Қазан айының соңғы жексенбісінде біздің еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері өзінің



жүктеу 180.92 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі180.92 Kb.

Қазан айының соңғы жексенбісінде біздің еліміздің 

әлеуметтік  қорғау  жүйесінің  қызметкерлері  өзінің 

кәсіби мерекесін атап өтеді. Халықтың, әсіресе, оның 

аз қамтылған және қоғамның көмек-қолдауына зәру 

бөлігінің  мұқ-мұқтаждарымен  тікелей  айналысатын 

бұл сала қызметкерлерінің жұмысы – ең күрделі де 

қиын жұмыс.

-Біздің жұмысымызды «Адамға деген қамқоршы» деген 

бірер сөзбен ғана сипаттауға болады. Біздің қызметкерлер 

өз жұмысында тек кәсіби шеберлігін, біліктілігін, білімділігін 

ғана көрсетіп қоймай, қайырымды әрі мейірімді, елгезек 

әрі  адам  жанын  түсінгіш  психолог,  көмек  қолын  созуға 

дайын тұратын қамқоршы болуы да тиіс, -дейді Түпқараған 

аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдар ла-

малар бөлімінің бастығы Гүлмира Берішбаева.

Біздің  ауданда  861  мүгедек  бар  екен,  бұлардың  ара-

сында балалар да баршылық. Жұмыс таба алмай, күн-

көрісі  қиындап  не  асыраушысынан  айырылып,  тағдыр 

тауқыметін  тартып  жүргендер  де  аз  емес.  Осылардың 

бәрі әлеуметтік қорғау жүйесінің тұтынушылары. Әрине, 

бұл мәселелер қоғамымызда қашан да болған. Әлеуметтік 

қорғау жүйесі әрдайым олардың сүйеніші әрі қамқоршысы 

болып келеді. 

-Бүгін  біз  өзіміздің  кәсіби  мерекемізде  біздің  салада 

ұзақ жылдар жұмыс істеп, халықтың құрметі мен алғысына 

бөленген Оразхан Мұқанова, Мақпал Көшербаева, Фамия 

Дощимова, Зина Тоқшаева, Гүлшат Ақкенжеева, Демеген 

Садықов  сынды  ардагерлеріміздің  атын  ризашылықпен 

айта аламыз. Қазір осылардың өнегесі мен тәлімін көрген 

жаңа, жас, іскер буын жұмыс істеп келеді, -дейді Гүлмира 

Шотанқызы.

Қараша айының 1-жұлдызында аудан әкімдігі «Ақтілек» 

мейрамханасында  ақ  дастархан  жайып,  Түпқарағанның 

әлеуметтік  қорғау  жүйесінің  қызметкерлеріне  құрмет 

көрсетті.  Бұл  әдемі  басқосудың  беташар  сөзін  аудан 

басшысы Темірбек Асауов айтып, сала қызметкерлерінің 

жұмысына жоғары баға берді.

-Халқымыздың  әл-ауқатының  жақсарып,  әлеуметтік 

мәселелерде шешуі қиын, түйінді жәйлардың болмауын 

Елбасымыз  үнемі  қадағалап,  көп  көңіл  бөліп  келеді. 

Қазақстандықтар  мемлекеттің  қамқорлығына  бөленуде. 

Әлеуметтік қорғау саласы біздің ауданда да жақсы жұмыс 

жасап келеді, халықтың ықыласына бөленіп келеді, -деген 

аудан басшысы осы саланың үздік қызметкерлерін Алғыс 

хатпен марапаттады. Олар – арасында Фатима Еділова, 

Фарида Жұбаназарова, Ләззат Серікова, Гүлзада Боран-

баева, Гүлжан Бекбосинова және Алмагүл Салимова бар. 

Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыспен 

қамту мәселесінің оң шешілуіне үлес қосып келе жатқан 

мекеме басшылары – Қали Аманефесов пен Ерік Жаңбыр-

баев та аудан әкімінің Алғысын алды.

-Біздің қызметкерлеріміздің қай-қайсысы да елге жақсы 

атымен танылғандар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан 

бастап жұмыс істеп келе жатқан Аманкүл Жалғасбаева, 

Алуаш  Ізтілеуова,  Алмагүл  Төлемағанбетова,  Шара 

Оразбаева, жұмыспен қамту орталығы ашылғаннан бері 

осы орталықты басқарып келе жатқан Римма Жақсылық, 

төлемақы орталығының бас маманы, басшысы болып 25 

жыл  жасап  келе  жатқан  Шынар  Аралова  –  біздің  үлгі 

тұтар, өнеге қылар маңдайалды қызметкерлеріміз, -дейді 

Гүлмира Берішбаева.

Осы мерекеге бұрын осы салада ұзақ жылдар жемісті 

қызмет  атқарып,  жақсы  аты  шыққан  зейнеткерлер  де 

шақырылған екен. Аудандық мәслихат хатшысы Айкүміс 

Досанова солардың бірқатарына ел атынан алғыс айтып, 

ескерткіш  сыйлықтар  тапсырды.    Олардың  арасында 

Алмагүл  Жұбантұрлиева,  Мақпал  Көшербаева,  Фамия 

Дощимова, Гүлшат Ақкенжеева бар екен.

-Мен әріптес сіңлілерімді меркемен құттықтай отырып, 

халықпен тікелей жұмыс істейсіздер, сондықтан сіздерге 

шыдамдылық,  елгезектік,  мейірім  мен  парасат  тілеймін, 

-деді Фамия апай.



Анар РАХИМБЕКОВА, 

Суретті түсірген автор.

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№57 (814)

3 қараша

2016 жыл

Газет 1931 жылдың 

5 тамызынан шыға бастады.

e-mail: akketikaraii@mail.ru



ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ– 

 

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ



28-қазанда 

Ақкетікте 

«Қазақстандағы адам 

құқықтарын 

қорғаудың ұлттық 

және халықаралық 

тетіктері» атты 

семинар-тренинг өтті. 

Оған аудандық 

қоғамдық кеңестің, 

қоғамдық келісім 

кеңесінің мүшелері, 

аудандық мәслихат 

депутаттары, 

мемлекеттік 

органдардың 

басшылары, партиялар мен азаматтық ұйымдардың өкілдері 

қатысты. Семинар-тренингті аудан әкімі Темірбек Асауов 

құттықтау сөзбен ашты.

О

дан  әрі  қатысушыларды  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 



жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір 

Әбішев пен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Астана да  ғы 

бағ дарламалар кеңсесінің үйлестірушісі Гүлмира Қуанжанова құттықтады.

С

еминар  жұмысына  келсек,  Тастемір  Әбішев  адам  құқықтарының 



концепциясы, құқықтық сана және құқықтық мемлекет, еліміздегі адам 

құқықтары  мен  бостандықтары  сияқты  көптеген  бағыттарда  әңгіме  өрбітті. 

Жатық  тілмен,  түсінікті,  ұғынықты,  дәлелдері  мен  дәйектері  мол  тағлым 

көпшіліктің көңілінен шықты. Ол «Адам құқықтары және ар-ұждан бостандығы» 

деген  ұғымдарға  жан-жақты  сипат  бере  келіп:  «Адам  құқықтары  заңмен 

қорғалады  және  қажет  болғанда  заңмен  шектеледі.  Заңмен  шектелетіні  де 

басқа адамның құқықтарын қорғау талабынан туындайды. Бұл арада әр адам 

заң  алдындағы  жауапкершілігін  сезінетін  болуы  керек»  -  деген  қағиданы 

келтірді.

ҚР  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссияның 

сарапшысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, заң 

ғылымдарының кандидаты Светлана Жаркенова елімізде қолданыстағы еңбек 

заңнамасы  туралы  жан-жақты  түсінік  берді.  Ол  Еңбек  кодексін  қабылдауға 

байланысты  заңнамаға  енгізілген  жаңа  нормалар,  еңбек  шартын  жасасу, 

тәртіптік және материалдық жауапкершілік, жұмыскер мен жұмыс берушілер 

арасындағы құқықтық мәселелер, басқа да өзекті жәйларды әңгімелей отырып, 

тақырыпты тереңнен түсіндірді.

А

талмыш  комиссияның  сарапшысы,  заңды  тұлғалардың  «Қазақстан 



дағдарыс  орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің  төрайымы  Зүлфия 

Байсақова  өз  әңгімесін  ересектерге  арналған  қысқа  ғана  мульфильмнен 

бастады.  Еркек  пен  әйелдің  қоғамдағы  орны  туралы  өте  қысқа,  бірақ 

тұжырымды  да  түсінікті  сыр  шерткен  осы  мультқойылым  семинарға 

қатысушылардың көңілін сергітіп, ықыластарын серпілткендей болды. Залға 

сұрақтар  қоя  отырып,  арасында  әзіл-қалжың  қыстырып,  керемет  жеңіл  де 

ұғынықты  өткен  әңгіме  әйелдер  мен  балалар  құқықтары  мәселелеріне 

арналыпты. Әсіресе, балалардың құқықтарына, олардың қауіпсіздігіне көбірек 

акцент салынған әңгіме ерекше әсер қалдырды.

С

еминар-тренинг сұрақтарға жауап берумен жалғасты. Соңында Тастемір 



Әбішев семинар жұмысын қорытындылады.

Айсағали ҚЫДЫР,

Суретті түсірген автор.

Маңғыстау  облысы  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  жанындағы 

ғылыми-сарапшылық  топ  мүше-

лері Алтынай Мамбетова, Эльвира 

Абланова  «Мәңгілік  Ел»  патриот-

тық  актісі  бойынша  ақпараттық-

түсініктеме беру мақсатымен Түп-

қараған    ауданының  Баутин,  Қызылөзен,  Таушық, 

Шапагатов елді мекендерінің  тұрғындарымен  кездесу 

ұйымдастырды. 

Кездесу  барысында  Алтынай  Мамбетова  ««Мәңгілік 

Ел»  идеясы  –  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  қызметі 

контексінде»  баяндамасын  жасап,  мемлекеттік  тұтас-

тықтың стратегиялық тұғыры  болып отырған  аталмыш 

идеяның  қалыптасуы,  дамуы,  жүзеге  асырылуы  және 

актінің  жасампаз  басымдықтарын    қоғамда  орнықтыру 

шараларының  ерекше    маңызын  ашып  көрсетті. 

«Маңғыстау өңіріндегі этносаралық толеранттық қарым-

қатынастың 

тарихи-әлеуметтік 

және 


тарихи 

алғышарттары» тақырыбына баяндама жасаған  Эльвира 

Абланова қоғам бірлігінің жалпықазақстандық біртектілігін 

нығайтудың  Қазақстан  дамуының  аса  ірі  әлеуетін  ашып 

көрсету жолындағы маңдай алды міндет екендігін тарихи 

құжаттар мен мұрағат дереккөздері арқылы негіздеді. 

Аудан  жұртшылығы  арасында  қызығушылық  туғын-

даған сұрақтар бойынша жауап алып, талқылау жасады.

 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ҚАЙЫРЫМДЫ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

кәсіби мерекесін атап өтті

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ ТҮСІНДІРІЛДІ



Студенттер мемлекеттік 

қызметтің жаңа 

моделімен танысты

   26-қазан күні Ақкетікке «Экспедиция-25» атты 



жобаға қатысушылар келді. Бұл «Хабар» агенттігі, 

Қазақ географиялық қоғамы және «Арша» медиа 

студиясы бірлесіп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 

орай  ұйымдастырылған жаңа реалити шоу 

болатын. Бұндағы мақсат – еліміздің Тәуелсіздігінің 

25 жылдығы және ұлт тарихындағы көрнекті 

тұлға, «Алаш» ұлт азаттық қозғалысының негізін 

қалаушы, қоғам қайраткері, қазақтан шыққан 

тұңғыш географ Әлихан Бөкейханның туғанына 

150 жыл толуын көпшілікке насихаттау. Қазақ 

география қауымдастығының бұл жобасы 108 

күнге созылады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның 

барлық аймағында болып, тарихи, мәдени 

орындарды аралап, тың деректер дайындалады. 

Шараның 108 күнге созылуында Қазақ география 

қоғамы үшін ерекше мәні бар. Өйткені бұған 

дейінгі сапарларда олар оңтүстік полюске 108 

сағатта жетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Астана  күні  –  6-шілдеде  бастау  алған  экспедиция 

Тойота  Ланд  Крузер  маркалы  5  машинамен  жолға 

шықты. Алғашқы ат басын тіреген жері – атақты Мәди 

ақын жырға қосқан Қарқаралы өңірі еді. Содан бері олар 

Қазақстанның  оңтүстігін,  шығысы  мен  солтүстігін, 

орталығын аралап өтіп, ендігі кезек батысқа келіпті.

-Кез-келген  оқушы  Нью-Йорк  пен  Париждің  қайда 

екенін  біледі.  Алайда  мына  Ақкетікті,  анау  Арал 

қаласын  немесе  атақты  Алакөлдің  қайда  екенін  көбі 

білмейді. Біз жолы қиын жерлермен жүріп өтіп, сондай 

жерлерде  болып,  кино-фото  түсіріп,  телехабарлар 

әзірлеп  келеміз.  Артынан  олар  телеэфир  арқылы 

халыққа  көрсетіледі.  Сондай-ақ  жүрген  жерлерімізде 

оқушылармен,  жастармен  кездесулер  ұйымдастыру-

дамыз. Оларға тек өзіміз, экспедициямыз туралы ғана 

емес, туған жеріміз, ғажайып сұлу өңірлеріміз туралы 

да қызықты етіп әңгімелеп, көп мағлұмат беріп келеміз. 

Біз  оларға  өзіміздің  еліміздің  ғажайып  сұлулығын, 

ұлылығын,  байтақтығын,  байлығын  түсіндіріп, 

жүректерінде  елімізге  деген  махаббат,  сүйіспеншілік 

дәнін  отырғызғымыз  келеді,  -дейді  саяхатшылар 

тобының  жетекшісі,  «Арша»  медиастудиасының 

басшысы Әділет Есекеев.

«Сүю  үшін  көруге  келдік!»  деген  девизбен  жолға 

шыққан  саяхатшылар  небір  қиындықты  көріпті. 

Мибатпаққа  батқаны  аз  болғандай,  дөңгелектері 

жарылып,  соры  қайнаған,  ондаған  шақырым  дала 

жолын  ала  шаңдатып,  аптап  ыстық  пен  тымырсыққа 

тұншығып  өткен  күндер  болыпты.  Сонда  да  жігіттер 

мен  қыздардың  көбінің  тауы  шағылмапты,  сағы 

сынбапты. Рас, күтпеген жол апатынан екі көлігі жолға 

жарамай, тағы бір көліктен ақау шығып, кері қайтыпты. 

Біздің  ауылға  екі  көлікке  мінген  8  саяхатшы  келді. 

Жетекшісі  –  сол  Әділет.  Әкімшісі  –  Мәдина 

Жандарбекова.

-Біздің  саяхатшылар  арнайы  дайындықтан  өткен 

адамдар емес. Мысалы, Алмас Ашимов – белгілі кино-

телережиссер, актер, Лия Ақмашева – блогер, ғылыми 

қызметкер,  Руслан  Ибраев  –  Білім  және  ғылым 

министрлігінің қызметкері, Арман Байсадықов – кәсіби 

фотограф,  Балжан  Балташева  –  блогер,  Карина 

Шайкенова – журналист, мен де журналиспін, ал Әділет 

– ол басшымыз, - дейді ол. – Біздің басымызды қосқан 

нәрсе  –  саяхатқұмарлық  және  Отанымызды  аралап 

көріп, оның ұлылығын басқаларға да ұғындырсақ деген 

деген ниет!

-Біз  осы  экспедиция  аясында  Қазақстанның  тұмса 

табиғатын,  адам  аяғы  көп  тимеген  жерлерді, 

зерттелмеген  орындарды,  қызықты  жерлерді  аралап 

шығуды  көздеп  отырмыз.  Еліміз  –  кең  байтақ. 

Сондықтан да оның аумағында қазақстандықтар үшін 

көптеген әлі де белгісіз орындар баршылық. Өңірлердің 

өзіне тән табиғаты мен тарихы бар, ал көрікті жерлердің 

басым  бөлігі  ел-жұрттан  жырақтағы  алыс  жерлерде, 

тіпті  кей  жағдайда  жетуге  қиын  аймақтарда  жатыр. 

Сондықтан да біздің ұстанымымыз - Отанымызды одан 

да  жақсы  сүю  үшін  бәрін  танып,  көру  қажет,  -деді 

Арман Байсадықов.

Экспедицияны  Ақкетікте  қала  әкімі  Мұратбек 

Дощанов  пен  «Атамекен»  кәсіпкерлер  палатасы 

аудандық  филиалының  директоры  Дәулет  Өтебалиев 

қарсы  алды.  Экспедицияның  алғашқы  кездесуі  жаңа 

мектеп-лицейде  өтті.  Осы  жерде  саяхатшылар 

оқушылармен  әңгімелесіп,  оларға  аралап  көрген 

жерлері  туралы  туралы  айтып  берді.  Дәулеттің 

ұсынысымен  мамандық  таңдау  мәселесі  сөз  болып, 

саяхатшылардың көбі алдымен жұмысшы мамандығын 

игеріп,  колледждерде  білім  алып,  тәжірибе  жинап, 

сосын  барып,  сол  мамандығы  бойынша  жоғары  оқу 

орнына  түсу  керек  деген  ой  айтты.  Одан  соң 

саяхатшылар  этнографиялық  мұражайда  болып,  өлке 

тарихымен  танысты.  Вагенборг  компаниясының 

кемесімен теңіз төріне шығып, ерекше әсерге бөленіп те 

үлгерді.

 - Біздің экспедициямыз 108 күнге шақталған, бірақ, 

360 күн жүрсек те құмардан шыға алмайтын шығармыз. 

График  ең  басынан-ақ  бұзылды,  бір  айға  шақталған 

бірінші кезеңге біз 45 күн жұмсадық. Екінші кезеңде де 

бір  айдың  орнына  екі  айға  жақын  уақыт  жібердік. 

Өйткені, жеріміз – ұлан-байтақ, табиғатымыз – ғажап, 

тарихымыз – мұхит! Оның бәріне бір сапарда қанығып, 

қанағаттану мүмкін емес, -дейді Әділет.

Ақкетікке  келген  сапарының  екінші  күні  олар  тез 

арада  Ақтауға  қайтуға  нұсқау  алды.  Өйткені  ауа-

райының  қолайлы  кезін  пайдаланып,  Үстіртке  бару 

керек болды.

-Біз Үстіртің ең биік шыңдарының біріне еліміздің 

көк  байрағы  мен  «Хабар»  агенттігінің  жалауын 

қадаймыз. Сөйтіп, еліміздің ең бір қиыр шеттеріне де 

жеткенімізді әйгілейміз, -деді Балжан Балташева.

-Бірақ  біз  содан  кейін  бұл  қалаға  қайтып  келеміз. 

Өйткені оның тарихына қаныға алмай барамыз. Әлі де 

бірер  күн  болып,  ескілікті  архитектурамен  салынған 

үйлерді  көріп,  ежелгі  қаланың  орнында  болып,  кино-

теле  материалдар  әзірлейміз,  жақын  маңдағы  тарихи 

орындарға барамыз, -деп қосты Әділет.

«Экспедиция  25»  жобасының  Маңғыстау  кезеңі 

Құрық мекенінде түйінделмек. Одан бұрын Жаңаөзенде, 

Бекет ата мен Шопан ата мешіттерінде болады.   



Айсағали ҚЫДЫР,

Суретті түсірген автор.

Т

үстен кейін дәл осы ұйымның ұйымдастыруы-



мен  аудан  орталығы  Форт-Шевченко  қа-

ласында «Маңғыстау облысы тілдерді дамыту, мұра-

ғаттар мен құжаттама басқарамасының» әлеуметтік 

тапсырысы  негізінде  «Мемлекеттік  тіл  ахуалына 

зерттеу  жүргізу»  және  «Сыртқы  жарнамалардағы  орын  алған  тіл  саясаты  саласындағы  заңның 

нормалары бойынша заң бұзушылығына мониторинг өткізу» тақырыптарында фокус топтық сұқбат 

алаңы ұйымдастырылып, ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар фокус топ ұйым ұсынған сауалнамаға 

қатысты.


Милана ЕЛЕУСІНОВА,

Суретті түсірген автор.

2

akketikaraii@mail.ru



№54 (811) 3 қараша 2016 жыл

ЕЛ БОЛАШАҒЫ 

 

«ЭКСПЕДИЦИЯ 25» 



ТҮПҚАРАҒАНҒА  КЕЛДІ

ЗИЯТКЕРЛЕР САПАРЫ



Ал  экспедицияның  бесінші  күні  биыл  170  жылдығын  тойлап  жатқан  Форт-Шевченко 

қаласына арналды. Сапар барысында Баутин кентіндегі Каспий жағалауына аялдап, теңіз 

бақалшықтарын  жинады.  Сондай-ақ  Иса-Досан  ескерткішіне  барып,  қазақтың  қос 

батырының өмірі жайлы ақпараттармен сусындады. Кейін оқушылар тарихи-этнографиялық 

мұражай мен әйгілі суретші Тарас Шевченконың мұражайындағы экспонаттармен танысып, 

суретшінің жертөлесін өз көздерімен көрді.

-  Маған  экспедиция 

барысында  Форт-Шев-

ченко  қаласына  барған 

сапарымыз ұнады. Маң-

ғыстаудың  алғашқы  ор-

талығында Каспий жаға-

сында  балық  шаруа-

шылығы  туралы  жаңа 

де ректер  білдік.  Соны-

мен қатар біз экспедиция 

бары сында  Қазақстан 

Р е с  п у бл и к а с ы н ы ң 

Тәуел     сіз дігі нің  25  жыл-

ды  ғына  арналған  Қазақ 

геогра фиялық  қоғамдас-

тығы  мен  «Хабар» 

телеарнасы өткізіп жатқан «Экспедиции-25» мүшелерімен кездесіп қалдық. Барлығымыз түскі ас 

кезінде сапардан алған әсерлеріміз туралы пікір алыстық,- дейді экспедиция мүшесі Нұрай Өмірхан.

Экспедицияның соңғы күнін жас зерттеушілер белгілі жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев 

шығармашылығымен  етене  жақын  танысуға  арнады.  Әбіштанушы,  филология  ғылымдарының 

докторы  Жанбибі  Дүйсенбаевамен  өткен  кездесу  оқушыларды  Маңғыстау  болмысын  Әбіш 

шығармалары  арқылы  тани  түсуге  мүмкіндік  берді.  Кездесу  барысында  әбіштанушы  Жанбибі 

Сенбайқызы  Маңғыстау  жеріндегі  шыңырау  құдықтар  турасында  баяндап,  жазушының 

шығармаларында  кездесетін  құдықтар  туралы  айтты.  Сонымен  қатар  оқушылар  қаламгердің 

жазбаларынан монолог оқып, ән айтты. Тіпті кейбір оқушылар киелі жердің тумасына арналған 

арнау да оқыды. Алматы мен Астана қаласынан келген жас зерттеушілер филология ғылымдарының 

докторына  жазушының  шығармашылығы,  Маңғыстау  табиғатының  ерекшелігі,  салт-дәстүрлер 

туралы  сұрақтар  қойды.  Сондай-ақ  кездесу  барысында  зерттеушінің  Әбіш  Кекілбаев  туралы 

еңбектерін оқушыларға қолжетімді қыла түсу мақсатында электронды нұсқада интернетке жүктеу 

ұсынылды.

Кездесу соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова 

экспедицияны  қорытындылап,  қатысушыларға  сәттілік  тілеп,  Маңғыстау  өлкесі  тақырыбында 

ғылыми жобалар жазуға кеңес берді.



Анар РАХИМБЕКОВА,

Суретті түсірген автор.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДА 

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, мемлекеттік қызмет-

тің  маңызы  сынды  алғы  шарттарды  ұсынатын  «Мемле-

кеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырыбында Түпқараған 

ауданының  гуманитарлық–техникалық  колледжінде  жас-

тармен кездесу өтті.  

Қ

азақстан Республикасы Президентінің 2011 



жылғы  21  шілдедегі  №119  Жарлығы мен 

бекітіл ген    мемлекеттік  қызмет тің  жаңа  моде лі 

туралы тұжы рым дамасын түсіндіруді мақсат еткен 

жиынды «Қолдау-Қа зақстан» көп салалы ком  мер -

циялық емес холдингі ұйым дастырған бола  тын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет 

іс тері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша 

депар таменті  сыбайлас  жемқорлық  профилак-

тикасы басқармасы тапсырысы негізінде жүзеге 

асып отырған шарада студенттерге «Мемле кеттік 

қызметтің  жаңа  Қазақстандық  моделі» 

тақырыбын да  баяндама  жасалып,  студенттер 

қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

ФОКУС ТОПТЫҚ 

СҰҚБАТ ӨТТІ


 

«Имандылық – 



ИМАМ  ҒАНА  АЙНАЛЫСАТЫН 

шаруа емес»

11  діни сауда нүктесі бар

-  Дін  істер  басқармасында 

жиыр маға  жуық  мамандар  қыз-

мет  етеді.  Маңғыстау  облысы 

бойынша  31  діни  бірлестік  

тіркеуден өткен. Діни бірлестіктер 

дегеніміз  –  мешіттер,  шіркеулер. 

Оның  21-і  Қазақстан  мұсыл-

мандар  діни  басқарамасына 

қарайды.  Түпқараған  ауданы 

бойын ша 2 мешітіміз бар: аудан-

дық  мешіт  және  Таушық  ауы-

лындағы мешіт. Одан бөлек орыс 

православ  шіркеуі  бар,  бір 

католик  шіркеу  және  сегіз  про-

тестанттық 

(христиандықтың  

үшін  ші  бағыты)  бағыттағы  өкіл-

дерінің  шіркеуі  бар.  Олардың 

бәрі  заң  жүзінде  тір келген.  «Бұл 

қандай  заң?»  дейтін  бол  са-

ңыздар,  «Діни қызмет жә не діни 

бірлестіктер»  туралы  ар найы 

заң.  Осы  заң  аясында  жұмыс 

істейді.

Маңғыстау  облысы  бойынша 

11  діни  кітаптар  сататын  сауда 

нүк телері тіркелген. Оның тоғызы 

Ақтау  қаласында,  екеуі  Бейнеу 

ауданында.  Ал  Түпқараған  ау-

данын да  әзірге  тіркелген  сауда 

нүктесі жоқ. Егер ашу жоспарда 

болып  жатса,  біздің  басқарма 

арқылы тіркеуге алынып, рұқсат 

беріледі. «Қандай кітаптар оқуға 

рұқсат  етіледі?»  деген  сұраққа 

жауап, кітап алар кезде алдыңғы 

мұқабасына  назар  аударыңыз. 

Бұрын  Мә дениет  және  спорт 

министрлігі  болды.  Қазір  Дін 

істері  және  азаматтық  қоғам 

министрлігі Дін істері комитетінің 

сараптамасынан  өткен  немесе 

Қазақстан  мұсыл мандар  діни 

басқармасы  мақұл даған  деген 

рұқсаты  болғанда  ғана  кітапты 

алып, оқуға кеңес беріледі.

 17 діни ұйым бар

-Тарих  үшін  70  жыл  ең  қысқа 

кезең. Сол уақыт ішінде солақай 

саясат кесірінен дінімізден, иман-

дылығымыздан  алыстадық.  Есі-

мізді жиып, ел болғанымызға да 

ширек ғасыр болды. 1991 жылы 

Тәуелсіздігімізді алдық, алғаннан 

кейін  1  ай    өтер-өтпестен  1992 

жылдың  15  қаңтарында  дін 

туралы  «Діни  сенім  бостандығы 

және    діни  бірлестік»  деген  заң 

қабылдадық.  Сол  заң  бойынша 

«Қазақстан Республикасы аума-

ғын  да  өмір  сүріп  жатқан  кез-

келген  біздің  елдің  азаматы 

қалаған дінін ұстауға ерікті және 

ұстамауға  ерікті.  Шетелдік  аза-

маттар  да  Қазақстанға  келген 

кезде  қалаған  дінін  ұстауға 

ерікті»  болды.  Сол  заңның  тағы 

бір тармағында «10 адам біріксе,  

бір діни ұйым құра алады» деді. 

Ол  бір  ғана  жеке  куәлік  пен 

хаттама 

арқылы 


оп-оңай 

құрылуға  жол  болды.  Сондай 

1992  жылы  шыққан  заң  2011 

жылы  қайта  өзгеруге  мәжбүр 

болды. Өйткені 1992-2011 жылға 

дейін ресми тіркелген дін 46 дінге 

өсті. Оның ішіндегі тармақтарын 

айтпасақ та түсінікті. Діннің атын 

жамылып,  тіркелмей  жүргендері 

қаншама?  Қолдарына  құжат-

тарын алып алған әлгі ұйымдар 

жұмыс  жасады.  «500  мың 

қандасымыз  шоқынып  кетті» 

деп,  2000  жылдардың  басында 

айқайды  көтердік.  Осыдан  кейін 

елдің арасында діни алауыздық 

туындай  бастады.  «Қазақтың 

баласы  шоқынып  кетеді  немесе 

сақалын  қаулатып,  балағын 

кесіп,  Сирияға  соғысқа  кетеді, 

әйелдер  түгелдей  тұмшалана 

қара  бүркеніп  кетеді,  фанатик 

жастар  көбейеді»  деп,  Тәуел-

сіздік  алған  жылдары  ешкім 

ойла ған  жоқ.  «Қалаған  адам 

ұстап, қаламаған адам ұстамай-

ды»  деп  ойлаған  ойымыз  олай 

болмай  шықты.    Осының  нәти-

жесінде  Елбасы  Жарлығы мен 

2011 жылы жаңа діни заң шықты. 

Сол  діни  заңда  46  дінді  кесіп, 

қысқарта тынды  қысқар тып,  ша-

мамыз  кел генше  17  дінге  тү-

сірдік»,  -  дейді  облыс  имамы 

Смайыл Сейтбеков.

«Вахабит деп жүргеніміз 

сала фиттер»

 

Облыстық мешіттің бас имамы 



салафитпіз деп жүргендер ваха-

биттер  екенін  де  айт ты.  Олар 

бүгінде 

қоғамның 

вахабит 

дегенге үрке қарайтын  ахуалын 

түсінгесін,  өздерін  салафитпіз 

деп  таныстыруға  көш кенін  айта 

отыра,  олардың  тө мендегі  төрт 

ұстанымана тоқ талды: 

1. Бәріне кәпір деп қарайды. 

2.  Шариғатпен  басқарылатын 

мем лекет  болу  керекпіз  деп 

есептейді.  Біз зайырлы мемлекет 

болған дықтан  бізді  кәпірстан 

дейді.


3.Олар  өздерін  қазақпыз  деп 

та ныс  тырмайды,  мұсылманбыз 

дейді. 

4.  Бұл  ағымның  мақсаты  – 



қазақ  жерінде  діни  төңкеріс  жа-

сау.  Кәпірлерді  өлтіру  арқылы 

жұмаққа  барамыз  деген  түсінік 

ұс тайды. 

Жоғарыдағы  түсінігінен  кейін 

вахабит  пен  салафит  бір  атау. 

Қан төгуді көздейтін үлкен проб-

леманы саясат етіп ұстанғандар 

екенін де түсіндірді.

«Интернет ұстаз 

болмайды»

Кеңес кезіндегі жастардың бос 

уақыты  болмады.  Оларға  діннің 

керегі  де  болған  жоқ.  Олардың 

уа қы  ты  дискотека,  үнді  киносы-

ның  сеанстары,  спортпен  өтті. 

Ал,  қазіргі  жастардың  ең  бірінші 

тәр биешісі – интернеті қосылған 

теле фондары.  Соны мен  оянып, 

соны мен ұйқтайтын заман екенін 

бәр  ата-ана  біледі.  Жұмыстан 

боса майтын  ата-ананың  бала-

сын 

қо лындағы 



соткасы 

тәрбиелеп  жа тыр.  Ешқандай 

мешітке,  имам ға  бар мастан 

ғаламтордағы  «ВК»  әлеуметтік 

желісі арқылы түрлі діни ағымдар 

құрбаны  болып  жатқан  жастар 

көп.  Мешіттен  қорыққан  ата-

ананың 


баласын 

ғаламтор 

арқылы арбауда. 

Олар  40-тан  асқан  ата-ана-

ларды емес, олардың балаларын 

арбай ды.  Баланы  баурап  ал-

ғасын бол ды, ата-ана өзі келеді. 

Олар  ата-ананы  ешкіге  теңейді. 

«Ешкі  –  қырсық  мал.  Баласын 

лаққа теңейді. Лағын алса, енесі 

өзі  келеді.  Бала  үшін  бәріне 

көнетін  психологияны  зерттеп 

алған.  Сон  дықтан  иман дылық 

имам  ғана  айналы сатын  шаруа 

емес»    -  деді  өз  сөзін  қорытын-

дылаған  облыс  имамы  Смайыл 

Сейт беков.     

Сөз  соңында  ата-ана,  қоғам 

бо лып күресуіміз үшін діни сауат-

ты ашуға шақырды.



Милана ЕЛЕУСІНОВА,

Суретті түсірген автор.

3

akketikaraii@mail.ru



  ДІН-ДІҢГЕК 

№54 (811) 13 қазан 2016 жыл

Бұны түсінетін уақыт та 

жетті. Дінге қатысты түрлі 

мәселелердің түбі діндегі 

сауаттың шикілігі екені 

белгілі. Бұл тұрғыда түсіндіру 

жұмыстары да жасауындай 

жасалуда. Алайда ата-ана 

имамға, имам иманға 

итермелеймей, бүтін 

қоғамның дұрыс діни 

сауатын ашатын, ішкі сүзгісін 

қалыптастыратын кез жетті. 

Түпқараған аудандық ішкі 

саясат және тілдерді дамыту 

бөлімінің әлеуметтік 

тапсырысы аясында «Боевое 

братство»  ауған соғысы 

ардагерлері қоғамдық 

бірлестігі өткен аптада дәл 

осы бағытта Форт-Шевченко 

қаласының тұрғындарының 

жасы үлкені мен кішісіне 

кездесу ұйымдастырған 

болатын. Оған Маңғыстау 

облыстық «Бекет ата» 

мешітінің бас имамы Смайыл 

Сейтбеков, «Боевое 

братство»  ауған соғысы 

ардагерлері қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы, ауған 

соғысының ардагері Мәтжан 

Шәулиев және дін істері 

басқармасының бас маманы 

Нұрболат Оңғар қатысты. 

Аудан орталығы Форт-

Шевченко қаласының 

мәдениет үйінде өткен 

жиынған көптеп жиналған 

қатысушылар тарапынан да 

сұрақтар көп қойылды.

Смайыл Сейтбеков:



 «Балалар шағындағы 

аурулар ды ықпалдастыра 

жүргізу» тура лы әрбір  

ата-ана не білу керек.

«Балалар    шағындағы  ауруларды 

ықпалдастыра жүргізу» стратегиясын  

1992 жылы Бүкіл  дүниежүзілік  ден­

саулық сақтау ұйымы  және Балалар 

қоры  жүзеге  асырып  келеді.  Бұл 

стратегияны  100  ел  қабылдады. 

Соның ішінде біздің Қазақстан елі де 

бар. Балалар шағын дағы ауруларды 

ықпал дас тыра  жүргізу  (БШАЫЖ)  

дегеніміз  балалық  жастағы  болатын 

аурулардың  негізгі себебімен байла­

нысты аурулармен өлімді төмен дету 

стратегиясы. Бұл стратегияның мақ­

саты туғаннан 5 жасқа дейінгі бала­

лар дың  психикалық жәнә физикалық 

да муын жақсарту, мүгедектік және ау­

руды, бала өлі мін азайту.



Барлық  жана  туылған  балаға 

негізгі  күтім  керек.  Бұл  күтім  үй 

жағдайында жасалады:

­жылу;


­ана сүтімен қөректендіру;

­махаббат пен қауіпсіздік;

­тазалықты  сақтап,  инфекция  та­

рат   пау жолын бақылау;

­екпе;

­неонаталды жағдайды уақытында 



бі лу.

Жана  туған  баланың  темпера­

турасы  36,5­37,5  гр.  болуы  керек. 

Баланың  дене  қызуы  көтерілгенде 

бала 

мазасызданып, 



тонусы 

томендеп  және  емуі  нашарлайды. 

Жаңа  туған  баланың  демалысы 

біркелкі  болып,  жүрек  соғу  жиілігі 

төмендейді.  Сондықтан  баланың  

дене қызуын бір қалыпта ұстау керек. 

Кереуеті  терезе  алдына  немесе 

мұздай  қабырғаға  жақын  болмауы 

керек.

Бала  киімі  таза  әрі  құрғақ  болуы 



керек. Жөргекті  (подгузник) бүлінген 

бойда ауысты ру керек.

Баланы  қатты  қысып  құндақтауға 

болмай ды,  емін­еркін  бос  жатуы 

керек.  Дене  темпе ратурасы  тұрақты 

болып, өзін­өзі жақсы сезінгенде ғана 

шомыл дыруға болады.

Сәбиді  тек  қана  емшек  сүтімен 

қорек тендіру  қажет.  Ана  сүті  сәбиге 

керек, қоректік нәрсеге бай. Ең алғаш 

рет  сәби  анасынан  уыз  (молозиво) 

ішеді.  Уызда  балаға  қажет  құнарлы 

нәрселер көп. Ана сүті баланың өсіп­

дамуын жақсартады,баланы вирусты 

және  бактериалды  инфекциялардан 

қор ғай  ды,  6  айға  дейін  баланы  тек 

емшек  сүтімен  емізу  арқылы  қорек­

тендіру  керек.  Су,  шырын,  басқа 

сұйық тар беруге болмайды.

Сәбиді  дұрыс  емізу  ережесін 

сақ тау керек:

Ана сәбиді дұрыс ұстауы.

1. Сәбидің басы мен денесін тік, бір 

жазық та ұстаңыз.

2.  Сәбидің  бетін  анасының  кеу­

десіне қаратып, мұрны емшек үшінің 

денгейінде болуы керек.

3. Сәбідің денесі анасының денесіне 

түйісулі  болуы  керек  (іші  анасының 

ішіне түйісулі).

4. Анасы тек мойны мен иығын ғана 

емес, сәбидін бүкіл денесін ұстап оты­

ра ды.

 Ана сәбиді дұрыс емшекке салуы.



1.Себидің  ерніне  емшектің  ұшын 

тигізіңіз.

2.  Сәбидің  аузын  барынша  ашқа­

нын кү ті ңіз.

3.Емшекті тез сәбидің аузына апа­

ры ңыз.


 Сәбидің емшекті дұрыс алуы.

1.  Сәбидің  иегі  емшекке  тиіп 

тұрады.

2.  Сәбидің    аузы  барынша 



ашық.

3.  Астынғы  ерні  сыртқа  шы­

ғыңқы болады.

4.  Емшектің  басым  бөлігі  ас­

тына  емес,  үстіне  көрініп  тұру 

керек.


Әрбір  уақытта  баланы  ұстар 

алдында және емізер алдында қолды 

жуып, тазалықты сақтау керек.

Қандай  жағдайда    дәрігерге  тез 

арада қайтып келу керек.

Бала нашар емсе, ембей қалса, қи­

мыл қозғалысы азайса, денесі әдет­

тегі ден  салқын  сезілсе,  алақан дары 

мен  табандары  сарғайып  кет се, 

сусын  іше  алмаса  немесе  еме  ал­

маса, жағдайы нашарласа, қызбасы 

түспесе  тез  арада  дәрігерге  қайтып 

келу керек.

Егер іші өтіп амбулаторлы ем алып 

жүрген бала­жағдайы нашарласа, ем­

шек ембей  немесе сусын ішпей қал­

са,  қызбасы  түспесе,  нәжісінде  қан 

пайда болса, шұғыл түрде дәрігерге 

қайтып келу керек.

Әр науқас баланы жиі емізіңіз және 

емі зудің уақытын ұзартыңыз.

Егер бала тек емшек сүтін ембейтін 

болса,  оған  сорпа,  күріштің  суы, 

биолакт  немесе  таза  су  беріңіз.  Іші 

өтіп  жатқан  балаға  қо сымша  сұйық­

тықты көбірек беріңіз және регидрон 

ішкізіңіз,  дәрігердің  нұсқауы  бойын­

ша.  Қосымша  сұйықтықты  беруді 

диа рея  толығымен  тоқтағанға  дейін 

беріңіз.


Бұл бағдарламаның мақсаты:

1.Барлық  аналарды қолдау.

2.Өз балдарын күтіп және тәр бие­

леу үшін аналар  өзіне деген сенімділік 

туғы зуға  көмектеседі.

Ақерке ЖЕКСЕМБЕКҚЫЗЫ,

 ТОАА   Балалар шағындағы 

ауруларды ықпалдастыра жүргізу 

(ИБВДВ)   дәрігері.

 СЫНЫПТАҒЫ 

САЙЫС

   


 Ел байлығын  арттырған берекелі күз айын 

мектеп оқушылары қуанышпен қарсы алады. 

Себебі жыл сайын мектепте күзгі ханшайым мен 

ханзада  сайысын өткізу дәстүрге айналған.

 Күз мезгілінің  қоршаған ортаға әсерін таныту, күз 

ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыру, көңіл­күй сыйлау 

мақсатында Е.Өмірбаев атындағы орта мектепте 26­

шы қазан күні мектеп директорының тәрбие жөніндегі 

орынбасарларының  ұйымдастыруымен  3­4  сыныптар 

арасында жыл айналып келетін «Күз ханшайымы мен 

ханзадасы­2016» сайысы өз дәрежесінде өтті. Сайыс­

тың  шарттары:  таныстыру  (өз  сыныбының  жетістігі), 

қолөнер (тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасау), 

сұрақ­жауап (әр сыныпқа үш түрлі сұрақ беріліп, оған 

үш  тілде  жауап  алу),  өнер  (ән­би  әзілдер,  пародия,  

т.б.) сы ныбымен қатысу, сән үлгісі (өздерінің қиялынан 

ту ған  киімдер  үлгісін  жұп  болып  корсету).  Әр  сынып 

бұл сайысқа өте жақсы дайындықпен келген. 

Менің  4  «Б»сыныбымнан  сайысқа    қатысу шылар  

Шохарбай  Бауыржан  мен    Көбеген  Асылай  барлық 

шарттардан сүрінбей өтіп, «Бас жүлдені» қанжығалады. 

Сыныбымның  бас  жүлде  алуы на  ата­аналарым 

Төлеева    Рахат,  Масат  Жания ның    зор  үлесі  бар. 

Сыныбымыздың атынан осы ата­ана ларға ал ғысымыз 

шексіз.  

 

Клара МҰҚАНОВА,

 І санатты бастауыш сыныптың  мұғалімі.

Сайыс  барысында  Ж.Мың баев 

атындағы 

мектеп­гимна зияның 

мұғалімі  Аман гүл  Төлжанова 

бірінші  орынды  ие ленсе,    өзін 

Мұрынның  мақа мы мен  таныс­

тырған  Ақшұқыр  мектеп­лицейінің 

мұғалімі  Бей біт  Қабитов  екінші 

орынды,  Шахта  орта  мектебі 

мұғалімі  Мус лима  Амангелдиева 

үшінші орын ды, М.Горький мектеп­

лицейі  мұғалімі  Армат  Дүй салиев 

ынталандыру сыйлығын иеленді. 

­ Бұл осымен екінші жылы ұйым­

дас  тырылып  отырған  интел лек­

туалды сайыс. Былтырғы ойын ның 

тақы рыбын «Қазақ хан дығына­550 

жыл» деп ал сақ, биылға тақырып ­ 

Тәуел сіз діктің  25  жыл ды ғы  мен 

Форт­Шев  ченконың­170  жыл  ды ­

ғына ар налып, сұ рақтар ды осы та­

қы рыпқа  орайлас ты рылып  құр­

дық. Әсіре се, тарихшы мұға лімдер 

оқушы ларды 

білімді, 

зерек, 

зияткер  етіп  тәр бие леуі  үшін  бұл 



сайыс тың  маңызы  зор.  Ойын 

барысында  біл мей  қал ған  сұ рақ ­ тары  болса,  алдағы  уақыт та 

ізденіп,  білім дерін  же­

тілдіреді  деген  се­

німдеміз, ­ дей ді ұйым­

дас  тырушы  «Түпқара­

ған жас тары» қоғамдық 

бір лестігінің  төрағасы 

Наурызбек Мағдатов.

Милана 

ЕЛЕУСІНОВА,

суретке түсірген 

автор.

4

akketikaraii@mail.ru



ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

Редакцияның мекен-жайы:    Форт-Шевченко қаласы, кіші әкімдіктің  жаны, «Ермахан» дүкенінің 2-қабаты.  ТЕЛ/факс: 8(72938) 2-25-96,   e-mail:  akketikaraii@mail.ru

Меншік иесі:

Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және 

аќпарат министрлігінде 6.02.2013ж.

 тіркеліп, №13362-Г куєлігі берілген.



Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС  

Ақпарат және дизайн 

орталығында беттелдi.

Таралымы:725.

Индекс: 65809.

Газеттің бағасы 

келісімді.

 “CASPY PRINT” ЖШС 

баспаханасында 

басылды.

  130000, Ақтау қаласы

22 ш/а. 

Тел: 750999, 750666.

Беттеуші дизайнер - Асем РАБАЕВА

Редактор - Милана ЕЛЕУСІНОВА  

Тілші: Айсағали ҚЫДЫР,

аудандық қоғамдық-саяси газет

ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

Директор -

Дархан  УӘЛИХАНОВ

АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

4  ҚАРАША, бұлтты

түнде:  +5    күндіз:  +10

5  ҚАРАША, бұлтты

түнде:  +6    күндіз  + 9

6  ҚАРАША

түнде: +4     күндіз +8

7  ҚАРАША 

  түнде: +4      күндіз  +9

Жетекшісі - Әбдіғалым СӘРКЕНОВ

Фототілші - Анар РАХИМБЕКОВА

Газет  жарияланымдарындаѓы 

автор пiкiрi редакцияныњ т‰пкiлiктi 

кµзќарасы болып есеп телмейдi.

Жарияланѓан материалдарды  

сiлтемесiз кµ шiрiп басуѓа болмайды.

Жарнама, хабарландырулар 

мазм±нына редакция жауап 

бермейді.

Редакцияѓа жолданѓан 

материалдарѓа ре цензия 

жасалмайды жєне ќолжазба ав торѓа 

ќайтарылмайды.

Тақырыптық суреттер ғаламтордан 

алынады

8  ҚАРАША

  түнде:  +7       күндіз  +11

№57 (814) 3 қараша 2016 жыл.

НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Ұстаздар білімдерін сарапқа салды



«Түпқараған 

жастары» бірлестігі 

әлеуметтік тапсырыс 

аясында аудандағы 

тарих пәнінің 

мұғалімдеріне «Не? 

Қайда? Қашан?» 

зияткерлік сайысын 

ұйымдастырды. 

«Таныстыру», «Кім 

тапқыр?», «Кім 

жылдам?», «Жанды 

сұрақ», «Тарихи 

тұлға» сынды алты  

бөлімнен тұрған 

байқауда 

Тәуелсіздікке қол 

жеткізгеннен кейінгі 

Қазақстан 

тарихындағы 

кезеңдер  мен өлке 

тарихы бойынша 

сұрақтар ұсынылып, 

білімдері 

бағамдалды. 

МЕКТЕП ӨМІРІНЕН

АТА-АНА 


нені

 БІЛУІ КЕРЕК...

АҚШҰҚЫР    ЖАСТАРЫНА 

ЖАҚСЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Қазан  айының  28-29  күндері  Ақшұқыр  елді  меке нінде    «NCOC» 

компаниясының демеушілік және  қайырым дылық жобалары аясында 

қаржы ланды рылған  «Түп қараған  ауданы  ауыл  жаста ры ның  әлеует-

тілігін  арттыру»  атты  әлеуметтік  жобасы  Ақ шұқыр  ауылында  жүзеге 

асты.

Ақшұқыр ауылы жастарына «Тұлғалық даму, жұмыс табу мен кәсіпкерлікке 

бағыттау» атты  екі күндік коучинг­семинар тренингі ұйымдастырылып, онда 

жастар қаржылық сауаттылығын көтеріп, тұлғалық қалыптасу қағидаттарын 

үйренді. Тренингті БҰҰ Даму бағдар ламасы бойынша жоба менеджері А.Сул­

танова мен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Наурызбек Мағдатов жүргізді.  

Тренинг бағдарламасы бойынша «Тұлғалық даму мен оның ерешеліктері», 

«Сынық терезелер теориясы», «Мотивация», «Жұмыс табу», «Кәсіпкерлікке 

бағыттау»,  «Лидер»,  «Әлеуметтік  жоба»  тақырыптары  бойынша  кеңестер 

беріліп,  бейнероликтер  көрсетілді.  Тұлғалық  даму  бағыты  бойынша  адам 

тұлғасын  дамыту  мақсатында  қызықты  тренинг  ойындар  ойнатылды. 

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Аталмыш жоба бойынша Түпқараған ауданының бар лық ауылдық елді ме­

кендерінде жастардың белсен діліктері мен әлеуетін арттыруға бағытталған 

семинар­тренингтер өткізу жоспарланған.  Жобаның жұ мыс жоспарына сай 

алдағы уақытта Таушық, Қы зылөзен, Сайын ауылдарында жалғасады деп 

күтілуде. 



Өз тілшіміз.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал