Қазақстан, Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық



жүктеу 32.83 Kb.

Дата29.04.2017
өлшемі32.83 Kb.

    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

112 


4  Gachicheladze 

GR 


“Literary 

translation 

and 

literary 



relationship”. - 2nd Edition - Moscow: Soviet writer, 1972. – 262 pages 

5   Frumkin  RM  “Color,  meaning  similarity”.  -  Moscow:  Nauka, 

1984. – 174 pages 

6   Kaidarov A., Omirbekov B., Akhtamberdiyeva Z. “Full of secrets 

colour and shade”.- Almaty: Kazakhstan, 1986.- 95 pages 

7   Toktaubay  A.  “Theatre  of  horses”//  Independent  Kazakhstan, 

2003. 

8   Musirepov G. “The colour field”// Kazakh literature, 1966- April 



9   Moscovici VA Tcvetooboznachenij system in modern English / / 

Problems of Linguistics. - M., 1994. - № 6. - 84-95 pages. 

 

 

 



Сапаева Г. Е. 

 

Қазақстан, Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ 

ПАЙДАЛАНУ 

 

The modern model of education  requires to active searching for new 

targets,  organizational  structures  and  learning  technology  forms.  An 

important part of the educational process is the prospect of forming a new 

type of human, who is oriented in own views and actions on the dialogue of 

cooperation  and  understanding.  It  leads  to  increasing  requirements  to  the 

quality  of  the  educational  student  trainings.    Modern  lesson  should  be 

interesting, full of  the information  and learning material must  be clear for 

students.  The  main  goal  for  teacher  is  to  find  such  methods  of  organizing 

the  educational  process,  which  not  only  joined  the  theoretical  knowledge 

and  practical  skills  of  students,  but  also  contributed  to  the  formation  of 

their opinions as a whole.  

 

Халық 


педагогикасының 

негізгі 


мақсаты-ӛзінің 

бай 


тәжірибесіне  сүйене  отырып,  келешек  ұрпақты  ӛнер  білім  меңгеруге, 

еңбек  етуге,  ауыл  аймақтың,  ӛз  Отанының  ар  намысын  қорғауға, 

адамгершілік  қасиеттерге  баулу  болып  табылады.  Халық  ауыз 

әдебиетінің  барлық  ӛлеңдерінде,  мақал-мәтелдер  мен  шешендік 

сӛздерде,  жаңылтпаш,  санамақ,  жұмбақтарда  нақыл  айту,  ой  салу, 

тәлім-тәрбие беру кӛзделген.  



                                Innovative technologies in science                                  

113 


Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі  сапалы болуы 

ұстаздың ӛзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Сабақ 

барысында  қазақ  халқының  асыл  қазынасы  болып  саналатын  ауыз 

әдебиеті  жанрларының    түрлерін,  тұрақты  сӛз  тіркестерін,  мақал-

мәтелдерді,  жұмбақтар  мен  жаңылтпаштарды,    әдет-ғұрып,  ұлағатты 

нақыл  сӛздерді  тағы  басқа  тағылымдарды  үйрету  арқылы  студенттің 

танымы  кеңейтіледі.  Осылайша  дербес  тұлғаның  дүниетанымы 

кеңейіп,  тіл  үйренуге  ұмтылысы  артады.  Кез  келген  сабақ  таным 

әрекетін іске асыруға бағытталады.  

Мақал-мәтелдер  –  халықтың  ауызша  ақындық  шығармашы-

лығының  кӛп  тараған  ескерткіштері.  Ғасырлар  бойы  халықтың 

әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сӛздер арқылы халықтың 

ой-пікірі,  арманы,  кӛзқарасы  баяндалған.  Қасиетті  сӛздерді  қазақ 

халқы  қастерлеп  ӛнеге  етіп,  адамдардың  ӛлең  ӛрнектерімен 

ойластырып  мақал-мәтелдерді  үнемі  пайдаланып  келген.  Мақал-

мәтелдер халық ӛмірінің барлық жағынан қамтылған.  

Қазір  оқу  орындарда  қазақ  тілі  сабағында  мақал-мәтелдер, 

жаңылтпаштар, жұмбақтар, даналық сӛздерді кеңінен қолданып жүр. Тіпті 

қазіргі  ғылым  мен  технологияның  дамыған  заманында  ғаламтор 

беттерінде,  жеке  пайдаланушылардың  жеке  парақшаларында  да  мақал-

мәтелдер мен даналық сӛздер кӛптеп кездеседі.  Яғни халқымыздың ұзақ 

жылдар бойы жинап, сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе 

жатқан  асыл  қазынасының  бірі  –    мақал-мәтелдер  тамырын  тереңінен 

жайып, жас ұрпақтың дұрыс жолда ӛсуіне ықпалын тигізіп келеді.  

Мақал-мәтел – жай сӛз ғана емес, ол-сӛз атасы, сӛз кӛркі, терең 

сӛздің тобықтай түйіні, қысқа болса да нұсқа сӛз дейміз. 

Халық мақал-мәтелдері, біріншіден, баға жетпес тәрбие құралы 

болса, екіншіден, адамның сӛз байлығын арттырады, терең әрі шешен 

сӛйлеуге  үйретеді.  Мақал  мен  мәтелдер  жас  жеткіншектерді  сӛз 

қадірін  білуге,  мейірімді,  кеңпейіл,  сезімтал  болуға,  жақсы  мен 

жаманды, қас пен достты ажырата білуге баулиды.  «Сӛз тас жарады, 

тас  жармаса,  бас  жарады»,  «Жақсы  сӛз-жарым  ырыс»  дейді  халық 

даналығы.  Халқымыздың  асыл  мұрасын  болашақ  ұрпаққа  жеткізу, 

олардың зердесіне  дарытуда  ұстаздың  ролі  зор.  Қазақ  тілі  сабағының 

грамматикасына  тоқталғанда,    мақалдарды  мысалға  алуға  болады.  

Мәселен, сӛйлемнің тұрлаулы мүшелерін ӛткенде, 

«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді», «Шешен кісі сӛз бастар, 

адал кісі ел бастар» деген сияқты мысал түрінде пайдалануға болады. 

Бастауыш  пен  баяндауыш  арасында  қойылатын  сызықша 

тақырыбын  ӛткенде:  «Еңбек-ата,  жер-ана»,  «Кӛңіл-дария,  кӛз-айна», 

«Талап-тұлпар,  білім-  сұңқар»    деп,  ал  анықтауыш  тақырыбын 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

114 


ӛткенде:  «Жақсының аты ӛшпейді, ғылымның хаты ӛлмейді», «Жақсы 

адамның  ашуы,  жібек  орамал  кепкенше»  деген  сиякты  мақалдарды 

айтуға  болады.  Толықтауышты  ӛткенде:  «Қызға  қырық  үйден  тиым», 

«Жақсыға  сӛз  ілеседі,  жаманға  шӛп  ілеседі»,  «Ерді    намыс  ӛлтірер, 

қоянды қамыс ӛлтірер» сияқты, ал пысықтауыш тақырыбында «Жылы- 

жылы  сӛйлесең,  жылан  інінен  шығар»,  «Ерінбеген  етікші  болар» 

мақалдарын  қолдануға  болады.  Сонымен  қатар  мақал-мәтелдерді 

септіктер  тақырыбында  мысалға  алған  абзал.  Мәселен:  атау  септікте: 

«Ақыл  азбайды,  білім  тозбайды»,  ілік  септікте:  «Шешеннің  сӛзі 

мерген,  шебердің  кӛзі  мерген»,  «Ӛтіріктің    құйрығы  бір-ақ  тұтам», 

«Жердің сәні-егін, ердің сәні-білім», барыс септікте: «Әкеге қарап, ұл 

ӛсер, шешеге қарап, қыз ӛсер», табыс септігінде: «Семіздікті қой ғана 

кӛтереді»,  «Кӛпті  сӛкпе,  кенді  тӛкпе»,  жатыс  септікте:  «Ұяда  нені 

кӛрсең,  ұшқанда  соны  аларсың»,  шығыс  септікте:  «Ерлік  тәрбиеден 

туады», кӛмектес септікте: «Кӛппен кӛрген-ұлы той»  сиякты кӛптеген 

мысалдар келтіруге болады. Дауысты дыбыстар емлесін ӛткенде «Ерді 

талап ұшырар, құсты қанат ұшырар», «Елі жоқ – жер жетім, Ері жоқ-ел 

жетім» деген мақал-мәтелдерді айтуға болады.  

Мақал-мәтелдерді  кез  келген  тақырыпта,  мысалы,  антоним, 

синоним,  омоним  сӛздерді  оқығанда,  дауысты,  дауыссыз  дабастарды 

ӛткенде, тіпті лексикалық тапсырма ретінде де қолдануға болады. Сол 

арқылы тіл мен әдебиеттің үйлесімін кӛрсеткен дұрыс. Үйге тапсырма 

ретінде  газет,  журналдардан  белгілі  бір  тақырыптағы  мақал-мәтелді 

жазып  келуге,  оны  талдауға  беру  арқылы,  біз  жас  ұрпақты  ізденуге, 

тереңірек  білім  алуына  үйретеміз.  Қазақ  халқы  «Тәлім  сӛз-тәрбие 

құралы» деп бекер айтпаған.  

Жалпы  қай  тілді  меңгертсек  те  оны  әдемі,  таза,  шебер  сӛйлей 

білуіне  кӛңіл  бӛлінуі  керек.  Ал  мақал  -  мәтел  дегеніміз  қандай  тіл 

болмасын,  сол  тілдің  кӛркемдігін,  нақышын  беретін  шұрайы. 

Сондықтан  шәкірттеріміз  сабақта  тек  сӛйлеуді  меңгеріп  қана  қоймай 

сол тілде әдемі, шебер, кӛркем сӛйлей білсе, нұр үстіне нұр болар еді. 

Мысалы6  белгілі  бір  грамматикалық  тақырыпты  ӛткен  кезде 

жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, 

одан  бүгінгі  ӛткен  грамматикалық  тақырыпты  тауып  қолдануын 

түсіндіру    берілсе,  бұл  әрі  түсіндірілген  грамматикалық  тақырыпты 

пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Тілді 

жан  жақты  оқыту  үрдісін  жандандыру,  тіл  дамыту  жаттығуларын 

қолдану,  жаңа  әдіс  -  тәсілдерді  енгізу  бүгінгі  күннің  басты  талабы. 

Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы ӛмірге 

ғылыми  кӛзқарасы  қалыптасқан  адамдар  тәрбиелеу.  Осы  тұрғыда, 



мақал-мәтелдер үлкен қызмет атқарары анық. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал