Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет22/33
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

Тапсырма -Бесік жырына лайық әуен таңдап айту
-Аналарың айтқан бесік жыры туралы айту 
Сабақты  қорытындылау
Бесік жырының авторы кім?
Бесіктің неше түрі бар?
Анасы баласына қандай жылы сөздер айтады?
Анасы бесік жырында нені армандаған? 
Аналарыңызға арнап тілек жазу    
Үйге тапсырма:«Бесік жырын» жаттау. 
Бағалау. 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің бейнелеу, сызу пәнінің мұғалімі Сайыпов Болатбек Сайыпұлы
І. Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларына иллюстрация.
ІІ. Сабақтың мақсаты:    а) білімділігі: кеңістіктегі сұлу табиғатты көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін  
суретке салуға машықтандыру.
  ә) тәрбиелілігі: ойы жүйрік, рухани дүниесі бай нәзік сезім иесін тәрбиелеу, табиғатты аялай үндеу.
  б) дамытушылығы: оқушыларды әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету                                   
шығармашылық белсенділігін дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
ІV. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап т.б.
V. Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән және музыка.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: 1. Абайдың портреті.
 2. Жылдың төрт мезгіліне арналған суреттер.
  3. «Желсіз түнде жарық ай» шығармасы бойынша салынған сурет.
VІІ. Сабақтың құрал жабдықтары: ақ қағаз, қарандаш, өшіргіш, акварель, қылқалам,  бояу түрлері т.б.
VІІІ. Стратегиялары: 1. Ой қозғау стратегиясы.
                                      2. Қызығушылықты ояту стратегиясы.
                                     3. Ой саралау стратегиясы.
                                     4. Ой толғау стратегиясы.
ІХ. Сабақтың жүру барысы:
1.
Ұйымдастыру бөлімі.
2.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.
Қандай сурет жанрын білесіз:
а) графика                             ә) қолөнер                      б) пейзаж
      2. Пейзаж дегеніміз не?
         а) жансыз нәрселер бейнесі
         ә) табиғат көрінісі
         б) адам бейнесін бейнелеу
     3. Пейзаж жанрымен айналысатын қазақ суретшілері:
          а) А. Әшимов
         ә) Ш. Жиенқұлова
         б) Ә. Қастеев
     4. Анималист нені бейнелейді?
          а) жануарларды
          ә) құстарды
         б) жиhаздарды 
    5. Натюрморт дегеніміз не?
      а) жансыз нәрселердің жиынтығы
         ә) құстардың жиынтығы
         б) түрлі жиhаздар
    6.  Мүсін қандай материалдан орындалады?
          а) саз балшықтан
          ә) бояумен
116

         б) карандашпен
    7. Негізгі бояу түстері қандай?
         а) қара, көк, жасыл
         ә) қызыл, көк, сары
        б) ақ, қызыл, сия көк
    8. Апликация деген не?
         а) металға ойылған сурет
        ә) қағаз қиындыларынан құрастыру
        б) ағащқа ойылған сурет
3.Жаңа сабақ.
   1. Ой қозғау стратегиясы бойынша:
               Абай кім?
1)
Абай-қазақ халқының ұлы ойшылы.
2)
Абай-данышпан ақын.
3)
Абай-сазгер.
   2.Абайдың табиғат мезгіліне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
        1) «Күз» өлеңі.
        2) «Қыс» өлеңі
        3) «Жазғытұры» өлеңі
        4) «Жаз» өлеңі.
   Қызығушылықты ояту стратегиясы
3.Осы аталған өлең жолдарынан кім үзінді оқиды?
   Оқушы жауабы:    Жазғытұры.
....Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
   Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
   Жан-жануар, адамзат анталаса,
   Ата-анадай елжірер күннің көзі...
                      Күз.
  ...Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
    Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
    Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
   Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
                    Қыс.
   Ақ киімді, денелі, ақсақалды,
   Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
   Үсті басы ақ қырау, түсі суық
   Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жаз.
   Жаздыгүні шілде болғанда
   Көкорай шылғын бәйшешек
   Күркіреп жатқан өзенге
   Көшіп ауыл қонғанда.
4.Осы аталған өлеңдерінен басқа Абайдың жазғы тамаша табиғат көрінісін суреттеуге арналған өлеңі «Желсіз түнде жарық 
ай». Бүгінгі сабағымызда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып, жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға 
келтіреміз. Иллюстрация.
  Ал, оқушылар, Абайдың осы өлеңінің көрінісін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Желсіз, тынық, жылы күн. Айнала 
жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен 
бетін көгілдір сары алтын түске бөлеп діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы да өздерімен-өздері жайымен ғана 
сыбырласып, манаураған түннің тыныштығына құлақ салғандай, жер дүние құлпырып, жасыл шөпке, қырмызы гүлге 
бөленіп ерекше сүлулық танытқандай. Табиғаттың осы бір әсем көрінісін бейнелеудің қанщалықты қиын екендігіне қарамай, 
суретші ақынның айтайын деген ойын бізге ғажайып шеберлікпен жеткізе білген. Шығармадағы түн көрінісі ақ, қара 
бояумен ғана бейнеленіп, бұлт арасынан шыққан ай су бетіне жарық сәуле шашып, жағалаулар қызыл қоңыр реңге өте 
жеңілсалынса, алдыңғы пландағы биік ағаш өте қою бояумен салынған. Түнгі көріністі бейнелеуде суық түстер (жасыл, көк, 
сия көк) басым қолданылған. Суретті гуашь немесе майлы және акварель бояуларымен салуға болады.
5. Жаңа сабақ бойынша: істелінетін жұмыс түрлері.
  1) Тақтадағы көрнекілік суретті салмас бұрын оқушылар назарын боя түстер схемасына аударамын.
2) Сурет бойынша өзбетіндік жұмыс. («Желсіз түнде жарық ай» суреті бойынша)
3) «Көз алдына елестету» (Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып, көз алдыңызға нен елестеттіңіз?)
Ой саралау стратегиясы.
4)
Клеткадан көшіріп салу. (аттың, теректің суреттерін көшіріп салу)
5)
Карточкамен жұмыс. (Салынған суреттің түсін тауып, бояу)
6)
Кодоскоппен жұмыс. (нүктелерді бір-бірімен қосу арқылы киіз үйдің суретін шығару)
7)
Викториналық сұрақтарға жауап беру. (ауызша)
1.
Негізгі және қосымша бояуларды атаңдар.
2.
Бейнелеу өнеріне қажетті құралдар.
3.
Қазақстаннан шыққан алғашқы әйел суретшісі кім?
4.
Плэнэр дегеніміз не?
117

5.
Қай суретшінің атымен еліміздің Мемлекеттік бейнелеу өнері , мұражайы, сурет мектептері мен 
колледждері аталады?
6.
Ою-өрнек дегеіміз не?
7.
Жаңа сабақты қорытындылау, оқущылар жұмысын талдап, саралап, көрме ұйымдастыру.
8.
Оқушыларды бағалау.
9.
Үйге тапсырма беру. Абайдың жылдың төрт  мезгіліне арнап жазған өлеңдері бойынша сурет 
салу.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:АБАЙ. «КҮЗ»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің бастауыш  сынып мұғалімі Исаева  Тұраргүл  Салауатқызы
Сабақтың тақырыбы: Абай. «Күз»
Сабақтың мақсаты:    а ) Білімділік:    Оқушылардың Абай туралы білімдерін жинақтап,  тұжырымдау. "Күз" өлеңінің 
мазмұны мен идеясын ашу.  Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау
        ә) Дамытушылық: Өз бетінше  салыстыру, қорытынды жасай білу, шебер де шешен өткір сөйлей білуге  үйрету, 
қабілеттері мен ізденімпаздық, байқағыштық  машықтарын дамыту.
          Б) Тәрбиелік:    Эстетикалық тәрбие беру, жамандықтан жирендіру, табиғатты  қорғап, аялай білуге үйрету.  «Адам» 
деген ұлы есімге лайық  жеке тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, 
өнерлі болуға, тілімізді,қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Абай суреті,  Күз  мезгілінің  суреттері, слайд, электронды оқулық
Сабақтың түрі:    жаңа білімді меңгерту   Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекілік
Пәнаралық байланыс :        Әдебиет, музыка, қазақ тілі 
І. Ұйымдастыру бөлімі        
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім-өз тілім ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген  дара тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым дана тілім
2 Өткен сабақты бекіту.
Ә. Дүйсенбиев  Ақылшым-мұғалім
1. Оқушылардан  өлеңді  жатқа сұрау
2.Өлеңді хормен айту
3 Сұрақтарға жауап алу.
-
Қолыңа қалам алып жазуды үйреткен кім?
-
Ұстаздар мерекесі қашан тойланады?
-
Қазан айы жылдың қай мезгілінде?
-
Күз айында қандай мерекелер бар?
Күз суреті Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың? Күз туралы білімдерін сызбаға толтыру.
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз Абай атамыздың «Күз » өлеңі
«Абай ата » ағашын толтыру       Абай   ата  туралы  не білеміз?    Оқушылардың жауаптарын толықтыру.
Электронды оқулықтан Абай туралы  мағлұматтар тыңдау.
Өлеңді  Абай  атамыздан  тыңдау     Өлеңнің мазмұны бойынша түсінік беру.
Өлең  туралы түсінік беріп жатқанда өлеңнің  мазмұнына байланысты бейне фильм көрсетіліп тұрады.(Күзгі табиғат көрнісі, 
ойнақтаған жылқылар,т.б)
Абай бұл өлеңінде  табиғат көріністеріне жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын мейлінше қарапайым 
нақтылы түрде, ешқандай көріктемей, әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл 
тұманды, жапырағы түскен ағашты,  көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге 
елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар - бұлар да мал баққан 
елдің  белгі-нышандары десек болады.
Өлеңді  талдау
Күз.
 Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,             а
 Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.     а
 Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
 Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.  а
 Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
 Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
 Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
 Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
2 шумақты, 8 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды
Өлеңнің  1,2,4  тармақтары ұйқас 3 тармағы ұйқаспайды  қара өлең ұйқасы
Cергіту  сәті
      Желсіз түнде жарық-ай
     Сәулесі суда дірілдеп.
     Ауылдың жаны терең сай        2 рет
118

     Тасыған өзен гүрілдеп.
Оқулықпен  жұмыс
Өлеңді  мәнерлеп оқыту.
Шумақтарға бөліп оқыту.
Дәптермен  жұмыс
1.
Өлеңнен күз мезгіліне  қатысты көркем сөздерді  тауып жаз:
....      ағаш                            ......      тұман
....       бұлт                             .....     шөп жоқ
2.
Күз  сөзіне  дыбыстық  талдау жасау
3.
Туған жеріміздің күзгі табиғаты туралы әңгімелеу
4.
Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау
         а)   Жыл мезгілдерін ретімен  орналастыр.
         ә)   Жапырақтардан ағаштардың  атын құрап жазу
Поэзия минуты   Абай өлеңдерін жатқа айту   Абай бейнефильм 
Сабақты қорытындылау
Парасатты болып туған –
Шыңғыстаудың Абайы,
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы,
Нақылымен сана құйған –
Қазағымның Абайы деп  бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ. КӨКТЕМ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің бастауыш  сынып мұғалімі Жұмашева Қазима Төлепбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем.
Сабақтың мақсаты: Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан-жануарлар дүниесіндегі мен құбылыстар 
туралы тереңірек тоқталу. Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту, таным 
белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа, бірліке тәрбиелеу.
Сабақ  түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі: 
Балалар, «Ана тілі» пәніне керекті құрал-жабдықтарымызды шығарып, сабаққа жаксы қатысып отырамыз.
ІІ. Үй жүмысын тексеру, қорыту:
-Балалар, біз қазір аспан әлемін саяхаттаймыз. Балалар, қазір біз аспан әлеміндегі жеті планетаны шарлап,  планеталардың 
бізге дайындаған тапсырмаларына  орындауымыз керек. 
Балалар, біз  тапсырмаларды орындаймызба?
-Жауап.
-Ендеше, аспан әлеміне саяхатты бастаймыз.
1. Бірінші Сатурн планетасының тапсырмасы:
1. Үй жұмысын тексеру.
-Балалар, үйге не берілді?
-«Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқу, ғарышкер туралы сурет салып келу.
-Ендеше, кім маған «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
-Өте жақсы, енді, Марс планетасының тапсырмасы. Ғарышкер туралы салған суреттерімізді көрсету және салған сурет 
бойынша қысқаша әңгімелеу.
-Өте жақсы, балалар. Шолпан планетасының тапсырмасы:
«Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің авторы кім? 
Ол туралы не айта аласың?
(2-3 оқушыдан сураймын)
-Енді, келесі, Юпитер планетасының тапсырмасы:
Тұңғыш ғарышкер кім?
-Юрий Гагарин
-Жақсы, келесі, Нептун планетасының тапсырмасы:
Егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
-Тоқтар Әубәкіров
-Енді, Меркурий планетасының тапсырмасы: 
-Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
-1961 жылы 12 сәуірде
-Енді, Уран планетасының тапсырмасы:
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
-1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты.
-Өте жақсы балалар, біз 7 планетамыздың тапсырмаларына жақсы жауап бердік. 
ІІІ: Жаңа сабақ:
119

-Балалар, бәріміз тақтадағы ребусты шешеміз.
( Балаларға ребусты шештірткіземін)
-Дұрыс айтасыздар, ребустан «Көктем» сөзі шықты. 
-Балалар, қазір қай мезгіл?
-Көктем.
-Ендеше, «Көктем» мезгілі туралы кім айтады?
-Жауап.
-Өте жақсы. 
Психологиялық тренинг жүргізу
Музыка ойналып тұрады.
-Балалар, кеудемізді жазып, терең тыныстап, көзімізді жаймен жұмып, рахат сезімге бөленіп отырайық. Біз әдемі табиғат 
аясында отырмыз, жан-жағымызда әдемі гүлдер, гүлдердің үстінде әсем көбелектер қонып жүр, бетімізге көктемнің самал 
желі сипап өткендей, алыстан құлағымызға құстардың дыбыстары естіледі. Көздерімізді жаймен ашамыз.
-Балалар қандай күйге бөлендіңдер?
-Шаттық күйге ендік.
-Балалар, осы сезімізден айырылып қалмай тұрғанда, бүгінгі сабағымызда көктемді бейнелейік.
Мына сурет бойынша көктем мезгілін бейнелейміз. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек. 
-Олай болса, көктем мезгілінде Жер-ана неден жылу алады?
-Күннен 
Ендеше, күннің тапсырмасын орындауымыз керек.
-Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысу.
Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу.
Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмысын жүргізу.
(Сөздік жұмысын жүргіземін)
-Балалар, Жер-анамыз күннен жылу алып, тіріліп, гүлдеріміз өсіп, ағаштарымыз бүршік жаруы керек.
Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
-«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқимыз.
(Балаларға «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын сұрау)
-Өте жақсы, енді, тірек сызбамен жұмыс жүргізу.  (тірек сызбамен жұмыс жүргізу)
-Өте жақсы. «Көктем» мезгілдеріне байланысты кім маған өлең мен тақпақтар айттып береді?
(бес-алты баладан сұраймын)
-Енді, көктем сөзіне дыбыстық  дыбыстық талдау жүргіземіз.
-Өте жақсы, осы көктем мезгілдерінде болатын өзіне тән өзгешіліктерді айтамыз.
(тірек сызбамен жұмыс).  Табиғат  мерекелер n  жан-жануарлар
-Өте жақсы. Балалар, біз  көктемде нені қарсы алуымыз керек.   -Құстарды.
-Құстарды шақырмас бұрын біз құстарға не дайындауымыз керек? -Ұя.
-Ендеше, ұя жасау үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.  Өлеңді құрастыруымыз керек.
Көктемде ..........
Құстар кеп ..........,
Құлпыртып ..........
Гүл ектік .......... .
Гүл ектік ектік ..........,
Көктемде .......... .
Бақта да, тауда да
Ақ гүлдер .......... .
(балалардың құрастырған өлең жолдарын оқытқызамын)   -Өте жақсы. 
Сергіту жаттығуы.  Қазір бәріміз орындарымыздан тұрып бір-бірімізге тілек айтамыз.  (Балалар бір-біріне тілек айтады)
-Өте жақсы, балалар. Құстарымызға ұя жасадық, енді, нелерді қарсы аламыз. -Құстарды.
-Келесі, тапсырмамыз, «Көңілді көктем» тақырыбына шығарма жаздыртқызу.
Құстарымыздың тапсырмасы: «Күн шуағы» ойынын ойнаймыз.
-Өлеңді қорыту: 
-Өте жақсы, балалар, бүгінгі сабағымызда өзіміздің білімдеріміз арқылы көктемді бейнеледік.
-Біздерге көктем мезгілі сиқырлы шаршылыран беріп жіберіпті. Бұл сиқырлы шаршының бірнеше тапсырмалары бар. Сол 
тапсырмаларды орындасақ сиқырлы сөз шығады екен. Орындаймызба, тапсырмаларды?
-Өлеңде бұлақ туралы не делінген?
-Табиғат құбылыстары туралы не делінге?
-Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
-Балалар, көктем мезгілі бізге қандай сиқырлы сөзін жазып жіберіпті?  Бәріміз бірге оқимыз.
Рахмет.  ІV. Сабақты қорыту:  «Көктем вальсі» әнін айтқызу.
V.  -Балалар,үйге тапсырма, Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып келуге, және көктем мезгілдеріне арнап 
сурет салу.
VІ. Балаларды білім деңгейіне қарай бағалаймын. 
* * * * *
120

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ОҢТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің география пән мұғалімі Тулегенов Ерген Ержанұлы
Сыныбы: 7 а   Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары
Мақсаты: Оңтүстік Американың өзен мен көлдеріне түсінік бере отырып, ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін 
анықтау, оқушылардың өздігінен ойлауға, қорытынды жасауға теориялық білімдерін қолдануға жағдай жасау, оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзен-көлдерді ластанудан қорғауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. (2 мин)
 Психологиялық ахуал:   Екі жұлдыз бір тілек (4 мин)
Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақты қағып ал» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. 3 ұпай (3 мин)
I-топ
II-топ
III-топ
1.Оңтүстік Америка климатының 
ерекшелігі қандай?
2.Жылдық жауын-шашын мөлшері 
қанша?
Неліктен?
1.Жылдық температурасы, қалыптасу 
ерекшелігі.
2.Оңтүстік Америка климатына 
мұхиттардың әсері қандай?
1.Оңтүстік Американың климатын 
қалыптастырушы факторлар.
2.Оңтүстік Американың климатына 
жер бедері қалай әсер етеді?
III.Үй тапсырмасын қорытындылау. «Не білдік?».әр топтан 1 оқушы шығып қорытынды жасайды. (2 мин)
IV.Жаңа сабақты меңгерту. Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңінен үзінді 
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соққса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Тапсырма: осы өлең шумақтарында не туралы айтылған?
Сабақтың тақырыбы: «Оңтүстік Американың ішкі сулары»
Мақсаты: «Адасқан сөздерден сөйлем құрастыр» сабақтың мақсатын анықтау.
1.
Оқулықпен жеке жұмыс. «Түртіп алу». 3 ұпай (4-5 мин)
2.
Топпен жұмыс. Карташада берілген тапсырманы флипчартқа салып постерді қорғау және картадан көрсету. 3 ұпай 
(7 мин)
3.
«Танып ал да, атын ата». Интербелсенді тақтадағы суреттерді анықтау. 3 ұпай (5 мин)
4.
«Жұбыңды тексер». Кестемен жеке жұмыс. Оқушылар дәптерлеріне Оңтүстік Американың көлдерін кестеге 
салып орындайды. (дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады) 5 мин
Маракайбо 
Материктің солтүстігіндегі лагуналық көл
Поопо 
Титикаканың оңтүстігінде орналасқан, жазда кеуіп қалатын тұзды көл
Титикака 
Анд тауындағы ірі тектоникалық көл
5.
«Адасқан обьектілер» сәйкестендір. 3 ұпай (3 мин)
                                      Поопо                                      Көл
                                      Ориноко                                  Сарқырама
                                      Маракайбо                              Өзен
                                      Игуасу                                     Көл
                                      Парана                                     Өзен
Амазонка                              Сарқырама
                                      Анхель                                     Өзен
V.Бекіту. «Ойтолғау» шығармашылық топпен жұмыс 3 ұпай (3-4 мин)
Проблемалық  жағдаят: Оңтүстік Американың ішкі суларының ластану себебі.
1.Ластану көздерін анықта
2.Шешу жолдарын көрсет
3.Қолдану көздерін анықта
Бекіту. Геодиктант 10 ұпай (4-5 мин)
1.
Судың тұздылығын өлшейтін құрал . . .  .  промилле
2.
Титикака көлінде . . . , ал Поопода өте . . . болып келеді, тұщы, тұзды 
3.
Материктің ең ірі көлі . . . – Анды таулы үстіртінде . . .  м биіктікте орналасқан. Титикака, 3800 м
4.
Ориноконың бастауын бірінші рет . . . жылы ғана француз экспедициясы тауып, зерттеген. 1954
5.
Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзен . . . . Парана
6.
Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі . . . . Жаңбыр
7.
Оңтүстік Американың ең ірі өзені . . .  . Амазонка
8.
Амозонка өзенінің ұзындығы . . .  км. 6480
9.
Амазонканың ең ірі сол жақ саласы . . .  . Риу-Негру
10.
Амазонканың ең ірі саласы . . .   . Мадейра
VII.Қорытынды. Рефлексия
VIII.Үйге тапсырма. § 40 оқу, кескін картаға өзендері мен көлдерін түсіру. Бір өзенге СКТ жүргізу.
* * * * *
121

САБАҚТЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: ӘЛ –ФАРАБИ – ШЫҒЫСТЫҢ  ҒҰЛАМА  ҒАЛЫМЫ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
 қазақ орта мектебінің тарих және құқық пән мұғалімі Губашев Әділжан  Хиысұлы
Сабақтың  тақырыбы: Әл –Фараби – шығыстың  ғұлама  ғалымы
Сабақтың  мақсаты:  Білімділігі:Оқушыларға  қазақтың  ұлы  ойшылы, шығыстың  ғұлама  ғалымы  Әбу – Насыр – Әл – 
Фараби өмірі  мен   тарихтағы   орны, еңбектерінің   тарихи  құндылығы, орта ғасыр ғалымдарының    Әл- Фараби  туралы   
ой – пікірлері   жайында   мәлімет   беру.
Дамытушылық : Оқушыларға  сатылай  кешенді  талдау  технологиясы   бойынша   түсіндіре  отырып, ұлы  ғалымдардың  
өмірімен  таныстыру, білімдерін  шыңдау, терең  ойлауға,  саралауға  үйрету, Венн диаграммасы  арқылы  әйгілі ғалымдар  
туралы  білгендерін  бағалау,  ізденушілік  қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды   ұлы ғұлама  ғалымдардың  еңбектерін  бағалауға, білімді  болуға  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: СКТ сызбасы, «Ұлы Жібек жолы»картасы,Әл-Фараби және Аристотель портреттері
Сабақтың  түрі:    аралас  сабақ
Сабақтың  әдісі:  түсіндіру
Пәнаралық  байланыс:  тарих,қазақ әдебиеті,география
І.Ұйымдастыру:   1. Сәлемдесу
                             2. Оқушыларды  түгелдеу
                            3.  Оқушылар  назарын   сабаққа  аудару
IІ. Үй  тапсырмасын  сұрау:  Сұрақ-жауап  әдісі  арқылы   сұрау.
                                                   «Сұрақ  бізден,  жауап - сізден»
1.
Ұлы  Жібек  жолының  шартты  атауы
2.
Ұлы  Жібек  жолы  қай  ғасырда қалыптасты?
3.
Қай  елден  басталды?
4.
Ұлы  Жібек  жолы  қай  қалалар  арқылы  өткен?
5.
Ұлы  Жібек  жолы сауда  жолы  ғана  ма?
6.
Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  Қазақстан  далаларына  қандай  тауарлар  әкелініп, қандай  тауарлар  шетке 
шығарылды?
7.
Ұлы  Жібек  жолы қай  ғасырда өмір сүруін  тоқтатты?
8.
Неге ?
9.
Ұлы  Жібек  жолында  «Әлемнің   төрт  патшалығын»  ата.
10.
Ұлы меридианалды  жол  туралы  не  түсіндің?  Оның  маңызы  қандай?
IIІ.  Жаңа  сабақ 
Әл – Фараби – шығыстың  ғұлама  ғалымы
Жоспар: 
1.
Өмір  сүрген   кезеңі, толық  аты,  туған  жері, шыққан  тегі.
2.
 Әл – Фарабиге  мінездеме.
3.
Білімі.
4.
Еңбектері.
5.
Тарихтағы  орны.
6.
Қорытынды  ой- пікір.
   СКТТ ( сатылай  кешенді  талдау  технологиясы)  бойынша  сызба
Әбу     Насыр    әл – Фараби          Өмір кезеңі -     870 ж – 950 ж
 Туған жері –   қазіргі  Түркістан алқабының  Фараб  аймағына  қарайтын  Отырар  қаласында   дүниеге  келді
Толық  аты-   Әбу Насыр  Мұхаммед  ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани
Шыққан  тегі  --  қыпшақ  тайпасынан   шыққан, әскербасының отбасында  туған
                                   Мінездеме - орта  бойлы, мығым  денелі, бала  күнінен  атқа міну өнерін  жақсы  
                                   меңгерген ,   садақ атудың  шебері  болған,  жастайынан  талапты, оқу- білімге құштар   
                                   болған
Білімі -    Отырар  медресесінде,  Бұхара, Шам, Самарқан, Мысыр, Халеб, Бағдад  
                                қалаларында   оқып,  білім  алған,. Көп   тіл  білген.  Жас  кезінде   өзінің  көп  уақытын    
                                Отырардың  бай   кітапханасында  өткізеді.  Ол  бүкіл  ғұмырын   оқу  -  білімге, ғылымға
                                арнады.  Атақты    Аристотельдің   ғылыми   еңбектерін  зейін  қоя  зерттеген.  Мысалы,            
                                «Жан  туралы»  деген    еңбегін   100  рет,  «Табиғат  гармониясы» деген  еңбегін   40  рет,  
                                 «Риторика»  деген   кітабын   200 рет  оқыған.
Еңбектері  -   түрлі  ғылым  салаларынан   150  -  ге  жуық  еңбектер  жазып  қалдырды.  
                             Философия, физика,  математика, астрономия, логика, этика,  тіл  білімі,  жаратылыстану,    
                             медицина,  музыка  салаларынан   ғылымға  қосқан  жаңалықтары  әлемге  әйгілі.       
                             «Ғылымдардың  шығуы», «Бақытқа  жол  сілтеу», « Аристотельдің  категориялары»,   
                             « Даналық  меруерті», « Жан  туралы», « Өлең ырғағы   туралы»,  « Азаматтық  саясат»  т. Б
Тарихтағы  орны-   Ғаламат  еңбектері үшін  ол  «Шығыс  Аристотелі»  немесе  « Екінші  
                             ұстаз» деген  атақ  алды. Энйиклопедиялық  білімі  бар  ғалым,  ойшыл, философ,  
                           математик, әдебиет   пен  музыка  зерттеушісі.
                  Қорытынды: Тек  Шығыстың  ғана  емес, Батыстың  да ғылым  мен мәдениетінің  
                  дамуына  зор   үлес  қосқан ғұлама  ғалым.
Орта  ғасыр  ғалымдарының  Әл – Фараби  туралы  ой- пікірлері
122


Захруддин Әл- Байханий: « Ислам  ғалымдары  арасында  одан  бұрын  мұншалықты  ақылы алғыр  адам  
болмаған еді»

Ибн Әби Усайба: «Музыка   саласында  да  ол   білімді  болыпты.  Ол  ғажайып  бір  музыка аспабын  жасапты, 
міне,  сол  аспаптан  адамның  жан жүрегін  елжіретіп   жіберетін   сиқырлы  бір  ғажап әуен  естіледі»

Жамолуддин  ибн әл - Куфтий: « Шығарма  жазуда  осы  кезге  дейін  Әбу   Насырдан  ешкім  озып  кеткен   емес.  
Тіпті,  бұл  секілді  ой  - пікірлерді  оған  дейін әлі  ешкім  айта  алмаған,  ол  кісі  шыққан  биікке  ешкім көтеріле  алмаған» 

Иби Халликон:  «Әбу  Насыр  Әл – Фараби  мұсылмандардың  ең  ірі  философы  саналады,  ешкім  ғылымда   бұл 
кісінің  дәрежесіне   дейін  көтерілген  емес»
         V. Деңгейлік   тапсырмалар.
I деңгей:  Оқушылық  деңгей. « Жұлдызды  сәт»  ойыны.
         1. Әл – Фараби кім?
         2. Толық  аты  кім?
         3. Әкесі  кім  болған?
         4. Неліктен  біз  оны «екінші  ұстаз»  деп атаймыз?
        5. Қай  қалада  дүниеге келді? 
       6. Қандай  ғылыммен  айналысқан?
II деңгей: Алгоритмдік  деңгей. ‘’Терме  диктант’’
1.
Әбу насыр  Әл – Фараби ________________дүниеге  келді.
2.
 Әл – Фарабидің  туған  жері: ____________________.
3.
_______________________тайпасынан  шыққан.
4.
 Әкесі  атақты  ___________________________________ болған.
5.
1931  жылы _____________________________________ атындағы 
кітапхана  ашылды.
6.
______________ Әл – Фарабидің  1100  жылдығын  бүкіл  дүниезүзі  
тойлады.
7.
Түрлі  ғылым  салаларында  ___________жуық  еңбек  жазған.
8.
1934  жылы  Әл – Фараби  атындағы  университет 
______________________ ашылды. 
III  деңгей:  Эвристикалық  деңгей.  Ізденіс  тапсырмасы.  Аристотель 
кім?  Тарихшы  ғалым  сөйлейді.
Венн  диграммасы.
                     Әл -  Фараби                                          Аристотель
IV  деңгей. Шығармашылық  деңгей.
VI.  Қорытындылау.  «Күн  диаграммасы»  
Оқушыларды  бағалау. Үйге  тапсырма $ 24
Шығармашылық тапсырма: Әл – Фараби  туралы реферат  жазып  келу. 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: III ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕРДІҢ  КӨБЕЮ 
( ГЕНЕРАТИВТІ)  МҮШЕЛЕРІ.  ГҮЛДІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ 
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің биология пән мұғалімі Изтелеуова   Зурият  Абуқызы
Сабақтың тақырыбы: III тарау. Өсімдіктердің  көбею ( генеративті)  мүшелері.  Гүлдің  құрылысы 
Сабақтың мақсаты:  Білімділігі: Оқушылардың  оқу  қабілеттерін, білім-білік, таным  ерекшеліктерін  арттыру.
Тәрбиелілігі:  Өз елін, жерін  сүюге  тәрбиелеу
Дамытушылығы:Сауатты  сөйлесу  дағдысын  қалыптастыру
Сабақтың түрі: ізденіс, кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау
Сабақтың көрнекілігі:  Компьютер, интерактивті  тақта, электронды  оқулық, оқулық, дидактикалық материал, қосымша 
материалдар, трек-сызбалар
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, білімдері тексерілді.
1- топқа
Телу  арқылы көбейту
Кілтті сөздер: 1. Жанастыра телу          2.Кесінділеп  телу                    3. Көзшелеп  телу
     2-топқа
 Көбею  тәсілдері 
Кілтті сөздер:  1. Түрі өзгерген  мүшелер  2.Өсу  мүшелерінің бөліктері  мен  көбею  3.Телу  арқылы  көбею
Жұмбақ-сурет. Сурет арқылы өсімдіктердің өсу  мүшелерімен көбейту  жолдарын  түсіндіру
III.Жаңа сабақты түсіндіру:   өсімдіктердің  көбею  мүшелері 
●Гүл  дегеніміз  -  көбеюге  қажетті  жыныс  мүшелері  бар, бұтақтанбайтын,түрі  өзгерген, қысқарған  өркен. 
●Гүл – тек  гүлді  өсімдіктерге   ғана  тән, одан  жеміс  пен  тұқым  дамиды..
●Гүл  бөлімдері – гүл сағағы, гүл  табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық  пен  аналықтан  тұрады.
Гүл сағағы – жапырақ  сағағына  ұқсаған гүлдің  жіңішкерген  жері.
Гүл табаны – гүлдің  барлық  бөлімдері  бекінетін гүл  сағағының  жоғарғы  жағындағы  кеңейген  жері.
123

Тостағанша  көбінесе  жасыл түсті, гүлдің  сыртында  бірікпеген  жеке немесе  біріккен  жапырақшалардан  тұрады.
Күлте – тостағанша  жапырақшалардан  кейін   орналасады. Күлте  түбіндегі  жіңішкерген  жерде  тәтті  шірне  бөлетін  
шірнеліктер  орналасады. 
Қос гүлсерікті  гүлде  тостағанша да, күлте  де  болады.( алма, өрік, шие ағаштарының   гүлдері). Гүл серігінің   екеуі  де  
болмайтындарды  гүлсеріксіз  гүлдер  дейді.
Аталық – гүлдің  көбеюге  қатысатын  бөлімі. Әрбір аталық – аталық  жіпшесінен  және  тозаңқаптан  тұрады.
Аналық  -  гүлдің  жеміс   түзуге  қатысатын  негізгі   бөлімі  гүлдің   дәл  ортасына  орналасады.  Аналықтың  ұшын  – ауыз, 
ортаңғы  жіңішкерген   жерін  мойын, түп  жағындағы жуандаған  жерін  жатын  дейді. Аналық  аузы өсімдік түріне  қарай 
түрліше ( домалақ, үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша  және т. Б)  болып келеді.
Дұрысгүл  мен  бұрысгүл -  гүл жазықтығына  бірнеше сызық  жүргізгенде   теңдей  бөлікке   бөлінсе – дұрысгүл. Гүл 
бөлімдеріне  бір  сызық жүргізуге  ғана  болса,бірнеше  сызықпен теңдей  бөлінбесе – бұрысгүл деп аталады.
IV.Жаңа сабақты бекіту:  «Ойын-жұмбақ»  гүл  теру.
Әр топтан  оқушылар гүл шоқтарын  (қағаздан құрастырылған  гүл  бөліктері) алып шығады. Оның арғы бетінде сұрақтар  
мен жұмбақтар бар. Соған жауап берді.
● Сұрақтар:
1. Гүлдің негізгі  бөліктерін атаңдар?
2. Гүл сағағы, гүл табаны,  тостағанша  жапырақшалары  қандай  қызмет  атқарады?
3. Күлте  қайда  орналасқан ?
 Оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. «Білімінді тексер» деңгейлік тапсырмасы оқушылар білімін жүйелеуге арналды.
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. (Ж)
2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы. (Г)
3. Тозаң ұясы бар. (А)
4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)
5. Үлпекке айналған. (Т)
6. Бунақденелілер қоректенеді. (К)
7. Шірне бөледі. (К)
8. Жабысқақ сұйықтық бөледі.(Ж)
9. Ұшы ілмекке айналған. (Т)
10. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)
11. Хош иісті. (К)
12. Мойны бар. (Ж)
● Жұмбақтар:
1. Жарғанат арқылы  тозаңданатын өсімдік. (Баобаб)
2. Дара  жынысты, гүлді өсімдік. (Асқабақ)
3. Жел арқылы тозаңданатын өсімдік. (Түймедақ) 
4. көктемде ақ гүлге оранады,
   Күзде қолға доп болып оралады. ( Алма)
5.Жезге ұқсас сабағы
  Дәні халық  тамағы. ( Бидай)
● Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін әр 
топқа тапсырма беріледі. 
1-топқа – Аталықтың құрылысы 
2-топқа – Аналықтың құрылысы 
3-топқа – Гүлдің құрылысы 
●  №12-зертханалық жұмыс. 
Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау. 
Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу. 
Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке 
бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине. 
Жұмыстың барысы: 
1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі 
құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару. 
2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу. 
3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату. 
4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу. 
Нәтижесі: 1) Гүлдің құрылысын жаз: 
1.____________________________________________ 
2.____________________________________________ 
3.____________________________________________ 
4.____________________________________________ 
5.____________________________________________ 
2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – 
гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық). 
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. 
2. Тозаң ұясы бар. 
3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. 
4. Үлпекке айналған бөлігі. 
5. Жәндіктер қоректенеді. 
124

6. Шірне бөлетін бөлігі. 
7. Жабысқақ сұйықтық бөледі. 
8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі. 
9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. 
10. Хош иіс шығаратын бөлігі. 
11. Мойны бар. 
3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл? 
Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________
Үй тапсырмасы. §22 оқып, гүл бөліктерін түрлі қағаздан әзірлеп, қатты қағазға жапсырып әкелу.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАРДЫҢ ҚАСИЕТІ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің физика пән мұғалімі Бралиева Галина Мухамбетжановна
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қасиеті
Білімділік:Сұйықтар мен газдардың қасиеті  туралы теориялық білімдерін  бекіту.
Тәрбиелік: Оқулықпен өзіндік жұмыс жасай білу, өзара сыйластыққа бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Өз білімін жинақтай білу және жүйелі баяндай білуі,   жұмыс істей білуге дағдылану, жауапкершілік 
сезімін өз-өзіне сенімін бекіте түсу.
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Көрнекілігі: Электрондық оқулық, бағыттауыш парақтар, қатысушының нөмері, жазылған жетондар, үстел  белгілеуге  
арналған  сілтемелер,  жалпы бағалау парағы.
Жүру барысы: Әр үстелге тапсырмалар үлестіріп, ойынның жүру барысын түсіндіру.
Теориялық сайыс  І тур
1)
Заттың қандай фазалық өтулерін булану және конденсация деп атайды?
2)
Меншікті булану жылуы жегеніміз не?
3)
Қаныққан және қанықпаған буға анықтама беріңдер?
4)
Қайнау дегеніміз не?
5)
Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
6)
Беттік керілу коэфициентінің физикалық мағынасы қандай?
7)
Беттік керілу күші дегеніміз не?
8)
Сұйықтың қатты денеге жұғуы, жұқпауының механизмі қандай?
9)
Лаплас қысымы дегеніміз не? Капилиярлық құбылыстарды түсіндір.
Практикалық жұмысІІ тур . Есептер шығару
А) Температурасы t=20
0
 С сынаптың қаныққан бу тығыздығы 0,02 кг/м. Қаныққан будың қысымын табыңдар. М= 200 10 
кг/моль
Б) r=0,5мм қылтүтікке сұйық    h=1,1 см биіктікке көтеріледі. Сұйықтың беттік керілу коэффициенті   G=22МН/м. Осы 
сұйықтың тығыздығын анықта.
В)U–тәріздес қылтүтіктің сол жақ иінінің радиусы   r
1
= 0,5мм, оң жақ иінінің радиусы  r
2
= 1мм. Осы түтіктегі су 
деңгейлерінің айырымы қандай? Шектік бұрышы неге тең?
Оқушылардың білімдері мен шеберліктерін тексеру. 
Тәжірибелер. Теорияны практикада көрсету

Инені суда қалқыту үшін, оған аздап май жағып, инені судың бетіне саламыз, ол суға батпай қалқып жүреді. Су 
инеге жұқпайды да, сонымен су бетінің қабаты сұйықтың жоғары ығыстырушы күші де қалқу заңы бойынша инені 
батырмауға көмектеседі.

Суға сабынды ерттік. Түтіктің көмегімен сабың көпіршігін үрлейміз. Көпіршік үрленіп, созылып балалар шарына 
ұқсайды. Бұл тәжірибеден көргеніміз сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күшпен сипатталады. Бұны беттік керілу 
күші деп атайды.

Сымнан жасалған сақина алып оның екі жерін жіппен қосайық. Оны сабын ерітіндісіне салып, жіптің бір 
жағындағы қабыршақты инемен тесіп жіберсек, қабыршақтың екінші жағы жиырылып , жіпті өзіне қарай тартатынын 
байқаймыз. Бұдан сұйықтың беттік қабаты әрқашан керілу күйінде болатынын байқаймыз.
Топтастыру стратегиясы
Нені білдік, нені үйрендік?  Қорытынды
М.К.Т.   заттың бір күйден екінші күйге көшу процесін түсіндіру мүмкіндігін береді. Соны бүгінгі сабағымызда  
сұйықтардың көптеген қасиеттерімен таныстық. Сұйықтың беттік керілуі, капилярлық     құбылысы техникада, тұрмыста  
үлкен   рөл   атқарады.   Капилярлық     құбылыстарды   техникада   ескеруге   тура   келеді.   Сондықтан   сұйықтардың   химия,  
биологиялық, физикалық қасиеті өте зор деп айта аламыз.
Үйге тапсырма

VI-тарау         №5 зетханалық жұмыспен танысу
Оқушыларды бағалау
* * * * *
125

ТАҚЫРЫБЫ: «LES  MÉTIERS   ET  LES   PROFESSIONS»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің француз және неміс тілдері пән мұғалімі Ешекеева Қазима  Ысқаққызы
Француз   тілі    Шығармашылық   сабақ – Leçon  créative
Болашаққа  бағдар  сабағы  - Leçon   de l’orientationvers le future.
Тақырыбы: «Les  métiers   et  les   professions»
Сабақтың  мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға  мамандық  туралы  жалпы  түсінік  беру, мамандықтар  мен  кәсіптердің  
түрлерімен  таныстыру.   Еліміздегі  бастауыш, орта  және  жоғарғы  кәсіптік  мамандарды  дайындауды   қолдап  отырған 
мемлекеттің  саясаты  туралы  түсінік  беру.
Дамытушылық:   Мамандықтар  туралы  танымдық  қабілеттерін  дамыту, «XXI  ғасыр  маманы   қандай  болу  керек?»  
деген  сұраққа  жауап  іздеу, әр  түрлі   жағдаяттар  беру арқылыоқушыларды өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу, жаттығу 
жұмыстарын орындату  арқылы  мамандықтардың   түрлерін  ажыратуға  баулу, қазіргі  заманғы  қай  мамандық  иелері   
көбірек  керек  деген  проблема  туғызу.
Тәрбиелік:Болашақтарына  бағдар  жасай  отырып, өздерінің  кім  болғысы  келетіндіктерін  шешуге  тәрбиелеу, ата- 
аналармен   пікірлесе   отырып,  оқушыларды  өз  ойларын  ашық  айта  білуге, өз  пікірлерін  қорғай  білуге  үйрету.
Сабақтың  көрнекілігі:  Жағдаяттар  жазылған  үлестірме  материалдар, оқушылар  анкетасы,  ата-  аналар  анкетасы; 
схема,  таблицалар.
Оқу  - әдістемелік  құралдар
1.
М. Мулдашева,К. Ермекова «Marianne»  оқулығы
2.
Жұмыс  дәптері
3.
Әдістемелік  құрал
4.
Интернеттен, ақпарат  құралдарынан  ізденіс  тапсырмалары  бойынша  алынған  материалдар.
Сабақ  жоспары:
I.
Moment  d’organisation.
II.
Қызығушылықты   ояту.  Remplissez  les   rayons  du soleil.
III.
Ойтүрткі.-Votre point de vue.
«Біздің   қоғамға  қандай  мамандар  керек?» De  queIsspécialistesnotresociété  a– t – ellebesoin?
IV.
Қалыпты  емес  жағдай  -«La  situation  non – habituelle»
V.
Les  résultats  du  sondage  effectué  en  France-   Францияда  жүргізілген  анкета  қорытындысы.
VI.
Les  résultats  du  sondaqe  effecfué dans  la classe – Сыныпта  жүргізілген  анкета  қорытындысы. 
VII.
Le  jeu ,,Débat” – «Дебат»   ойыны.
«Балаға  мамандықты   ата-ананың  таңдауы» – «Le  choix  du  métier par les  parents»
VIII.
Жаттығу  жұмыстары.Exercicespratiques
IX.
Аудирование  -  Audition’’ Qui   est – ce?’’
X.
Болжамдарыңыз . Vos  orientations.
XI.
Ізденіс  тапсырмалары.Devoirs  de  la  recherche
XII.
Devoir  ā  domicile
XIII.
Bilan  de  la         leçon
Сабақтың   негізгі  проблемасы:  Негізгі  және  орта  мектепті  бітіргеннен  кейін  қайда   оқуға  баратындарына   немесе  
кім   болатындарына болжам  жасау.
I.Moment   d’  orqanisation (  Француз  тілінде)
-
 Оқушылар,  біз  сіздермен    ‘’ Mамандықтармен  кәсіптер’’  деген  тақырыпты   өтудеміз. Елімізде   бастауыш, орта 
және  жоғары  кәсіптік  мамандарды  дайындауды  мемлекеттік  саясат қолдап  отыр.   Биыл  сіздер  негізгі  мектепті  
бітіресіздер.  Кейбіріңіз  жоғарғы  оқу  орындарында  оқуды  армандап  жүрген  шығарсыздар.  Ал   кейбіріңіз   арнаулы  
орта  оқу  орындарына,  кәсіптік  мектептерде  оқуды қалауыңыз   әбден  мүмкін.  Бүгінгі   сабақ  біздің  алдымызға  
проблема  қойды: Қандай  оқуға  барамын?  Кім  боламын?
ІІ. Қызығушылықты  ояту. RempIissez  les   rayons  du   soleil
III.Ойтүрткі.Votre point  de  vue ‘’De queIs  spécialistes  notre  société   a-t – elle  besoin? – « Біздің  қоғамға   қандай   
мамандар  керек?»
IV.«Қалыпты  емес  жағдай – La  situation  non – habituelle»
1 – жағдаят:  Жолдасың  екеуің  колледжді  бітіріп,  жұмыс  сұрауға  мекеме   басшысына  кірдіңдер.  Сол  кезде   бастық  
телефонмен  сөйлесіп  отыр  екен, сендер  сәл  күтіп  отырып  қалдыңдар.  Бастық:» Жақсы, Сәке, болады!» деп,  телефонды  
қойды.  Танысқаннан   кейін  орынның  біреуі  екенін,  оған  жолдасыңды  қабылдайтынын  айтты.  Сол  кезде  сенің  ойыңа  
не  келеді,  қандай  күйде  боласың?
2- жағдаят: Өзің  жұмысқа бірнеше  ай  жүріп, әрең  орналасқансың.  Бірінші  жұмыс  күнің,  сен   жұмыстан  кешігіп,  
асығып  келе  жатқаныңда  алдыңнан  бастығың  шыға  келді. Не  істейсің?
3 -  жағдаят:  Жұмысқа  таныспен  орналасқансың.  Алған  нәтижелі  білімің  жоқ.  Тапсырылған  жұмысты  білмей  тұрсың, 
Не  істейсің?
4-  жағдаят:  Сен  есепші  мамандығын  бітіріп,  жұмысқа  орналасуға  мекеме   бастығына  кірдің.  Мекеме  басшысы   
сенен   ‘’Есепші  болуға  ең  алдымен  қандай  қасиет  қажет’’деп  сұрады.  Сенің  жауабың.
V. Les    résultats  dusondageeffectué  en  France

Acteur du  cinéma :27%                                Grand  reporter: 17 %

Chef d’ enterprise: 20%                               Chercheur  scientifique:13%

Vétérinaire: 18 %                                          Officier: 7 %

Médecin 17 %                        Metteur  en    scēne: 3 %

Ingénieur: 18 %                                            Ecrivain: 10%
126


Avocat: 13 %                                                  Député: 3%
Sans  opinion: 5%
VI.  Le choix  des   professions   par  nosélēves:

médecin: 4                      électricien:  1

chauffeur: 4                    policier:  1

journaliste: 1

cuisinier:  1                     pétroIier:  1

juriste: 1                    professeur: 1                      

avocat: 3                programmiste: 1                

commerçant:  1comptable:  1
Les   parents   de   nosélèvesvoudraientqu’ ilssoient:

Professeur: 3                             chauffeur: 4

Commerçant: 1                          médecin: 6

Avocat: 3                                   sans  opinion: 3
VII.  Le  jeu  «Débat» – «Дебат  ойыны»
«Le  choix  du  métier  par  les   parents» -«Балаға  мамандықты  ата  -  анасының  таңдауы»
VIII.    Les  exercices  pratiques
Idegré: Атақты  адамдарды  мамандығына  сәйкестендіру.
1   L.  Pasteur            a)ingénieur
2  G.EiffeI  b)chanteur, acteur
3  Y.  Montandc )compositeur
4  G. PhiIiped)médecin
5  H. BerIioz                e)  acteur
II degré:  Мамандық  иесін  атау.
-Il   travaille  pour  un  journal.
- Il pêche  les  poissons
-Elle  coiffeses   clients
-Elle diriqeuntbanque.
-II  dirigeuneécole.
IIIdegré:  Женский родтағы  мамандық  аттары  берілген.  Олардың  мужской  родтағы  формаларын  тап.  Әр  
мамандық  иесінің  жұмыс  орнын  ата.
                  Les  pvofessions
Féminin
MascuIin
Chanteuse
Coiffeuse
comptable
journaliste
Professeur
Vendeuse
commerçant
IX.   Audition «Qui  est – ce?»
X.    Vos  orientations.
XI.   Devoirs  de   la  recherche.
XII.   Devoir   ā  domicile:  Monologue « Les  professions»
XIII.  Bilan  de la  leçon.
Сабақтың        құндылығы :     

Оқушылардың    шығармашылық   белсенділігі  артады:

Оқушы  ізденеді

Оқушы  зерттейді

Оқушы ойланады 

Сөздік   қоры  молаяды

Сөйлеу  мәдениетіне  үйренеді

Оқушының  қиялы,  ойы  дамиды.
Нәтижесі:

Оқушы  салыстыру,  талдау  қабілеттерін  дамытты;

Франция  мен  Қазақстандағы  балалардың  мамандық  таңдауы  мен  

ата – аналардың  қалауын   салыстырып, талдады;

Оқушылардың  сөйлеу, жазу  белсенділіктері  артты;

Оқушы пікір  айтуға  тәрбиеленді, өз пікірін  ашық  айта  алды;

Пікірталасқа  қатысты, өз  пікірін  өзінше  қорғай  алды;

Әлемдегі әйгілі  адамдардың  мамандықтары  туралы  мағлұмат  алды;

 Ізденіске жетеленді, интернетке  шығып,  мамандықтың 

 40000  астам  түрі  бар  екенін  білді;

 Сабақтың  барысында  алдарына  қойған «Кім  болам!»  деген  проблемаларын  шешті.
* * * * *
127

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ XVI-XVIIҒ ДАМУЫ ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің тарих пән мұғалімі Абуғалиева Айнұр Жүсіпқызы
Сабақтың тақырыбы:Қазақ хандығының XVI-XVIIғ дамуы тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты   Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу, қазақ хандығының
 XVI-XVII ғ дамуы тарауын қайталап, білімдерін жинақтап еске түсіру. 
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын 
арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:   Телехабар.     Сабақтың әдісі:интерактивті, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру т.б.
Сабақтың көрнекілігі:    қазақ хандарының, билерінің портреттері ,Э.О
Сабақтың  жүру барысы
І.Ұйымдастыру
ІІ. Қазақстан тарихы телеарнасын тамашалау
ІІІ. “Тарихи аукцион” ойыны
ІV.Тарихи дөңгелекойыны
V. “Алтын қақпа”
VI.Қорытынды
VII.Үйге тапсырма
VIІІ. Бағалау
1.
“Жаңалықтар” 
Сөз кезегі “Жаңалықтар” телехабарын жүргізушіге беріледі. 
1.
Тілші. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.
2.
Тілші: Хақназар хан 
3.
Тілші: Тәуекел
4.
Тілші: Есім хан 
5.
Тілші: Тәуке хан
6.
Тілші: Жеті жарғы
2.Тарихи аукцион.
Лот № 1. Аукционға түсетін зат “Кітап”
Сұрақ: Қазақ хандығының алғашқы хандарын ата?
 Лот № 2. Аукционға түсетін зат “Карта”
Сұрақ: Тарихи басқатырғыш “АТАСАН”
Лот № 3. Аукцонға түсетін зат “Домбыра”
Сұрақ: Рет-ретімен қой
“Жеті жарғы”
“Есім ханның ескі жолы”
“Қасым ханның қасқа жолы”
Лот № 4. Аукционға  түсетін зат “Шырағдан”
Сұрақ: Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды?
Лот № 5. Аукционға түсетін зат “Глобус”
Сұрақ: Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы кім және оларды қай жерге орналастырды?
3. Тарихи дөңгелек
ТҰЛҒАЛАР 1 Қазақ хандығын құрған алғашқы хандардың бірі
ТҰЛҒАЛАР 2  Ұлы жүз биі
ТҰЛҒАЛАР 3  1682-1766 ж өмір сүрген шын аты Айтық Жалаңтөс батырдың ұрпағы 7 жарғыны шығаруға өз үлесін қосқан 
би?
Түсіндір– 1  Қазақ хандығы қалай құрылды? 
Түсіндір – 2  Қасым ханның заңдарын ата? 
Түсіндір – 3  Жеті  жарғы ? 
Қанатты сөз – 1
Атың жақсы болса,-
ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса-
жан мен тәннің шырағы.
Қанатты сөз – 2
Сен темір де,мен көмір
Еріткелі келгенмін
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгенмін!
Қанатты сөз– 3
Шешендіктен не пайда,
Артыңда сөз қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқыңа қайран  қылмаса.
Дата,ғасыр,сан – 1
128

Есім ханның ел билеген  кезеңі
Дата, ғасыр,сан – 2
Қазақ хандығы нешінші ғасырда құрылды?
Дата, ғасыр,сан – 3
Қасым хан кезінде халық саны қаншаға жетті?
4."Алтын қақпа"ойыны
“Ойын кезеңдері” 
1 кезең – Ағаш  қақпа  “Сауал- бізден, жауап- сізден”
2 кезең – Темір  қақпа “Сөз ойла, тез ойла”
3кезең – Күміс  қақпа “Кестені толтыр”
4 кезең – Алтын  қақпа «Тәукехан»
5 кезең – Білім кілті  “Блиц - турнир”  
Ағаш қақпа сұрақтары
“Сауал бізден –жауап сізден”
1.
1470 жылы Жәнібек қай қалаға шабуыл жасады ?
2.
1470 жылы Керей бастаған қол қайда шабуыл жасады ?
3.
Қасым хан қайтыс болғаннан кейінгі саяси жағдай ?
4.
Хақназар қашан өлтірілді?
5.
Шығай ханның баласы Тәуекел қай жылдары хандық етті?
 Темір қақпа « сөз ойла, тез ойла»
«Тарих»
Күміс  қақпа “Кестені толтыр”
1538-1580 ж
1511-1518 ж
1582-1598 ж
1580-1582ж
1598-1628ж
1680-1715ж
Қасым
+
Есім 
+
Тәуке
+
Хақназар 
+
Шығай 
+
Тәуекел 
+
Алтын  қақпа «Тәукехан» сөзжұмбақ шешу.
Білім кілті  “Блиц - турнир”  
1. Хақназар хан ел биледі
а)1539-1557 ж
б) 1538-1580 ж 
в) 1536-1578 ж
2. 1503,1505,1506 ж қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасаған.
А) Шайбани хан
В) Баба сұлтан
С) Сайд хан
3. Қасым хан қай елдермен сауда-саттық және дипломатиялық байланыс жасады?
А) Ресеймен
С) Батыс Сібір хандығымен
Д) Бәрімен
4. Қазақ хандығының  алғашқы ханы?
А) Жәнібек
В) Қасым
С) Керей
5. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер.
А) Қарасиыр
В) Батпақ
С) Қозыбасы
6. “Жеті жарғы” кімнің заң жинағы?
А) Шыңғыс ханның заңдары
С)Қасым ханның заңы
Д) Тәуке ханның заңы
Қорытынды Бағалау Үйге тапсырма
* * * * *


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал