Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/33
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.   Б.А.Әлмұхамбетова,   М.А.Ғалымжанова   «Білім   беру   жүйесі   қызметкерлерінің   біліктілігін   арттыруда   ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет.
2. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет.
3. Интернет көздерінен.
4. «Информатика негіздері» журналы №1-2012 жыл – А.Абаева «Жаңа ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану»  
(5-6 бет).
5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: НАН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдиева Қалия
Сыныбы: МАДС  Тақырыбы: Нан қайдан шығады?
Мақсаты: Балаларға «Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беріп, балалардың сөздңк қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау 
қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету. Еңбекті бағалау, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Міндеті: Балаларды нанның қадірін бағалап, білуге үйрету.
Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.
Түрі: Дәстүрлі ұйымдастырған оқу іс-әрекеті.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілік: Тақырыптық материалдар, интерактивті тақта.
Инклюзивтік әлеует: Балалардың өз ойларын ашық айта білуге баулу.
Іс-әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Түйсік түрткісі
Мұғалім ең алдымен іс-әрекетті балалармен 
бірге   «Шаттық   шеңберімен»   бастайды. 
«Шаттық   шеңбері»   табиғат   анамен 
амандасудан басталады.
Балалар   мұғалімнің   ұсынысы   бойынша 
«Шаттық   шеңберіне»   тұрып,   табиғат 
анамен амандасып алады.
Амансың ба, алтын күн?
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам. 
-  Жарайсыңдар,   балалар.   Міне   бүгін   біз 
көркем   әдебиет   іс-әрекетін   жақсы   көңіл-
күймен   бастадық.   Енді   мен   сендерден 
өтілген   іс-әрекеттерден   бұрын   білетін 
ертегілермен танысқанымызды еске түсіріп 
жіберейік.   Сендер   сол   ертегілерді   атап, 
мына суреттерден сол кейіпкерлерді тауып, 
тақтаға іле қойыңдар. 
Балалар   өтілген   іс-әрекеттегі   танысқан 
ертегі   бойынша   суреттерден   өздеріне 
таныс   ертегіні   таңдап   алып,   тақтаға 
шеңбердің   айналасына   орналастырады. 
Мысалы,   «Мақта   қыз   бен   мысық», 
«Шалқан», «Бауырсақ». 
Ұйымдастыру 
ізденушілік
-  Ал   енді,  балалар,   тағы   да   ертегі 
тыңдағыларың   келеді   ме?   Мен   сендерді 
керемет   ертегімен   таныстырғалы   тұрмын. 
Сендер   ертегіні   тыңдамас   бұрын   мен 
сендерге жұмбақ жасырамын.
      Ұзын мұртты сарылар,
      Наның содан алынар.    (бидай)
Балалар   жұмбақтың   шешуін   тауып 
береді.
- Жарайсыңдар, балалар! Әрине жұмбақтың 
жауабы   бидай   болады.   Бүгінгі   біздің   іс-
әрекетімізде   осы   бидайдан   жасалатын   ас 
атасы   –   нан  туралы   өтеміз.   Мен  сендерге 
қазір «Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып 
беремін. 
Осы   кезде   есік   қағылып,   ішке   «Ғажайып 
сәт»   ретінде   Бидай   кіріп,   балалармен 
сәлемдеседі. Бидай:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге 
қонаққа   келдім,   -   деп   өз     қуанышын 
білдіреді.
     Қуанамын мен де, 
     Қуанасың сен де,
     Қуанайық, достарым,
53

     Арайлап атқан күнге.
-   Ал,   балалар,   сендермен   бірге   нанның 
қайдан шығатынын менің де білгім келеді 
және   сендердің   нан   туралы   не 
білетіндеріңді   менің   де   естігім,   көргім 
келеді.
Мұғалім Бидайды төрге отырғызады.
Әңгімелесу
Мұғалім   Бидайды   төрге   отырғызады   да, 
балаларға   ертегіні   айтып   бермес   бұрын, 
балалармен әңгіме қозғайды.
-   Нан   туралы   не   білесіңдер?   Ал   сендерге 
сол   нанның   қайдан   шыққанын   айтып 
берейін.   Сендер   мұқият   зер   салып 
тыңдаңдар.
Нан   туралы   білетіндерін   ортаға   салып 
айтады.
Кері байланыстылық, 
түзетушілік
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Бидайға ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Бидай болып жайқалам.
-   Енді   осы   ертегіні   рөлдерге   бөлініп, 
сахналап   көрейік,   -   деп   балаларды   рөлге 
бөледі, ертегіні сюжетті рөлді ойын ретінде 
сахналайды.
Балалар тышқан, нан, күзетші, сатушы, 
наубайшы, диірменші болып ертегіні 
сахналайды.
Содан   соң   мұғалім   балаларды   мақтап, 
мадақтап   отырғызып,   нанға   байланысты 
мақалды Бидайға айтып беруді сұрайды.
Балалар   Бидайға   өздері   білетін 
мақалдарды айтып береді. 

Ас атасы – нан.

Нан бар жерде ән бар.
-
Жарайсыңдар,   балалар.   Сендер 
көп   мақал   біледі   екенсіңдер.   Енді   мен 
сендерге  егінге  байланысты  мақал-мәтелді 
айтып   өтейін   және   нанға   байланысты 
тыйым сөздерді де айтамын.

Жердің сәні – егін,
            Ердің сәні – білім.

Ексең егін,
Ішерсің тегін.
Тыйым сөздер:

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды жерге тастама.

Наннан аттама.
-   Міне,   балалар,   нанның   қандай   еңбектің 
арқасында   келетінін   білдіңдер.   Нанның 
қасиеті мен қадірін білуіміз керек.
Осы   кезде   ғажайып   сәт   ретінде   келген 
Бидай   да   өз   ризашылығын   білдіріп, 
балалармен   қоштасып,   өзі   әкелген 
бауырсақты балаларға үлестіріп береді. 
Мұғалім   іс-әрекетке   белсенді   қатысқан 
балаларды мақтап мадақтайды.
Күтілетін нәтижелер: Балалар не үйренді? Олар нанның қайдан шығатынын білді
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Химия-биология пәнінің мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы: Мүшелер және мүшелер жүйелері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Мүшелер және мүшелер жүйесінің құрлысы, қызметі  жайында түсінік беру
Тәрбиелік:  Оқушыларға   Мүшелер   және   мүшелер   жүйесі   тақырыбын   түсіндіре   отырып,   бір-біріне   көмектесуге,   бірігіп 
жұмыс жасауға, тазалыққа,  сабырлылыққа, адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу
54

Дамытушылық:  Мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысын және атқаратын қызметі жайында білімін тереңдету, өз 
қалыптастыру. а) жаңа ұғымдар: 
V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
1. Мүше дегеніміз не? 2. Мүшелер жүйелері дегеніміз не?  
VI. Жаңа түсінікті тексеру: 
VII. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар
Биология пәнінен арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар мен жұмыс жасау
VII. Жаңа сабақты қорытындылау. Мүше біртұтас организмнің бөлігі болып табылады, сондықтан организмнен тыс 
жұмыс істей алмайды. Бірақ организм кейбір мүшелерсіз әрекет ете алады. Бұған хирургиялық жолмен аяқ-қолды, көзді, 
тісті алып тастау дәлел.  
IX. Оқушылар еңбегігін бағалау
X. Үй тапсырмасы:  1. Мүшелер және мүшелер жүйелері
2. Дұрыс жауабын табыңдар
3. Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар «Мүшелер жүйесі»
4. Сөздіктерді сөздік дәптерге жазу 
* * * * *
WOULD YOU LIKE TO ORDER ?  СІЗ ТАПСЫРЫС БЕРЕСІЗ БЕ?
                     Алдабергенова Акмарал Абдинабиевна
  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
     Негізгі білім беретін № 221 Аққұм мектебі
Сабақтың аты
Would you like to order ?  Сіз тапсырыс бересіз бе?
Сілтеме 
Жоспар
Жалпы мақсаты
  «Would you like to order? » сұрағы  және жаңа сөздіктің мән мағынасы туралы 
ақпарат беру; 
Сусындар мен тағамдарды  тапсырмалар орындауда ажырата  білуге үйрету; 
Өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрету;
Күтілетін нәтиже
«Would you like to order? » сұрағы  туралы білетін болады; 
Сусындар мен тағамдарды ажырата алатын болады;
Өзара бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі  идеялар 
Would you like to order ?  -  Ілтипат көрсету мақсатында қолданылады. 
I like – маған ұнайды 
I would like- маған қажет
Do you like?- Сізге ұнай ма?
Would you like?- Сізге қажет пе?
Тапсырмалар 
Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс  «Пилот - штурман»
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»  
55

56

Диалогты толықтырыңыз
Would you like to order?
I would like  …   please.
Would you like … or …?
…   please.
Here you are.
How much is that?
-  That’s …    . Thank you.
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІI.  Кері байланыс (сұрақ,не үйрендім, не қиын болды.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар  
Жаз айындағы өзің байқаған  тағамға тапсырыс беру жайлы диалог жазу.
Кейінгі оқу
«Would you like to order?»  тақырыбын оқу.
ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІН ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ
 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің 
тарих-география пәндерінің мұғалімі  Байдулла Мөлдір Ерманқызы
Еуразия материгін қайталау сабағы
  7-сыныптың  материктер мен мұхиттар географиясы бойынша Еуразия материгін қайталау 
сабағын сұрақ-жауап,ойын түрінде пысықтауға болады.Сабақ   5-бөлімнен тұрады
1.Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.
1- топ-«Еуропа»   2-топ «Азия»
1- бөлім  «Сиқырлы әріптер» оқушылар тақтада берілген әріптерді таңдап, соңында берілген 
сұрақтарға жауап береді.
А
Ә
Б
В
Г
Ғ
Д
Е
Е
Ж
З
И
Й
К
Қ
Л
М
Н
Ң
О
Ө
П
Р
С
Т 
У
Ұ
Ү
Ф
Х
Һ   
Ц
Ч
Ш
Щ
Ъ
Ы
І
Ь
Э
Ю
Я
А-Еуразиядағы ең үлкен түбек- Арабия
Ә-Еуразияның ішкі тұйық алабына жататын өзені- Әмудария
Б-Жер шарындағы ең үлкен көл – Байкал
В-Б.з.б 79 жылы Италиадагы Помпей қаласы қай 
жанартаудың атқылауынан лава астында қалды – Везувий.
Г-Испаниядагы қуатты жанартау – Гекла
Ғ-Байкалға неше өзен құйады – 336 өзен 
Д-Солтүстік Еуропаға жататын ел – Дания
Е-Үнді мұхиты алабына жататын өзен – Ефрат
Е-Еуразия аралдарымен қоса есептегенде көлемі – 54 млн км 
2
Ж-Қиыр шығыстағы ел – Жапония
З-Грекияда орналасқан әлемнің жеті  кереметтің бірі – Зевс 
мүсіні
И-Солтүстік шығыс азияның еңірі мемлекеті – Индонезия
Й-Еуразия материгіндегі халық саны – 4 млрд астам
К-Еуразиядагы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи шоқысы
Қ-Гималай тауы непал тілімен аударғанда қандай мағына 
береді – Қар мекені
Л-дүние жүзі халықтары Аяз атаның мекені деп атаған жер- 
Лапландия
М-Альпі тауының ең биік шыңы-Монблан
Н-Герман тобына жататын халық – норвегтер
Ң-Байкал көлінің тереңдігі - 1620м
О-солтүстік шығыс сібірдегі 71С температура тіркелген елді 
мекен – Оймянко
Ө-Жер шарындағы теңіз денгейінен ең төмен жатқан жер - 
Өлі теңіз
П-Еуразияның оңтүстігіндегі шеткі мүшесі - Пиай
Р-Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі – Рока мүйісі
С-Азия айдаһарлары қатарына жататын ел – Сингапур
Т-Қоңыржай белдеудің ең ірі табиғат зонасы - тайга
У-Арабия түбегінде кездесетін құрғақ өзен арналары – уәд
Ұ-Тянь-Шань Тауындағы ерекше құс – Ұлар
Ү-Еуразияның оңтүстігіндегі мұхит – Үнді
Ф-Жапон халқының кие санап қадір тұтатын тауы-Фудзияма
Х-Қытай тілінен аударғанда «сары өзен» дегенді білдіреді – 
Хуанхэ
Һ-Гималай тауының биік Джомолуыма биіктігі – 8848м
Ц-Жер сілкінісінің жерімен пайда болатын толқын – Цунами
Ч-Еуразияның жауын-шашын көп түсетін аймағы – 
Черапунджи елді мекені
Ш-Қазақтың саяхатшы ғалымы - Шоқан
Щ-Ш.Уалиханов қай жылдар аралығында өмір сүрді – 1835-
1865ж
Ь-жер бетінің жалпы ауданы – 510,2млн км2
Ы-П.М. Прежевальский өзін қайда жерлеуді өсиеттеді – 
Ыстықкөлге
І-Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен – Іле
Ь-Гималайдың 8000м биік неше шыңы бар – 11
Ю-Мезозай эрасының дәуірі – Юра
Я- Б.з.б 1 ғасырда үнділер ашқан арал – Ява
2- бөлім   «Пошта » ойыны. Тақтаға Еуропа және Азия  атты екі конверт ілінеді әр топ  қажетті сөздерді табуып өз 
конверттеріне салулары керек
 Польша, Пәкістан, Альпі, Париж, Гималай, Токио, Янцзы, Калимантан, Бутан, Тибет, Лена, Зайсан, Крит, Кракатау, 
Фенноскандия, Еділ, Ұлыбритания, Монблан, Апенин, Индонезия,Әмудария, Рока.
3- бөлім  «Дұрыс-бұрыс» ойыны.Оқушылар сұрақтарды тыңдап дұрыс-бұрыстығына жылдам жауап берулері керек.
1. Н.М.Прежевальский Орталық Азияға жасаған екінші саяхатында қайтыс болды (бұрыс)
57

2.Б.з.б І ғасырда үнділер Суматра мен Ява аралдарын ашты (дұрыс)
3.Хуанхэ-Тынық мұхиты алабының ірі өзені   (дұрыс)
4.Зевстің алып мүсіні Түркияда орналасқан  (бұрыс)
5. Дания, Норвегия,Финляндия Батыс Еуропа елдеріне жатады (бұрыс)
6.Сингапур елі «Азияның айдаһарларының» тобына жатады (дұрыс)
 4- бөлім  «Кім жылдам» оқушылар 1 минутта картадан географиялық нысандарды көрсетулері керек
5- бөлім  «Тұлғаны танып біл» Оқушылар суретке қарап кімнің бейнесі екенін тауып,материкті зерттеуге қосқан үлесі 
жайында баяндаулары керек.(Ш.Ш.Уәлиханов, Н.М.Прежевальский)
Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп,оқушыларды бағалау.
* * * * *
ҰСТАЗЫМ- МӘҢГІЛІК, ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП!
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін 
№221 Аққұм мектебінің тәлімгері  Жанасбаева Назым Көпірбайқызы
  Мақсаты:   Оқушылардың  ұстазға   деген  көзқарасын  дамыту.  Ұстаздың  әр  шәкірт үшін  орнының  ерекше   екенін  және 
білімнің көзі тек осынау асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру.
 1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Құрметті ардақты  ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Ұстаздар күніне арналған мерекелік 
кешімізді Қазақстан Республикасының Гимнімен бастаймыз.
        Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
        Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
        Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
        Азбайтұғын адамның алтындығы,--деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан үні ән ұстаздардың бар 
болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен 
әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан 
дүниесін түсініп ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!   
       Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға  байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт 
шығатыны сөзсіз.
        Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, 
адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде 
ерекшеленеді. Олай болса, қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің 
шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бақыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана 
берсін.
        Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін дей оырып, сіздерге оқушылардың 
дайындаған шағын концертімізді тарту етеміз. Соны қабыл алыңыздар.
   Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
   Артсын сенің абыройың, берекең,
   Осы күні ұлы тойды тойлайық,
   Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
   Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
   Жиын десе, той десе жан салады.
   Кешіміздің ашылу құрметіне 
  Әуелеген әсем ән жолданады. Алдарыңызда әнші қыздарыңыз  Қазынаның орындауындағы  «Құтты болсын мереке» 
атты ән сіздерге арналады.
Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
        2-Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын 
ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын!                     
        Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
        Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
         Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
         Өздерінмен бастау алар бар арман,-дей отырып «Ұстазым- мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып!» атты мерекелік 
кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!                    
        1-Жүргізуші: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
        Даналықтан казына жүрсіз жиып.
        Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
        Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
        Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз,
        Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.
        Мектептің абыройын биік ұстап,
        Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
        Үстем болып әкқашан мерейіңіз,
        Құтты болсын бүгінгі төл мерекеңіз,-дей отырып ұстаздарға деген ақ тілегін білдіру үшін құттықтау сөзді мектеп 
директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.
        2-Жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,
        Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
        Білімімен суарған шәкірттерін,
        Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
        Бүгінгі шашуымыз, ұлағатты ұстаздар, сіздерге арналады.
58

         Екі жүргізуші:  Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән: «Алғашқы ұстазым».   Орындайтын: Аружан 
        1-Жүргізуші: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аялу тұлға 
бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса соның бірі – Ұстаз. 
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын 
көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
       2-жүргізуші:   Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңші. Ұлағатты ой иелері де, арман отты жүрегінде 
алаулаған жеткіншектер де, парасаттық қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Алғаш әліппенің бетін 
ашып,әріп танытқан, өмірдің қырын -сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе  
нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да дихан сияқты. Ол 
әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексиз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. 
Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
Сондықтанда ұлы Абайдың!
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық етпес жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің 
еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат 
аттандырған артық абырой құрмет жоқ шығар, сірә!
      1-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегуріні темір балқытқан жұмысшы 
да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты 
ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметтеп бас иеді. 
     2-оқушы: Қымбатты біздің ұстаздар! Алтын күздің саясында жарқыраған жүздеріңіз бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. 
Сіздер секілді мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәттен сан тарапқа қанат қағамыз. Бірақ аяулы 
мектебімізде білімнің қайнар көзіндей қалған мүғалімдерімізді еш уақытта ұмытпаймыз. Суретші болсақ, ең әсем бейнені 
ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстазға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді 
ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.
1-жүргізуші: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз! 
Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең,
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.
    Ән: «Ақылшым-мұғалім».   Орындайтын:  Сымбат.
     2-Жүргізуші: Тархқа көз жүгіртетін болсақ, бүкіл бір ұлттың көсемдері, ұлт ұстаздары болып саналады. Мысалы: Абай, 
Шоқан, Ыбырай, Алаш көсемдері – Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,Сәкен Сейфуллин, 
Бейімбет Майлин, 20 ғасырдағы заңғар ойшылдар – Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев. Әрине, бұлардың бәрі заманалық 
биіктіктен өз орнын иемденген ұлағаттылық иелері. Осы кезде Шәкәрім Құдайбердиевтың нақыл сөздері еске түседі.
Еңбекпенен, өрнекпенен өнер ойға тоқылса,
Қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса.
     1-Жүргізуші: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал 
өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерең 
еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
 
 2-Жүргізуші: Математика анасы бар ілімнің,
     Алғыс және айтамыз сізге де мың.
     Келесі әнді арнаймыз сіздерге,
     Құрметтеумен өтсе деп шәкіртің.
     3-оқушы:  Мұғалімдерге арнау
    Мектеп анамдай, асыл мектебім,
    Құшағы нұрлы көктемім.
    Өмірдің аттап өткелін,
    Сенде өсіп көктедім.
    Бағыңда құстай сайрадым,
    Қырыңда гүлдей жайнадым.
    Сәулетті дархан бесігім,
    Тербеліп жүрмін осы күн.
    4-оқушы: 
    Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
    Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.
    Балбұлақ та қоңырау боп кеткендей,
    Бүгінгі күн-
    Ұстаз күні себебі.
     Желпіндіріп,
     Желіктірген күш қандай?
     Балғындар шат,
     Шаттық нұрын құшқандай
     Бүгінгі күн-Ұстаз күні
     Содан ба,
     Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.
     5-оқушы: 
    Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,
    Қадірінің тиетұғын қайыры
    Ұстаз деген шуағы мол шапағат,
    Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі
    Ұстаз деген  ұстаз болып туғандар,
    Ұлылықты ұлықтаған имандар
     Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
     Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
     Қимағандар ұстаз емес, мұғалім,
     Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың
     Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
     Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.
    6-оқушы: 
     Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
    Күнім болып көріндің аспанымда.
    Білім болып егілдің жас жаныма,
    Гүлің болып төгілдім асқарыңа
59

    Біз дегенде ұмытып бас қамын да,
    Қас қағымда қасыңнан тастадың ба?
    Ертіп кеттің елемей қиындықты,
   Асқарына ғылымның бастадың да.
   Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына,
   Аялы алақаныңнан ұшқанымда
   Кім боп, қайда жүрсем де қасымдасың,
   Адал еңбек алғысым ұстазыма!

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал