«Қазақстан білім қОҒамы жолында»



жүктеу 391.59 Kb.

бет1/5
Дата01.02.2017
өлшемі391.59 Kb.
  1   2   3   4   5

Е

уразия


 

унивЕрситЕті



№ 16 (125),  қыркүйек  2012 жыл

www.enu.kz

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 

«ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ҚОҒАМЫ ЖОЛЫНДА»

БІЛЕККЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ 

СЕНУ КЕРЕК

Өз дәрісінде отандық білім-

ғылым саласының  жалпыұлттық 

жүйесі жаңғыру мен жаңару 

кезеңіне көшкенін атап көрсеткен 

Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздің 

жаңа интеллектуалды капиталын 

даярлаудағы стратегиялық 

жоспарды жүзеге асырудың 

маңызды тұстарына тоқтала 

келіп: «Ықылым заманнан бері 

қазақ атамыз «Білекті бірді, 

білімді мыңды жығады» деген 

сөз қалдырған. Қазақтың бұл 

мақалының өзі бүгінгі күні 

айрықша мәнге ие болып отыр. 

Бұл заман білекке емес, білімге 

сенетін заман. Заманауи әлемде 

елдің қуаты, ең алдымен, білім мен 

ғылымда болатын уақытқа келдік. 

Сол білімді қажетке, тұрмыс 

игілігіне жарата білуімізбен 

ғана бағаланады. Инемен құдық 

қазғандай, қиын да күрделі, 

орасан қажыр қайрат пен ерік-

жігерді талап ететін білімсіз өмір 

тұл», - деді. 

Осыдан соң Елбасы Үкіметке 

мектепке дейінгі тәрбие мен 

білімнің заманауи әдісін енгізуді 

тапсырды. Сондай-ақ ол соңғы 

жылдары мектепке дейінгі білім 

беру мекемелерінің саны 3,5 

есеге артып, мектепке дейінгі 

мекемелерде балалардың 

қамтылуы 65 пайызды құрағанын, 

2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 

100 пайызға жететінін айтты. 

Бұған қоса Президент 12 

жылдық білім беруді қамтамасыз 

ететін 522 мектеп салынатынын 

тәптіштеп: «Орта білім беру 

жүйесінде біз 12 жылдық білім 

беру жүйесін енгізу жұмыстарын 

жалғастыратын боламыз. 

Жаңа білім беру стандарттары 

әзірленеді. Нәтижесінде үш 

ауысымды оқу жойылады. Бүгінгі 

күні Зияткерлік мектептердің 

желілері белсенді дамып келеді. 

Бұл орта білімнің барлық 

деңгейіне сатылап енеді. Биыл 

35 білім мекемесі Зияткерлік 

мектеп стандарттары бойынша 

жұмыс істей бастайды. Орта 

білімге электрондық жүйе де 

енгізіледі. 2012 жылы бұл 600 

мектепте енеді. Енді ауылдағы 

және мүмкіндігі шектеулі 

балалар да электрондық оқу 

материалдарына қол жеткізе 

алады», - деді. 



КӨШБАСШЫ 

УНИВЕРСИТЕТ ҚАЖЕТ 

БОЛДЫ 

Дәріс барысында Елбасы 

Назарбаев университетінің 

дүниеге келуіне, оған өз 

есімінің берілуіне және 

аталмыш оқу орнының қазіргі 

тыныс-тіршілігіне тоқталды. 

Президенттің айтуынша, елімізге 

ХХІ ғасырдағы қазақстандық 

жоғарғы мектептің болашақ 

үлгісі, алғыбейнесі болар, 

жаңа болмысқа ие көшбасшы 

университет қажет болған. 

«Мен  басқа ел-жұртты аралап 

жүріп, әр құрлықтағы озық 

университеттердегі дәрістерімде 

олардың оқытушылары мен 

студенттерімен кездесе жүріп, 

әсіресе соңғы рет әлемдегі бірінші 

рейтингте саналатын Кембридж 

университетінде болған кезімде 

біздің Қазақстанның білім беру 

ошақтары, университеттері неге 

түбінде сондай бола алмайды, 

деп ойланатынмын. Әрине, 

Тәуелсіздік алмай тұрғанда бізде 

ондай мүмкіндіктер болған емес. 

Тәуелсіздіктің 20 жылынан бері 

қарай да біздің жағдайымыз, 

қаражатымыз болмады. 

Дегенмен, осы ой мені Назарбаев 

университетін салуға алып 

келді», - деген Елбасы осы аттас 

мектептен басқа Қазақстанда 

өз атымен аталатын бірде-бір 

мекеме жоқ екенін айтты.

Мемлекет басшысының 

мәлімдеуінше, университеттің 

әлеуеті қарқынды түрде нығайып 

келеді. Үкімет оның дамуына 

айрықша назар аударуда. Бүгінде 

мұнда 1,5 мыңнан астам студент 

білім алуда. Биылғы жылы түсу 

конкурсы бір орынға 10 адамнан 

келді. 

Жоғарғы оқу орнында әлемнің 



жетекші университеттерінің 

профессорлары дәріс 

оқиды. Өмір туралы ғылым 

орталығында, Энергетикалық 

зерттеулер орталығында 

және Пәнаралық орталықта 

ғылыми қызмет өрістеуде. 

Осында шамамен 70-ке тар-

та ғылыми-техникалық жо-

балар жүзеге асырылуда, ал 

жыл соңына дейін олардың 

(Жалғасы 2-бетте)



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» 

деген тақырыптағы интерактивті дәрісін «Білім» телеарнасының тұсауын кесіп, 

таныстырылымын жасаудан бастады. Ресми рәсімге қазақстандықтар ғана емес, 

шетелдіктер де куә болды. Себебі Елбасының онлайн-режимдегі дәрісі Еуропа мен Азияға 

сонымен қатар Америкаға тарады. 

Өз тарихын Президенттің лекциясын трансляциялаудан бастаған салалық арнаның 

бағыты мен бағдары басқалардан бөлек екен. Біріншіден, «Білім» арнасы қазақ, орыс 

және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Екіншіден, ол тек қана білім мен ғылымға қатысты 

мәселелерді қаузайды. Көрерменге әлемдік және отандық ғалымдардың жаңа жобалары 

мен білім беру жүйесіндегі жаңашылдықты да осы арна жеткізіп отырады. 

қатары 100-ге жетеді. 

 

Әлемнің беделді ғылыми 



басылымдарында ғылыми 

еңбектер жариялануда. 

 

Назарбаев университетін-



де өнертабыстың 4 патенті 

алынған. 

«Біз ары қарай да 

университетті дамытатын 

боламыз. Бүгінде біз Білім 

мектебін ашудамыз. Жыл 

соңына дейін Бизнес мектебі мен 

Мемлекеттік саясат мектебін 

ашуды жоспарлап отырмыз. 

 

Біздің Медициналық және 



Тау-кен мектептерін ашатын 

күніміз де алыс емес. Осында  

университеттік білім беру 

көшбасшысының қабырғасында 

- еліміздің жаңа болашағы, 

біздің мемлекетіміздің жаңа 

элитасы дүниеге келуде», - деді 

Н. Назарбаев.



ИНДУСТРИАЛДЫ-

ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ЖОБАЛАРДЫҢ ЖЕМІСІН 

ЖЕУ ҮШІН...

Қазіргі жастар техниканың 

тілін меңгеруі тиіс. Сонда ғана 

олар тың бастамалар мен жаңа 

жобаларды жүзеге асырады. 

Осыны атап көрсеткен Елбасы: 

«Білімге құштарлық танытқан 

адам үшін Қазақ мемлекетінде 

толық жағдай жасалған. Ең ба-

. Ең ба-


стысы, жастар үнемі ізденіс 

үстінде болуы керек. Олар за-

манауи техниканың тілін түсінуі 

және оны қолдана білуі тиіс. 

Ғылымдағы жаңалық күн сайын 

емес, сағат сайын жаңарып 

отырады.  Ал мен айтып отырған 

индустриалдық төңкерістің 

үшінші кезеңінде қазақ жастары 

алғыр да табанды, ғылымның сан 

саласынан хабары бар, соңғы 

техникалық мүмкіндіктерді 

меңгерген, қиялдары шексіз 

болуы қажет. Сонда ғана біз 

Азияның барысына айнала 

аламыз», - деді. 

Сөз арасында Президент 

мемлекеттік қолдаудың 

арқасында білім саласына 

бөлінетін қаржы соңғы 2 жылда 

1,6 есеге ұлғайып, 1,3 трлн.

теңгеден асқанын, дәл осындай 

көрсеткіш елімізде бұрын-соңды 

болмағанын тілге тиек ете келіп, 

бүгінгі таңда білім саласын 

қаржыландыру ішкі жалпы 

өнімнің 5 пайызын құрайтынын 

жеткізді.

 


2

Е

уразия



 

унивЕрситЕті



№ 16 (125), 

қыркүйек 2012 жыл

РЕЙТИНГ

Күні бүгінге дейін халықаралық «QS World University Rankings» зерт-

теу орталығының рейтингінде дүниежүзінің ең үздік 400 университетінің 

қатарынан көрініп келген Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-

ситеті биылғы жылдың қорытындысы бойынша 369 - сатыға көтеріліп, 

абырой биігін бағындырды. 

Еуразия ұлттық университетінен кейінгі 390-орынға әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университеті орналасты. Бұл туралы рейтинг 

орталығының басшысы Бен Саутер: «Қазақстанның 2 бірдей жоғары оқу 

орнының әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің көшіне қосылуы 

ел билігінің білімге оның ішінде жоғарғы оқу жүйесіне басымдық бе-

ретіндігін көрсетеді. Сіздердің 

осы жетістіктеріңіз арқылы 

біз Қазақстанның жоғарғы оқу 

орындарына тұрақты түрде ин-

вестиция құйылатынына және 

университеттердің дәрежесі 

мен деңгейі, сапасы мен қызметі 

қадағаланып отыратынына көз жет-

кіздік. Қазақстанның жоғарғы оқу 

орындары зерттеу орталығының 

барлық индикаторларына сай кел-

ді. Сіздердің университеттеріңіз 

білім беру саласында сара соқпақ 

салып, бәсекеге қабілетті болуда 

аянбай тер төгіп жатыр»,- деді.

Айта кетейік, QS WUR рей-

тингіндегі алғашқы бестікті 

Массачус технологиялық уни-

верситеті (АҚШ), Кембридж 

университеті (Ұлыбритания), 

Гарвард университеті (АҚШ), 

Лондонның университет коллед-

жі (Ұлыбритания) және Оксфорд 

университеті (Ұлыбритания) ба-

стап тұр. Бұл рейтинг білім сапа-

сын бағалаудың тамаша құралы 

ретінде университеттердің 

көпсалалы білім беру мазмұнын 

жақсартуды, сондай-ақ олардың 

жетістіктерін әлемдік деңгейдегі 

ЕҢ ҮЗДІК 400 УНИВЕРСИТЕТ  ҚАТАРЫНДАМЫЗ

университет ретінде даму және 

қалыптасу үдересінде көрсетуді 

көздейді. Бұл жерде 4 өзекті па-

раметр негізге алынады: ғылыми-

зерттеу, білім беру қызметі, оқу 

орнын бітірушілер туралы жұмыс 

берушілердің пікірі және интерна-

ционализациялау деңгейі. Рейтинг 

академиялық қауымдастықтың 

46 000 өкілі мен 25 000 рекрутерлік  

агенттік қызметкерлеріне сауална-

ма жүргізу арқылы анықталады. 

Еуразия ұлттық универси-

теті 2009-2010 оқу жылында 

QS рейтингі бойынша «500 

PLUS» тізіміне ілініп, 531-ші 

орынға ие болды. Арада бір 

жыл өткенде аталмыш оқу орны 

әлемдегі маңдайалды жоғары 

оқу орындарының ішінде 

450-орынға табан тіреді. Ал биыл 

81 университетті артқа тастап, 

халықаралық аренадағы беделін 

бекемдей түсті. 

Бұған қоса ағымдағы жылы 

ЕҰУ-дың 10 білім бағдарламасы 

халықаралық аккредитациялау 

институтының аккредитаци-

ясынан өтіп, сапа белгісімен 

қоса Германияның сапаны 

қамтамасыз ету сертифика-

тын иемденді. Сәйкесінше ЕҰУ 

ACQUIN ұлттық реестріне еніп, 

халықаралық аккредитациядан 

өткен Қазақстандағы тұңғыш 

жоғары оқу орны болып танылды. 

Айтпақшы әлемнің таңдаулы 

университеттерінің толық тізімін  

www.topuniversities.com  сайты-

нан табуға болады.



Қанат МАХАМБЕТ

«Бұл көрсеткіш бойынша 

біздің еліміз дамыған елдердің 

деңгейіне жақындап келеді. 

Қазіргі таңда Қазақстанда 

білімнің барлық саласын тиімді 

интеграциялауға бағытталған 

инновациялық білім берудің 

қазақстандық моделін 

жасаудың негізі қаланған. 

Соңғы 2 жыл ішінде Білім және 

ғылым министрлігі ғылыми-

ағартушылық салаға 40-тан 

астам жаңалық енгізді.  Олардың 

қатарында дамыған елдерде 

қалыптасып отырған білім беру 

сапасын бақылаудың бірыңғай 

орталықтандырылған жүйесін 

қалыптастыру, жан басына 

қаржыландыру тетігін енгізу, 

«Болашақ кілті» көптілді білім 

берудің жаңа үлгісіне көшу 

және жұмыс беруші мен жұмыс 

сұраушылар әрекеттің жаңа 

жүйесін қалыптастыру сынды 

бастамаларды ерекше атап 

өтуге болады», - деді Мемлекет 

басшысы. 



КӘСІБІҢ – НӘСІБІҢ

Қазіргі экономикалық 

жағдайды ой елегінен өткізген 

Президент бүкіләлемдік 

қаржы дағдарысы рухани 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 

«ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ 

ҚОҒАМЫ ЖОЛЫНДА»

дағдарыстың да негізгі өзегіне 

айналып отырғанын баяндап: 

«Біз ел-жұртты дүрліктірген 

қаржы дағдарысының екінші 

толқынын күтіп отырмыз. 

Себебі Батыс Еуропа 

елдеріндегі экономикалық 

жағдай әлі тұрақты емес. 

Сондықтан жұмыссыздықпен 

күрес мәселесін мықтап қолға 

алуымыз керек. Бұл үшін жа-

. Бұл үшін жа-

стар біліммен қарулануы керек. 

Біздің күнделікті тұрмысымызда 

тұтынып отырған 

заттарымыздың ешқайсысын 

қаржы институттары мен 

қорлар жасамайды. Ақшаны 

тек ақша алып келеді деген 

ойдан бойымызды аулақ ұстау 

қажет. Қолымыздағы дүниенің 

барлығын өндіретін еліміздегі 

еңбек күшінің көп бөлігі 

жұмыс істейтін зауыттар мен 

фабрикалар. Ендеше, біз шағын 

және орта бизнесті дамыту 

мәселесіне мән беруге тиіспіз. 

Әр қазақтың теңгесі өндірістің 

осы түрінен өзіне 10 тиын пайда 

алып келсе, халықтың әлеуметтік-

тұрмыстық жағдайы бірнеше 

есе жоғарылайды. Мұнымен 

біз даму қарқынымызды 

бұрынғыдан да жылдамдата 

аламыз. Соның нәтижесінде 

жалпы халық болып отандық 

өнімдерді инвестициялауды 

қолға алуға болады», – деді. 

 

«Бэйби-бум» жалғаса береді 



Өскелең ұрпақты салауатты 

өмір сүру салтына шақырған 

Елбасы қуатты мемлекетке 

айналу үшін халықтың саны 

көп болуы қажет екенін атап 

көрсетіп,  2016 жылға дейін 

Қазақстанда бала туу деңгейі 

жоғары болатынын жеткізді. 

«Егер ұлтымыздың дені 

сау болса, халқымыздың 

демографиялық өсу қарқыны 

да қарыштайды. Мәселен, 2011 

жылы бірінші сыныпқа 10 000 

оқушы барса, 2012 жылы мектеп 

табалдырығын 12 000 оқушы 

аттаған. Бұл – халқымыздың 

табиғи өсу көрсеткіші. 2005 

жылы басталған демографиялық 

даму үдерісі 2016 жылға дейін 

жалғасады. Себебі Қазақстан 

– жас мемлекет, халқымыздың 

орташа жас көрсеткіші 35 

жастан аспайды. Бұл – біз 

үшін өте қолайлы жағдай. 

Ертеңгі күні осы бүлдіршіндер 

біздің еліміздің білім-ғылым 

саласын дамытады. Өйткені 

жарқын болашақ – ертеңгі 

жеткіншектердің қолында»,- 

деді Н.Назарбаев. 



ӘР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ӨЗІНЕН «ЕЛІМ ЖАҚСЫ 

БОЛУЫ ҮШІН МЕН НЕ 

ІСТЕДІМ?» ДЕП СҰРАУЫ 

ТИІС

Әркім де Қазақстанды 

қастерлеп, Отанның дәулетін 

арттыру жайында ойлануы 

қажет. Президент осы ойды 

шегелеп тұрып көрсетті. 

«Бүгін әр қазақстандық 

өзінен «елім жақсы болуы үшін 

мен не істедім және Отанымның 

дәулеті артуы үшін не істедім?» 

деп сұрауы тиіс. Егер елде жақсы 

болмаса, онда ешкімге де жақсы 

болмайды. Яғни, мемлекеттің 

әл-ауқаты - ол әр азаматтың әл-

ауқаты. Сондықтан әрқайсысы 

осы елді қастерлеп, Отанның 

дәулетін арттыру жайында 

ойлануы қажет. Егер еліміздің 

әр азаматы осылай ойлайтын 

болса, барша ел өзінің дамуының 

қарқынын арттырады», - деді 

Елбасы.


(Соңы. Басы 1-бетте)

3

Е

уразия



 

унивЕрситЕті



№ 16 (125), 

қыркүйек 2012 жыл

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЙ 

ҚАТЫНАСТАРЫ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінде 

Солтүстік-Шығыс Азия тарихы 

қорының ұйымдастыруымен 

«Тарихи, аумақтық кикілжің 

жағдайларды шешу және Корея 

Республикасы мен Шығыс 

Азия және Орталық Азиядағы 

Қазақстан Рспубликасымен мәдени 

байланыстарды нығайту жөнінде 

тәжірибе алмасу» атты семинар 

болып өтті. Оны Солтүстік-Шығыс 

Азия тарихы қорының төрағасы 

Ён Хо Ким ашып, болашақта оның 

Корей-Қазақстан қатынастарын 

нығайтуға айтарлықтай ықпал 

ететініне, өткір мәселелерді 

шешуге көмектесетініне 

назар аударды. Содан кейін 

семинарға қатысушыларды 

университет проректоры, 

филология ғылымдарының 

докторы, профессор Дихан 

Қамзабекұлы, 

Қазақстандағы 

Корея Республикасының Төтенше 

және Өкілетті елшісі Чухен Пэк 

құттықтады.

Семинарға қатысушылар 

атап өткендей, қазіргі жағдайда

жаһандану үдерісі әлемдік 

қауымдастықты өзарабайланысты 

және өзаратәуелді еткен сайын 

Қазақстан Республикасы мен 

Корея Республикасы арасындағы 

саяси, экономкалық және мәдени-

гуманитарлық ынтымақтастықты 

нығайту міндеті де көкейтесті 

мәселеге айналып отыр.

Бүтіндей, Оңтүстік Кореямен 

арадағы қарым-қатынасты, оның 

саяси және экономикалық әлеуетін 

ескере отырып айтатын болсақ, 

бұл елдің отандық экономикаға 

қатысуы – оның дамуына кең 

жол ашуда. Қазақстан мен Корея 

арасындағы мәдени, ғылыми-

технологиялық ынтымақтастық, 

сондай-ақ білім, ақпараттандыру, 

байланыс, энергетика, 

минеральдық ресурстар және басқа 

да салалардағы мемлекетаралық 

келісімдерді қоса есептегенде 

шарттық-құқықтық база 60-

тан астам құжаттарды құрайды. 

Сондықтан да екі ел арасындағы 

қарым-қатынаста жақсы динамика 

қалыптасуда.

Бүгінде Қазақстан мен Корея 

Республикасы арасындағы 

дипломатиялық қарым-

қатынастардың орнағанына 20 

жыл толды. Бұл ынтымақтастық 

экономикалық салада ғана 

емес, біздің еліміздегі корей 

диаспорасының ролін көтеруге, 

ең алдымен мәдениет саласындағы 

байланыстарды нығайтып, 

дамытуға кең жол ашып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 

100  мыңнан астам кәрістер өмір 

сүріп жатыр. Олар еліміздегі 

этникалық топтың өкілі болып 

есептелсе де, республиканың 

қоғамдық-саяси, экономикалық, 

әлеуметтік-мәдени өміріне 

белсене қатысуда. Қазақстандық 

кәрістер өздерінің еңбекқорлығы, 

табандылығы мен төзімділігі, білім 

деңгейі жөнінен ешкімнен кем 

түспейді. Сондықтан да олар үлкен 

құрмет пен абыройға бөленуде.

Семинарда Шығыс және 

Орталық Азиядағы 

тарихи, 


аумақтық кикілжің жағдайлар 

бойынша, сондай-ақ Қазақстан-

Корей қатынастары және мәдени 

байланыстар жөнінде бірнеше 

баяндамалар тыңдалды. Солардың 

ішінде Солтүстік-Шығыс Азия 

тарихы қорының төрағасы Ён 

Хо Кимнің, осы қордың ғылыми 

қызметкерлері  Со Хын-джудің, 

Бэ Чинсоның,Қазақстанның 

ғалымдары:  саясаттану 

ғылымдарының докторы, про-

, про-

фессор 


С.Б.Қажированың, 

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

халықаралық ынтымақтастық 

департаментінің директоры, 

доцент А.С.Сабыровтың, осы 

университеттің саясаттану 

кафедрасының меңгерушісі, 

саясаттану ғылымдарының 

докторы, профессор Е.Л. 

Нечаеваның баяндамалары 

көпшілік назарын аударды.

Ал Қазақстан-Корей 

қатынастары және екі ел 

арасындағы мәдени байланыс 

жөнінде Корея Республикасы 

елшілігінің жауапты қызметкерлері, 

әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің және 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 

ғалымдары түрлі тақырыптарда 

баяндамалар жасады. Солардың 

ішінде әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінен 

Герман Кимнің «Қазақстан және 

Корея арасындағы екі жақты 

мәдени байланыстарды нығайтуға 

этникалық кәрістердің қосқан 

үлесі», Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

профессоры, саясаттану 

ғылымдарының докторы 

Р.А.Нұртазинаның «Ішкі саясат 

және Қазақстан-Корея арасындағы 

екі жақты мәдени байланысты 

нығайту» атты тақырыптарда 

жасаған баяндамаларын атап өткен 

жөн.

Халықаралық семинарда 



жасалған баяндамаларды 

талқылауға Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің докторанттары 

мен магистранттары да белсене 

қатыст


ы.

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Наши в странах ближнего 

и дальнего зарубежья – это 

не новость. Но вот то, что 

наши девчонки – студентки 

3 и 4 курсов японского и 

китайского отделений спе-

циальности «Востоковеде-

ние» ФМО  Аида Асубаева, 

Диана Исмагулова и Айша  

Сахметова в середине ав-

густа нынешнего года при-

няли участие в I  Мировом 

Конгрессе глобального со-

трудничества для молодых 

женщин и Женском форуме  

в Сеуле – это новость! Это 

стало грандиозным событи-

ем в жизни девушек, которые 

приложили немало усилий 

совместно со своими руко-

водителями, чтобы побывать 

в стране не просто высочай-

ших технологий, но и высо-

коразвитом цивилизованном 

государстве.

Участие в данном форуме 

– прекрасная возможность 

применить на практике свои 

знания по корейскому языку 

и познакомиться со своими 

сверстниками из различных 

концов мира. Еще бы, из 

более чем полутора тысяч 

претендентов именно наши 

девушки прошли жесткий 

отбор и получили пригла-

шение! Девушки выступи-

ли со стендовым  докладом 

«Women`s role in securing 

human life» «Роль женщин 

в обеспечении безопасности 

человеческой жизни»

  «Евразийцы» смогли 

посетить лекции с участием 

женщин-лидеров Организа-

ции Объединенных Наций 

по вопросам гендерного ра-

венства и расширения прав и 

возможностей женщин.

Незабываемые впечат-

ления закрепились церемо-

нией закрытия форума, на 

котором присутствовали Ге-

неральный секретарь ООН 

Пан Ги Мун и мэр г.Сеул 

Пак Вун Сун. 

В период проведения фо-

рума в Сеуле проводились 

культурные фестивали и 

культурные ночи, где наши 

студенты ознакомились с 

корейской культурой, наци-

ональной музыкой, приме-

рили национальную одежду-

ханбок, а также приобрели 

много иностранных друзей 

из Кореи, Камбоджи, Индии, 

Малайзии и многих других 

стран Азии и Африки.

А вот Гульдана Бердыха-

нова, студентка 2 курса той 

же специальности и того 

же факультета  участвовала 

в программе культурного 

обмена «2012 Youth Camp 

for Asia’s Future», органи-

зованной Министерством 

гендерного равенства и 

семьи Республики Кореи 

при содействии NCYOK 

(National Council of Youth 

Organizations in Korea). 

Гульдана расширила свой 

диапазон пребывания и по-

бывала  в городах Сеул, Йосу 

и на острове Чеджу, а также 

посетила различные музеи, 

храмы древних городов Ко-

реи и выставку EXPO-2012 

в городе Йосу. Она полу-

чила возможность общения 

с представителями стран 

Азии, познакомилась с их 

традициями и обычаями, а 

главное – смогла ближе и 

глубже узнать предмет своей 

специальности – самобыт-

ную культуру Южной Кореи.

В программе, по которой 

участвовала Гульдана,  при-

няли участие  представители 

23 стран Азии, в том числе 

Афганистана, 

Бангладеш,  

Камбоджа, Индии, Индоне-

зии, Лаоса, Мьянмы, Непала, 

Сингапура, Вьетнама. Казах-

стан представляли 7 участни-

ков  Астаны и Алматы.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал