Азаматтық-құқықтық пәндер бойынша терминологиялық сөздік



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/12
Дата09.03.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасының білім және Ғылым 
министрлігі 
Орталық Қазақстан Академиясы 
 
Г.А. Жаналинова 
Ш.А. Алиев 
 
 
Азаматтық-құқықтық пәндер бойынша 
терминологиялық сөздік 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды-2013ж. 

 

Г.А.  Жаналинова,  Ш.А.  Алиев  -  «Азаматтық-құқықтық 
пәндер бойынша терминологиялық сөздік». 
Қарағанды,2013-193 б. 
 
Орталық Қазақстан Академиясының Ғылыми кеңесімен 
қаралды және басылымға ұсынылды. 
Авторлар:  Азаматтық  және  инвестициялық  құқық 
кафедрасының  аға  оқытушылары  Г.А.  Жаналинова, 
Ш.А.  Алиев  -  «Азаматтық-құқықтық  пәндер  бойынша 
терминологиялық сөздік». 
Сөздікте 
азаматтық-құқықтық 
пәндер 
бойынша 
дәрістерде  қолданылатын  терминдер  мен  шетел 
сөздерінің қысқаша ұғымдары көрсетілген. 
Жоғарғы 
оқу 
орындарының 
заң 
факультетінің 
студенттері мен оқытушылары үшін дайындалды. 
 
Рецензенттер: ф.ғ.к., доцент Қ.Н. Абуғалиев  
  з.ғ.к., доцент Р.Т. Завотпаев 
 
 
 

 

Алғы сөз 
Берілген  басылым  азаматтық  құқықтық  пәндер 
бойынша терминологиялық сөздікке арналған. Сөздікте 
«Азаматтық 
және 
инвестициялық 
құқық»  
кафедрасының  барлық  пәндері  бойынша  дәрістерде 
қолданылатын терминдердің анықтамалары көрсетілген.  
Сөздіктің  негізгі  міндеті  –  азаматтық-құқықтық 
пәндер бойынша кездесетін терминдердің, кейбір шетел 
сөздерінің қысқаша түсінігін беру. 
Бұл  терминологиялық  сөздік  студенттермен, 
магистранттармен  және    оқытушылармен  бүкіл  оқу 
кезеңі  бойында  қолдануға  жатады.    Сөздікте  Қазақстан 
Республикасындағы құқықтық реттеу жүйесіне қатысты 
ұғымдар    (терминдер)  мен  құбылыстар,  заттар, 
қатынастардың анықтамасы берілген. 
 
Берілген сөздік қолданыстағы заңнаманың қазіргі 
құрамын  неғұрлым  толық  көрсете  отырып  және  оны 
жүйелеу кезеңдерінің бірі бойынша негіз жасады. 
         Анықтама  сөздік  азаматтық,  әкімшілік,  азаматтық 
іс  жүргізу  құқығы,  шетелдердін  конституциялық 
құқығы,  Қазақстан  Республикасының    конституциялық 
құқығы  және  өзге  де  жоғарыда  аталған  кафедра 
пәндерінің  мәселелеріне  байланысты  терминдер  мен 
ұғымдарды  қамтиды.  Берілген  материалдар  әліппелік 
ретпен орналастырылған, колданылуға ыңғайлы. 

 

Ұсынылған 
терминологиялық 
сөздік 
материалдары 
жетімді 
нысанда 
берілген 
және 
студенттер оқу барысы кезінде толық пайдалана алады. 
           Осы  терминдер  мен  ұғымдар  сөздігі  тек  кәсіби 
заңгерлерге, 
заң 
факультетінің 
оқытушыларына, 
студенттері мен магистранттарына ғана емес, сондай-ақ 
оқырмандардың  кең  көлеміне  қажетті  сөздік  болатыны 
сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

А 
Абвер – гитлерлік Германияның әскери барлауы. 
Абдикация – монархтың тақтан ресми бас тартуы. 
Аболиционизм – 1) қандай да бір заңның жоюлуын 
талап ететін қоғамдық қозғалыс; 2) АҚШ-тағы 18-19 ғғ. 
негрлердің құлдығын жою үшін қозғалыс. 
Аболиция – заңды, шешімді жою. 
Абсолюттік  вето  –  қандай  да  бір  органның  шешімін 
заңды  күшіне  енгізбейтің  немесе  тоқтата  тұратын 
мемлекеттегі акт. 
Абсолюттік  гипотеза  –  өзінің  мәтінінде  құқықтық 
нормаларды қолданудың және іс жүзінде асырылуының 
нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді. 
Абсолюция  –  соттаушыны  жазадан  босататын  сот 
қаулысы. 
Абсентизм  –  сайлаудағы  немесе  референдумдағы 
сайлаушылардың  дауыс  беруге  ерікті  қатыспауын 
білдіретін 
конституциялық 
құқық 
ғылымындағы 
термин. 
Абсолютизм  –  Жоғарғы  билік  тұтасымен  монархқа 
тиесілі басқару нысаны, шектеусіз монархия. 
Абстракция  –  1)  маңызды  және  заңды  белгілерді 
айқындау  мақсатында  заттардың  байланыстарынан 

 

немесе өзге қасиеттерінен ойша бұру;  2) теоретикалық 
жинақтау,  дерексіз ұғым. 
Абстрактілік  гипотеза  –  дара,  жеке  жағдайлар 
көрсетілмейді, жалпы мағынамен ғана беріледі. 
Аваль – вексель кепілдігі, соған орай оны жасаған тұлға 
вексель  бойынша  міндетті  басқа  тұлға  үшін  вексель 
жөніндегі  төлемді  жасауға  (толық  немесе  6ip  бөлігін) 
өзіне міндеттеме қабылдайды 
Авальшы – аваль беруші тұлға.  
Аванс  –  төленетін  төлем  есебінен  алдын-ала  төленетін 
қаражат сомасы. 
Авгурлар  –  ежелгі  Римдегі  жануарлардың  әрекеті, 
табиғат  құбылыстары  негізінде  адамдардың  жүріс-
тұрыстары  туралы  өз  қорытындыларын  беретің  дін 
қызметкерлері. 
Авиакомпания 
– 
азаматтық 
әye 
кемелерін 
пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар заңды 
тұлға. 
Авизо  –  өзара  есеп  айырысу  немесе  ақша,  тауар 
жөнелтімінің 
өзгерісі 
туралы 
бір 
тараптың 
(контрагенттің) 
екіншіге 
жіберілетін 
банкілік 
хабарлауы.  
Авилум  –  ежелгі  Египеттегі  тура  мағынада  «күйеу», 
«адам» – еркін халықтың жоғарғы тобы. 

 

Ависта  –  ұсынған  кезден  бастап  белгілі  бір  мерзімнің 
өтуі бойынша немесе ұсыну бойынша төлем төленетінін 
куәландыратын вексельде немесе басқа да құжатта ақша 
есеп айырысу жазбасы. 
Автократия – патшаның шексіз өз бетімен билеушілігі 
Автономдық – өзін-өзі басқарушы, тәуелсіз, дербес. 
Автор – шығармашылық есебінен туынды жасаған жеке 
тұлға. 
Авторлық  құқық  –  автордың  мүліктік  және  мүліктік 
емес жеке құқықтары. 
Авторитарлық  режим  (тәртіп)  –  мемлекеттік  билік 
жеке адамның не болмаса билеуші олигархия тарапынан 
жүзеге асырылады.  
Авториталық  мемлекет  –  мемлекеттік  билік  заңмен 
анықталса  да  тікелей  халық  мандатына  ие  болмайтын, 
бірақ билік етуші органдар мен тұлғалардың шектелген 
аясымен  басқарушылық  әкімшілік  аппаратты,  қарулы 
күштер  мен  жазалау  мекемелерін  тікелей  пайдалану 
арқылы  жүзеге  асырылумен  сипатталатын  мемлекет.  
Құқық  пен адам құқықтары қоғамда тәуелсіз мәртебеге 
және  үсемдікке  ие  болмайды,  олардың  функциялары 
әрекет  етуші  заңдарды  сақтауды  талап  етумен 
шектеледі. 
Авуарлар – шетел банктердегі салымдар.  

 

Агент –  қандай да бір тұлғанын тапсырмасы бойынша 
әрекет ететін, қандай да бір тұлғанын мүддесіне қызмет 
ететің тұлға.  
Агентура – агенттердің торы, жиынтығы.  
Агенство  –  мекемелердің  немесе  жеке  тұлғалардың 
белгілі  бір тапсырмаларын  орындайтын  ұйым,  мысалы, 
көлік агенствасы. 
Агитация  –  халыққа  кеңінен  саяси  ықпал  ету 
мақсатындағы ауызша және баспа қызметі. 
Агреман  –  басқа  мемлекеттің  дипломатиялық  өкілі 
ретінде  ұсынылған  кандидаттың  бір  мемлекеттің 
өкіметімен  өз елінде қабылдауға келісімі. 
Агрессиялық  –  әскери-қауіп  төндіру  сипатында 
болатын, шабуыл жасаушы, басып алушы. 
Агрессия  –  бір  немесе  бірнеше  мемлекеттердің  басқа 
мемлекетке  оның  территориясын  жаулап  алу,  оның 
халқын  саяси  немесе  экономикалық  бағындыру 
мақсатында әскери шабуылы. 
Агрессор  –  шабуыл  жасаушы    тарап    империалистік, 
тонаушылық соғысты  арандатушысы, жаулап алушы. 
Агреже  –  лицейде  және  университеттің  гуманитарлық 
факультеттерінде    дәріс  жүргізуге  құқық  беретін 
Франциядағы ғылыми дәреже. 

 
10 
Агреман  –  бір  мемлекеттің  екінші  мемлекеттің 
дипломатиялық  өкілі  ретінде  белгілі  бір  тұлғаның 
тағайындалуына алдын ала келісім беруі. 
Агрометеорологиялық  мониторинг  –  жер  бетіндегі 
агрометеорологиялык  желі  арқылы  байқау  жүргізуге 
бағытталған  ic-шаралар  жиынтығы;  агротехникалық 
жұмыстарды  жоспарлау  жөніндегі  акпаратты  жинау, 
беру,  талдау  мен  өңдеу  жүйесі  және  ауыл 
шаруашылығы  мүддесіне  орай  агрометеорологиялық 
болжаулар жасау. 
Агроорман  –  мелиорациялық  екпе-ауылшаруашылығы 
үшін  қолайсыз  табиғи  факторлардың  әсерін  азайтуға 
мүмкіндік беретін қорғаныштық орман eкпeci. 
Агроонеркәсіптік  кешен  –  ауылшаруашылығы,  балық 
шаруашышығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, 
тасымалдауды,  қайта  өңдеуді  және  өткізуді,  сондай-ақ, 
тамақ  өнеркәсібін,  оларды  қазіргі  заманғы  техникамен, 
технологиялық  жабдықпен,  ақшамен,  ақпараттық  және 
басқа  да  ресурстармен  қамтамасыз  ететін  ілеспе 
өндірістер  мен  қызмет  салаларын,  ветеринариялық  - 
санитариялық  және  фитосанитариялық  қауіпсіздікті, 
ғылыми  қамтамасыз  ету  мен  кадрлар  даярлауды 
қамтитын экономика салаларының жиынтығы. 
Агроөнеркәсіптік 
кешен 
субъектілері 
– 
агроөнеркәсіптік  кешенде  қызметін  жүзеге  асыратын 
жеке және заңды тұлғалар. 

 
11 
Ағаш  және бұта тұқымдарының селекциясы (орман 
селекциясы) – табиғи популяция арқылы іріктеу немесе 
орман  тұқымдарының  шаруашылық,  және  өзге  де 
құндылығы  бар  түрлері  мен  сорттарын  қолдан  өcipy 
жөніндегі ic - шаралар кешені. 
Ағашы  кесілген  жер  –  екпе  ағашы  кесіп  алынған,  ал 
орманның  жаңа  түптері  әлi  көтеріле  қоймаған  орман 
алқабы. 
Ағымдағы  шот  –  ағымдағы  шоттың  шарты  негізінде 
банктің  клиентке  ашатын  банк  шоты,  ол  бойынша: 
клиент  ақшасының  болуын  қамтамасыз  етуге  және 
банктің  оны  пайдалануына;  клиенттің  пайдасына  ақша 
қабылдауға  (есептеуге);  банк  шотының  шартында 
көзделген  тәртіппен  үшінші  тұлғалардың  пайдасына 
ақша  аудару  туралы  клиенттің  өкімін  орындауға; 
Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  және 
(немесе) шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің 
ақшасын  алып  қою  туралы  үшінші  тұлғалардың  өкімін 
орындауға;  банк  шотының  шартында  белгіленген 
тәртіппен  клиенттен  қолма-қол  ақша  қабылдауды  және 
оған  беруді  жүзеге  асыруға;  банк  шотының  шартында 
айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге; 
клиенттің талап eтyi бойынша банк шотының шартында 
көзделген  тәртіппен  клиенттің  банктегі  ақшасының 
сомасы  және  жасалған  операциялар  туралы  ақпарат 
беруге;  клиентке  шартта,  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында  және  банк  тәжірибесінде  қолданылатын 
іскерлік  айналым  дағдыларында  көзделген  өзге  де 

 
12 
банктік  қызмет  көрсетуді  жүзеге  асыруға  байланысты 
операциялар орындалады.  
Адамның  құқықтық  мәртебесі  –  құқық  субъектісі 
ретінде 
адамның 
заңды 
тәртіпте 
мемлекетпен 
кепілдендірілген 
және 
танылған 
құқықтары, 
бостандықтары, міндеттері, және заңды мүдделері. 
Адвокат  –  1)  сотта  қорғаушы,  соттық  істер  бойынша 
өкіл; 2) қандай да бір тұлғаны ауызша немесе жазбаша 
қорғаушы. 
Адвокатура  –  1)  ұйым,  адвокаттар  алқасы;  2)  адвокат 
қызметі. 
Аддендум  –  шартқа  қол  қойған  тараптармен  шартқа, 
соның ішінде, чартерге толықтырулар. 
Адресат  –  өзіне  пошта  жөнелтілімі  немесе  пошталық 
акща аударымы арналған, пошта операторының кызмет 
көрсетуін пайдаланушы. 
Адъюнктура  –  әскери  оқу  орындарында  біліктілігі 
жоғары ғылыми - педагог кадрлар даярлау нысаны. 
Ажан – Франциядағы полиция қызметкері.  
Азамат  –  белгілі  бір  мемлекетке  құқытық  негізде 
тиесілі тұлға. 
Азаматтардың  арыздары  –  азаматтардың  қылмысы 
туралы  арыздары  ауызша  немесе  жазбаша  болуы 

 
13 
мүмкін.  Жазбаша  арызға  оны  бepiп  отырған  адам  қол 
қоюға тиic. 
Азаматтардың  әрекет  кабілеттілігі  –  азаматтың  өз 
әрекеттерімен  азаматтық  құқықтарға  ие  болуға  және 
оны  жүзеге  асыруға,  өзi  үшін  азаматтық  міндеттер 
жасап,  оларды  орындауға  қабілеттілігі  (азаматтық 
әрекет  қабілеттілігі)  кәмелетке  толғанда,  ягни  он  сегіз 
жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. 
Азаматтық 
қоғам 
– 
Конституциялық 
құқық 
теориясындағы  адамның  жалпыға  бірдей  құқықтары 
бекітілетің,  идеологиялық  плюрализмді  қамтамасыз 
ететің, экономикалық және саяси болмыс нысаның еркін  
таңдау кепілдігі берілетің қоғамдық құрылым. 
Азаматтық  қызмет  –  азаматтық  қызметшілердің 
қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің 
міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік 
органдарға  техникалық  қызмет  көрсетуді  жүзеге 
асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 
бағытталған 
лауазымдық 
өкілеттіктерді 
орындау 
жөніндегі кәсіптік қызметі
Азаматтық  қызметші  –  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
тәртіппен 
қазыналық 
кәсіпорындарда,  мемлекеттік  мекемелерде  ақылы 
штаттық  лауазымда  істейтін  және  олардың  міндеттері 
мен  функцияларын  іске  асыру  және  мемлекеттік 
органдарға  техникалық  қызмет  көрсетуді  жүзеге  асыру 

 
14 
мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 
лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам; 
Азаматтардың  құқық  қабілеттілігі  –  Азаматтың 
құқыққа  ие  болып,  міндет  атқару  қабілеті  (азаматтың 
құқық  қабілеттілігі)  барлық  азаматтарда  бірдей  деп 
танылады.  Азаматтық  құқық  қабілеттілігі  ол  туған 
кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. 
Азаматтылық – тұлғаның нақты мемлекеттпен тұрақты 
құқықтық байланысы. 
Азаматтық  (жеке)  құқық  –  нақты  мемлекетке  тиесілі 
екендігіне  байланыссыз  адамға  туылғаннан  тиесілі 
бөлінбейтің  негізгі  құқықтары  мен  бостандықтарының 
жиынтығы. 
Азаматтық-құқықтық  статистика  –  азаматтық-
құқықтық 
саладағы 
азаматтық 
құқықтық 
қатынастардың,  азаматтық  сот  iсін  жүргізудің  және 
атқарушылық 
ic 
жүргізудің 
жай-күйi 
туралы 
мемлекеттік құқықтық статистика саласы. 
Азаматтық  қызмет  –  азаматтық  қызметшілердің, 
қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің 
міндеттepi мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік 
органдарға  техникалық  қызмет  көрсетуді  жүзеге 
асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 
бағытталған 
лауазымдық 
өкілеттіктерді 
орындау 
жөніндегі кәсіптік қызметі. 

 
15 
Азаматтық  қызметші  –  Қазақстан  Республикасы 
заннамасында 
белгіленген 
тәртіппен 
қазыналық 
кәсіпорындарда,  мемлекеттік  мекемелерде  ақылы 
штаттық  лауазымда  істейтін  және  олардың  міндеттері 
мен  функцияларын  іске  асыру  және  мемлекеттік 
органдарға  техникалық  қызмет  көрсетуді  жүзеге  асыру 
мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 
лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам

Азаматтық талапкер – өзіне қатысты тікелей  мүліктік 
залал  келтірілді  деп  ұйғаруға  жеткілікті  негіз  бар  және 
оны  өтеу  туралы  талап  қойған  жеке  және  заңды  тұлға 
азаматтық  талапкер  болып  танылады.  Азаматтық 
талапкер моральдық зиянды мұлікті өтеу үшін де талап 
қоя алады. Прокурор заңдарда көзделген жағдайларда өз 
бастамашылығы  бойынша  жеке  немесе  заңды  тұлғаны 
азаматтық талапкер деп тануға құқылы. 
Азаматтық  хал  aктілepi  –  адамның  құқықтары  мен 
міндеттерінің  пайда  болуына  және  тоқтатылуына 
байланысты  оны  дараландыратын  заңдық  рәсімделген 
мән-жайлар  (туу  туралы  куәлік,  неке  туралы  куәлік 
және т.б.) 
Азаматтық  іс  жүргізу  әрекет  қабілеттілігі  –  сотта 
құқықтарын  өз  іс-әрекеттерімен  жүзеге  асыру  және 
міндеттерін  орындау,  ic  жүргізуді  өкілге  тапсыру 
қабілеттілігі  (азаматтық  ic  жүргізу  әрекет  қабілеттілігі) 
он  сегіз  жасқа  толған  азаматтарда  және  ұйымдарда 
толық көлемде болады. 

 
16 
Азаматтық  іс  жүргізу  құқық  қабілеттілігі  – 
азаматтық  ic  жүргізу  құқықтары  мен  міндеттеріне  ие 
болу  қабілеттілігі  (азаматтық  ic  жүргізу  құқық 
қабілеттілігі)  материалдық  құқық  субъектілері  болып 
табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей 
дәрежеде танылады. 
Аймақ  –  республиканың  бірнеше  елді  мекендері 
енгізілетін,  оның  мүддесі  үшін  құрылатын  және 
басқарылатын республика аумағының 6ip бөлігі. 
Айналым – затты, яки тауарды экспорт, импорт, сатып 
алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу. 
Айналыстағы монеталар – қымбат емес металлдардан 
дайындалған  жеке  қолма-қол  ақша  айналысына 
арналған монеталар. 
Айрықша  құқық  –  1)  патент  иесінің  селекциялық 
жетістігі  өз  қалауы  бойынша  кез  келген  әдіспен 
пайдалануға  мүліктік  құқығы;  2)  автордың  немесе 
сабақтас 
құқықтар 
иеленушінің 
туындыны, 
орындаушылықты, 
қойылымды, 
фонограмманы, 
эфирлік  немесе  кабельдік  хабар  тарату  ұйымдарының 
хабарын; 3) өнеркәсіптік меншік объектілерін өз қалауы 
бойынша  кез  келген  әдіспен  пайдалануға  патент 
иеленушінің мүліктік құқығы; 4) тауар таңбасын немесе 
тауар  шығарылған  жердің  атауын  өз  қалауы  бойынша 
кез  келген  тәсілмен  пайдалануға  оның  иесінің  мүліктік 
құқығы. 

 
17 
Айрықша  емес  құқық  –  «Авторлық  құқық  және 
сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңда  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда,  автордың 
тиісті  рұқсатымен  басқа  адамның  құқық  иесімен  6ipгe 
туындыны пайдалана алатын құқығы. 
Айып 
төлеу 
(айыппұл, 
өcім) 
– 
борышқор 
міндеттемесін 
орындамаған 
немесе 
тиісінше 
орындамаған  ретте,  атап  айтқанда,  орындау  мерзімін 
өткізіп  алған  ретте  несие  6еруші  төлеуге  міндетті 
заңдармен  немесе  шартпен  белгіленген  ақша  сомасы 
айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу 
туралы  талап  бойынша  несие  6ерушi  оған  келтірілген 
залалдарды дәлелдеуге міндетті емес. 
Айыппұл  –  қылмыстық  кодексінде  көзделген  шекте, 
заңмен  белгіленген  және  жаза  тағайындау  сәтіне 
қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі 
6ip  мөлшеріне  сәйкес  келетін  мөлшерде  не  сотталған 
адамның  жалақысының  немесе  ол  қылмыс  жасаған 
сәтіне  белгілі  6ip  кезең  ішінде  өзге  де  табысының 
мөлшерінде тағайындалатын акша өндіріп алу. 
Айырбасталатын  бағалы  қағаз  –  акционерлік 
қоғаммен  шығарылатын  оның  басқа  бағалы    қағазына,  
шығару  талабы  мен  тәртібі  негізінде    айырбасталуға 
жататын бағалы қағазы.   
Академия  –  жоғарғы  кәсіптік  білім  мен  жоғарғы  оқу 
орнынан  кейін  кәсіптік    білім  беру  бағдарламаларын 
іске  асыратын  өндірістік,  ғылыми  және  ғылыми  - 

 
18 
педагогикалық  қызметтің  белгілі  6ip  саласы  үшін 
жоғарғы кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта 
даярлауды 
және 
(немесе) 
олардың 
біліктілігін 
арттыруды  жүзеге  асыратын;  ғылымның  немесе 
мәдениеттің 
көбінесе 
6ip 
саласында 
ғылыми 
зерттеулерді орындайтын жоғарғы оқу орны. 
Акватория  –  табиғи,  жасанды  немесе  шартты 
шекарамен шектелген су кеңістігі. 
Аккредитация  –1)  журналисті  тағайындау  pәciмi  және 
оның  өкілеттігін  мемлекеттік  органның  қоғамдық 
бірлестіктің  және  ұйымның  тануы;  2)  уәкілетті 
мемлекеттік  органның  мемлекеттік  емес  ғылыми 
ұйымның  бюджет  қаражаты  есебінен  Қазақстан 
Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен 
ғылыми  және  ғылыми-техникалық  салада  жұмыстар 
жүргізу құқықтылығын ресми тануы. 
Аккредитациялау – белгіленген біліктілік талаптарына 
сәйкес келетін заңды тұлғаларды асыл тұқымды өнімнің 
(материалдық)  асыл  тұқымдық  құндылығын  анықтау 
бойынша  қызмет  көрсету  жөніндегі  жұмысты  жүзеге 
асыруға  құқылы  болуын  стандарттау,  метрология  және 
сертификаттау 
жөніндегі 
уәкілетті 
мемлекеттік 
органның ресми тануы. 
Аккредитив  –  бір  несие  мекемесінің    (банк  жинак 
кассасы)  екінші  мекемеге  қандай  да  бір  тұлғаға  белгілі 
бір соманы төлеу туралы өкімі бар ақшалы құжат. 
Акт – 1) қылық, әрекет; 2) ресми құжат, жазба, хаттама. 

 
19 
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 
қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы 
деңгейін  қамтамасыз  ету  мақсатында  сақтандыру  және 
кайта  сақтандыру  шарттары  бойынша  міндеттемелер 
мөлшерінің,  сақтандыру  сыйақысы  ставкаларының 
экономикалық-математикалық  есептеулерін  жүргізуге 
байланысты  қызмет  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ, 
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан 
және  жүргізуді  жоспарлап  отырған  сақтандыру 
түрлерінің  пайдалылығы  мен  кірістілігін  бағалауды 
жүргізетін,  уәкілетті  органның  лицензиясы  бар  жеке 
тұлға. 
Акцепт  –  1)  оферта  жолданған  жақтың  оны 
қабылдағаны  туралы  жауабы;  2)  вексель  төлеміне 
берілетін жазбаша келісім. 
Акциз маркасы – қорғау элементтері бар, заңға сәйкес 
өлшем бірлігіне бастырылатын марка. 
Акционер  –  акцияның  меншік  иеci  болып  табылатын 
адам. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал