Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет7/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

30
сонымен қатар, Алаш есімінің VІІІ ғасырдағы Түргеш қағанаты 
тұсынан бас тап түркітілдес жеке тұлғаларға беріліп отырғанын 
айта кеткен жөн. Сондықтан да, осы қағанат кейде Түргеш-Алаш 
ұлысы деп те аталды. 
Жоғарыда  айтқанымыздай,  XV  ғасыр дың  алғашқы 
жартысына  дейін  Алаш  этно қауымдастығына  кірген  тайпалар 
бұрынғы  Ақ  Орда  ұлысы  аймағында  өзбек  тайпалары  ретінде 
де  белгілі  еді.  Жалпы,  шығыс  Қыпшақ  даласында  Алаш 
қауымдастығының  қалыптасуына  сая си  ахуал  үлкен  ықпал 
жасады. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы билеушісі Орыс ханның 
немересі  Барақты  ноғайлар  өлтірді.  Ноғай  мырзалары  мен 
Барақтың  тайталасқандарына  біраз  болған.  Ақ  Орда  билігін 
ноғайларға да жүргізуді көздеген Барақ ханның әйгілі Едігенің 
ұлы Мансұр биді өлтіруін маңғыттар (ноғайлар) кешіре алмай, 
ханнан  қалайда  кек  алуды  ойластырды.  Батыстағы  Алтын 
Орданың  ханы  Кіші  Мұхаммедке  қашып  барған  Мансұрдың 
інілері  Ғази  мен  Наурыз  оның  әскерінің  қолдауымен  ақыры 
Барақты жеңіп, шығыс Қыпшақ даласындағы тақ иесіз қалды. 
Хан  ретінде  емес,  батыр  ретінде  елге  танылған  Алаш 
баһадүрдің шығыс Қыпшақта беделінің артуы да осы жылдарға 
сәйкес келеді. Өйткені, Орыс ханның, соның ішінде Барақ ханның 
ұрпақтары әлі буыны қатаймаған жас сұлтандар еді. Жәнібек пен 
Керей  міне,  осындай  ахуалда,  яғни  Алаш  баһадүрді  пір  тұтқан 
ортада  өсіп,  тәрбиеленді.  Қазақта  сақталған  «Алаш  –  алаш 
болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда» 
деген мақал осы заманнан бас тау алады. О бас тан Әбілқайырмен 
тату қатынаста болған Алаш баһадүр біраз жылдар бойы халықтың 
дәулетті  өмірін,  қауіпсіздігін,  тыныштығын  қамтамасыз  ете 
алса  керек.  Мұны  Қазақ  хандығының  алғашқы  кезеңінде,  яғни 
қалмаққа  қарсы  жалпыхалықтық  соғыс  басталғанға  дейін  (ХV-
ХVІ ғасырларда) халықтың «Алаш» атауын жауынгерлік ұранға 
айналдыруы  айқын  байқалады.  Бұл  Қазақ  хандығына  біріккен 
тайпалардың басын рухани тұрғыдан қосу үшін жасалған амал 
еді. Рас, ХVІІ ғасырға қарай іргесі бекіген және бас батырлары 
айқындалған  тайпалар  өздерінің  орталарынан  шыққан  тарихи 
тұлғаларының атын рулық жауынгерлік ұрандарға айналдырып, 
ұрыс  даласына  шығатын  болды.  Солай  бола  тұрса  да,  «Алаш» 
қазаққа ортақ ұран болып қалды. 
Ал  енді  Әбілқайырдың  таққа  отыруына  сол  тұстағы  саяси-
әлеуметтік ахуал ықпал жасағанын да ұмытуға болмайды. Барақ 
ханды өлтірген және Өзбек ұлысының батыс аймақтарында билікке 
келген ноғай мырзалары өздерінің Жошы әулеті тағына отыруға 
ешқандай  да  құқығы  жоқ  екендігін  түсініп,  айтқанды  тыңдап, 
айдағанына жүретін жошылық «қуыршақ ханды» іздестірді. Ол, 
әрине, маңғыттардың (ноғайлардың) ата жауы Барақ тәрізді Орыс 
ханның тұқымынан шыққан сұлтандардан болмауы тиіс еді. 
Мұндай  таңдау  ноғай  ықпалындағы  Шай бан  тұқымы,  он 
жеті жастағы тәжірибесіз Әбілқайырға түсті. Алайда, оны таққа 
отырғызу осы аймақтағы қалыптасқан хан сайлау дәстүрін көпе-
көрінеу  бұрмалау  еді.  Жошының  үлкен  ұлы  Еженнен  тараған 
ұрпаққа  тиесілі  болған  таққа  Жошының  кіші  бала сының  бірі 
Шайбан нан тараған сұлтанның таққа отыруы шын мә нін де хан 
тағының бас қа әулет қолына көшу ін аңғартатын еді. Со лай бола 
тұрса да, Деш ті Қыпшақтағы тақ қа Әбілқайыр отырды. Оны хан 
сайлаған бел сенді он сегіз тайпа негі зі нен татар-өзбек және но -
ғай-маңғыт қауым дастықтарына жататын байырғы шайбандық-
тар еді. Әбілқайырдың күшейе түсуін, оның таққа отырған соң 
көп кешікпей-ақ Қып шақ даласының шығы сындағы аймақтарға 
би лік  жасаған  Ахмед  және  Махмұт  хандарды  талқандауы 
қамтамасыз  етті.  Енді  Қыпшақ  даласының  үлкен  бөлігінде  сол 
тұста  дегендері  жүріп  тұрған  бұларға  Еженнің  ұрпақтарын 
қолдайтын  ақордалық  тайпалар  кедергі  жасай  алмады.  Мұның 
өзі  ашық  қантөгіске  апаратындықтан  және  мұндай  тайталас 
ұйымшылдығы 
мықты 
ноғай-маңғыттардың 
жеңісімен 
аяқталатынын байқаған жоғарыда біз атап өткен Алаш баһадүр 
бастаған ұлысты қолдайтын ел ағалары амалсыздан, алғашында 
Әбілқайырға қарсы бола алмады, тіптен, қолдау көрсетті. 
Ал  аталары  Барақ  хан  өлгенде  әлі  де  жас  болған  Керей 
мен  Жәнібек  арада  он  жыл  өткен  соң  ғана  Жошының  үлкен 
ұлы  Еженнен  тараған  сұлтандардың  және  байырғы  ақордалық 
тайпалардың басын біріктіретін тұлғаларға айнала бастады. Жас 
Әбілқайыр  таққа  отырған  соң  тез  есейді  және  өзін  қолдағанда 
оны  «қуыршақ»  қолбала  ханға  айналдырамыз  деп  ойлаған 
маңғыттарға  да  ымырасыз  үстемдігін  таңа  бастады.  Бұл 
біртіндеп  одан  маңғыттардың  алыстауына  алып  келді.  Енді  өз 
аймақтарында дербестіктен айырыла бастаған ноғай мырзалары 
одан  түңіледі.  Әбілқайырдың  мұндай  саясаты  оның  қол 
астындағы елге ықпалын әлсіретіп, оны қолдайтын тайпалардың 
азайып кетуіне алып келді. Осының нақты салдары 1457 жылы 
Әбілқайыр  ханның  Үз-Темір  бастаған  қалмақтардан  өзінің 
астанасы Сығанақтың түбінде оңбай жеңілуі болды. Оның үстіне 
жау қолында ханның үш жасар немересі кепілдікте қалды. Сөйтіп, 
Жошы ұлысы аймағында Әбілқайырдың беделін түсірді. Мұны 
оның  қарсыластары  Орыс  хан  ұрпақтары  тиімді  пайдаланып, 
көп кешікпей-ақ байырғы ақордалықтардың қайта бөлініп, көрші 
Моғолстанға дүрліге көшулеріне әкелді. Бұл көштің бастаушысы 
кейіннен Алты сан Алаш қатарына о баста қаракесек деген атпен 
кірген арғын тайпасы болғанын Шәкәрім қажы нақтылап айтқан 
болса, дәстүрлі деректер оны бірауыздан мойындайды.
Әбілқайырдың  сол  тұстағы  халықтың  рухани  тұрғыдан 
сауатты  бөлігі  қожаларға,  дәлірек  айтар  болсақ,  Нахшбандийа 
сопыларына  жаулық  көзқарас  ұстануы  исламға  бет  бұрған 
халықтың одан теріс айналуына алып келді. Мұндай пиғыл бүкіл 
Дешті  Қыпшаққа  әйгілі  болған  және  исламның  ақ  жолындағы 
Дайырқожаны  (  жанама  аты  –  Ақжол  би)  ноғайларды,  яғни, 
Әбілқайырды қолдайтын қарақыпшақ тайпасының әйгілі батыры 
Қобыландының  өлтіруіне  алып  келді.  Мұндайда  айта  кетер 
бір  нәрсе,  қазақтың  халық  жырында  Қобыланды  қарақыпшақ 
ретінде көрсетілсе, ноғайлардың халықтық эпосында Қобыланды 
тама  тайпасына  жатқызылады.  Себебі,  ол  заманда  қос  таңбалы 
тама,  керейттермен  бірге  қарақыпшақтарға  іргелес  болып,  бірге 
көшіп-қонып  жүрді.  Сондықтан  да,  олардың  үшеуінің  де  рулық 
таңбалары (қос әліп) бірдей болып келеді. Аталмыш қанды оқиға 
бәрінен бұрын осы тайпалардың өз араларына іріткі салды. Тіптен, 
қыпшақтардың өздері де жікке бөлініп, он қыпшақ руының бірі 
ғана қарақыпшақтарға, кейініректе рулық ұрандар анықталғанда 
Қобыланды  есімін  өздерін  рухтандырушы  жауынгерлік  ұран 
ретінде  ұстап  қалды  да,  қалған  қыпшақтар  «Ойбас»  деп 
ұрандайтын болды. 
Осындай,  ел  арасындағы  жанжал,  қайшылықты  өршітіп, 
халықтың  бір  бөлігінің  оңтүстік  шығысқа  бағытталған  көшін 
жылдамдатып  жіберді.  Бұл  көшті  қожалар  мен  сопылардың 
белсенді  түрде  қолдауына  сүйенген,  бәрімізге  белгілі  Керей 
және Жәнібек сұлтандар басқарды. Осы тұста да және кейінде 
қазақ  хандарының  мұсылмандық  рухта  тәрбиеленгендерін 
олардың  есімдерінен  де  айқын  байқауға  болады  (мысалы:  Әз-
Жәнібек  (Әбу  Сайд),  Ақназар  (Хақназар),  Қожаахмет,  Тахир, 
Есім  (Ешмұхаммед,  Қайып  (Ғайып),  Оразмұхаммед,  Сәмеке 
(Шахмұхаммед), Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммедбаһадүр), Әз-Тәуке 
(Тәуекел  Мұхаммед),  Тұрсын  (Тұрсын  Мұхаммед),  Әбілқайыр 
(Мұханбет  Ғази  Баһадүр),  Абылай  (Әбілмансұр)  және  т.б.). 
Сондықтан  да,  қазақ  хандары  исламды  мемлекеттің  ресми 
идеологиясына айналдыру үшін күресті. 
1469  жыл  –  өзбек-қазақ  атанғандардың  болашағына 
жарқын  жол  ашқан  тарихи  белес.  Дәл  осы  жылы  олардың  ата 
жауы  Әбілқайыр  ғана  емес,  Қазақ  хандығы  шаңырақ  көтерген 
Моғолстан  жерін  билеуші  Досмұхаммед  хан  да  қайтыс  болды. 
Сонымен  қатар,  осы  кезде  өзбек-қазақтардың  да,  моғолдардың 
да қас жау ына айналған Мәуереннахрдағы Әмір Темірдің ұрпағы 
Әбу  Сейіт  мырза  да  дүниеден  өтті.  Досмұхаммедтің  орнына 
хан  болған  Есенбұғаның  ағасы  Жүніс  хан  қазақ  хандарының 
іс-әрекеттеріне  кедергі  жасай  қойған  жоқ.  Ал  Мәуереннахрда 
Әбу Сейіттің артында қалған үш ұлы өздеріне тиісті мемлекетті 
үшке бөліп алып, билей бастады және қалыптасып келе жатқан 
қазақ  мемлекетіне  назар  аудара  қойған  жоқ.  Өзбек-қазақ 
қауымдастығын  этносаяси  тұрғыдан  нығайта  түскен  тағы  бір 
маңызды  нәрсе  –  Әбілқайыр  өлген  соң  Өзбек  мемлекетінде 
бүліншіліктер  басталып,  ондағы  ру-тайпалар  Қазақ  хандығына 
көшіп  келе  бастады.  Мұның  өзі  өзбек-қазақ  елінің  Дешті 
Қыпшақта тәуелсіз мемлекетті орнықтыруына жаңа мүмкіндіктер 
ашты. Бұл маңызды істе, әсіресе, Керейдің қанды шайқастардың 
бірінде  ертерек  қайтыс  болып  кетуіне  байланысты  Жәнібектің 
бір  орталыққа  бағынатын  хандықты  нығайтудағы  рөлі  үстем. 
Сондықтан  да,  дәстүрлі  деректердің  бәрі  Жәнібекті  қазақтың 

31
хандығы  құрылған  және 
ежелгі  қазақ  тайпалары 
тұрақты 
(автохтонды) 
түрде мекендеп келген осы 
аймақты  Ұлы  жүз  (үлкен 
Орда)  атандырды.  Айта 
кетер  тағы  бір  мәселе, 
1598 
жылы 
Тәуекел 
хан  қайтыс  болған  соң 
оның  тұсында  жартылай 
б а ғ ы н ы ш т ы л ы қ қ а 
түскен  ойраттар  қайта 
бас  көтеріп,  Жетісуды 
қазақтардан тартып алуға күш салды. 1603 жылдан бастап Қазақ 
Ордасының  Бұқар  хандығымен  ұзаққа  созылған  соғысының 
басталуы  да  Жетісу  аумағында  Есім  ханның  резиденциясы 
орналасқан,  рухани  идеологиясы  ислам  діні  болып  табылатын 
Үлкен  Орданы  нығайта  және  топтастыра  түсуді  қажет  етті. 
Үлкен Орданың Ұлы жүз аталуына сәйкес, қазақ мемлекеттігіне 
Қасым хан тұсында қосылған орталық өңірлер халқы Орта жүз, 
ал ХVІ ғасырдың екінші жартысында бөлшектеніп кеткен Ноғай 
Ордасынан  біржолата  қол  үзіп,  Қазақ  хандығына  қайта  және 
кейіннен қосылған батыс өңір қазақтары Кіші жүз атауларына ие 
болды. Осылайша, қазақ мемлекеттігінің үш этногеографиялық 
және  шаруашылықтық  басқару  аймақтары  өмірге  келді.  «Үш 
жүз»  ұғымы  Қадырғали  Жалайыри  атап  көрсеткен  «Үш  сан 
Алаш» ұғымының негізінде пайда болып, алайда, одан әлдеқайда 
кең  ауқымда,  яғни  тайпалық  ғана  емес,  аймақтық  мағынада 
қолданыла бастады. 
Қазақ  хандығының  тәуелсіздігін  сақтап  қалуда  Асы 
(Түркістан)  маңындағы  Күлтөбедегі  жиындар,  1710  жылы 
шақырылған  Қарақұм  кеңесі,  1726  жылы  болып  өткен 
Ордабасыдағы жиын, 1730 жылғы Ұлытау жиыны, 1752 жылғы 
Ұлытау  кеңесі,  1762  жылғы  Қарқаралы  құрылтайы  үлкен  рөл 
атқарып,  қазақтың  «етек-жеңі»  жиналған  ынтымақшыл  ұлтқа 
айнала  бастағанын  көрсетіп  берді.  Қазақтың  басын  қосуда 
осындай қилы кезеңде жалпыұлттық деңгейдегі Төле би, Қазыбек 
би,  Әйтеке  би  көсемдік,  қайраткерлік  тұлғаларымен  халықтың 
сүйіспеншілігіне және зор құрметіне бөленді. Оларды тайпалық 
деңгейдегі  Ақылбай  би,  Жаңгел  би,  Қазыбек  би,  Төлекей  би, 
Тауқымет би, Нұрмамбет би, Жолбарыс би, Сырымбет би тәрізді 
көптеген халықтық тұлғалардың қолдауы қазақты біріктіре түсті. 
Ұзын  сөздің  қысқасы,  Қазақ  хандығы  ұзақ  тарихи,  күрделі 
этносаяси  және  рухани  жолдан  өтіп,  алғаш  Алаш  рулық-
тайпалық  қауымдастығына  біріктірді.  Сондықтан  да,  Қазақ 
хандығы  тарихын  әңгімелегенде  саяси  фактормен  қатар,  аса 
маңызды  этностық,  яғни  рулық-тайпалық  қолдауды  әрқашан 
назарда  ұстап,  сонымен  қатар,  рухани,  исламдық  мәселелердің 
елді біріктірудегі, мемлекетті нығайтудағы рөлін баса көрсетуге 
тиістіміз. Мұндайда, әрине, мемлекетті құрудағы жеке тұлғалар 
еңбегі де назардан тыс қалмаулары керек. Бірақ, олардың күші 
ең  алдымен  өздерін  қолдаған  ру-тайпалардың  бірлігіне  тікелей 
тәуелді болғанын да ұмытуға болмайды. Осы тұрғыдан алғанда 
«Алты  сан  Алаштың»  берік  этно-әлеуметтік  қауымдастығы 
қалыптаспаса,  «Қазақ»  қауымдастығы  да  тарих  сахнасына 
шыға алмас еді. Ал бұлар қазіргі тарихта әлі де екінші қатарға 
ысыр ылып  келе  жатқан  мәселелер.  Зерттеушілеріміздің  қазақ 
хандарын ру-тайпалардан тыс тұрған және дінсіз атеист тұлғалар 
ретінде  көрсетуге  талпынысы  тарихи  шындықты  бұрмалау 
болып табылатынын түсінетін уақыт жетті. Кеңестік және қазіргі 
замандағы  рухани-идеологиялық,  сондай-ақ,  этноәлеуметтік 
тарихты  баяндау  логикасы  Қазақ  хандығы  заманындағы  ойлау 
жүйесіне сәйкес келе бермейді. «Түйенің үстінде отырып, сирақ 
үйітуге болмайды». Осыны ескеріп, Қазақ хандығының тарихын 
жазғанда, ең алдымен сол заманның өзіне баруымыз, сол кезеңнің 
адамына айналуымыз керек. Аталмыш мәселенің тарихы сонда 
ғана шынайы жазылмақ. 
Талас ОМАРБЕКОВ, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы
Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді
зерттеу орталығының директоры,  профессор
алғашқы  ханы  деп  көрсетеді.  Ол  бұл  жолда,  әсіресе,  тайпалық 
көсем дердің бытыраңқылығын, билік құмарлығын шектеуге күш 
салды. Сондықтан да, оның есіміне билер «Әзиз», яғни «Бәрінен 
үстем»  («Құран  Кәрімдегі»  анықтамада  осылай  көрсетілген) 
деген  қасиетті  есімді  тіркеді.  Қазақ  билері  мұндай  жоғары 
мәртебені Жәнібектен кейін Тәукеге ғана бергені және белгілі. 
Қазақ атанған рулар мен тайпалардың басын қосып мемлекет 
құрған Қасымның тұсында оның әкесі Жәнібектің тоғыз ұлынан 
тараған  ұрпақ  қазақ  жерлерін  рулық-тайпалық,  әкімшілік-
демократиялық  жүйеге  сүйеніп  басқарды.  Мұндай  ел  басқару 
жүйесі «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен тарихта қалды. 
Қасым  ханның  этноcаяси  реформасының  негізгі  мәні  мынаған 
келіп  тірелді:  бұрынғы  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Әбілқайырдың 
Өзбек  ұлысы  моғолдық  ұлыстық  басқару  жүйесіне  негізделіп, 
Жошы  ұлысының  Оң  қанат,  Сол  қанат,  Орта  ұлыс  әкімшілік 
бөліктері ретінде қарастырылып келсе, енді қазақ деген халықтың 
этностық  үлгідегі  біртұтас  ұлттық  мемлекетінің  құрылуына 
байланысты бұл басқару өзгеріске ұшырап, жоғарыдағы «қанат» 
ұғымын «жақ», «бөлік» немесе «жүз» деген түсініктер ауыстыра 
бастады.  Мұндай  өзгеріс  біртұтас  қазақ  халқын  бұрынғыдай 
бірнеше саяси ұлыстарға немесе ордаларға бөліп атаудың мүмкін 
болмау ынан  туындады.  Жаңа  жүйеде  бұрынғы  Алтын  Орда 
дәуірінде таққа әкенің орнына баланы ғана отырғызатын дәстүр 
де өзгеріп, таққа Жәнібек хан әулетінен шыққан кез келген төре 
тұқымының (інілердің, немерелердің, туған бауырлардың) отыра 
беруіне мүмкіндіктер туды. 
Осындай әкімшілік басқаруды басшылыққа алған Әз-Жәнібек 
хан  ұрпақтары  орталық  билік  әлсірей  бастаған  тұста  өздерінің 
орталарынан  әр  бөлікке  жеке  хан  сайлап  ала  алатын  жағдайға 
жетті. Ал мұның өзі дала демократиясын дамыта түсуге біршама 
жұмыс жасай тұрса да, түптің-түбінде қазақ даласында бірнеше 
хандардың  қатар  пайда  болуына  алып  келіп,  ал  жергілікті 
рулық-тайпалық құрылымдар осындай хандарды қолдаған кезде 
қазақ  мемлекеттігінің  ішкі  этно-саяси  бірлігінің  әлсіреуіне, 
тіптен,  оның  тайпалық  одақтар  негізінде  саяси  тұрғыдан 
ыдырауына  жол  ашты.  Мұндай  келеңсіздіктер  өзін  бүкіл  қазақ 
ру-тайпаларына  берік  мойындатқан  Қасым  хан  қайтыс  болған 
1521 жылдан соң айқын көрініс бере бастады. Осылайша, Мамаш 
(1521-1523), Тахир (1523-1533) Қазақ хандығы тағында отырған 
тұста  жергілікті  төре  тұқымдарының  өздерін  қолдайтын  рулар 
мен  тайпаларға  сүйеніп,  белгілі  бір  аймақта  шағын  хандық 
құру  әрекеті  үдеп  кетті.  Жаңа  саяси  жүйеде  жергілікті  тайпа 
басшыларына тек Мамаш ханның немесе Тахир ханның баласына 
ғана  бағынышты  болу  міндетті  болмай  қалды.  Жығылғанға 
жұдырық  демекші,  бұған  батыстағы  Ноғай  ордасының  да  осы 
кезеңде  саяси  дағдарыстан  шығып,  қуаттана  түсуі  және  ноғай 
мырзаларының  Жем  өзеніне  дейінгі  аймақтарды  қайта  жаулап 
алулары қосымша болды.
Осылайша,  орталықтан  бір  ғана  хан  басқаратын  биліктің 
әлсіреуі  1533-1538  жылдар  аралығында  қазақ  даласында  үш 
бірдей  хандардың  таққа  қатар  отыруларына  әкелді.  Батыста 
Ахмет  хан  (Қожа  Ахмет  хан)  билік  жасаса,  орталық  өңірлерде 
Тоғым  хан,  ал  оңтүстік  шығыста  Бұйдаш  хан  тақта  отырды. 
Мұндай  бөлшектенулерге  бұлардан  кейін  ХVІ  ғасырда  таққа 
отырған  Хақназар  хан  да  және  онан  кейінгі  сопылардың 
нахшбандийа орденінің белсенді мүшесі Тәуекел хан да кедергі 
жасай алған жоқ. 
1598 жылы Тәуекелден кейін ресми түрде хан атанған және 
өзінің  төңірегіне  Қашқар  қожаларын  тығыз  топтастырған  Есім 
(Еңсегей бойлы ер Есім) саяси тұрғыдан ыдырауға бағыт алған 
Қазақ хандығын бір орталыққа біріктіру үшін Тұрсын, Абылай, 
Ханзада, Әбулайыс, Мұрат, т.б. сұлтандардың әрекеттеріне қарсы 
белсенді түрде күресті. Ішкі саясаттағы осындай күрделі ахуал 
және сыртқы саясатта, шығыстан және батыстан қыспаққа алған 
қалмақтардың  жортуылдары  Есім  ханды  қазақтар  мекендейтін 
ұлан-ғайыр аймақтарды үшке (үш жүзге) бөліп басқару жүйесін 
нақты енгізуге мәжбүрледі. Оның негізгі қағидалары Күлтөбеде 
өткен жиындарда бекітілді. 
Бұл  өзгеріс  тарихқа  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  яғни 
бұрынғы  Жошы  ұлысындағы  Ордаларды  жаңа,  этносаяси 
жағдайда  жаңғырту  ретінде  енді.  Есім  хан  бұл  реформаны  өзі 
билік  жасап  отырған  Жетісу  өңірінен  бастап,  алғашқы  Қазақ 

32
Биылғы жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап 
өтуде.  Елбасы  Н.Ә.Назар баев  1465  жылы  Керей  мен  Жәнібек 
құрған  хандық  туралы:  «…бәлкім,  ол  мемлекет  тер минінің 
заманауи мағынасына сай, қазір гідей шекарасы бар, бүкіл әлемде 
бүгінгідей  бедел  мен  танымалдыққа  ие  болмаған  шығар.  Бірақ 
сол дәуірдегі барлық басқа мем лекеттер туралы да осылай деу ге 
болады. Бастысы, негіздің қалануы, ал біз – ата-бабаларымыздың 
ұлы істерін жалғас тыру шылармыз», – деген болатын. Елбасының 
бұл  сөздері  –  музей  қызмет керлерінің  халық  арасында  тарихи 
білімді  тарату  бойынша  жұмысты  жандандыруына  оң  ықпал 
етіп,  ынталандырған  ойтүрткі  болды.  Қазіргі  кезде  музей 
мәдениеттің  ажы рағысыз  институты  мәртебесіне  ие  болып, 
халықтың білім деңгейін арттыруда, оларға эстетикалық тәрбие 
беруде тиісті рөл атқарып келеді. Халық өзінің өткеніне үңіліп, 
даму жолындағы тарихи оқиғаларға деген қызығушылығы арта 
түсуде.  Бұл  қоғамда  патриоттық  сезімдердің  өсуінен, 
идеологиялық  таптаурындардан  арылып,  мемлекетіміздің 
құрылуының  шынайы  кар тинасын  қалпына  келтіруге  деген 
ұмтылыстан 
туындап 
отыр. 
Мемлекет 
басшысының 
тапсырмасымен  құрылған  Ұлттық  музейдің  ашылуымен  ел 
музейлерінің  қызметінің  жаңа  кезеңі  басталды.  Әлемнің  музей 
қауымдастығы кешеннің инфрақұрылымын және Қазақстанның 
ежелгі  ғана  емес,  қазіргі  заманғы  тарихына  қатысты 
материалдардың мазмұнын атап көрсете отырып, бұл жобаның 
бірегейлігін  мойындап  та  үлгерді.  Тарих  ғылымының  ең  жаңа 
жетіс тіктеріне сүйеніп материал жинау, ауқымды ғылыми жұмыс 
жүргізу,  музей  ісі  бойынша  жинақталған  мол  тәжірибені 
пайдалану көп ұзамай-ақ Ұлттық музейді қазақ мемлекеттілігінің 
тарихын  зерделеу  мен  көпке  танытудың  аса  ірі  орталығына 
айналдырады  деп  үміттенеміз.  Біз  еліміздің  550  жылдық  даму 
тарихындағы  әлеуметтік,  сая си  және  экономикалық  тарихы, 
қоғамның рухани жай-күйі құжатталған дереккөздерді іздестіріп, 
зерттейміз. Ұлттық музей «Ұлт  мұрасы» атты жинақ пен  жаңа 
экспозиция лар дайындауда, көп ұзамай оны отандас тарымыз бен 
шетелдік қонақтарымыз тамашалай алады. Қазіргі кезде Ұлттық 
музейде  тарих  пен  мәдениеттің  170  мыңнан  астам  жәдігері 
сақталуда.  Музей  ғылыми-зерттеу  мекемелерімен  және  жоғары 
оқу  орындарымен,  сондай-ақ  шетелдік  әріптестерімен 
ынтымақтастықта 
жұмыс 
істейді. 
Заманауи 
көрме 
технологияларының  арқасында  музей  қорлары  келушілер  үшін 
қолжетімді бола түсті, көрсететін қызмет түрлерін де кеңейттік. 
Музей  экспозициялары  әлем  тарихы  мәнмәтінінде  қазақ 
мемлекеттілігінің  алар  орны  мен  рөлін  айқындап,  өткен 
замандардағы мемлекеттер құрылуларының түйінді сәттері мен 
дамуындағы сабақтас тықтарды көрсетуі тиіс. Ұлттық музей экс-
позициясында мол орын берілген соңғы табылған археологиялық 
деректерге сүйе нетін болсақ, Қазақстан аумағында жылқы өсіру 
қауымдастығы  үстемдік  құр ған  дәуірде-ақ  бастапқы  саяси 
одақтар және биліктің тиісінше атрибуттары пайда болған. Скиф-
сақтардың  антикалық  жазбаша  дереккөздерінде  б.э.д.  І 
мыңжылдықтың орта тұсындағы тайпалар одақтары «пат шалық» 
деп,  ал  оларды  басқаратын  топтар  «патшалық  скифтер»  деп 
аталады.  Ежелгі  грек  авторы  Фукидид  олармен  (скифтермен), 
«еуропалық патшалықтар иық теңес тіре алмайды, тіпті, Азияда 
да  скифтерге,  егер  олар  бірауызды  болса,  қарсы  тұра  алатын 
халық  жоқ»  деп  атап  жазған.  Скиф тердің  орталықтандырылуы 
әлсіз  болуының  бір  себебі  олардың  этностық-тайпалық 
құрамының  әртүрлілігіне  байланысты  болған.  Солай  болса  да, 
осындай әлсіз базада азиялық сақтардың, скифтердің, Қара теңіз 
жағалауындағы  скифтердің  мемлекеттері,  Қырым  патшалығы 
сияқты мемлекеттер құрылған. Көшпелі мал шаруашылығының 
дамуы  Орталық  Азия  тайпаларының  бірқа тарының  тайпалық 
одақтар  құруына  алып  келді.  Бұл  үрдіс  нәтижелерінің  бірі 
Қытайдың  шашыраңқы  жатқан  жерлеріне  көшпенділердің  жиі 
шапқыншылықтар жасай бастауы болды. Сондықтан шығыстағы 
көршіміз  шекарасында  Ұлы  Қытай  қорғанын  сала  бастады. 
Қытай шежірелеріне сүйенсек, гунн билеушілерінің генеалогиясы 
Туман-шаньюден  1000  жыл  бұрын  өмір  сүрген  Шунь  Вэйге 
барып тіреледі (б.э.д. III ғ.). Өкінішке қарай, күмәнді де күмәнсіз 
аз  ғана  жазба  деректер  Моде  билеген  (б.э.д.  ІІ-III  ғғ.)  заманда 
пайда  болғаны  болмаса,  бұл  атақты  тарих  әлі  күнге  дейін 
зерттелмей  қалып  отыр.  Қазақ  халқының  мемлекеттілігін 
зерделеу тұрғысында біздің музейге қойылған даңқты Күлтегін 
ескерткішінің  көшірмесінің  алар  орны  бөлек.  Онда  ғажайып 
көшпенді  империя  –  Ұлы  Түрік  қағанатының  тарихы  руна 
жазуымен тасқа ойылып жазылған. Ортағасырлық қала мәдениеті 
Қазақ станның  қазіргі  аумағында  X-XII  ғасыр ларда  шырқау 
биігіне  жеткен.  Бірақ  осы  өркендеу  жолын  моңғол  әскерінің 
шапқын шылығы  қиып,  қалалар  мен  даланың  көш пелі  өмірі 
арасында қалыптасқан байланыс тар үзілді. Тек XIII ғ. басында 
ғана қала өмірі қайтадан жанданып, бұрынғыдай қар қын алмаса 
да,  халықаралық  сауда  жә не  дип ломатиялық  байланыс 
ҚАЗАҚ  хАНДЫғЫ  жәДІгЕРЛЕРІ  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал