Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет17/33
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.Ана тілі 3 – сынып «Атамұра»
3. «Бастауыш сыныпта оқыту, барлық пәндер бойынша»
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:   КЕСТЕЛЕР. КЕСТЕЛЕР ҚҰРУ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, 
Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің
 І-ші санатты информатика пән мұғалімі Тусупкалиева Майра 
Сабақтың тақырыбы:   Кестелер. Кестелер құру. Информатика. 7 сынып.
Сабақтың мақсаты:  Білімділік:Word редакторында кесте құру, ұяшықтарды қосу, өшіру, және біріктіру, кестелерді 
жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өзбетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейінділік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер,оқулық ,интерактивті тақта.
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 10 минут)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (15 минут)
ІV.Тапсырмаларды орындау (15 минут)
V. Бекіту (3 минут)
VІ. Үйге тапсырма (1 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Информатика жалауын көтеріп,
Әлемге жар саламыз.
Қарсылық егер болмаса,
Сабағымызды бастаймыз.
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз:
-
Монитор
-
Процессор
-
Принтер
-
Пернетақта 
Әр топтың дұрыс жауабы үшін бір-бір жалауша беріледі. Сабақ соңында қай топтың жалаушасы көп болса сол топ жеңіске 
жетеді.
«Әр сұраққа - бір жауап» (Бұрын өтілген оқу материалдарын еске алу)
1.Редакциялау дегеніміз не?
Редакциялау деп-өңдеу, өшіру, орын вцыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
2.Пішімдеу дегеніміз не?
Пішімдеу деп-мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.
3.Paint қандай редактор?  ( графикалық редактор)
4.Paint графикалық редакторының палитрасында  негізгі неше түс бар? ( 20)
88

5.Paint графикалық редакторының палитрасының  негізгі  түсіне неше түс қоуға болады?   ( 10)
6.Адам мен компьютердің арасындағы қарым-қатынас?  ( интерфеис)
7.Информациялық процестерді жүзеге асыратын құрал?    ( Компьютер)
8.Магниттік дискіде сақталып, компьютер жадына енгізіліп, жүктелетін машина тіліндегі нұсқаулар жиыны?  
(бағдарлама)
9.Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?    ( пернетақта)
10.Қағаздағы көріністі экранға түсіруші құрылғы?   ( сканер)
11.Компьютердің «миы», ең басты бөлігі? (Жүйелік блок)
12.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?   (Бит)
13.Мәтін жазуға арналған редактор?    (Word)
14.Принтердің неше түрі бар?   (3) ( лазерлік, бүріккіш, матрицалық)
15.ЭЕМ-нің даму тарихы неше буыннан  тұрады?  ( 4 буын)
16.Информатика нені зерттейді?   ( ақпараттық процестерді)
17. 8 битке тең өлшем бірлік?    (Байт)
Жаңа сабақты түсіндіру:
Кесте құжаттың кез-келген жеріне қойыла алады. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы мүмкін, сондықтанол бір 
немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кесте мәтіндік және графикалықхабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік берелі. 
Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтардан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе 
абзацтар, сонымен қатар суреттер т.б. заттар орналасуы мүмкін.Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша пішімдеуге 
болады.
Құжатта кесте жасаудың ені әдісі бар:
1-әдіс: Кірістіру            Кесте      (Вставить           Табица)
Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз.
2-әдіс:Әртүрлі өлшемдегіжолдар мен бағандарды қаласақ, оны салу үшін жүгіргішті қолдануға болады.
9.
Кесте қойылатын орынды нұқимыз.
10.
Кірістіру         Кесте          Кесте алу
11.
Меңзер қарындашқа айналады.
Кестенің жиектерін жасау үшін төртбұрыш сызамыз. Одан кейін тіктөртбұрыш ішінде баған мен жол сызықтарын сызамыз.
12.
Сызықты өшіру үшін кесте құралдарының жасақтамасы қосындысын нұқып, өшіргіш түймешегін басамыз да, 
өшірілетін сызықты нұқимыз.
Кесте ішінде жылжу тышқан курсорыныңкөмегімен немесемынандай пернелер көмегімен орындалады     ,   ,     ,      ,Tab (бір 
ұяшық оңға,  Shift ( бір ұяшық солға)
Ұяшықтарды біріктіруге және бөліктерге бөлуге болады.
Кесте құрылымдарын өзгерту:
Кесте        Қосу       Бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төменұяшықтарының пунктерін таңдау 
қажет.
Кесте элементтерін өзгерту үшін  Кесте       Өшіру (кесте, жол, баған,ұяшық) таңдаймыз.
ІV.Практикалық жаттығулар: №1,№2,№3, №4
Техникалық диктант
ЭЕМ даму тарихы  .......буыннан тұрады. Ең алғаш компьютер .......жылы шыққан. Ең алғашқы ДК  ......   фирмасы....... жылы 
ойлап тапқан. Оның элементтер базасы.......... Микропроцессордың  сапасын .............. анықтайды. Оның өлшем бірлігі 
ретінде ............ алынған.
Қазіргі компьютерлердің микропроцессорының аты....................
Полиглот
Қазақ ,орыс, ағылшын тілінде қандай деңгейде білетінін тексеру үшін информациялық термин сөздерін білдіретін суреттер 
көрсетіледі.
10)
Системный блок – жүйелік блок – Sistem blok
11)
Мышь – тышқан - Mouse
12)
Клавиатура – пернетақта – keyboard
13)
Принтер – баспа – Printer
14)
Монитор – монитор – Monitor
15)
Графицескии редактор - Графикикалық редактор –Graphiseditor
Бұл не? (Ситуациялықсұрақ)
 Тышқанның шаригі кірлеп жүрмей қалғанда не істер едің?
Ол үшін 7 зат берілген:
Табақтағы су     Сабын    Орамал      Ақ бет   Спирт   Мақта
Тышқан
Жауабы: Алдыментышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға салып жуып, орамалға сүртеміз де, ақ беттің 
бетіне қоямыз. Тышқанның ішін спиртке малыңған мақтамен сүртеміз. Содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, 
қолданамыз.
V.Жаңа сабақты бекіту. а)  кесте құрудың неше әдісі бар?
б) кестеде  бағанның немесе жолдың мөлшерін өзгерту үшін жасалатын әрекет.
в)  кестеде ұяшықтың мөлшерін көрсететін сызық.
г) кестедегі ұяшықтарды қалай біріктіреміз?
Бағалау. VІ.Үйге тапсырма: Кесте құру
* * * * *
89

D ЭЛЕМЕНТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің биология-химия пәнінің мұғалімі Гумарова Светлана Амантаевна
Гумарова Светлана
Химия
Мыс
Х сынып
8.02.13
Сілтеме
Оқу бағдарламасы, Х сынып химия оқулығы
Жалпы мақсаттар
 D элементінің құрылысы  және ортақ қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. Мыстың 
периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері 
және маңызды қосылыстармен таныстыру. D элементтерді  s және p элементтерден ажырата 
білу, мыс туралы білімдерін толықтырып, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық 
мүмкіндіктерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын қалыптастырып, өз бетінше жұмыс 
жасай білуге тәрбиелеу.  
Оқыту нәтижелері
2)
Мысты әр түрлі заттармен  шабытты әрекеттесуін тәжірибе арқылы анықтай білді;
3)
Тәжірибелік жұмыстар  істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренді;
4)
Топпен жұмыс істей отырып өз ойларын жеткізе алды;
5)
Өздігінен оқу дағдылары қалыптасты.
6)
Сандық теханлогияны сабақта қолдануды үйренді;
Негізгі идеялар
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа білімнің басталғанын сезіндіру. 
Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау. 
Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.
Тапсырма
(сабақтың жүрісі)
6.
«Ой шақыру» (тақырыпты ашу)
7.
Білім  ( Ой толғаныс)  оқушылар сұрақтарға жауап береді?
8.
Түсіну   (Ой талдау)  презентация жасау
9.
Сергіту сәті Би  (видеокөріністе көрсетілген қимылдарды қайталайды)
10.
Қолдану  (Оқушымен жұмыс)   жұмыстарын қорғау
11.
Талдау (Есептеп көрейік)    дарынды оқушымен жұмыс
12.
Жинақтау «Ой қозғау»  сен маған – мен саған
13.
Бағалау бетшесі
14.
Рефлексия 
15.
Үй тапсырмасы
Жүргізілетін жұмысым
  І. Мұғалімнің  іс-әрекеті:   Сыныппен сәлемдесу
  2минут  Топқа бөліну. Элементтерді таңдау  арқылы топтарға бөлу  Бағалау критерийлерімен таныстыру.
ІІ. Оқушының іс -әрекеті
Оқушылар алдарына элементтер беріледі сол элементтерді таңдау арқылы  топтарға бөлінеді.
Топ басшысын сайлайды.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. 
Топ басшылары оқушылардың жауап беруін сабақ барысында қадағалап отырады. Ең жақсы жауап берген оқушыларды 
бағалау парағына белгілеп отырады.
Сабақ бастамас бұрын оқушылар элементтерді таңдай отырып сол элементтер d  элементіне жататынын айтады. 
      I.
      Білу бөлімінде   “Ой толғаныс”  оқушыларға сұрақтар қойылады
14.
Периодтық жүйе бойынша период нешеге жіктеледі?
15.
Үлкен периодта қандай элементтер бар?
16.
Мыс, темір, мырыш қандай эелемент?
17.
Периодтық жүйеде d элементтері қай жерде орналасқан?
18.
Мыстың валенттігі нешеге тең?
II.
Оқыған тақырыптары бойынша берілген сұрақтарға топ болып жақсы жауап  береді.
5)
Түсіну.   Ой талдау     оқушыларға жаңа сабақ 
бойынша   әр   топқа   тақырыптар   бөлініп 
беріледі.   Оқушылар   химиялық     ыдыстарды 
тандай отырып, тақырыптарын суырады.
             Мыс тобы
   Алынуы, ашылу тарихы, қолданылуы  
Күміс тобы
   Физикалық, химиялық қасиеттрі
     Алтын тобы
                                                            
                         Мыстың пайдасы, зияны, биалогиялық ролі,  қосылыстары,                  
                                     
                     Сандық техналогияны пайдалана отырып оқушылар интернет желілеріне кіріп берілген тақырыптары бойынша 
қосымаша тапсырмаларды орындайды.
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар топтасып, бір - бірімен ой бөлісіп, дұрыс жауап іздейді
Берілген тапсырманы оқулықтан мұқият   өзбеттерінше ойланады,  топта жұмыс жасайды. 
Қолдану.   Оқушымен жұмыс    Ноутбук  құралы арқылы әр топ слайд жасап ортаға қорғайды.
90
 

І топ               Видеоролик бойынша,   мыстын алыну тәжірибесі көрсетіледі, оқушылар түсіндіріп, тақтаға реакция теңдеуін  
жазады.  Ұялы телефон арқылы мыстың ашылу тарихын презентация жасап қорғайды.
ІІ топ       Видоролик бойынша, мыстың әр түрлі элементтермен қосылу реакциясы көрсетіледі, оқушылар тақтаға реакция  
теңдеулерін жазады. Қосымша оқулық арқылы мыстың физикалық қасиеттерін презентация арқылы қорғайды.
ІІІ   топ.           Мыстың   пайдасын,   зиянын,   биалогиялық   маңызын   ұялы   телефон   арқылы   және   қосымша   оқулық   арқылы 
презентация жасап ортаға қорғайды.
Талдау.  Есептеп көрейік    Оқулықпен жұмыс:
Ітоп:   1А есеп      ІІтоп:  1А есеп, 169бет
ІІІтоп:  Мыс элементінің табиғатта таралуын атап, мыс элементінің массалық үлестерін анықтау
№1 есеп:   Массасы 320г мыс сульфаты натрий гидроксидінің жетерліктей мөлшерімен әрекеттескенде түзілген мыс 
гидроксидінің шығымы 80пайыз болса, қанша мыс гидроксиді тұнбаға түскен?
 Жинақтау:          Бағалау:  «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар». 
                                     Мыс элементін сатылай кешенді талда
Үйге тапсырма:   Үш деңгейге бөлінген сынауқтар қойылады, оқушылар деңгей бойынша үй тапсырмасын дайындап 
салады
Рефлексия: Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын смайликтерге жазады.
                                   Топ  мүшелерінің бағалауы
Р/с
Топ мүшелері
Сұрақ жауап
1-3
Тақырыптарға 
түсінік  1-5
Қорғау
1-5
Есептеу
1-5
Сен маған 
мен саған
1-5
Талда
1-5
Жалпы ұпай
Дереккөздер және жабдықтар: Постер, бояу қарындаштар, видиороликтер, интерактивті тақта, ұялы телефон, ноутбук, 
стикерлер, бағалау парақтары, химиялық элементтердің периодтық жүйе кестесі
Кейінгі оқу:   d элементтерін  интернет желілерінен тереңірек оқу
Сабақты талдау: Жаңа тәсіл (стратегиялар, топтық жұмыс, диалог)
Сыни тұрғыдан ойлау (қайталау тапсырмаларын еске түсіру, маңызын дәлелдеуі,  тақырыпты талдау)
Жиынтық бағалау  (топ басшыларының бағалауы)
Формативті бағалау. Жас ерекшеліктеріне сай оқытылады
Дарынды және талантты оқушымен жұмыс
АКТ(видиороликтер көрсетілімдері, ноутбук, ұялы телефон, интерактивті тақта)
Білім берудегі көшбасшылық: мұғалім көшбасшысы
Сабақ бойынша өзгертулер
Дәстүрлі сабақтардан мүлде өзгеше құрылымда сабақ өткізілді. Сабаққа оқушының 
қатысы жоғары деңгейде болды. Оқушылар үйге  берілген тапсырмаларға сыни 
көзқараспен қарауды үйренді, шығармашылық жұмыс істей білді, топтық жұмыстарды 
белсене жүргізді. Әр оқушы өзінің пікірін білдіре отырып, дәлелдемелер келтіріп 
тұжырымдама жасады.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ  ОРНЫ. ҚОНЫСТАНУ ЖӘНЕ  ЗЕРТТЕЛУ  ТАРИХЫ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Каменова Алтын 
Қысқа   мерзімді  сабақ  жоспары
2-апта
4-күн  
4 сабақ
Сабақтың атауы
Географиялық  орны.Қоныстану және  зерттелу  тарихы.
Сілтеме
TrHW4_D5_S_Жоспар
Білім  стандарты, география пәнінің  Бағдарламасы          
Орта мерзімді  жоспар,  орташа   жедел  жоспар
Жалпы мақсаттар
Оқушы  бойында  өз  бетімен  білім алу,өзін-өзі  реттеу дағдыларын 
қалыптастыру.Сандық  технологияларда  құзырлылық танытатынбелсенді оқушы 
болып  қалыптасуын қамтамасыз  ету.
Оқыту  нәтижесі

Сынып  оқушыларының  ой-өрісі жетіледі.

Сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын белсенді  оқушы  болып 
қалыптасуын  қамтамасыз  етіледі.

 Сыни  ойлау арқылы  психологиялық  сенім  қалыптасады. 
Негізгі идеялар 
Оқушылар іс-әрекеттері  арқылы  ізденімпаздыққа  жетеді.Оқушылардың  
тақырыпты  түсіну деңгейін  анықтау,  түсінік  деңгейін  ескере  отырып  шешім  
қабылдау.
Тапсырмалар   
1-тапсырма. Орташа мерзімді жоспарлауда 
өзгерістерді бағалау кезінде деректер жинау 
TrHW4_D5_Act1a_Өзгерту туралы ойлану  
TrHW4_D5_Act1b_Жұмысты жоспарлау 
TrHW4_D5_Act1c_Түсінудің әсері 
Сұрақ-жауап,сауалнама
2-тапсырма.  Деректерді жинауды 
жоспарлау әдістері 
TrHW4_D5_Datacollection_Деректер 
жинау 
Кескіндер, сызбалар
91

Дереккөздер
Оқыту  мен оқудағы  жаңа  тәсілдер;  Сыни тұрғыдан  ойлауға  үйрету;
Оқыту үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау;  АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
                            Сабақтың  жүру  барысы
Уақыты
Мұғалімнің  іс--әрекеті
Оқушының  іс-әрекеті
           2 мин
          5 мин
          35 мин
         
         10 мин
        15 мин
        10 мин
       ұйымдастыру
      Өткен сабақ тақырыбына шолу.
     Жаңа сабақ қызығушылықты ояту.
     Еуразия материгіне шолу.
    ( мультимедия арқылы )
             «Мағынаны тану»
     Картамен жұмыс . 
    ( Еуразияның  шеткі нуктелерін тану )
     «Кубизм стратегиясы» қоныстану және 
зерттелу тарихы.
               «Ой қорыту»
    «Бес жолды тұжырым» стратегиясы
   Бағалау
   Жинақтау
  Сұрақ – жауап әдісі бойынша талдау, 
көрініс қою.
   Акт арқылы сұрақ – жауап топтық 
жұмыс сызба арқылы Еуразияның 
табиғат ерекшеліктерін түсіру
 Кескін картаға түсіру.
  Топтап бір – біріне сқрақтар қою, 
диалогтық оқыту,мшығармашылық 
тапсырма.
  Топтарға тапсырма түрінде беру.
  Өзін – өзі бағалау.
  Ұйымдастыру  Өткен сабақты қайталау:  Солтүстік жарты материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар тақырыбы бойынша көрініс қою.  ( Диалогтық оқыту )
Жаңа сабақ   « Қызығушылықты ояту»  ( Электронды оқулық арқылы Еуразия материгіне шолу.
Еуразия материгінің табиғатын сызба түрінде плакатқа түсіру.
«Мағынаны тану»   « Кубизм стратегиясы»
1.
Суреттеу   ( Минойлар қай аймақтарда сауда қарым – қатынасын жүргізген)
2.
Салыстыру Н.М. Пржевальский мен П.П. Семенов еңбектерін салыстыр.
3.
Зерттеу    Гректердің саяхат жасағандағы зерттеулерінен аңызға шолу жаса.
4.
Қолдану  Пржевальский еңбегінің ғылыми салаларында қолданылу сипаты қандай.
5.
Талдау    Семенов зерттеуіндегі Тянь – Шанның ерекшелігін талда?
6.
Талқылау Шоқан Уәлиханов зерттеулерінің география ғылымындағы маңызы?
           Жауаптар:
1.
Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен  сауда қарым – 
қатынасын жүргізген.
2.
Н.М.Пржевальский Тибет, Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтаған. Хуанхэ, Янцзы өзендерінің 
бастауын тауып сипаттаған.                                  П.П.Семенов Тянь-Шань тауына 2 рет саяхат жасап, шекарасын 
анықтаған, Хантәңірі шыңын ашқан.
3.
Гректің теңізшілері – аргоновтардың алтын жабағыны іздеп колжида ойпатына саяхат жасағандығы туралы 
аңыздар да бар.
4.
Өсімдіктер  мен жануарлардың ғылымға белгісіз жаңа түрлерін – жабайы жылқы мен жабайы түйені анықтаған.
5.
Семенов тянь – Шаньдағы биіктік белдеулерді ажыратып, қара сызығының мұнда Альпіден әлдеқайда биік 
жатқандығын анықтаған.
6.
 Ш. Уәлиханов Ыстықкөл жағасында болып көне тарихи кітаптар, этнографиялық бағалы бұйымдар, тау 
жынысының үлгілерін жинаған, карта жасаған.
                                         «Ой қорыту» стратегиясы   « Бес жолды тұжырым»
1.
Еуразия Улкен, биік  Зерттеді, анықталды, аталады  Зерттеушілер материкке саяхат жасады.
2.
Материк
Үйге тапсырма
 Құрал - жабдықтар
 АКТ құралдары: Интернет, интерактивті тақта, электронды оқулық 7-сынып, карта, 
кескін карта, постер, түрлі – түсті бояу, қағаздар
Келесі   тапсырмалар
Портфолио  деректері
Шығармашылық тапсырмалар
Өзгерістерді бағалау
TrHW4_D5_FU1_Басқа әріптестермен ақылдасу
ScB_W4_Сіздің контексіңізде 
TrHW4_D5_writing_Зерттеу сипаттамасы
Мектеп тәжірибесі негізінде өзгерістерді сипаттау 
 Келесі оқу
Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер қызықты материалдар.
Сабақты талдау
Топ жұмыстарын талдау, жұптық жұмыстарын  талдау.
Тәжірибелік сабақты   бағалау 
Сыни ойлауды  бағалау
Кескін картаға түсірген жұмыстарын формативтік бағалау.
Сабақтар бойынша өзгертулер
Оқушылардың  шығармашылығын  жетілдірді.
Әр сабақ   мынандай өзгерістер  мен  тың тәжірибелерге   толысатынына  көзім  жетті.
1.
Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.
Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
3.
Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
92

4.
Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5.
Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6.
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау
7.
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
8.
Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ:  39. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН
 ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ ТМД-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Гилажева Жаннат 
 Сыныбы : 9 «А»
Тақырыбы:  39. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау және ТМД-ның құрылуы.
Мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік жолындағы қиыншылықтарымен тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі 
қол жеткізген үлкен табыстары мен таныстыру , тәуелсіздік қасиетті ұғым екенін түсіндіру , ТМД-ның құрылуы туралы 
баяндау.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын , тілін , жерін сүюге , еліміздің рәміздерін қастер леуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:  Сөздік қорларын дамыту . Картамен жұмысқа дағдыландыру, терең ойлау , іздену қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі : жаңа сабақ 
Сабақ әдіс – тәсілдері : Түсіндірмелі , сұрақ – жауап , тірек – сызбалар, картамен  жұмыс.
Пәнаралық байланыс :    География, дүние жүзі  тарихы.
Көрнекілігі :  ҚР саяси картасы, техникалық құралдар , электрондық оқулық .
Сабақ жүру барысы. І Ұйымдастыру   Сыныпты 2 топқа бөлу
1 топ- Тапқырлар  2 топ- Алғырлар
ІІ Үй тапсырмасын сұрау  
Тарихи сипаттама
1 топ    Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы ,        Тамыз бүлігі күндері  саяси 
оқиғалардың өрбуі.
2 топ Қазақстан Компартиясының таратылуы , КСРО-ның ыдырауы, Бүкілхалықтық президент сайлауы
«Алғыр оқушы»  
І- топқа
1 .1989ж қай қалада шахтерлар ереуілге шықты
2. «АзИя » кітабының   авторы
3. Қаз КСР Конституциясы қашан қабылданды
4.  Қазақстан Ғылым  академиясының алғашқы президенті
5. «Қазақ ССР тарихы» еңбегінің авторы
6. Желтоқсан құрбаны
7. 1961 ж 12 сәуірдегі оқиға
8. Қазақстанды ұжымдастыру саясатын жүргізуші     
9. КСРО қашан құрылды     1922ж
10. Республика атауын өзгерту  туралы заң қабылданды      
11  1991ж 1 желтоқсанда өткен президент сайлауында кандидаттар қатарына кімдер жатты
ІІ-топқа
1.
Кеңес әскері Ауғанстан территориясын қашан алып кетілді
2.
«Ұлпан » повесінің авторы
3.
 1986ж Қазақстан Компартиясын басқарушы                    
4.
  «АзИя» кітабын қалай депте атайды      ( Ізгі ниетті оқырманның кітабы)
5.
Ауғанстаннан Кеңес әскері қашан шығарылды
6.
Кариб дағдарысы қай жылы болды
7.
География оқулығын құрастырушы
8.
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі қашан жарияланды   1990ж 25 қазан
9.
Тамыз бүлігі қашан болды
10. Кеңес одағы неше жыл өмір сүрді      (74жыл)
11. Желтоқсанның 8 күні Минскідегі кездесу себебі 
Тарихи тұлғалар (тұлғалардың суретіне қарап қысқаша сипаттама береді )
1.
Олжас Сүлейменов
2.
 Қайрат Рысқұлбеков
3.
Дінмұхамед Қонаев
4.
Тұрар Рысқұлбеков
5.
В. И. Ленин
6.
 И. В. Сталин
7.
Әлихан Бөкейханов
8.
 М. Шоқай
ІІІ Жаңа сабақ. 1Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы
2 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы
3 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының халықаралық маңызы
4 ТМД- ның құрылуы   
93


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал