Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



жүктеу 0.58 Mb.

бет1/5
Дата14.09.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2015 жылғы «18 » маусымдағы  

№ 393 бұйрығына 3-қосымша    

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 51-қосымша    

 

 



 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін 

«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

(негізгі және орта деңгей) 

(оқыту қазақ тілді емес) 

 

1. Түсінік хат 

 

1.  Оқу  бағдарламасы  ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080 



Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді. 

2.  Пәннің  маңыздылығы  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесімен 

дәйектеледі. 

3.  Бағдарлама  өзге  тілде  білім  алатын  негізгі  мектеп  оқушыларын  қазақ 

тіліндегі  сөйлесім  әрекетін  мәдениетаралық  қатысым  құралы  ретінде 

меңгертуді көздейді. 

4.  Бағдарламада  тілді  меңгерту  бойынша  өркениетті  елдердің  тәжірибесі 

мен  отандық  озық  дәстүрлер  үйлестіріле  отырып,  өзге  тілді  мектептің  негізгі 

деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді. 

5.  Әлемдік  білім  кеңістігінде  орныққан  «Шетел  тілдерін  деңгейлеп 

меңгертудің  еуропалық  жүйесінде»  белгіленген  тілді  игерудің  деңгейлері  мен 

олардың сипаттарының негізінде негізгі орта мектеп сыныптарында қазақ тілін 

үйретудің деңгейлері айқындалды және оқушының білім, білік, дағдылары орта 

мектеп  жүйесінде  тілді  деңгейлік  меңгерту  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріліп, 

жіктелді: 

1) 5-7 сыныптардағы Негізгі деңгей үш игерімді қамтиды: 

қалыптасу қарсаңындағы орта игерім А 

2.1

 – 5-сынып;  



қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А

2.2 


– 6-сынып;  

қалыптасу қарсаңындағы жетік игерім А

2 +

– 7-сынып; 



2) 8-9-сыныптардағы орта деңгей 2 игерімді қамтиды: 

қалыптасқан толық  игерім В 

– 8-сынып; 



қалыптасқан жетік игерім В 

1.1 


– 9-сынып.  

6.  Бағдарлама  қазақ  тілін  үйренуге  негіз  болатын  бөлімдер  арқылы 

оқушылардың  жобаланған  оқу  нәтижелеріне  қол  жеткізу  мүмкіндіктері 


қарастырады.  

7. Пәнді оқыту мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін 

Қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге 

үйрету,  коммуникативтік  қабілеті  дамыған  дара  тұлғаның  дамуына  мүмкіндік 

жасау. 

8. Пәнді оқыту міндеттері: 



1)  оқушыларды  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  әлеуметтік  ортада  қолдана 

білуге үйрету; 

2) оқушылардың Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту; 

3) қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту; 

4)  күнделікті  өмір  жағдаяттарында  қазақ  тілін  орынды  қолдана  білуге 

дағдыландыру; 

5)  оқушыны  қазақ  халқының  мәдениетімен,  әдебиетімен,  ұлттық  салт-

дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу; 

6) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын 

жетілдіру; 

7)  оқушылардың  қазақ  тіліне  қызығушылығын  дамыту,  қазақ  еліне, 

мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу. 

9.  Бағдарламаның  білім  мазмұнын  іріктеуде  Қатысымдық-әрекеттік, 

Қатысымдық-функционалдық,  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру, 

ұлттық  ерекшеліктерді  ескеру,  оқу  материалдары  мазмұнының  аутенттілігі, 

шындық  өмірге  сәйкестігі,  оқушының  тілді  білу  деңгейіне  сай  келуі,  білім 

мазмұнының  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға,  оның  өзіндік  және 

шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды. 

10.  «Қазақ  тілі»  пәнінің  білімдік,  тәрбиелік  мақсаттары  төмендегідей 

пәндермен тығыз байланыста іске асырылады: 

1)  «Қазақ  әдебиетімен»:  қазақ  тілін  жүйелі  әрі  сапалы  меңгертуде  оқу 

материалдары  қазақ  әдебиеті  шығармаларынан  алынатындықтан,  олардың 

арасындағы  байланыс  үздіксіз  жүргізіліп  отырады.  Олар  оқушыны  ойлауға, 

сөйлеуге  үйретумен  қатар  эстетикалық  талғамдарын  да  арттыруға,  көркем 

сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады; 

2)  «Орыс  тілімен»:  қазақ  тілінің  құрылымдық  жүйесін  танытуда  екі  тілді 

салыстыру  әдісі,  бір  жағынан,  оқушының  дүниетанымын  кеңейтсе,  екінші 

жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді. Орыс тілі мен 

қазақ  тілінің  арасындағы  байланыс  сөз  әдебіне  қатысты  ерекшеліктерді 

ұғындыруда да маңызды болып саналады; 

3)  «Қазақстан  тарихымен»: тіл мен  тарихтың байланысы  термин сөздерді, 

басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. Сөздердің 

этимологиясын  түсіндіруде  де  тарихи  фактілерге  сүйену  оқушылардың  оқу 

мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді; 

4)  «Информатика»  пәнімен:  оқушыларға  ұсынылатын  өздік  және 

шығармашылық 

тапсырмаларды 

сапалы 

орындауға 



ақпараттық 

технологияларды  қолданудың  ықпалы  зор.  Интернет  көздерінен  материалдар 

тауып,  оларға  талдау  жасау,  ой  қорыту,  алынған  материалдарды  өз 


жұмыстарында  орынды  қолдануға  үйрететін  жұмыстар  оқушылардың 

ақпараттық мәдениетін дамытуға жол ашады; 

5)  жаратылыстану  циклі  пәндерімен:  қазақ  тілінің  жаратылыстану 

пәндерімен  сабақтастықта  меңгертілуі  оқушылардың  сөздік  қорларын 

молайтуға  және  түрлі  Тілдік  жағдаяттарда  қазақ  тілін  орынды  қолдану 

дағдыларын  жетілдіруге  септігін  тигізеді.  Қазақ  тіліндегі  терминдерді  сауатты 

қолдануға мүмкіндік туғызады. 

11. Оқу жүктемесінің көлемі: 

1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде: 

5-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат; 

6-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат; 

7-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат; 

8-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат; 

9-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат; 

2) оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде: 

5-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат; 

6-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы –  68 сағат; 

7-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы –  102 сағат; 

8-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы –  102 сағат; 

9-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы –  68 сағат. 

12.  Оқу  бағдарламасының  білім  мазмұнында  сағаттар  мөлшері  оқыту 

тіліне  байланысты  келесідей  үлгіде  көрсетілген.  Мысалы:  І.  Әлеуметтік-

тұрмыстық  ая  –  55/44  сағат:  «Біз  үйде  бір-бірімізге  көмектесеміз»  –  5/4  сағат. 

Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік 

тілді мектептерге арналып көрсетілген. 

 

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

13.  Оқыту  орыс  тілінде  жүргізілетін  мектептерде  аптасына  4  сағаттан, 



барлығы  136  сағат,  оның  ішінде  ағымдағы  бақылау    жұмыстарына  және 

тоқсандық  қайталауға  16  сағат,  оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тәжік  тілдерінде 

жүргізілетін  мектептерде  аптасына  3  сағаттан,  барлығы  102  сағат  бөлінген, 

оның  ішінде  ағымдағы  бақылау    жұмыстарына  және  тоқсандық  қайталауға  6 

сағат.   

14. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды. 

15.  Әлеуметтік-тұрмыстық  ая  –  55/44  сағат,  «Біз  үйде  бір-бірімізге 

көмектесеміз» – 5/4 сағат:

 

1)

 



тілдік  бөлім:  Қазақ  әліпбиі.  Лексика:  есеп  шығару,  қиын/оңай,    кигізу, 

қарақат,  таңқурай, қою, сұйық, сары өрік, қайнату, жыл сайын; 

2)

 

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 



тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым:  отбасы  мүшелеріне  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық 

мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: өз отбасы мүшелері туралы баяндау; 


жазылым: отбасы мүшелері туралы жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  өз  отбасы  мүшелері  туралы 

сөйлесу; 

3)

 



мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  балалар  әдебиетінің 

үлгілері.  

16. «Абай бол!» - 5/4 сағат:          

1)  тілдік  бөлім:  Дауысты  дыбыстар.  Лексика:  аралайды,  жол  апаты, 

тұрады,  жүк  машинасы,  өрт  сөндіру  машинасы,  шұңқыр,  құлайды,  қазады, 

ұрыспады,  жедел  жәрдем,  емдеу,  жеңіл  машина,  жоғалып  кетті,  құтқаршы, 

алдынан, ренжіді, жібердіңдер, Не керегі бар? рөлге отыру; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:  

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым:  жолда  жүру  ережесіне  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық 

мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: жолда жүру ережесі мен жол белгілері туралы баяндау;  

жазылым: жолда жүру ережесі мен жол белгілері туралы жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  өз  отбасы  мүшелері  туралы 

сөйлесу; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  балалар  әдебиетінің 

үлгілері. 

17.  «Жексенбі: қайда және қалай?» – 5/4 сағат: 

1) тілдік бөлім: Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар. Лексика: кеш тұрамын, 

асықпай, себеп, кейде, кездесу, өнерлі,  шаршау/шаршамау; 

2) атысымдық-сөйлесімдік бөлім:  

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым:  бос  уақытын  тиімді  өткізуге  қатысты  мәтіндегі  сөздерді 

лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: бос уақытын тиімді өткізу туралы баяндау;  

жазылым: бос уақытын тиімді өткізу туралы жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  бос  уақытын  тиімді  өткізу  

туралы сөйлесу; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  балалар  әдебиетінің 

үлгілері.  

18. «Мен киімдерді реттеймін» - 5/4 сағат: 

1)  тілдік  бөлім:  Буын.  Буын  түрлері.  Лексика:  реттеймін,  бөлек  қой, 

шашпау, ұқыпты; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:  

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым:  киім  атауларына  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық 

мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: киім атаулары туралы баяндау;  

жазылым: киім атаулары туралы жазу; 



тілдесім: сыныптастарымен, достарымен киім атаулары туралы сөйлесу; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  балалар  әдебиетінің 

үлгілері.  

19. «Ас дәмді болсын!» – 5/4 сағат: 

1) тілдік бөлім: Буын үндестігі.  Лексика: құймақ, қуыру; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  тамақтануға қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына 

сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: өзінің сүйікті асы туралы айту; 

жазылым: өзі ұнататын тағам туралы жазу; 

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен таңғы, түскі, кешкі тамақ туралы 

сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  ас  қайыру,  бата  беру  туралы 

мәлімет. 

20. «Дәруменнің пайдасын білесің бе?» – 5/4 сағат: 

1)

 



тілдік  бөлім:  Дыбыс  үндестігі.  Лексика:  сүзбе,  сүттің  құрамы,  сүйек 

қатайту, шикі, шайнау; 

2)

 

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 



тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  дәрумендерге  қатысты 

мәтіндегі  сөздерді  лексикалық 

мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: дәрумендер туралы айту; 

жазылым: дәрумендер туралы жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  дәрумендер  туралы  сөйлесу. 

Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

21. «Денсаулыққа зиянды» - 5/4 сағат: 

1)

 



тілдік  бөлім:  Тасымал.  Лексика:  жартылай  дайын  өнімдер,  сақталу 

мерзімі,  мерзімі  өткен,  тез  бұзылады,  ескерту,  жиі,  сапа,  қазы-қарта,  артық 

салмақ; 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  денсаулық  туралы  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық  мағынасына 

сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: денсаулық туралы баяндау;  

жазылым: денсаулық туралы мәлімет жазу; 

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен денсаулық туралы сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

22.  «Емханада» - 5/4 сағат: 

1)

 

тілдік  бөлім:  Екпін.  Лексика:  емхана,  тексеру,  жүрек,  қан  тапсыру, 



дәрігерлік  кеңес,  анықтама,    қызуы  көтерілу,  жөтелу,  дәрі,  тамақ,  қай  жерің 

ауырады? 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  емханаға  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық  мағынасына 

сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: емхана туралы баяндау;  

жазылым: емхана туралы мәлімет жазу; 

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен емхана туралы сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

23. «Досыма СМС жіберемін» – 5/4 сағат: 

1)

 

тілдік  бөлім:  Орфография.  Лексика:  ұялы  телефон,  аударма  сөздік, 



хабарлама, теру, сыпайы сөздер. 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым:  ұялы  телефон,  хабарлама  жазу,  ғаламторды  пайдалану  туралы 

мәтіндерді оқып түсіну. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: ұялы телефонды пайдалану, хабарлама жазу туралы баяндау; 

жазылым: хабарлама мәтіндерін жазу; 

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен ұялы телефон, ғаламтор, аударма 

сөздіктерді пайдалану туралы сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

24. «Досыма қоңырау шаламын» - 5/4 сағат: 

1)  тілдік  бөлім:  Қазақ  тілінің  орфоэпиясы.  Лексика:  қоңырау  шаламын, 

әдеп, бола ма, өтінемін, шақырып жіберіңізші, тұтқа, бүрсүгіні; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  телефонға  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық  мағынасына 

сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: телефон туралы баяндау;  

жазылым: телефон туралы мәлімет жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  телефонмен  байланыс  туралы 

сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

25. «Ашықхат жазамын» – 5/4 сағат: 

1)  тілдік  бөлім:  Лексика:  сөз  байлығы  және  сөз  мағынасы.    Лексика: 

қымбатты,  ұйымдастырады,  мінез,  атап  өтуге,    ренжітпеуге  тырысамын, 

суретке түсеміз, мақтан етемін, еңбегіңіз жемісті болсын! 

ақыл-кеңес, сеніміңізді ақтауға, арманыңыз, орындалсын; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  ашықхат,  құттықтауға  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық 



мағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: ашықхат, құттықтау туралы баяндау;  

жазылым: ашықхат, құттықтау туралы мәлімет жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  ашықхат,  мерекелер  туралы 

сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

26.  Оқу-еңбек  аясы  –  25/  20  сағат,  «Біз  мектепте  жаңа  жыл  тойлаймыз»  – 

5/4 сағат:  

1)  тілдік  бөлім:  Сөздің  мағыналық  топтары.  Синоним.  Лексика:  шырша, 

сақалы,  шапаны,  ұзын,  аппақ,  сұлу,  әдемі,  көйлегі,  шашы,  таяғы,  дорбасы, 

сыйлықтар; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын),  сыныптастарының  сөздерін  түсіну.  Тақырыпқа  қатысты  қазақ 

әдебиетінің қарапайым үлгілерін түсіну;  

оқылым:  өзіне  таныс  тақырыптағы  мәтіндерді  дауыс  ырғағын,  сөздердің 

екпінін дұрыс қойып оқу;  

айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Жаңа  жылды  қалай  қарсы  алатынын 

баяндау. Өзінің іс-әрекетін тәртібімен баяндау;  

жазылым: жаңа жылды қалай тойлайтынын 5-6 сөйлеммен қысқаша жазу; 

тілдесім: диалог-реплика. Бірін-бірі құттықтау. Рақмет айту. Сұрақ-жауап; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: жаңа жылдық маскарад  туралы 

мәтіндер.  

27. «Қысқы демалыс» –5/4 сағат: 

1) тілдік бөлім: Антоним. Лексика: айдаһар, тоқсан, тез, ақырын, жасанды, 

жалға алу/беру; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды; 

айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Мектеп  демалыстары  туралы  баяндау. 

Өзіне ұнайтын демалысты (неліктен ұнайтынын) айту; 

жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындайды; 

тілдесім:  мектеп  демалысына  қатысты  достарымен  әңгімелесу.  Диалог-

құптау; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас:  мектеп  оқушыларына  арналған 

демалыс орындары (лагерьлері).  

28. «Тау басында сырғанақ тебеміз» –5/4 сағат: 

1)

 

тілдік бөлім: Омоним. Лексика: мүсіндер, қатырады, шеберлік; 



2)

 

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 



тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды; 

айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Мектеп  демалыстары  туралы  баяндау. 

Өзіне ұнайтын демалысты (неліктен ұнайтынын) айту; 


жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындайды; 

тілдесім:  мектеп  демалысына  қатысты  достарымен  әңгімелесу.  Диалог-

құптау; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас:  мектеп  оқушыларына  арналған 

демалыс орындары (лагерьлері).  

29. «Жаңа үлгідегі мектебім» – 5/4 сағат: 

1)

 

тілдік  бөлім:  Қазақ  тілінің  сөз  байлығы  (жалпы  мәлімет).  Лексика: 



қызғылт, күлгін, ақын, жазушы; 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқу;  

айтылым: монологтік сөйлесім. Өзінің мектебін сипаттау;  

жазылым: өз мектебін сипаттап 5-6 сөлемнен тұратын әңгіме құрастыру; 

тілдесім: сыныптастарымен, достарымен өз мектептері туралы әңгімелесу. 

Диалог-талқылау; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  республикалық  физика-

математика  мектебі  мен  дарынды  балаларға  арналған  республикалық  мектеп-

интернаттар. 

30. «Қазақ тілі сабағында біз не үйренеміз?» – 5/4 сағат: 

1)

 

тілдік  бөлім:  Сөздік  қор:  қазақ  тілінің  төл  сөздері.  Лексика:  үнтаспа, 



бор,  тырысу,  сыныпта  бар,  емтихан,тапсыру,Тілдік  қоржын,  бақылау,  жоба, 

менің әлемім, қоғамдық жұмыс, шығармашылығым, жетістіктерім; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқу; 

айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Сабақта  жасалатын  іс-әрекеттерді  ретімен 

баяндау; 

жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындау; 

тілдесім:  қазақ  тілі  сабағында  атқаратын  жұмыстары  туралы  өзара 

әңгімелесу. Диалог-әңгіме; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақтың  тұңғыш  тілші-

ғалымдары туралы мәтіндер. 

31. Әлеуметтік-мәдени ая – 40/32 сағат. «Ән үйренеміз» –5/4 сағат: 

1)

 

тілдік  бөлім:  Басқа  тілден  енген  сөздер.  Лексика:  кешігу,  шаш  тарау, 



арқа, мәдениеттілік, қайырмасы, қошемет, осы уақытқа дейін; 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  Концерт,  қазақ  әндеріне  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық  

ммағынасына сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: қазақ әндері мен әншілері туралы баяндау;  

жазылым: қазақ әндері мен әншілері туралы өз ойын жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  Қазақстан  мен  оның  қалалары 



туралы сөйлесу. Диалог-сұрақ, диалог-талқылау. Полилог-пікір алмасу; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  әндері  мен  әншілері 

туралы мәтіндер.  

32. «Менің елімнің ақшасы» - 5/4 сағат: 

1)  тілдік  бөлім:  Неологизмдер.  Лексика:  бейнесі,  мерейтой,  арнайы, 

ерекше; 


2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  және  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі 

қолданылған сөздерді түсіну (дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау, 

ақша жөнінде); 

оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну.  Дүкендегі  заттар, 

ондағы  іс-әрекеттер,  сауда  жасау  бойынша  күнделікті  қолданылатын 

сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;  

айтылым: 

синтаксистік 

құрылымда 

үйренген 

қарапайым 

конструкцияларды  пайдаланып,  сөз  тіркестері  мен  оралымдарды  дүкенге 

қатысты күнделікті жағдаяттарда қолдану;  

жазылым: дүкендегі заттар, ондағы іс-әркеттер, сауда жасау туралы жазу;  

тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  дүкендегі  заттар,  ондағы  іс-әркеттер, 

сауда  жасау,  ақша  жөнінде  қысқаша  сөйлесу.  Дүкендегі  заттар  туралы 

мәліметтерді диалог-сұрақ арқылы айту;  

3)

 

мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  теңге,  оның    дизайны  туралы 



мәтіндер.  

33. «Спортты ұнатасың ба?» –5/4 сағат: 

1) тілдік бөлім: Кәсіби сөздер. Лексика: қақпаға тұру, ұпай алу, жақсарту, 

денені шынықтыру, мектепішілік, тез; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Айтылым. 

Монологтік  сөйлесім.  Өзінің спорт  үйірмесіне  қатысу/қатыспауын  айту.  Өз  іс-

әрекетін баяндау; 

жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;  

тілдесім: диалог-егес. Диалог-қоштау. Сұраулық демеуліктерді пайдалану. 

«Иә» және «жоқ» болымсыз етістіктерді пайдалану; 

3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  спорт  кешендері  туралы 

мәтіндер. 

34. «Сағат қаншада болады?» - 5/4 сағат: 

1)

 

тілдік бөлім: Тұрақты тіркестер. Лексика: қалды, кетті, тура бір болды, 



бағдарлама, телехабар, уақыт сұрау; 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  

оқылым:  Уақытқа  қатысты  мәтіндегі  сөздерді  лексикалық  мағынасына 

сәйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 

айтылым: уақыт және оның өлшем бірліктері туралы баяндау;  



жазылым: уақыт, оның өлшем бірліктері туралы өз ойын жазу; 

тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  уақыт  және  оның  өлшем 

бірліктері туралы сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

35. «Мен газет, журналға жазылдым» - 5/4 сағат: 

1)

 



тілдік  бөлім:  Морфология.    Сөз  құрамы  және  сөз  таптары.  Лексика: 

тұрақты, айдары, ертеңгілік, сүйіспеншілік; 

2)

 

қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 



тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Айтылым. 

Монологтік  сөйлесім.  Күнделікті  баспасөз  материалдары  туралы  айту.  Өз  іс-

әрекетін баяндау; 

жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;  

тілдесім: диалог-сұхбат құру; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

36. «Әр нәрсенің шегі бар» -5/4 сағат: 

1) тілдік бөлім: Қосымша: жалғау, жұрнақ. Лексика: қорғаушы  көзілдірік, 

көз жанары, тінтуір, ғаламтор, омыртқа, кеуде, бел; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Айтылым. 

Монологтік сөйлесім. Денсаулыққа зиянды әдеттер  туралы айту. Денсаулықты 

шынықтыру, компьютердің зияны туралы баяндау; 

жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;  

тілдесім: денсаулық, оны шынықтыру туралы сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

37. «Қазақстан барысы» - 5/4 сағат: 

1)

 



тілдік  бөлім:  Зат  есімнің  жалғаулары.  Лексика:  барыс,    қабан,    аяқтан 

шалу,  ептілік,  төзімділік,  арқар,  борсық,  мүйізтұмсық,  келес,  жариялау,  ұлу, 

ақыру, ырылдау, жыртқыш, қу, алдау; 

2)

 



қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Айтылым. 

Монологтік  сөйлесім.  елімізде  мекендейтің  аңдар    туралы  айту.  Олардың  іс-

әрекеттерін баяндау; 

жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;  

тілдесім: Қазақстан барысы, елімізді мекендейтін аңдар туралы сөйлесу; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әдеби-ақпараттық мәтіндер. 

38. «Демалысты асыға күтеміз» – 5/4 сағат: 

1)  тілдік  бөлім:  Жіктік  жалғауларының  жекеше  түрі.  Лексика:  сәттілік 

тілеймін, сәт сапар! 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 


тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 

(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды; 

айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Мектеп  демалыстары  туралы  баяндау. 

Өзіне ұнайтын демалысты (неліктен ұнайтынын) айту; 

жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындайды; 

тілдесім:  мектеп  демалысына  қатысты  достарымен  әңгімелесу.  Диалог-

құптау; 


3)  мәдениетаралық  қарым-қатынас:  мектеп  оқушыларына  арналған 

демалыс орындары (лагерьлері). 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал