Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/33
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
ЖАҢА ҒАСЫРДА ЖАҢА БІЛІМ
45MINUT.ORG ТОПТАМАСЫ
Шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
РЕДАКТОР:   НАҒИЕВ ІЗГІЛІК 
БАЙДРАХМАНҰЛЫ
Алматы, 2014

УДК  37
ББК  74.00
Ж      28 
Білім - болашаққа жеткізетін нұрлы жол. Ұстаз шығармашылығы 45minut.org 
топтамасы. 
Ж   28   Шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы/Редактор Нағиев. І. Б  
– Алматы, 2014. – 200 б.
ISBN    978-601-06-3172-4
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім  
беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру  
көзделіп отыр. Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін  
және  шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі  
бір   білім   көзін   меңгерген   тұлға   ғана   емес,   сонымен   бірге   өзін-өзі   жетілдіруге,  
таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің  
қағидасы. Ал  мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек.
Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,  
алған   білімдерін   сыныптан   тыс   жерде,   кез   келген   жаағдайда   тиімді   пайдалана  
білуін қамтамасыз етеді деп түсіндіреді. Ал, мұғалімнің сыни ойлануы-оқыту мен  
оқу  тәжірибесіндегі  проблемаларды  анықтауға, оны   шешудің  тиімді  жолдарын  
табуға,   тәжірибеде   болып   жатқан   өзгерістер   жайлы   орынды     дәлелдемелерді  
жинап,   жіктеуге   және   сенімді   қорытындылар   жасауға   негізделетіндігін  
айқындайды.
Іс-тәжірибелік   жинақ   қазіргі   күнгі   талаптарға   сәйкес   құрастырылған,  
енгізілген   ақпараттар   жеткілікті,   теориялық   және   тәжірибелік   мағынасы   бар.  
Республика көлемінде таратуға ұсынылатын ұстаздардың көмекші  құралы.
УДК  37
ББК  74.00
ISBN     978-601-06-3172-4
© Нагиев И.Б., 2014

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 
университеті, п.ғ.к.  Елеусинова Гүлім. Қазақстан, Ақтөбе
       Оқыту үдерісіне жаңа технологияларды енгізу бір күннің немесе бір жекелеген ғалымның ісі емес, ол ұзақ та күрделі  
кезеңнен   өткен   ғылыми   ізденістердің,   ұстаздар   ұжымының,     ғалымдар   қауымдастығының   ынтымақтасқан     еңбегінің 
нәтижесі екені белгілі құбылыс. Сондықтан біз осы мақалада қазақстандық және шетел ғалымдарының оқыту үдерісіне 
енгізген жаңа технологияларына тоқталып, саралауды жөн көрдік.
            Павлодарлық   ғалымдар    «Основы   современной   дидактики»  еңбегінде     оқыту  әдістеріне   сипаттама   бере   отырып, 
логикалық,   ұйымдастырушылық   тәсілдерді   қолдану   арқылы   оқу   ақпаратын   сөз   көмегімен   хабарлауды   сөздік   әдістің 
мазмұнына   жатқызады   [1,   б.   67].   Сөздік   әдісті   жүзеге   асырудың  логикалық   тәсілін  қолдану   мақсатында   М.Әуезов 
шығармаларын оқытуда «түсіну» және «түйсіну»  арқылы алынған білімді талдау және соның негізінде қорытынды жасауға  
үйретеміз.   Мұғалім   тарапынан   берілетін   білім,   ақпарат   білімгердің     әрі   қарай   ізденуіне   қозғау   салатындай   бағытта  
ұйымдастырылуы қажет. Ол үшін зерттеуге ынталандыратындай сұрақтар дайындалынады. Мәселен, М.Әуезовтің «Қараш-
қараш оқиғасы»   бойынша келесі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: повестегі «адам-табиғат» қарым-
қатынасын   сипаттайтын   эпизодтарға   тақырып   қойып   суретін   салу   және   кейіпкердің   ішкі   жан   дүниесі   мен   табиғаттың  
мінезіндегі ұқсастықты талдау арқылы қорытынды пікір айту («Бақтығұл және Талғар өзені», «Бақтығұл және Ожар биігі», 
«Бақтығұл   және   Қараш-Қараш   өңірі»   т.б.);     Бақтығұлдың   ішкі   сезімінің   иррационалдық   құбылысын   беруде   жазушы 
қолданған тәсілдерді тауып, бағалау (қимыл, мимикалық өзгеріс, сөзбен бекіту); Бақтығұлдың әрбір әрекетке бару алдында 
табиғатпен   тілдесуінің   педагогикалық-психологиялық   астарын   түсіндір   («Ожардың   қазіргі   түсі     жаулық   жайын 
сыбырлағандай, ...жаланып тілегендей,  ...еліріп қарап тұр»,  ақырында шешуші сәт келгенде «Мұз тау  мұның ішіне мұздай 
қайрат кіргізді»).
     Сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында М.Әуезов қолданған теңеулерді, көне сөздерді теріп жазу («жақсы лепес – жарым  
ырыс», «ашамайлау келген Қатша», «қобдиланған қалың май», «...жүз жыланның сумаң қағып жарысқанындай», «...дүркіреп  
жосыған   көп   жайынның   жөңкілеуіндей»,   т.б.);   повестегі   қарама-қайшылықтың   сипатын   көрсететін   эпизодтарды   талдау 
арқылы   Бақтығұлдың   ойларына   сипаттама   беру.   Осы   тапсырмаларды   орындау  эмпатиялық   диалог  арқылы   жүзеге 
асырылады  [2,  б.  118].   Мақсаты:  баяндалып  отырған  мазмұнға   сезіммен  араласу арқылы  оқушы  эмоциясын  тәрбиелеу.  
Проблемалық  талдаудың  осындай түрі   туралы  зерттеуші   З.Г.Дзапарова:  «Проблемный анализ  –  это  своего рода  цепная 
реакция вопросов, разбор, построенный на соединении связанных друг с другом проблемных ситуаций. Проблемный вопрос  
на уроках литературы необходимо ставить и решать в эстетическом ключе» - деген тұжырымы проблемалық жағдаяттардың  
оқушыларға автормен бірге дүниені эстетикалық тұрғыдан зерттей отырып, азаматтық позициясының тұрақтанатындығын 
көрсетеді.
       Терең ойлы ұрпақты тәрбиелеудің ерекше түріне  оқылған дәрісті белсенді жаттығулар мен дербес жұмысты сауатты 
ұйымдастырумен   ұштастыру  кіреді.   Ол   туралы   тарихты   оқытудың   әдіскер-ғалымы   Б.С.Сарсекеев:   «Жаттығуларды 
өткізудің мақсаттарының бірі – біліктілікті қалыптастыру болып табылады, яғни оқушыны шындықты бірдей, әрі терең  
ұғынуына, жағдайды дұрыс бағалауға және өз білімін орынды қолдануға жетелейді. Біліктілік біліммен ғана белгіленбейді, 
сондай-ақ дүниеге көзқарас тұрғысынан, табиғат, қоғам, адам туралы жалпы түсініктермен анықталады»-деп оқушылардың  
аналитикалық  қабілеттерін дамытып, дербес ойлай білуіне бағдарланған   белсенді жаттығулардың мәнін ашып, оларды 
қарапайымнан   күрделіге   қарай  орындаудың   әдістемесін   баяндайды.   Ал   дербес   жұмысты   ұйымдастыруда   оқушылардың  
бәрін қамту үшін күрделілігі әр түрлі тапсырмалардың үш типін ұсынады: «Дайын  күйінде берілетін, ақпаратты игерудің  
тексерілуін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін көшірме сипатындағы тапсырмалар; шығармашылықпен ойлауды дамытуға  
есептелген аналитикалық-синтетикалық қызметіне бағдарланған тапсырмалар; білімдерді неғұрлым өзгертілген жағдайда 
қолдануды, соның ішінде пәнішіндегі және пәнаралығындағы  байланыстарды пайдалануды, сондай-ақ сабақтан тыс ақпарат 
құралдары арқылы алынатын білімдерді талап ететін тапсырмалар. Тапсырмалардың ұсынылған типологиясы оқушылардың  
дербес танымдық іс- әрекетін дамытудың үш деңгейіне сәйкес келеді. Олар: дайын күйінде мұғалім ұсынатын ақпаратты 
игеру;   білімдер   мен   дағдыларды   таныс   оқу   жағдайында   үлгі   бойынша   қолдану;   білімдер   мен   дағдыларды   жаңа   оқу  
жағдайында шығармашылықпен қолдану». Біздің зерттеу жұмысымызға сәйкес, білімгерлердің терең ойлауын дамытуда осы 
аталған тапсырмалардың екінші, үшінші варианттарын қолданудың   тиімділігі анықталды. Сондай-ақ,   дербес жұмысқа  
басшылық ету үшін мұғалімге қойылатын талаптар да ескерілді. 
      Ізденуші  Ж.Е.Зейнуллина «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру»  
тақырыбындағы зерттеу жұмысында оқытудың витагенді (латын сөзі - өмірлік дегенді білдіреді.) әдісін қолданады. Бұл  
әдісті ХХ ғасырдың соңғы жылдарында ғалым А.С.Белкин педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оқу үрдісіне енгізген. Негізгі  
ұғымдары «өмір тәжірибесі» және «өмірлік тәжірибе». Өмір тәжірибесі дегеніміз тұрмыстың, адам іс-әрекетінің әртүрлі 
жақтарына   байланысты  ой  жүргізуден  туындаған,  бірақ  аса  маңызды деп танылмаған  мәліметтер.  Ал  өмірлік  тәжірибе  
дегеніміз өмірден жинаған мәліметтердің ұзақтан бері қарай есте сақталып келе жатқан түрі. Витагенді оқыту осы өмір  
тәжірибелері мен  өмірлік тәжірибе жинақтаған мәліметтерді актуалдау арқылы керекке жарату. Бұл әдісті қолдану арқылы  
өмірлік тәжірибені білімге айналдырудың шарттары ұсынылған. Соның ішінде ғылыми білімді құндылық деп тану негізінде  
студенттерді   ұстазбен   тең   құқылы   білім   алу   үрдісіне   қатысушы   тұлға   ретінде   қарастыру   қажеттігі   біздің   зерттеу  
тақырыбымызға сәйкес келетін тұсы. Шынайы білім алу үшін З.Фрейд зерттеген түпкі сананың да маңызы туралы дәлелдері 
де қызығушылық тудырады. 
     Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуда білімгерлердің сезіміне әсер ету, қиялын ұштау, терең ойлауға бағыттауда жақсы  
нәтижеге жеткізетін жолдың бірі – сабақта ойын тәсілін әлеуметтік психологиялық тренингпен байланыста қолдану. Ол 
үшін   жазушы   шығармасынан   үзінді   келтіру   арқылы   жұмбақталған   тапсырма   беріледі.   Мәселен,   «Биікте»   тарауында 
Абайдың сүйіп атқаратын еңбегі және де өзі қаншалықты алыстағысы келгенімен соншалықты жақындай түсетін, «бұған  
масыл болып, асыла жүретін тағы бір міндеті болды», ол – дау-шарға билік айту. Осы екі әрекеттің Абай өмірінде егіз  
қозыдай қосарланып жүретінін Әуезов осы тарауда тартымды көрсете білген. Пушкиннің Татьянасын аударып отырғанда  
«сенімді   шабыт»   келгенін  сезген  Абай   «көзі   жасаурай,   ерні   жыбырлай  отырып»,   көңіл   құсын   Ақшоқының  қос   биігіне 
3

ұшырып ән шығаруға кіріскен сәтінде сырттан Көкшенің қияс ұрысы Тұрсын мен уақтың жоқшысы Сәрсеке кіріп келеді.  
Абайдың «түу, аяз келді-ау!», «шетелдің кісілерімен амандасты» деген сөздері арқылы Әуезов бұл қонақтардың мезгілсіз  
келгендігін дәл бере білген. Осы дауды Абайдың тезарада шешуіне негіз болған себептер бар, соны табуымыз қажет және сіз  
Абайдың орнында болсаңыз қандай шешім қабылдаған болар едіңіз? (ескерте кету керек: осы адамдар Абай алдына екі ай 
бұрын дәл осы мәселемен келген болатын...).
            «Іздесең   –   табасың,   алыссаң   –   аласың»   ойыны   білімгерлерді   еркін   ойлауға,   еркін   сезінуге,   белсенділікке,  
шығармашылыққа бастайды. Сонымен  қатар, бұл ойын жарқын, мықты сезімдерді оятумен қатар оның ережесі, мақсатымен  
сәйкес   өтуі   де   шарт.   Осындай   ойын   түрлері   шығарманы   мақсатты   түрде   оқи   отырып,   зеректікті   дамытады. 
В.А.Сухомлинский:   «Ойын   дегеніміз   –   ұшқын,   білуге   құмарлық   пен   еліктеудің   маздап   жанар   оты»   деп   дидактикалық 
ойындардың   педагогикалық   және   психологиялық   негізін   нақты   түсіндірген.   Ғалым   психологтар   К.Гроос,   Э.Клапаред,  
А.Диваев,   У.Бонтендайк,   Р.Гаупп,   В.Штерн,   Н.Д.Виноградов,   В.П.Вахтерев   ойын   теориясын   құрастырып,   іс   әрекеттің 
маңызды түрі ретінде, оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. Р.Уорфордтың пікірінше, имитациялық ойын – оқыту 
құралы ретінде оқушыларды өзін басқаларға, өзгенің орнына қоюға, кез-келген жағдайды өзге адам басқа қырынан қалай 
көретінін байқауға, оны тікелей өзі шынайы жолмен қатыса отырып шешуге ынталандыруға үйретеді. 
          Жобаларды   қорғау  әдісі   француз   педагогы   және   ойшылы   С.Френенің   «еркін   еңбек   технологиясының»   негізінде 
ұсынылған.   Бұл   әдістің   ерекшелігі   тапсырма   түрлеріне   қарай   жұмыс   топтарының   құрылуын,   ақпараттың   құндылығын, 
жоспарлау,өздігінен еңбектенудің құндылығын көрсете білуінде. Оқытушы көмегімен әрбір білімгер жұмыс түрі(кітаппен  
жұмыс,   сауалнама   өткізу,   интервью   алу,   бақылау)   көрсетілген   жеке   апталық   жоспар   құрады.   Білім   негізін   құрайтын  
ақпаратты қайдан және қалай алудың мүмкін жолдарын іздеп, ақпарат иелерімен жеке қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде  
білім   жинақтайды,     өзара   талдайды,     бірін-бірі   бағалайды.   Бағалау   келесі   өлшемдер   бойынша   жүреді:   мазмұндаудың  
түсініктілігі, шынайылығы, тыңдаушыны қызықтыруы, тақырыпты толық аша білуі, шығармашылығы. Білімгердің таным  
қызметі неғұрлым өзі іздеп тапқан білімге көбірек тәуелді болса, соғұрлым материалды меңгеру нәтижелі болады. Мәселен,  
терең   ойлы   білімгер   тұлғасын   қалыптастыру   үшін     «Абай   жолын»   оқудың   маңыздылығын   дәлелдеуге   бағытталған 
жобаларды қорғауға болады. Бірінші тапсырма: «Абай жолы» туралы жазылған зерттеу жұмыстарын талдау; осы шығарма  
бойынша сұрақтар әзірлеп, оның қорытындысын талдау; әртүрлі әлеумет өкілдерінен интервью алу арқылы М.Әуезовтің 
аталған туындысының тартымды эпизодын анықтау және оның себептерін түсіндіру.   
         Дебат әдісі  білімгердің потенциалын ашуға, дамуына бағытталған. М.М.Бахтин «Эстетика в словесном творчестве» 
кітабында:   «диалогизм  является  формой  взаимодействия  между  равноправными  и  равнозначными  сознаниями,  в  то  же 
время  как    монологизм  завершен  и  глух к  чужому  ответу,  не  ждет его  и  не  признает за  ним  решающей  силы»,  -  деп 
диалогтық сипаттағы оқыту әдістерін жоғары бағалайды. Шын  мәнінде бұл әдіс ғылыми принциптің белсенділігіне сәйкес 
келеді.   Осы   әдістің   негізін   қалаушы   К.Поппер   күрделі   практикалық   мәселелерді   интуитивтік   жолмен   шешуді  
ұсынған(«метод мозговой атаки»). Интуицияның өзі философиялық интуиция(интуиция-суждение) және психоэвристикалық 
интуиция   (интуиция-догадка)   деп   екіге   бөлінеді.   Поппер   әдістемедегі   дедуктивті   жолды   таңдайды.   Қорытуға   жалпы 
ұғымнан жекеге келуді дедукция деп атайды.
     Зерттеуші З.У.Имжарова «Инновационная педагогическая технология Дебаты» еңбегінде дебаттың типтерін (саяси дебат, 
К.Поппердің   форматы   бойынша   дебат,   үшбұрыш,   т.б.),   өткізу   әдістемесін   көрсете   отырып,   дебат   пен   дискуссияның  
айырмашылықтарына тоқталады [3,с.36]. 
     Зерттеушілер В.Флоренко, О.Г.Зуев, Н.К.Махметова дебаттың тәрбиелік, дамытушылық мәнін атап өтеді: «привлечение  
школьников посредством дискуссии к анализу важнейших вопросов жизни общества, проблем искусства и образования 
способствет   воспитанию   у   них   гражданственности,   принципиальности,   активной   жизненной   позиций».     М.Әуезов  
шығармаларын   оқытуда   «Үшбұрыш»   атты   дебат   түрін   қолдану   тиімді,   өйткені   қатысушылар   санын   арттыруға   болады. 
Мақсаты:   өзекті   мәселені   талдауға   дебатпен   таныс   емес   аудиторияны   да   тартуға   болатындығын   көрсету.   Әдістемесі:  
қатысушыларға «Абай мен орыстардың достығы   екі жақты да жақсы нәтижеге жеткізді» немесе   «Үш күнге созылған  
«Мұсақұл   соғысы»   бәріне   де   үлкен   сабақ   болды»   тақырыбы   ұсынылады,   келесі   сұрақтар   қойылады:     Осы   ойды   кім 
қостайды? Кім келіспейді? Кім күмән туғызады? Алынған жауаптарға байланысты білімгерлер үш позицияны ұстанады.Әрі 
қарай   алғашқы   екі   топқа   неге   олай   ойлайтынына   байланысты   сұрақ   қойылады.   Үшінші   топтағы   қатысушыларды   өз  
позицияңызға   сендіру   керек.   Ойынның   соңында   үшінші   «нейтрал»   топ   қай   топтың   позициясы   сенімдірек   болғанын  
көрсетеді. Барлық қатысушылар «сіздер қандай процесті бақыладыңыздар?», «Қалай өтті?» сұрақтарына жауап береді. Дебат  
процесінің символдық суретін салумен ойын тәмамдалады. 
         1997  жылдан  бастап  Қазақстан  Оқу  және  жазу  арқылы сыни   тұрғыдан  ойлау  (СТО)  атты  Халықаралық   білім 
жобасына қатынасушы елдердің қатарына еніп, бұл жобаның әдістерін оқыту үрдісінде қолданудың үлгілерін көрсетуде.  
Мәселен,  Орал  қаласындағы  №30  мектептің мұғалімі    С.Ізмұханбетова  әдебиет сабағын оқытуда  екі  жақты,  үш  жақты 
түсіндірме   күнделігін  жаздыру   әдісін  қолданған.   «Абай  жолы»   эпопеясын   оқыған   кезде   оқушылар   үш   жақты   күнделік  
жазады: бірінші бағанада – шешендік сөз, екінші бағанада – менің ойым, үшінші бағанада – мағыналас мақал;
           Семей  қаласындағы №6 мектеп-гимназияның мұғалімі Г.Селезнева жазуды жетілдірудің қызықты түрлерін келтіреді: 
шығармадан алынған үзінді мәтінде сөздерді жасырып, сөйлемнің қандай мүшесі екендігі туралы белгі береді. Зерттеуге  
табиғатты  суреттейтін мәтін  беріледі. Әрі қарай салыстыру жұмысы жүреді: оқушы өз сөзі мен автор сөзін талдау арқылы 
сөздің мәнін тереңінен түйсінуге мүмкіндік алады. Осы әдістің келесі кезеңінде оқушылар мәтінді өздері таңдайды, сөздерді  
жасырады. Мұның өзі оңай тапсырма емес. Мұндай сабақта мұғалімнің өзі оқушы ролінде болады. Оқушылардың өзбетімен  
мәтін жазу жұмысы берілді. Бұл тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды, өйткені жасырылатын сөздер барын 
алдын ала біле отырып, сөз саптауға ойлана отырып кіріседі.
           Павлодарлық аға оқытушы Т.Маняпова Интернет жүйесін қолдану арқылы жазу стратегиясының үлгісін ұсынады:  
«Интеллектуальная   идентификация   студентов,   участвующих   в   интернет-письме,   не   есть   конечная   цель   учебных 
мероприятий. Здесь гораздо важнее то, что у преподавателя есть возможность проследить динамику мнений, идей, оценок  
по   предмету   исследования.»   Кезінде   М.Әуезов   Құнанбай   бейнесін   идеологиялық   цензурадан   өткізу   үшін   қарама-
қайшылықта сипатта беруіне мәжбүр болды. Тапсырма:ынтымақтасушы топтар мүшелерінің әр түрлі пікірлерін салыстыра 
отырып, аналитикалық таблицаны толтыру арқылы өз  көзқарасыңды дәлелдей біл. 
      Біздің пікірімізше, осындай жұмыс түрлері оқушыларға сөздің де адам тәрізді зейінді, көңіл бөлуді қажетсінетінін және  
4

автордың осындай сөздер арқылы оқырманын пікірталастырып, бірге ойлануға шақыратынын көрсетеді. М.Әуезовтің сөздік 
қорындағы сырласушы сөздерді іздеу мақсатындағы жұмыстарымыздан мысал келтіретін болсақ, «Кек жолында» тарауында 
жылқыларды   сипаттайтын   мәтінді   келтірдік:   «...Астарына   мінгендері   жарау   аттар   емес,   төңкерілген   ту   биелер.   Және 
көбінше   ұзын   жалдары   көзін   жапқан,   тізелеріне   дейін   төгілген   құрайғырлар   екен.   Терлетпей,   аяңдап   жүрген   семіз 
сәйгүлектердің   жал-құйрықтары   қыраулатып,   кекілдері  шалбастанып  тұр».   Осы   үзіндіде   «шалбастанып»   деген   сөзді 
жасырдық.   Білімгерлердің   ұсынған   сөздері:   бұйраланып,   ақша   бұлттанып,   тұманданып,   мұнарланып,   күмістеніп,  
ұлпақарланып...Ал   автордың   бұл   сөзді   қолданудағы   мақсаты   ат   кекілінің   қар   мен   желдің   әсерінен   үлкейіп,   ағарып  
тұрғандығын көрсету болса керек, сол мағынада қолданылса,  білімгерлер тарапынан ұсынылған альтернативалар  дұрыс. 
     Біз аталған жобаның «жазу жұмысы» стратегиясын қолданудағы мақсатымыз білімгерлерді логикалық ойлауға бағыттау,  
бұрынғы   білімді   жаңа   біліммен   ұштастыру,   ой   қорытындысын   жасауға   баулу,   әр   баланың   табиғатында   негізі   бар  
шығармашылық   көздерін ашу арқылы ізденіске талпынысын   қуаттау. Логикалық ойлауды дамыту үшін ғалым Дж.Дьюи 
ұсынған  есте сақтаудың жеті тәсілін  білу қажет: өзі оқығанда, естігенде, көргенде, естігенде әрі көргенде, балалармен 
талқылағанда, жүрегімен сезінгенде, өзгелерді оқытқанда. Дьюидің көқарасы мен біз жоғары тарауда келтірген Абайдың  
есте   сақтау   туралы   тұжырымы   арасында   үндестік   бар:   Абай   Дьюидің   алғашқы   төрттігін   ғибрәтләнуге,   кейінгі   үштігін 
қайтарып ойланып, көңілге бекітуге  біріктіреді, ал жетілікті меңгерген адамның «көкірегі байлаулы берік болмақ» және «ой  
кеселі нәрселерден қашық болады». Осы салыстыру педагогика ғылымындағы оқу материалын қабылдаудың логикасын еске 
түсіреді: түсіну, түйсіну, бекіту және практикада қолдану. Тек осындай жағдайда ғана ойлау  білімгерлердің алған ақпаратын  
санаға сіңіріп ақылмен ұштастырады. Ал ақыл адамды ерекшелендіріп тұратын негізгі сапалардың бірі.
           Ғалым Б.Әбдікәрімұлының «12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» атты  
еңбегінде   оқытудың  рефлексивті-инновациялық   үлгісі  баяндалады.   Онда   рефлексия   ұғымының   ерекшеліктеріне   түсінік 
берілген: бұл ұғым философия ғылымында пайда болып, индивидтің өз санасында болып жатқан өзгерістер туралы ойлану  
процесін сипаттайды; ойлау мен ақылдың өзіне бағытталу қабілеті; жаңа білімді игеру мақсатында білімді талдау; ақыл мен  
жанның   күйін   өзбетінше   бақылау;   өмірлік   әрекеттен   ментальдыққа   шығу,   зерттеушілік   акт.   Психология   ғылымында 
рефлексияны   теориялық   деңгейде   зерттеген   ғалымдар:   И.М.Сеченов,   Б.Г.Ананьев,   П.П.Блонский,   Л.С.Выготский,   С.Л. 
Рубинштейн.   Рефлексияны   зерттеуге   байланысты   жұмыстар   бұл   құбылыстың   төрт   аспектіде   қарастырылғандығын 
көрсетеді:   кооперативтік,   коммуникативтік,   тұлғалық,   интеллектуалдық.   Кооперативтік   аспектіде   рефлексия   әрекетке 
байланысты   сыртқы   позицияға   «шығуды»   түсіндіреді   (Г.П.Щедровицкий);   коммуникативтік   аспектіде   дамыған   қарым-
қатынас, тұлғааралық қабылдау, адам адамды танудың ерекше сапасы ретінде танылса (А.А.Бодалев), тұлғалық аспектіде  
қайта  ойлану арқылы  адам «менінің»  қайталанбас тұтастыққа айналуы; интеллектуалдық аспектіде субъектінің өз әрекетін  
жағдаятпен сәйкес талдау іскерлігі. Сонымен қатар, рефлексивті оқыту үлгісінің негізгі идеялары сипатталған: тәжірибе 
арқылы оқыту; үздіксіз рефлексия негізінде оқыту. Бұл процестің өту барысын   бес қадамдық түрде көрсетуге  болады: іс-
әрекет;  іс-әрекетке, жағдаятқа ойша қайту және оны нақты сипаттау; жағдаяттың неғұрлым мәнді жақтарын анықтау;  іс-
әрекеттің альтернативтік жолдарын дайындау; іс-әрекеттің альтернативті жолдарын жүзеге асыру. Біздің пікіріміз бойынша 
оқытудың рефлексивті әдісін қолдану арқылы білімгерлердің ойлауын, дүниетанымын, құндылықтар жүйесіне бағытталуын  
жаңартуға   болады. Ол үшін рефлексивті-инновациялық ортаны құру мақсатында екі қағиданы басшылыққа алған жөн:  
білімді және практикалық әдістерді өзіңнен   өткізу (проживание знаний и практических методов перед их теоретическим  
осмыслением и анализом – И.А.Бочкарева); қатысушылардың қызығушылығын ескеру. Тек осындай  жағдайда ғана білімнің 
беріктігі сақталады. 
     Қорыта айтар болсақ, оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесі  білімгерлерге білімді табу жолдарын  
таңдау еркіндігін, оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын, танымдық, шығармашылық қабілеттерін іске асырудың мол 
мүмкіндіктерін береді.
                                                     Әдебиеттер:
1. Пфейфер Н.Э., Жуматаева Е.О., Бурдина Е.И. Основы современной дидактики. – Павлодар: ТОО  НПФ «ЭКО», 2006.- 147 
с.
2. Елеусинова Г.Е. Мұхтар Әуезовтің педагогикалық мұралары. – Ақтөбе: «ИПЦ-Көкжиек» 2009.-118 б.
3. З.У.Имжарова «Инновационная педагогическая технология Дебаты» . – Ақтөбе: «ИПЦ-Көкжиек» 2007.-196 с.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ ТУҒАН ЖЕРІМ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп - гимназия 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шалдарбекова Гульшат Беккеновна


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал