Қазақстан мен ұлыбритания қарым-қатынасын тұРАҚты дамытудағы елбасының Қызметі р. Р. Оспанова



жүктеу 89.35 Kb.

Дата16.02.2017
өлшемі89.35 Kb.

 

51

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН  



ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 

 

Р.Р.Оспанова - 

Абай атындағы ҚазҰПУ- нің аға оқытушы, т.ғ.к. 

 

Қазақстан  Респубикасы    Президенті    өз  2008  жылғы  жолдауында: 



«

Халқымыз  осы  заманғы  және  бәсекеге  қабілетті  зайырлы  мемлекетті 

белсене орнатып жатыр. Міне, нақ сондықтан да мен қазірдің өзінде мұндай 

тәжірибе жинақтаған Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдениетаралық 

және  конфессияаралық  үнқатысу  орталықтарының  бірі  ретінде  қызмет 

атқаруға  әзір  екенін  тағы  да  қуаттағым  келеді...»  [1]  -  деп  еліміздің 

халықаралық  қарым  қатынастардағы    қазіргі  келбетін  сипаттап  өткен. 

Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасып, 

бүкіләлемдік  халықаралық  қарым  –  қатынаста    және  саяси  үрдістен  өзіндік 

келбетімен  айқын  орын  алуы  отандық    ескі  халықаралық    ұстанымдардан 

арылып,  жаңа  бағытта  дамуына  мүмкіндік  туғызды.  Осындай  жаңа  тәуелсіз 

елге тән қарым –  қатынасты дамытудағы  елбасының елеулі орын алған  елі 

алдындағы    қызметінің  бірі  –  ол  алып  Ұлыбритания    сияқты  еуропалық 

елдермен  қарым  қатынасты    қазіргі  әлемдік    халықаралық    деңгейде 

дамытудағы  рөлі.  Іссапар  барысында  Елбасы    Ұлыбританияның  Парламенті 

қос 


палаталарының 

басшылығымен, 

сондай-ақ 

британдық 

парламентарийлермен 

«дөңгелек 

үстел» 

басында 


Қазақстан 

мен 


Ұлыбритания арасындағы парламенттік байланыстарды одан әрі дамыту мен 

нығайту,  2009  жылы 

ЕҚЫҰ-да  Қазақстанның  төрағалығы  туралы 

мәлімдемені  ілгерілету,  сондай-ақ  Қазақстанның  саяси  және  экономикалық 

даму  жолын  дүниежүзі  қауымдастығына  таныту  жөнінде  келіссөздер  мен 

кездесулер  өткізу  жоспарланып  отырғандығын  мәлімдеуі  қазіргі  кезеңдегі 

Ұлыбританиямен еліміздің қарым  -қатынасының  сипатын  айқын көрсетері 

сөзсіз.  Қазақстанның  Еуропадағы  аса  ірі  сауда  және  инвестициялық  әріптесі 

ретінде  Ұлыбританияның  айрықша  орны  екі  жақты  қатынастарда  саяси 

проблемалардың  жоқтығымен  ерекшеленеді.  Мұның  түпкі  негізі  мұнай  мен 

газға,  сонымен  қатар  мұнай-газ  тасымалдау  құбырларына  тікелей 

байланысты.  Өйткені,  мұнай-газ  салаларының  геостратегиялық  және 

экономикалық  маңызы  әлемдік  ауқымда  ерекше  болып  отыр.  Қазақстан 

басшысының  осы  сапарында  екі  елдің  ынтымақтастығын  одан  әрі  дамыту 

мақсатында  дәл  осы  мұнай-газ  салалары  сөз  болашағына  сенімі  мол.  Екі 

елдің  өзара  қатынастарын  бүгінгі  күндегідей  дәрежеге  жеткізуге  Мемлекет 

басшысының 1991 жылғы  сапары негіз қалады дегеніміз жөн. Содан бастап-

ақ  Қазақстан  Еуропа  Қайта  құру  және  Даму  Банкімен,  сондай-ақ  бүгінде 

Қазақстанда  белсенді  жұмыс  істеп  келе  жатқан  британдық  бірқатар 

компаниялармен 

маңызды 

ынтымақтастық 

орнатыла 

бастады. 

Ел 

тәуелсіздігін  алған    алғашқы  жылдарда  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан 



 

52

Назарбаев Ұлыбританияда бірнеше мәрте сапармен болды. Оның барлығы екі 



мемлекет  арасындағы  ынтымақтастықты  дамытуға  тікелей  арқау  болғаны 

анық.  Мысалы,  1994  жылғы  наурыздағы  сапары  мемлекеттер  арасындағы 

өзара  ықпалдастықты  тереңдетуге  жол  ашып,  Қазақстан-Британ  ынтымақ-

тастығының  шарттық-құқықтық  негізін  қалаған  құжаттарға  қол  қойылды.  

Арада  біраз  уақыт  өткенде,  1995  жылдың  соңы  мен  1996  жылдың  басында 

Қазақстан 

мен 

Ұлыбритания 



арасындағы 

екіжақты 

экономикалық 

қатынастарды  реттейтін  екі  шешуші  келісім  –  Қосарланған  салық  салуды 

болдырмау  туралы  келісім  мен  Инвестицияларды  қолдау  мен  өзара  қорғау 

туралы келісім күшіне енді.  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

2000  жылдың  қарашасында  Лондонға  жасаған  ресми  сапары  екі  елдің  өзара 

қарым-қатынасына  жаңаша  серпін  берген  ерекше  маңызды  сапар  болғанын 

атап  өткен  жөн.  Оның  барысында  Қазақстан  басшысының  Королева  ІІ 

Елизаветамен  кездесуінде  Нұрсұлтан  Назарбаевты  Королева  Қазақстанда 

саяси  және  экономикалық  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге,  елде  заңдылық 

пен  демократияны  орнықтыруға,  сондай-ақ  жаһандық  ауқымда  ядролық 

қаруды  таратпау  ісіне  сіңірген  еңбегі  үшін  Біріккен  Корольдіктің  жоғары 

наградасы – Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттаған 

еді.  Сапар  кезінде  екі  елдің  әскери  саладағы  ынтымақтастығы  туралы 

құжаттарға және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

мен  Британ  кеңесі  арасындағы  Қазақстан-Британ  техникалық  университетін 

құру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінде қол қойылған сол 

құжаттар  негізінде  Қазақстан-Британ  университеті  құрылып,  жұмыс  істеп 

жатыр.  Қазақстан  тәуелсіздігін  алғалы  бері  екі  елдің  арасындағы  байла-

ныстар,  делегациялар  алмасулар  толастаған  жоқ.  Мысалы,  1996  жылдың 

қарашасында  Король  отбасының  мүшелері  мұрагер  ханзада  Чарльз,  1993 

жылдың  шілдесінде  ханшайым  Анна,  ал  2002  жылдың  қыркүйегінде  ІІ 

Елизаветаның 

немере 

інісі 


Герцог 

Глостерский 

келіп 

қайтты. 


Ұлыбританияның Қазақстанға деген ұстанымын Еуропалық Одақ аясынан да 

анық  көруге  болады.  Өйткені,  Ұлыбритания  Еуропалық  Одақ  елдері 

арасынан  1996  жылы  бірінші  болып  Қазақстан  мен  Еуропалық  Одақ 

арасында  келісімге қол қойылған.  Жоғарыда атап өткеніміздей  екі мемлекет 

арасындағы 

қарым- 


қатынастар 

елбасы 


Н.Ә.Назарбаевтың 

тікелей 


бастамасымен      қазіргі  кезеңде  тамырын  тереңге  жайған.  Тоқсаныншы 

жылдар  —  халықаралық,  істердегі  бұрынғы  катынастардың  түбірімен 

қопарыла  құлау  кезеңі,  орнықсыздықтың  күшейіп,  аймақтык  және  ішкі 

соғыс,  кең  аукымды  терроризм  сынды  жаңа  «тажалдардың»  асқынған  түрі. 

Кеңес  Одағының  күйреуі  және  кос  кіндікті  дүниенің  құлауына  байланысты 

халықаралық  катынастардын  жаңа  жүйесі  пайда  болды.  1991  жылғы  16-

желтоқсанда 

Қазақстан 

тәуелсіздік 

туралы 


декларация 

жариялады, 

дүниежүзілік коғамдастыққа және экономикаға дербес енуге мүмкіндік алды. 

1992  жылы  қаңтарда  тоғыз  шет  мемлекетпен  дипломатиялық  катынас 

орнатты. Республикамыздынң сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүдде мен 


 

53

жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялык саясатқа 



кірісті.  1992  жылы  қантардын  23-інде  Біріккен  Ґлтар  Ґйымының  Қауіпсіздік 

Кеңесі  өзінің  мәжілісінде  Бас  Ассамблеяға  Қазақстан  Республикасын 

Біріккен  Ґлттар  Ұйымына  мүшелікке  кабылдауға  ұсынатын  қарарды 

макұлдады[2]. Өзінің геосаяси орны жағынан екі алып держава — Ресей мен 

Қытайдың  арасына  орналасқандықтан  Қазақстан  осы  елдермен  қатынастың 

жаңа  бағыттарын  айқындау,  шекаралардың  бұзылмайтындығын  мойындап, 

оны  кұжаттар  арқылы  бекітуді  басты  назарда  ұстады,  Қазақстан  1991 

жылдың  желтоқсанында  қаржылық,  автономияға  қол  жеткізе  берген  кезде 

Ресей  республикаға  байкот  жариялай  бастады.  Бір  айдан  кейін  республика 

өнеркәсібінің  көптеген  шешуші  салалары  тоқтай  бастаған  сон,  екі  көрші  ел 

қаржы  және  сауда  саясатын  толық  келісіп  жүргізуғе  бағытталған  келісімге 

кол  койды.  Осыған  карамастан,  Қазақстан  Ресейден  тәуелсіз  экономикалық 

саясат  жүргізуғе  тырысты.  1992  жылы  Қазақстанның  Сыртқы  істер 

министрлігі  отыз  адамнан  тұрды.  Кәсіби  дипломаттардың  көбісі  бұрынырақ 

КСРО-ның  Сыртқы  істер  министрлігінде  жұмыс  істеген  болатын. 

Республикамыз  өз  дипломаттарының  санын  кебейту  мақсатында  Ресейдің 

Сыртқы  істер  министрлігінің  академиясына  жастарды  жіберуді  ойластырды. 

Кейінгі кезде Қазақстанның өзінде дипломаттар даярлайтын арнаулы жоғары 

оқу  орындарын  ашуға  көніл  бөлініп  отыр.  1994  жылдың,  желтоқсан  айында 

АКШ, 


Ұлыбритания 

және 


Ресей 

Қазақстанның 

шекарасының 

мызғымайтындығы  және  оған  карсы  —  ядролық  каруды  колданбайтындығы 

туралы  келісімге  кол  қойды.  Келісуші  жақтар  бір-бірінің  тәуелсіздігін  және 

территориялык  тұтастығын  кұрметтеуге,  ішкі  істеріне  араласпауға,  кұш-

жігерді  айналадағы  ортаны  корғауға,  халықаралық  террорға,  ұйымдасқан 

қылмысқа,  есірткі  заттармен  заңсыз  сауда  жасауға  карсы  күрес  сияқты 

мәселелерді  шешуге  бағытталған  міндеттемелер  кабылдады.  Қазақстан 

Англияның  "Бритиш  газ",  Италияның  "Аджип"  компанияларымен  мұнай 

жөне  газды  ендіру  үшін  іскерлік  байланыс  жасап  отырды[3].  Қазақстан 

Республикасы  тәуелсіздік  алған  алғашкы  жылдары-ақ  өзінің  сыртқы 

саясатын 

тездетіп 

қалыптастыруы 

кажет 


болды, 

әйтпесе, 

біздін 

мүдделерімізге  орасан  нұқсан  келуі  мүмкін  еді.  Қазақстанның  сырткы 



саясатының  тұжырымдамасын  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  1992 

жылғы  мамыр  айында  шыққан  «Казақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде 

калыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Еліміз 

өзінің  геосаяси  жағдайын,  этнодемографиялық  және  басқа  факторларды 

ескере  отырып,  көп  бағытты  дипломатияньі  жүзеге  асыруға  кірісті.  Мұның 

мәні — әлемдік денгейдегі  істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты 

мүдделері  байланысатын  мемлекеттердің  бәрімен  достык  жөне  өзара 

сенімділік  сипатындағы  карым-катынастарды  дамыту  деген  сөз.  Шетелдік 

ықпалдастарымыз  бен  қарым-катынасымыздың  құқықтық  негізін  жасақтау 

кажет  болды.  Қазақстанға  инвестиция  тарту  үшін,  ең  алдымен,  екі  жақты 

дипломатиялық 

қатынас 


орнату 

шарты 


алға 

қойылды. 

Сырткы 


 

54

саясатымыздың  қалыптасу  кезеңі  мынадай  өрелі  міндеттерді  жүзеге 



асырудан  басталды.  Біріншіден,  біздің  мемлекетіміздің  шын  сипатын 

танытуымыз,  екіншіден,  Қазақстанды  халыкаралық  дәрежеде  мойындатып, 

оның кауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. 

Үшіншіден, әлемдік шаруашылык жүргізу мен экономикалық байланыстарға 

белсене  араласуымыз  кажет  болды.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыруда,  әрине, 

Президент Нүрсұлтан Назарбаевтың енбегі аса зор. Қазақстанның куаты мен 

мүмкіндіктерін шетелдерге кеңінен насихаттау үшін дүниежүзі мемлекеттері 

басшыларымен тікелей жеке байланысқа шықты, біз әлемдік кауымдастыкка 

тең  құкылы  жене  тәуелсіз  әріптес  ретінде  танылдық.  Тәуелсіздік  алғаннан 

кейінгі  екі  айдың  ішінде  әлемнің  92  мемлекеті  елімізді  таныды. 

Қазақстанның  сыртқы  дүниемен  өзара  қарым-қатынасының  шартгық-

құқыктық  базасы  жасалды  және  дамыды,  ядролык  державалар  —  АКШ, 

Ресей,  Ґлыбритания,  Қытай,  Франция  тарапынан  қауіпсіздік  кепілдігі 

камтамасыз  етілді[4].  1994  жылғы  2  желтоқсанда  Еуропа  қауіпсіздігі  және 

ынтымактастығы  Кенесінің  Будапештегі  мәслихаты  кезінде  ядролык 

державалар  —  Ресей  Федерациясы,  АҚШ,  Ұлыбритания  тарапынан 

Қазакстан  қауіпсіздігіне  берілетін  кепілдіктер  туралы  Меморандумға  кол 

қойылды.  Онда  аталған  мемлекеттер  Қазақстанның  казіргі  шекарасының 

мызғымастыгын, 

тәуелсіздігі 

мен 

егемендігін 



кадірлейтіндіктерін 

куәландырды.  Казакстанның  саяси  тәуелсіздігіне,  аумактык  тұтастығьша 

қарсы  күш  қолданбауға,  экономикалык  зорлык-зомбылык  көрсетуден  бас 

тартуға  міндеттеме  алынды.  1994  жылғы  5  желтоксанда,  СБСЕ-нің 

Будапештегі  мөслихаты  кезінде  Ресей,  АҚШ,  Ұлыбритания  тарапынан 

Қазақстан  кауіпсіздігіне  берілетін  кепілдіктер  туралы  меморандумға  кол 

койылды.  Онда  аталмыш  мемлекеттер  СБСЕ  кағидаларына  сәйкес, 

Қазақстанның  казіргі  шекарасының  мызғымастығын,  тәуелсіздігі  мен 

егемендігін 

кадірлейтіндіктерін 

куәландырды. 

Казакстанның 

саяси 

тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына карсы күш қолданбауға, экономикалық 



зорлык-зомбылық  көрсетуден  бас  тартуға  міндеттеме  алды.  Еуропа  Одағы 

елдері,  атап  айтканда,  Австрия,  Бельгия,  Германия,  Грекия,  Дания,  Италия, 

Испания,  Ирландия,  Люксембург,  Нидерланды,  Ұлыбритания,  Португалия, 

Франция,  Финляндия,  Щвеция  әлемдік  саясатта  және  экономикада  ерекше 

маңызды  іс  атқарып  отыр.  1995  жылғы  15  акпанда  Президент  Нұрсүлтан 

Назарбаев мемлекетгің сыртқы саясаты мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өз 

сөзінде Елбасы Қазақстанның келешек ұзақ мерзімді кезеңде ерекше мүддесі 

Еуропа  Одағымен  байланысты  екендігін,  бұл  одақ  басқа  аймақтардың 

мемлекеттерімен  қатынаста,  ең  алдымен,  сауда-экономикалык  салада,  бүкіл 

Еуропа  атынан  саясат  жұргізетіндігін  атап  өтті.  Еуропа  Одағының 

Қазақстанмен саяси қатынасты дамытуға дайын тұрғанын көрсете келіп, бұл 

мүмкіндікті  толығынан  пайдалану  кажеттігін  көрсетті[5].  Казақстанның 

Ұлыбританиямен  қатынасы  1991  жылдың  кыркүйегінде  басталған  болатын. 

Сол  кезде  Британия  премьері  Маргарет  Тэтчер  бір  сапарын  Алматыға  жол-



 

55

жәнекей  аялдама  жасайтындай  етіп  жоспарлап,  Президент  Н.  Назарбаевпен 



кездесті.  М.  Тэтчерді  толғандырған  мәселелер  —  біздегі  ракеталар  тағдыры 

және ядролык; каруды басқа елдерге сату туралы екендігі аталды. Президент 

Н.  Назарбаев  еліміздегі  ракеталардың  кауіпсіз  екендігіне,  күзеттің  мыкты 

екеніне және ядролық қару сатпақ ниетіміз жоқ екеніне сендірді. Өз кезегінде 

М. Тэтчер егер Қазақстан өз алдына мемлекет болып шықса, оның аумақтық 

тұтастығы  мен  тәуелсіздігіне  кепілдік  беру  керектігіне  Еуропа  мемлекеттері 

басшыларының  көздерін  жеткізуге  уәде  берді.  Сол  жылы  қазан  айында 

Президент  Н.  Назарбаев  Лондонда  арнаулы  сапармен  болды.  Қазақстан  мен 

Ґлыбритания  арасында  дипломатиялық  қатынас  1992  жылғы  19  каңтарда 

орнатылған болатын. «Қазақстан-Британ» катынасының дамуына 199 жылғы 

20-23 наурыздағы Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары 

зор  әсер  етті.  Онда  екі  ел  арасында  достық  және  ынтымақтастық  туралы 

Бірлескен  декларация,  сондай-ак,  экономика  және  білім  беру,  ғылым, 

мәдениет  салаларындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімдерге  кол  койылды. 

Қазақстан  Елбасының  сапары  кезінде  «Қазакстан-Британ»  сауда-өнеркәсіп 

кеңесінің  бірінші  мәжілісі  өтті.  1993-1999  жылдары  Ұлыбритания  Казақстан 

экономикасына  жалпы  көлемі  бір  миллиард  146  миллион  доллар  қаржы 

жұмсады. 2002 жылы  екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі  

388 миллион доллардан асты. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының 

жалпы  көлемі  420  миллион  доллардан  асады.  Біздін  елімізде  90  «Қазақстан-

Британ»  бірлескен  кәсіпорны  және  40  британ  компаниясының  өкілдігі  бар, 

олардың  ішінде  әлемге  танымал  «Бритишгаз»  жөне  металлургия  саласында 

«Испат-Кармет» ерекше белгілі. Ұлыбритания әлемдегі беделді халықаралық 

ұйымдардың  көпшілігіне  мүше.  Оның  ішінде  Еуропалық  Одаққа  мүше 

ретінде  Қазақстанның  БСҰ-ға  кіру  барысындағы  дайындығын,  сонымен 

қатар  еліміздің  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына 

қосылу  ұмтылысын  қолдаған  іргелі  мемлекеттердің  бірі  болып  табылады. 

Ұлыбритания-Қазақстан  арасындағы  ынтымақтастықтың  тағы  бір  көрінісін 

қаржы-кредиттік  саладан  көруге  болады.  Мысалы,  ұлттық  валютамыз  – 

теңгенің  банкноттары  басқа  елде  емес,  осы  мемлекетте  басылған.  Қазіргі 

кезде  Ұлттық  банк  пен  қазақстандық  бірқатар  банктер  Англия  банктерімен, 

басқа  да  британдық  ірі  банктермен  тікелей  корреспонденттік  қатынастарды 

жалғастыруда. Мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тарапынан шамамен 264,7 

миллион  долларды  құрайтын  мемлекеттік  емес  6  займ  мемлекеттің  кепілдік 

етуімен 

алынған. 

Бүгінде 

оның 


176 

миллион 


доллары 

игерілді. 

Капиталдандыру деңгейі бойынша “Қазақмыс” компаниясы британдық ең ірі 

100  компанияның  FTSE-100  тізіміне  енді[6].  Ұлыбританияға  1992  ж. 

сапарының екінші күні ертеңгісін Букингем сарайында Қазақстан Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаев  пен  Ұлыбритания  және  Солтүстік  Ирландия 

Корольдігінің  Королевасы  ІІ  Елизавета  кездесіп,  екі  мемлекет  арасындағы 

қарым-қатынастар  жайында  әңгімелесті.  Кездесу  ыстық  ықыласты,  достық 

жағдайда өтті. Елизавета ІІ бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет 


 

56

басшысы болып табылады. Таққа 1952 жылдың 6  ақпанында отырған. Әкесі 



VІ  Георгтан    ІІ  Елизаветаға  Ұлыбритания,  Канада,  Австралия,  Жаңа 

Зеландия,  Пәкстан  және  Цейлонға  корольдік  ету  мұра  ретінде  қалған  еді. 

Ұлыбритания  қол  астында  болған  бірқатар  елдер  тәуелсіздігіне  қол 

жеткізгеннен кейін ІІ Елизаветаның корольдік ету билігі бірқатар  жаңа мем-

лекеттерге  тарады.  Осылайша  ІІ  Елизавета  өзінің  52  жылдан  астам  уақыт 

ішінде  32  мемлекеттің  монархы  болып  үлгерді.  Қазіргі  кезде  ІІ  Елизавета 

жалпы саны 128 миллион адамды құрайтын Еуропа, Америка, Кариб бассейні 

және  Океания  аумағында  16  мемлекеттің  басшысы  болып  табылады. 

Қазақстан басшысы мен Ұлыбритания Премьер-Министрі жоғары дәрежедегі 

кездесуді  рәсімдейтін  ескерткіш  суретке  түскеннен  кейін,  Нұрсұлтан 

Назарбаев пен Тони Блэрдің кездесуі басталды. Қазақстан мен Ұлыбритания 

экономикалық 

байланыстарды 

дамытумен 

қатар, 

алдағы 


уақытта 

халықаралық лаңкестікке, жаппай қырып-жоятын қарудың таралмауына және 

басқа  қауіп-қатерлерге  қарсы  ынтымақтастық  орнату  ерекше  маңызды  деп 

санайды.  Сонымен  қатар  мемлекеттер  Ауғанстан  мен  Ирактағы  жағдайды 

тұрақтандырып,  бұл  елдерде  бейбітшілік  орнатуға  мүдделі  екендіктерін 

білдіріп отыр. Қазақстан мен Ұлыбританияның әскери саладағы ынтымақтас-

тығын  атап  өтуге  тұрарлық.  Бұған  “Дала  қыраны-2006”  атты  бірлескен 

бітімгершілік  жаттығуының  өтуі  дәлел  болмақ[7].  Бүгінде  екі  мемлекет 

халықаралық  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  үшін  дінаралық 

және  этносаралық  байланыстарды  нығайту  мақсатын  алға  қойып  отыр. 

Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңесі,  осы 

жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, сон-

дай-ақ  Ұлыбритания  үкіметінің  қолдауымен  Ыстамбұлда  өткен  “Еуропа 

мұсылмандары”  конференциясы  жоғары  айтқандарымызды  дәлелдей  түседі 

әрі  нақты  мысал  болып  табылады.  Қазақстан  да,  Ұлыбритания  да 

тұрақтылықты  қамтамасыз  етуде  демократиялық  институттарды  дамытудың 

маңыздылығын  таныған.  Ал  Ұлыбритания  Демократиялық  реформалар 

бағдарламасын  әзірлеу  және  нақтылау  жөніндегі  мемлекеттік  комиссияның 

жүзеге асырып жатқан іс-шараларына қолдау білдіруде. 

 

1.  Назарбаев Н.Ә.   Қазақстан өз дамуындағы   жаңа серпіліс  жасау 



қарсаңында: Қазақстан халқына  Президент жолдауы. // Егемен Қазақстан. 

- 1 наурыз. - 2006. – 1-2 б. 

2.    Назарбаев  Н.Ә.   Тарих  толқынында.  -  Алматы:  Атамұра,  1999.-  б.  

158, 237. 

3.   Назарбаев Н.Ә.   Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003.- 186, 234 б. 

4.   Назарбаев Н.Ә.   Ғасырлар тоғысында.  –  Алматы, 1996.- 272-275 

б. 

5.  Назарбаев Н.Ә.    Тәуелсіздігімзге бес жыл. –   Алматы: Қазақстан, 

1996.- 516, 573 б. 

 

57

6.    Назарбаев  Н.Ә.      Қазақстан  –  2030:  Барлық  қазақтандықтардың 



өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының  артуы: –  Алматы: Білім, 

1998.- 99-101 б. 

7.  Назарбаев  Н.А.  Евразийский  союз:  идеи,  тактика,  перспективы 

(1994-1997гг.).– М., 1997. –396, 398-399 б. 

 

Резюме 



В  статье  рассматриваются  проблемы  и  достижения  взаимоотношений 

Казахстана  с  Великобританией.  А  также    основные  направления 

двустороннего торгово-экономического сотрудничества.  

 

Summary 



 The  article  deals  with  the  problem  and  achieve  the  relationship  with 

Kazakhstan, the United Kingdom. Also osnovnyye areas of bilateral economic and 

trade cooperation. 

 

 

АКАДЕМИК  Т.С.САДЫҚОВТЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ  

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ 

 

Н.У.Шаяхметов–  

т.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің доценті 

 

Білім  мен  ғылым  интеграциясы  бүгінгі  күні  өзекті  әрі  маңызды 



мәселелердің  қатарына  жатады.  Жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары 

студенттерге  білім  берумен  қатар  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  де 

белсенді шұғылданатыны белгілі. Алайда оқытушылардың ғылыми ойларын, 

зерттеу  жұмыстарының  нәтижелерін  жариялауды,  практикаға  енгізуді 

ұйымдастыру  мәселесі  де  аса  қажетті  әрі  жауапты  жұмыс  болып  табылады. 

Сондықтан  да  Академик  Т.Садықовтың  қызметіндегі  ерекше  көрініс  тапқан 

бағыты  –  ол  білім  мен  ғылым  интеграциясын  жүзеге  асыруға  мүдделілік 

танытуы  болды.  Білім  мен  ғылым  интеграциясы  идеясы  бұрыннан  көтеріліп 

келе жатқан мәселе. Бірақ та білім мен ғылым интеграциясын жаңа қырынан 

қойып,  оны  жаңғырту  заманның  талабы  еді.  1990  жылдардың  басында 

Қазақстанның нарық экономикасына көшуіне байланысты білім және ғылым 

салалары  дағдарыс  жағдайында  қалды.  Сонымен  бірге,  еліміздегі 

академиялық  ғылымның  мәртебесі  де  өзгеріп,  қаржылық  тапшылық 

жағдайында  жұмыс  істеуге  мәжбүр  болғандығы    баршамызға  аян.  Негізінен 

білім-ғылым  салаларының  проблемалары  ортақ  және  қиыншылықтары  да 

ұқсас  болып  келеді.  Олардың  қалыпты  жұмыс  істеуіне  ең  алдымен  қолайлы  

жағдайлар туғызылуы керек екені түсінікті.  

Міне,  білім  және  ғылым  саласында  қалыптасқан  осындай  ахуалға 



сәйкес  Академик  Т.Садықов  өзінің  ректорлық  қызметінде  университеттік 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал