договоре или принципы поли-
тического права. – М., 1998. – С. 203. 

184
Мұстафа Шоқай және ұлттық тәуелсіздік мәселесі
35. Нысанбаев А., Кадыржанов Р. Национальная идея: гражданская 
или  этническая?    http://www.kazpravda.kz/print/1166828998.  –  2006, 
декабрь. – 23 с.
36. Власть как ценность и власть ценностей: Метаморфозы свобо-
ды. Алматы. – 2007. – 470 с.
37. Нукежанов Е.Б. «Развитие и проблемы неправительственных 
организаций в формировании гражданского общества в Казахстане». 
http://www.zakon.kz/109077-razvitie-i-problemy-nepravitelstvennykh.
html. 2008, апреля – 10.
38. Тойнби  А.Дж. Постижение истории. – М. – 1991. – С. 736.
39. Абишев К. Свобода как глубинная ценность человеческого бы-
тия. Казахстанская философия в канун ХХI века. – Алматы. – 1998.  
40. Сатершинов Б.М. Тарихи сана – тәуелсіздіктің рухани тұғыры. 
– Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФжСИ КБО. – 2011. – 291 б.  
41. Айдаров Г. Язык памятника Кюль-тегину. – Алматы: «Гылым», 
1993. – С. 209.  
42. Шпенглер Освальд. Закат европы. Очерки морфологии миро-
вой истории // Соч.: в 2-х т. – М., 1993. – Т. 1.– 450 с.
43.  Акмамбетов  Г.Г.  Особенности  формирования  гражданского 
общества в Казахстане // Известия НАН РК. Сер. общественные нау-
ки. – 1994. – №3. – 10–17с.
44. Дулатұлы М. Шығармалары. Бес томдық жинағы. – Алматы: 
Мектеп, 2004. – 614 б.
45.  Қойгелдиев  М.  Тұтас  Түркістан  идеясы  және  Мұстафа 
Шоқайұлы. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 53 б.
46. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді. – Алма-
ты: Ана тілі, 1993. – 208 б.

185
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Философия, саясаттану және дінтану институты
туралы мәлімет
Институт 1999 жылдың ақпан айында 1958 жылы ашылған 
Философия және құқық институтының және 1991 жылғы Фило-
софия институтының негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың ма-
мыр айында ҚР Үкіметінің қаулысымен Философия, саясаттану 
және дінтану институты болып қайта аталды.
Институттың  мемлекеттік  ғылыми-зерттеу  мекеме 
ретіндегі  негізгі  міндеттері  қазіргі  қазақстандық  қоғамның 
зияткерлік  және  рухани-адамгершілік  әлеуетін  дамытуға 
бағытталған философиялық-дүниетанымдық, философиялық-
әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық және әлеуметтанулық 
зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бүгінде  Философия,  саясаттану  және  дінтану  институты 
жоғары кәсіби ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Ин-
ститут оның құрылымын айқындайтын үш басты бағыт бойын-
ша жұмыс істейді: философия, саясаттану және дінтану. Онда 
ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 корреспондент мүшесі, 20 ғылым докто-
ры, 11 ғылым кандидаты, 10 докторант (PhD) ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізеді. Институт 2012–2014 жылдарға арналған 
гранттық  қаржыландыру  шеңберінде  «Елдің  зияткерлік 
әлеуеті» басым бағыты бойынша 24 ғылыми-зерттеу жобасын 
орындап, «Ғылыми қазына» салааралық ғылыми бағдарламасы 
аясында зерттеулер жүргізіп келеді.
Институт  қызметкерлері  саясат,  ғылым,  білім  беру, 
мәдениет, дін, қазақ және әлемдік философия мәселелері бой-
ынша  монографиялар  мен  ғылыми  мақалалар  жариялайды. 
Институт  қызметкерлерінің  ғылыми  жарияланымдары  таяу 
және алыс шетелдердің ғылыми рейтингтік басылымдарында 
сұранысқа ие.

186
Институт  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  шеңберінде 
«Шығыс  Аристотелі»  –  әл-Фарабидің  шығармалар  жинағын 
(10  том),  «Әлемдік  философиялық  мұраны»  (20  том),  «Қазақ 
халқының философиялық мұрасын» (20 том) шығарды.
Институт екі журнал шығарады: «Адам әлемі» (1999 жыл-
дан  бері)  және  «Әл-Фараби»  (2003  жылдан  бері).  Қазақ,  орыс 
және ағылшын тілдеріндегі Институттың өз сайты бар.
Институт  үнемі  халықаралық  ғылыми  конференция-
лар,  дөңгелек  үстелдер,  семинарлар,  пікірталас  алаңдарын 
өткізіп тұрады. Бұл іс-шараларға қазақстандық және шетелдік 
ғалымдар қатысады.
Институт  Ресейдің,  Беларустің,  Әзірбайжанның,  Қырғыз-
станның, Қытайдың, Германияның, АҚШ-ң, Түркияның, Иран-
ның,  Өзбекстанның,  Тәжікстанның  және  басқа  да  елдердің 
ғылыми-зерттеу  орталықтарымен  тығыз  ынтымақтастық 
орнатқан.
Философия, саясаттану және дінтану институтының база-
сында  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ, 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ҚазКжҚҚА және т. б. тәрізді 
басты қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, ма-
гистранттары және докторанттар (PhD) тағылымдама мен ди-
плом алдындағы практикасын өткізеді.
Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда 
өсуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Философия,  саясаттану  және  дінтану  институты  туралы 
анағұрлым кең ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады:
Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы,
Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)
Тел.: +7(727) 272-59-10
Факс.: +7(727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz

187
Информация об Институте философии,
политологии и религиоведения Комитета науки
Министерства образования и науки
Республики Казахстан
Институт был образован в феврале 1999 г. на базе созданно-
го в 1958 г. Института философии и права, преобразованного 
в 1991 г. в Институт философии. В мае 2012 г. постановлением 
Правительства он был переименован в Институт философии, 
политологии и религиоведения.
Основной  задачей  Института  как  государственного  научно-
исследовательского  учреждения  является  проведение  философ-
ско-мировоззренческих, философско-методологических, полито-
логических, религиоведческих и социологических исследований, 
направленных  на  развитие  интеллектуального  и  духовно-нрав-
ственного потенциала современного казахстанского общества.
Сегодня  Институт  философии,  политологии  и  религио-
ведения  является  высокопрофессиональным  научно-исследо-
вательским  центром.  Институт  работает  по  трем  ключевым 
направлениям, определяющим его структуру: философия, по-
литология  и  религиоведение.  Здесь  проводят  научные  иссле-
дования 1 академик, 2 члена-корреспондента НАН РК, 20 док-
торов и 11 кандидатов наук, 10 докторантов PhD. В Институте 
выполняется  24  научно-исследовательских  проекта  в  рамках 
грантового  финансирования  на  2012–2014  годы  по  приорите-
ту  «Интеллектуальный  потенциал  страны»,  ведется  работа  в 
рамках  междисциплинарной  научной  программы  «Ғылыми 
қазына».
Сотрудниками  издаются  монографии  и  научные  статьи 
по проблемам политики, науки, образования, культуры, рели-
гии,  казахской  и  мировой  философии.  Научные  публикации 
сотрудников Института востребованы в научных рейтинговых 
изданиях ближнего и дальнего зарубежья.

188
В  рамках  программы  «Культурное  наследие»  Институ-
том изданы собрание сочинений «Аристотеля Востока» – аль-
Фараби  (10  томов),  «Мировое  философское  наследие»  (20  то-
мов),  а  также  «Философское  наследие  казахского  народа»  (20 
томов).
Издаются  два  журнала:  «Адам  әлемі»  (с  1999  г.)  и  «Аль-
Фараби» (с 2003 г.). Институт располагает собственным сайтом 
на трех языках: казахском, русском и английском.
Институт  регулярно  проводит  международные  научные 
конференции,  «круглые  столы»,  семинары,  дискуссионные 
«площадки», в которых принимают участие казахстанские и за-
рубежные ученые. Институт тесно сотрудничает с крупнейши-
ми научно-исследовательскими центрами России, Белоруссии, 
Азербайджана, Кыргызстана, Китая, Германии, США, Турции, 
Ирана, Узбекистана, Таджикистана и других стран.
На базе Института философии, политологии и религиове-
дения проходят стажировку и преддипломную практику сту-
денты, магистранты и докторанты (PhD) ведущих казахстанских 
высших учебных заведений, таких, как КазНУ им. аль-Фараби, 
КазНПУ им. Абая, КазУМОиМЯ им. Абылай хана, КазАТиСО 
и др.
В  Институте  созданы  все  необходимые  условия  для  про-
фессиональной работы и научного роста сотрудников.
Более подробную информацию об Институте философии, 
политологии и религиоведения можно получить по адресу:
Республика Казахстан, 050010
Алматы, ул. Курмангазы, 29 (3 этаж)
Тел.: +7(727) 272-59-10
Факс.: +7(727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz

189
Information about the Institute of Philosophy, Political
Science and Religion Studies of Committee Science
of the Ministry of Education and Science
оf the Republic of Kazakhstan
The  Institute  was  established  in  February  1999  on  the  base 
of  established  in  1958  the  Institute  for  Philosophy  and  Law,  and 
the Institute for Philosophy in 1991. By the Decree of Kazakhstan 
Government in 31 May, 2012, Institute was renamed to Institute for 
Philosophy, Political Science and Religion Studies.
The main objectives of the Institute as a public research institution 
are  conducting  of  philosophicalworld  outlook,  philosophical-
methodological, political studies, religion studies and sociological 
studies  aimed  at  social-cultural  and  soc  ialpolitical  development 
and  strengthening  the  independence  of  Republic  of  Kazakhstan, 
development its intellectual and spiritual-moral potential.
Institute of Philosophy, Political Science and Religion Studies 
is a highly skilled scientific research center. Institute has a three key 
directions that define its structure: philosophy, political science and 
religion studies. Currently, 1 academician, 2 correspondent member 
of National Academy of Science of RK, 20 doctors of Science, 11 
candidates in science, 10 PhD doctorate candidates are conducting 
research works.
24  scientific-research  projects  within  the  framework  of  grant 
financing for 2012–2014 years on priority of «Intellectual potential 
of  the  country»  are  being  conducted,  also  the  works  within  the 
framework of interdisciplinary scientific program «Gilimy kazyna» 
are being carried out.
Institute employees publish the monographies and articles on 
important  issues  of  politics,  science,  education,  religion,  culture, 
Kazakh  and  world  philosophy,  etc.  The  quality  of  scientific 
publications of the Institute is determined by the emand for scientific 
articles in rating’ journals of near and far abroad.

190
Under  the  «Cultural  Heritage»  State  Program  ten-volume 
collection of works called «Aristotle of the East» – al-Farabi, twenty 
volumes  «World  philosophical  heritage»,  twenty  volumes  «The 
Philosophical  Heritage  of  the  Kazakh  nation»,  and  other  books 
were published by the Institute.
Institute  publishes  two  magazines:  «Adam  alemi»  and  «Al-
Farabi» (in Russian and Kazakh). The Institute has its own website 
in three languages: Kazakh, Russian and English.
Institute of Philosophy, Political Science and Religion Studies 
science  regularly  organizes  international  scientific  conferences, 
seminars,  «round  tables»,  where  not  only  leading  Kazakhstani 
political scientists and philosophers, but also many scientists from 
foreign countries are participants.
Institute  has  cooperation  with  scientific-research  centers  of 
Russia, China, Germany, the USA, Turkey, France, the Great Britain, 
Iran, Azerbaijan, Uzbekistan, Tajikistan, Kyrgyzstan, Belarus and 
others.
Undergraduate  students,  Master’s  degree  and  Doctorate 
students  from  leading  Kazakh  universities,  such  Al-Farabi 
KazNU, Abai KazNPU, Abylaikhan KazUIR& WL, KazATiSO are 
conducting their research work and are trained at the Institute for 
Philosophy, Political Science and Religion Studies.
The Institute has created all necessary conditions for professional 
and scientific development of employees.
More detailed information about the Institute for Philosophy, 
Political Science and Religion Studies can be found at:
Kurmangazy Street, 29 (3rd floor)
Almaty, 050010, Republic of Kazakhstan
Phone: +7 (727) 272-59-10
Fax: +7 (727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz

191
Ғылыми басылым
Жетпісбаева Мейіркүл
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ 
ТӘУЕЛСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ 
Редакторы Ж.Б. Ошақбаева
Мұқабаның дизайнын жасаған және беттеген  Ж.А. Рахметова
 
       
Басуға қол қойылды 25.11.2013. Пішімі 70×100 
1
/
16
 
Шартты баспа табағы 12. Офсеттік басылым.
Таралымы 500 дана. 
 «ИП Волков А.И.» баспасында басылды.
Райымбек даңғ., 212/1, оф. 319. Тел.: 330-03-12, 330-03-13


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал