Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



жүктеу 300.17 Kb.

бет3/3
Дата04.02.2017
өлшемі300.17 Kb.
1   2   3

 

7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

 



 

54.


 

Пәндік  нәтижелер  «білуі  тиіс»  және  «меңгеруі  тиіс»  аспектілерімен 

көрсетілген.  

55.


 

5-6 сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

 тарих пәнін, археологиялық және жазба деректерді; 



2)

 

 ауа-райының адамдардың өміріне және шаруашылық қызметіне әсерін; 



3)

 

 уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды; 



4)

 

 алғашқы адамдардың тұрақтарын; 



5)

 

 ежелгі 



Қазақстан  тарихындағы  маңызды  оқиғаларды,  тарихи 

тұлғаларды; 

6)

 

 тарихи Отан ұғымын; 



7)

 

 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді; 



8)

 

 мемлекет, мемлекеттік рәміздер тарихы туралы білуі тиіс. 



56.

 

 5-6 сыныптың соңында оқушылар: 



1)

 

 жыл  мен  ғасыр  арақатынасын,  тарихтағы  жыл  санаудағы  ұзақтық  пен 



жүйелілікті орната білуді; 

2)

 



 картадан  тарихи  объектілерді  көрсете  білу,  географиялық  жағдайды 

сипаттай алуды; 

3)

 

 ежелгі адамдардың кәсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды; 



4)

 

 ежелгі сәулет және өнер ескерткіштерін суреттей білуді; 



5)

 

 Қазақстан 



территориясында  өмір  сүрген  тайпалардың  өзара 

байланысын талдауды; 

6)

 

 оқу  материалдарының  мазмұнын  өз  сөзімен  әңгімелеуді,  тарихи 



оқиғаға өз бағасын бере білуді; 

7)

 



 оқулықтағы мәтінінен негізгісін таба білуді; 

8)

 



 мәтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді; 

9)

 



 тарихи терминдерді қолдану және оларды түсіндіре білуді; 

10)


 

 басқа  оқушылардың  жауаптарына  өз  көзқарасын  білдіруді  меңгеруі 

тиіс. 

57.


 

7-8 сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

 ортағасырлар    кезеңіндегі  Қазақстанның  әлеуметтік  –  экономикалық 



дамуын; 

2)

 



 Қазақстан 

территориясындағы 

мемлекеттердің 

құрылуы 


мен 

дамуының ерекшеліктерін; 

3)

 

 моңғол  және  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  тәуелсіздік  үшін 



күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды; 

4)

 



 Қазақстан халқының мәдениеттегі жетістіктерін; 

5)

 



 ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді; 

6)

 



 жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін; 

7)

 



 ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайын; 

8)

 



 қоғамның 

әлеуметтік 

құрылымы 

мен 


басқару 

жүйесін, 

шаруашылығын; 

9)

 



 ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды; 

10)


 

 ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін; 

11)

 

 ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мәдениетін білуі тиіс. 



58.

 

7-8 сыныптың соңында оқушылар:  



 

1)

 



 орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды; 

2)

 



 тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді; 

3)

 



 түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді; 

4)

 



 хронологиялық, синхронды кестелер жасауды; 

5)

 



 орта  ғасырлардағы  қалалардың  экономикалық,  саяси  және  мәдени 

дамуын түсіндіре білуді; 

6)

 

 адамзат  дүниетанымының  қалыптасуындағы  діннің  рөліне  баға  бере 



білуді; 

7)

 



 қоғамның мәдени және рухани дамуында ислам рөліне баға беруді; 

8)

 



 мәтінді талдау, негізгісін анықтай білуді; 

9)

 



 оқу мәтініне жоспар жасай білуді; 

10)


 

 маңызды  тарихи  оқиғаларға,  тарихи  қайраткерлерге,  әлеуметтік 

топтарға мінездеме бере білуді; 

11)


 

 күнделікті мәселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді; 

12)

 

 аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алуды; 



13)

 

 хабарламалар мен баяндамаларды орындауды; 



14)

 

 тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды; 



15)

 

 берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді; 



16)

 

 тест сұрақтарымен жұмыс істеуді; 



17)

 

 өздігінен  қосымша  материалдар  іздеуді  (интернет,  кітапхана  және 



т.б.) меңгеруі тиіс. 

59.


 

9-сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

 отан  тарихының  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  сипаттайтын  негізгі 



фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды; 

2)

 



 Отан тарихының кезеңдерін;  

3)

 



 Қазақстанның  тарихи  жолының  ерекшеліктері  мен  оның  әлемдік 

қауымдастықтағы рөлін; 

4)

 

 тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты; 



5)

 

 қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын; 



6)

 

 Қазақстанның  Бірінші  дүние  жүзілік  соғыс  жылдарындағы  тарихи 



дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі және Азамат соғысы туралы; 

7)

 



«әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мәнін; 

8)

 



қазақ  мемлекетінің  құрылуының  басты  кезеңдерін,  ҚазАКСР  мен 

ҚазКСР-ның құрылуын; 

9)

 

 Қазақстанда  индустрияландыру  мен  ұжымдастырудың  барысы  және 



оның қазақ халқына тигізген зардаптарын; 

10)


 

тоталитарлық  мемлекеттің  қалыптасуы  және  ұлт  зиялыларына  қарсы 

жаппай қуғын – сүргін туралы; 

11)


 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Қазақстанның  Ұлы  Жеңіске  қосқан 

үлесін; 

12)


 

соғыстан  кейін  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік-саяси 

дамуын; 

13)


 

 тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  себептері,  оның  Қазақстанға 

тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын; 

14)


 

 Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы туралы; 



 

15)


 

 Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс. 

60. 9-сыныптағы оқушылар: 

1)

 



 белгілі  бір  тарихи  тақырып  бойынша  кеңейтілген  әңгіме  дайындай 

білуді; 


2)

 

 қазіргі  замандағы  басты  оқиғалардың  себебін,  тарихи  маңызын 



өздігінен аша білуді; 

3)

 



 мемлекет саясатының мәнін түсіндіре алуды; 

4)

 



 жаңа  тақырыппен  өздігінен  жұмыс  істеуді,  ізденіс  жұмыстарын 

жүргізе алуды; 

5)

 

 оқыған  тақырыбы  бойынша  өздігінен  талдау  жасап,  ондағы  негізгі 



мәселені таба білуді; 

6)

 



 мемлекет  тарихындағы  оң  және  келеңсіз  құбылыстарға  баға  бере 

алуды; 


7)

 

 белгілі  бір  мәселелер  бойынша  өзіндік  көзқарасын  дәйекті  дәлелмен 



білдіре алуды; 

8)

 



 тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді; 

9)

 



 конспект, кесте, сызбалар құра білуді; 

10)


 

тарихи  деректерді  (деректердің  авторын,  уақытын,  не  үшін  және 

оның құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды; 

11)


 

мәтін,  карта,  кесте,  сызба  және  т.б.  түрінде  берілген  тарихи 

материалдарды талдай білуді; 

12)


 

тарихи  мәліметтердегі  фактілерді,  пікірлерді,  құжаттарды  және 

тарихи түсініктерді айыра білуді; 

13)


 

оқытылып  отырған  кеңістік  және  уақыт  аралық  аясындағы  тарихи 

үдерістер  мен құбылыстардың  себеп-салдарлық байланыстарын орната білуді;   

14)


 

тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруді, талқыланып 

отырған  мәселеге  тарихи  мәліметтерді  дәйектей  отырып,  өз  ұстанымын  айта 

білуді; 


15)

 

тарихи  материалдармен  өздігінен  жұмыс  істеп,  солардың  негізінде 



рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді; 

16)


 

қазіргі  өмір  жағдайына  байланысты  тарихи  құбылыстарды  саралай 

отырып, өз ұстанымын анықтай білуді; 

17)


 

сырттан  алынған  әлеуметтік  ақпараттарды  сыни  қабылдауда  тарихи 

талдай білу дағдыларын қолдана білуді; 

18)


 

өз  әрекеті  мен  айналасындағылардың  әрекетін  тарихи  жағдайда 

қалыптасқан әлеуметтік мәселеге сәйкес салыстыра білуді; 

19)


 

Қазақстан 

Республикасының 

азаматы, 

тарихи 

қалыптасқан 



конфессиялық,  этномәдени,  азаматтық  қауымдастықтың  өкілі  ретінде  өзін 

сезінуді меңгеруі тиіс. 

61. Тұлғалық нәтижелерде оқушылардың: 

1)

 



 Қазақстан  Республикасының  Конституциясына,  заңдарына  және 

құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан; 

2)

 

 азаматтық  жауапкершілік  пен  жоғары  патриоттық  сезім  және  Отанды 



қорғау мен оған қызмет етуден; 

 

3)

 



 мемлекеттік  және  ана  тілін  меңгеру,  Қазақстан  территориясында 

тұратын  халықтардың,  басқа  да  этностардың  құндылықтарын,  мәдениеті  мен 

дәстүрін құрметтеуден; 

4)

 



 туған  өлкесінің  табиғатын  сақтау  және  аялау,  қоршаған  ортаны 

қорғауда белсенділік көрсетуден; 

5)

 

 салауатты  өмір  сүру,  өзін  қорғау  және  айналадағы  адамдардың 



қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан; 

6)

 



жоғары  адами  қарым-қатынас  мәдениетін  көрсету,  этикалық 

нормаларды ұстануынан;   

7)

 

 өз  бетімен  білім  алу  және  өзін  өзі  жүзеге  асыра  білу,  жасампаздық 



еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен; 

8)

 



 үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен; 

9)

 



 әлеуметтік  ортаның  ерекшелігін  дұрыс  бағалай  білу,  діни  ағымдарды, 

идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.  

62. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелерде оқушылар: 

1)

 



 ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми 

жетістіктер бойынша игерген  жүйелі білімді;  

2)

 

 ғылыми ақпаратты  талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана 



алуы; 

3)

 



 танымдық,  жобалау,  құрастыру  және  іздену,  шығармашылықпен 

қолдану әдістерін;  

4)

 

 қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды; 



5)

 

 жоғары  коммуникативтік  қабілеттілік  пен  көптілді  мәдениеттілікті  



қолдана білуі  тиіс. 

 

 



 


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал