Қазақстан респпубликасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 230.7 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі230.7 Kb.

 

1

       ҚАЗАҚСТАН РЕСППУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



      Б.АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                  БЕКІТЕМІН: 

                                                                                                  Оқу ісі жөніндегі  

                                                                                                 директордың орынбасары 

                                                                                                 _______ Ш.М.Кабдрахманова 

                                                                                                 «____»    _____   2012 ж. 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ

 

АҚЫН М.ЖАМАНБАЛИНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  ПАВЛОДАР, 2012 

                                                    МАЗМҰНЫ 

 

 

2

 



КІРІСПЕ

 

 

I ТАРАУ. Ақын М.Жаманбалиновтың балаларға арналған өлеңдері

 

 

II ТАРАУ. М.Жаманбалиновтың «Батыр ұстаз» поэмасы

 

 

III ТАРАУ. М.Жаманбалиновтың қазақ балалар поэмасын  

                     дамытуға қосқан үлесі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Кіріспе 

 

Мүбәрак Жаманбалинов 1924 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы 



Тәттімбет  деген  ауылда  туған.  Туған  ауылында  7  жылдық  мектепті  бітірген  соң,  орта 

дәрежелі  агрономдық  білім  алып,  бірер  жыл  машина-трактор  станциясында  учаскелік 

агроном  болып  істеген.  Одан  кейін  Омбы  педагогикалық  училищесін  тәмәмдап,  көп 

жылдар  бойы  мектептерде  ұстаздық  еткен.  Кейінірек,  Павлодар  облыстық  «Қызыл  ту» 

газетінің редакциясына жұмысқа ауысқан. 


 

3

 Оның  алғашқы  өлеңдері  ұстаздық  ете  бастаған  кезде  туып,  әр  түрлі  баспасөз 



беттерінде  жариялана  бастаған.  Тұңғыш  өлеңдер  жинағы  «Айнабұлақ»  деген  атпен  1956 

жылы  жарық  көрді.  Жас  ұрпақты  тапқырлыққа,  батылдыққа,  жігерлілікке,  ерлікке 

тәрбиелейтін  «Сәлем»  (1963),  «Кішкене  достарға»  (1965),  «Менің  інім»  (1970),  Кеңес 

Одағының  батыры  Серікбай  Мүткеновтің  ерлік  істері  жайында  баяндалатын  «Батыр 

ұстаз»  (1972)  поэмалар  жинағы,  Иса  Байзақовтың  балалық  шағы  туралы  «Ақын  бала» 

(1983),  «Ашық  күн»  т.б.  өлең,  жаңылтпаш,  ертегі,  жұмбақ  топтамалары  жарияланды. 

Өлеңдері бала ұғымына лайықты, ойнақы, тілге жеңіл, айтылар оқиғасы қызықты, көңілге 

қонымды  болып  келеді.  Ақынның  таңдамалы  өлеңдерінің  бір  томдығы  алғаш  рет  1979 

жылы «Балғын гүлдей балақан», екінші рет  1984 жылы «Ашық күн» деген атпен басылып 

шықты.  


Балалар  поэзиясын  бағдарлағанда  ақын  Жарасқан  Әбдірәшев  мынандай  ой 

қорытады: «Ақындар  балаларға  биіктен қарап, білгірсімей, не туралы жазса да, солардың 

көзімен  көріп,  солардың  тілімен  баяндауы  керек  екен.  Сонда  ғана  олардың  өлеңдері  өз 

нысанасына  дарып,  жеткізбек  болған  ойымен  жасайын  деген  ықпалын  эстетикалық  әсер, 

көркемдік  қуатымен  бала  көңіліне  ұялатады  екен.  Қаламы  төселген  ақын  үшін  бұдан 

былайғы творчестволық процесс – балалар психологиясын зерттеу, әр түрлі құбылысқа, әр 

түрлі оқиғаға байланысты түйетін ой, істейтін әрекеттерін сарапқа салып, соның мұратты 

жақтарын жатық та ұтымды формасын тауып бере білу»(58.143).  

 Осындай талапқа сай өлеңдерін  бала ұғымына лайықтап, тілге жеңіл, ойға көркем 

етіп жазатын балалар ақындарының бірі - Мүбәрак Жаманбалинов деуге болады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

          I ТАРАУ. Ақын М.Жаманбалиновтың балаларға арналған өлеңдері 

 

 Ақын өлеңдерінде әр түрлі тақырыптарды қамтып, балалардың іс-әрекет, ой-қиялы 



ішкі  сезімін  де  әсерлі  жеткізіп,  шебер  бейнелей  алады.  Құлбек  Ергөбеков  ақын 

шығармашылығы жөнінде: «Балалар өлеңінің танымдық сипаты мол болуы керек. Сәл ірі 

айтсаң,  өлеңді  есейтіп  жібереді,  сәл  сыбырлап  айтсаң,  балаға  жетпей  қалады.  Мүбәрак 

Жаманбалинов  өзінше  шешіпті.  Ол  табиғат  құбылыстарын  жырлағанда  суреттей  отырып 

суыртпақтап  айтады.  Ол  аң,  құс,  жан-жануарлар  жайында  өлең  жазғанда,  танымдық 

сипатты  тәрбиелік  оймен  бір  қосып  жымдастырып  жібереді»(17.175),-деген  пікірді 

білдіреді.  Ақынның сондай бір табысын «Тырна» өлеңінен көреміз. Өлеңде тырналардың 


 

4

өздерін  сөйлету  арқылы  ақын  балаларға  бұл  құстардың  өздеріне  тән  белгілері  мен 



сипатарын танытады.  

 

Біз тырнамыз, тырнамыз, 



Бай келеміз жырға біз. 

Сирағымыз шыбықтай. 

Жүгіргенде жүйрікпіз, 

Тұяғымыз – сүйрік біз. 

Оңашаны сүймейміз, 

Тобымызбен билейміз.  

Біз ұшқанда тізіліп,  

Жұрт қарайды қызығып. 

Бұлттан әрі асқанда, 

Ән шырқаймыз аспанда.    

  

Тырнаның  сирағының  жіңішкелігін  «сирағымыз  шыбықтай»,  мойнының  ұзындығы  мен 



иіліңкі  екендігін  «мойнымыз  құрықтай»  деген  теңеулер  аша  түседі.  «Жүгіргенде 

жүйрікпіз,  тұяғымыз  –  сүйрік  біз»  деген  жолдардан  тырна  тұяқтарының  өткірлігін,  әрі 

қорғаныш  қызметін  атқаратындығын  да  ұғынамыз.  Бұл  құстардың  өздеріне  тән 

ерекшеліктері:  «Оңашаны  сүймейміз,  тобымызбен  билейміз,  біз  ұшқанда  тізіліп»  деген 

жолдардан  танылады.  Өлең  балаларды  құстар  тіршілігіне  үңіліп,  оны  аялауға  үндейді. 

Ақынның  табиғатты  бейнелеу  шеберлігін  «Көлде»  өлеңі  дәлелдей  түседі.  Ақын  сөзбен 

сурет салады. 

 

Тал жағадан қарады, 



Дүр сілкініп, таранып. 

Аунап-аунап алады, 

Осында кеп ала бұлт.  

Көк аспанның күмбезін 

Көрікті ғып көрсетпек. 

Көп толқындар күн көзін  

Алып кетті бөлшектеп. 

Топ шағала өтті, әне, 

Өз көлінде құс та – құт. 

Толқындарға кетті олар 

Ақ орамал ұстатып. 

  

 



Табиғат  –  барлық жасампаздарды  жасаушы.  Әрі  нағыз  суретші  –  табиғаттың  өзі  екендігі 

белгілі.  Олай  болса  ақын  сол  табиғаттың  әсем  көріністерін  балаларға  ұғынықты  тілмен, 

ұтымды  жеткізе  білген.  «Талдардың  тарануы,  бұлттың  көлге  кеп  аунап-аунап  алуы,  ақ 

шағалалардың  толқындарға  ақ  орамал  ұстатып  кетуі»  бәрі-бәрі  қызықты  да  әсерлі 

көріністер. Бұлар табиғатты одан әрі жандандыра түседі. Белгілі балалар ақыны Мұзафар 

Әлімбаев  та  М.  Жаманбалинов  шығармашылығын  зерттеп, орынды  бағалап,  өз  пікірін  де 

білдірген.  Соның  бір  мысалы  ретінде  төмендегідей  пікірлерін  келтіруге  болатын  секілді. 

«Автор  бала  психологиясының  білгірі,  ұстаз  –  бүлдіршіндерден  бастап,  балаң  – 

балғындарға  дейінгі  аралықтағылардың  нені  керек  ететінін,  қандай  туындыларға  сусап 

отырғанын  жіті  біледі:  автор  бейсауат – бекер  оқ атпайды,  атқаны  түгел  дерлік  нысанаға 

тиіп,  мергендігін  жария  еткендей.    Ұстаз  байыптылығына  журналист  алғырлығы 

қосылады,  оған  агрономдықтың  да  жәрдемі  аз  тимейтін  болар  (әсіресе,  табиғат 

жайындағы  өлеңдерде).  Мүбәрәк  туындыларына  нәр  де,  әр  де  береді.  Нағыз  балалар 

ақыны  –  қашанда  нақтылықтың  жауынгері,  сырттан  тон  пішіп,  нобайы  осы-ау  деп 

долбарлайтындар нақтылықтың қорасына кіре алмай, қиядан қиқулап жүргені.  


 

5

Жаманбалинов өзі көзбен көрген, өзі бастан кешкен, өзі ортасында болған оқиғаларды, өз 



жүрегі  елегінен  өткізіп,  толғанғанды  ғана  өлеңге  өзек  етіп  алады.  Шалқасынан  жатып, 

шатырға телміру, бармақ басын сору – оған жат мінез. Балалар жөнінде балалардың өзіне 

–  оның  творчестволық  кредосы  осы!»(9.135;136),-дейді  Мұзафар  Әлімбаев.  Оның  бұл 

ойының дұрыстығына М.Жаманбалиновтың “Сурет” өлеңін оқу  барысында көз жеткізуге 

болады.«Сурет» өлеңі ақынның бала психологиясын, балаға тән іс-қимыл, ойлау әрекетін 

жақсы  білетіндігін  анықтай  түседі.  Бұл  өлеңде  баланың  сурет  өнеріне  құмарлығы,  бірақ 

сурет өнерінің қыр-сырын әлі онша игермегені танылады.  

 

Суретін дәу бір аңның,  



Салдым да өзім қуандым. 

Оһ, 


Ол сурет болғанда 

Қандай дейсің? 

Көр, қандай! 

Қасы, көзі, тұмсығы, 

Тікірейген қылшығы 

Түрлі түспен боялған  

Қарасаң көз тоярдай. 

Қандай аң ба? 

Қандайын  

Өзім біле алмадым. 

 

Өлең  кейіпкері  өзі  салған  суретке  өте  қуанышты.  Ол  бар  ықыласымен  дәу  бір  аңның 



суретін  салып  шықты.  Бірақ  ол  аңның  қалай  аталатынын  білмейді.  Сондықтан  достарын 

көмекке шақырады. Ал достары қандай ақыл айтады екен? 

 

Қалима: 


-Ұзын,-дейді құлағы, 

Аң емес, мал – мынауың. 

Ұқсайды екен аумастан  

Есек деген маубасқа! 

-Басқаны сен есектен  

Білмейсің,-деп, Есет кеп, 

Ұқсатты оны қоянға. 

- (Желке жағы ояңдау). 

Бек қарқылдап күлді де: 

-Па, шіркін-ай, білдіңдер! 

Желкесі рас ой,- деді 

Сондықтан бұл қой, -деді.  

- Байқа, 

Міне, мынауың –  

Аумаған қой құлағы, 

Атам бізге табақтан  

Талай мұны таратқан. 

 

Осылайша  бірнеше  пікірлер  айтылып,  әркім  өз  ойын  өзінше  дәлелдеді.  Суреттегі  аң 



есекке,  қоянға,  тіпті  қойға  да  ұқсатылды.  Неге?  Мұның  себебін  Мұраттың  жауабынан 

аңғарамыз.  

 

- Ұқсас дер ем, -деді, -қоянға 



Әттең көкпен боялған! 

 

6

- Есек,- дер ем – мынауың, 



Шұбар бірақ құлағы. 

- Желкесі тым ой, - дер ем. 

Сондықтан бұл қой, - дер ем, 

Ол да ақылға қонбайды, 

Жасыл бас қой болмайды. 

 

Мұрат  сурет  бетіндегі  дәу  аңның  не  есек,  не  қоян,  не  қойға  ұқсау-ұқсамау  себептерін 



ашып көрсетті. Бұдан біз өлең кейіпкерінің түрлі-түсті бояуды оңды-солды қолдана беріп, 

өзінің  қандай  аң салып отырғанын аңғармай қалғанын ұғынамыз. Өнерге талпынған бала 

сурет  салып  еңбектенгенімен  де,  салынған  суреттің  қай  аңдікі  екенін  ажырата  алмады. 

Достары  да  түрлі  пікірлер  айтып,  бір  шешімге  келе  алмады.  Ақыры  белгісіз  аң  бейнесін 

қағаз бетінде қалдыруды жөн көреді. Бұған Мұраттың сөзі себеп болды.  

 

Сирағы бар, басы бар, 



  

 

 



 

Аузы, көзі, құлағы... 

Әйтеуір, бір қыр аңы. 

Тұра берсін қағазда, 

Біз білмейтін аң аз ба?! 

 

Осы  бір  көріністің  бала  көңіліне  өзіндік  із  қалдырары  анық.  Біріншіден,  ол  енді  өзіне 



таныс,  сыры  белгілі  зат,  дүние,  аң,  құстарды  салуы  мүмкін.  Екіншіден,  әр  бояуды,  әр 

көріністі өз орнында қолдануға тырысады. Үшіншіден, өзі салған аң, құс, басқа бір заттар 

болсын,  олардың  табиғатын  тануға,  білуге  ұмтылары  анық.  Сыншы  Құлбек  Ергөбеков 

«Ақын  Мүбәрәк  Жаманбалинов  творчествосының    бір  мінезі,  ол  өмір  көрінісін  көркем 

өрнектеумен  бірге,  оны  бала  психологиясына  бейімдеу,  бала  қабылдауына  лайықтауды, 

образды  оқушыға  арналған  тәлімдік  оймен  әсемдеуді  ұмытпай,  үнемі  қатар  алып,  бірге 

орындап  отырады.  Ол  елеусіз  көріністен  елеулі  ой  туғызатын,  қарапайым  іс-әрекеттен 

философиялық  ой  сабақтайтын,  оның  өзін  балғын  бөбекке  қарапайым  айта  білетін 

өнерпаз»(17.174),-деген  де  ой  айтады.  Мүбәрәк  Жаманбалинов  «Шопан»  өлеңінде  саз 

балшықтан мүсін жасап, ойнап отырған бала жайын бейнелейді.  

 

  Саз балшықтан 



                                                 Шәріп 

                                                 Түйірлеп алып, 

                                                 Кейде суға да малып, 

  Илеп отыр.  

  Кей жеріне 

  Шырпы, қурай түйреп отыр. 

 

Шәріп саз балшықты жай илеп отырған жоқ, белгілі-белгісіз аң-құстың бейнелерін жасап, 



өзінше  еңбектеніп  отыр.  Осы  бір  көріністен  оның  қолының  шеберлігі  де,  өз  ісіне  бар 

ынтасымен беріле орындап отырғаны – бәрі-бәрі аңғарылады. 

 

  

 



   

 

 



 

          Шәріпке 

                                                         Қарсы қарап,  

          Алдында 

          Құйтақандай «үйрек» отыр. 

          «Күшік» отыр, 

         «Мысық» отыр, 


 

7

                                                        «Қоян» отыр. 



                                                         Атын өзі де білмейтін 

                                                         Бір дөй аң отыр.  

                                                         Түлкі, 

                                                         Ақкіс... 

 

Өлең  кейіпкері  белгілі-белгісіз  аң-құс  бейнелерін  құр  жасап  қана  отырған  жоқ,  оларды 



түрлі  кейіпке  енгізіп,  белгілі  бір  сипат  беріп,  бар  ықыласын  салып    жасап  отыр.  Содан 

кейін ғана бала өзіне таныс, көзіне ыстық көріністі жасай бастайды.  

 

Бір кезде Шәріп 



Бәкісін алып, 

Жерді сызып қойды.  

«Үйлердің» бірнешеуін  

Бойындай ғып көшенің  

Сол сызыққа тізіп қойды.  

 

 



 

 

- Бұл, әдемі, меніңше, 



Біздің, -деді, -бөлімше. 

Селодан оқшауырақ, 

Айнала қоршауы бар, 

«Қоралары» кіл ұзын, 

Фермамыз бұл біздің. 

Село бар, 

Ферма бар, 

Қора бар, 

Енді жайлауда 

Жайылып жүрген мал қайда? 

 

Бала  үшін  өзі  көріп,  біліп  жүрген  дүниелер,  құбылыстар  мен  көріністер  бұлжымайтын 



заңдылық  тәріздес.  Бүгін  бар  нәрсенің  ертеңгі  күні  болмайтындығы  түсініксіз,  жат 

құбылыс. Сондықтан да болар өлең кейіпкері: 

 

     Сиыр қайда? 



    Жылқы қайда? 

    Қой қайда? 

    Ауыл малсыз болмайды, - 

    Деп бірнеше «қой» жасады –  

                                                   «Отар» болды, 

    Енді керегі «шопан» болды. 

 

Бала  «шопанды»  да  жасайды,  құр  жасап  қоймай,  оны  атқа  мінгізіп,  жүргізіп,  өзінің 



талабын да қояды. 

Бұл  өлеңде  баланың  тынымсыз  әрекеті,  ой-қиялы,  еңбек  сүйгіштігі  танылады.  «Ой-

толғам»  кітабында  Аманжол  Шамкенов  ақын  шығармашылығы  жөнінде  былайша  пікір 

білдірген екен: «Ақынның танымдық немесе тәрбиелік мәні бар өлеңдерінің орны өзгеше. 

Өзінің  балдырған  кейіпкерлерінің  тек  жақсылығын  ғана  дәріптеп,  не  осал  жағын  мінеп 

қана қоймайды. Олардың ой-өрістерін кеңейтуге барынша ықпал жасайды. Ол үшін ақын 

өлең  жолдары  арқылы  айнала  төңірекпен  таныстырып,  яғни  табиғаттан  сабақ  бергендей 

болады.  Алғашқы  түскен  қардан  бастап,  аяздың  сурет  салғыш  құдіретін,  шаңғының 

кереметін,  бұйра  бұлттар  мен  күннің  күркірін,  жаңбырдың  нөсері  мен  бал  бұлақтың 

сылдырын  жырға  қосады.  Бұдан  соң  тоғайда  өсетін  түрлі  жемістерді  сипаттайды. 



 

8

Мәселен,  қарақатқа  «жемісін  ел  қалайды,  қаракөзге  балайды»,  десе,  «Күнбағыс»  атты 



өлеңінде: 

 

«Ұқыптап тараған,  



Әдемі кекілді, 

Ұстазға қараған 

Шәкірттер секілді»,-  

 

деп жанды көріністі көз алдыңа елестетеді»(63.68). 



Мүбәрәк  Жаманбалинов  поэзиясының  басты  бағдарының  бір  желісі  –  азаматтық 

әуен,  отан  сүйгіштік  сарын.  «Тартар»  өлеңінде  елімізге  Африкадан  жаяу  келетін  құс 

туралы жырланады. Ақын бұл құстың өзіне тән белгісін, сипатын, ерекшелігін бейнелейді.  

 

Туған жерге бет ала 



Тартты жаяу Тартар да, 

Өтеді ұшып тек қана  

Кездессе өзен, жар, тауға. 

Жалықсын ба жанды аяқ, 

Алда – туып өскен жер. 

Зырлайды аяқ талмай-ақ, 

Ілеспейді ескен жел. 

 

Туған жерін сағынған құс шаршағанына қарамастан жаяу жүріп, арманына жетеді. Талай 



жерді  шарлап,  түрлі  қиындықтан  өтіп,  туған  өлкеге  жеткен  «Тартар»  құс  әрекетін  ақын 

балаларға үлгі-өнеге етіп көрсетеді.  

 

Ормандарда қар жатып,  



Су ақса да сайда әлі, 

Бар құмарын тарқатып,  

Тартар келе сайрады,   

 

деп  бейнелейді  ақын  тартар  құс  қуанышын.  Осы  өлең  арқылы  Мүбәрәк  Жаманбалинов 



балаларға туған жердің қадірін біліп, сүюге, құрмет тұтуға үндейді. Ал «Бал ара» өлеңінде 

еліміздің шексіз байлығын, жомарттылығын жырға қосады.  

  

 

- Қайда болдың, бал ара? 



- Бау-бақшада, далада.  

- Не іздедің сен даладан? 

- Қонақ болдым аралап. 

 Қарсы алды гүл, жапырақ 

 Құшақ жая, жадырап. 

 Жауқазын дәм татырды, 

 Раушан гүлдер шақырды.  

 Өрік, шие, алманың – 

                                    Бәрі-бәрін шарладым 

 Барлығынан бал алдым, 

Жомарттығы-ай даламның! 

 

Ақын  бал  араның  тілімен  «жомарттығы-ай  даламның!»  деп  тамсанады.  Осылайша 



қазақтың кең даласын, оның шетсіз-шексіз байлығын мегзегендей болады.  

 

9

Ақын  туған  жерді  сүю,  отанды  қадірлеу  туралы  жалған  уағыз  айтпайды.  Тартар құстың 



жаяулап-ақ  елге  жетуі,  бал  араның  тамсануы  туған  жердің  қадірін  танытып-ақ  тұр. 

Осылайша  ақын  тартар  мен  бал  араның  туған  далаға  деген  сүйіспеншілігін  жырлау 

арқылы балаларға үлкен ой салып тұр. Ол – туған жерді сүю, қадірлеу, қорғау. 

«Мүбәрак  өлеңдері  белгілі  бір  оқиғаға  құрғанда,  тіпті  әрлене,  нәрлене  түседі.  Әлбетте, 

сәбилер  күлгенді  жақсы  көреді.  Күлкілі  оқиғаларды  іздейді.  Әзіл-әжуа  өлеңдерді  тез 

қабылдайды. Мүбәрактың бұл саладағы өлеңдері ойнақы, сүйкімді көрінеді. «Балақан мен 

долана»,  «Екі  сараң»,  «Сабақ  алдында»,  «Айна  мен  теке»,  тағы  басқа  жырлары  көңіл 

сергітіп,  көкірек  көзін  ашады.  Тұспалдап  айтса  да,  тура  тиеді»(30.7),-дейді  ақын  Сағи 

Жиенбаев.  М.Жаманбалинов  өлеңдерінде  тәртіпті,  таза,  ұқыпты  балаларды  мадақтаса, 

керісінше, салақ, ұқыпсыз, сотқар балаларды қатаң сынға алады. «Тимейді, қолы тимейді» 

өлеңінде ескерту жасаған мұғалімге бала «апасының қолы» тимейтінін хабарлайды. Оның 

осылай жауап беруінің өзі шын бейнесін танытады.  

 

 

 



 

 

- Тырнағың өсіп кетіпті, 



 Ұйпа-тұйпа көйлегің. 

 Тазалап сүртпей етікті 

 Мектепке қалай келгенің? 

 Түймесі үзік пальтоңның, 

 Таралмапты шашың да. 

- Тимейді қолым, қайтейін, 

 Апам қырман басында.  

 

Өлең кейіпкерінің санасына өз киімін өзі жуып, өтектеу, үсті басын тазалап ұстау туралы 



ой  кіріп  те  шықпайды.  Бәріне  кінәлі  «апасы»  екен.  «Қасымның  хаты»  өлеңінде  лагерьге 

кеткен  Қасымның  ауылдағы  досына  хат  жазып,  хабарласқанына  алғашқысында  қуансақ 

та, кейін баланың жаңғалақтығына күйінеміз.  

 

Гүлге оранған «тұз» бәрі 



Биік таудың қойнауы. 

Көрдім ақбас «қыздарды» 

Бұлттан асқан бойлары. 

Көп-ақ ұшқан «қыс» мұнда 

Балапан ерткен «қырлары» 

Атымен жоқ «құзғындар» 

                                               Көп көреміз «тырнаны»,- 

деп  жазған  хатына  орай  жауап  та  келеді.  Алайда  елдегі әжесі,  хаттың  сөздерін  түсінбей, 

қиналыпты.  Сөйтсе,  Қасым  «ү»,  «ұ»,  «ы»  әріптерін  айыра  алмай,  ауыстырып  алыпты. 

Оның  «қысы  -  құс»,  «тұзы  -  түз»,  «қыры  -  құр»,  «қызы  -  құз»  екен.  М.Жаманбалинов 

баланың  кемшілігін  күлкі  ете  отырып,  қатесін  түзетеді.  Ақынның  сықақ  өлеңдері  мен 

мысалдары  туралы  сыншы Құлбек  Ергөбеков былайша ой  түйіндейді:  Жаманбалиновтың 

30 жылдық творчествосында, оның жемісін көркейтіп, көпке кеңінен танытқан, бір сала – 

сатира. Ақын творчествосында оның екі түрі  берік орныққан: бірі – юморлық, сатиралық 

өлеңдер  де,  екіншісі  –  мысал  өлеңдер.  Мүбәрак  ақынның  сатиралық  өлеңдері  қысқа  да 

нұсқа,  ойлы  да  орамды,  бала  кейіпкер  мінезіне,  іс-әрекетіне  құратындықтан  күлкілі, 

тәрбиелік  ойымен  күрделі,  өлеңді  ойнақыландырып,  жеткізер  ақындық  тәсіл  әрі  тың,  әрі 

қарапайым»(17.177).  М.  Жаманбалинов  балалар  бойындағы  орынсыз  мақтану,  өз  мінін 

көрмей біреуді  келекелеу, мазаққа айналдыру, қорқақтық тәрізді ұнамсыз қылықтарды да 

шенейді.  «Тайға  таңба  басқандай»  етіп  дәл,  қысқа  да  нұсқа  етіп  бейнелеп  жеткізеді. 

«Мақтаншақ»  өлеңінде  қаладан  ауылға  келген  баланың  өз  өнерін  айтып  мақтанам  деп 

күлкіге қалғанын көрсетеді.     

 


 

10

Күрестің де алдымын,  



Біріншімін бокстан.  

Чемпионды талдырдым, 

Қойып қалып оқыстан. 

Мені осылай шыңдады 

Айқастарда жұдырық,  

 

деуіне қарағанда шынымен де батыл, қайсар бала ма екен деген ой келгенімен, ертеңінде-



ақ  қаздар  мен  лақтар  оның  сырын  ашады.  Балалар  оның  шын  сыры  ашылған  соң,  енді 

оның өзін қорқыта бастайды. Сөйтіп мақтаншақ бала әшкере болады. «Есербек» өлеңінде 

Есербек  деген  баланың  балаларды  таңқалдырмақ  болған  әрекетінен  соң,  сумкасы 

жыртылып,  кітап,  дәптері  шашылып,  күлкі  болғаны  баяндалады.  «Мүбәрак  ақынның 

көбірек  қалам  сілтеп,  айрықша  назар  аударып  келген  тақырыбы  –  мектеп  табалдырығын 

аттаған төменгі класс оқушыларының бейнелері екенін аңғарамыз. Біріне-бірі ұқсамайтын 

балдырғандардың  түрлі  іс-әрекет,  қылықтарын  жария  етеді.  Және  онысы  құр  жадағай 

баяндалмай,  белгілі  бір  балаға  байланысты  белгілі  уақиғаға  құрылады.  Сондықтан  да 

мұндай  өлеңдердің  тартымды,  әсерлі  боп  келетіні  ақиқат.  Әркім  іштей  өзін  танып, 

ойлануы  мүмкін.  Ал,  әдетте,  ой  салған  шығарма  бір  ізін қалдыра  қоймайды.  Бала  деген 

өзінің  қателігіне  мән  бермей,  мойындамайды  да,  өзгенің  мінін  көргіш  келеді.  Оны 

қайталамауға тырысады. Бір-біріне сабақ болып, бір бірінен үлгі алсын дегендей, ақын да 

бүлдіршіндердің  сан  алуан  қылықтарын  өлең  жолдарына  айналдырған»(63.69;70),-дейді 

ақын А.Шамкенов. М.Жаманбалинов өлеңдері  бала бойындағы жақсылық пен жамандық, 

адалдық  пен  қыңырлық,  еңбексүйгіштік  пен  жалқаулық  тәрізді  қарама-қайшы  түсетін 

қылықтарды  дәл  көрсетіп,  баланың  өзіндік  дамуын,  таным-түсінігін  бейнелейді. 

Өлеңдерінің тілі жеңіл, ойнақы, мазмұны әсерлі болып келеді.  

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               II ТАРАУ. М.Жаманбалиновтың «Батыр ұстаз» поэмасы 

 

           

М. Жаманбалинов бірнеше поэмалардың да авторы. Бұл туралы Құлбек Ергөбеков 

былай дейді: «Мүкең бүлдіршіндерге ертегі-поэмамен бірге, өмір шындығына негізделген 

«Батыр  ұстаз»,  «Ақын  бала»,  «Жақсы  ата»  секілді,  оқиғасы  шымыр  өрілген,  тікелей 

балалар  психологиясына  негізделген  реалистік  поэмалардың  авторы.  Жинақтап  айтсақ, 

бұл  үш  поэманың  өзіндік  ерекшелігі,  сипаттары  бар.  Олар  ақын  кейіпкерінің  бар  өмірін 

қамтып жатпайды. Өмірлік кешудің қызықты, драмалы бір сәтіне назар аударады. Сол бір 

сәтті  балаға  бояу  көркін  келістіре  жырлап  берсем  жеткілікті  деп  қарайды.  Содан  соң 

оқиғаны  баяндау  үстінде  де  оқушысын  бір  сәтке  де  ұмытпайды.  Оқушысын  оқиғаға 

қатыстырып, араластырып отырады. Лирикалық герой өмірінің әр кезеңін бейнелеген соң, 


 

11

оқушысымен  бір  сырласып,  бір  танысқа  айналдырып  отырады.  Әлгі  ерекшеліктерінің 



үстіне  ақын  бала  тәрбиесі  жайындағы ойларын  да  орайын  тауып  араластыра  айтып өтуді 

ұмытпайды.  Поэма  –  эпикалық  жанр.  Ақын  оқушыны  жалықтырмас  үшін  шығарманың 

ырғағын 

құбылтып, 

ойнақыландырып, 

характерлі 

баяндайды»(17.

179;180).         

М.Жаманбалиновтың  «Батыр  ұстаз»  поэмасында  Кеңес  Одағының  батыры  Серікбай 

Мүткеновтің  ерлігі  жырланады.  Поэма  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысының 

шындығын ашып көрсетеді.  Ақын ең әуелі  Серікбай Мүткеновтің бала кезін  сипаттайды. 

Себебі,  кез  келген  адам,  ол  инженер,  мүғалім,  дәрігер,  тіпті  даңқты  батыр  болса  да,  бала 

шақтан  болашаққа  бастау  алатыны  белгілі.  Әрі  балаларды  даңқты  батырдың  балалық 

шағын  қалай  өткізгені  де  қызықтыратыны  сөзсіз.  Сондықтан  да  ақын  Серікбайдың  бала 

кезін былайша жырлайды:

 

 

Өскен екен Серікбай, 



Көк шыбықты ат қылып, 

Шаңғы тепті жалықпай. 

Қырларында жаттығып. 

Ұнататын ағанды, 

Өр Ертісте жүзуді. 

Жағада ойнақ салуды, 

Жалқын күнге қызуды. 

Ұнатыпты толқынды, 

Ұнатыпты алысты. 

Толқынмен бірге толқуды, 

Кемелермен жарысты. 

 

Бұл ауыл балаларына тән әдеттегі көрініс болып көрінгенімен де өзіндік ерекшелігі де бар 



сияқты. Өйткені, өлең кейіпкері шаңғыны жалықпай теуіп жаттығады. Әрі шаңғыны анда-

санда  бой  сергітетін  ермек  ретінде  теппейді.  Ақын  бала  кейіпкерін  жай ғана  күнге  емес 

жалқын  күнге  қыздырындырады.  Толқынды  ұнатып  қана  қоймай  онымен  арпалысу, 

кемелермен  жарысу  –  бәрі-бәрі  баланың  тынымсыздығын  танытса,  әрі  мұндай  баланың 

шынығып,  шымыр  болып  шығатынына  да  кәміл  сенеміз.  Мұнан  кейінгі  бөлімде  оқушы 

қауым ұстаз Серікбаймен танысады. Жүрегінде қимастық сезімі мен жауға деген кек қатар 

арпалысқан  Серікбай ұстаз  шәкірттерімен  қоштасып  майданға  аттанады.  Ал  майдандағы 

Серікбайды ақын былайша бейнелейді: 

 

Жер ананы мың-мың оқ, 



Жаралайды күндіз-түн. 

Қорғаушының бірі боп,  

Мұғалім де жүр біздің. 

Оқ пен оты майданның  

Шым болат қып шыңдапты, 

Енді ол тіпті айбарлы,   

Енді ол тіпті сымбатты. 

Бойы сәл-сәл аласа, 

Тап-талдырмаш – алыстан. 

Ал жақын кеп қарасаң, 

Құдды жас бір арыстан. 

Қолдың бұлшық еттері 

Қақ қайыңның безіндей. 

Қарашығы отты еді 

Лашын құстың көзіндей. 

 


 

12

 



Бұл  жолдардан  майдан  шыңдаған,  күш-қуаты  мол,  қайратты  мұғалім  бейнесі  танылады. 

Бір  кездігі  ұстаз  енді өзі  шәкірт.  Ол  майданда  мылтық  оқтауды,  атуды,  көздеуді,  үйқыға 

бой  алдырмауды,  жауға  соққы  беруді  үйреніп  жүр.  Бұл  –  майдан  заңы.  Ақын  өз  ойын 

былайша түйіндейді:  

 

Ұстаз соның бәрін де 



Шәкірт болып меңгерді.  

Алаңында майданның  

Мектебінде ерлердің.  

 

Осылайша жаттығып, шынығып жатқан жауынгерді енді бірде майданның қақ ортасында 



жаумен  арпалысып  жатқан  кезінде  кездестіреміз.  Жалғыз  өзі  жаумен  бетпе-бет  қалып, 

тайсалмай  айқасқа  түскен  жауынгердің  көзсіз  батырлығымен,  ерен  батылдығына  куә 

боламыз.  

 

Қалай төзіп мазаққа 



Таптатарсың арыңды! 

Әне! Жалғыз қазаққа, 

Алты фашист жабылды. 

Топырласып, таласып, 

Ала қойды қоршауға. 

Бәлкім аман қаласың, 

Сұрап көрсең жан-сауға. 

Жоқ, бұл қазақ, байқа, әне, 

Қимылына, ой пәле, 

Көз ілесе қоймайды. 

Неткен сабаз жүректі, 

Неткен сабаз өрт еді! 

 

Алты  фашистің  қоршауында  қалса  да,  мойымай  арпалысып, қайсарлық  танытып  жүрген 



Серікбайдың қимылына сүйсініп, тамсанған ақын ендігі кезекте жауынгердің арпалысын, 

жаумен шайқасын нақты көрсетуге бет бұрады.  

 

Автомат бір дүр етіп,  



Орып түсті төртеуді. 

Бесіншінің көзіне, 

Жұдырығы сарт етті 

Осы сәтте өзінің, 

Жанары да жарқ етті. 

Соқса керек біреуді, 

Автоматтың дүмімен. 

Қан сорғалай жөнелді, 

Құлағының түбінен. 

Осындайда қап ерің, 

Кетер ме екен қапыда, 

Жоқ, әнеки, жалт беріп 

Соқты бірін қатыра  

Дөп тиді де гранат, 

Кетті миын опырып. 

Бірақ енді қазақтың 

Қалды өзі де отырып. 


 

13

Соңғы неміс құндақпен, 



Соққан екен тізеден. 

Қалды қазақ үн қатпай, 

Енді үмітті үзе бер.  

 

Міне,  бұл  жолдардан  бірде  жаудың  күші  басым  болса,  енді  бірде қазақ  жауынгерінің 



басымдылық  танытатынын  байқаймыз.  Өмір  мен  өлім  арпалысын  көреміз.  Осындай 

шиеленіскен ауыр жағдайда бір кездегі ұстаз ендігі жауынгер Серікбай не істемек? Қандай 

шешім  қабылдамақ?  Сөйтсек,  ұстаз-жауынгер  жаумен  бетпе-бет  қалып,  айқаспаққа  бел 

буыпты: 


 

Кетті екеуі жекпе-жек. 

Ұмар-жұмар айқасып. 

Неміс те бір көктерек, 

Қазақ бейне жай тасы. 

Тығыршықтай қазақ та 

Неміс одан екі есе. 

Көтертпейді аяқ бір, 

Қазақ оны әйтпесе,- 

Қазағымша, әп бәлем, 

Соғар еді бұрап бір 

Балшық емес баттаған, 

Немісің де ал бірақ. 

Жұдырығы батпандай, 

Атақты бір боксер ме? 

Мықты еді өзі, ох, қандай?! 

Қазақ бірақ шапшаңдау. 

 

М. Жаманбалиновтың бір ерекшелігі, жаудың күшін солғындатпай, керісінше, басым етіп 



бейнелейді.  Әрі  сол  күші  басым,  қару-жарағы  мықты,  айлакер  жаумен ұстаз-жауынгерді 

жалғыз  айқастыру  арқылы,  Серікбайдың  батылдығын,  қайратын,  күш-қуаты  молдығын 

одан  сайын  дәлелдей  түседі.  Егер  сол  кездегі  кез-келген  кеңестік  шығармада  неміс 

жауынгерлерін  ақылсыз,  қауқары  жоқ,  ақымақтар  ретінде  сипаттау  белең  алса,  М. 

Жаманбалинов  бүкіл  Кеңес  Одағы  қарсы  тұрып  күрескен  жаудың  осал  еместігін,  күш-

қуатын  ашық  көрсете  алған.  Осыған  орай  Кеңес  Одағы  халқының  бірлігін,  қайратын, 

өжеттілігін, асқан ерлігін таныта біледі.  

 

Азу, тізе, жұдырық, 



Бірнеше рет алмасты. 

Неміс кенет ұмтылып, 

Кеңірдекке жармасты. 

Бет-ауызды қан жапты. 

Жапырылды мұрын да. 

Әлі кетті-ау қазақтың,  

Қалды, міне, қырылдап. 

Бүре түсті саусақтар, 

Одан сайын шеңгелдеп. 

«Есіл ерді қаусатты-ау!» -  

Деп күрсінді жер мен көк. 

Енді зұлым бір күлдің, 

Енді зұлым бір мақтан. 

Жоқ, қазақта жұлқынды, 



 

14

Еһ, солай соқ шынтақтан. 



Шытты фашист қабағын, 

Қолын да, әне, босатты. 

Ал,қазағым, қазағым, 

Қалт жіберме бұ сәтті. 

 

Ақын қазақ жауынгерінің фашист солдатымен шайқасын осылай бейнелеу арқылы оқушы 



қауымды  одан  әрі  ширықтыра  түседі.  Поэма  кейіпкерінің  іс-әрекетін  бірте-бірте  өрбітіп, 

шайқасты қиындатып, оқиғаны әрі қарай дамыта түседі. Ақын шайқас көрінісін үнемі өсу, 

өрбу үстінде көрсетеді.  

 

Бәсе, бәсе, қазақша,  



Салшы солай жамбасқа! 

Ілікті ме жамбасқа, 

Ал көтер тез! 

Ал,таста! 

Сонау арам тұмсығын, 

Тірей таста дәл тасқа, 

Қазақ қандай, біл сырын, 

Қазақпенен шайқаспа! 

Қайырыла мойыны, 

Жендет түсті шаншылып. 

Тыпырлайды сонда да, 

Бара жатыр жан шығып. 

Ақыры, әне, сылқ етті, 

Топырақты қапты да, 

Біздің батыр бір тепті. 

- Енді тыныш жаттың ба? 

 

Бұл  жолдар  ұлттық  бояуға  толы.  Ақын  өзін  күрестің  жанкүйеріндей  сезінеді.  «Қазақ 



қандай  біл  сырын, қазақпенен  шайқаспа»  деуі  арқылы ұлтық  рухты  көтере  түседі.  Поэма 

кейіпкері  жамбасқа  салып,  бастан  асыра  лақтырудың  арқасында  жауын  жеңеді.  Ал  бұл 

қазақша  күрестің  әдісі  екені  белгілі.  Осылайша  ақын  қазақ  жауынгерінің  әдісқойлығын, 

батылдығын,  қажырлығын  шабыттана  жырлайды.  Жаумен  жекпе-жек  шығып,  айқасқан 

қазақ жауынгері келесі бөлімде мергендігімен де танылады.  

 

Ентелеген танктер, 



Оқ боратып келеді.  

Ал соңында жау біткен, 

Құмырсқадай өреді.  

- Өлдік,- десті солдаттар. 

Бірақ тегін өлмеспіз. 

-Түсер өте қымбатқа,- 

Деп қойды бір комбат та. 

Қабақ түйіп алысқа, 

Бинокльмен қарады. 

О ғажап бір танкті 

Жалын орап барады.  

Шөкті неге құрыш тау, 

Әп-сәтте не боп қалды? 

Дұрыс-ау,  шіркін, дұрыс-ау! 

Ал енді оны атқан кім? 


 

15

Кім атқаны не керек,  



Кім атса да дөп атты. 

О, керемет, керемет, 

Тағы бір танк жер қапты. 

Қалғандары баяулап. 

Жалт бұрылды, жасқанды. 

Енді снаряд жаяуға 

Әлек сала бастады.  

Әне, тағы жау жақтан, 

Қалың топты жайпады.  

- Құралайды көзге атқан, 

Деген осы-ау, ой пәлі! 

 

Қайсар,  өжет,  мерген  қазақ  жауынгері  Серікбай  Мүткенов  осындай  бір  шайқаста  қаза 



табады.  Халық  қашанда    батырларын  ардақтап,  жырға  қосып,  олардың  ерлігін  ұрпақтан-

ұрпаққа  аңыз  етіп  таратады.  Сондықтан  да  ақын  Серікбай  Мүткеновтің  өзі өлгенімен  де, 

ерлігі  өлмейді,  оның  есімі  халық  жүрегінен  өшпейді  деген  ой  айтады. Құлбек  Ергөбеков 

«Мейірім  шуағы»  кітабында  М.  Жаманбалиновтың  «Батыр  ұстаз»  поэмасы  туралы  өз 

ойын  былайша  түйіндейді:  «Бала  психологиясына  жетік  ақын  кейіпкерінің  өмірін  ұзын-

сонар  баяндаудан  тартынған.  Ол  характерлі  баяндауды  меңгерген.  Тіпті  поэманың 

бастауындағы: 

 

Өтті бір ер ағаң 



Ертеде емес, ол кеште 

Серікбайды білмесең, 

Тек сол үшін,сол үшін 

Өтемейсің онда сен 

Ұстазыңның борышын,- 

деген жолдардың өзі қарапайым бола тұра оқушысын елітіп, тартып отырған жоқ па?! Әрі 

қарай  Серікбай  өмірі  жалаң  баяндалар  ма  екен  деп  күдіктенесің.  Жоқ,  ақын  лирикалық 

геройдың бала шағын әнгімелесе де, ерлік ісін көрсетсе де, оқушысымен сырласа отырып 

жеткізуді ұмытпайды. Тағы бір сәтімен табылған тәсіл лирикалық герой – Серікбай ұстаз. 

Демек,  лирикалық  герой  ойымен  де  балалар  өмірі,  адамгершілік,  тәрбие  мәселелеріне 

қайырылып, соғып отыруға ақынның мүмкіндігі бар. Осы сәтті де ақын тиімді пайдалана 

біліпті.  Бала  талғамы  нәзік  қой.  Белгілі  бір  өмірлік  материал  формасы  тауып берілмесе, 

оқымай  қоя  салуы  мүмкін.  Мүбәрак  лирикалық  герой  өмірінің  әрбір  кезеңін  бейнелеген 

соң  оқушысымен  бір  сырласып,  бір  тынысқа  айналдырып  отырады»(17.46;47).  М. 

Жаманбалиновтың  «Батыр  ұстаз»  поэмасы  оқиғасы  қызғылықты,  мазмұны  әсерлі,  бала 

ұғымына  лайықтап  жазылған  шығарма.  Поэма  қарапайым,  жеңіл  тілмен  жазылған  десек 

те, ақын көркемдік құралдарды өз орнында пайдалана білген. Майданға аттанғалы тұрған 

ұстаздың шәкірттеріне деген қимастық сезімін «көрінбейтін бір ине, түйреп өтті жүректі» 

деген детальмен береді. Сондай-ақ ақын «құдды бір жас арыстан», «қазақ бейне жай тасы» 

деген  метафораларды,  «қақ  қайыңның  безіндей»,  «лашын  құстың  көзіндей»  деген 

теңеулерді, «жер ананы мың-мың оқ, жаралайды күндіз-түн», «есіл ерді қаусатты-ау!»деп 

күрсінді  жер  мен  көк»  деген  сияқты  жандандыру,  кейіптеуді  де  қолданады.  Әрі  бұл 

көркемдік  құралдар  қазақ  жауынгерінің  да  батыл  да өжет,  қайратты  да  қайсар  бейнесін 

жасауға  қызмет  етеді.  Халықтың  оған  деген  сүйіспеншілігін  арттыра  түсуге  әсерін 

тигізеді. «Батыр ұстаз» поэмасы балаларды Отанды сүюге, оны жанқиярлықпен қорғауға, 

бейбіт өмірді де сақтауға баулитын туынды.  

      

 

 



 

16

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

       III ТАРАУ. М.Жаманбалиновтың қазақ балалар поэмасын   дамытуға қосқан үлесі. 

 

         М.  Жаманбалинов  балаларға  арнап  ертегілер  де  жазған  ақын.  Бұл  жөнінде  «Ой 



толғам»  кітабында  Аманжол  Шамкенов  мынандай  ой  айтады:  «Балалардың  қиялын 

шарықтататын  шығарманың  бір  түрі  –  ертегілер.  Ақынның  бұл  саладағы  еңбегін  елемей 

өтпеуге болмайды. Ертеде Есер деген хан болыпты. Атына лайық өзі де дарақылау, ойына 

келгенін  істеген  екен.  Бірде  ол:  «Менің  алдыма  ең  ақымақ  адамды  тауып  әкелгенге  мол 

алтын  беремін,  ондай  болмай  шықса,  өзінің  басын  аламын»,-деп  жар  салыпты.  Сөйтіп, 

алтыннан  дәметкен  талайларды  жалмайды.  Одан  жалыққан  қанішер  хан:  «Енді  маған  ең 

тентек,  содыр  адамды  тауып әкелгенге  мол  алтын  беремін,  ондай  болмай  шықса,  өзінің 


 

17

басын  аламын»,-деп  жар  салыпты.  Бұдан  да  талай  жазықсыздар  жазаға  ұшырайды. 



Ақырында, мұндай озбырлыққа төзе алмаған өжеттеу  бір содыр ханның тұмсығын бұзып, 

жәһаннамға  аттандырады.  «Есер  ханның  өмірі  мен  өлімі»  деп  аталатын  бұл  ертегіден 

баланың көңілі бей-жай қалмасы белгілі. Өзгеге зұлымдық, жамандық ойлайтын адамның 

өзі  де  жамандыққа  ұшырайтыны  ақиқат.  Осындай  шындықты  баланың  миына  сіңіре 

беретін  көркем  шығарма  өз  міндетін  атқаруға  тиіс  деп  ойлаймыз.  Келесі  бір  «Күж 

жалмауыз  бен  Білек  батыр»  дейтін  көлемді  ертегіде  жас  батырдың  ғаламат  ерлігі 

баяндалады.  Ол  өзінің  қара  басын  қорғау  емес,  күйзеліске  ұшыраған  ел-жұрты  мен  әке-

шешесі үшін алып жалмауызбен айқасып, табандылық білдіреді. Мұнда ақын қиянатшыл 

зорлықты түбінде әділдік жеңетінін уағыздайды. Ал «Жұмбақ сыры» деп аталатын ертегі-

аңызда атақты Бала бидің бір тапқырлық шешімі суреттеледі. Бұлардан басқа да ертегілері 

әр  қилы  тақырыпқа  арналған.  Қай-қайсысы  болса  да  ойды  тербетіп,  жақсылыққа 

меңзейді»(63.72;73).  «Есер  ханның  өмірі  мен  өлімі»  деген  ертегіде  ақын  күнде  ойран 

салып, ел-жұртын зар илеткен ханды былайша сипаттайды: 

 

Қан төгілсе, 



Ерігіп, 

Көңілденіп семірген, 

Қан төкпесе, 

Зерігіп,  

Түңілетін өмірден. 

 

Бұлай сипаттау арқылы ханның жауыздығын, қан құмарлығын танытады. Одан ары қарай 



ақын халқын жиып алып, жар салған «Көйлегі көк, тамағы тоқ» боп, еріккеннен не істерін 

білмей, әбден шектен шыққан ханның есірік қылығын әшкерелей түседі. 

 

 

 



 

 

- Көтергенше есегі, 



Алтын берем табанда: 

Есерлердің есерін 

Тауып келген адамға.  

Одан өткен ақымақ  

Бұл өңірде болмасын,-

 

деп шарт қойған хан алдына келген ерлердің ешқайсысына көңілі толмай, оларды әкелген 



адамдардың  басын  шауып,  неше  мың  жанды  қырады.  Ол  «надандардың  наданын», 

«содырлардың  содырын»  әкеліңдер  деп  бұйрық  беріп,  небір  надандар  мен  содырларды 

танымай,  місе  тұтпайды.  Осылайша  есірген  хан  сондай  содырлардың  бірінің  қолынан 

өледі.  Ақын  ертегіде  есірген  ақымақ  ханға  халық  өкілі  ақсақал  бейнесін  қарсы  қояды. 

Поэмадағы ақсақал бейнесі ақылдылықтың символы тәріздес. Поэманың негізгі идеясы да 

осы ақсақалдың сөзімен беріледі.  

                                              - Хан жақсыда 

Халыққа 


Құт-береке орнайды, 

Хан – жаманда 

Халық та, 

Сорлайды ғой, сорлайды... 

 

Озбыр  ханның  содырлардың  содырынан  таяқ  жеп,  қаза  табуынан  «ізгіліктен  ізгілік, 



жауыздықтан  жауыздық»  туындайды  деген  ойды  танытқысы  келеді.  Жан-жағына  өлім 

ұрығын  сепкен  хан  масқара  өлімнен  көз  жұмып,  қалың  елге  күлкі  болды.  М. 

Жаманбалиновтың  ертегілер  жазудағы  еңбегін  Құлбек  Ергөбеков  былайша  бағалайды: 

«Ақын  творчествосында  ертегінің  алар  орны  айрықша.  Ол  балаларға  көптеген  қызықты 



 

18

ертегі  жазып  қуантқан  суреткер.  Балалар әдебиетіне  фольклордан  келген  ертегі  қызықты 



жанр  үлгісі.  Ұлы  ақын  А.С.  Пушкин  әрбір  ертегіні  поэмаға  балаған  ғой.  Қазақ  балалар 

әдебиетінде  көптеген  ертегі  үлгілері  бар.  Ол  ертегілер  жазылу  мәнері,  тәсілі  жөнінен 

қызықты  тәжірибелерді  еске  салады.  Мүкең  бұл  ретте  ауыз  әдебиетіне  шәкірт.  Ол 

ертегінің  фольклорлық  дәстүрін,  образдық  сыр-сипатын  жақсы  үйреніп,  жете  меңгерген 

ақын.  Ол  жазған  ертегілерге  зер  салсаңыз,  ауыз  әдебиеті  үлгісінің  ізімен  жырлаудан, 

фольклорлық  дәстүр  негізінде  өз  бетінше  қызық  оқиғалы  ертегі  жазуға  дейін  жеткенін 

көреміз.  Нақты  факті  тілінде  сөйлер  болсақ,  «Түйе  жылдан  қалай  құр  қалды?»  ертегісі 

халық аңызының ізімен жазылған, ақын прозалық нұсқада өмір сүріп келе жатқан аңызды 

балаға  лайықты  тілмен  поэзияға  айналдырды.  Ауыз  әдебиеті  үлгісінен  үйренудің,  оны 

творчестволықпен  игерудің  бұл  да  қарапайым  жолы.  Ол  осы  қарапайым  үйреністен 

фольклорлық  дәстүрде  ірі  жинақтау  арқылы  өз  жанынан  күрделі  ертегі  –  поэма  жазуға 

дейін  қарқындай  өсті.  Оның  жарқын  мысалы  «Күж  жалмауыз  бен  Білек  батыр»  ертегі-

поэмасы.  Қазақ  балалар  поэзиясында  ертегі-поэманың  «Құмырсқалар,  аралар  –  қиыспас 

дос,  құдалар»секілді  классикалық  үлгісін  жасаған  ақын  марқұм  Өтебай  Тұрманжанов 

болса,  одан  кейінгі  асыл  нұсқа  деп  біз  Мүбәрак  ақынның  «Күж  жалмауыз  бен  Білек 

батыр» ертегісін айта аламыз. Оқиға күрделілігі, образ сомдалуы , қос өрім сюжет, қилы-

қилы  тартысты  «Күш  жалмауыз  бен  Білек  батыр» қазақ  балалар  әдебиетіндегі  сирек 

құбылысқа  бағаларлық  жауһар  туынды»(17.178;179).  «Күж  жалмауыз  бен  Білек  батыр» 

ертегісінде Күждің бейнесін беру үшін ақын гиперболаны қолданады.  

 

Кірпіктері салалы,  



Шаншып қойған құрықтай. 

Үнірейген танауы 

Қос шыңырау құдықтай. 

Қарны төбе қампиған, 

Аузын ашса – арандай. 

Аяқтары талтиған, 

Бұлт тіреген бағандай. 

Отырғанда жалпиып 

Бір ауылды жанышқан. 

Ұртын кере ұрттаса 

Көлдің суын тауысқан 

Көмейінен түгімен, 

Түйе, пілдер өтіпті 

Бір табын мал бір ілген 

Алақанда кетіпті. 

Нық басқанда табанды 

Жолдағыны сорлатты. 

Арбадағы адамды 

Арбасымен жалмапты. 

Астық болса қамбада 

Қамбасымен жалмапты.  

Соның бәрі сонда да 

Құлқынына толмапты, 

 

деп  әсірелеп  сипаттау  арқылы  ақын  Күж  жалмауыздың  тойымсыздығы  мен  алыптығын 



көрсетеді. Осындай жалмауыздың көзін жоюға ерлерді жинамақ болғанда ешкім шықпай, 

ортаға  кішкене  бала  келіп,  Күж  жалмауыздың  көзін  жойғысы  келетінін  хабарлайды.  Бұл 

баланы ақын былайша бейнелейді: 

 

Қысып алып қолтыққа 



 

19

Жалба-жұлба шекпенін: 



Осы кезде ортаға  

Бір балақан беттеді. 

Тым аласа бойы бар, 

Әңгелектей басы бар, 

Он-он бірде жасы бар, 

Емес тіпті  асығар. 

Бейне қырдың қыраны, 

Немесе бір тас тұлға... 

Салбыраған құлағы –  

Қотыр есек астында. 

 

Бұл – Білек  бала  еді. Халық та,  хан да оның сөзін күлкі  етіп,  Күж жалмауызбен айқасуға 



жібермей  қояды.  Баланың  сыртқы  келбетіне  қарап  бағалап,  ішкі  мүмкіндігіне  көңіл 

бөлмейді.  Барлық  ертегідегідей  мұнда  да  мейірімділік  пен әдептілік,  салқын  ақылдылық, 

сабырлық  жеңеді.  Ханның  тапсыруымен  уәзірі  Қарын  Күж  жалмауызбен  айқаспаққа 

аттанады.  Ол  да  сол  жалмауыздай  құлқынын  ойлаған,  есірген  уәзір  еді.  Жолында 

кездескен  қыран  балапандарына  көмектеспей,  керісінше,  оларды  өлтіріп,  ақсақал 

бағбанды  сыйламай,  әдепсіздік  танытқан  Қарын  уәзір  Күж  жалмауыздың  жеміне 

айналады.  Ал  Білек  болса,  елдің  ризалығын  алып  жолға  шығады.  Ол  жолда  қыран 

балапандарын құтқарып, бағбан қартқа сәлем береді. Күж жалмауызды осы қыран құс пен 

бағбан қарттың көмегінің арқасында жеңіп шығады. 

 

Қоян атып шыққанда,  



Құлағынан бір кезде, 

Қайта жатты ұйықтауға. 

Тынышталып лезде. 

Жаны бар сөз, балам, бұл 

Сондай азап шекпей ме? 

Құлағына адамның 

Кене кіріп кеткенде. 

Бастау керек құлақтан –  

Балақанның ұққаны. 

 

 



 

 

-Бұл ақылың жөн-ақ,-деп, 



Қария да құптады,  

 

20

 



деп  ақсақалдың  айтқанын  құлағына  сіңірген  Білек  әдептілігімен,  құйма  құлақтығын 

танытады.  Оның  балапандарды  жыланнан  құтқарып  қалуынан  қайырымдылығын 

аңғарамыз.  Күждің  аузын  көріп    атпақ  болып,  сәлден  соң  өзін-өзі  тоқтатып,  ақылға 

келгені,  оның  сабырлы,  салмақтылығын  көрсетеді.  Ақынның  балаларға  айтайын  деген 

ойы:  сабырлы,  ақылды,  қайырымды  болыңдар.  Ел-жұртыңды  сүйіп  қана  қоймай,  оны 

қорғай біліңдер деген тәлімі мол ой болса керек.    

 

   


 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

                    



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 

 

1. Айымбетов М. Таным мен тағылым // “Қазақ әдебиеті” 31-мамыр,1991 жыл. 

2. Ақыпбеков Ө. Жарыс. Алматы. ”Жалын”1985. 

3. Асылбеков А. Балаларға байыпты жыр керек. ”Жұлдыз” 1972,№10 

4. Ахметов Ш. Қазақ  балалар әдебиетінің очерктері. Алматы. ”Мектеп” 1965. 

5. Ахметов Ә.Тырау-тырау тырналар. Алматы. ”Жазушы” 1974. 

6. Ахтанова А. Қазақ балалар драматургиясы. Астана.2002 

7. Әбдірашев Ж. Балалар әдебиеті –1977.// ”Жұлдыз” 1978, №6 

8. Әдеби жыл қортындысы-82.// “Қазақ әдебиеті”. 11-март,1983 

9. Әлімбаев М. Қалам қайраты.Алматы.1976. 

10..Баянбаев Қ. Бір қоржын жаз. Алматы. ”Жалын” 1991. 

11. Бөпежанова Ә. Өрнектер. ”Жазушы”1991. 

12. Гумеров М. Повестер. Аңсау. Шыңырау. Қара дәптер. Алматы.”Жазушы” 1974.  

13. Дәуітов С. Көңіл сазы. Алматы. “Жазушы” 1970. 

14. Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы. ”Жалын” 1985. 

15. Елубаев Е. Көкпар. Алматы. ”Жазушы” 1970. 

16. Елубаев Е. Ақыл тіс.Алматы.”Жалын”1991 

17. Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы. Алматы. ”Жазушы” 1985.  

18. Жаманбалинов М. Балғын гүлдей балақан. Алматы. ”Жазушы”1974. 

19. Жаманбалинов М. Ашық күн. Алматы. ”Балауса.” 1993. 

20. Жаманбалинов М. Ақшам. Павлодар.НФП “ЭКО”1999.  

21. Жұбатыров С. Алыстағы аралдар. Алматы. ”Жалын” 1980. 

22. Жұмағалиев Қ. Төлбасы. Алматы. ”Балауса” 1992.  

23. Жұмағалиев Қ. Ақ тоқаш. Алматы. ”Мектеп”1984. 

24. Күмісбаев Ш. Қарақуыстың желі. Алматы. ”Жалын”1991. 

25.  Қабанбаев  М.    Арыстан,    мен,    виолончель  және  қасапхана.  Повесть,  әңгімелер. 

Алматы. “Жалын” 1977. 

26. Қабанбаев М. Жиһанкез Тити. Алматы. ”Жалын” 1982. 

27. Қабанбаев М. Сурет салғым келмейді. Повестер мен әңгімелер.Алматы.”Б/алауса”1995 

28. Қазақ совет балалар жазушылары. Алматы. ”Жалын”1987. 

29. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы. ”Білік”баспа үйі 1999 

30.  Қазақ  балалар  әдебиетінің  кітапханасы.  М.Жаманбалинов,  Ә.Дүйсенбинв.Алматы. 

“Балауса” 1992 

31.Қазақ  балалар  әдебиетінің  кітапханасы.  Ж.Смақов,  Ж.Кәрібозин,  Т.Молдағалиев. 

Алматы. “Балауса” 1992 

32.Қазақ  балалар  әдебиетінің  кітапханасы.  Б.Тұрсынбаев,  М.Гумеров,  М.Төрежанов. 

Алматы.”Балауса”1992 

33.  Қазақ  балалр  әдебиетінің  кітапханасы.  Ә.Ахметов,  Қ.Мұқышев,  Б.Ысқақов, 

Н.Әлімқұлов. Алматы. “Балауса” 1992 

34. Қазақ балар әдебиетінің кітапханасы. Н.Серәлиев, С.Баязитов. Алматы. “Балауса”1992 

35. Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы. “Жалын” 1972 

36.  Қазақстан  жазушылар  одағының  VIII  сьезінің  қарары.//  “Қазақ  әдебиеті”.  24-апрель. 

1981. 

37.Қазақ әдебиеті. 1983.№25.24-апрель. 



38. Қайырбеков Ә. Балаларға базарлық. //“Жалын” 1979.№4. 

39. Қалиев С. Қандай болып өсемін.Алматы. “Балауса” 1994 

40. Қалиев С Баспалдақ . Алматы. ”Жалын” 1984. 

41.Қалиев С Сылдырмақтан сыр тартқан.// Қазақ әдебиеті. 24-қантар. 2003.№4 

42. Қаназов М. Қияндағы күн нұры. Алматы. “Балауса” 1993 

43. Қапасова Б.Қазақ әдебиетіндегі балалар әдебиеті. Астана. 2000. 

44. Ж.Қашқынов. Ашылған сыр. Алматы. “Жалын” 1978 


 

22

45.Қашқынов Ж. Қоңыраулы сағат. Алматы.”Жалын” 1989. 



46.Қирабаев С.Шындық және шығарма. Алматы. “Жалын” 1981 

47. Қоянбаев Ж, Қоянбаев М. Педагогика. Алматы.2000 

48. Меңдекеев Ә. Балалар әдебиетінің басты міндеті.//”Жалын”1979.№6 

49.Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. Алматы.”Жазышы”1982. 

50. Мырзалиев Қ. Балауса бақтың  мәуесі. //”Жұлдыз”. 1983.№11. 

51. Оспанов С. Ағаш ат. Алматы. ”Жалын” 1990. 

52.Сәрсенбай  Оразбай. Менің мекенім.  Алматы. ”Қайнар” 2002. 

53. Серәлиев Н. Зеңгір аспан. Алматы.”Жазушы”1990. 

54. Серәлиев Н. Дәукен атайдың немерелері. Алматы. “Жалын” 1978 

55. Серікқалиев З. Ақ жол. Алматы.”Жазушы”1990. 

56. Смақов Ж. Жаңғырықтар. Алматы.”Жалын”1976. 

57. Сопыбеков А. Күншуақ. Алматы.”Сөздік-словарь”2001. 

58. Сөзстан. Алматы.”Жалын”1983. 

59. Табылдиев Ә. Қызғалдақтар. Алматы. ”Жалын”1990. 

60.Тәжібаев Ә. Шығармалар. 1-том. “Жазушы” 1978 

61.Тәжібаев Ә. Жас ұрпаққа жақсы әдебиет жасайық.// “Жұлдыз”.1991,№6. 

62.Утегенова А.Жанрово-художественнын особенности современнего казахского детского 

рассказа.(70-80-е годы)Алматы.1992. 

63. Шамкенов А. Ой-толғам. Павлодар. “ЭКО”2001 

64.Шынашақ. Алматы. ”Балауса”1992 

65.  Шыныбекова  А.  Әбділда  Тәжібаев  поэзиясының    көркемдік  ерекшеліктері. 

Автореферат.1999 

66. Ыбырайымов Б. Ой мен сөз. Алматы. ”Жазушы” 1985. 

67. Ыбырайым Б. Балалар әлемін барласақ. Қазақ әдебиеті. 1985, 11-октябрь 

68. Ыбырайымов Б. Саян.  Повесть. Алматы.”Балауса” 1993. 

69. Ыдырысов Қ. Аршында балақай. Алматы.”Жалын”.1980. 

70. Ысқақов Б. Балар поэзиясы – 1975.// ”Жұлдыз”. №5, 1976 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал