Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/11
Дата23.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Орта ғасырдағы Қазақстанның қала мәдениеті                                                
(VI – XVII 
ғғ.) 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университеті  
«Қазақстан тарихы» кафедрасының  
доценті, т.ғ.к. 
М.Ж. Сүлейменова  
 
 
  
            
Қазақстанның  ұлан  байтақ  аумағында  ежелден  –  отырықшы,  ал  орта 
ғасырларда  қала  өмірімен  сипатталатын  ірі  тарихи-мәдени  аудандары  болған.          
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу осындай болған.   
  IX  –XIII 
ғғ.  басында  тау  етегі  алқабында  Жумишлағу  және  Манкент 
жаңа қалалары пайда болды. Фараб төңірегінде Отырардан басқа, жаңа астана 
Кедер,  Весидж  және  Бурух    пайда  болды.    Шауғарда  Яссы  мен  Шағылжан, 
Қарнақ және Қарашоқ, Шұр (Сүре) бой түзеді. Алғаш рет дереккөздер Сауран 
қаласын,  Сырдария  сағаларында  –  Сығанақ,  Янгикент,  Жент,  Баршукентті  
атайды.  Қаратаудың солтүстік баурайында - Баладж және Берукент, ортаншы 
Сырдарияда Сүткент қалалары болды.  
Қазақстанның  оңтүстігінде  орта  азиялықтарға  сәйкес  ірі  қалалар  үш 
бөліктен  –  қамалдан,    шахристаннан  және  рабадтан  тұрады.  Цитадель  –  өз 
бетінше қорғануға лайықталған қаланың немесе бекіністің анағұрлым бекінген 
орталық  бөлігі,  қорғаушылардың  штурм  кезіндегі  соңғы  баспанасы. 
Қалалардың  цитадельдерінде  билеушілер  сарайлары  орналасты,  олардың 
интерьерлерін  топырақтың,  қашалған  ағаштар  үстінен  әшекейлеу,  оюлау 
арқылы  сәндендірді.  Шахристан  –  қаланың  негізгі  ядросы  (билеуші  мен 
ақсүйектердің  резиденциясы),  оған  қабырғамен  қоршалған  цитадель  жатады.   
Рабад – шахристаннан тыс орналасқан қолөнер слободасы жатады.    
       
Сырдарияда Құйрықтөбе қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде ХІ – ХІІ ғғ. 
басындағы  кварталдардың  қалдықтары  ашылған.  Олардың  әрқайсысында  8 
бастап  10  дейін  үйлер  санауға  болады.  Қаланың  қазып  алынған 
кварталдарының бірінде қолөнер кәсіпкерлігі болған – көзешілер қоныстанған.   
       
Қарастырылатын  кезеңнің  қалалық  құрылысы  құрылымындағы  жаңа 
элемент  мешіт  болып  табылады.  IX  -  XII  ғғ.  жазбаша  шығармаларында 
қалаларды  сипаттау  кезінде  міндетті  түрде  мешіт,  оның  қалада  орналасуы 
ескеріледі.   
        
Қала өміріндегі маңызды роль базарға және сауда құрылыстарына берілді.   
Қала  ішілік  рыноктарды  араб  авторлары  -  «сук»  және  «асвак»,  парсылықтар 
«базар»  деп  атайды.  Базарлар  шахристанда  да  және  рабадтар  аумағында 
болатын.   
  
 X  –  XII 
ғғ.  Оңтүстік  Қазақстан  қалаларында  моншалар  пайда  болды.   
Оларды  Орта  Азияда  біршама  ерте  сала  бастады.  Үлкен  қалаларда  бірнеше 
ондаған  моншаларды  санауға  болатын.  Қоғамдық  құрылыс  қатарында  монша 

 
23 
көрнекті орын алды. Отырар рабадында XI – XII ғғ. екі монша қазып алынды.   
           
Оңтүстік Қазақстанда қала үйлерінің дәстүрлі даму желісін жалғастырған 
XII-XIII 
ғғ.  үйлерде  жаңа  типті  ошақтар  –  өсімдіктің  және  геометриялық 
өрнектермен  әсем  әшекейленген  дөңгелек  және  тік  бұрышты  темір  пеш-
сандалдар пайда болады.   
        
Жетісуда  жаңа  қалалардың  саны  да  артты.  Жазба  деерктер 
кәуландырғандай,  олардың  саны  21  орнына  26  болды.  IX  –XIII  ғғ  басында 
олардың  саны  70  дейін  артты.  Оның  үстіне  санының  артуы  Талас  алқабында 
болды, онда Жiкiл, Балу, Шелже, Тақабкет, Көл, Кендек, Талхар, Лабан, Қаялық 
қалалары рәсімделді. Шу алқабының астанасы Балсағұн болды. Қала X – XII ғғ. 
хан  ставкасы  базасында  қалыптасады.  Қала  үйлері  үйлердің  екі  типімен 
сипатталады.  Біріншісіне  жоспарда  квадрат  немесе  тік  бұрышты  бір  бөлмелі 
жер  үсті  үйлері  жатады.  Барлық  немесе  үш  қабырға  бойымен  сопылар 
орналасқан.  Ортасында  немесе  шығар  жерге  жақын  тік    бұрышты  немесе  бір 
бөлігі дөңгеленген саздан жасалған ернеулері бар еден үсті ошағы орнатылады.     
      
Екінші типке екі бөлмелі үйлер жатады, оларда тұрғын бөлмелерден басқа 
шағын қойма болды. Қабырғалардың іргесі қой тастардан салынған. Құрылыста 
пахса, шикі кірпіш, күйдірілген кірпіш және ағаш пайдаланылды.   
        
Жетісу үйлерінің негізінде бөлмелерге қатынасатын дәлізбен біріктірілген, 
қатарланған ұзын жіңішке бөлмелерді орналастыру принципінде «тармақталған 
жоспарлау» жатыр  [1]. 
         
Осы  кезеңде отырықшы  және қала  өмірі  Орталық  Қазақстанға  таралады. 
Қалалар  мен  елді  мекендер  Жезді,  Кеңгір,  Сарысу  алқаптарында,  Ұлытау 
етегінде орналасқан.   
         
Қалалар Шығыс Қазақстанда, Ертіс алқабында бой түзеді. Жазба деректер, 
бұл  қалалар  қимақтардікі  болғанын  хабарлайды.  Имақия  қаласы  –  патшаның 
(қағанның) жаздық резиденциясы біршама ірі болды. Астанадан басқа Дамурия, 
Сараус, Бенжар, Дахлан, Астур қалалары белгілі болды.    
        
Қалалар-ставкалар  Батыс  Қазақстанда,  Урал  алқабында  пайда  болады.   
Олар түрік-оғыздардікі болды.   
        
Ірі қалалардың қазбалары оларды салуда алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 
болған өзгерістер туралы ұғым береді.   
         
Қала  санының  артуы,  олардың  аумақтық  кеңеюі,  қалалық  елді  мекендер 
санының  ұлғаюы  керамикалық  қолөнер  кәсібінің  одан  әрі  дамуына  әсер  етті.  
Суланатын керамика пайда болады. Бұйымдардың анағұрлым таралған түрлері 
графиндер,  құмыралар,  тостағандар,  сапты  аяқтар,  флакондар  болды.  Шыны 
бұйымдарды өңдеу арта түседі. Шыныдан терезе дисктері жасалды. Көзешілер 
кварталдарының  қазбалары  бойынша  талқыласақ,  XI –  XII  ғғ.  шағын  қолөнер 
шеберханалары пайда болады. Оларда тар мамандандыру болды, көзешілер цех 
ұйымдарына біріктірілді.   
        
Темір  соғу  кәсібі  қалада  анағұрлым  маңыздылардың  бірі  болды.  
Бұйымдарды  мыстан  өндіру  қалаларда  жаппай  таралды,  оның  үстіне 
полиметалдар  мен  мысқа  әзірлеу  қала  орталықтарынан  алыс  емес  Қаратау, 
Талас,  Іле  және  Жоңғар  Алатауында  болды.  Мысшылар,  зергерлер  бола 
отырып,  ыдыстар, шырақтар, түр қойғыштар жасады.    

 
24 
       
Сүйектен  ою  қолөнері  және  тасты  өңдеу  даму  алды.  Сүйек  пен  мүйізден 
қашалған  оюмен  әшекейленген  пышақтардың  тұтқалары,  түймелер, 
түйрегіштер жасалды. Талғар қаласында сүйек шахмат фигуралары табылған.   
       
Ережеге  сай,  қалалар  сауда  жағынан  да  және  стратегиялық  жағынан  да 
қолайлы жерлерде немесе ықшам аудандар мен облыстардың орталықтарында 
орналасты.  Қалалар  мен  қала  мәдениетінің  дамуында  Жібек  жолы  бойымен 
транзиттік  сауда  маңызды  роль  атқарды.  Қалалардың  орналасуының  өзі 
олардың сауда жолдары трассаларына байланымын көрсетеді.   
       
Сауда қаланың дамуында маңызды факторлардың бірі ретінде қызмет етті. 
Қалада  негізгі  үш  бағыт  түйісті:  елдер  арасында  тауар  алмасу,  қолөнері  мен 
ауыл шаруашылығы (қала мен оның төңірегі), қара мен көшпенді дала арасында 
болды. Осы уақытта халықаралық керуен саудасы кеңінен белгілі болды, оның 
дамуында  соғдылықтар  мен  түріктерге  маңызды  роль  беріледі.  Ұлы  Жібек 
жолы Қазақстанның оңтүстігі бойынша Жетісу арқылы өтті.  Оның, Суяб, Тараз 
және  Испиджаб  қалалары  арқылы  өтетін  учаскесінің  сипаттамасы  белгілі.  
Испиджабта  ол  солтүтік-батысқа  –  Фарабқа,  Шабғарға  одан  әрі  Сырдария 
сағасына тарамдалды.   
        
Қытайдан жібек, лак бұйымдар, қағаз, айналар әкелінді. Қытайға батыс 
елдерінен қасқа жағатын бояулар, вавилон кілемдері, асыл тастар, маржан және 
інжу, шыны, маталар әкелінді.    
        
Көшпенділермен  алмасу  саудасы  жәрмеңкелерде  жүзеге  асырылды,  олар 
үлкен  және  шекаралық  қалаларда  -  Испиджабта,  Отырарда,  Дех-Нуджикесте 
болды.    Оңтүстік-батыс  Жетісудің  маңызды  сауда  орталығы  Тараз  болды,  ол 
туралы  деректер  «саудагерлер  қаласы»  ретінде  айтады,  Шу  алқабында  Суяб 
болды,  онда  «әр  түрлі  елдердің  саудагерлері  аралас  тұрады»,  қала 
тұрғындарының жартысын саудагерлер құрайды [2]. 
         IX  –  XIII 
ғғ. бұрынғыдай батыстан шығысқа қарай Жібек жолы белсенді 
қызмет етеді.  Сауданың анағұрлым ірі орталықтары Қазақстанның оңтүстігінде 
Испиджаб,  Кедер,  Отырар  және  Янгикент;  оңтүстік-батысында  Тараз  бен 
Баласағұн; солтүстік-шығыс Жетісуда Талғар мен Қаялық болды. Испиджабта 
жабық базарлар мен маталар базары жұмыс істеді.   
         IX  –  XII 
ғғ. үшін тауарлық-ақшалай қатынастардың артуы тән болды, ол 
тауар  алмасуды  ығыстырды.  Қазақстанның  ірі  қалаларында  ақша  сарайлары 
қызмет етті. XI – XII ғғ. қатырм-қатынас құралы ретінде алтынның ролі артты.    
       
Қазақстанның орта ғасырлық қала мәдениетінің өркендеуі  XIII ғ. басында 
монғол  әскерлерінің  жаулап  алу  жорықтары  әсерінен  үзілді.  Қалалар  мен 
көшпенді  даланың  дәстүрлі  байланыстары  бұзылды.  Бірақ  ХІІІ  ғ.  ортасына 
қарай  қала  өмірінің  жандануы  жүреді,  аудандардың  экономикалық 
байланыстары  жаңғырады,  қалалар  халықаралық  сауда  және  дипломатиялық 
байланыстар орбитасына ден қояды.   
        
Оңтүстік  Қазақстан  қалаларының  экономикалық  өмірінің  жандануының 
куәсі нумизматикалық материал болып табылады. XIII ғ. ортасында Отырардың 
ақша сарайы қарқынды жұмыс істей бастайды, онда басында алтын динарлар, 
сосын  күмістелген  дирхемдер,  сонымен  қатар  мыс  фельстер  соғылады.  
Олардың бәрі тек жергілікті ақшалай сауданы ғана емес, облыс аралық сауданы 

 
25 
да  қамтамасыз  етті.  Отырардан  басқа  ақшалай  өнімді  Кенже  мен  Жент 
шығарды.    
  XIII 
ғ. ортасында халықаралық керуен жолдарында Урал өзенінде Сарайшық,  
Сайран,  Саудакент,  Барукет,  Құмкент,  Созақ  сияқты  және  т.б.  жаңа  қала 
орталықтары пайда болып, дами бастады.   
        
Монғол  басқыншылары  қираған  қалалардың  әскери  бекіністер  ретінде 
өрлеуіне  әрқашан  кедергі  жасады,  дегенмен  біртіндеп  қалалардың  іргелері 
қайтадан  көтеріле  бастады.  Осы  кезде,  қазба  материалдары  куәландырғандай 
үйлердің  жаңа  типтері  қалыптасады.  Олардың  арасында  сызықтық  және 
айқаспа тәріздес жоспарланған үйлер көзге түседі, XIII-XV ғғ. олардың одан әрі 
дамуы жүреді.   
  
 XIII 
ғ.  екінші  жартысында  қалаларда  қолөнер  өндірісі  дамуын 
жалғастырды.  Отырар қаласында 10 шеберхана зерделенді, бұл үй маңындағы 
шеберханада  жұмыс  істейтін  өз  бетіндік  қолөнершілердің  жеке  өндірісінің 
куәсі.  Шеберханалар  өлшемдерін,  олардың  әрқайсындағы  пештер  санын 
салыстыру  керамистер  ортасында  әлеуметтік  дифференциация  туралы 
талқылауға  мүмкіндік  береді.  Өндірілетін  өнім  талдауы  осы  кезде  болатын 
мамандандыру туралы куәландырады [3]. 
         
Өлкелер  мен  Сығанақ,  Сауран,  Отырар  қалалары  экономикасының 
көтерілуінде,  XIV  ғ.  басында,  Қазақстан  аумағында  монғолдардан  кейінгі 
уақытта  жергілікті  экономикалық  негізде  құрылған  алғашқы  ірі  мемлекеттік 
білім болған Ақ орда құрамына кіргені сөзсіз маңызды роль атқарды.     
       
Қазақстанның оңтүстік аудандарының  Темір империясына қосылуы, саяси 
жағдайдың  тұрақтануы  экономикалық  және  мәдени  өмірдің  біршама 
жандануына  ықпал  етті.  Түркістанның,  Қарнақтың,  Отырардың  көтерілуіне 
Ахмет  Яссауидың  алып  кешенінің,  Арыстан  Баб  мешітінің  құрылысы; 
әскерлердің  көп  санының    Отырарда,  Яссыда,  Сауранда  шоғырлануы  және 
осының  салдары  ретінде  облыс  аралық  сауданың  жандануы  маңызды  роль 
атқарды.    
        
Жетісуда  қала  мәдениетінің  тағдары  басқа  болды.  Монғол 
шапқыншылығының  алғашқы  жылдары  мұндағы  жағдай  салыстырмалы  түрде 
жайлы  болды.  Іле  алқабында  Қайлық,  Ілебалық  ескеріледі,  Талас  және  Шу 
алқаптарындағы  қалалар  аталады.  Олардағы  өмір  жеткілікті  түрде  қарқынды 
жүріп  жатты.  Дегенмен    XIII  ғ.  ортасына  қарай  егіншілік  және  қала  өмірінің 
жалпы құлдырауы басталады. Жетісу қалаларының қирауын тудырған себептер 
әр түрлі болды, бірақ оларға отырықшылықтың ежелгі дәстүрлері де, орталық 
билік  қам  жасаған  қала  мәдениетін  сақтап  қалу  талпыныстары  да,  Жетісу 
арқылы  өтіп  жатқан  сауда  жолдары  да  қарсы  тұра  алмайтындай  шоғырға 
бірікті. Жетісуда көшпенді халықтың үлкен массасы қоныстанды, олар жоғарғы 
үкіметтің мадақтауымен отырықшы ауыл шаруашылығына тағылықпен қарады, 
оның  үстіне  көшпенді  ақсүйектердің  мүддесімен  жайылымдарға,  егінге, 
бақшаларға, бақтарға пайдаланылған мәдени жерлер бөлінеді.    
        
Осылайша,  отырықшылық  мәдениетінің,  транзиттік  сауда  және  қолөнер 
өндірісінің орталықтары болған қалалардың құлдырауы XIII ғ. ортасында әлі де 
сырттай жайлы болып көрінеді, бірақ оларды қоректендірген егіншілік аймағы 

 
26 
қарқынды  түрде  құлдырайды,  бұл  жуық  арада  қалалардың  өзінің  жойылуына 
алып келеді.    
 XV  –  XVII 
ғғ.  екінші  жартысында  монғолдардың  жаулап  алу  салдарына 
қарамастан,  Қазақстан  қалаларының  өркендеу  процесі  басталады.  Бұл  ең 
алдымен  Қазақ  хандығының  құрылуына  байланысты.  Оңтүстік  Қазақстанда 
қала  өмірі  дамуын  жалғастырды.  Ибн  Рузбихан  «Түркістанның  отыз  бекінісі» 
туралы  еске  алады.  Олардың  жиырмадан  астамының  атаулары  деректерде 
кездеседі  (Яссы,  Отырар,  Сайрам,  Сығанақ,  Үзгент,  Аққорған,  Құтжан  және 
т.б.), дегенмен мәдени және экономикалық орталықтары 5-6 ғана анағұрлым ірі 
қалалар  болды,  егер  орта  ғасырлық  экономиканың  шектеулігін,  оның  табиғи 
сипатын, тұрғындар санының салыстырмалы аздығын және басқа факторларды  
ескеретін болсақ, бұл мұндай шағын аумақ үшін аз емес.   
        
Сырдария  маңы  қалалары  қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасуы  және 
нығаюы кезеңінде Қазақстан тұрғындары өмірінде көп жоспарлы роль атқарды.   
Мысалы,  Сығанақ,  Шығыс  Дешті-Қыпшақ  үшін  «бірінші  айлақ»  болды.  Ол 
бірінші  қазақ  билеушілерінің  астанасы  болды.  Ясы  (Түркістан)  атақты  сауда 
бекеті,  ірі  егіншілік  аймағының  орталығы  болып  қалуын  жалғастырды.  XV-
XVII 
ғғ.  шегінде  осы  қала  Қазақ  хандығының  астанасы  болды,  ол  барлық 
Түркістан мен іргелес қазақ даласы үшін басты діни орталық болды.   
         
Отырар  оңтүстік  Қазақстан  жерлерінің  ірі  сауда-қолөнер  орталығына 
айналды.  Отырардың  орны  басым  екенін,  осы  қала  үшін  күрес  туралы 
деректердегі  көптеген  куәліктер    қалдырған  замандастар  жақсы  түсінді,  оны 
билеу барлық облысқа билікті қамтамасыз етті.  
        
Сауран  XVI  ғ.  қорғаныш  құрылысының  тұтас  жүйесімен  белгілі  болды,   
олардың  арасында  мұнаралары  бар  биік  бекініс  қабырғалар,  бекініс  білігі, 
«өзенге  ұқсас»  терең  ор  деп  аталады,  онда  медресенің  –  «көрнекті  сәулеттік 
құрылыстың»  болуы,  сонымен  қатар  ерекше  суландырғыш  үймереттер  -  
кәріздер  салу  және  пайдалану,  олардың біріне шаҺарбақ  - бақтары мен жүзім 
ағаштары  бар  қала  сырты  шаруа  мекенін  орнату.  Сайрам  жақсы  бекінген 
бекініс,  Қазақстанның  оңтүстігіндегі,  сауда  және  әскери  жолдар  тоғысындағы 
ірі  сауда-қолөнер  орталығы  болды,  бұл  қала  дербес  уалаяттың  әкімшілік 
орталығы болып табылды.    
        
Қаратаудың  солтүстік  баурайындағы  Созақ  үнемі  басты  тірек,  Қазақ 
хандығы  билеушілерінің  далалы  аудандарда  билік  үшін  де,  сондай-ақ 
Түркістандағы қалалар үшін күресте де стратегиялық бекеті болды.  Созақ тек 
жақсы  бекініс  қана  емес,  сондай-ақ далаға  жылжытылған  сауда  және қолөнер 
орталығы  да  болды.  Созақ  ауданында  басқа  отырықшы  қазақ  қоныстары:  
Күлтөбе,  Ран,  Тастөбе,  Тасқорған,  Көктөбе  қалалары  деректерде    атап  өтілді 
және археологтар зерттеді. Олардың бірі  - бекіністер, екіншілері  егіншілік елді 
мекендері болды.    
        
Қазақстанның  барлық  дерлік  қалалары  алдағы  уақытта  қалаларды  
жоспарлау негізін мұра етеді. Кейінгі орта ғасырлық қалалар топографиясында 
«хисар»  –  қабырғалармен  қоршалған  қаланың  орталық  бөлігі  және  қала 
маңындағы аудандар болып бөлінеді. «Хисар» терминін «қала», «бекініс» және 
«қала  қабырғасы»  ретінде  де  түсінеміз.  Хисар  –  қаланың  қалың  қоныстанған 

 
27 
бекінген  бөлігі,  онда  үкіметтік  ғимараттар,  казармалар,  жиналыс  мешіттері, 
басты  базарлар  мен  қолөнер  шеберханалары,  негізгі  қала  тұрғындарының 
тұрғын үйлері шоғырланған.   
        
Түркістанның  ірі,  сондай-ақ  ұсақ  қалалары  тұрғындарының  шаруашылық 
өмірінде  ауыл  шаруашылық  еңбегімен  айналысу  үлкен  роль  атқарды.   
Қалалардың археологиялық материалдар бойынша және жазбаша дереккөздері 
бойынша  жартылай  аграрлық  сипатын  зерттеушілер  атап  өтеді.  Қалалар 
бақтармен  және  бақшалармен,  жүзім  ағаштарымен,  егістіктермен  және 
жайылымдармен  қоршалған  болды.  Егіншілікпен  және  мал  шаруашылығымен 
жақын және алыс ауылдардың тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қалалықтар да 
айналысты.     
         
Қалалардың әрқайсысы суармалы егіншілігі, тауарлық астық өндірісі және 
басқа  ауыл  шаруашылық  өнімі  дамыған  ұлан  байтақ  егіншілік  ауданның  
орталығы  болды.  Қалаларда  қолөнер  кварталдары  болды,  қолөнер  –
керамикалық,  темір  соғатын,  ағаш  өңдеу,  шыны  үрлеу,  тоқыма,  былғары, 
зергерлік, құрылыс ісі дамыды.    
       
Түркістан  қалаларында  фортификациялық  жүйе  дамыды.  Қоршауда  ұзақ 
уақыт  шыдайтын  бекініс  құрылыстары  сансыз  әскерлердің  әрекетінен 
қиратылды  және  шеберлердің  еңбегі  арқылы  қайта  орнына  келтірілді.   
Солармен  бірге  және  солардың  тасасында  орта  ғасырдың  сол  бір  тынымсыз 
уақытында  тұрғын  үйлер,  табынатын  және  қоғамдық  ғимараттар  –  мешіттер, 
медресе,  мазарлар,  моншалар,  дүкендер,  жабық  базарлар,  керуен-сарайлар 
салынды.   
        
Көзешілер кварталында қол өнершілер, сақталған цех жарғылары «рисоль» 
бойынша белгілі болғандарға ұқсас цехтарға біріккен сияқты.   
Цех құрылысының дәстүрлері мен салттары, бекітілген рисольдар жүз жылдар 
бойы  және  Қазақстанның  кейінгі  орта  ғасырдағы  қалаларында  көзешілерде 
талассыз  қалыптасты.  Өндірісті  мамандандыру  белгіленді.  Осылайша,  ерте 
және дамыған орта ғасыр кезеңімен салыстырғанда қалалық шебер-көзешілерді 
мамандандыру тенденциясы жаңа мезгілге жақындаған сайын басымдық алады.   
         
Металлургия  және  темір  соғу  қол  өнері,  бұрынғыдай,  қалада  кеңінен 
таралу алды. Қол өнершілер шойын қазандықтарды құю жүргізді.  Шойыннан, 
периметр  бойынша  үш  дөңестермен  обойманың  өзіне  тән  пішіні  бар  
доңғалақтарға арналған төлкелер жасалды. Пышақтар мен олардың сынықтары 
– 
темірден  жасалған  бұйымның  анағұрлым  көп  санды  санаты.  Темір  тағалар 
жиынтығы, олар өлшемдері бойынша жеткілікті түрде әр түрлі болғаны туралы 
куәландырады.    
       
Зергерлер өндірісінде  түсті тасты, ақық, отты опал, яшма, нефрит, агат, тау 
хрусталі  кеңінен  пайдаланылды.  Тастар  моншақтар,  жүзікке  салатындарды 
дайындау  үшін,  сондай-ақ  ұсақ-түйек  жасайтын  материалдар  ретінде  және 
жүзіктердің  өздері  үшін  қолданылды.  Зергерлік  қолөнер,  қазба  кезінде 
табылған бұйымдар куәландыратындай, жоғары даму деңгейімен сипатталған.   
Шеберлер  түрлі  техникалық  тәсілдерді;  соғуды,  құюды,  нақыштауды, 
штамптауды,  оймалауды,  алтындауды,  күмісті  оюды  білді  және  қолданды.  
Оларға күміс және қола сымдарды дайындау, қырлау және тегістеу, түсті тасты 

 
28 
бұрғылау  тәсілдері  таныс  болды.  Шыныдан  ыдыс  және  әшекей  бұйымдар 
(моншақтар, аспалар) дайындады.   
         
Сүйекті  өңдеу  Қазақстан  қаласында  дәстүрлі  қолөнер  болып  табылады.    
Ұсақ-түйек материалдар ретінде мүйіздер мен жабайы және үй жануарларының 
түтікті сүйегі пайдаланылды.    
        XV-XVIII 
ғғ.  екінші  жартысында  транзиттік  саудада  жаңа  құбылыс  Орта 
Азия  мен  Ресей  арасында  сауда  қатынастарын  қазақ  даласы  мен  Түркістан 
қалалары  арқылы  жайластыру  болды.  Ресеймен  сауда  қазақстандық  қалалар 
экономикасының дамуында маңызды фактор болып табылды.  Ресей Қазақстан 
мен  Орта  Азияға  шұғалар,  атластар,  айналар,  терілер,  күміс  шығарды.  Сауда 
керуендері қазақстандық қалалар – Созақ, Қарашық, Түркістан арқылы жүрді.   
Деректер Сығанақты Дешті Қыпшақтың сауда айлағы деп тегін атамайды.   
         
Халықаралық  саудамен  қатар  Сырдария  қалаларының  көшпенді  әлеммен 
дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда болды. Қалалар төңіректік егіншілік пен 
көшпенді  халықты  қажетті  тауарлармен  базар  арқылы  жабдықтады.  Қалалар 
базарлары  көшелердің  жабық  қатарлары  болып  табылды.  Дүкен-лавка  әдетте 
қолөнер-шеберіне  тиісті  болды  және  көбінесе  шеберхана  мен  сауда  орны  
ретінде қызмет етті.   
         
Түркістанда  дүкендердің  болуын  Ахмет  Яссауи  кесенесінің  вакфамына 
қатысты жазбаша құжаттардағы мәліметтер растайды. Отырарда көше бойына 
шығатын сауда лавкалары анықталды.    
        
Халықаралық сауда және қалалар мен төңірек арасындағы, жеке Сырдария 
қалалары  мен  төңірегі  арасындағы  сауда  көлемдері  туралы  нумизматикалық 
материалдар  бойынша,  ең  бастысы  Отырар  мен  Түркістан  қазбаларынан 
талқылауға болады. Ясы мен Ташкенттің жергілікті алаңдары көрсетілген мыс 
ақшалар  типологиялық  біртекті  кешен  болып  табылады  және  Түркістан  мен 
Отырардың ақша қоймаларының негізін құрайды.   
        
Түркістан  ақша  сарайы  өніміне  ұсақ  мыс  ақшалар  да  жатуы  мүмкін.  
Көбінесе  оларда  жазбалардың  орнына  керамикалық  ыдыста  бейнеленген 
таңбаларға ұқсас түрлі белгілер соғылған.   
        
Орта  ғасырлық  қалалар  өмірінде  егіншілікпен  айналысу  маңызды  роль 
атқарды.    Тұрғындарда  қала  сыртында  өңделетін  жер  учаскелері  болды,  оған 
жазда  көшіп  баратын.  Археологиялық  қазбалар  қалалықтардың  егіншілікпен 
айналысуының  маңызды  ролін  растайды.  Сонымен  осы  кезде  үйлерді  иелену 
аудандарының артуы байқалды, бұл айвандар, аулалар, қоймалар, мал қоралары 
есебінен  жүреді.  Осы  өзгерістер  қала  тұрғындары  шаруашылығының  өзгеруі 
туралы  куәландырады.  Жартылай  қалқалармен  жабылған  шаруашылық 
аулалары, бидай мен ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған  үлкен қоймалар.    
Сол  уақыттағы  малға  арналған  арнайы  орын  қаланың  күшейген  аграрлығын 
көрсетеді.   
        
Қалалық  және  отырықшылық  мәдениетін  сипаттай  отырып,  оның 
дәстүрлілігін  және  біршама  ерте  кездегі  мәдениетпен  сабақтастығын,  бір 
жағынан, кейінгі  орта ғасырлық қалада орнатылғанның көбісі қазақ халқының 
мәдениетіне органикалық бөлік болып енгенін атап өткен жөн.   
         
Елді  мекеннің  әрқайсысында  және  кейінгі  орта  ғасырлық  кезеңнің  тұтас 

 
29 
өңірінде  қала  халқының  санын  анықтауда  зерттелетін  кезеңдегі  Қазақстан 
қалалары  үшін  жасалған  демографиялық  есептеулер  негізгі  роль  атқарады.    
Сонымен Отырардың әрбір кварталында, жеке отбасыларына тиісті  6 бастап 12 
дейін үй иелену есептелді, оның құрамы жалпы қабылданған пікір бойынша 5- 
7 адамға тең.   
          
Кварталда  орта  есеппен  45  бастап  63  дейін  адам  байқалды,  ал  қалада 
барлығы  4500  –  6300    адам  немесе  орташа  алғанда  5500  тұрғын  есептелді.     
Осындай  саны  Сығанақ  пен  Созақ  тұрды.  1500  бастап  2000  дейін  тұрғындар 
Қарасаман,  Иқан,  Қарнақ,  Сүткент,  Үзкент,  Ақ  қорған,  Қарашек  қалаларында 
тұрды.  Түркістанда, Сауранда, Сайрамда шамамен 10 мыңнан бастап 11 мыңға 
дейін  адам  тұрды,  ал  уалаят  орталықтарында  44 000  сәл  көп  тұрғындар 
мекендеді.   
        
Осылайша  XVI  –  XVII  ғғ.  алғашқы  төрттен  үш  бөлігі  кезеңінде 
Қазақстанда қала халқының саны 70 000 адамнан аспағаны көрінеді [4]. 
          
Оңтүстік  Қазақстан  қалалары  мен  оазистерінде  аймақтың  өзінің  ішінде  
қалалар  мен  ауылды  мекендеушілер  арасында  да,  сондай-ақ  бір  жағынан 
солардың, екінші жағынан көшпенді-мал өсірушілер арасында да егіншілер мен 
қолөнершілер  өніміне  ұдайы  және  өзара  сұранысқа  негізделген  көлемді  және 
тұрақты  рынок  болды.  Сауда  Сығанақ,  Ясы,  Сайрам  сияқты  Түркістан 
қалаларының  тіршілік  әрекетінің  анағұрлым  маңызды  жағынан  алғанда  түпті 
болды. Осы қалаларда ақшалар соғылды. Деректер, онда ірі базарлардың және 
көптеген  дүкендердің  болғанын  еске  салады.  Қазақ  хандығының  өрлеген 
тұсындағы, әсіресе Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан кезінде қолайлы саяси 
жағдай,  соғыс  пен  алауыздықтың  тиылуы  қалалар  мен  сауданың  дамуына 
ықпал  етті.  Орта  Азиямен,  Шығыс  Түркістанмен,  Орыс  мемлекетімен  жанды 
сауда  байланыстары  қолдау  тапты.  Қазақ  мемлекеті  аумағы  арқылы  керуен 
жолдарының тармақтары жатты.    
           XVII-XVIII 
ғғ.  соңына  қарай  феодалдық  алауыздықтың,  жоңғар 
шапқыншылығының артуына байланысты Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар 
құлдыруға түсті, бұл тұтастай қазақ экономикасына соққы болып тиді.      
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал