Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет8/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

ЕЛ РиЗЫғЫНА АйНАЛДЫ

33
салаларына араласа бастайды. Оңтүстік Қазақстан қалаларының 
экономикалық  өмірінің  жандануын  көрсететін  нумизматтық 
материал музей экспозицияларында кеңінен көрініс тапқан. XIII 
ғ. орта кезінен бастап Отырарда монета сарайы жұмысын бастап, 
онда алтын динарлар, күмістелген дирхемдер, сондай-ақ жезден 
жасалған  фельстер  шығарылады.  Отырар  –  монеталарды 
осындай дәстүрлі үш аталымда шығарған Қазақстан мен Орталық 
Азиядағы жалғыз қала. Өлкенің және Сығанақ, Сауран, Отырар 
қалаларының  экономикасын  дамытуға  олардың  XIV  ғасырдың 
басында, Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылым 
болған  Ақ  Орданың  құрамына  кіруі  маңызды  рөл  атқарған. 
Музейде ол қалалардың сол замандағы әлеуметтік-экономикалық 
өмірі  мен  мәдениетін  бейнелейтін  экспонаттар  лайықты  орын 
алған. Түркістан қаласы мен оған іргелес жатқан қоныстардың 
тағдырына Қожа Ахмет Ясауи кешенінің салынуы айтарлықтай 
әсер  етті.  Мұндай  құрылыстың  салынуына  Ақсақ  Темір  билік 
құрған  кездегі  саяси  өмірдің  орнықтылығы,  өңірдің  экономи-
калық және мәдени өмірінің өсуі де ықпал еткені айқын. Ұлттық 
музейде 
Ясауи 
кесенесінің 
қасбеттеріндегі 
майолик 
тақтайшалары  мен  гурханның  қырлы  күмбезін  салуға 
пайдаланылған сталактиттерді көруге болады. Қазақ хандығының 
пайда  болуы  ұлан-ғайыр  Шығыс  Дешті  Қыпшақ,  Жетісу  мен 
Түркістан 
аумағындағы 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
этносаяси үрдістердің заңды қорытындысы еді. Соғыстар, рулар 
мен тайпалар арасындағы қақтығыстар, ойраттардың (жоңғарлар) 
үстін-үстін шабуыл жасауы Әбілқайыр ханның халық тың барша 
жігінің  мүддесін  қорғауға  дәрменсіз  екендігін  көрсетті. 
Сондықтан XV ғасырдың 50-жылдарының аяғына қарай Дешті 
Қыпшақ  пен  Түркістаннан  оңтүстікке  –  Мауереннахрға  қарай, 
сондай-ақ батысқа – Жетісуға, Моғолстан аумағына қарай жаппай 
көшу  орын  алды.  Қазақ  хандығы  Ұлы  дала  тарихының  өте 
күрделі де ауыр кезеңінде пайда болды. Америкаға, Үндістан мен 
Қытайға су жолдарының ашылуына байланыс ты бұрынғы керуен 
жолдарының  босап  қалуы,  соған  сәйкес  әлемдік  сауда 
орталығының Еуропаға қарай ойысуы Еуразия көшпенділерінің 
ұлы  империясы  Алтын  Орданың  түпкілікті  ыдырауы на  әкеп 
соқты. Шыңғыс ханның кейбір ұрпақтарының дала империясын 
қайта жаңғыртуға жасаған талпыныстары оң нәтиже берген жоқ: 
Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы мен Әбілқайыр мемлекеті – 
солардың  мысалы.  ХV  ғасырдың  60-жылдары,  Әбілқайыр 
мемлекеті ыдыраған кезеңде Ұлы даланың көшпелі тайпаларының 
Жәнібек  және  Керей  сұлтандар  бастаған  бір  бөлігі  Моғолстан 
жеріне  үдере  көшеді.  «Моғолстанға  алғаш  келген  кезде  олар 
шекаралас жат қан қал мақтар мен қырғыздарға жиі шапқыншылық 
жасап, үрейін ұшыратын, – деп жазады Махмұд 
бин  Уәли,  –  сондықтан  оларды  сырттарынан 
«қазақ»  деп  атайтын».  Керей  мен  Жәнібек 
бастаған  қазақ-өзбектер  моғолстан  ханы 
Есенбұғаның  арқа  сүйері  және  бір  жағынан, 
батыстан қатер төндіріп отырған Жүніс ханнан 
берік  бекінісі,  екінші  жағынан  XV  ғасырдың 
орта  тұсында  өзбектер  мен  моғолдардың 
ұлыстарына  жиі  шапқыншылық  жасайтын 
қалмақ-ойраттарға  қарсы  соғысында  сенімді 
одақтасы болды. 1462 жылы Моғолстан әміршісі 
Есенбұға  өлген  кезде  Әбілқайырды  тастап 
шыққан тайпалар елде жаңа хандық құрылғанын 
жариялап,  ол  Қазақ  хандығы  деп  аталды. 
Бастапқыда ол Жетісудың батысында, Шу, Талас 
және Қозыбасы өзендерінің бойында орналасты. 
Мұхаммед Хайдар Дулати бұл оқиғаларды 1465-
1466  жылдары  болған  деп  жазған.  Өзбек-
қазақтар мен моғолдар арасында XV ғасырдың 
орта тұсында құрылған бұл саяси альянс қазақ 
қоғамының  дербес  этностық  тарихының 
бастапқы  кезеңі  болды.  Бірте-бірте,  Ноғай 
Ордасы  әлсірей  бастаған  кезде  қазақтардың 
этностық  құрамына  Батыс  Қазақстанның  көптеген  тайпалары 
келіп  қосылып,  XVI  ғасырдың  ортасында  Кіші  жүз  құралды. 
Жалпы,  қазақтар  айтатын:  үш  жүздің  бауырластығы  және  бұл 
жақындықты идеологиялық тұрғыдан бекітетін элемент ретінде, 
олардың  Алаша  ханнан 
тарайтыны 
туралы 
генеалогиялық түсініктеме 
тап сол кезде пайда болуы 
ықтимал. 
Қазақтардың 
дербес  тарихы  өмірге 
тиісті 
әлеуметтік-саяси 
институттарды 
әкелді. 
Субэтностық 
төре, 
төлеңгіт,  қожа  сияқты 
тұқымдар 
XV–XVII 
ғасырларда, 
Қазақ 
хандығы 
қалыптасуы 
барысында  қалыптасты.  Аталған  кезеңнің  ерекшелігі  –  қазақ 
этносының  қалыптасуы  аяқталып,  оның  аумақтық  шекарасы 
айқын далып,  жүздердің  этностық  құрамы,  сондай-ақ, 
генеалогиялық иерархияның оңтайлы моделі тұжырымдалуында 
еді.  Деректер  алғашқы  қазақ  хандықтарының  айтарлықтай 
қуатты болғанын айғақтайды. Ханның шақыртуы түскен бойда 
мемлекет «әрқайсысының күш-қайраты жиырма жігітке татитын 
сауытқа оранған төрт жүз мың балуанды» сапқа тізіп бере алғаны 
деректерде  сақталған.  Қазақтың  атақты  ақыны,  ойшылы, 
тарихшысы,  этнографы,  шығыстанушы  және  халық  ауыз 
әдебиетін  жинаушы  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  қазақ  халқы  мен 
мемлекетінің пайда болуын аты аңызға айналған Алаша ханмен 
байланыстырады. Тарихшының пікірі бойынша, бұл оқиға бағзы 
заманда, Қоғам, Майқы, Қотан, Қондыгер және тағы басқалардың 
көзі тірі кезде болған. Алаша хан үш жүз жігіттің және он үш 
батагөй  ақсақалдың  басын  қосып,  Ұлытау  даласында  қазақ 
мемлекетін  құрған…  Жүздіктердің  басшысы  ретінде  ақсақал-
дардың  ұлдары  –  Үйсін,  Арғын  және  Алшын  батырлар 
белгіленген.  Аңыз  бойынша,  жігіттер  Алаша  ханды  ақ  киізге 
отырғызып,  Ұлытаудың  ең  биік  шыңына  көтеріп  шығарған. 
Сондықтан  да,  Алаш  аты  қазақтар  үшін  ұранға,  жалпыұлттық 
идеяға айналған. Сол кезде ханның ізбасарлары: «жауға шапқанда 
«Алаш»  деп  ұран  көтереміз,  егер  де  кім  де  кім  бұл  ұранға 
қосылмаса,  туған  атасы  болса  да,  аямау  керек»  деп  келіскен 
деседі. «Алаш – алаш болғалы, Алаша хан болғалы» деген нақыл 
да сол кезден қалған. Түріктер мен моңғолдар хан сайлаған кезде, 
жаңа билеушінің ұлықтығы мен басымдығын көрсету үшін оны 
ақ киізге отырғызып, үш рет көтеретіні белгілі. Қазақ тар да осы 
ежелгі  дәстүрден  бас  тартқан  жоқ.  Біздің  музейге  келушілер 
«Хан  көтеру»  диорамасын  тамашалай  алады.  Суретшілер  мен 
декораторлар тәж кигізіп, таққа отырғызу үрдісін ұсақ-түйегіне 
дейін  өңдеп,  жаңғыртты.  Осы  жерден  XVIII  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  шығыс  мектебінің  зергерлері  жасаған,  биліктің 
алтын  мен  күмістен  құйылып,  бағалы  тастармен  безендірілген 
атрибуттарын  да  көруге  болады.  «Хан  көтеру»  ғұрпы  туралы 

34
А.И.Левшин  «Описание  киргиз-казачих  или  киргиз-кайсатских 
орд и степей» атты еңбегінде: «рәсім өткізіледі деп белгіленген 
жерге кілемдер мен текеметтер қатар-қатар жайылып, сұлтандар 
мен  ақсақалдар,  билер  мен  ру  басылары  жасына  және  атағына 
немесе билігіне қарай жайғасады, ал қарапайым халық олардың 
артында  тізіліп  тұрады…  халық  жиналған  уақытта  жеке 
кеңесулер  басталады.  …Хан  сайланған  соң  атақты  бірнеше 
сұлтан  мен  ақсақалдар  оған  барып,  бұл  жайында  хабарлайды, 
сосын оны жұқа ақ киізге отырғызып, бастарынан асыра көтереді 
де, жерге түсіреді. Бұдан кейін халық жапа-тармағай ұмтылып, 
олар  да  қуана  шулап,  жаңа  билеушіні  жоғары  көтереді.  Ақыр 
аяғында,  хан  көтерілген  киізді,  ал  кейде,  тіпті,  ханның  киімін 
жыртып,  әміршіні  сайлаудың  қатысушысы  болғанының 
айғағындай етіп, әркім өзімен бірге бір-бір тіліктен алып кетеді», 
деп жазады. Қазақ хандығының күшеюін және соның нәтижесі 
ретінде Ұлы Далада сот ісінің пайда болуын деректер Жәнібектің 
баласы Қасымның атымен байланыстырады. Алаша хан туралы 
жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  мемлекеттің  мүддесіне  қызмет 
ететін елеулі түзетулер осы кезеңде жасалуы ықтимал. Осылайша, 
қазақтың этнос ретінде қалыптасуы және мемлекеттік ортақтық 
туралы  түсініктемелердің  жаңа  нұсқалары  пайда  болады. 
Орталық Қазақстанда аты аңызға айналған Алаша ханға кесене 
де  осы  кезеңде  тұрғызылған.  Бұл  қасиетті  кесененің  макеті 
Ұлттық  музей  экспозициясында  құрметті  орын  алады.  Қазақ 
хандығының  аса  көрнекті  мем лекеттік  қайраткерлерінің  бірі 
Тәуке  хан  –  қазақ  тарихының  ХVІІ–ХVІІІ  ғасыр ларында 
мемлекеттік билікті дамыту ісіне елеулі өзгерістер енгізген тұлға. 
Мем лекетті нығайту, халықаралық қаты нас тар жүйесінде сыртқы 
саяси  позиция лар ды  бекіту,  билік  жүргізу  жүйесіне  өзге рістер 
енгізу,  билер  кеңесінің  қызметін  жүйе лендіру  сияқты 
жаңашылдықтар оның есімімен тікелей байланысты. Көп ұзамай-
ақ  билер  кеңесі  қоғамда  тікелей  және  кері  байланысты  жүзеге 
асыратын  маңызды  мемлекеттік  органға  айналады.  Ұлттық 
музейде  сақтаулы  тұрған  Төле  би  мен  Қазыбек  бидің  жеке 
тұтынған заттары, Әйтеке бидің Нұрата кесенесінен (Өзбекстан) 
алынып, антропологиялық реконструкцияланған бас сүйегі – осы 
заманның  ескерткіштері.  Қазақ  қоғамы  тарихының  XVIII-XIX 
ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы кезеңде батырлардың 
рөлі  зор  болды.  Жоңғар  агрессиясына  тиімді  тойтарыс  беруді 
ұйымдастыру  қажеттігі  бастапқыда  әскери,  одан  кейін  саяси 
сахнаға халық батырларының шоғырын алып шықты. Жүз жылға 
созылған  қазақ-жоңғар  соғысында  тап  осындай  батырлардың 
қаһармандығы  мен  әскербасылық  талантының  арқасында 
еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін сақтап қала алдық. Ұлттық 
музейде  сақталып  тұрған  «Бес  қару» 
жауынгерлік  сауыт-сайман  сол  замандағы 
қазақ батырын көз алдымызға әкеледі. Біздің 
экспозицияларда Абылай ханға байланысты: 
мөрінің  көшірмесі,  өңделген  шапаны, 
хаттары және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 
алынып, 
антро пологиялық 
реконструкцияланған  бас  сүйегі  сияқты 
материалдар  бар.  Абылай  хан  сол  дәуірдегі 
жарқын саяси тұлғалардың бірі және көрнекті 
мемлекет 
қайраткері 
және 
қазақ 
мемлекеттілігінің жаңғырып, қайта өркендеуі 
соның  есімімен  байланысты.  Ішкі  саясатта 
Абылай 
хан 
мемлекеттік 
басқаруда 
орталықтандырылған жүйенің белгісі ретінде 
хан билігін нығайту жолын мықтап ұстанды. 
Сондықтан  да,  ол  кейбір  ру  басылары  мен 
сұлтандардың  өз  бетімен  билік  жүргізуіне 
жол бермей, басып тастап отырған. Сондай-
ақ, төрелік соттардың өкілеттіктерін шектеп, 
олардың  өлім  жазасына  кесім  шығаруына 
рұқсат  бермеген.  Ол  билік  еткен  жылдары 
өлім  жазасына  үкім  шығару  құқығы  тек 
ханда  болған.  Абылай  хан  бұрынғы  заңдар 
бойынша  хандардан  алынып  қойылған 
артықшылықтардың  барлығын  қалпына 
келтіріп, Орта жүз бен Ұлы жүздің жерлерін 
ұлдарына  еншілеп  бөліп  берген.  Сыртқы 
саясатта  Абылай  Қазақ  ханды ғының  тәуелсіздігін  сақтауға 
ұмтылып, сыртқы саясатты асқан икемділікпен жүр гізген, елдің 
қорғаныс  қабілетін  арттырып,  төлеңгіттерден  тұратын 
жауынгерлер ұстаған. Абылай хан көршілес Ресей, Қытай, Бұхар 
хандығы 
және 
басқа 
мемлекеттермен 
экономикалық 
байланыстардың  нығаюына  баса  мән  берген.  Олармен  сауда 
жүргізу  үшін  керуендер  мен  сауда  жолдарының  күзетілуін 
қамтамасыз ете отырып, шекаралас өңірлерде сауда жасау үшін 
арнайы аумақ тар бөлді. Осындай шаралардың арқа сында Абылай 
заманында  көршілес  мемлекеттер  Қазақ  хандығымен  тығыз 
байланыста болды. Ал ең бастысы, Абылай жоңғар хандығы мен 
қытай  империясының  шапқыншылығына  қарсы  жорықта 
қазақтың  үш  жүзінің  басын  қосуда  орасан  зор  рөл  атқар ған 
тарихи тұлға ретінде тарихта қалды. XVIII-ХIХ ғасырларда өмір 
сүрген  хандар мен  сұлтандар: Айшуақ  хан,  Ералы  хан,  Жәңгір 
хан Бөкейханұлы, Махамбет, Кенесары мөрлерінің көшірмелеріне 
музейге келушілер асқан қызығушылық танытады. ХIХ ғасырдың 
бірінші  ширегінде  Ресей  империясы  қазақ  даласына  барған 
сайын  сұғынып  ене  бастады.  Олардың  Қазақстанды  отарлау 
саясаты  халықтың  ашу-ызасын  тудырып,  тап  осы  кезеңде 
Кенесары  хан  қазақтардың  ұлт-азаттық  күресінің  көсеміне 
айналды. Замандастары оның ақылын, асқан тапқырлығын және 
басшы  ретіндегі  жаратылысын  атап  көрсетеді.  Ұлттық  музей 
экспозициясында  мем лекеттіліктің  жоғары  деңгейде  дамуының 
жәдігерлері молынан жинақталған. Олардың тарихи құндылығы 
күн  өткен  сайын  арта  түсуде.  Музей,  ғылыми  жұмыс  жүргізіп, 
саяси институттар мен мәдениеттің дамуын көпшілікке танытып, 
насихаттайтын  қуатты  тетік.  Жақсы  музей  өз  қызметін  ежелгі 
заттардың сақтаушысы ретінде шектемеуі керек, оның тәрбиелік 
және ағартушылық әлеуеті мол. Ғылыми дүниетанымның елеулі 
ком поненті  –  қоғамымыздың  тарихи  санасы.  Осы  ретте  музей 
әлеуетінің  эстетикалық  және  психологиялық  тұрғыдан  дұрыс 
құрылуы, экспозициялар мен көрмелердің материалдары тарихи 
тұрғыдан  сауатты  іріктелуі  тарихи  сананың  оң  қалыптасуына 
әсер  ететінін  есте  сақтаған  абзал.  Адамдардың  көбі  өткен 
замандар тарихын дұрыс қабылдауы еліміздің даму ерекшелігін 
және  Қазақстанның  қазіргі  әлемде  қандай  орын  алатынын 
түсінуге  көмектеседі.  Осы  ретте  музей  атқаратын  міндет  жүгі 
салмақты. 
       Дархан МЫҢБАЙ, 
Қазақстан Ұлттық музейінің директоры. 

35
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың тамылжыған 
тамыз айының соңында қазақ үшін қасиетті де құтты мекен 
Ұлытауда ұлт тарихы хақында тереңнен толғанып, көпшіліктің 
көкейінде  жүрген  күпті  ойларды  дөп  басатын  салиқалы 
сұхбатында  2015  жылы  Қазақ  хандығының  550  жылдығын 
атап өтетінімізді атап айтқан еді. Сөйтіп, отандық тарихшы-
ғалымдардың  алдына  жаңа  міндеттер  жүктеді.  Осы  орайда 
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-
Мұхаммед  өткен  жылдың  қараша  айының  басында,  Ұлттық 
ғылым  академиясының  жалпы  жиналысының  сессиясында 
сөйлеген  сөзінде  Қазақ  хандығының  негізін  салған  Керей  мен 
Жәнібек  хандардың  өміріне  байланысты  әлі  күнге  дейін  бір 
тұшымды монография жазылмағанын өкінішпен айтты. 
Иә,  жәнібектанудағы  ақтаңдақтардың  аражігін  ашып, 
шырмауықша  шырматылып  жатқан  шатасушылықтардың 
түйінін  тарқатып,  бір  тоқтамға  келу  кезек  күттірмейтін 
іс.  Тарих  әділдікті  іздейді,  бұрмалауға  жол  берілсе  ол  тарих 
болудан қалады. Осы ретте бұл мәселені жаңаша көзқараспен 
саралауға  талпыныс  жасаған  шағын  зерттеуімізді  жұртқа 
ұсынып отырмыз. 
әЗ жәНІБЕк ҚАй жәНІБЕк? 
Әз-Жәнібек 
хан 
тарихы 
тәуелсіздік 
жылдарында 
зерттеушілердің, ғылыми-көпшілік қауымның қызығушылығын 
оятып,  жұртшылықтың  назарын  өзіне  тағы  аудара  бастады. 
Аталмыш  мәселе  туралы  соңғы  жылдары  сүбелі  мақалалар, 
жаңа көзқарастағы зерттеулер дүниеге келді. Мұны мойындамау 
–  ақиқатқа  қиянат.  Тарихшылар  Ж.Артықбаев,  И.Шәмшәтұлы, 
Т.Омарбеков, 
Ш.Омарбеков, 
Б.Кәрібаев, 
З.Жандарбек, 
М.Қасенов,  Қ.Салғараұлы,  Б.С.Қошым-Ноғай  тағы  басқалар 
бірауыздан  Алтын  орда  ханы  Өзбекұлы  Жәнібекті  (1342-1357) 
Әз-Жәнібек  деп  ортақ  шешімге  келгендей  болды.  Осыған 
қарамастан соңғы кезге дейін, әсіресе әдебиетші-ғалымдарымыз 
тәуелсіздік жылдары жарық көрген тарихшылардың зерттеулерін 
«айналып  өтіп»,  қазақ  ханы  Жәнібекті  Әз  Жәнібек  ретінде 
бейнелеп,  Асан  Қайғы  бабамызды  соңғысының  бас  уәзірі  һәм 
ақылшысы  қылып  қоюды  әдетке  айналдырды.  Қарапайым 
оқырманды  былай  қойғанда  кәсіби  мамандардың  өзі  шатаса 
бас тады. 
Жәнібектанудағы 
«ақтаңдақтардың»  ақиқатын 
аршып  алу  қай  зерттеушіге 
де  оңай  болмай  тұр.  Оның 
бірнеше 
себептері 
бар. 
Негізгісі, 
деректердің 
жұтаңдығы, 
екіншісі, 
осы 
мәселеге 
қатысты 
алғашқы 
зерттеулердегі 
жаңсақтықтар,  үшінші,  Асан 
Қайғы  заманынан  жеткен 
жыр-аңыздарды  талдаудағы 
кереғарлықтар. 
Сонымен, 
Жәнібек 
хан  хақында  алғаш  пікір 
білдіргендердің  бірі  ХІХ 
ғасырдағы  қазақтың  ұлы 
ғалымы  Ш.Уәлиханов  қазақ 
сұлтандарының 
шежіресін 
Орыс  хан  –  Қойрұшық 
(дұрысы  Құйыршық  –  Ж.Ж.) 
–  Барақ  хан  –  Әз  Жәнібек 
деп  анықтаса  (Уәлиханов 
Ш.Ш.Көп 
томдық 
шығармалар 
жинағы 
– 
Алматы: 
«Толағай 
групп»,  2010.  Т1.  144-б.), 
1911  жылы  Орынбор  қаласынан  басылып  шыққан  еңбегінде 
Ш.Құдайбердіұлы:  «…Құйыршық  ханның  баласы  –  Барақ  хан. 
Оның  екі  баласы  Дәруиш  һәм  Абусағид  хан.  Әз  Жәнібек  хан 
аталған  осы  Абусағид  еді.  Қазақты  ертіп  алып  Қашқардағы 
Шағатай нәсіліне қаратқан Әз Жәнібек осы еді» (Құдайбердіұлы 
Ш.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі.  –  Алматы: 
Қазақстан; Сана, 1991. 52-б.), деп ұғынады. 
Көрнекті  қазақ  ғалымы  мен  ойшылының  осы  бір  жаңсақ 
пайымы  алдағы  қателіктерге  жол  ашты.  Қазақ  хандығының 
негізін  Кереймен  бірге  қалаған  Жәнібек  сұлтан  тарихи 
әдебиетте  еш  күмәнсіз  «Әз  Жәнібек»  атала  бастады.  Шәкәрім 
Құдайбердіұлынан  бір  жыл  бұрын  Қазан  қаласында  жарық 
көрген  «Тауарих-и  хамса-йи  шарқи»  (Шығыстың  бес  елінің 
тарихы)  деген  еңбегінде  белгілі  тарихшы  Құрбанғали  Халид 
Жәнібек  хан  хақындағы  баянын  төмендегіше  түйіндеді: 
«Жәнібек  хан  өте  әділ,  шарғи  мәселелерге  жетік  кісі  болумен 
«Әз  Жәнібек  хан»  лақабын  алған.  Әзіз  Жәнібек  деген  сөз,  бұл 
халыққа  аса  әділдігімен  беделді  болып  көріне  білген.  Әзіз-
арабша «ғазиз» – қымбат, қадірлі деген сөз» (Халид Құрбанғали. 
Тауарих хамса (бес тарих). – Алматы: Қазақстан, 1992. 233-23- 
бб.). Өкінішке қарай, тарихшының дер кезінде айтылған шынайы 
пайымдамасы  зерттеушілердің  назарынан  тыс  қалды.  Тіпті, 
кеңес дәуіріндегі беделді басылымдардың бірі саналатын «Қазақ 
Совет  энциклопедия сы»  сияқты  іргелі  басылымда:  «Жәнібек 
хан  (Әбу  Саид  деген  атпен  де  белгілі)  (т.-ө.ж.  белгісіз)  Қазақ 
хандығының негізін салушылардың бірі, Барақ ханның баласы. 
ХV  ғасырда  өмір  сүрген,  ХV  ғасырдың  50  жылдарына  дейінгі 
өмірі  мен  қызметі  туралы  нақты  деректер  жоқ…  Оның  есімі 
тарихи мәліметтерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі… Жәнібек 
хан  сол  дәуірдегі  жиі  болып  тұрған  соғыстардың  бірінде  қаза 
тапқан деп жорамалдауға болады. Ел арасында сақталған аңыз-
жырларда Жәнібек ханды «Әз Жәнібек» деп те атайды («Қазақ 
Совет энциклопедиясы» 4-том. – Алматы, 1974. 350б).
  Сөйтіп,  қазақ  ханын  Әз  Жәнібек  ретінде  дәріптеу  сол 
уақыттан күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалдарды тізе 
әЗ жәНІБЕк хАН: 
АҢЫЗ БЕН АҚиҚАТ

36
шешесі  Тайдулла  ханымның  бірігіп,  Тыныбекті  Сарайшықта 
өлтіргені  баяндалады  (Тизенгаузен,  Т-1,  с.252).  Ортағасырлық 
шығыс билеушілері үшін Алтын Орда сияқты ұлы мемлекеттің 
бас тағын иелену жолында мұндай әдет жат саналмайтын. Осынау 
тарихи үрдістің иірімінен Жәнібек сияқты болашақ «ғазиз» хан да 
шет қала алмаған. Бұл жолы да «қан сасыған хан сарайы» өзінің 
ойын ережелеріне бағынған «ойыншыларының» саясатта мерейі 
үстем һәм мәртебесі асқақ екендігін дәлелдеді. Кейін өз тағдыры 
да дәл осылай тәмам боларын сол мезетте қанша сұңғыла болса 
да Жәнібек те білмеген болар. Пенденің фәни дүниеде жасаған 
қай  амалы  да  бақиға  кетпейтінін  Әз  Жәнібек  тағдыры  тағы 
бір  мәрте  дәлелдегендей  болды.  Әз  Жәнібектің  өмірі  мен  елге 
қызметі  ХІV  ғасырда  өмір  сүрген  ұлы  тарихшы  Му’ин  ад-дин 
Натанзи «Ескендір анонимі» атты еңбегінде Жәнібек хан туралы 
«оның  әділдігі  Ануширван  (атақты  парсы  патшасы  –  Ж.Ж.) 
әділдігінен бір де кем соқпайды. Ол Өзбек ұлысын тұтас исламға 
бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, 
көптеген  мешіт,  медресе  салдырды.  Ислам  дінін  ұстанған 
адамдардың  жағдайларының  жақсы  болуына  басты  назар 
аударды.  Жан-жақтағы  ислам  елдерінен  неше  түрлі  оқымысты, 
ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің ұлдары 
білімдерін  жан-жақты  жетілдіріп  ғылымға  мойын  бұрды,  олар 
заманының  озық  ойлы  азаматтарына  айналды,  күні  бүгінге 
дейін  олардың  айтқан  пікірлері,  қорытқан  ойлары  жиын-тойда 
ескеріліп  тұрады.  Исламның  басқа  елдерде  ұстанатын  әдет-
ғұрып, салт-жораларын бұл мемлекетке енгізген сол» (Сборник 
материалов,  относящихся  к  истории  Золотой  Орды.  Т.2.  М-Л., 
1941. С. 128) деп сүйсіне жазды.
 Мұндай пікірлерді ортағасырлық түркі деректемелері, соның 
ішінде  Маулана  Мұхаммед  Достының  ұлы  Өтеміс  қажының 
«Шыңғыснама»тарихи  шығармасында  да:  «Даңқты  әзірет 
Жәнібек хан – оған Алланың рақымы жаусын – әкесінің тағына 
отырып хан болғанда оның әділдігі, әулиелігі мен дархандылығы 
елге  мәлім  болды,  Дешті  Қыпшақ  уәлаятында  ақ  жолдан 
таймайтын, адал да қуатты, теңдесі жоқ патша болып, атасының 
бүкіл  мемлекетіне  әмірін  жүргізді»  (Қазақстан  тарихы  туралы 
түркі деректемелері». 1.т. Өтеміс Қажы. Шыңғыс-наме –Алматы, 
«Дайк-Пресс. 2005. 180-б.) қуаттай түседі. Ал «Таварих-и гузида-
йи  нусрат-наменің  («Жеңістер  кітабының  таңдамалы  тарихы») 
авторы ол туралы «Жәнібек Дешті Қыпшақ елінің ханы болды. 
Халық оған дене болса, ол халықтың жаны болды», деп жазды 
(Материалы по истории казахских ханств в ХV-ХVІІІ вв. Алма-
Ата, 1969. С.33). Келтірілген деректерді уақытында жан-жақты 
саралаған Л. Гумилев Жәнібек ханның әкесіндей емес мейірімді, 
һәм әділетті жан болғанын атап өткен. 
  Қазақтың  ұлы  ғалымы  Ш.Уәлиханов  өмір  сүрген  заманда 
орыстың  белгілі  археологы,  шығыстанушы,  нумизмат 
тарихшы  П.С.Савельевтің  ғылыми  тұрғыда  әлі  күнге  маңызын 
жоғалтпаған құнды еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбектегі ғылыми 
тұрғыда талданған нумизматикалық деректер қазақ тарихы үшін 
бірегей  керемет.  Шындығына  келгенде,  орыс  ғалымының  бұл 
зерттеуіне  қазақ  қауымы  қарыздар.  Зерттеуші  нумизматикалық 
жәдігерліктерге  иек  артып  Әз  Жәнібек  хан  есімі  бедерленген 
теңгелердің Хорезм қаласында хижраның 700-751 жылдарынан 
(1350  жыл)  құйыла  бастағанын  баяндайды.  Әз  Жәнібектің  ел 
билеген тұсында құйылған теңгенің бір жағында араб қарпімен 
«әл-сұлтан әл-ғадл ғазиз Жанибек хан», екінші жағында «харб/сы/
Гүлстан әл-джәдид» (1-сурет) деген сөздер таңбаланған. Соңғы 
бергеннен,  мәселенің  мәні  өзгермейді.  Негізі,  жәнібектануға 
екіұшты пікірлер мен дүдәмал ойлардың көптігі және солардың 
ақ-қарасын  анықтауға  тырыспаушылық  біздің  Жәнібектей 
ұлы  хандарымызды  танып-білу,  зерттеп-зерделеу  ісіне  әлі  де 
немқұрайды  қарап  отырғанымыздың  белгісі  демеске  лаж  жоқ. 
Тарихтың  құпия  сырын  ашуда  деректің  қай  түрі  де  қымбат. 
Соның  ішінде  әлбетте,  жазба  дерек  аса  маңызды.  Қозғалған 
проблеманы  зерттеуде  ілгері  жылжу  бұрын  пайдаланылмаған, 
жаңа дереккөздерін айқындап, тартуға және ғылыми айналымға 
ендігі енгізілген деректерді тереңірек талдауға келіп тіреледі.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал