Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/33
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

ТӘРБИЕ  САҒАТЫНЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: КЕШІРІМДІ БАЛА - КІШІПЕЙІЛ БАЛА
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті
                                Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
                                                         бастауыш сынып мұғалімі Ташимова Жанна Нұрбайқызы
Тәрбие  сағатының  тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала
Мақсаты: 1. Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, оқушыларды  
кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, көмектесуге үйрету.
2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, 
дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.
3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке 
баулу.
Сабақтың  көрнекілігі:  Мақал-мәтелдер, суреттер, шарлар, инт тақта 
Сабақтың түрі: Өнеге. Қазақстан Республикасының Гимн орындау.
Тәрбие  сағатының  барысы:
I. Ұйымдастыру  кезеңі: 
 Сәлемдесу   
Үлкенге  де  сіз,
   Кішіге де  сіз,
 Бар адамға құрметпен,
 Бас иеміз біз. 
«Шаттық  шеңбері»
Адамдарға  кешіріммен қарайтын,
Жан  жылуы жылылық боп тарайтын,
Кішіпейіл  бала болғым келеді,
Айналасын  нұрлы күнге балайтын. 
-Ал, ендеше, балалар  сендер "Арыстан мен 
тышқан" ертегісін  білесіңдер  ме? 
-Осы  ертегіден  нені  байқадық? 
•Кішіпейіл  болу дегенді қалай түсінесіңдер?
•Достарыңмен және  жақын адамдарыңмен 
ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
•Кешірім сұраудың  достықты  сақтауға  көмектескен  кездері болды ма?
-Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме  мен бүгін өте қуаныштымын. 
Мұғалім: Ендеше,  балалар  бүгінгі тәрбие сағатымыз  "Кешірімді бала- кішіпейіл  бала" тақырыбында  өтіледі. Тәрбие 
сағатымыз сайыс түрінде де  болады.
Кісінің     бойында     жақсы   және   жаман   қасиеттері     болады.     Бізге   ақылдылық     пен   адалдықты,   қарапайымдылық   пен  
кішіпейілділікті, шыншылдықты өмірді көре білген үлкен  кісілерден үйренеміз. Бізді жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман  
мінез құлықтан аулақ болуға бағыт беріп отырады.
Абай атамыздың өлеңінде:
 «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
70
Арыстан мен Тышқан
Ұйықтапты бір арыстан айдалада,
Тыныштық алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан  жүр сейіл құрып,ойнақ  салып, 
Бір  уақыт жүгіріпті басқа барып, 
Арыстан өлтіруге  айналыпты,
Басын  басқан Тышқанды ұстап  алып.

Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан» бұл өлең шумақтарында атамыз кішіге мейірімді, үлкенге құрмет, досыңа қайырымды болуды  
қысқа шумақпен тәрбие жөнінде толық мәлімет беріп өткен.
 Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман  мінез, жаман әдеттерден  аулақ  болуы  керек. Ендеше 
әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
Бірге: Жақсылықтан үйреніп,
            Боламыз біз жақсы адам. 
            Жамандықтан жиреніп 
            Үлгі аламыз жақсыдан. 
Мұхамеджан
Тәртіпті бала сүйеніш, 
Төбең бір көкке жетеді. 
Ұрыншақ бала  жанында, 
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
 Ұнамды қылық байқайсың. 
Ринат
Кім үлкенді сыйласа, 
Кім үлкенді тыңдаса 
Үлкен болған кезінде 
Сыйлы болмақ өзі де. 
Серікболсын
Сыйла үлкен кісіні 
Қамқорлыққа ал кішіні. 
Сақтап  көше тәртібін,
Бағдаршамның  ал тілін. 
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді. 
Аида
Сыйлап сәлем  беремін 
Көршілерді көргенде. 
Ізетпен бас иемін, 
Үйге қонақ келгенде. 
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Анама айтып өкпесін. 
Нұрай
Атам маған қашан да, 
Кішіпейіл бол деген. 
Ата сөзі санамда, 
Мақтанбауды  жөн  көрем. 
Олжас
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі. 
Әсет
Атам маған қашан да, 
Әділетті бол деген. 
Ата сөзі санамда, 
Жүрем тура жолменен.
Әлідос 
Қалдыр атын  ұятқа, 
Жалған сөзге төзбеймін. 
Жеткізетін мұратқа, 
Тек  шындықты көздеймін.
Арсен: 
Ізетті бала 
Ерлан қандай елгезек, 
Берді ағайға жол кезек: -Ағай ғафу етіңіз! Алға қарай өтіңіз.
 -Оқасы жоқ, ұланым, Ізетіңмен ұнадың. 
Деп ағай да  Ерланды  жақсы  көріп  нұрланды.
Көрініс: "Әже  мен  балалар"
Дүкенге  бір қарт әже  келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі 
тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке 
келе жатқан еді. Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп , қарт әжені 
көтеріп тұрғызып жібереді. Ол  рақмет  айтып, кетіп қалады. 
Қыз бала одан.
-Ана  кісі сенің анаң ба ?    -Жоқ, анам емес.
Жеңгең бе ?  Жоқ, жеңгем емес.
-Әлде әжең бе ?   Жоқ ,әжем емес .
Танисың ба? Жоқ  танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала 
таңырқап қалады. 
 -Сонымен балалар сендер осы  көріністен  не түсіндіңдер? 
(балалар өз ойларын айтады).Әже  не деді балаға? (рақмет).
-Ал, сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, 
кешірініз) 
Оқушыларды  екі  топқа бөлу. "Әдепті", "Ақылды"
1- тапсырма. Бірінші топтың  тапсырмасы: "Кішіпейіл  бала  қандай ?"
Екінші топтың  тапсырмасы: "Кешірімді бала қандай? "
2-тапсырма. Ойын  жалғастыр.
Бірінші  топтың  тапсырмасы: «Не істеуге болмайды?»  оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады. 
1. Үлкендердің  алдын- 
2. Кішкене баланы- 
3. Құстарды- 
4. Қыз баланы- 
5. Сабақтан- 
6. Үйге жүгіріп- 
7. Үлкен кісіні-
 8. Оқу –құралдарын- 
9. Сыныпта айғайлауға- 
10.Ысқыруға-
 Екінші  топтың  тапсырмасы: Не істеу керек?
 – Үлкендерді сыйлау керек 
–  Ата- аналардың тілін алу керек 
–  Тәртіпті болу керек
 – Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
71

 – Сабақты жақсы оқу керек
3- тапсырма.
Жағдаяттарды  шешу.
Бірінші топтың  тапсырмасы: Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде: – Балам, біз жұмыстан келгенше сабағынды оқып 
болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары 
Айдын мен Дидар келіп Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындарын немесе 
достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды. 
Сұрақ: Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Екінші  топтың  тапсырмасы: Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан  көрші үйдегі 
Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді. Ернар: Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші деді. Жаңыл інісінің сөзіне 
ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады. 
Сұрақ: Жаңыл інісіне не деп айтты деп ойлайсындар? Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
 Жағдаяттарды  талдау.
1. Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
2. Алпамыс байқамай  Айжанды  қағып  кетті...
Ән: "Болайықшы осындай"
Мұғалім: Балалар, бүгін  біз  сіздермен кешірімді бала мен  кішіпейіл  бала  қандай болуы керек екені жайлы  білдік. Яғни 
ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады. Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір 
сүруіне мүмкіндік жасайды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады, кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, 
жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет 
болып табылады
Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, басқалардан 
ерекшеленуге әрекеттенбеуден көрінеді. Ондай адамдардың сөзі ұстамды келеді. Сол үшін де халық, кішіпейілділік кішілік 
емес, кісілік деп оның  мәнін өте  дұрыс  айтып жеткізген.
Әр адам өзін кез-келген жерде бір- бірлерін кешіре  білуі керек екен. 
* * * * *
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДА МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ РОЛІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Мектеп кітапханашысы Төлекбаева Бибіхан 
     Ата-бабамыз айтып кеткен «білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деген нақыл сөзге бүгін - біздер келіп тіреліп  
отырмыз. Өйткені елбасы   «еліміздің бәсекеге қабілетті ел қатарынан орын алуы-білімді жастардың еншісінде»деп атап  
көрсетті.Қай қоғам білімді болса,көп оқыған болса,сол ел озық ел және мықты ел.
       Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі мектеп кітапханасы.Мектеп кітапханасы  
оқушыларға сапалы білім беруде,тәрбиелік іс-шараларды өткізуде бірден -бір қайнар көзі.
       Қоғамымыздың   дамуы ақпараттың қең таралуымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп   түсіндіру мәселелерімен 
тиянақтала түседі.Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған  аралдай, оты өшпеген қара  ошақтай, қараңғы түнде  
алдан   жарқыраған   жарық   сәуледей   жол   нұсқайтын   -мектеп     кітапханасы.Рухани   тарихын,   ата-бабаларымыздың   салт- 
дәстүрлерін, әдеп- ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан- теңіз...
       Қазіргі заманда оқушылардың өскелең талабын қанағаттандыру, олардың кітап алып оқуын ұйымдастыруда , рухани 
байлығы мен жалпы  қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда мектеп  
кітапханаларының атқарар істері көп.
Кітапхана- оқушылардың сапалы білім беруде, тәрбиелік іс –шараларды өткізуде мұғалімдердің бірден- бір сенімді серігіне  
айналуы   тиіс   .Осы     орайда   мектеп   кітапханасының   атқарар   істері   көп.Біздің   кітапханада   оқушылардың   білім   сапасын 
арттыру,   сапалы   тәрбие   беру   бағытында   көптеген   іс-   шаралар   (әр   түрлі   тақырыптағы   кештер,   сайыстар,   оқырмандар  
конференциялары, қітапханалық шолулар, дөңгелек столдар, кітап көрмелері )өткізіледі.
Сонымен   бірге   оқулықтан   басқа   жеке   пәндер   бойынша   өткізілетін   панорамалық   сабақтардың,   сыныптағы   тәрбие 
сағаттарының түрлі әдеби-мәдени кештердің бейнетаспалары жинақталады.
    Информатика, физика, химия, биология, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі тағы басқа пәндер бойынша элекронды 
оқулықтар бір шама жүйеге келтіріліп, пән мұғалімдерінің пайдалануына дайын тұрады.Күнделікті оқырмандарға қызмет 
көрсету жұмысы жүргізіледі,онда іздеген кітаптарды барынша тауып беріп ,уақытылы қайтарылуын талап етемін.Қажетті 
материалдарды   оқырмандарға   түрлі   энциклопедиядан,кітаптардан   тауып   беремін.Оқушыларға   көмек   ретінде   жиналған 
материалдарды жинақтап,
альбом   жасалынады.Кітапхананы   мерзімді   басылымдармен   қамтамасыз   ету   жүйелі   жүргізіледі.Басылымдардағы   жарық  
көрген жаңа кітаптар,маңызды мақалалар оқушыларға,ұстаздарға насихатталып отырады.
Мектебіміздің кітапхана қорында-3014дана кітап болса,оның-1642-сі оқулық, ғылыми-көпшілік кітаптар мен әдеби кітаптар 
саны-1348дана,сонымен   бірге   23   электронды   оқулықтар   мен   АСУ   программасы   бар.Бізге     келген   кітаптар 
«Атамұра>>,<<Мектеп>>,<<Аруна>> т.б. баспаларынан шыққан .
          Мектеп   кітапханасында   оқушылардың   білім   сапасын   арттыру,саналы   тәрбие   беру  бағытында   көптеген   іс-шаралар  
өткізіліп   отырады.Күнделікті   өмірдегі   жаңалықтар,ақын-жазушылардың,өнер   иелерінің   мерейтойларға   арнап   кітапхана 
бөлмесінде бұрыш жасалынады.Кітапханада кітаптарды тиімді пайдалану үшін оқушылар мен мұғалімдерге <<Денсаулық –
бірінші байлық>>, <<Ертегілер елінде>>, «Ой бөлістім халқыммен...»,<<Сырдария-жырдария>>,<<Мұғалімдерге арналған 
әдістемелік   бұрыш>>,<<Мәдени   мұра>>,     «Балаларға   базарлық»,   «Жаңадан   түскен   кітаптар»   т.б.тақырыптарда   арнайы  
тақырыптық   бөлімдер   бар.Белгілі   бір   мақсатта   әрдайым   кітап   көрмесі   арнайы   іріктелініп,жүйеленіп 
отырады.Мысалы<<Менің Отаным-Қазақстан>>,<<Қазақстан рәміздері>>, «Сиқырлы заң кітабы» т.б.
72

     Мектеп кітапханасы білім мен мәдениеттің кәусар көзі.  Әртүрлі   тақырыптағы кештер, сайыстар мен  оқырман  сайысы, 
әдеби   шолулар   мен   дөңгелек   столдар   ,   кітап   көрмелері   өткізіледі   .Мектеп   партасында   отырған   жасөспірімдер       мен  
бүлдіршіндерді рухани байыту –кітапхананың төл ісі . Сондықтан біздің кітапхана өзіне мынадай міндеттерді жүктейді:
-жан –жақты дамыған баланы тәрбиелеуге ат салысу
-оқушылардың ой- өрісін кеңейту, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу;
-мектептің педогог қызметкерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектесу.
           Кітап –бір бүтін сырға толы әлем ,оқыған сайын өзіне баурап алады.Сондықтан болар кітапханада ешқашан тыныш  
болмайды.Әсіресе   қоңырауда   шулы   болады.Осында   балалар   кітап   пен   журнал   алуға   ғана   емес,өздерін   қызықтыратын 
сұрақтарға жауап табу үшін және кітап туралы әңгімелесуге де келеді.
Оқушыларды кітап оқуға тартуда ең үлкен рөл атқаратын жұмыс көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру.Сондай  іс-
шаралар өткізу арқылы оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға,білімін,ой-өрісін байытуға үлкен үлес  
қосамыз.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады,насихаттау 
жұмыстары   жүргізіледі.Салауатты   өмір   салтын   қалыптастыру   бағытындағы   іс-шараларға   арнайы   мамандар   мен   пән  
мұғалімдерін қатыстыра отырып дайындалады.
Мектеп кітапханасының қазіргі талаптарға сәйкес жабдықтау,кітап қорын молайтып оқушылардың,мұғалімдердің 
кітапханамен байланысын арттыру ісін қолға алып,шығармашылық бағытта көптеген жұмыстар жүргізіледі.
     Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына байланысты әр түрлі тақырыпта ғылыми баяндамалар,оқу семинарлары 
ұйымдастырылады.   Пән   мұғалімдермен   тығыз   байланыста   болып,дарынды,үлгерімі   төмен   оқушылармен   күнделікті 
жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын оқушылар арасында<<Кітапқұмарлар>> атты сайыс өткізіліп, соңы әдеби кешке ұласады. 
Біздің алға қойған міндетіміз – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны  
қалыптастыру  жолында  аянбай еңбек ету. 
             Сол   бағытта   кітапхана   жұмысын жандандыру ісін жолға қою жолында жұмыс жасап келемін. Тұжырымдай келе,  
казіргі   қоғамымыздың   дауына     орай     ақпаратты   аудио,   видео,   интернет   арқылы   алу   мүмкіндігі   жоғары     болғанымен 
кітапхана арқылы   әдеби кітаптарды оқи отырып   алатын   білім мен тәрбиенің орны бөлек. Ұлы   ұстаз   Ы.Алтынсарин 
атамыз  <<Оқысаңыз,   балалар,   Шамнан   шырақ   жағылар>>    деп     алдағыны   көрегендікпен     болжаған. 
Мұндағы<<шамы>>  тұңғиық   терең   білім ,ғылым болса керек.  Осынау білім деген шамның   жарқырай түсуі   үшін  
кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері- кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.   
              * * * * *                
ЖАҢАША ОҚЫТУ- ЖЕТІСТІК КӨЗІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Төлекова Гүлзира Аятбекқызы
     Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық 
саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Осы 
орайда,   білім   ордасының   табалдырығын   жаңа   ғана   аттаған   жас   бүлдіршіндердің 
дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында 
бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.      Бұрынғы қолданыста  
жүрген  оқу бағдарламалары  оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы 
екеніне жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі, дәл қазіргі уақыт, ең алдымен, адамның ақыл-ойы мен  
қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді.
       Ендеше, бұдан шығар қорытынды мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы  
тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет болды. 
     Ерте заманнан бері адам баласы барлық өмір құбылыстарын, өздерін қоршаған ортаны тануға талпынған. Үйрену мен  
үйтетуден тұратын жердің бәрінде ұстаз бен шәкірт болған.Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.  
Осыған орай ортамызда  орын алып жатқан оқытудың жаңашыл  жобалары осындай философиялық негізді  басшылыққа 
алған. 
    Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы,  
(RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту 
арқылы   іске   асыру   және   оқушыға   тиянақты   білім   беру,   оның   сабаққа   деген   қызығушылығын   арттыру,   ізденіштігін, 
байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- RWCT бағдарламасы деген 
болар едім.
   RWCT бұл:-жеке, жұпта, топта, бірлесіп жұмыс істей білу;
   -оқуда білімді өз бетінше іздеу;
   -білімді терең ұғыну;
   -теория мен практиканы біріктіру;
   -бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынаста болу; 
   -өз пікірін жақтай, дәлелдей білу;
   -ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылау;
   -қажет жағдайда көзқарасын өзгерту т.б.
        Өйткені   сын   тұрғысынан   ойлау   –ең   алдымен   шығармашылық   ойлау.   Шығармашылық   ойлау   нәтижесінде   жаңалық 
ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді (Л.С.Выготский).
      Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала кетсек: оқушы өзіне керекті, өз өміріне жарата алатын  
ақпаратты таңдай біліп, оны өздігінше игеруге көмек болатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.
     «Сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынды:
   -күтілетін  нәтижелерді нақты айқындау;
73

   -жазба жұмыстарын жиі орындау;
   -оқушылардың ой-өрісін белсендіретін сұрақтар қою;
   -бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
   -оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.
     «Сыни ойау» жобасы әр шәкірттің өзіндік түсінік қалыптасуына мүдделі, осылай олар өзінің теңдесі жоқ ерекшелігін  
айқындап, соған иланады.
        Мұндай жағдайда ақпарат оқытудың нәтижесі емес, оның бастапқы кезеңіне айналады: оқушы осы мәліметті түсініп,  
талдап,  оны  өзінің  әлеуметтік  тәжірбиесі   тұрғысынан бағалай  отырып,  соның негізінде  өзінің  түсінігі  мен  түйсінуімен  
байланысты жаңа білім құрастыруға дағдыланады, оны керегіне жарата алады.
    Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған көптеген 
оқыту   мәселелеріне   көмектесе   алды..   Сын   тұрғысынан   ойлау   –   өте   күрделі,   маңызды   құбылыс.   Мұғалім   осы   әрекетті  
ұйымдастырушы,   бағыттаушы.   Оқушы  әр  түрлі   ақпарат  көздерінен   сусындап,   өз   түйінін   айта   білуі   керек.   Кез   -келген 
мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. « Сын тұрғысынан ойлау»  
бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып өткен сабақтардың әсері мол. 
   Бұл бағдарлама негізінен мұғалімдердің де оқушылардың да алдына міндеттер қояды. Соның бірі өзінің оқыту жүйесінде  
сын тұрғысынан ойлауды және өз бетімен білім алуға көмектесетін кестені қолдану. Сын  тұрғысынан ойлау бағдарламасы  
қызығушылықты ояту, мағнаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі (кезеңдердің мақсат-міндеттері).
1.Қызығушылықты ояту ( сұрақтар қою). Зерттелетін мәселені түсіндірумен шектеледі. 
2.Мағынаны тану. ( жауаптар іздеу, мәселені зерттеу). Оқушылар жұмысты талдайды, берілген сұрақтар бойынша өзіндегі 
білімдерді еске түсіреді, белсенді түрде жаңа мағлұматтарды іздеуге кіріседі. 
    3.Ой   толғаныс.(ойлау   процесінің   ең   жоғарғы   сатысында   мәселені   талқылау   ).   Шешімі   табылған   мәселені   жалпылау, 
алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады. 
Енді « Сын тұрғысынан ойлау » бағдарламасының стратегияларын Ана тілі сабақтарында қолданғаным жөнінде тоқталып 
өтейін.
2-сыныпта   Сағи   Жиенбаевтың   «   Әлия»,   Сәду   Машақовтың   «   Мәншүк»   өлеңдерін   оқыған   кезде,   сабақтың   ой   толғау  
кезеңінде Вен диаграммасы стратегиясын қолдандым.
 
                 Әлия
Мергендер мектебін бітірген, 
Балалар үйінде тәрбиеленген,
Әлия   туралы   әнді   Роза   Рымбаева 
шырқайды
                 Ұқсастығы
Жас,   соғысқа   сұранып   барған,   қаза 
тапқан,   кейіннен   Кеңес   Одағының 
Батыры болған, атында көше бар, олар 
туралы көркем шығарма бар, ескерткіш 
қойылған.
                 Мәншүк
Шын   аты   Мәнсия,   медицина 
институтында   оқыған,   Қызылордада 
Мәншүк атында педагогикалық училищесі 
бар
 
   Вен диаграммасы – ақпаратты есте сақтау, таңдау және оқушының деңгейін көрсетеді. Ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу 
кезінде тақырыпқа тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Кубизм – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға 
көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолданады. 1-сыныпта Ы.Алтынсариннің   « бір уыс мақта » 
әңгімесін оқыған кезде мақтаны тереңірек түсіндіру  мақсатында осы стратегияны қолдандым.
Суреттеңіз: Мақтаның түсі ақ, жұмсақ, сабағы жасыл.
 Салыстырыңыз: Мақта ақ  қарға,гүлге ұқсайды.
Байланыстырыңыз: Бір алқапта өскен мақта көз алдыңа  қарды  елестетеді. 
Қолданыңыз: Жіп жасайды,киім тігеді,көрпе,көрпеше жасайды. 
Саралаңыз: Бір уыс мақта ертегісіндегі торғайдың мақтаның керексіз қиқымын қалай пайдаланғанын айтып береді.
Талқылаңыз:Қолдануы туралы айтқан топқа қосарымыз мақтадан май өндіріледі. 
Оқушы бұл сабақта аз ғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсе ала алады деп ойлаймын.
3- сыныпта Әуелбек Қоңыратбаевтың « Киіктің айласы », Сәкен Сейфуллиннің « Ақсақ киік » шығармаларын оқыған кезде  
Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді стратегиясын қолдандым.
               Білгенім
            Үйренгенім
       Үйренгім келеді
Киік   қой   сияқты   момын   жануар,адамға 
еш залалы жоқ,  шөппен қоректенеді.
Киікті   ақбөкен   деп   те   атайды,   оның 
қаруы   –   аяғы,   жауынан   қашып 
құтылады,   қажет   кезде   айла   да 
қолданады,   сұлу   аң,   адамдар   мүйізі 
үшін   аулайды,   жаңа   туған   лағын 
құралай деп атайды
Мүйізінен   қандай   дәрілер   жасалады?
Қанша жыл өмір сүреді? 
Қолға үйретуге бола ма?
Неліктен киікті қорғау керек?
Үйренгім келеді бөлімінде пайда болған сұрақтарға оқушылар өздері ізденіп шығармашылықпен айналысады.
Сабақты қорытындылаған кезде Бес жол өлең  стратегиясын қолдану да өз нәтижесін береді.
Киік.
Жуас, ақылды.
Суға  келді, ,жылдам жүгірді, шөп  жеді.
Бір киік бірнеше  қасқырды алдап кетті.
Сахараның жануары.
Бұл   мәтінді     қысқа   ғана   түсіндіретін   немесе   тақырыпты   толғандыратын   5   жолдан   тұратын   өлең   жолдары.   Ақпаратты  
түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңызды өнер. 
3-сыныпта «Құстар айтысы» ертегісін оқыған кезде ой қорыту кезеңінде  Қарама-қарсы элементтер  стратегиясын қолдану 
арқылы мәтіндегі оқиға желісін түсінуге мүмкіндік туды.
74

               Құсбегі 
Орманға барады, 
тор құрады
 тордың   артынан   жүріп   отырады, 
ойлайды.
Ойы рас болады.
Торды ұстап алады.
 Үйіне апарып қамап қояды.
            Құстар  
Торға түсіп қалады,
ақылдасады,   бірлесіп   қимылдайды,торды 
көтеріп әкетеді
 Жанжалдасады,   қанаттарын   ақырын 
қағады.
Ұсталып қалады.
    Оқиға желісі  
Торға түскен құстар.
 Бірлесу.
 
Жанжалдасу.
 
Қолға түсу.
 
Қай жастағы бала болмасын, табиғатынан сұраққа толы. Олардың сұрақтары білім алуда ең күшті жетекші болып табылады.  
Бұл бағдарламаны өз тәжірибеме енгізгеннен бері жаңа бір күш, жаңаша серпіліс пайда болғандай. Осындайда   ойыма ұлы 
орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің « Кімде-кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек »,-  
деген сөзі оралады.
« Сын тұрғысынан ойлауды дамыту » бағдарламасын қолдана отырып өткен сабақтарда оқушы сын тұрғысынан ойлап,  
дәлелдеуге   тырысады,   ой-өрісін   кеңейтеді,   еркін   ойлай   отырып,   келе-келе   мұғалімнің   түсіндіргеніне   қарағанда   өз 
ізденісімен сабаққа  қызығушылық  танытады. Сонымен қатар, жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар жүргізу 
арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын 
бағалау білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше 
бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, олардың өз  
мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. 
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне 
нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте  
жүру қажет деп ойлаймын.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал