Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мешіт қызметкері үшін әдістемелік



жүктеу 237.92 Kb.

бет1/3
Дата15.02.2017
өлшемі237.92 Kb.
  1   2   3

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі

МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ 

ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК 

ҚҰРАЛ 

Шымкент, 2015ж.

УДК-28

ББК-86.38

Е-85

МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮШІН 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 

ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің

 бастамасымен қолға алынды

Жинақтаған: 

Мұхамеджан Естеміров,

облыс имамының орынбасары, дінтанушы



 

  Кітапшаға  «Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы» 

республикалық  ислами  діни  бірлестігінің  филиалы  болып 

табылатын мешіт қызметкерлерінің Астанада өткен Имамдардың 

форумында қабылданған эткасы мен міндеттері т.б. енгізіліп отыр.

ISBN 

«АЗИАТ» баспа үйі, 2013


3

  «Еліміздегі  дәстүрлі  исламның  бірден  -  бір  мойындалған 

құрылымы  –  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы.  Діни 

қатынастарды  реттейтін  жақында  қабылданған  Заңда  мемлекет 

халқымыздың  рухани  өмірінде  исламның  ханафи  бағытының 

орны мен рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл – өте дұрыс. 

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы 

саясатымыз  конфессияаралық  татулық  пен  тағаттылықты 

нығайтуға  бағытталған.  Бізде  діни  сенім  бостандығына 

Конституция  кепілдік  береді.  Діни  басқарма  өкілдері  тек  дін 

саласында  ғана  емес,  өзге  салаларда  да  өз  білім-біліктерін 

арттыруға тиіс».



 Қазақстан Республикасының

 Президенті Н.Ә.Назарбаев

«Біздің  бағытымыз  –  дәстүрлі  Әбу  Ханифа  мазхабы  мен 

Матуриди  ақидасын  берік  ұстану  және  оны  насихаттау  болып 

қала береді. Сонымен қатар, мешіт жамағатын мұсылмандардың 

ауызбірлігі мен еліміздің ынтымағын нығайта түсу үшін дәстүрлі 

ханафи мазхабын ұстануға үндейміз.»



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 

төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы

4

АЛҒЫ СӨЗ ОРНЫНА

 Құрметті мешіт қызметкері!

 

    



Бұл “Мешіт қызметкері үшін әдістемелік құрал” атты 

кітапшада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО 

бойынша  өкілдігіне  қарасты  мешіттер  қызметкерлерінің 

этикасы,  аудан,  қала,  ауылдық  мешіт  қызметкерлері  имам, 

азаншы,  хатшы,  тазалықшы  секілді  қызметкерлердің 

жұмыс  жүргізу  міндеттемелері  мен  жұмыс  жүргізудің 

тәртіптері,  т.б.  мағлұматтар  енгізілген.  Соның  ішінде, 

кітапшаға Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары 

діни  басқармасының  имамдар  форумында  Қазақстан 

мұсылмандары діни басқармасының қызметкерінің этикасы 

енгізіліп  отыр.  Әрбір  мешіт  қызметкері  осы  қабылданған 

ереже бойынша жұмыс жасау қажет.

 Жалпы, әрбір дін өкілі еліміздің бірлігі мен ынтымағына 

қызмет ету аса маңызды деп санаймыз. 



 

Жинақтаушыдан

5

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ 

ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен 

бастаймын!

Ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері жоралы жұрт, 

ұлағатты  ұлт  болып  қалыптасуының,  өнегелі  өмір  сүруінің 

негізі  болған,  адамгершілік  құндылықтар  діні  –  Ислам 

халқымызды,  көпұлтты  елімізді  игілікке,  бірлікке  үндеді. 

Қазіргі  уақытта  дәстүрлі  дініміз  мемлекетіміздің  рухани 

тірегіне  айналды.  2500  мешітті  бір  орталыққа  біріктірген 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтың бірлігі, 

мұсылман қауымының игілігі үшін қызмет етуде.

Тәуелсіз  Қазақстанды  жарқын  болашаққа  бастаған 

Елбасының берекелі бастамаларымен Ислам діні өркендеп, 

елімізде сәулеті ғажап мешіттер салынуда. Еліміздің 70 пайыз 

мұсылман  жамағаты  тыныштық  пен  тұрақтылық  орнаған 

Қазақстанда Құдайға еркін құлшылық етіп, ғибратты ғұмыр 

кешіп жатқанын үлкен бақыт, өздеріне мәртебе санайды. Бұл 

–  Алла  Тағаланың  дархан  мінез,  қонақжай  халқымыздың 

кең  пейіліне  берген  нығметі  деп  түсінеміз.  Бүгінгідей 

бейбіт заманның қадірін түсініп, Тәуелсіздікті аялау – әрбір 

Қазақстан азаматының адамдық борышы болуы тиіс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс 

бағыттары  сан  алуан.  Бүгінгі  таңда  Діни  басқарманың 

қызметін дамыту бағдарламасын әзірлеу өзекті болып отыр. 

Өйткені,  дін  –  өте  нәзік  мәселе.  Бас  мүфти  лауазымына 

сайланған  сәттен  бастап  ҚМДБ-ның  бағыт-бағдарын 

айқындайтын даму тұжырымдамасын жасауды қолға алдық. 

ҚМДБ-ның  білікті,  діни  салада  тәжірибесі  мол  Ғұламалар 

Кеңесі мен Жоғарғы Төралқа мүшелері мемлекет мүддесін, 

заң  нормаларын  ескере  отырып,  мұсылман  қауымының 

арасында  орын  алған  мәселелерді  кешенді  түрде  шешуге 

арналған  



Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі қызметін 

6

дамыту Тұжырымдамасын қабылдады.  

Тарихи  құжаттың  басты  міндеті  –  мемлекетіміздің 

рухани  тірегі  болған  асыл  дініміздің  жалпыға  ортақ 

адамгершілік қағидаларын насихаттау, дін өкілдерін, ұлттар 

мен  ұлыстарды  ынтымаққа  ұйыстыру.  Бұл  тарихи  құжатты 

қабылдаудың да өзіндік үлкен себептері бар.

Халқымыздың  70  пайызын  құрайтын  мұсылман 

жамағаты ислам құндылықтарын қадір тұтып, игі амалдарға 

ден қойып келеді. Оның ішінде дінге бет бұрып, шариғаттың 

жоралғыларын  орындаушылар  санының  артып  жатқаны 

айқын аңғарылады.

Қазіргі таңда халықты бүлікке бастайтын діни лаңкестік 

әрекеттер бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Дін атын жамылған 

жат ағымды ұстанушылар біздің елде де көрініс тапты. Саяси 

мақсаттарға  жету  үшін  исламдық  діни  сенімнің  шынайы 

мағынасын бұрмалағысы келетіндер де бар.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 

республикалық ислами діни бірлестік ретінде Қазақстандағы 

исламның жаңғыру үдерістерінің басы-қасында болуы тиіс. 

Қоғамдағы діни саладағы келеңсіз жайттарды тиімді шешу 

жолдарын іздестіру – ҚМДБ-ның басты міндеттерінің бірі.

Еліміздегі  діни  саланы  дамыту  жайлы  арнайы 

қабылданған  Тұжырымдама  мақсаты  –  исламның  рухани-

имандылық  және  адамгершілік  қасиеттерін  насихаттау, 

діни-ағартушылық,  қайырымдылық  жұмыстарды  сапалы, 

тұрақты және тиімді жүргізу. Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасын  жалпы  халық  пен  мешіт  жамағатына  сапалы 

қызмет көрсете алатын, олардың алдында құрмет пен беделге 

ие  қоғамдық  институт  дәрежесіне  көтеру.  Тұжырымдамада 

қазіргі заманғы қазақстандық мұсылман қауымының негізгі 

проблемаларын  анықтап,  қоғамдағы  исламның  рухани-

имандылық  және  қайырымдылық  ықпалын  арттыру. 

Жалпыға  бірдей  құндылықтар  мен  мемлекет  мүдделерін, 

қазақстандық  заңнамалардың  нормаларын  ескере  отырып, 

мұсылман  қауымының  арасында  орын  алған  мәселелерді 

шешу  жолында  нақты  бағыттар  мен  тетіктерді  қарастыру 

міндеті қойылды. Сондай-ақ, жалпы стратегияны, исламдық 

діни қызметті, соның ішінде Республика аумағында ханафи 



7

мазһабының  ұстанымына  сәйкес,  діни  ілім  мен  тәжірибені 

дамытудың  тетіктері  мен  оларды  жүзеге  асыру  жолдары 

айқындалды.

Айта кететін негізгі мәселелердің бірі – осы Тұжырымдама 

Қазақстан 

Республикасы 

Конституциясының 

сенім 

бостандығы  туралы  бабына,  Қазақстан  Республикасының 



«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заңына, 

еліміздің 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, 

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының  Жарғысына 

негізделген.

Тұжырымдама  халқымыздың  басым  көпшілігі 

ұстанатын ханафилік ілімге сүйенген мұсылмандық сенімнің 

нығаюын  қазіргі  қоғам  дамуымен  үйлестіре  отырып,  2020 

жылға  дейінгі  кезеңін  реттеп,  ислам  дінін  насихаттайды. 

Құжатта  мамандар  дайындау,  білім  беру  жүйесін  жақсарту, 

кадрлық діни ахуалды тұрақтандыру және дәстүрлі дінімізді 

кеңінен насихаттау жұмыстары айқындалған.

Тұжырымдаманы  іске  асыру  кезінде  бірқатар 

нәтижелерге  қол  жеткізу  көзделуде.  Соның  ішінде,  ханафи 

мазһабы ұстанымын ел аумағында одан әрі қарай дамытып, 

оның  әлеуетін  радикалды  ағымдардың  идеологиясына 

тойтарыс беретіндей деңгейге көтеру басты мақсатымыз.

ҚМДБ-ға  қарасты  мешіттерге  кадрлар  дайындау 

және  олардың  біліктілігін  арттыру  жүйесін  әрмен    қарай 

дамытылып, тиісті кадрлық резерв құру жоспарлануда.

Әсіресе  ҚМДБ  имамдарының  білімі  мен  біліктілігін 

көтеру,  қазіргі  заманға  сай  діни  маман  болумен  қатар, 

зайырлы  қоғамның  талап-мүдделерін  дұрыс  түсіне  білетін 

тұлғаларға айналдыру осы Тұжырымдама шеңберінде жүзеге 

асырылатын болады.

Еліміздегі  бірегей  республикалық  ислами  діни 

бірлестік  болып  табылатын  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының  дәрежесін  жалпы  республика  тұрғындары 

құрметтейтін  қоғамдық  институтқа  айналдырып,  осы 

бірлестіктің  аясына  елдегі  бүкіл  мұсылман  қауымын 

шоғырландыру  ең  басты  стратегиямыз  екені  айтпаса  да 

түсінікті.

Осы  Тұжырымдамаға  мұқият  қарайтын  болсақ, 



8

Қазақстандағы  исламның  дамуы  екі  кезеңге  бөлініп 

қарастырылғанын көруге болады. Оның ішінде I кезең 2015 - 

2016 жылдарды қамтыса,  ал II кезеңдегі игі жұмыстар 2016 

- 2020 жылдарда жүзеге асады.

ҚМДБ  жанынан  арнайы  ғылыми-зерттеу  орталығын 

ашып,  оған  аудармашы  мамандарды  тартуды  көздеп 

отырмыз. Дәстүрлі Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және 

Матуриди  сенімі  негізіндегі  еңбектерді  аудару  жұмыстары 

жоспарға енгізілді.  ҚМДБ-ның жанынан баспа ашып, діни 

басылымдарды шығару жұмыстарын бір ізге келтіру арқылы 

діни  ахуалды  реттеу  –  басты  назарымызда.  Тұжырымдама 

қабылданды,  енді  бірқатар  шараларға  бел  буып  кірісетін 

боламыз.  Келелі  жұмыстар  қолға  алынып  жатқанда  білекті 

сыбанып кіріспесе болмасы анық.

Діни  басқармадағы  шариғат  және  пәтуа,  оқу-

ағарту,  қажылық,  дін  істері,  мешіт  істері,  діни  сараптама, 

уағыз-насихат,  халықаралық  байланыс,  т.б.  бөлімдердің 

жұмыстарын жетілдіру өз алдына үлкен талап. Бұл жұмыстар 

үнемі ізденісті талап етеді. Еліміздің тұрғындарының да осы 

жұмыстардың  нәтижесін  асыға  күтіп  отырғандары  сезініп 

отырмыз. Сондықтан ел үмітін ақтау үшін маңдай терімізді 

төгіп жұмыс жасайтын боламыз.

Мұсылман жамағатының күн сайын туындап жататын 

күрделі мәселелері өте көп. Оның ішінде көпшілікке жария 

етуге болмайтын жағдайлар туындап жатады. Осына ескере 

отырып, ҚМДБ жанынан тұрақты жұмыс жасайтын 

«сенім 

телефоны»  желісін  ұйымдастырып,  сұрақтарға  онлайн 

жүйесімен  жауап  беруді  жолға  қоямыз.  Ел  сеніміне  жарап 

жатсақ бұдан артық абырой жоқ деп санаймын.

Келесі  бір  келелі  мәселе  еліміздің  барлық  өңірлерін 

білікті  имамдармен  қамтамасыз  ету  жұмыстары.  Осыны 

ескере  отырып  білікті,  көзі  қарақты  мамандарды  жинау 

қажет деген шешімге келдік. Жұмысты жүйелі жүргізу – бұл 

да табысқа апаратын жолдың маңызды бір бөлігі. Сондықтан 

кадрларды  да  реттеу  үшін  ҚМДБ-ны  білікті  және  білімді 

кадрлармен  қамтамасыз  етіп,  жоғарғы  діни  қызметтерге 

кіретін кадрлық резерв құру, жаңа тағайындауларды тек сол 

резервтен алу жүйесін енгізгелі отырмыз.



9

Білікті  маман  шығару  үшін  білім  беру  жүйесін 

жетілдіру,  оны  заман  талабына  сай  оңтайландырып  отыру 

қажет.  Біз  Білім  саласында  тоқырауға  жол  бермеу  үшін 

ҚМДБ-ға  қарасты  медреселердің  оқу  бағдарламаларын  әл-

Азхар  университеті  колледжінің  оқу  бағдарламаларына 

сәйкестендіре  отырып,  нострификациялау  жүйесін  осы 

Тұжырымдама аясында жүзеге асыратын боламыз.

Сондай ақ, бүгінгі күні интернет жүйесі жастардың ең 

көп назарын аударатын тақырыпқа айналды. Дінді оқығаны 

да,  оқымағаны  да  интернеттен  тауып  алғанын,  ең  бірінші 

қайсысы көзіне ілінсе соны оқып алады да төңірегіне соны 

жеткізгісі келеді. Осы мәселенің оң шешімін табуына ықпал 

ету  мақсатында  Діни  басқарманың  ресми  сайттарының 

рейтингісін көтеруді мақсат етіп қойдық. Осы жұмыстың бір 

саласы Пәтуа шығарудың ортақ жүйесі ретінде 



www.fatua.

kz сайтын ашуды көздеп отырмыз.

Ал,  екінші  кезеңде  2016-2020  жылдарға  дейін  келесі 

игі  іс-шаралардың  жүзеге  асырылуы  жоспарлануда.  Оның 

мазмұны да елді елең еткізер жағымды жаңалықтарға толы. 

Шалғай  елді  мекендердегі  имамдарымыздың  жалақыға 

тарығып,  отбасын  асыраудың  қамымен  кейде  мешіттегі 

қызметін ақсатып жататыны көпшілік қауымға белгілі. Имам 

дін жолындағы қызметін тыйын-тебенге алаңдамай атқарса 

деген арман көкейімізден кетпей жүргені рас.

 Қазақстандағы діни қызметкерлерді айлық жалақымен 

қамтамасыз  ету  мәселесін  біржола  шешу  ұзақ  мерзімді 

жұмыс  болғанымен,  жүйеге  отырған  соң  діндарларымыз 

оның да қадірін сезінер деген үміттемін.

Мен өзім жоспарсыз басталған жұмыс жолда қалдырады 

деп  санаймын.  Осы  Тұжырымдама  ағарту  саласын  да 

толығынан  қамтып  отыр.  ҚМДБ  ағарту  жүйесін  дамыту, 

шетелдік  мамандарды  елімізге  шақырту  жолдарын  реттеу, 

жергілікті  мамандардың  білімін  жетілдіруді  ұйымдастыру 

секілді жұмыстар назарымызда болады.

Аллаға  мың  шүкір,  егемен  ел  болып,  басқалармен 

тереземіз теңесті. Алыс-жақын шет елдермен байланысымыз 

арта  түсуде.  Соның  ішінде  қасиетті  Мекке  мен  Мәдина 

қалаларына  қажылық  сапарға  шығу,  қажылық  міндетті 


10

абыроймен  атқаруға  жағдай  жасау  үлкен  жауапкершілікті 

талап  етеді.  Сондықтан,  қажылық  жұмыстарын  жүргізуді 

бір ретке келтіретін жүйе құрып іске асыру, ҚМДБ жанынан 

қажылықпен айналысатын бірегей орталық ашуға қол жеткізу 

үлкен жоспар ретінде Тұжырымдамада көрініс тапты.

Діни сауаттылық тура жолдан тайып кетпеудің кепілі. 

Сауатты болу үшін оқу керек, кітаптарға үңіліп, көз майын 

тауысу  қажет.  Әрбір  діндарды  жеке  кітаппен  қамтамасыз 

ету  мүмкін  емес  екені  де  ақиқат.  Бірақ  кітапхана  ашу 

арқылы оқырмандар тартып, олардың жүрегіне білім нұрын 

құйып жатсақ ол да ең ізгі амалдардан бірі ғой. Сондықтан, 

Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарында 

жалпы  оқырмандардың  қолдануына  қолайлы   



«Діни 

кітапхана»    ашуға  бел  будық.  Кітапханада  дәстүрлі  Имам 

Ағзам Әбу Ханифа және Матуриди сенімдерін насихаттайтын 

ҚМДБ-ның  діни  сараптамасынан  өткізілген  кітаптар 

орналастырылады.  Жат  ағымдарға  тосқауыл  қоюдың  ең 

тиімді тетігі осы екеніне сенімдімін.

Тақырыпты  түйіндер  болсақ,  Діни  басқарма 

қызметін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру дәстүрлі 

діни  ұстанымдарды  нығайтуға,  ҚМДБ  беделін  арттыруға, 

соның негізінде қазақстандық мұсылман қауымын біріктіруге 

мүмкіндік  береді.  Алға  қойылған  міндеттер  ҚМДБ-ның 

кадрлық  әлеуетін  нығайтуды,  исламдық  білімнің  дамыған 

отандық  жүйесін  жасақтауды,  исламдық  ғылыми-зерттеу 

базасын құруды, ҚМДБ мен мешіттердегі қаржылық жүйенің 

ашықтығын арттыруды көздейді.

Осы тұрғыда, діни фактордың, атап айтқанда, исламның 

маңыздылығы  басты  назарға  алынады.  Бұл  Тұжырымдама 

қоғамдағы  тұрақтылық  пен  ынтымақты  нығайтуға  серпін 

береді деген сенімдемін.

Халқымыздың 

бірлігі 


мен 

берекесі 

артып, 

ауызбіршілігіміз  нығая  берсін  деп  тілейміз.  Алла  Тағала 



Тәуелсіздігімізді  мәңгілік  етіп,  болашаққа  басқан 

қадамымызды  берекелі  еткей!  Тілегіміз  қабыл,  мұратымыз 

асыл болғай! Әмин!


11

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ 

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА

Б Е К І Т І Л Д І

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің

ЭТИКАСЫ

12

«Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа

соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді»

(хадис)

ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР 

Діни  қызмет  –  мәртебелі  міндет  және  имам-молда-

лардан жоғары адамгершілік құндылықтар талап етеді. 

Ислам  дінінің  қызметкерлері  барлық  білімі  мен 

тәжірибесін ел бірлігін нығайтуға, имандылығын арттыруға 

жұмсайды.

Дін қызметкерлері жұмыс барысында Алланың әмірін 

басшылыққа ала отырып, өмірінің барлық кезеңін де хазіреті 

Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың сала уаты мен сәлемі 

болсын)  сүннетін  үлгі  тұтады,  Қазақстан  Республикасы 

заңдарының талаптарын ескереді.

Отанына,  Қазақстан  Республикасының  азамат тарына, 

мұсылман үмбетіне, ел игілігіне қалтқысыз қыз мет етеді.

1. Қызметке қатысты әдептер

ҚМДБ қызметкерлері:

1)  Ислам  дінінің  негізгі  қайнары  Құран  Кәрім  мен 

Пайғамбар Сүннетін негізге алуы

2)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясын  және 

Заңдарын басшылыққа алуы; 

3)  Елбасының  халық  бірлігіне  және  қоғамның 

тұрақтылығына бағытталған саясатын қолдауы; 

4)  елімізде  бірлікті,  ұлтаралық-дінаралық  келісімді 

нығайтуға ықпал етуі;

5)  Қазақстандағы  түрлі  дін  өкілдеріне  және  олардың 

діни ұстанымдары мен көзқарастарына құрметпен қарауы; 

6) Тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мен 

әңгімелесу барысында діни алауыздықтың туындауына жол 

бермеу; 


13

7)  Қазақстан  мұсылмандары  Құрылтайында  қабыл-

данған  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының 

(бұдан әрі – ҚМДБ) Жарғысын, мешіт Ережесін, Бас мүфти-

дің  бұйрықтарын,  Төралқа  қаулыларын  басшылыққа  ала 

отырып, қоғам мен діннің игілігіне қызмет етуі; 

8) шариғат мәселелерін толық меңгеруі, Құран Кәрімді 

жақсы оқуы, халыққа Исламның шарттары мен талаптарын, 

діни түсініктерді дұрыс жеткізе білуі

9)  ғаламтор,  заманауи  ақпарат  алмасу  және  байланыс 

құралдарын жетік меңгеруі, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін 

игеруі;


10) сеніп тапсырылған діни мекеме мен мешіт мүлік-

терін ұқыпты ұстауы, оны жеке мүддесіне пайдаланбауы; 

11) мешітке келушілерге көркем мінез көрсетуі, олардың 

өтініштері бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруы; 

12) қарамағындағы қызметкерлері және әріпте стерімен 

қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы

13)  өзінің  қызметтік  міндеттерін  адал,  әділ,  табан-

дылықпен және сапалы атқаруы, бекітілген киім кию әдебін 

сақтау;

14)  өзінің  іс-әрекеттері  арқылы  Ислам  атына  кір 



келтірмеуі,  мешітке  қаржы  немесе  басқалай  түрде  түскен 

қайыр-садақаны  мешіттің  қажетіне,  мұқтаж  жандарға 

жұмсауы; 

15) жұмыс уақытын тиімді пайдалануы, жоғары кәсіби 

жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауы, бел сенді болуы, 

қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы әрі тиімді әдістерін 

қолдануы; 

16) қызметтік міндеттерін орындау барысында туыстық 

және  жерлестік  белгілері  бойынша  қиянат  жа сауға  жол 

бермеуі; 

17)  қарамағындағы  қызметкерлердің  мүмкіндік 

шеңберінен  тыс,  қабілеті  жетпейтін,  қызметтік  міндетіне 



14

жатпайтын тапсырмалар жүктемеуі;

18)  қол  астындағы  қызметкерлері  мен  әріптестеріне 

қатысты  негізсіз  айыптауларға,  дөрекілік  көрсетуге,  адами 

қадір-қасиетін кемсітуге жол бермеуі; 

19) мешіт, медресе, намазхана, басқа да діни орындардың 

ішіндегі белгіленбеген орындарда сауда жасамауы; 

20)  өзін  жан-жақты  дамытуы,  қосымша  ілім  алуы, 

зайырлы  білімдерді  меңгеруі,  үгіт-насихат  жұмыста рында 

уағызды  Қазақстан  тарихымен,  салт-дәстүрмен,  әдеп-

ғұрыппен,  би-шешендердің  қанатты  сөздерімен,  мақал-

мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының 

(әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Йасауи,  Жүсіп  Баласағұни,  Абай, 

Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б.) өсиет өлеңдері және 

ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы;

21)  жеке  басының  тақуалығын  арттыруы,  намазға, 

барлық  құлшылықтарға  аса  ыждаһаттылықпен  қарауы,  бес 

уақыт намаз бен жұма, айт, жаназа намаздарын өзі атқаруы; 

22)  мешітті  ғибадат  орны,  сондай-ақ,  ғылым-білім, 

мәдениет,  әдеп,  инабаттылық  пен  имандылық  ордасына 

айналдыруы; 

23)  шариғат  мәселелерінде  Әбу  Ханифа  мәзһабы ның, 

ал,  ақидалық  және  діни-танымдық  мәселелерде  Матуриди 

мектебінің пікірлерін басшылыққа алуы; 

24)  халықпен  жұмыс  жасағанда  аймақтағы  тілдік, 

мәдени,  рухани  ерекшеліктерге  жіті  мән  беріп,  жергілікті 

тұрғындармен санаса білуі;

25)  діни  қызметтің  беделіне  нұқсан  келтірмей,  пікір 

алмасуларды көркем түрде, әдеппен жүргізуі, өзге діни ағым 

өкілдерімен  пікірталаста  өз  көзқарасы  мен  пікірін  таңбай, 

даналық  көрсетіп,  биязылық  танытуы,  дөрекілікке  жол 

бермеуі; 

26)  Діни  басқармаға  қатысты  жағымсыз  пікір  тарат-

пауы,  арсыз,  ғайбат  сөздерге  жол  бермеуі,  әріптестерінің 



15

жеке басына қатысты сырын ашпауы;

27) өз қатесін мойындай білуі және кемшілігін түзеуге 

тырысуы; 

28)  діни  қызмет  саласында  мансапқор,  мақтансүйгіш 

болмауы; 

29)  ұжымда  іскерлік  танытып,  қызметкерлер  арасын-

дағы  ынтымақ,  бауырмалдық  құндылықтарды  арттыруға 

ықпал  етуі,  олардың  отбасы,  әлеуметтік  жағдайына  мән 

беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер 

кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы; 

30)  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  Кодексінде 

көрсетілген талаптарды сақтауы, қызметкерлердің белгілен-

ген  жұмыс  уақытын  қадағалауы,  жалақы,  еңбек  демалысы, 

т.б. жағдайларды уақытылы реттеп отыруы;

31)  қызмет  барысында  жеке  мүдде  үшін  коммерци-

ялық,  үкіметтік  емес  ұйымдардың,  отандық  және  шетел-

дік  қоғамдық  қорлардың,  түрлі  компаниялардың,  саяси 

ұйымдардың  жұмысын  насихаттамауы  немесе  қызметкер-

лерді осындай жұмыстарға пайдаланбауы; 

32)  Діни  басқарма  атынан,  діни  бірлестікке  және 

жалпы  Исламның  имиджіне  нұқсан  келтіретін  орынсыз 

мәлімдемелер мен түсініктемелер бермеуі тиіс.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал