Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы



жүктеу 352.29 Kb.

бет3/4
Дата13.04.2017
өлшемі352.29 Kb.
1   2   3   4

анықтамасын әкеледі. 

Академиялық  демалыстан  шыққан  студент  оқу  жоспарындағы  пәндердің 

айырмашылығын  ақылы  негізде  жоюы  керек.  Студент  ағымдағы    сабақтармен 

бірге айырмашылықтарды жою үшін семестр бойындағы сабақтардың бәріне де 

қатысады,  ағымдық  бақылаудың  барлық  түрін  тапсырады  және  емтихан 

тапсыруға рұқсат алады немесе айырмашылықтарды құрайтын пәндерді жазғы 

семестр кезінде оқиды. 

 

4.11   Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру 



 

Білім  алушылардың  өздік  жұмыстары  (БӨЖ),  бұл  –  оқытушының 

қатысуынсыз  студенттің  жаңа  білім  мен  дағдыларды  белсенді  де  мақсатты 

түрде меңгеруі.  

Білім  алушылардың  өздік  жұмыстарына  келесі  жұмыс  түрлері 

жатады: 


- зертханалық және практикалық сабақтарда өздік жұмыстарын орындау; 

- өздік  жұмысының  кестесіне  сәйкес  оқу  материалын  жасау  (конспект, 

оқулық және ғылыми әдебиеттер бойынша); 

- реферат,  баяндама,  рецензия,  әдебиеттерді  шолу  және  басқа  жұмыс 

түрлерін жазу; 

- шет тілдерінен аударма жасау; 

- оқу-зерттеу  жұмыстарын  (төменгі  курстарда)  және  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын (жоғарғы курстарда) орындау. 



 

18 


Кредиттік  технология  оқыту  бойынша  білім  алушылардың  өздік 

жұмыстары  екіге  бөлінеді:  студенттердің  өздік  жұмыстары  (БӨЖ)  және 

студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ).  

Өздік  жұмысының  барлық  көлемі  білім  алушыдан  күнделікті  талап 

етілетін тапсырмалармен бекітіледі. 

БОӨЖ 


білім 

алушының 

оқытушымен 

байланысты 

жасалатын 

аудиториядан  тыс  жұмыс  түрі  болып  табылады.  ОЖБӨЖ  оқу  сабақтарының 

жалпы кестесіне кірмейтін жеке кесте бойынша орындалады. 

БОӨЖ-ге  оқу  бағдарламасының  неғұрлым  қиын  мәселелері,  үй 

тапсырмалары,  курстық  жобалар  (жұмыстар),  семестрлік  жұмыстар  бойынша 

бақылаулар, есептер мен БӨЖ-дің басқа түрлері кіреді. 

 

5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері 



 

Студент құқыққа  ие:  

-  жеке  оқу  жоспарын  табысты  орындаған  жағдайда,  қосымша  жазғы 

семестрде жедел, қосымша оқудың қажеттіліктерін қанағаттандыру  және  

оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою  үшін (бұл жағдайда 

білім  алу  мерзімі  қысқаруы  мүмкін)  кемінде      ұзақтығы  6  аптаға  дейінгі  

12 кредиттік қосымша жазғы семестрге жазылуға; 

- ақылы негізде тиісті курстарды қайтадан меңгеруге

- емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, апелляцияға өтініш беруге

- заң бекіткен тәртіп бойынша  ақылы оқу негізінен мемлекеттік білім беру 

гранты  оқу  негізіне,  бір  жоғары  оқу  орнынан  екіншісіне,  бір  мамандықтан 

екіншісіне қайтадан қабылдануға және ауысуға; 

- кітапхананың  ақпарат  қорлары    мен    университеттің  ақпараттық  білім 

беру порталын тегін пайдалануға

- өзінің жеке көзқарасы мен нанымын еркін білдіруге; 

- эдвайзерден  және  университеттің  барлық  қызметкерлерінен  студентті 

қолдайтын кеңес алуға. 

Студенттер келесі міндеттерге ие: 

- таңдаған  мамандығы  бойынша  теориялық  білім  мен  практикалық 

дағдыны меңгеруге

- жоғары оқу орны Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін қатаң сақтауға

- сабақтарға үнемі және тиімді  түрде   дайындалуға; 

- барлық  аудиториялық  сабақтарға  қатысуға,  өзіндік  жұмыстар  бойынша 

тапсырмалар тапсыру кестесін қатаң сақтауға; 

- сырқаттануына байланысты сабаққа қатыса алмаған жағдайда уақытында 

анықтама әкелуге; 

- оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мүлікке  ұқыпты қарауға;  

- студенттер мен оқытушыларға  мейрімді және төзімді болуға;  

- сабақ уақытында ұялы телефондарын сөндіріп қоюға;  

- өзінің денсаулығын ойлауға, рухани және дене тәрбиесімен шыңдалуға. 

Міндеттерін бұзған студенттерге тәртіптік шаралар қолданылады. 

Студенттерге кепілдік беріледі: 



 

19 


- келісімшарт негізінде оқу жағдайында гранттар алуға: 

* ректор гранты «Үміт», білім алудың барлық кезеңдеріне 100% жеңілдік, 

«Алтын  белгі»  оқу  үздігі  төс  белгісі  бар    түсушілерге  университет 

жатақханасында тегін тұруға.  

*  білім  алудың барлық  кезеңдеріне 100 %  жеңілдіктегі «Мәдениет» білім 

беру  гранты  спорт,  ғылым  және  мәдениет  аясындағы  республикалық  және 

халықаралық  деңгейдегі  жарыстардан,  фестивальдардан  немесе  конкурстардан 

жетістіктері бар университетке түсуші тұлғаларға қарастырылған. 

  Спорт,  ғылым,  мәдени  саласында  белгілі  нәтижеге  жеткен,  Торғай 

аймағынан  университеттің  күндізгі  оқу  нысанында  оқитын  білім  алушылар, 

академик  Кенжеғали  Сағадиевтін  толық  оқу  кезеңіне  –  100%  төлем  ақы 

гранты беріледі. 

  Күндізгі  оқу  нысанында  жоғарғы  оқу  орнынан  кейінгі  бағдарламамен 

қазақ  тіліне  түскен басқа  ұлт өкілдері  ректордың    «Тіл  дамыту»  білім  гранты 

беріліп толық оқу кезеңінде - 100% төлем ақысынан босатылады. 

 * Кенжеғали Сағадиев атындағы грант – білім алудың барлық кезеңдері 

үшін 100 % жеңілдік 

- білім алу төлем ақысы бойынша жеңілдіктер: 

*  білім алу бағасының 50 % көлеміндегі жеңілдігі, жатақханада тегін тұру 

–    ата-анасының  екеуі  де  жоқ  абитуриенттерге  беріледі  (балалар  үйлері  мен 

интернаттардың тәрбиеленушілеріне).  

*  білім  алу  бағасының  25%,  50%,  100  %  көлеміндегі  жеңілдігі  ғылым, 

мәдениет  және  спорттағы  республикалық  және  халықаралық  деңгейлердегі 

жетістіктері бар абитуриенттерге беріледі. 

*  білім  алу  бағасының  100  %  көлеміндегі  жеңілдігі    семестр 

қорытындылары  бойынша  GPA  (4.0)  жоғары  балын  алған  Университет  білім 

алушысына конкурс бойынша беріледі. 

 

6. Студенттік өзін-өзі басқару 



 

 

Жастар істері бойынша комитет (ЖІК) – қызметі студенттердің жеке бас 



сапаларын  дамытуға  бағытталған  университет  студенттерінің  өзін-өзі  басқару 

органы.  

Қазақстандық  қарқынды  даму  жағдайында  болашақ  маманның  белсенді 

өмір сүру позициясының қалыптасуында студенттік өзін-өзі басқаруды бағалау 

қиын.  Сонымен  бірге,  студенттік  өзін-өзі  басқару  жан-жақты  университет 

өміріне 


қатысты 

шешімдер 

қабылдауға 

студенттердің 

қатысуымен 

түсіндіріледі.  Университеттің  білім  беру  жүйесінде  әкімшіліктің  немесе 

профессорлық-оқытушылық  құрамға  көрінбейтін  немесе  кемшілік  болып 

қабылданбайтын кейбір кемшіліктерді анықтау студенттерге жеңіл болады. Бұл 

– маңызды демократиялық бастаудың бірі болып табылады.  

ЖІК  құрамында  келесі  бағыттар  бойынша  бөлімдер  пайда  болды  – 

ұйымдастырушылық,  ақпараттық,  оқу-сараптамалық,  инновациялық,  жұмысқа 

орналастыру,  жатақхана  кеңесі  және  Қазақстан  халықтарының  студенттік 

ассамблеясы.  


 

20 


Студенттік өзін-өзі басқару органдары болып саналады: 

 

ЖОО-ң көлемінде – жастар іс бойынша Комитеті;  



 

факультетте - студенттік деканат, 

 

жатаққанада – жатаққана кеңес. 



 

Студенттік  өзін-өзі  басқару  жұмысының  негізінде  «теңбе-тең»  принципі 

жатыр.  Студенттік  өзін-өзі  басқару  алған  білімді  жандандырады  және  оны 

студенттік  аудиториялар  ортасына  таратады.  Бұл  –  ең  сенімді  бұқаралық 

ақпарат жүйесі.  

Мәдени  көңіл  көтеру  іс-шаралары  неғұрлым  көбірек  өткізіледі.  Сондай-

ақ, ғылыми шығармашылық және спорттық конкурстар, әлеуметтік-тұрмыстық 

мәселелерді  шешу,  корпоративтік  менеджмент  те  сыртта  қалмайды. 

Жатақханадағы қоғамдық тәртіпке әкімшілік бақылау жатақхананың студенттік 

кеңесімен  жүзеге  асырылады.  Студенттік  активтің  өкілдері  аула  сыпырушы, 

балташы,  жинаушылардың  жұмыстарын  атқарады  және  бұл  университет 

әкімшілігі тарапынан мүмкін болып отыр.  

Әр  факультеттегі  студенттік  деканат  және  біртұтас  ұйымдастыру 

құрылымы 

әрекет 

еткенде 


студенттер 

бюрократтық 

қарым-қатынасқа 

бармайды.    Ректормен  болатын  кездесулер  ресми  емес,  студенттік  жобалар 

бойынша  шешімдер  шығарылатын  әкімшілікпен  бірлесе  мәселелер  шешілетін 

шын  мәніндегі  диалогтік  алаң  болып  табылады.  Мәселелерді  осылай  шешу 

тәсілі  өзінің  тиімділігін  көрсетті.  Меңгерген  дағдыларды  пайдалана  отырып 

студенттер  бірте-бірте  жұмыс  істеуге  үйренеді,  бұл  оларды  жалпы  студенттер 

бұқарасынан айқындайды.  

Коммуникациялық 

икемділік, 

көпшілік 

алдында 

сөйлеу 


өнері, 

мақсаттарды 

шешу 

үшін 


сындық 

және 


сараптау 

көзқарастарын 

қалыптастыруды  дамыту  үшін  университетте  «Ахмет ұрпақтары»  дебат  клубы 

жұмыс істейді. 

 

7. Тәрбие жұмысы 



 

Университетте  2010-2015  жылдарға  бағыттылған,    бәскелестікке  дайын 

еліміздің  азаматы  мен  жан-жақты  дамыған  тұлғаны    тәрбиелейтің  тәрбие  

жұмысының  Қонцепциясы  қабылданаған.  Бұл  Концепцияда  жастармен  жұмыс 

жасау  үшін  төрт  бағыт  белгіленген:  рухани-моральдық  тәрбие,  патриоттық 

тәрбие, салауатты өмір сүру тәрбиесі, бәсекелесттік қасиеттерді қалыптастыру. 

Ол  үшін  үниверситетте  арнайы  орталықтар    бар-«Тұлғаны  тәрбиелеу  

Орталығы» және «Діни зерттеу Орталығы».  

Тәрбие  секторының  жұмысы  ақпараттық  насихаттау,  мәдени  саясаттану, 

патриотты  студенттің  әлеуметтік  негізін  қалыптастыруға  бағытталған.  Бұл 

қойылған  міндеттерді  іске  асыруда  ректорат  және  Жоғарғы  студенттік  кеңес, 

Жасыл  ел,  студенттердін  құрылыс  отрядттары,  Жас  Отан  атты  қоғамдық  

үйымдар  мен  университет оқытушылары  ат  салысады.  Ақпараттық  насихаттау 

жұмысында үлкен рольді «Білім жарысы» атты студенттік газет атқарады.   



 

21 


А.Байтұрсынов  атындағы  университет    студенттерінің  қәсіп  үйымының 

міндеті-  әлеуметтік    жағдайы  төмен    және  жетім  студенттерді  қолдау  болып 

табылады.  

Университетте негізгі қағиданның бірі «Бәрі үшін спорт», бұнда әр білім 

алушы  өзінің  жеке денсаулық  мүмкүндігіне  сай    жеке даму  бағыттын  таңдап  , 

айналысатын спорт түрін таңдайды (10 бағыттан ).  

Университте  3  мұражай  бар  -    университет  тарихының  мұражайы, 

А.Байтұсынов  мұражайы  және  археологиялық  мұражай.    Сонымен  қатар, 

университетте    студенттердің  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыратын, 

интерактивті  теренинг  пен  волонтер  дайындайтын  практикалық  психология 

Орталығы    және  университеттің  шығармашыл  шеберханасы  саналатын«Өнер» 

студиясы    жұмысын  атқарады.  Бұл  студияда,    студенттер  тегін    өз 

мүмкіндіктері  мен  хореографиялық,  вокалдық,  инструменталды  өнерін  және 

көркем оқу мен ақындықпен айналысады.  

 

 

 



8.  Ақпараттық білім беру орталығы 

 

Университетте қазіргі заман талабымен жабдықталған және жобаланған 4 



абонементті  («Оқу  әдебиеті»,  «Ғылыми  әдебиет»,  «Мемлекеттік  тілдегі 

әдебиет»,  «Университет  ПОҚ  басылымдары»),  оқу  залдарын,  Интернет  және 

дәріс залдарын, лингафон кабинетін, әдеби қонақжайды қамтитын  ақпараттық-

білім  беру  орталығы  «Білім  орталығы»  жемісті  жұмыс  істейді.  Бұнда  жеке 

жұмыс  жасауға  арналған  кабиналар  да  бар.  Электронды  кітап  беру  енгізілді. 

Оқу  залдары  ашық  қолжетімділік  жағдайында  жұмыс  істейді,  қорды  сақтау 

мақсатында  өртке  қарсы  қақпа  орнатылған.  Оқырмандармен  кітапханашы-

консультанттар жұмыс істейді. 

Орталықтың 

қызметі: 

профессорлық-оқытушылар 

құрамы 


мен 

студенттерге ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдаланушылардың 

ақпараттық мәдениетін көтеру, қазіргі технологиялар негізінде олардың жұмыс 

дағдыларын дамыту. Осы міндеттерді орындау үшін АБО «Білім орталығында»   

қазіргі  заманғы  компьютер,  ұйымдастыру  техникасы  мен    аппараттық 

бағдарлама құралдарымен  жабдықталған барлық керекті тамаша материалдық-

техникалық база және кәсіби сауатты ұжым бар. Жыл сайын кітапхана қоры 20 

мың  дана  басылымдармен  толығады,  320  атаулы  газет  пен  журналға  жазылу 

жүргізіледі. 

Интернет  залда  жоғары  жылдамдықтағы  жеке  желі  бойынша  Интернет 

жүйесіне қолжетімділік бар. 

Назар  аударыңыздар!!!    Абонементтер  мен  интернет-зал  жұмысының 

тәртібі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; оқу залдары: күн сайын 9.00-

ден 19.00-ге дейін; сенбіде 9.00-ден 14.00-ге дейін; демалыс – жексенбі. Айдың 

соңғы жұмыс күні – санитарлық күн!!! Мекен-жайы: «Білім орталығы» АБО : 

Абай  даңғылы,  28.  Тел.  55-85-23,  53-78-75.  Электронды  мекенжай: 

bibl_ksu@mail.ru 


 

22 


 

9.  Бастапқы  дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы 

 

Университетте бастапқы  дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы жұмыс 



істейді. Орталық үш мекен-жай бойынша орналасқан:  

-  Бас  ғимарат  Байтұрсынов  көшесі,  47,  101  каб.,  т.  51-11-63,  жұмыс 

уақыты: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін,  

демалыс  күндері  –  сенбі,  жексенбі;  фельдшер  және  медбике  қабылдау 

жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.  

Абай    даңғылы,  28/3  (емдеу-сауықтыру  орны,  55-85-81),  жұмыс  уақыты: 

күн  сайын  8.00-ден  17.00-ке  дейін;  түскі  үзіліс  12.00-ден  13.00-ге  дейін; 

демалыс күндері – сенбі, жексенбі; терапевт, фельдшер және медбике қабылдау 

жүргізеді; емдеу - егу кабинеттері бар. 

-  Наурыз  шағын  ауданы,  Ветеринария  факультетінің  ғимараты, 

Маяковский көшесі, 99/1, т. 55-85-75, жұмыс уақыты: күн сайын 8.00-ден 17.00-

ге  дейін,  түскі  үзіліс  12.00-ден  13.00-ге  дейін,    демалыс  күндері  –  сенбі, 

жексенбі; фельдшер қабылдау жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.  

Университет  №1  емханамен  шарт  жасасқан,  онда  студенттер    тегін 

тексеруден өтеді, анализдер тапсырып,  дәрігер-мамандардан кеңес ала алады. 

Студеттерге  тегін  қаралу  үшін  жылда  бір  рет  флюрографиялық 

жылжымалы пункті жұмыс істейді. 

 

 



10. Білім беру несиесі  

  

Білім  алудың  барлық  кезеңдерінде  «жақсы»  және  «өте  жақсы» 



бағаларының эквивалентіне сәйкес және ҰБТ/КТ қорытындылары бойынша 65 

балдан  кем  емес  баға  алған,  көп  балалы  (толық  емес,  аз  қамтылған) 

отбасыларынан  шыққан,  жетім  (ата-ананың  қамқорлығынсыз  қалған),  мүгедек 

(ата-аналары  мүгедек  немесе  зейнеткер  студенттер)  болып  табылатын  күндізгі 

бөлімнің  студенттеріне  Альянс  Банк  арқылы  бір  жылға  9%-дық  жеңілдікпен 

білім беру несиесін рәсімдеуге болады. 

Ақылы  негізде  оқитын  студенттер  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігі  жанынан  құрылған  «Финансовый  центр»  АҚ-ның 

кепілдемесі бойынша білім несиесін ала алады. Қазіргі уақытта білім  несиелері 

осы бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі ірі банктерден беріледі. 

Негізгі талаптары: 

-    жеңілдік  кезеңінің  бар  болуы  +  оқу  мерзімі  +  жұмысқа  орналасуға  6  ай 

беріледі; 

-  несиені мерзімінен бұрын өтеуге шектеулер қойылмайды; 

-  кепілдемелік қамтамасыз ету қажет емес

-  ең төменгі пайыздық төлем. 

Қосымша ақпарат алу үшін «Финансовый центр»АҚ-на хабарласа аласыз. 

Телефондары: 8(7172)91-19-44 (45,46,47) 

Е-mail: fincenter@ fincenter.kz 


 

23 


Веб-сайт: www. fincenter. kz 

Сондай-ақ,  сізге  «Финансовый  центр»  АҚ  Қостанайдағы  серіктес 

банктерінен  немесе  А.  Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  экономика  және  қаржы 

бөлімінен т. 51-11-92 (бас маман - Каражанов Ақшал Ахметұлы) мәлімет алуға 

болады. 

 

11. Кредиттік технология бойынша сырттай білім нысанының оқу үрдісін 



ұйымдастыру 

 

Сырттай 



білім 

беру 


нысанының 

оқу 


үрдісін 

жоспарлауда 

қолданылатын негізгі параметрлер келесілер:  

 

Оқу  жылында  ұзақтығы  әрқайсысы  4  аптадан  тұратын  ұзақтығы  2  апта 



болатын,  1-курста  1  апта  қосымша  бекіту  сессиясы  жоспарланады.  Оқу-

емтихандық  сессия  кезінде  теориялық  оқыту  (алғашқы  3  апта)    - 

аудиториялық сабақтар (дәрістер, практикалық, семинарлық және зертханалық) 

және аралық аттестация емтихандық сессия (соңғы апта). Емтихандар саны көп 

болған  жағдайда  аралық  аттестация  соңғы  аптаның  екінші  жартысында 

басталуы  мүмкін.  Әр  пән  бойынша  алдыңғы  оқу-емтихандық  сессия  кезінде 

(соңғы аптасында) 1 академиялық сағат көлемінде бекіту дәрісі өткізіледі. 

 

Академиялық  қарыздар  мен  жұмыс  оқу  жоспарларындағы  пәндердің 



айырмашылықтарын жою үшін күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған 

талаптар  бойынша  жазғы  семестр  ұйымдастырылады.  Жазғы  семестрдің 

ұзақтығы  2-6  апта,  оның  мерзімі  мамандықтың  академиялық  күнтізбесімен 

анықталады.  

Жеке  білім  беру  бағдарламасын  жоспарлау  типтік  оқу  жоспары  және 

элективті  пәндер  каталогіне  сәйкес  студентпен  жүзеге  асырылады.  Көктемгі 

оқу-емтихандық  сессия  кезінде  факультеттің  эдвайзердің  көмегімен  студент 

келесі  оқу  жылына  жеке  оқу  жоспарын  құрастыруға  негіз  болатын  пәндерге 

жазылу  формасын  толтырады.  ЖОЖ  оқу  жылының  соңына  дейін  студент  өзі 

реттейді.  Факультет  деканымен  бекітілген  ЖОЖ  оқу  жылының  соңына 

дейін,  арнайы журналға тіркеліп студентке берілуі керек.  

Нарықтық  сұраныс  пен  жобалаған  қабылдау  жоспары  бойынша, 

бірінші  жылы  оқитын  студенттерге  арнап  дайындайтын  кафедра  білім 

беру бағдарламалық құрастырады (саны 2-ден  4-ке дейін). 

Кафедраның  және  қабылдау  комиссиянын  техникалық  хатшысынан 

бірге  абитуриенттер  білім  алу  бағдарламасын  таңдайды,  соған  сәйкес  оқу 

ісі  жөніндегі  деканның  орынбасары  (эдвайзер)  бірінші  жылы  оқитын 

студенттерге  жеке  оқу  жоспарын  құрастырады,  ал  декан  факультеті    бекітеді. 

Студенттердің жеке оқу жоспары бекіту сессиясында қолға беріледі. 

Жеке оқу жоспарлары студенттерге бекіту сессиясы кезінде беріледі. 

ОКТ жағдайында сырттай оқу нысанының студенттерінің білімдерін 

бағалау  сессия  аралығы  кезінде  және  бақылаудың  ағымдық  және  қорытынды 

түрлері  бойынша  оқу-емтихандық  сессия  кезінде  балдармен  бағалау  арқылы 

өткізіледі.  



 

24 


Әр  пән  бойынша  кем  дегенде  бір  семестрлік  тапсырма  орындау 

жоспарланады.  Семестрлік  тапсырмалар  алдыңғы  сессияның  бекіту 

сабақтарында  студентке  беріледі.  Сырттай  оқитын  студент  орындалған 

семестрлік  тапсырмаларды  факультет  маманына  тапсырады.  Семестрлік 

тапсырманы  орындамаған  жағдайда  студент  сәйкес  пәннен  емтиханға 

жіберілмейді. 

Студенттің  ағымдық  үлгерімін  бағалау  және  жедел  бақылау  үшін,  оқу 

үрдісінің  барысымен  және  сапасымен  студенттердің  семестр  ішінде  екі 

аттестациясы  өткізіледі.  Білім  алушының  барлық  жетістіктері  100-

баллдық шкала бойынша бағаланады.  

Студенттердің  бірінші  ішкісеместрлік  аттестациясы  семестрлік 

тапсырмаларды  орындау  және  қорғау  негізінде  оқу-емтихандық  сессияның 

бірінші аптасында өткізіледі. 

Студенттердің  екінші  ішкісеместрлік  аттестациясы  оқу  сабақтарын 

өткізу барысында ағымдық бақылау қорытындысы емтихандық сессия алдында 

үш күннің ішінде  өткізіледі.  

Оқу-емтихандық  сессияны  өткізу  барысы.  Білім  алушы  мамандықтың 

академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу-емтихандық сессияға қатысуға міндетті.  

Сабаққа  келгенде  студенттер  өздерінің  оқу-емтихандық  сессияға 

қатысуларын деканатта тіркелулері керек.  

Студентте  емтиханға  келгенде  «сессияға  жіберілді»  штампы  бар 

сынақ кітапшасы болуы  қажет.  Берілген пән бойынша жіберу рейтингісінің 

оңды бағасын алмаған студент емтиханға жіберілмейді.  

Әрбір  оқу-емтихандық  сессияның  соңында  (күзгі  немесе  көктемгі) 

оқытушымен  қойылған  бағалардың  толықтығы  мен  дұрыстығын  тексеру 

үшін,  үлгерімнің  (GPA)  орташа  балын  қарау  және  өзінің  келесі  әрекетін 

талқылау үшін сынақ кітапшасын деканатқа студент өзі ұсынуы қажет.  

Академиялық қарызы бар болған жағдайда жазғы семестрге қатысуға 

өтініш  рәсімдеумен  оны  жазғы  семестрде  жою  туралы  сұрақ  студентпен 

талқыланады. 

Көктемгі оқу-емтихандық сессия келесі курсқа көшіру сессиясы болып 

табылады. Оның соңында студент оқу жылы үшін үлгерімнің (GPA) орташа 

балын қойдыру, сондай-ақ оны келесі курсқа көшіруін анықтау және келесі оқу 

жылына  студенттің  жеке  жоспарын  құрастыруды  рәсімдеу  үшін  сынақ 

кітапшасымен деканатқа келуі қажет.  

Студенттің  келесі  курсқа  көшуі  мүмкін  еместігі  жағдайында  үлгерімнің 

(GPA)  орташа  балын  көтеру  үшін  жазғы  семестрге  қатысуға  өтініш  жазады 

және  жазғы  семестрдің  соңында  студент  келесі  курсқа  көшудің  мүмкіндігін, 

қайталап оқыту жылына қалдыру немесе университеттен шығарылуын анықтау 

үшін тағы да деканатқа келеді.  

Келесі  курсқа  көшіруде  немесе  қайталап  оқыту  жылына  қалдыру 

жағдайында келесі оқу жылына студенттің жеке оқу жоспарын құрастырылып, 

рәсімделеді.  

Емтиханға  немесе  оқу-емтихандық  сессияға  келмеген  студенттің 

өтінішін  қарастыру.  Егер  дәлелді  себептер  жағдайында  (студенттің 


 

25 


ауыруы,  іс-сапарға  шығуы)  емтиханға  келмесе,  сәйкес  құжаттармен 

дәлелденгенде  (емханалық  қағаз,  келуі  және  кетуі  пункттері  белгіленген  іс-

сапарлық  куәлік)  факультет  деканының  өкімімен  тіркеу  бөлімінің 

келісімімен  оған  емтихан  тапсыру  үшін  жеке  мерзім  белгіленеді.  Дәлелді 

себепсіз емтиханға келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі.  

Дәлелді  себеппен  түгел  немесе  бөлшектеп  оқу-емтихандық  сессияға 

қатыспаған  студентке  жіберілген  күндердің  көлеміне  сәйкес  факультет 

деканының  ұсынысы  негізінде  оқу-емтихандық  сессия  мерзімі  университет 

ректоры  бұйрығымен ұзартылуы мүмкін. 

Дәлелді  себепсіз  оқу-емтихандық  сессияға  келмеген  студенттер  сессия 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал