Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/33
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

Пайдаланған әдебиеттер:
1/ «Қазақстан  мұғалімі»газеті 2011 жыл 
2/  «Сатылай кешенді талдау»Н.Оразақынова,К.Ә.Әбдіреймова2009жыл
3/Қазақ әдебиеті әдістемелік құсқау  2011жыл
4/«Қазақ тілі мен әдебиеті журналы»2009 жыл
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Атырау облысы,  Исатай ауданы, Исатай  селосы.
«Балбөбек»балабақшасы  меңгерушісі  Кайрова  Сәуле  Сатыбалдықызы
Тақырыбы: Бос уақытты тиімді пайдалану.
Мақсаты: Ұжым мүшелерінің уақытын тиімді пайдалануларына түрлі ұсыныстар айту, ынтымақтастықты, ауызбіршілікті 
насихаттау, заман талабына сай жан-жақтылыққа, білімділікке үйрету, көңілді отырыс ұйымдастыру.
Көрнекілігі: гүлдер,қолөнер туындылары, слайдтар, баспасөз материалдары, картиналар.
Көңілді кеш барысы:
1.Тренинг «Мағыналы күлкі»
(Қазір көтеріңкі көңіл мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Ендеше, бір-бірімізге күлкі сыйлап көрейік.)
Шарты:   Бір-бірімізге   қарама-қарсы   тұрып   жақсы   сөздер   айтыңыз.   Мейіріммен   күліңіз.   Енді   өзіңіздің   сезіміңізге   көңіл 
аударыңыз. Күлген сәтте қандай күйдесіз? Күлкінің әсері бар ма? Егер сізге біреу арнайы жымиса ше? Қиындықты күлкімен  
жеңе аласыз ба?
Қорытынды: Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына  
адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады.
2.Ашық пікірлесу сәті. Гүлнар Дәукенованың орындауында «Қайран уақыт»әні жүріп жатады.
Бүгін біздер өзімізді ерекше көңіл-күйде сезінуге тырысайық. 
Уақыт ! Бұл кешегің, бүгінің, ертеңің! Ал сол алтын уақытты бағалай білеміз бе? Біреулер айтады: «Мен уақыт жеткізе  
алмаймын, таң атса кеш батады. Екіншілері айтады: «Ішім пысады, уақыт өтпейді». Осы пікірлердің ортасында 3ші бір пікір  
бар. Ол адам өз уақытын тиімді пайдаланса, бәріне де үлгеруге болады. Ол үшін не істеу керек? Өз ойларыңызды ортаға  
38

салсаңыздар! (пікірлер, ұсыныстар)
Бастаушы: 1. Күнделікті жасалатын жұмыс кестесін құрып алу.
                   2. Кестеден тыс ағымдағы жұмыстарға да уақыт бөлу.
                  3. Бүгін жасалатын жұмысты ертеңге қалдырмау
Меніңше ең маңызды шарттар осылар сияқты. (бұл пікір төңірегінде ой талқы)
3.Өзіңіздің де өзгенің де уақытын аяла!(жағдаят бойынша пікірлер)
Үй   шаруасымен   айналысып   жатқан   Гүлнарға   дос   қызы   Айша   телефон   шалды.     Кешегі   туған   күн   кешінде   болған  
қызықтырды ине-жіпке  тізіп айтам дегенде, 1 сағаттың қалай өткенін білмей қалды. 
Пікірталас. Гүлнар аздап болса да шаршағаны басылып, көңілі жадырап қалды. Пікір
Гүлнар жоспарлаған жұмыстарының көбі орындалмай, уақыты текке кетіп, іштей қатты ренжіді. Қорғау сәті
Қорытынды:
4.Әйелдерге әдемілік жарасады...
(әр тараудан, шартараптан хабарлар)
Косметика әлемі-бұл сіз үшін.
Слайд 1. Бет күтімі
               Шаш күтімі
               Көзді әрлеу
               Қол күтімі туралы
Слайд 2. Жыл мезгіліне сай киім
               Үлгілері туралы
                Кеңестер
5.Артық болмас білгенің!
(бұл бөлімде ас үй құпияларына кезек беріледі)
Бірінші пікір: Мен жартылай фабрикат  тамақтарды пайдалануды жақсы көремін. Сіз ше? 
6.Спорт - сұлулық  және денсаулық  кепілі
(Бұл бөлімде бос уақытта жанұя мүшелерімен бірлесіп спорттық ойындар ойнау туралы пікірлер, ұсыныстар айтылады)
Қатысушылыр 2 топқа бөлініп спорттық ойындардан бәсекеге түседі.
1.
Секіргішпен секіру (2 аяқтап, 1 аяқтап)
2.
Сақинаны белге орап бірнеше рет айналдыру.
3.
1 минут ішінде сіріңкелерді тізені бүкпей жинап алу.
4.
Қарапайым жаттығулар
7.«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын!» (Бұл бөлімде өзіңнің жақсы білетін адамың немесе ұлы адамдар туралы 
қағаз бетіне 7-8 сөйлемнен тұратын әңгіме жазу)
Мақсаты: Тек жақсы көңіл-күй, көңілді нәрселер ойлау, көңіл жадырату.
8.Қорытынды бөлім. «Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді»,-деген екен. Вовенарг
Біз не нәрсемен шұғылдансақ та әрдайым өз күшімізге, өз білімімізге сенеміз. Сондықтан өзің туралы әрдайым жақсы  
пікірде   болу,   өзіңді   басқалардан   еш   кемітпей,   өзіңде   жоқ   жақсы   қасиеттерді   қалаптастыруға   дағдылану-бұл   әркімнің 
парызы.
Бүгін   біз   күнделікті   өмірдегі   кездесетін   күйбең   тіршілік   мәселелерінен   аздап   болса   да   жеңілдегендей   болдық.   Бос  
уақытымызды қалай қызықты етіп өткізу туралы ақылдастық, дұрыс шешімге келдік.
Адам өмірі жылдардан, ал жылдар айлардан айлар , апталардан, апта күндерден, күндер тәуліктерден, тәулік сағаттардан,  
сағаттар минуттардан, минуттар секундтардан тұрады десек, өміріміздің өлшемі алтын уақытымызды тиімді де қызықты  
пайдалану  өз қолымызда екенін ұмытпайық!
* * * * *
УЧИТЕЛЬ СЛОВЕСНОСТИ
Ержанова Сауле.  СШ.№187 имени М. Шокая  г. Кызылорда
      Едва ли на самая драматическая утрата нашей школы в том, что из нее исчез учитель словесности. Есть преподавители 
литературы, русского языка, истории, биологии, математики, географии... но словесник ныне – явление редчайшее. И не 
потому ли так заметно стало распространяться в школе духовное оскудение, что словесность, как некое единство, всегда 
бывшее      « мерилом того духовного развития, которого в данную эпоху достиг народ на пути общечеловеческого 
совершенствования», словесность, как открытие в слове и через слово существенного и необходимого  «для нравственного 
бытия и отдельного человека и целого норода» - распалась на два практически плохо соединенные друг с другом предмета.
       С тех пор как изучение языка свелось по преимуществу к овладению орфографией и пунктуацией, а развитие живой 
речи, основанное на чувстве слова и ощущении его  красоты, мелодичности, на восприимчивости чувственных ассоциаций, 
различных смысловых оттенков, исторических значений и символики, - стало направляться лиш к малозначащим 
стилистическим упражнениям; с  тех пор как литературу  начали по преимуществу «проходить», основываясь на пересказе 
сюжета, на вульгаризаторском толковании социальных и нравственных конфликтов произведения, не пытая сокровенного 
смысла у слов, найденных  ником, не стремясь ощутит и понять ссимфонического целого, составленного ими,- русский язык 
терял у подростков возникающую в детстве привлекательность и все более росло непонимание искусства, усиливается 
эстическая глухота среди учителей и школьников, гаснет живой интерес к литературе. Она все аще начинает восприниматься 
ими как что-то прикладное, служащее  лищь дидактическим примром или складом подсобной информации. 
       Языковую глухоту школьников усугубляет общая обстановка  в стране. Читая  нынешнюю массовую беллетристику, 
наблюдаешь, что литературный язык бледнеет, приобретает под пером писателей кокетливую невнятность или 
искусственную претенциозность – несомненые признаки  оскудения духовного начала. В злокачестве многословия наши 
современники разучились понимать, что слышат, нередко не ведают того что говорят сами, не чувствуют ответственности а 
сказанное. И нет врачей этой болезни, кроме подвижников духовной культуры. Среди них одно из первых мест призван 
39

занять учитель словесности. Его незаменимый труд должен вернуть детям утраченную способность подлинной истинно – 
прирадной речи возвратить  каждому произносимому и слышимому слову его истинный смысл, значение и вес.
        Только вслед за тем с помощью речи, вновь обретенной, можно будет успешно и полноценно постигать произведения 
классиков художественной литературы. Эту задачу также не решить без учителя – словесника. А ему, если он не хочет быть 
ремесленником, необходимо пидется основательно, «собственной наглядкой» уразуметь коренныезаконы языка, строй 
живой речи,  потребуется изучать историю, бытьи художество народа – языкотворца,  сокревенные черты его мышления.
      Нужны немалье усилия, нужен талант, чтобы  не быть рабом языка, но всегда оставаться его благоговейным хозяином, 
свободно открывать несметные его богатства, усваивать душою его самобытную народность, обладать  чутьем языка, 
требующим  моциональной культуры и свободы мышления.
       Учитель словесности – это прежде всего проповедник истинного слова и слова истины. Отсюда проистекает 
проистекает профессиональная  необходимость в его высокой образованности, несомненой честности и способности 
мастерски владеть речью, чтобы иметь возможность  передать мысль и чувство в их глубинно – звонкой чистоте.
        В отрыве от задач педагогического образования преподаются история языка, этимология. Все эти предметы,поданные 
верно, так необходимы  учителю словесности! А для того, чтобы воспитать этот навык, нужно для начала осазнавать, что его 
нельзя приобреси без серьезных знаний , напряжения ума  и развития внутреннего зрения, отзывчивости, наконец, без 
любви к человеку, ибо истинное искусство  всегда гуманнистично, всегда высоконравственно. Не потому ли так обаятельны 
известные нам  учителя – словесники, люди большой души, великого притяженя, высокого профессионализма?
         Лишь одухотворенные чувством любви к русский языку могут найти достойный путь к сокровищам литературы. Но 
нелегок этот путь! И самым надежным проводником школьника на этом пути должен быть учитель словесности.
        Его задача научить читать художественное произведение, помочь вслушаться в ритм  и музыку слов и фраз, интонацию 
и скрытый подтекст диолога, наслаждаться вдумчивым медленным чтением, соразмышлять и сопиреживать героям, вникать  
в  смысл  поэтической детали,  зримо  воображать художественный мир произведения. Он должен научить читать так, чтобы 
слова писателя получали в сознании школьника верный исторический смысл  и полноту эмоционального содержания. И как 
важно понять, что все это возможно тогда, когда учитель – словесник сумеет пробудить и развивать через слово несловесные 
виды художественного восприятия и мышления.
          Тут встает еще одна труднейшая профессиональная задача, которую, как правило, не может преодолеть заурядный 
преоподаватель литературы: создать эмоцияльно – творческую атмосферу для восприятия художественного образа, сделать 
так, чтобы ученик чутко воспринимая слово писателя, был способен сам войти в мир художественного произведения, 
увлечься им. Это требует от словесника очень многих качеств, выходящих за пределы чисто филологических знаний: и 
педагогического мастерства, и культуры чуств, и артисческой способности заново переживать читаемое.
          Речь идет, разумеется, не о той пустопорожней легкости, в которой нет места творческому напряжению читательского  
чувства и ума, внутреннего зрения и слуха, но лищь об отсусвии насилия над учеником, об умении найти для каждого из 
входиящих в художественный мир писателя,- особенный, соответствующий натуре путь постижения содержания. Только 
всей системой словесно – художественного воздействия воспитываются зачатки эстетического отношения  к миру и через 
преодоление импульсивных ощущений и неорганизованности мысли – формируется подлинно человеческая гамма чувств. 
Роль учителя – словесника здесь незаменима.
          Не будем забывать об истории. Настоящий  учитель словесности в сущности всегда и всенепременно историк. Чтобы 
раскрыть содержание художественного  произведения, мысль глубоко думающего читателя пытливо обращается к 
меняющимся историческим значениям слов. Нужно помнить, что иные слова мы понимаем совсем не так, как понимал их 
автор, и по – иному представляем себе то, что ими передается. 
           Но всякий грамотный филолог знает: определенность общей семантики  слова, даже с учетом его значения в тексте, - 
это лищь предпосылки для постижения  того значения, которое обретает оно в целном  художественном произведении, 
воплощаясь в художественном мире, созданом автором. И, пожалуй самая трудная задача, стоящая перед учителем 
словесности, - научить понимать, что художественнный смыслпроизведения «растворен» во всем его обьеме. А значит 
смысл любого слова, любого словесного образа может быть прояснен только тогда, когда оно, это слово, подключено к 
энергитической силе художественного произведения. И если посредственен учитель литературного произведения, то 
учитель словесности – сумеет преподать литературное произведение в художественной полноте. Тогда, если мы имеем дело 
с подлинно художественном произведением, обнаужится, что «в каждом слове бездна пространства, каждое слово 
необьятно, как поэт»
   Такое постижение литературы – есть подлинное просветление ума, воспитание души, воспитание личности и движение к  
высотам человеческого духа, в начале которого было , есть и будет человеческое слово. Нет лучших помощников этому 
благадарному   и   наиважнейшему   делу,   чем   учителя   словесности.   Будем   же   всемерно   способствовать   тому,   чтобы   они 
появились в нашей школе, и русский язык как предмет преподавания, вновь заняла достойное место в воспитании граждан  
нашей страны, людей грядущих поколений.
* * * * *
 БІЛІМНІҢ  БАСТАУЫ -  КІТАП
Атырау  облысы  Атырау қаласы №24 орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі Маева  Гульжан
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі десек,солардың бірі  
кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – 
алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді  
Ғабит Мүсірепов. Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу.  
Олай болса, біздің барлық іс - әрекетіміз осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады?  Әрине кітаптан. 
Ел Президентінің  «XXI ғасырда білімсіз  өмір  сүру мүмкін емес, халықты  салауатты да сауатты  өмірге  бағыттауымыз  
керек» - деген сөздерін тірек ете отырып, жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, жасөспірімдердің Отанға  
деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойындағы   ана тіліне бағытталған сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы   нығайту,  
40

әлемдік білім кеңістігіндегі озық технологияларды енгізу.   
         Атам  қазақ   «Білімнің  бастауы – кітап»  десе,  Қазақтың бас ақыны данышпан  Абай атамыз «Артық  ғылым  кітапта,  
ерінбей оқып   білуге» дейді.   Ұлы   Шекспир   «Кітап   маған тақтан   да қымбат» деп кітаптың   құдіретті   екенін   атап  
көрсетеді. Кітап  адамды  ізгілікке,  ізеттілікке, адам  болуға,   арды  аттап,  жат  қылыққа  бармауға  тәрбиелейді. 
         Кітап -  барлық  білім  мен  ғылымның  қайнар  көзі,  сарқылмас  бұлағы. Кітап  сегіз  қырлы, терең  сырлы  тәрбиеші,  
ұлы  үйретуші. Яғни, кітап ұстазға  да  ұстаз  бола  аларлық  қасиет  иесі . «Кітап – білім  бұлағы,  білім -  өмір  шырағы» 
деген  дана   сөз  тегіннен –  тегін  айтылмаған. Бұгінгі көңілі  ояу, көзі  ашық  сауатты  оқырман  кітаптан  өзіне  қажетті  
рухани  нәр  алады. Әрбір оқырман кез – келген шығарманың  кейіпкерлерінің  жақсы ісіне  сүйеніп, оған  еліктеп, өзіне  үлгі 
етіп,  жаманнан  жирене  жүреді.  Ең қасиетті сөздердің бірі - кітап сөзі. Кітап - білім нәрімен сусындатар сарқылмас қазына,  
рухани байлықтың қайнар көзі, рух дәрумені. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық  
жұлдызы Әлішер Науаи «Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген бағалы сөздерін айтып кеткен екен.  
 Сондай – ақ   «Кітап - заманалар толқынында тербетіліп, көкірегіндегі қымбат   қазынасын  ұрпақтан – ұрпаққа  жеткізіп 
келе  жатқан   ой – кемесі», - деп ағылшын  философы  Френсис  Бекон  айтқандай, кітап  дәуір  шындығын, халық  тағдыры  
менарман – мұратын, дүниетанымын, ел тынысын, ұлттық әлеуметтік тіршілігін, ұлттық сезімін танытып, ұлттық  негізде 
тәрбие берер құнды  құрал. 
Осындай  әрбір ұрпақ  тәрбиесінде алатын  орны  ерекше  кітаптың оқуға баланың  құштарлығын арттыру жолдарына нақты  
мысалдармен, ұтымды пікірлермен ақын М.Әлімбаев «Ғұмыр бойғы құштарлық» мақаласында тоқталған. Онда «кішінің  
құштарлығын  кітапқа  аудару – ересектердің  ісі» деген пікірін ұстазының  өздеріне елеусіз  ғана айтқан әңгімесінің  әсеріне  
тоқтала ғана отырып  дәлелдеген. Ұстазының  осы бір қағидасын өзі де ұстанып, нәрлі тәлімі бар  кітапты төңірегінділерге 
таныстырып, оқып  шығуға мәслихат бере  жүретінін айтқан. Білімге, адамгершілікке  баулуда кітаптың  көтерер  жүгі зор  
деп     бағалаған,   автор.   Баланы   кітапқа   қызықтырудың     бір   жолы   –   шығарманы   жатқа,   мәнерлеп     оқу   екенін     нақты  
мысалдармен   түсіндіре   білген. Ол   нағашы   ұстазы   Ғ.Сұлтанов орыс   әдебиеті   сабағында Евгений   Онегинді   жан  
дүниесімен тебірене  жарты  сағаттай  жатқа  айтып, керемет   әсер  қалдырғанын мақаласында мысал етеді. Осыдан кейін  
бәрі де романды тауып оқып, оқытушыларына еліктеп,   «Евгений Онегинді» кезек – кезегімен   жатқа   айтатын   болған.  
Баланы  кітапқа қызықтырудың тағы бір  жолы – ата – аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен 
оқып, от басы, ошақ қасында әңгіме – дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. 
«Е, кітап оқыса болды да» деп қанағат тұтып, нені оқып жүргенін, жалпы көркем әдеби, ғылыми немесе фантастикалық 
туындыларға құштарлығын біздің бірталай ата – аналар қадағалай  бермейді. «Дүние – малға құмар біреулері ондай қажетті  
рухани азықты сатып әперуден пұлын  аяп, өзі ұрпағын ұлы үлестен құр қалдыратынын да жасырмай айтуымыз қажет», - 
дейді абыз ақын  М.Әлімбаев. 
     Алайда  қазіргі күнде ақпараттандыру процесі  қарқынды дамып, электронды жүйеге  көштік дегенімізбен, тіпті  соны 
мақтаныш тұтқанымызбен, ақыл - ойдың негізі кітап болып қала бермек. Кітап дегеніміз – адам психологиясына әсер ететін  
үлкен күш. Әр адамның дербес ойлануына, өзімен - өзі қалып сырласуына, сыртқы дүниемен көркем қарым - қатынас  
жасауына мүмкіндік беретін бірден - бір құрал – кітап. Кітап  рухани,  мәдени  өмір  қайнары, білім  көзі.
* * * * *
МОНШАҚТАРДАН ӘР ТҮРЛІ БҰЙЫМ ТОҚУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
                                    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің
 №1 орта мектебі» КММ Технология пәнінің мұғалімі Тусупхан Манар
              
   Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу.Моншақпен тоқудағы шеберлік деңгейін 
арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Қолөнер– халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте 
қайнасып келе жатқан қолөнер.  Ата бабамыз айтқандай «Өнер көзі – халықта», «Халықсыз өнер - өнерсіз халық жоқ», оны 
жаңғыртып іске асыру біздің перзенттік парызымыз. 
   Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өнеге. Сондықтан әр 
түрлі қолөнер бұйымдарының  әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Өресі биік, өрісі кең  
өнер атауларының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан  
бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір ғана өзіне тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі. 
Қазақ ұлтты – кең байтақ республикамыздың жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол  
дәстүрді  дамытушы, жаңғыртып   байытушы. Оның ішінде  ұрпаққа деген өсиетін таңғажайып қолөнер туындыларымен  
жеткізе   білген   бабаларымыздан   мирас   болып   келе   жатқан   халықтық   сәндік-қолданбалы   қолөнерінің   бірі   -   әр   түрлі  
бұйымдарды моншақпен өрнектеп безендіру, әр түрлі бұйымдар тоқып шығару өнерінің орны ерекше зор. Өйткені моншақ  
қайта сәнге айналуда. 
             Қазіргі заманға сай моншақтар да әр түрлі көлемде, түрлі-түсті реңдерімен адамзатты таңғалдырады. Раушан, лала  
гүлдер, әр түрлі жануарлар, қуыршақтар, мойынға тағатын әшекейлер, тышқан, қояндар, кәмпитсалғыштар, гүл салатын 
құтылар,  нан  салғыштар,  әшекейленген  той көйлектері,  сәукеле,  камзол  өзінің  әдемілігімен көз  тартады.  Осы тақырып  
бойынша іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде өте көп деректер, орындалу әдістер әр түрлі жұмыстарымен танысып,  
жалпы халықтық қолданбалы өнерін, әсіресе моншақ жұмыстарын терең меңгеріп, іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 
оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеріп, оны оқушыларға үйретіп, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығаруды алдыма  
басты   мақсат   етіп   қойдым.   Өйткені   моншақтан   жасалған   бұйымдар   өте   әдемі,   эстетикалық   талғамы   жағынан   жоғары,  
сезімталдықпен жасалған тамаша туындылар болып табылады. Сол себептен де   оқушылар арасында моншақпен жұмыс  
олардың қызығушылығын арттырып, оларға эстетикалық тәрбие берудің бір амалы.
  Моншақ   бұйымдарының   жасалу   жолдарын   үйрену   арқылы     өзін   әдемі   етіп,     өз   қолдарынан   шыққан   тамаша  
туындыларының әдемілігін көріп, оны өз қолымен жасай білуге және осы арқылы өмірді жақсы жаққа қарай қайта құрып, өз 
еңбегімізге деген сүйіспеншілігін арттыру – маңызды бағыттың бірі. Себебі, ол өзінің әсемділігімен, нәзіктігімен көз тартып 
отырады. Бұл оқушылардың сезімдері мен шығармашылық қабілетін үнемі дамытып, әсемдікке ризашылық мүмкіндіктерін 
ұлғайтып, оны өздері жасай білуді үйренуге ұмтылғанын көрсетеді. Осы әдіспен неше түрлі бұйымдарды тоқуға болады. 
41

Осы әдіс-тәсіл технология пәні мұғалімдерге көмек берер деп үміттенемін. Өз мектебімде оқушыларымның шығармашылық 
шеберліктерін дамытып, бұдан да күрделі бұйымдарды тоқып үйретемін
   Сіздерге ірі моншақтан әр түрлі бұйымдар тоқу әдісін ұсынып отырмын. 
                       
Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу әдісі
Төртбұрышты кәпмитсалғышты тоқу үшін 200 гр қырлы төртбұрышты моншақ, № 
8 лесқа қажет.
Моншақтың әр түрлі түсін де қолданса болады.
Мына суретте  3 түрлі моншақты санап отырып, өрнек салып тоқыған.
Орындалу реттілігі
1-1,5 метр  № 8 лесканы қиып алып 4 моншақ 
өткіземіз. 4-ші моншақта жұмысшы лесканы 
кері   қайта   өткізу   қажет   (1-суретте   қызыл 
сызықпен   көрсетілген).   Сосын   лесканың 
екінші   көмекші   үшын   (көк   сызықты)   пайда 
болған ілмектен өткізіп                   бекітеміз. 
Бекіткенен   соң   жұмысшы   қызыл   сызықпен 
белгіленген   лескаға   тағыда   3   моншақ   өткізіп,   көк   сызыкпен   белгілеген   лескамен 
айналдырып бекітеміз
                        
  1-сурет   2-суретте   көрсетілгендей   қызыл   сызыкпен 
белгіленген   лескаға     тағы   3   моншақ   өткізіп   көк   сызыкпен   белгіленген   лескаға   айналдырып  
бекітеміз. Енді қызыл лескаға 2 моншақ өткізіп,  көк лесканы айналдырып бекітеміз.
  Осы 
ретімен айналдырып қажетті мөлшерге дейін тоқимыз. Төменде көрсетілген суреттегідей түрі   2- 
сурет    дайындалады           
Ал жаны түбін орындағандай болады, оның биіктігін қалағаны бойынша тоқып шығаруға 
болады.  Төменде көрсетілген үлгі бойынша санап отырып әр түрлі етіп орындауға да болады.
 Ең бастысы көңіл қойып, алдына мақсат қоя білу қажет. 
* * * * *

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал