Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/11
Дата23.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттер тізімі: 
 
1. 
В.Я.Пропп. Русский героический эпос. М., 1978.  

 
52 
2. 
Грязнов  П.П.  Древнейшие  памятники  героического  эпоса  народов  Южной 
Сибири.  Е.Жубанов  «Поэтические  особенности  эпического  языка»  Алма-Ата
1978.  
3. 
А.Маргулана, С.Садырбаева «Вопросы циклизации казахского эпоса», Алма-
Ата, 1975.  
4. 
А.Маргулана«О  носителях  древней  поэтической  культуры  казахского 
народа», Алма-Ата, 1985.  
5. 
Е.Турсынов «Типы носителей казахского фольклора», Алма-Ата, 1984. 
 «
Истории казахской литературы» (тт. 1-2), энциклопедия, «Мектеп» в 1982 г.  
6. 
Турекулов  Н.  Современный  казахский  фольклор:  Жанрово-структурный 
анализ. Под общ. ред. М.К.Каратаева. Алма-Ата, 1982. «Казахский эпос» Алма-
Ата, 1982. 
7. 
Ерзакович Б.Г. Музыкальное наследие казахского народа. Алма-Ата, 1979. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
53 
Қазақ халқының мәдени мұрасы: әндер, ертегілер 
және мақал-мәтелдер 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік техникалық  
университетінің  
«Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының 
 
аға оқытушысы  
Г.С. Байпелова 
 
 
 
 
Қазақ халқының мәдени мұрасы ғасырдан ғасырға жеткен дәстүрді сақтау 
мен  одан  әрі  дамытуға  бағытталған  кешенді  шаралармен,  тарих  пен 
мәдениеттің  жаңа  беттерін  ашумен  сипатталады.  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасы  туралы  Қаулыға  2004  жылы  13  қаңтарда  ҚР  Президенті  қол 
қойғаннан  бері  қазақстандық  ақпараттық  кеңістіктегі  басты  тақырыптардың 
бірі – осы мәдени мұраға қайта оралу, оны бұқараға жеткізу мен әлемге таныту 
болып  саналады.  Қазақстан  Республикасының  бүгінгі  таңдағы  білім  беру  мен 
рухани  саласын  дамыту,  ел  ішіндегі  мәдени  мұраның  сақталуы  мен  тиімді 
пайдалануын қамтамасыз ету – бағдарламаның басты міндеті. 
 
 «
Мәдени  мұра»  бағдарламасын  осынау  өмірге  әкеліп  жан  берген  – 
мемлекет.  Елбасының  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бергі  көкейінде  жүрген 
жаңашыл  идеяларының  қатарында  «Мәдени  мұраның»  нақты  орын  алуы, 
Тәуелсіз  еліміздің  бірлігі  мен  тұтастығын,  саяси  жүйенің  тұрақтылығын, 
идеологияның жұтамауын, рухани мұраттарға сенімнің нығаюынан туған деуге 
болады. Жаһандану дәуірінің ұлы жолында жақсысын бойға сіңіріп, жаманынан 
аулақ  болуды  Елбасы  өзінің  «Мәдени  мұра»  бағдарламасына    байланысты 
жазған еңбегінде атап өткен болатын. 
 
 
Қазақ халқының тарихы мен әдебиетінің мәдени мұраларын жинастыру 
ісі бұрынғы ғасырлардағы зерттеу – деректерді айтпағанда, XIX-шы ғасырдан 
бастап  Ресей  ғалымдары  мен  шетел  зерттеушілер  тарапынан  үнемі  жүргізіліп 
келді.  Қазақ  ғалымдары  Шоқан  Уәлиханов,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Қаныш 
Сәтбаев,  Әлкей  Марғұлан,  Мәлік    Ғабдуллин  т.б.  қазақ  ауыз  әдебиеті 
үлгілерінің  бай  мұрасы  саналатын  ертегі,  мақал-мәтел,  жұмбақтарды,  әндерді 
халық арасынан тірнектеп жинап, ел игілігіне жаратуға көп үлестерін қосты – 
десек біз артық айтпаймыз. 
            
Дүние жүзі елдерімен иық тіресе дамып, қанатын кеңге сермеген еңселі 
еліміз әлемге тек қана экономикалық-саяси салада жеткен жетістіктерімен ғана 
емес,  сондай-ақ  мәдени-рухани  құндылықтары  арқылы  танылуда  деп 
мақтанышпен жар салуға болады. 
            
Қазақ  халқының  ұлттық  өнерін  ұрпақ  бойына  сіңіріп,  жастарымыздың 
білікті  азамат  болып  қалыптасуына  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  берер 
пайдасы мол деп білеміз.  

 
54 
        
Еліміз  мақтаныш  етер  мәдени  –  асыл  мұра,  рухани  жәдігерліктерінің 
ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен көл-көсір ән қазынасы ерекше 
орын алады.   
       
Қазақ әні – қазақ халқының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, 
халық  рухының  ықылымнан  тіл  қатқан  тірі  куәгері.  Күнделікті  тұрмыс-
тіршілік,  салт-дәстүрге  орайласа  туған  ғұрыптық  ән,  қара  өлеңдерден  тартып, 
адам баласының аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші 
мен  жарқын  үміт,  қуаныш-шаттығын,    сан-алуан  сезім-күй,  жан  әлемін 
өрнектеп, формалық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түрленіп биік кәсіби 
өреге  жеткен  дәстүрлі  ән  өнері  ұлттық  музыка  мәдениетіміздің  алтын  өзегі, 
ертеден бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп 
тұрған сарқылмас қайнары іспетті.  
        
Қазақ  елінің  әлемдік  мәдениетке  қосар  үлесі  де,  күйімен,  жырымен  бірге 
осынау  дәстүрлі  ән  мұрасы  екендігінде  күмән  жоқ.  Бүгінгі  жаңа  әндердің 
бастауы бұрынғы қайнар көзінен нәр алатынын ұмытпайтын ұрпақпыз. Ежелгі 
ұранындай «Елім-айдың» жалғасын бүгінге жеткізген арқалы да арынды өнер 
дарындыларын  қазақ  халқы  көп  туғызған.  «Әр  заманның  өз  әні  бар»  дейтін 
халқымыздың  қашанда  өмірлік  тірлігін  көңіл  көтеретін  қуаты  мол  ән-әуен 
әлдиімен  байытып  отырған  емес  пе.  Елі  мен  жерін  жан  жадыратар  өз 
туындыларымен  өрнектеп  өткен  Біржан  сал,    Ақан  сері,  Жаяу  Мұса,  Мұхит, 
Естай, Балуан Шолақ, Мәди, Ыбырай сияқты сал-серілердің есімдері ел есінде 
сұлу да сезімге толы, аққу қанаты әсем әндерімен ұзақ сақталып келеді. Біржан 
Қожағұлұлының  «Теміртасын»,  Жаяу  Мұсаның  «Көгаршынын»,  Ақанның 
«Сырымбетін»,  Мұхиттың  «Айнамкөзін»,  Естайдың  «Қорланын»,  Балуан 
Шолақтың  «Ғалиясын»,  Мәдидің  «Қарқаралысын»,  Ыбырайдың  «Гәккуін»  әлі 
күнге  жүрегің  нұрланып,  көңілің  көкке  өрлеп,  құлақтың  құрышын  қандыра 
тыңдайсың.  Қазақ  әндері  қазынасының  ұлы  көші  жыл  өткен  сайын  түрленіп, 
қырланып  бастаудан  танар  емес.  Талай-талай  уақыттың  сүзгісінен  өтті, 
жоқшылықты  да,  тоқшылықты  да  бастан  кешірді,  бірақ  көмескіленіп  қалған 
жоқ.  Әуелетіп  айтқан  сайын  жарқырай  түсер  алтын  қорыңыз  осылар.  Демек, 
шынайы шығармашылық жүректен туған нәрсе әсте ұмыт қалмайды, халықпен 
бірге тыныстап, бірге ғұмыр кешіп, қанат қағып, самғай береді екен.  
           
Ұлы данышпан Абай Құнанбаев айтқандай: «Ұйықтап жатқан жүректі ән 
оятар, үннің тәтті оралған мәні оятар» және де осы ретте Майраның «Майра», 
Ғазиздің «Ғазиз», Мәрия Жагорқызының «Дудар-ай», Әсет Найманбайұлының 
«Інжу-Маржан»,  Жамбыл  Жабаевтың  «Угай-ай»,  Шашубай  Қошқарбаевтың  
«Ақ  қайың»,  Кенен  Әзірбаевтың  «Бозторғай» деген  секілді  және  басқа  талант 
иелерінің, тәмам жұрт алқалаған алтын айдарлы тәтті де тәлімді туындыларын 
алға  тартуға  болады.  «Ән  төгілген  жерде,  адам  тірлігі  жеңілдейді»  дегенді 
халық  бекер  айтқан  ба.  Сондай-ақ,  «Ақын  мен  әнші  адамзаттың  бұлбұлы» 
дегенді де еске салып отыратын сол кемеңгер халық. 
          
Әлі күнге дейін ел есінен шықпай, қажетіне жарап келе жатқан сал-сері 
сазгерлердің  туындылары  таңдай  қақтырады.  Сөзі  мен  әуені  сайма-сай  қазақ 
даласының  арқалы  жандарына  мың  тағзым!  Мәселен,  Біржан  сал  
Қожағұлұлының  ән-мұрасы  әлі  күнге  дейін  сахнаның  сәні,  өмірдің  мәні 

 
55 
есебінде  шырқалудан  тынбайды-ау,  «Адасқақ»,  «Айбозым»,  «Ақтентек», 
«Алқаракөк», «Бурылтай», «Жамбас сипар», «Жанбота», «Жонып алды», сынды  
өзекжарды өнер туындылары халықты сусындатып келеді. 
         
Атақты ғалым Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай 
болып  көрінеді»  дегеніндей,  немесе  А.Алекторовтың  «Қарапайым  әнге  – 
қарапайым  музыкаға  қаншама  поэзия  сыйып  жатыр»  деп  тамсанатындай 
құбылыс көрінісін бір Біржанның бойынан табуға болады.  
         
Қазіргі  бар  өнердің  де  бастау  –  көзі  аталған  арғыдан  келе  жатқан  ұлы 
көштің санатындағы Ақан сері Қорамсаұлының жөні және бөлек. Ұлы ғалым, 
академик,  қазақ  музыка  тану  ғылымының  қайраткері  Ахмет  Жұбанов 
айтқандай:  «Халық  әндерінің  тартымды  келетіні,  жүрегіңе  қона  қалатыны, 
олардың  о  баста  өнер  қуу  мақсатында  шықпай,  табиғилық  жағының  басым 
болуында»  екендігі  де  рас.    Көзін  ашып,  кең  дүниеге  назар  сала  бастағаннан 
көмекейі  бүлкілдеп,  екі  иығы  селкілдеп  серілік  құрған  Ақан  серінің  шынайы 
өмірден  туған  әндері  әркімге  де әдемі  үлгі,  сазгерлік  сабақ.  Керімсал  өнерпаз 
небір жұлдызды әндер шығарды және оны өзі құйқылжытып орындады. 
       
«Ақтоты», «Ақтотының аужары», «Ақкөйлек», «Алтыбасар», «Әудемжер», 
«Балқадиша»  тәрізді үкілі  саз  әуендер аспанға  қалықтап,  қаумалаған  жұрттың 
жүрегін жылытты, сүйекті ерітті. Әндерінің басым көпшілігі қыран құс, жүйрік 
ат,  сол  тұстағы  қазақтың  тұрмыс-салтынан  қанға  сіңген  өнер  өрнектері  бұл. 
«Көкжендет», «Қараторғай», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Екі жирен», «Үш тоты 
құс»  сияқты  жан  толқынысына  шомылдырып,  сұлу  сәйгүлікпен,  қаншеңгел 
алғыр  құспен,  жалпы  ер-азаматқа  серік,  қолғанат  болғандармен  алдарқатып, 
сыр ақтару, сезім күйлерін тамшылату нағыз талантқа ғана тән-үрдіс. Сағыныш 
отын  тұтатып,  жүрек  қылын  шертетін  «Мақпал»,  «Маңмаңгер»,  «Нәзікгүл», 
«Жамал  қыз»,  «Шырмауық»,  «Сырымбет»  сынды  сырлы  туындылары  халық 
игілігі, алтын көмбе. 
         
Ән  –  халқымыздың  ғасырлар  бойы  там-тұмдап  жинаған  рухани  
қазынасының төл басы, құтты тұяғы. «Қазақ әні қияли ғайыптан пайда болған 
дүниенің  белінен  аттап  өтіп,  керісінше,  қоғамдағы  жеке  адамның  меншік 
ғұмырын,  сезімі  мен  мақсат-мұратын  сыр  етіп  шертеді.  Әнді  тыңдаушылар 
таңғажайып  уақиғалардан  гөрі,  айналасын  қоршаған  болмыстың  білімі  мен 
көңіл  тұщынарлық,  ләззат  аларлық  қасиетіне  құлшынады»,  -  деп  жазды  қазақ 
фольклорының белді білгірі В.В. Радлов.  
        
Жастарымыздың  ой-өрісі  мен  ақылын  биік  қиялдарға  жетелейтін  жанр 
ертегілер деп білеміз.  
       
«Қазақ  фольклорының  тарихы»  атты  еңбектің  авторы,  филолог,  ғалым 
Әуелбек Қоңыратбаев «Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы» - деп жазған 
болатын. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ға- 
сырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В. Радлов, 
 
Г. Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов,  
Ә.  Диваев  сияқты  белгілі  де  белді  ғалымдар  жинап,  жариялай  бастады.  Қазақ 
фольклорының  кейбір  нұсқалары  «Дала  уалаяты»,  «Айқап»,  «Туркестанские 
ведомости», «Тургайская газета» т.б. мерзімді баспасөзде жарияланып келді. 

 
56 
         
Ертегі  жанры  –  халық  прозасының  дамыған,  көркемделген  түрі,  яғни 
фольклорлық көркем проза. Ертегілердің мақсаты мен мазмұны – тыңдаушыға 
ғибрат  ұсынумен  бірге  эстетикалық  ләззат  беру.  Ертегінің  атқаратын  қызметі 
кең.  Ол  әрі  тәрбиелік,  әрі  көркем  эстетикалық  әдеби  қазына,  ертегінің  бүкіл 
жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның 
басты  міндеті  –  сюжетті  барынша  тартымды  етіп,  көркемдеп,  әрлеп  баяндау. 
Демек,  ертегі  шындыққа  бағытталмайды,  ал  ертекші  әңгімесін  өмірде  болған 
деп  дәлелдеуге  тырыспайды.  Ертегіде  қиял  мақсатты  түрде  пайдаланылады, 
сондықтан  ол  әсіреленіп,  ғажайыпқа  айналады  және  біршама  өзінше  дамып 
отырады.  Ертегідегі  ғажайып  қиял  адамның  күнделікті  көріп  жүрген  заттары 
мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді. Өйткені, бұл жанрда 
ғажайып  көркем  бейнелеуіш  құрал  ретінде  қолданылады.  Өмірдегі  шынайы 
нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, 
ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. 
Ертегіде  қиял  мен  ғажайып  әрі  идеялық  та  мақсатта  қолданылады.  Ертегі 
адамның  рухани  азығы  болуымен  қатар  идеологиялық  та  қызмет  атқарған. 
Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше 
жанрға бөлінеді: 
1) 
Жануарлар туралы ертегілер; 
2) 
Қиял-ғажайып ертегілері, батырлық ертегілер; 
3) 
Хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. 
         
Ертегі   жанрының пайда  болып  , қалыптасу  тарихы өте ұзақ.  Оның  түп-
төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, 
әр  түрлі  ырымдар  мен  аңыздар.  Өзінің  қалыптасу  барысында  ертегі  осы 
жанрлардың  көптеген  белгілерін  бойына  сіңірген.  Бұл  жанрлардың  кейбірі  өз 
бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған.  
         
Ертегілерде  реалдық  адам  образдары  мен  мифтік  образдар  қаз-қатар 
суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері – « Ер Төстік», 
«Еділ  -  Жайық»,  «Құламерген»,  «Аламан  мен  Жоламан»,  «Күн  астындағы 
Күнікей қыз», «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай», т.б.                                
        
Келесі біздің сөз еткелі отырған тақырыбымыз – мақал-мәтелдер. Мақал-
мәтелдер  –  халық  даналығының  қазына  байлығы.  Олар  ғасырлар  бойы  
қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. 
Сондықтан  да    оны  жұртшылық  жадына  сақтап,  өзінің  күнделікті  өмірінде, 
өзара  қарым  –  қатынасында  пайдаланады.  Мақал  мен  мәтелге  бай  халықтың 
бірі  –  қазақ  халқы.  Қазақ  халқының  мақал-мәтелдерінің  шығу  тегі  жөнінде 
айтар  болсақ,  А.  Байтұрсынұлы  «Мақал  да  тақпаққа  жақын  салт-санасына 
сәйкес  айтылған  пікірлер.  Тақпақтан  гөрі  мақал  маңызы  шын  келеді.  Мәтел 
дегеніміз  кесегімен  айтылатын  белгілі-белгілі  сөздер.  Мәтел  мақалға  жақын 
болады.  Бірақ  мақал  тәжірибеден  шыққан  ақиқат  түрінде  айтылады.  Мәтел 
ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады», - деп көрсеткен болатын. 
Қазақ  мақал-мәтелдерінің  бастау  көзі  сонау  Орхон–Енисей  жазба 
ескерткіштерінен  бастау  алады.  XII-XIII  ғасырлардан  бізге  жеткен  жазба 
жазбаларында:  «Бастыны  еңкейтіп,  тізеліні  бүктірген»  («Күлтегін»  жырынан), 
«Өлімнен  ұят  күшті»  («Тоныкөк»  жырынан)  деген  мақал-мәтелдерді 

 
57 
кездестіреміз.  Ал  Махмұт  Қашқаридің  «Дивани  лұғат-ат  түрік»  сөздігінен: 
«Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп 
сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» дейтін мақал-мәтелдерді 
байқауға болады.  
          
Мақал-мәтелдер  негізінен  халық  аузында  ауызша  сақталған.  Ал,  оларды 
нақты  жинап,  қағаз  бетіне  түсіру,  баспасөз  беттерінде  жариялау  –  XVIII 
ғасырдың II жартысынан басталады.  
         
Қазақтың  мақал-мәтелдерін  алғаш  қағаз  бетіне  түсірген  ғалым  –  Шоқан 
Уәлиханов.  Шоқан  Уәлихановтың  «Таңдамалы  шығармалар»  еңбегіндегі 
біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.  
Мақал-мәтелдерде  бала  тәрбиесіне  де  үлкен  мән  беріледі.  «Қызды  асырай 
алмаған  күң  етеді,  ұлды  асырай  алмаған  құл  етеді»  деген  мақал-мәтелдердің 
мәнісі  –  жас  ұрпақты  жақсылыққа  баулу  болмақ.  Жастарға  өнер  білім,  тіл 
үйретуде  мақал-мәтелдің  мәні  аса  зор.  Білім,  өнер  еңбектің  бір  түрі  болса,  аз 
сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін байытқан өскелең ұрпақ қана өмірден 
өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден өнеге алмақ. 
          
Халқымыз:  
                    
«Есік алдында төбең болса, ерттеп мінген аттай болар,  
                      
Ауылыңда  қартың  болса,  жазып  қойған  хаттай  болар»,  демекші 
«атадан - бүгінгі балаға» - даналық сөзі болып жеткен мақал-мәтелдердің орны 
қазақ әдебиеті тарихында әрине биік деп білеміз. 
 
Белгілі  қоғам  қайраткері,  ғалым  Мұрат  Әуезов:  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасын аяқтадық деп айтудың өзі мен үшін ауыр сөз. Өйткені, біз осы  
жылдарда оған үйреніп, әлі де онымен бірге жасай беретіндей болып табысып 
қалған  едік.  Мұның  өзі  біздің  қоғамдық  санамызды  жаңа,  сапалы  деңгейге 
көтергенін айту парыз. Осыны біз аяқталу демей, бірінші кезең деп атап, енді 
екінші кезеңге аяқ бастық деп жарияласақ жақсы болар еді. Бірінші кезеңді біз 
мәдени  мұраларымызбен  іргелі  түрде  танысу,  ал  екінші  кезеңді  оны  халық 
игілігі үшін пайдалану деп атағанымыз жөн болар еді», -  деп санайды. 
 
Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи дамуында қоғамның 
мәдени  саласының  маңызы  ерекше  күшейіп,  салмағы  арта  түспек.  «Өткенсіз 
болашақ жоқ» немесе «тарихтан тағылым» деген қағидалаларға сүйенсек, қоғам 
өміріндегі  барлық    құбылыстардың  себеп-салдарын  өткен  тарихтан  іздеуіміз 
қажет.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  «Мәдени  мұрамыздың»,  өткен  тарихын  жан-
жақты  сараламай,  рухани  өміріміздегі  оң  өзгерістер  мен  шешуін  таппаған 
мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді. 
         
«Мәдени  мұраны»  сақтау  мұнымен  шектеліп  қалу  деген  сөз  емес.  Мұра 
кейінгі  мәдениеттің  дәстүріне  айналып,  ары  қарай  толысып,  жеткізгенде  ғана 
бағалы. 
  
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1964. 
2. 
Ғабитов Т.Х., Өмірбекова М.Ш. Мәдениеттану негіздері. Алматы, 2003.  
3. 
Әбілқасов Ғ.М., Хасен М.Ә. Қазақ мәдениеті. Қарағанды, 2008.    
4. 
Қоңыратбаев Ә., Қазақ фольклорының тарихы, Алматы, 1990.  

 
58 
 
ХIХ ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы  
музыка өнері және көркем шығармашылық 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
 
«Қазақстан тарихы» кафедрасының 
 
аға оқытушысы 
А.А. Әбдірахманова 
 
 
 
Музыканың,  ән  салудың  табиғаттан  тыс  шығу  тегі  туралы  қазақ 
халқының  аңызы  ежелгі  заманнан  біздің  уақытқа  дейін  жетті.  Онда  аспанда 
биікке  самғаған  тамаша  әннің,  көшпенді  қазақтардың  ұлы  даласынан  ұшып 
бара жатып өте төмен түскен, сондықтан оны естіген халық табиғатынан үлкен 
музыкалық қабілетті иеленген деп айтылған.  Сонымен бірге халықта:  «Құдай 
әрбір қазақтың дүниеге келген сәтінен бастап оның тәніне күйдің бір бөлшегін 
салған»  деп  айтады.  18-19-ғасырлардағы  қазақтардың  өмірі  мен  тұрмысын 
қадағалаған,  «сырттан»  келген  адамдардың  халықтың  көзге  бірден  түсетін 
шығармашылыққа,  музыкалық-поэтикалық  суырып  салмалылыққа  қабілетін, 
балғын  сәбилерден  бастап  еңкейген  қарттарға  дейін  бүкіл  халықтың 
музыкаландыру  сферасына  кеңінен  қатыстырылғанын  таң  қалмай  және 
масаттанбай ерекшелеуі кездейсоқ емес.  
Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір әулеттің сәйкес музыкалық аспаптар мен 
жанрлар жинағы, репертуары және орындаушылық нысандары болды.  
Домбыра  халық  музыканттарының  сүйікті  аспабы  болды.  Бұрынғы 
уақытта домбыраның ішектері ешкінің ішегінен жасалған. Домбыраның нәзік, 
жұмсақ шығатын және барқыт үнділігі көпшілікке мәлім.  Домбыраны көшпелі 
тұрмыс жағдайларында жасауға және пайдалануға болатын. 
Қазақтардың дәстүрлі халық музыкаландыруында, домбырада орындаған-
да, тәртіп бойынша, күйдің пайда болуы және мазмұны туралы әңгіме немесе 
аңыз  болды.  Домбыра  дәстүрінің  тарихы  ғасырлар  тереңіне  кетеді,  ол  туралы 
мысалы, ежелгі  Хорезмді, сондай-ақ Пазырык қорғандарының археологиялық 
жаңалықтары  және  қазақстандық  археологтардың  Қазақстан  аумағындағы  
археологиялық  жаңалықтары  куәландырады.  Осы  мәліметтерге  сүйенсек, 
домбыра  және  қобыз  ертедегі  көшпенділердің  аса  кең  таралған  музыкалық 
аспаптары болды. Домбырада орындау ерекшеліктерінің бірі – аспапта ойнау-
дың жеке түрі.  Ол әр түрлі тарихи кезеңдерде жарқын тұлғалардың шығуына 
мүмкіндік туғызды. Халық үздік өкілдері  – Кетбұғы, Асан Қайғы, Қарт Ноғай, 
Байжігіт,  Бежен,  Тәттімбет,  Қазанғап,  Сейтек,  Дина  Нұрпейісова  және  т.б. 
есімдерін сақтап қалды. 
Ең  көп  таралған  музыкалық  аспаптардың  бірі  ысқымен  ойналатын  екі 
ішекті  аспапқа  жататын  қылқобыз деп  есептеуге  болады. Ол  туралы  XVIII-IX 
ғғ.  даталанған,  “Қорқыт  кітабы”  деген  кітапта  да  айтылады.  “Қыл”  сөзі  ат 

 
59 
қылынан  жасалған  ішектермен  байланысқан.  Қылқобызды  бақсылар  (шаман-
дар) және халық орындаушылары қолданған.  
104 
ат  қылынан  тұратын  қылқобыздың  екі  ішегі  ысқы  жанасқанда 
обертондардың  толық  гаммасын  шығарады.  Аспаптың  колориті  және  дыбыс 
шығару  жиілігі  көбінесе  ысқының  жанасу  күшіне,  сондай-ақ    дыбыстың 
биіктігіне  байланысты  болған,  ол  кезде  обертондар  бірде  мыңқылдап,  бірде 
шіңкілдеп, бірде қою барқыт шырынды үнмен дыбысталған. 
Қобызда  орындау  тарихы  бақсы-шамандардың  діни-сиқыршылық  салт 
жораларымен  байланысты  болған.  Қобыз  бақсының  өзінің  аруақтарымен 
қатынасу  құралы  болған.  Сонымен  қатар  қобыз  дәстүрі  тек  салт  жоралары 
сипатында ғана болмайды, сонымен бірге көшпелі ортада көрнекті орындардың 
бірін алған  жыраулардың эпостық шығармашылығымен байланысқан. 
Бұрында дәстүрлі музыкада қурай өсімдігінің қуыс сабағынан жасалатын  
аспап – сыбызғы бар болған. Қарапайым пішіні және материалының қолайлы-
лығы  оның  қазақ  музыканттарының  арасында  танымал  болуына  мүмкіндік 
туғызды. Тембрлік колориті бойынша сыбызғы флейтаның жоғары дыбыстарын 
еске  салатын,  дірілде,  толқыныста  болатын сияқты, дірілдеген бірдеме дыбыс 
шығарады.  Сыбызғының  үні  жазғы  жайылымдарда,  үйлену  тойларында,  бала 
туғанда, құрметті қонақ келгенде естілген. 
Сыбызғы  музыкасындағы  бейнелер  көне  заманға  барып  тіреледі.  Бұл 
туралы қазіргі кезге дейін бар болатын аңыз-күйлер куәландырады, оларға “Көк 
бұға”, “Желмая” (аты аңызға айналған Асан қайғы түйесінің жалған аты), “Боз 
інген” күйлерін жатқызуға болады. 
Бұрында  Құрымбай,  Қанғожа,  Тулақ,  Сырмалай,  Ысқақ  сияқты 
сыбызғышылар  әйгілі  болған.  ХХ  ғасырда  В.  Ысқақов,  О.  Қожабергенов,  М. 
Оңғаров, Ш. Ауғанбаевтың даңқы шықты. 
Қазақтардың кейінгі дербес өмірі міндетті түрде музыка қатыстырылған 
жастар  ойындары  мен  сауықтарына  –  қайым  айтыстарға,  тартыстарға,  қара 
өлеңдерді  диалогтық  айтуға  қатысу  арқылы  жаңа  көркем  білім  мен  тәжірибе 
берген. «Жастық шақтың» репертуары махаббат лирикасымен және қалыңдық-
тың  қоштасатын  мұңды  сыңсуы  мен  жастардың  шатты  жар-жары  айтылатын 
бояуы  сан  түрлі  қазақ  тойларының  алуан  түрлі  әндерімен  және  салт 
жорамалдарымен,  аң  аулағанда  немесе  әскери  жорыққа  шыққанда  дабылдың, 
дауылпаздың немесе шыңдауылдың сигналдық соғуымен байытылған. Осыған 
қатысты  байсалдылығы  мен  тәжірибесі  бар  «кемелділік»  үлкен  мемлекеттік 
және  қоғамдық  істерді  атқаруға,  ру  аралық  ән-өлең  сайыстары  –  айтыстарда 
рудың  мүдделерін  қорғауға  және  халықтың  салт-дәстүрлік  мерекелері  мен 
салтанаттарын  өткізу  туралы  салт  жораны  ұйымдастырушы  және  орындаушы 
ретінде – жаршыны жөнелтуге арналған.  
XIX 
ғ.  екінші  жартысы  Қазақстанның  музыка  өнерінің  гүлденген  кезеңі 
болды.  XIX  ғ.  аспаптық  музыкаға    Тәттімбет  Қазанғаповтың  (1817-1860  жж.) 
шығармашылығы үлкен үлес қосты. Оның даңқы домбыраға арналған «шертпе» 
стиліндегі шығармалардың авторы және орындаушысы ретінде шықты.  Оның 
күйлерінің  көпшілігі    эмоциялық,  асқақ  лирикалық  желіде  жазылған.  Оларда 
Тәттімбет туған өлкесінің сұлулығын дәріптеді – «Сарыжайлау», «Сары өзен»; 

 
60 
жануарлардың дағдылары мен қылықтарына көркем келбет берді – «Ерке атан», 
«Боз айғыр» және т.б.      
Құрманғазы  Сағырбаевтың  (1806-1879  жж.)  60-тан  астам  күйі  сақталған  
(олардың кейбіреуі әр түрлі нұсқада). Оның «Балбырауын» атты күйінде халық 
мерекесі  беріледі;  «Сарыарқаның»  музыкалық  суреттемесі  тыңдаушыларды 
туған  даланың  шексіз  жазықтарына  апарады.  Басқа  күйлер  халықтың  ащы 
тағдыры туралы ойлануға мәжбүрлейді. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі 
– 
«Кішкентай»  күйін  Исатай  Таймановтың  көтерілісіне  арнады.  Көтеріліске 
қатысушы  болып  табылып,  ол  осы  күйде  халықтың  бай-феодалдың  езгіден 
және  отарлау  бұғауынан  босатылуға  құлшынысын  нақтылы  түрде  көрсетті. 
Байлар  мен  шенеуніктер  Құрманғазының  әрекеттері  мен  шығармаларындағы 
қарсыластыққа шақыруды байқап қалып, оны қудалап, түрмелерде қинады.    
Көрнекті сазгер Дәулеткерей Шығаев (1820-1887 жж.) болды. Оның  40-
қа  жуық  күйі  сақталған.  Олардың  барлығы  лирикалық  сипатты,  айқын  және 
мәнерлі. Оларға пішінінің сымбаттылығы, стилінің бірлігі тән. Дәулеткерейдің 
«Жігер» күйінде патетикалық толқуы беріледі,  «Бұлбұл», «Керілме» және т.б. 
күйлері  жүректен  шыққан  терең  сезімді  тудырады.  «Желдірме»  күйінен 
шынайы  халықтық  рухы  еседі.  Бұл  халықтың  дәстүрлі  ат  жарыстарын 
суреттейтін әсерлі, екпінді пьеса.  
Қобыздық классиканың құрылуына Ықылас Дүкеновтің (1843-1916 жж.) 
сазгерлік таланты және орындаушылық шеберлігі орасан зор әсер етті. Дастан 
айту  негізінде  ол  көркемдік  тұтастығы  бойынша  бірқатар  көрнекті 
бағдарламалық  күйлер  шығарды.  Мысалы,  «Қорқыт  күйі», «Қамбар  күйі», 
«
Қазан  күйі»  және  т.б.  Ықылас  менмен  патша  шенеуніктері,  тәкаппар  байлар 
туралы сатиралық желідегі күйлерді де шығарды – «Жарым патша», «Бес төре». 
Ықыластың  күйлерінде  халықтың  өмірі,  қайғы-қасіреттері  туралы  ойлар  да 
сипатталған. 
XX 
ғ.  басында  қазақ  өнерінің  дәстүрлі  түрлері  де:  халық  ауыз  әдебиеті 
және    музыка  шығармашылығы  дамуын  жалғастырды.  Ән  өнері  ерекше 
дамыды.  Қазақтар  Абайдың,  Мұса  Байжанұлының,  Біржан  салдың  және  Ақан 
серінің әндерін жалғастырды. 
20-
ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкаландырудың жаңа түрлерімен 
және    жанрлармен  байытылды.  Тарих  ауқымындағы  шамалы  уақыт  бөлігінде  
республика классикалық еуропалық музыканың көп дауыстылығын және бүкіл 
жанрлық  арсеналы  –  операны,  симфонияны,  балетті,  аспаптық  концертті, 
кантатаны,  ораторийді,  ансамбльде,  оркестрде  және  хорда  орындау  түрлерін 
меңгерді,  шығармашылықтың  жазбаша  типіне  негізделетін  жаңа  кәсіби 
сазгерлік мектепті құрды.  
Қазақ халқының мәдениетінде елеулі із қалдырған бірқатар ақындар мен 
сазгерлердің    шығармашылығы  XX  ғ.  басына  жатады.  Мұсабек  Байзақұлы 
(1849-1932) 
қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  аумағында,  Шоқтас  елді 
мекенінде  туған.  Мұсабек  –  махаббат  пен  табиғатты  дәріптеген  лирик-ақын, 
әлеуметтік тақырыптар негізінде мысалдар түрінде берілген.  Мұсабектің басқа 
әншілермен айтыстары кеңінен белгілі. Белгілі ақын және «Қисса» поэмаларын 
жазған,  Семей  облысында  туған  Әріп  Тәңірбергенов  (1856-1924)  болды.  Ол 

 
61 
шығыс классикасының әсері сезілетін бірқатар шығармаларымен белгілі. Әріп 
тек ақын ғана емес, сонымен бірге Қазан мен Орынборда жарияланған бірнеше 
кітаптың авторы да болды.  
Қостанай  облысының  аумағында  туған    Нұржан  Наушабаев  та  (1859-
1919) 
"кітапшы"-ақын  болды.  Жарияланған  "Манзумат  казакия"  (1903),  " 
Нұржан мен Сапарғалидың айтысы" (1903) жұмыстарынан басқа, оған көптеген 
жариялан-баған әндер мен өлеңдер тиесілі.  
XX  ғ.  басындағы  аса  әйгілі  ақындардың  бірі  –  Балуан  Шолақ 
(Нұрмағамбет)  Баймұрзин  (1864-1919)  Солтүстік  Қазақстан  облысының 
аумағында  туған.  Оның  әндері  халықта  кеңінен  таралды,  олардың  көпшілігі 
бүгінгі күні де танымал. 
Қазақстанның  ауқымды  аумағында  әр  түрлі  жергілікті  кәсіби  сазгерлер 
және  орындаушылар  мектептері  құрылды,  сонымен  бірге  әрбір  өңір  нақты 
дәстүрлерді дамытуда өзінің «мамандандырылуын» ұсынады.  Сонымен, Батыс 
Қазақстан  аумағы  домбыраның  төкпе  күйінің  дамуында  –  орталық  аймақ,  ал  
Сарыарқа    ареалы  (Орталық    Қазақстан)  -  кәсіби  әннің  эпицентрі  болды, 
оңтүстік-батыс өңірі (Қармақшы ауданы) – дастан айтудың бай дәстүрлерін, ал 
Жетісу  суырып салма ақындар сайысы өнері – айтыс дәстүрлерін сақтады және 
дамытты. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, 
Жаяу  Мұса,  Естай,  Ыбырай,  Нартай,  Мәди,  Мұхит,  Абай,  Кенен  Әзірбаевтың 
есімдері  тек  қазақтың  қана  емес,  сонымен  бірге  әлемдік  музыка  мәдениетінің 
тарихына кірді. Олардың стилінің айқын даралығымен, бейнелі құрылысымен 
және  музыкалық-мәнерлі  құралдар  шеңберімен  ерекшеленетін  шығармашы-
лығы қазақ музыка мәдениетінің классикасын, мақтанышын құрайды. Жоғары 
өнерді құрып және қарапайым адамдарды «тамаша құпия» - музыкаға тартып, 
олар көзінің тірісінде қоғамда үлкен сүйіспеншілік пен құрметке бөленді және 
әрқашан көпшіліктің назары мен тартылысының центрінде болды. Қазақ халық 
музыкасының  байлығы  кәсіби  зерттеушілердің  назарын  өзіне  аударды.  А. 
Затаевич 1924 ж. – 1 мың, ал 1931 ж. қазақ халқының 500 әні мен күйін жазды. 
Ұлттық  музыка  өнерінің  дамуы  үшін  1934  ж.  ұлттық  аспаптар  оркестрін 
ұйымдастырудың орасан зор маңызы болды. 
Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарынан  бастап  ақындар,  жыраулар  мен 
жыршылар  өзінің  шығармашылығын  халықтың  жаңа  әлемді  сезінуін  шынайы 
көрсетуге  арнады.  Олар  болып  жатқын  тарихи  өзгерістер  туралы  хабарлады: 
«
Сүйінші,  сүйінші  —  патша  тағынан  түсті»  (Нартай  Бекежанов),  «Қазанның 
дауылы  патшаның  тағын  құлатты»  (Нұрпейіс  Байғанин).  Жаңа  уақыт  халық 
поэзиясының тақырыптамасын және бір мезгілде оның  публицистикалық әсер 
ету сферасын кеңейтті. Кеңес уақытында олар өз шығармаларын митингтерде, 
жиналыстарда орындай бастады. 
Күннен күнге, жылдан жылға, бұрынғыдай музыка ойнайды және әр түрлі 
дәуірлер  мен  ұрпақтарды  біріктіреді,  өткенді,  қазіргі  мен  болашақты 
байланыстырады. 
ХІХ-ХХ  ғғ.  шебіндегі  музыка  өнерімен  қатар  Қазақстан  мәдениетіндегі 
бағыттардың бірі көркем шығармашылық дамыды. 

 
62 
Көркем  шығармашылық  қазақ  халқының  қолданбалы  өнерінде  терең 
көрініс  тапты.  Қолданбалы  өнер  дамуының  көп  ғасырлық  дәстүрі  болды.  
Халық  шеберлері  орындаған  бұйымдар  19-ғасырдың  ірі  көрмелерінде 
Петропавлда,  Көкшетауда,  Нижний  Новгородта  және  басқа  қалаларда 
көрсетілді.  Бұйымдарды  жасау  тәсілдері  мен  технологиясы  ұрпақтан  ұрпаққа 
берілді.  Сырмақтар,  текеметтер  –  киізден  жасалған  төсеніш  кілемдер,  тұс 
киіздер  –  киізден  жасалған  қабырғаға  ілетін  кілемдер  және  көптеген  басқа 
киізден  жасалған  бұйымдар  тамаша  болды.  Оларды  жасаған  кезде  барлық 
негізгі  түрінде  –  зооморфизмдік,  өсімдік  және  геометриялық  түрлерінде  бай 
пайдаланылған қазақ оюы үйлесімді қолданылды. Өнердің күміс пен сүйектен 
қапсырмалары  бар  ер  тоқымдар  мен  жүгендер,  зергерлік  бұйымдар  және  т.б. 
жасау  сияқты  түрлері  де  кең  таралған.  Қазақтардың  отырықшы  өмір  салтына 
біртіндеп  өтуі  көркем-қолданбалы  өнердің  бірқатар  бағыттарының  дамуына 
әсер етті. 
Өте  көне  заманнан  бастап  қазақтардың  үй  қолөнерінің  кең  таралаған 
түрлерінің  бірі  ағашты  көркем  өңдеу  болды.  Бұл  туралы  Қазақстан  мен 
Алтайдың аумағындағы табылған көптеген археологиялық заттар куәландыра-
ды.  Ағаштан  бұйымдар  жасаудың  оюлық  тақырыптарының,  технологиялық 
тәсілдерінің  ескі  көркем  дәстүрлері  Қазақстанның  халық  шеберлерінің 
шығармашылығында  бүгінгі  күні  де  сақталған.  Ә.  Қастеев  атындағы 
Қазақстанның Мемлекеттік өнер мұражайының жинағыда орналасқан ағаштан 
жасалған нәрселердің көпшілігі ХIХ ғ. аяғымен  – ХХ ғ. басымен даталанады. 
Қазақ  оюшыларының  өнері  ерекше  жиһаз,  өзіндік  ыдыс-аяқ,  музыкалық 
аспаптар топтамасымен берілген. Көшпенділердің үйінің өзі – киіз үйді ағашты 
қатыстырмай жасау мүмкін емес, себебі оның қаңқасы тал деп аталатын оңай 
иілетін тал шыбықтарынан жасалады.   
Белгілі  орыс  зерттеушісі  Р.  Карутц  Қазақстан  шексіз  даладан,  сусыз 
шөлден,  сусымалы  құмнан  ғана  тұрады  деп  жорамалдау  қате  болар  еді  деп 
есептеген.  Сонымен  қатар  бұл  өлке  бай  орман    массивтерімен  де  даңқты. 
Жетісу,  Сарыарқа,  Алтай,  Орал,  Алатау,  Тобыл,  Ертіс  аудандарында  
ағаштардың қатты және жұмсақ түрлерінің 30-дан астам түрі өседі. 
Ежелден көшпенділер ағашты көздің қарасындай сақтаған. Жалғыз өсіп тұрған 
ағашқа  немесе  бұтаға  бір  кесек  мата  мен  бау  байлап  қоятын.  Табиғаттың 
жетілген жаратылыс ретінде ағаш ақындардың, суретшілер мен жазушылардың  
шабыттарының  көзі  болды.  Қазақстанның  таңғажайып қарама-қарсы  табиғаты 
өнердегі  шығармашылық  шабыттың  негізгі  көзі  болып  қана  қоймай,  сонымен 
бірге  халық  қолөнершілері  –  ағаш  ұсталарына  шикізат  пен  материал  берген.  
Ассортименті  соншалықты  көп  болмаған  қазақ  жиһазы  жеңілдігімен,  кіші 
габариттілігімен  және  оңай  тасымалдануымен  ерекшеленді,  бұл  әсіресе 
жылжымалы тұрмыс тән болатын көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты 
жағдайларында маңызды болды.  
Санының  аз  болуына  қарамастан,  қазақтардың  дәстүрлі  жиһазының 
мұражайлық топтамасы өнердің бұл түрінің ХVIII ғ. аяғы – ХХ ғ. басы шебінде 
дамуы  туралы  белгілі  түсінік  береді.  Бұйымдардың  сақталуына  уақыт  өзінің 
өзгермейтін  ізін  салды,  алайда  бұл  өнердің  осы  түрінің  барлық  жетістіктерін 

 
63 
кемітпейді  және  оның  көркем  маңыздылығының  үлкен  болуының  арқасында 
орасан қызығушылықты білдіреді.  Кәсіби ағаш оюшылар кесудің әр түрлерін 
асқан шеберлікпен меңгерді. Орындаушылық шеберліктің айтарлықтай жоғары 
деңгейі  туралы  атаусыз  халық  шеберлерінің  туындылары  куәландырады, олар 
қазіргі  кезде  де  Қазақстанның  қолданбалы  өнер  экспозициясында  лайықты 
орын алады. 
Оның мысалы кебеже – азық-түлікті сақтауға арналған ағаш жәшік болып 
табылады.  Мұражайдың  қор  топтамасында  композициялық  құрылысы  және 
сәнділігі  бойынша  қызықты  бірқатар  кебеже  бар,  олардың  ою  композициясы  
көпшілігінде  ежелгі  геометриялық  тақырыптардан  тұрады:  ромб,  ирек, 
үшбұрыш,  шеңбер  және  т.б.  Сәндік  розеткаларға  Қазақстанның  аса  бай 
өсімдіктер дүниесін шығармашылық қайта ұғыну болып табылатын өсімдіктер 
тақырыптары кіреді.  
Ағаштан  кесуде  космогониялық  тақырыптар  ерекше  орын  алады.  Орта 
Азия  мен  Қазақстанның  арабтарға  дейінгі  көптеген  дін  басыларының    айқын 
көрсетілген жұлдыздық бояуы болғаны белгілі, бұл қолданбалы өнерде белгілі 
көрінісін тапты. Біздің дәуірімізге дейін жеткен қазақ оюының космогониялық 
тақырыптары  ежелгі  тайпалар  мен  халықтар  мәдениеттерінің  қабатталу 
қалыңдығында пайда болды. 
Мұражай  топтамасының  көптеген  туындыларының  философиялық, 
космологиялық  және  қорғаушылық  символикалы  ою  сәндігінің  күрделі  
семантикасы  бар.  Мысалы,  қошқар  мүйіз,  құс  қанат,  түйе  табан,  өрмекші 
оюларының бір кезде қорғаушы мағынасы болған. 
Ойып қашау ағаштан жасалатын бұйымдарды сәндік безендірудің жалғыз 
тәсілі  болмаған.  Ыдыс-аяқ  жинайтын  шкафтардың,  төсектердің,  музыкалық 
аспаптардың  және  басқа  нәрселердің  алдыңғы  жақтары  сүйекпен  оюланған, 
көбінесе  оюлау  күмістен  жасалған  аса  нәзік  тілімшелермен  үйлестірілген.  
Жиһазды  сәндеуде  сүйекпен  оюлау  техникасы  көптеген  халықтарға  белгілі, 
бірақ  қазақтарда  өзіндік  ерекшеліктері  болған.  Қазақтың    ағаш  ұсталары  бұл 
техникада  айқастырма  түріндегі,  дөңгелетілген  немесе  басқа  ірі  өрнектермен 
жабылған,  көбінесе  аса  нәзік  өтпелі  ойықтары  бар  пішінді  және  тік  бұрышты 
тілімшелерді қолданған.  Ең сәнді заттарда (негізінде төсектер мен шкафтарды 
сәндеуде)  қазақ  шеберлері  күміс  қапсырмалармен  үйлестіріп,  сүйекпен 
оюлауды  қолданған.  Сүйекпен  оюлау  шұғамен  және  барқытпен  үйлестірілді, 
сонымен бірге оюдың тек геометриялық алуан түрлілігі қолданылды.  
Кестелеу  өнері  әйелдер  мен  ерлер  киімін  және  әр  түрлі  жасақтар  жасау  
кезінде  кең  қолданыс  тапты.  Киіз  үй  ішінің  көркем  безендірілуіне  көңіл  бөлу 
жалғасты.  Ауылдарда  бұрынғыдай  қазақ  қолөнерінің  ағаш  бұйымдары 
фабрикада  өндірілген  бұйымдармен  сәтті  бәсекелесті.  Металдан  жасалған 
бұйымдар кеңінен таралды. 
Жергілікті  зергерлер  сақина,  сырға,  алқа  сияқты  нақышты  заттарды 
жасады.  Қазақ  ауылында  шебер-зергерлер  лайықты  құрмет  пен  ілтипатты 
иеленді.  Зергер  бұйымдарды  негізгі  тұтынушылар  қазақ  мал  өсірушілері, 
феодалдық топтар болды. 

 
64 
Қазақ  халық  қолданбалы  өнерінің  заттары  Ресейдің  мәдени 
орталықтарын-да  және  шетелде  әйгілі  болды.  1868  жылы  Париждегі 
бүкіләлемдік  көрмеде    қазақ  зергерлік бұйымдары,  ұлттық  киімдері  қойылды. 
Жұртшылық  қазақ  музыкалық  аспаптарымен  1872  жылы  Мәскеудегі  көрмеде 
танысу мүмкіндігін алды.   
Ағаштан  жасалған  заттардың  барлығы  ұлттық  мәдениеттің  асыл 
қазынасына кірген көркем өнердің төлтума туындылары болып табылады.  
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал