Қазақша Русский English 1



жүктеу 330.48 Kb.

бет1/3
Дата14.05.2017
өлшемі330.48 Kb.
  1   2   3

A

Қ а з а Қ с т а н   Қ о р   б и р ж а с ы

2010


МазМұны

 Қазақша  

Русский  

English

 1 

39 

77

2

KASE Президентінің акционерлер  



мен нарық қатысушыларына жолдаған 

алғы сөзі

4

Қазақстан қаржы нарығының  



2010 жылдағы конъюнктурасы

6

Эмитенттерді тарту және бағалы 



қағаздардың өтімділік деңгейін  

арттыру жұмыстары 

10

Сауда-саттық және есеп айырысу 



технологияларын дамыту 

14

Туынды құралдар нарығын дамыту 



16

Халықаралық ынтымақтастық

18

Корпоративтік басқару 



20

2010 жылдың қаржылық қорытындылары

26

Қаржылық есеп беру



34

Глоссарий



2

ҚұРметті ханымдаР мен мыРзалаР!

Осы есепке арқау болып отырған жыл Биржа үшін дағдарыстан алынған сабақтар зерделеніп, айқындалған пробле-

малар барынша шешілген маңызды кезең аяқталған жыл болды. Осы кезең аралығында басымдық биржа нарығының 

сенімділігін арттыратын жұмыстарға беріліп отырды. 

Шетел валюталарымен жүргізілген сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша, дефолттарды азайту мақсатында 

Биржада Шетел валюталары нарығы жөніндегі комитет құрылды. Бұл комитет валюта нарығы мүшелерінің төлем 

қабілетін тексеріп, олардың сенімділігі азырақ болатындарын сауда-саттықтар жүргізген уақытта теңге мен шетел 

валютасын алдын ала жеткізуге аудару туралы шешімдер қабылдай алады. Дағдарыс шарықтап тұрған шақта үміт 

ақтамаған “тікелей репо” операциялары нарығына сауда-саттық қатысушылары міндеттемелерінің апта сайын қайта 

есептелуімен өтемақылық төлемдер жүйесі қолданысқа енгізілді. 2010 жыл ішінде біз бағалы қағаздарды сату-сатып 

алу биржа нарығының сенімділігін біршама арттыратын, Т+0 схемасы бойынша бағалы қағаздар мен қаражаттың 

алдын ала түгел жеткізілуімен бағалы қағаздар нарығында есеп айырысулар жүйесінің концепциясын әзірлеп, оны 

жүзеге асыруға кірістік. Халықаралық стандарттарға сай келетін, біз үшін мүлдем жаңа тәуекел-менеджмент жүйесін 

KASE 2010 жылы іске қосылған мерзімдік нарықта жүзеге асырды. Бұл жерде Биржа алғаш рет орталық контрагент 

болып, сақтық және кепілдік қорларының көлемінде кез келген жағдайда жасалған мәмілелердің орындалуына кепілдік 

береді. Қазіргі уақытта KASE көпжақты нетто-клиринг пен Т+3 схемасы бойынша бағалы қағаздар нарығындағы 

есеп айырысулардың тәуекел-менеджментін осы қағидаттар бойынша құрып отырғандықтан да, бұл жұмыстар біз 

үшін маңызды. Біз реттеуіштермен бірігіп отырып, листингілік облигациялар бойынша корпоративтік эмитенттердің 

дефолттарына қатысты іс-қимылдар қолдану әдістемесін әзірлеп, қолданысқа енгіздік, жетілдірдік. Ресми тізімнің 

буферлік санатынан басқа санаттарға облигациялардың тек бірнеше атауы оралғанымен, мұндай оралудың әрқайсысы 

біздің нарық үшін маңызды. Биржа есеп беру жылы ҚҚА мен АӨҚО ҚРА бірлесе отырып, листингілік компаниялардың 

KASE Президентінің 

акционерлер 

мен нарық 

қатысушыларына 

жолдаған 

алғы сөзі


3

Қазақстан қор биржасы

қаржы есептілігіне аудит жүргізу құқығы берілген аудиторлық ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелерінде біршама 

ілгері басты. Бұл ретте, атқарылған жұмыстар 2011–2013 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға осы саладағы 

жағдайды түбегейлі жақсарта алатын іс-шараларды кіргізуге мүмкіндік берді. 

Биржа қызметіндегі тәуекелдерді азайту мәселесінде атқарылған жұмыстарды да айтып өтпеуге болмайды.  

Акционерлер Биржа пруденциалды нормативтерді сақтау үшін “беріктілік қорын” құрып, KASE жарғылық капиталын екі 

еседен астам ұлғайтты. Биржадағы есеп беру кезеңінің соңына қарай KASE қызметінің барлық негізгі бағыттарына 

аудит жүргізген Ішкі аудит қызметі жыл бойы өз жұмысын белсенді атқарып келді. Осы қызметті басқару жүйесі  

де жетілдірілді. 2010 жылы есеп беру кезеңінің аяғына қарай алдағы үш жылда қандай істерге екпін қойып, қалай 

жұмыс істеу керектігін нақты айқындаған Тәуекелдерді басқару қызметі құрылды. Биржаның тапсыруымен “Эрнст 

және Янг” компаниясы Биржадағы IT-үдерістеріне техникалық аудит жүргізіп, осы саладағы мәселелерді жақсартуға 

бағытталған ұсыныстар дайындалды. Мұның барлығы KASE үздіксіз қызметін қамсыздандыру мәселесін мүлдем 

жаңа деңгейге шығаруға бағытталған. 

KASE Биржа нарығының сенімділігіне жіті мән беріп, бұл ретте елеулі жұмыстарды атқарып болып, енді, жаңа кезеңнің – 

дағдарыстан кейінгі даму кезеңінің табалдырығын аттамақ. Біз – қай жаққа қарай бет бұрып, қандай істерді атқару 

керектігін нақты білеміз. Осы жылы Биржада сатылатын қаржы құралдарының өтімділігін арттыру жұмыстары арқау 

болып отырған үш жылдық Стратегиялық жоспар әзірленді. Есеп беру жылы біз ынтымақтастығымыз жарасқан 

құрылымдармен бірлесіп, осы бағытта жүзеге асырылатын іс-шаралардың іргетасын қаладық. 

Бұл ретте, ең бастысы – “халықтық IPO” үкіметтік бағдарламасы. KASE мен АӨҚО құрылымдарының бастамалары 

мемлекеттік органдардың тарапынан қолдау тапты. Ұлттық компаниялардың акцияларын жергілікті нарыққа шығару 

бағдарламасы акциялардың Қазақстанның қор нарығындағы өтімділігінің түбегейлі арттырылуына үлкен үміт арт-

тырады. Бұл салада көптеген ережелерін Биржа мамандары әзірлеген басқа да мемлекеттік бағдарлама – Бағалы 

қағаздар нарығын дамытудың жол картасы жүзеге асырылатын болады. 

Өтімділіктің өсіміне негіз қалыптастыратын Биржаның басқа да жұмыстарын айтып өткен жөн. Осылайша,  

2010 жылы біздің ойымызша, KASE брокерлерінің жұмыс ережелері анағұрлым ыңғайлы бола түскен маркет-мей-

керлер қызметінің жаңа ережелері жарық көрді. Биржа есеп берілетін жыл бойы өтімділікті арттыру мақсатында 

оларды өз алаңында қолдану мүмкіншілігін бағалап, тараптас сауда және постсауда технологияларын зерттеп келді. 

2010 жыл Биржа осы салада қабылданған халықаралық стандарттар мен хаттамаларды қолдана отырып, нарықтық 

ақпараттың әлемдік алып провайдерлеріне сауда деректерін нақ осы уақыт режимінде жіберу мүмкіндігін алған 

алғашқы жыл болды. Енді, әлемнің кез келген елінің инвесторлары шешім қабылдаған уақытта біз ұсынған деректерді 

тиімді пайдалана алатын болады. Биржа акцияларды KASE интернет желісі арқылы сатуға мүмкіншілік беретін жаңа 

терминалды дайындап, іске қосты. Есеп беру жылының желтоқсан айында біз осы терминалдың қолданылуымен 

аясы шектелмеген жекеменшік инвесторлар арасында сәтті биржалық ойын өткіздік. 

Жоғарыда атап өтілген міндеттерді орындай отырып, KASE коммерциялық құрылым ретінде дамуын тоқтатпады. 

Есеп беру жылы Биржа тарихында алғаш рет өз акционерлеріне дивидендтер төледі. Дағдарыс салдарынан еңсесін 

әлі көтермеген кейбір нарық секторларындағы айналымның әлі де азайып жатуына қарамастан, 2010 жылы Қаржы-

шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша Биржаға келтірілген таза пайда жоспардағы көрсеткіштерден екі 

есе асты. 

Сөз соңында, Биржаның акционерлері мен мүшелеріне бірлесіп атқарылған жемісті жұмыс үшін алғысымды 

айтып, Биржа бұдан былай да алға қойған стратегиялық міндеттерін орындау үшін аянбай қызмет етіп, бар күшін 

салатындығына сендіргім келеді. 



“Қазақстан қор биржасы” аҚ Президенті 

Қ.Қ. дамитов

4

Қазақстан қаржы нарығының  

2010 жылдағы конъюнктурасы

4

Есеп беру жылы Қазақстанның экономикалық жағдайының, халықаралық қаржы нарығының жақсарғандығымен және 

мұның нәтижесінде, отандық қаржы нарығындағы негізгі көрсеткіштердің әр тарапқа бағыт алған және бір-біріне 

қарама-қайшы келген серпіннің көрініс табуымен ерекшеленді. 

2010 жылы 2009 жылдың көктемінде өз міндеттемелері бойынша дефолт жариялаған Қазақстанның үш ірі банкінің 

берешегін қайта құрылымдау процесі аяқталғанда Қазақстандағы қаржы дағдарысының шиеленіскен кезеңі аяқталды 

деп айтуға болады. 

Берілген түрлі бағаларға сүйенсек, “Альянс Банк” АҚ, “БТА Банк” АҚ және “Темiрбанк” АҚ шығынға жазылған 

берешегінің мөлшері 11 млрд АҚШ долларынан 12 млрд АҚШ долларына дейін жетіп, қалғаны осы банктердің 

акциялары мен жаңа облигацияларына айырбасталған. 

2010 жылдың екінші жартысында Қазақстанның корпоративтік борыш нарығындағы жағдай біршама тұрақталып, 

мамыр айынан бастап, өз облигацияларына қызмет көрсету бойынша дефолтқа жол берген жаңа құрылған компа-

ниялар тіркелмеді. Жылдың екінші жартысында реттелмеген берешек көлемі 54 % 94 млрд теңгеге

1

 азайды. Төрт 



компания берешекті түгелімен реттесе, сегіз компания ішінара реттеген.

Қазақстан қаржы нарығының корпоративтік секторындағы несие тәуекелдерінің біршама азайғандығына қарамастан, 

қатысушылар консервативтік инвестициялық стратегияларды ұстануын жалғастырып келді. Инвесторлар мемлекеттік 

бағалы қағаздарға (МБҚ), сондай-ақ инвестициялық сапасы жоғарырақ корпоративтік облигацияларға – мемлекеттік 

және мемлекеттік сыңайлы ірі компаниялардың міндеттемелеріне бейім екендіктерін көрсетті (1-сур.). 

Қаржы министрлігі жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ 2,89 % құраған мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландырып, 

МЕКАМ белсенді шығарды (2-сур.). Мемлекеттік облигациялар нарығындағы жоғары сұраныс пен ұсыныс сауда-

саттық көлемі 2010 жылы 1,7 % 1 431,4 млрд теңгеге артқан МБҚ биржа нарығын ұстап тұрды. 

Кірісі тиянақталған бірінші кезектегі құралдар сұранысқа ие болып тұрған кезде корпоративтік облигациялардың 

бастапқы нарығының рөлі біршама артты. 2010 жылы жыл бойына жергілікті және шетел нарығына “Қазатомпром” 

Ұлттық атом компаниясы” АҚ, “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” АҚ мен “Қазақстанның даму банкі” АҚ облига-

циялары орналастырылып келді. Нәтижесінде, корпоративтік облигациялардың қазақстандық бастапқы биржа 

нарығы арқылы ғана тартылған қаражат көлемі есеп беру жылы KASE бүкіл тарихында рекордтық көлемге –  

64,8 млрд теңгеге (438,8 млн АҚШ долларынан) жетті. 

1

   Дефолтқа жол берген бірқатар компаниялар делистингiге ұшырап, эмитенттерінің қызметі туралы ақпаратты ашу  



бойынша Биржаның алдындағы міндеттемелерінен айырылғандықтан, Биржаның қолында корпортивтік борыштар  

бойынша орындалмаған міндеттемелердің көлемі туралы, сондай-ақ оларды реттеу үшін эмитенттер қолға алатын 

іс-шаралар туралы нақты мәлімет жоқ.


i

  5-сурет  

2010 жылДАғы АқшА нАрығы инДикАторлАрының 

ДинАмикАсы, жылДық %

KazPrime


TONIA

 

сауда-саттық   



балансының 

сальдосы 

төлем балансының 

ағымдағы  

есеп-шотының  

сальдосы


төлем балансының 

ағымдағы және қаржы 

есеп-шоттарының 

жалпы сальдосы 

 

  4-сурет 

қАзАқстАн республикАсының 2009 және 2010 жылДАрДАғы 

төлем бАлАнсы инДикАторлАрының ДинАмикАсы, млрД USD

*

*

  



Ұлттық банкінің деректері

 

 



 

 

  1-сурет  



қАзАқстАн жзқ инвестициялық портфелінің  

2005–2010 жылДАрДАғы жиынтықты құрылымы, %

Қазақстанның МбҚ, %

ШМбҚ, %

Қазақстан резиденттерінің корпоративтік 



облигациялары, %

Шетелдік компаниялардың 

бағалы қағаздары, %

Қазақстан резиденттерінің үлестік 

құралдары, %

басқасы, %

 

I

V



X

III


VII

XII


II

VI

XI



IV

IX

VIII



 

 

 



 

 

 



  3-сурет

UBS CMCI CoMpoSIte USD total RetURn

*

 тАуАр нАрығы инДексінің ДинАмикАсы, нүктелер

**

*   


тауарлы фьючерстерінің кеңінен әртараптандырылған себетінің кірістілігін көрсететін индекс

**

 Bloomberg деректері



 

I

V



X

III


VII

XII


II

VI

XI



IV

IX

VIII



бюджеттің  

кірісті бөлігі  

(трлн теңге)

бюджеттің  

шығынды бөлігі  

(трлн теңге)

Мемлекеттік 

бюджет  


тапшылығы  

(жІӨ %)


  2-сурет

2005–2010 жылДАрДАғы мемлекеттік бюДжет 

тАпшылығы,  жіө % 

 

I



III

II

IV



I

III


II

IV

 



I

V

X



III

VII


XII

II

VI



XI

IV

IX



VIII

ii

 

 6-сурет  



KaSe инДексі мен негізгі шетелДік инДекстеріДің 2010 жылДАғы ДинАмикАсы, %

*

 

 

 



KASE индексі

FTSE 100 

ММВб индексі 

Nikkei 225 

S&P 500

GB_KZMS


HSBK

KZTK 


RDGZ

CCBN


KKGB

GB_ENRC


 

I

V



X

III


VII

XII


II

VI

XI



IV

IX

VIII



 

 

 7-сурет  



2010 және 2009 жылДАрДАғы KaSe инДексінің өкілетті тізімінің АкциялАры бАғАсының ДинАмикАсы, %

(01.01.10 = 100 %)

*

  Bloomberg деректері



I жарты жылдық

I жарты жылдық

II жарты жылдық

II жарты жылдық



5

Қазақстан қаржы нарығының 2010 жылдағы конъюнктурасы



5

Бұған қоса, 2010 жыл халықаралық тауар-шикізат алаңдарындағы бағалардың салыстырмалы түрде жоғары болуы-

мен ерекшеленді. Жыл қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 14,6 %-ға 93,49 АҚШ 

долларына қымбаттады. London Metal Exchange биржасында мыстың бір тоннасының үш айлық фьючерс бағасы 

23,8 %-ға  4 213 АҚШ долларына дейін көтерілді (3-сур.). 

Қазақстандық экспорттың негізгі баптарының бағасы жоғары болуы отандық компаниялардың экспорттан түскен 

түсімінің өсуіне және сыртқы сауданың статистика көрсеткіштерінің жақсаруына әкелді. 2010 жылы Қазақстан сауда 

теңгерімінің оң сальдосы 28,9 млрд АҚШ долларының эквивалентіне, төлемдік теңгерімнің ағымдағы шотының оң 

сальдосы 4,32 млрд АҚШ долларының эквивалентіне жетті (4-сур.).

Экспорттан түскен түсімнің бірқатар бөлігі экспорттаушы компаниялардың екінші деңгейдегі банктердегі (ЕДБ) 

корреспонденттік шоттарына шоғырландырылды. Бұл валюта нарығы қатысушыларының арасында жүргізілетін 

конверсиялық операциялар көлемінің артуына әкелді. 2010 жылы шетелдік валюталармен жүргізілген сауда-саттық 

көлемі 15,7 трлн теңгені құрап, 2009 жылғы көрсеткіштен 59,4 %-ға артты. Валюта нарығының алып-сатарлық әлеуеті 

төмен болып қала берді – Ұлттық Банк АҚШ долларының бағамын бір доллар үшін 146,5–148,0 теңге арасында 

ұстап тұрды.

ЕДБ сұранысқа ие болмай отырған өтімділік көлемінің өсуі 2010 жылы мөлшерлеменің төмендеуіне және Қазақстанның 

ақша нарығындағы сауда-саттық көлемінің артуына әкелді. KazPrime-3М индикаторының мәні жыл соңына қарай 

жылдық 2,0 %-ға жетіп, жыл бойы TONIA индикаторы жылдық 2,8 %-дан аспады (5-сур.). Репо операциялары 

нарығындағы сауда-саттық көлемі 2010 жылы 12,7 трлн теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 22 % өсті.

Акциялардың жергілікті нарығының даму жағдайлары есеп беру жылы әдетінше халықаралық қор және сауда-

шикізат алаңдарындағы оқиғалармен айқындалды. Жыл ортасында Еуропалық одақ елдеріндегі қазыналық дағдарыс 

аясында инвесторлары бүкіл дүние жүзінде еуропалық активтерді сатып, дамушы елдердегі компаниялардың бағалы 

қағаздар бойынша ұзын позицияларды жабумен болды. Қытай экономикасы ысынуы мүмкін деген қауіп пен көптеген 

сарапшылардың жаһандық экономиканың қалпына келетіндігіне күмәндануы жағдайды ушықтырды. Мамырдың аяғы 

мен маусымның басына қарай әлемдік негізгі қор индекстері өздерінің ең төмен жылдық мәндеріне жетсе, KASE 

индексі жылдық минимумына дейін түсіп, 1 349 нүктеге 23,7 %-ға төмендеген (6-сур.).

Жағдай күз мезгілінде, АҚШ-та алдағы 8 айда 600 млрд АҚШ доллары сомасына мемлекеттік облигациялардың сатып 

алынуын көздейтін сандық бәсеңдеудің екінші кезеңінің басталғандығы туралы жарияланған уақытта тұрақталды. 

Өтімділіктің қосымша құйылуы халықаралық қор және тауар-шикізат нарығында қарқынды өсім туғызды. 

Қазақстанда бағалардың дұрысталу кезеңі позитивті макроэкономикалық ақпарат жарияланған уақытта есеп беру 

жылының соңына келді. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді егеменді рейтингі бойынша Fitch Ratings бол-

жамы “тұрақтыдан” “позитивтіге” көтеріліп, нақты ЖІӨ жыл қорытындысы бойынша 7 % құрады. Осы орайда KASE 

индексі бұған дейін төмендеген орнын біршама толтырып, жыл соңына қарай мәні 1 718 нүктеге жетті. Kazakhmys 

PLC (+18,1 %), EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (+14,3 %), “Қазақстан Халық жинақ банкі” АҚ 

(+12,8 %) мен “Қазақтелеком” АҚ (+8,7 %) жай акцияларының өсімі алдыңғы орындардан көрінді. Жыл қорытындысы 

бойынша “Казкоммерцбанк” АҚ (–33,5 %), “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ (–20,9 %) және “ЦентрКредит Банкі” АҚ 

(–22,6 %) жай акциялары төмендеген (7-сур.).

2010 жылдың қорытындысы бойынша макроэкономикалық статистика 2008–2010 жылдары Қазақстан экономикасы 

мен қаржы нарығында бірқатар түбегейлі оң өзгерістер болды деуге мүмкіндік береді. Десек те, көптеген мәселелер 

әлі де күн тәртібінде қалуда. Қаржы нарығының Қазақстанда бұдан әрі дамуы көп жағдайда осы мәселелердің сәтті 

шешілуіне байланысты болады. 


6

ұлттыҚ комПаниялаРдың iPO дайындауы 

2010 жылдың 29 қаңтарында өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауының аясында Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырылуындағы негізгі шарттардың бірі – дамыған отандық қор нарығы болуы 

тиіс болатын 2020 Стратегиялық жоспарының жүзеге асырыла басталғандығын хабарлады. Бұл жолдауында Елбасы 

2020 жылға қарай Қазақстан қор нарығы ТМД мен Орталық Азияның ислам банкингінің аймақтық қаржы орталығына 

айналуы, ал Алматы қаласы Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына кіру керектігін атап өткен болатын. 

Отандық қор нарығын дамыту тәжірибесі мен көптеген елдердің осы саладағы тәжірибесі бұл мәселені ірі ұлттық және 

мемлекеттік сыңайлы компаниялардың акцияларын ішкі ұйымдастырылған нарыққа шығармай мүмкін емес екендігін 

көрсетіп отыр. Мұндай жағдайды түсінген Биржа акцияларды ішкі ұйымдастырылған нарыққа шығару керектігін 

көп жылдардан бері бірнеше мәрте айтып келген болатын. Соңғы жылдары бұл мәселеге АӨҚО ҚРА мен “Алматы 

қаласының аймақтық қаржы орталығы” АҚ қосылды. Ал, есеп беру жылы аралығында, соның ішінде кеңесшілердің

2

 



ұсыныстарымен бұл идея аталған компанияларға жергілікті қор нарығына шетелдік инвесторларды тарту мақсатында 

ІРО тек Қазақстанда жүргізілуін көздеген шартпен толықтырылды. 

Нәтижесінде, Биржа мен АӨҚО басшылығының ұстанымдары Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тара-

пынан қолдау тапты. 

2010 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов отандық қор нарығының 

дамытылуын белсендіруді тапсырған болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 

Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту кеңесінің жанындағы арнайы Жұмыс тобы құрылды. Бұл Жұмыс 

тобының міндетіне: 

•  бағалы қағаздар нарығының нормативтік базасын жетілдіру мәселелерін қарастыру;

•  ішкі валюталық және қор нарығына шетелдік қатысушылардың қатысуына рұқсат берілу мәселесін жеңілдету;

•  бөлшек сауда инвесторларын белсендіру;

•  эмитенттерді бағалы қағаздар нарығына шығару бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлеу кіреді.

2010 жылғы 12 тамызда өткен “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ Басқармасының кеңейтілген отырысында Елбасы “Самұрық-

Қазына” ҰӘҚ” АҚ еншілес компанияларының бірқатар акциялар пакетін елдегі қор нарығына орналастыруды ұсынған 

болатын. Кейін, 2010 жылғы 18 қарашада өткен “Сарапшы-100-Қазақстан” II экономикалық форумында Премьер-

министр К.Қ. Мәсімов Үкіметтің Қазақстанның қор нарығындағы ұлттық компанияларға ІРО (SPO) жүргізуге ниетті 

екендігін тағы бір мәрте растады.

Эмитенттерді тарту және бағалы 

қағаздардың өтімділік деңгейін 

арттыру жұмыстары 

2

 

“EBRD консалтингтік жобасын әзірлеу” параграфын қара.



7

Эмитенттерді тарту және бағалы қағаздардың өтімділік деңгейін арттыру жұмыстары

24–25 қараша күндері Биржа “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы” АҚ-мен бірлесіп, “Қазақстан қор нарығы. 

KASE IPO” атты екі күндік форум өткізді. Форумда талқыға түскен басты мәселелер: Қазақстанның дағдарыстан 

кейінгі даму кезеңінде ұлттық компаниялар ІРО рөлі, Биржада IPO жүргізу шарттары және Қазақстан қор нарығының 

инвестициялық әлеуеті. Өткізілген форум елдің іскери ортасы мен мемлекеттік құрылымдары конструктивті диалог 

орнатқан алаңға айналды.

Жергілікті нарықта IPO жоспарлап отырған компаниялар үшін тартымды жағдай жасау мақсатында Биржа мен АӨҚО 

ҚРА Биржаның Листингілік ережелеріне өзгерістер әзірлеп, енгізді. 

Атап өтсек, 2010 жылдың 25 тамызынан бастап, акциялардың Биржада айналуына рұқсат етуші бастамашылар егер:

•  IPO жүргізу мақсатында акциялар KASE ресми тізіміне алғаш рет енгізіліп отырса;

•  акциялар KASE ашық сауда-саттық әдістерінің бірімен орналастырылатын болса; 

•  Листингілік комиссияның осы акцияларды ресми тізімге енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап, күнтізбелік 

алты ай ішінде берілетін ІРО нәтижелері бойынша тартылған қаражат көлемі кемінде 1 млн АЕК балама болса; 

•  IPO жүргізілген уақытта орналастырылған акцияларды кемінде 50 инвестор сатып алса.

IPO қорытындысы бойынша еркін қолданыстағы акциялар саны IPO бастамашысы болған листингілік компанияның 

орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде 10 %-ын құраса (эмитент сатып алған, ауыртпалық салынған, 

не болмаса оқшауланған акцияларды қоспағанда), кіру алымдары мен жыл сайынғы алғашқы листингілік алымдар 

төлеуден босатыла алады. 

Оның үстіне, 2010 жылғы 13 тамызда KASE Басқармасының шешімімен, листингілік компаниялар биржалық IPO 

жүргізген уақытта оларға Биржа тарапынан көрсетілетін кеңейтілген ақпараттық қолдау тәртібі айқындалды. Мұндай 

қолдау тегін көрсетіліп, листингілік компаниялар мен олардың қызметін инвесторлардың арасында танымал ету 

мақсатында бүкіл биржалық инфрақұрылымды пайдаланатын алуан түрлі іс-шаралар кешенін қамтитын болады. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал