Қазақ тілінің анықТАҒышы



жүктеу 4.78 Mb.

бет1/47
Дата14.02.2017
өлшемі4.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Рәбиға СЫЗДЫҚ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АНЫҚТАҒЫШЫ

(емле, тыныс белгілері, сөз сазы)

А Л Ғ Ы   С Ө З

Адамдар   айтайын   деген   ойын   бір-біріне   ауызша  да,  жазба   түрде   де

жеткізе   алады,  орфография  немесе   емле,   дұрыс   жазу   қағидаларын

белгілейді.   Ал   дұрыс   жазу   нормаларының   көздейтін   негізгі  мақсаты  –

айтылмақ ойды жазба түрде дәл, айқын жеткізіп беру. Әдетте жазу жалпыға

ортақ   болғандықтан,   оның   ережелері   де   көпшілікке  бірдей   болып,   қалың

жұртшылықтың   пайдалануына   арналады.   Сондықтан   емле   ережелері   әрі

ортақ, әрі тұрақты болуға тиіс.

Емле   ережелерінің   тиянақсыздығы   жазатын   адамға   үлкен   қиындық

келтіреді. Белгілі бір сөздер мен сез тіркестерінің жазылуы бір ізге түспеген

болса, ең сауатты адамның өзі толқып, қиналады. Басылып шыққан кітап,

газет, журналдар дұрыс жазудың бірден-бір көзі әрі үлгісі болуға тиіс және

сауатты жазуға алғашқы бастап үйрететін орын мектеп болғандықтан, бұл

қиындыққа   әсіресе  баспа  қызметкерлері   мен   мектеп   мұғалімдері   кездесіп

отырады.

Сондықтан 1960 жылы баспа қызметкерлері мен мұғалімдерге арналып

қазақ   тілі   емлесі   мен   тыныс   белгілері   ережелерін   бір   жерге   жинақтап

баяндайтын   тұңғыш   анықтағыш   шыққан   болатын.   Оның   өңделіп,

толықтырылған   екінші   басылымы   1974   жылы   жарық   көрді.   Алғашқы

басылымдардың   екеуінде   де   “Анықтағыш”   Қазақ   КСР   Жоғарғы   Кеңесі

Президиумы  1957  жылы  маусымның   5-інде   бекіткен   “Қазақ   тілі

орфографиясының   негізгі   ережелерін”   басшылыққа   алып   жазылған

болатын. Екінші  басылымы  шыққаннан кейінгі жиырма жылдай уақыттың

ішінде қазақ емле ережелерінің жаңа редакциясы (түзетілген түрі) жасалып,

бұрынғы қағидалар біраз өңделген болатын. Соған сәйкес емле ережелерінің

жаңа   редакциясы   түзіліп,   ол  да  Жоғарғы   Кеңес   Президиумының   1983

жылғы   тамыздың   25-індегі   Жарлығымен   бекітілген   еді.   Мұнда   бірқатар

қағидалар айқындала түсті, біріккен сөздердің жазылуын реттейтін баптар

қосылды.   Әсіресе   ғылым   мен   техниканың   әр   алуан   саласына   қатысты

терминдік мағынаға ие болған сөз тіркестерінің қосылып жазылатындығы

баса  көрсетілді.   “Екі   түбірден   құралып,  техника,  шаруашылық,   тұрмыс,

мәдениет,  өнер, спорт  сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым

атаулары   мен   мамандық,   кәсіп,   қызмет   иелерін   атайтын   сөздер   бірігіп

жазылады”   деген   ереже   заңдандырылды.   Кісі   аттарының   емлесіне   де

ескертулер   қосылды:   екінші   сыңары  қ , к дыбыстарынан   басталатын

есімдердің естілуінше жазылатыны айтылды. Бұл өзгеріс, жаңалықтардың

әрқайсысы өзіне тиісті ережелер ішіне енгізіліп, толық көрсетілді. Осыған

байланысты   едәуір   жаңа   баптар   (параграфтар)   қосылды.   Бұрынғы

ережелердің   бірқатары   толықтырылып   немесе   ықшамдалып   жөнделді,

мысалдары сұрыпталды.

“Анықтағыштың” осындай жаңалықтар мен түзетулер енгізіліп едәуір

толықтырылған   3-басылымы   “Емле   және   тыныс   белгілері”   деген   жаңа



атауымен 1996 жылы жарық көрді.

Бұл анықтағыш құралдың 4-басылымын ұсынып отырмыз. Мұнда да 3-

басылыммен екі арада өткен соңғы 4-5 жылда болып жатқан түзетулер мен

жаңалықтар   ескерілді,   сөздік  материалы  едәуір   толықтырылды.   Бірақ

негізінен   3-басылым   құрылымы   мен   баяндалуы   жағынан   көп   өзгеріссіз

қайта ұсынылып отыр.

Басылымдардың барлығында  да  қосымша ретінде шағын емле сөздігі

беріліп келеді. Оның өзге орфографиялық сөздіктерден айырмасы – мұнда

сөз тіркестері реестр (жеке сөзтізбе) ретінде ұсынылады (қазақ тілінің толық

орфографиялық   сөздігінде   немесе   мектепке   арналған   емле   сөздіктерінде

құрамындағы   сөздер   бір-бірінен   бөлек   жазылатын   тіркестер   сөзтізбеге

шығарылмай,   ұяда   беріледі).   Оның  үстіне,   мұнда   өзге  емле  сөздіктерінде

орын алмаған кейбір көне, жаңа, жергілікті сөздер мен сирек жұмсалатын

тұлғалар   қамтылды.   Бұлай   болу   себебі   біз   ұсынып   отырған   сөздіктің   әрі

нормалайтын   сипатта   болуына,   әрі   кең   түрде   қолданылатындығына

байланысты.

Сондай-ақ   біздің   сөздігіміз   бен   1988   жылы   шыққан   “Қазақ   тілінің

орфографиялық   сөздігінің”   арасында   кірме   сездер   мен   күрделі   сөздердің

жазылуында   өзгешелік   барын   ескертеміз,   яғни   бұрын   бөлек   жазылып

берілген аң-құс, өсімдіктердің күрделі атаулары және терминдік сипатқа ие

болған   күрделі   сөздер   қосылып   жазылды   және   бұрын  завод,   товар  деп

орысша   тұлғасында   жазылып   келген   бес-он   сөз   қазақша   қалыптасуынша



зауыт, тауар деген сияқты тұлғаларда берілді. Бұған тілімізге ертеден еніп,

сөйлеу   дағдымызда   қазақша   қалыптасқан   сөздерді   мүмкіндігінше   сол

қалпында   сақтау   бағыты   негіз   болып   отыр.   Айталық,  тауар   –  түркі

тілдерінің өз сөзі,  о баста  бұл сөз  тауар/туар  тұлғасында көптеген түркі

тілдерінде   жалпы  “мал”,  “ірі  мал”  және   “мүлік”   мағыналарында

қолданылған.   Тіпті   қазақ   тілінің   өзінде  туар   қара  тіркесі   “жылқы”

мағынасында   жұмсалғандығын   ертеректегі   жазба   ескерткіштеріміздің   тілі

(мысалы, ХҮІ ғасырдағы жалайырдан шыққан Қадырғали бидің шежіресі)

көрсетеді.   Демек,   кейінгі   замандарда   орыс   тілінен   қайырып   алып,   сәл

өзгеше   мағынада   жұмсап  келген  товар  сөзін  тауар  деп   қазақша   айтып,

қазақы түрде жазуға әбден болады. Сол сияқты завод деген нағыз орыс сөзі

болғанмен, өткен ғасырда қазақ жерінде көріне бастаған қарапайым өндіріс

орындарын халқымыз  зауыт  деп атағанын білеміз.  Мысалы,  ондаған ғана

адам істейтін тері илейтін орынды қазақтар тері зауыты деп те атай берген.

Бірді-екілі кейбір тұрмыстық сөздерді де емле ережелерімізде бар қағидаға

сүйеніп,   қазақыланған   тұлғада   жазуға   болар.   Бірақ   бұл   орайда   қатты

ескертетін   жайт   –   ресми   түрде   қабылданған,   бекітілген,   демек,   күшін

жоймаған   емле   ережелерімізді   пайдаланып   отырған   бұл   күндерде   әйтеуір

қазақылауға болады екен деп, жеке сөздерді әркім (әр баспа, әр редакция, әр

автор)  өз қалауымен өзгертіп жаза беруге мүлде болмайды. Мұндай әрекет

жазу мәдениетімізде аяқ алып жүргісіз бейберекеттікті (хаосты) туғызады.

Әлде де бірқатар сөздерді қазақша тұлғалауға болатындығын сезгенімізбен,

әуелі олардың өзгертілген (қазақшаланған) түрлерін заңдастырып алғаннан


кейін,   яғни   ғылыми   әрі   практикалық   тұрғыдан   дәлелденіп,   мақұлданған,

көпшілік   қолданысына   ресми   түрде   міндеттелген   күннен   кейін   ғана   сол

“қазақы” тұлғаларды жазуға болады.

Емле ережелері мейлінше жинақы болып, қысқа қайырылатындықтан,

көбінесе   оларда   көрсетілген   жазу   заңдылықтарының   дәлелдері   кеңінен

айтыла бермейді. Мұндай түсіндірмелерді осы кітаптың “Кіріспе” бөлімінің

“Қазақ емлесінің кейбір мәселелері жайында” деген тұсынан оқып білуге

болады.  Сондай-ақ   осы   жерде  есеп//хисап,   ертегі//ертек,   шайтан//сайтан

сияқты бірқатар жарыспалы тұлғалардың емле сөздіктеріңде қатар орын алу

себептері   және   қазіргі   қазақ   әдеби   тіліндегі   варианттар   (жарыспалылық)

жайы түсіндіріледі.

Бұл құралды пайдаланушыларға алдын ала ескерте айтатын бір мәселе

– мұнда  емле мен  тыныс белгілері ережелерін баяндау барысында орысша

терминдердің жиірек қолданылғаны  жайында. Мысалы,  күрделі сөздердің,

сөз   тіркестерінің,   құрмалас   сөйлемдердің   құрамды   бөліктерін   көбінесе

“компонент” деп атап отырдық, өйткені бұл ұғымды білдіруге “сыңар” сөзі

жақын   келгенмен,   ол  барлық   жерде   дәл   түсе   бермейді:  сыңар  деп   әдетте

бірдей,   тең   екі   нәрсенің   біреуін   айтамыз,   сыңар   –   егіздің   біреуі,  ал

компонент – екі не одан да көп күрделі нәрсені құрайтын бөлік.

Сөздердің   қосылып  не  бөлек   жазылатын   сәттерін   көрсеткен   кейбір

мысалдардың   орысша   баламасын   жақша   ішінде   беріп   отырдық,   ондағы

көздеген   мақсатымыз   екі   тілдегі   біріккен  не  күрделі   сөздердің   жазылуы

әрдайым бірдей еместігін көрсету болды. Күні бүгінге дейін әсіресе аударма

әдебиетте,   баспасөз   беттерінде  орысша  баламасына   қарап   бір   типтегі

(сипаттағы)   сөздердің   бірін   қосып   (мысалы:  аяқкиім  –  обувь),  екіншісін

бөлек (бас киім – головной убор) жазушылық жиі кездеседі.

“Анықтағыштың” соңғы басылымдарымен екі аралықта  өткен мерзім

ішінде   жазу   тәжірибеміз   бен   табыстарымыз,   емле   ережелеріне  қатысты

баспасөз беттерінде айтылған сын пікірлер мен ұсыныстар еске алынды. Ал

кейінгі жылдарда қазақ емлесіне және 1988 жылы шыққан “Қазақ тілінің

орфографиялық   сөздігіне”   қатысты   айтылған   пікірлер   мен   ұсыныстар,

сондай-ақ әрбір  редакция,  әрбір  автор  өз қалауынша жасап жатқан емлелік

“түзетулердің”   барлығы   бірдей   ескерілген   жоқ   (мысалы,  үніберситет,

белесипет, мүйнөт, секөнт  деп жазулар сияқты). Үкімет тарапынан ресми

түрде   бекітілген   емле   ережелеріне   жасалатын   өзгерістер   көпшілік

(ғалымдар,   баспагерлер,   мұғалімдер   т.б.)   болып   келісе   отырып,   әбден

дәлелденіп,   енгізілгенше   және   олар   заңды   түрде   қабылданып,   баршаға

бірдей   қолдану   міндеттілігі   жүктелгенше,   Қазақ   КСР   Жоғарғы   Кеңесінің

Президиумы  1983 жылғы тамыздың 25-індегі қаулысында бекіткен “Қазақ

орфографиясының негізгі ережелерінің” түзетілген редакциясы күшінде деп

есептеліп, “Анықтағыштың” бұл басылымы сол ережелер бойынша түзілді.

Алдағы   уақытта   қазақ   емле   ережелерінің   кейбір   баптарына   өзгеріс

енетіндей   болса,   ол   күнде   баспа   бетінде   немесе   жеке   нұсқау   түрінде

ұсынылып, “Анықтағыштың” қай  бабы (параграфы)  қалайша қолданылуға

тиіс   болатындығы   көрсетіледі.   Ондай   түзетулер   бұл   құралды   түгелімен



өзгертіп, кәдеге асырмай тастауы мүмкін емес, сондықтан “Анықтағышты”

күнделікті жазу тәжірибемізде пайдалану жүзеге аса бермек.

Ал   бүгінде   сөз   болып   жатқан   жазу   түрін   (графиканы)   өзгерту

мәселесіне   байланысты   проблемалар   шешіліп,   басқа   жазуға,   айталық

латынға көшетіндей болған күннің өзінде де қазіргі жазу тәртібіміз әлі де

бірнеше   жылдар   қолданылатындығын   ескеруіміз   керек.   Осы   тұрғыдан

қарағанда  да  қалың   жұртшылықтың   жазу   мәдениетін   көтеретін   осы

“Анықтағыш” сияқты құралдар қажет бола бермек.

“Қазақ тілінің анықтағышы” деп жалпы атпен ұсынылған бұл кітапта

емле ережелері, тыныс белгілерін қою қағидалары, ауызша сөйлеу үстінде

сөздерді   дұрыс   дыбыстау   (айту)   заңдылықтары   бір   жерге   жинақталып

беріліп отыр, яғни бұрын жарияланып келген “Емле және тыныс белгілері”

(“Рауан”,   1996)   атты   кітапқа   “Сөз   сазы”   (“Санат”,   1995)   атты   құрал

қосылды.   Мұнда  сауатты   жазу   мен  сөзді   дұрыс   айту   нормалары   ереже

түрінде баяндалып қана қоймайды, ол ережелер түсіндіріліп, мысалдармен

дәлелденеді,   тіпті  жаттығу  жұмыстары   мен  шағын   орфографиялық  сөздік

беріледі. Сондай-ақ “Қосымша” ретінде бас әріппен жазылатын сөздер мен

сөз   тіркестерінің:   жалқы   есімдердің,   мекеме,   ұйым,   қозғалыс,   ағым

сияқтылардың   күрделі   атауларының   тізімі  алфавит  тәртібімен   берілді.

“Қосымша” материалды дайындаған – Қаныгүл Жаманбаева.



К I Р I С П Е

1. Қазақ орфографиясының принциптері жөнінде

Көптеген   тілдердің   емле   заңдарына   көбінесе   үш-төрт   түрлі  принцип

негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-

дәстүрлік т.б. принциптер.

М о р ф о л о г и я л ы қ   п р и н ц и п бойынша   сөз   бөлшектерінің

түбір тұлғалары сақталып жазылады. Ф о н е м а т и к а л ы қ   п р и н ц и п к е

дыбыстардың   бір   сөз   ішіндегі  немесе  сөз   аралықтарындағы   бір-біріне

тигізетін   әсерлері   ескерілмей,   негізгі   фонемалық   түрі   (мәні)   сақталып

жазылуы   жатады.  Ф о н е т и к а л ы қ   п р и н ц и п   б о й ы н ш а   сөз

бөлшектерінің   дыбыстық   өзгеріске   ұшырауы   есепке   алынып,   олар

айтылуынша (естілуінше) жазылады. Т а р и х и - д ә с т ү р л і к   п р и н ц и п

бойынша  жазу   сөз   бөлшектерінің   түбір   тұлғасын   сақтау   ережесіне   де,

естілуінше   жазу   ережесіне   де   сай   келмейді,   мұнда   сөздердің   бір   кездегі

қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі негізгі,

басым  принцип   болады.  Сонымен   қатар   осы   тілде   емле   принциптерінің

қалған түрлері де орын ала алады.

Қазақ   орфографиясының   негізі   морфологиялық-фонематикалық   және

фонетикалық принциптерге сүйенеді.

Қазақ   тіліндегі   сөздер   мен   сөз   бөлшектерінің   (түбір,   жалғау,

жұрнақтарының)   басым   көпшілігінің   түпкі   тұлғасы   сақталып  жазылады.

Мысалы,  жұмыс,   іс,   аш  деген   түбірлерге  -шы,   -шең,   -са  қосымшалары

жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы)  жұмұшшы, ішшең, ашша  болады.

Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан және қосымшалар -шы,



-шең, -са болғандықтан, әрқайсысының түбір тұлғасы сақталып, жұмысшы,

ісшең,   ашса  түрінде  жазылады.  Сондай-ақ  қашанғы,   түнгі,   күнге  деген

сөздердің   естілуі  қашаңғы,   түңгү,   күңгө  болады.  Бірақ   бұлардың

айтылуындағы (естілуіндегі) фонемалардың (дыбыстардың) қосалқы реңкі

есепке   алынбай,   сөз   бөлшектерінің   түпкі   тұлғалары   сақталып,

фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады  да,  қашанғы, түнгі, күнге  болып

жазылады.  Бұл   ереже   емленің   фонематикалық   принципінің   қолданылуын

танытады.   Қазақ  орфографиясында  фонематикалық  принцип   пен

морфологиялық   принциптердің   тоғысып   кететін   сәттері   жиі   кездеседі.

Мысалы,   біріккен   сөздер   мен   қос   сөздер   де,   негізінен,   әр   компонентінің

жеке   тұлғасын   сақтап  жазылады,  олардың   арасындағы   дыбыстардың

айтылуда   бір-біріне   ететін   әсері   ескерілмейді.   Айталық,  қара  +  құйрық

(жануар), жар қабақ, орын + басар, алма + кезек, көзбе +көз, қиян + кескі

деген   сөздер   біріккенде  не  қосарланғанда,   айтылуы   (естілуі)  қарағұйрұқ,

жарғабақ, орұмбасар, алмагезек, көзбөгөз, кияңгескі  болады, бірақ әр сөздің

түбір тұлғасы сақталып қарақұйрұқ, жарқабақ, орынбасар, алма-кезек, көзбе-



көз,   киян-кескі  түрінде  жазылады.  Бұл   әрі   фонематикалық,   әрі

морфологиялық принциптердің қабаттаса қолданылуы болып табылады.



Қазақ   орфографиясында   фонетикалық

 принцип   те

 кеңінен

қолданылады. Ол мынадай тұстарда көрінеді:

1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ

жұрнақтардың   көпшілігі   сөздің   соңғы   буынының   жуан-жіңішке   әуеніне

қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала +лар, көше

+лер, ат  + тар, ит +  тер, қаз +  дар, із + дер; қала+  ның, көше  + нің, ат  +

тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қаламым, дәптер + ім, әнші + мін, оқушы

+ мын. Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.

2) Қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған

қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстар ұяң естіледі (айтылады): кітап + ым

– кітабым, тарақ  +  ы – тарағы, күрек  +  ің – күрегің.  Мұндай жағдайда  да

сөздің   түбірі   сақталмай,   естілуінше   ұяң   дыбыс   әрпі  жазылады:  кітабым,



тарағы, күрегің. Бұл да – фонетикалық принцип бойынша жазу.

3) Қазақ тілінде п дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің – ып, –



іп  жұрнақтары   жалғанғанда,   қос  п  дыбысы   қатар   айтылмай   немесе

алдыңғысы ұяңдамай, түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналып кетеді

және сол өзгеруінше жазылады: кеп + іп – кеуіп (кепіп, кебіп емес), тап + ып

–  тауып   (тапып,   табып  емес).   Ал  пы,   пі  дыбыстарына  аяқталатын

етістіктерге  п  жұрнағы   жалғанғанда,   алдыңғы   ережеге   бағынбай,   екі  п

дыбысы  араларына  ы,   і  дауыстыларын   салып,   қатар   естіледі   және

естілуінше жазылады: күпі + п – күпіп, лепі + п – лепіп (отыр).

4) Бірқатар біріккен сөздер әр компонентінің түбір тұлғасын сақтамай,

естілуінше  жазылады:  белбеу  (бел+бау),  қолғабыс  (қол+қабыс),  қолғап

(қол+қап),  бүгін  (бұл+күн), биыл  (бұл+жыл), екіншігәрі (екіншіден әрі). Бұл

тәрізді   фонетикалық   принциппен   жазылатын   біріккен   сөздердің  саны,

морфологиялық  принциппен  жазылатындарына   қарағанда,   әлдеқайда   аз.

Олар орфографиялық сөздіктерде беріледі. Сондықтан кез келген біріккен

сөзді естілуінше жазудан сақ болу керек.

5)  Орыс  тілінен  ертеректе  еніп,  дыбысталуы  жағынан   өзгеріп   кеткен

бірқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады:



самаурын  (самовар  емес),  пәуеске  (повозка  емес),  шайнек  (чайник   емес),

божы  (вожжи   емес),  болыс  (волость,   волостной   управитель   емес),  шөген

(ыдыс, чугун емес).

6)   Араб-парсы  тілдерінен  енген   сөздер  қазақ   тілінің  фонетикалық

заңдылықтарына   қарай  өзгерген  күйінде,  айтылуынша   жазылады:  әділ

(‘адл),  пайда  (файда),  ақпар  (әхбар),  ақыр  (ахир),  қайран  (хэйран),  қате

(хәта), дүние (дүнийа), нәпсі (нәфс), өсиет (уасийәт), ауа (һауа), әлек (һәлак),



мазақ  (мәзх).   Мұндағы   жақша   ішінде   көрсетілгендер   –   бұл   сөздердің

арабша-парсыша   транскрипциясы   (яғни   сөздердің   өз   жазуымызбен   сол

тілдегі айтылуының көрсетілуі).

Тарихи-дәстүрлік принципке орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге

тілдерден енген сөздердің қазақша  айтылуынша емес, орыс  орфографиясы

бойынша   жазылуы   жатады:  спорт,   стадион,   алгебра,   физика,   химия,



геометрия,   банк,   биржа,   съезд,   фестиваль,   кандидат,   доктор,   капитал,

кальций, авиация, авианосец, акционер. Бірақ бұларға қазақ тілі қосымшалары

фонетикалық-морфологиялық  принциппен  жалғанады,   яғни   сөздің   соңғы

буынының жуан-жіңішкелігі, сөз соңындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы

(бұл   сөзге   дауысты   дыбыстан   басталатын   қосымша   жалғанған   күнде),

дәнекер  ы,   і  дыбыстарына   иек   артуы   сияқты   құбылыстар   орын   алады:



акцио-нер + лік, кон-церн+дер, репор-таж+ы дегендерде кірме сөздің соңғы

буындарына   қарай   бірде   жуан,   бірде   жіңішке   қосымшалар   жалғанған,  ал



банк, фонд  сияқты сөздерге қазақ  қосымшалары  ы, і  дәнекерлері  арқылы

қосылады: банкі + ге, банкі + ден, фонд + ы + сы, фонд + ы + ға.

Араб пен парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерді х, һ әріптері арқылы

жазу да  дәстүрлік  принципке  сүйенеді:  хат,  халық, хабар, хал,  хан,  -хана,



гауһар,   жиһан,   қаһарман.  Бұлайша   таңбалау   1940   жылы   қазақ   тілінің

кириллицаға негізделген жаңа жазуы мен жаңа емле ережелері қабылданған

кезде көрсетілді де, содан бергі мерзім ішінде осылайша таңбалау дәстүрге

айналды.


2. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері жайында

Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:

1) кейбір дыбыстардың жазылуы;

2) түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;

3) сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;

4) шылаулар мен одағайлардын жазылуы;

5) бас әріптердің қолданылуы;

6) сөздерді тасымалдау.

Қазақ   тілі   орфографиясында   д  а   у  ы  с  т   ы,   д  а   у  ы  с   с  ы   з

д ы б ы с т а р д ы ң  жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. 

Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен

жазыла   береді.   тәжірибеде   бірсыпыра   қиындық   келтіріп   жүрген   тұстар   –

дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптер мен дауыссыз х, сонор

й, у дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі.

Ә әрпі орфографиялық ереже бойынша көбінесе сөздің екінші, үшінші,

соңғы   буындарында   жазылмайды,   бірақ   алдыңғы   буындағы   жіңішке

дауыстының   әсерімен   келесі   буындағы   жуан  а  дыбысы  ә  болып   жіңішке

айтылатын (естілетін) сәттерде қай әріпті жазу қиындық келтіреді. Мысалы,



тәкаппар, кітап  сияқты сөздерді  тәкәббар, кітәп  деп те  айтамыз  (немесе

оқимыз).   Әдетте  орфография  (сөздерді   дұрыс  жазу)  нормалары  мен

орфоэпия  (сөздерді дұрыс айту)  нормалары  барлық сәттерде бір-біріне сай

түсе   бермейді.   Әсіресе   бұл   –   сөздерді   сөйлем   ішінде   қолданғанда,   яғни

сөйлеу үстінде айқын көрінеді.

Орфоэпия   нормалары   бойынша  жеке  сөздер   немесе   сөйлем  ішіндегі

сөздер әрдайым жазылуынша айтылмайды, олар бір-бірімен үндескен, тілдің

фонетикалық   заңдарына   бағынған,   “сынған”   күйінде   айтылады.   Осы

себептен барлық сөзді естілуінше жазу қандай қате болса, жазылуынша айту

(дыбыстау,   оқу)   сондай   өрескелдік   болар   еді.  Мысалы,  көгалагөйлөкті



ұзұнғыз   бізгеғарай   жалтпұрұлт  деген   сөйлемді   осылай   естілуінше

(айтылуынша) жазу қандай ыңғайсыз болса, көк ала көйлекті ұзын қыз бізге



қарай   жалт   бұрылды  деп  жазылуынша   айту  (оқу)  да   сондай  сәтсіздік

болмақ.

Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де сөз басында келген ж, ш

дыбыстары   (бір   буынды   сөздерде)   мен   үнді   (сонор)  й  дыбысының

аралығында  а  дыбысы  тұрса,  ж,  ш  дыбыстарының   өздері   де   жіңішкеріп,

дауысты  дыбысты  да  жіңішкертіп жіберетін қасиетін ғалымдар әлдеқашан

байқаған-ды.  Мысалы,  қосымшасыз   жеке   айтылғанда  жәй,   шәй  болып

естілетін сөздер бар. Ал бұларға жалғау- жұрнақтар жалғанғанда, олар жуан

қосымшаларды қабылдайды: жайыңа отыр (жәйіңе отыр емес), жайсыз тиді

(жәйсіз тиді емес), жайғасу (жәйгесу емес), жайлау (жәйлеу емес), жайша

жүру   (жәйше  жүру   емес),  жайылым   (жәйілім  емес),  жайырақ   (жәйірек

емес) т.т. Сондай-ақ  шайға  кел (шәйге  кел емес),  шайсыз  қалу (шәйсіз  қалу

емес).   Сондықтан   жеке   келгенде   де,   қосымшалармен   қолданылғанда  да,



жай, шай сөздерінде жуан а әрпі жазылады.

Ә  әрпінің   түбір   сөздің   екінші   буынында   жазылатын   сәттері   де   бар.

Бұлар   жалпы   ережеден   ауытқитын,   сондықтан   ескертуде   көрсетілетін

сөздер. Мысалы,  ә  әрпі  сірә, куә, куәлік, күнә, күмән, іңкәр  сияқты санаулы

сөздердің   екінші

 буынында   жазылады

 (бұлардың   толық   тізімі

орфографиялық сөздіктерде беріледі).

Ы,   і  әріптерінің   қолданылуында  да  біраз   қиындықтар   бар.   Мысалы,

олардың   сөз   ортасында   жазылатын  не  жазылмайтын;   кейбір   сөздерді

тәуелдегенде,   түсіп   қалатын  не  түсіп   қалмайтын;   сөз   басында  р,   л

дыбыстарынан   бұрын  жазылатын   не   жазылмайтын  орындарын   жете

анықтап алу қажет болады.

Сөз ортасында не соңында келген екі дауыссыздың арасына қысаң ы, і

дауыстыларын   салмай,   шұғыл   айтылуы   мен   араларына  ы,   і  дыбыстарын

қатыстырып   және   соларды   анық   қосып   айту   жазуға  да  әсерін   тигізеді.

Мысалы,  жарқ-жұрқ  етті   дегендегі  жарқ  деген   сөздің   айтылуы   мен

Шамның сәулесі жарық екен дегендегі жарық сөзінің айтылуы бірдей емес.

Алдыңғысының   соңғы   екі   дауыссызы   кілт,   шұғыл   айтылса,   соңғыда  р

дыбысы созылыңқы айтылады. Осы құбылыс жазуда да ерекшеленіп, жарқ-

жұрқ  дегенді  ы  әрпінсіз   жазамыз  да,  сәуле  беру  мағынасындағы  жарық

сөзін  ы  әрпімен жазамыз.Осы сияқты  жапырақ, қоңырау, мағына, құбылыс,



үкімет  деген   сөздердің   орталарындағы   дауыссыздар   кілт,   шұғыл

айтылмайтындықтан,  араларына  ы,   і  әріптері   қойылып   жазылады.  Тек

жазылуы  қалыптасып   кеткен  яғни,   сахна  сияқты   санаулы   сөздер   ғана

ортасына  ы, і  әріптерін салмай, екі буын болып таңбаланады. Бұларды  да

орфографиялық сөздіктерден қарап жазу керек.

Сөздің соңғы буынындағы екі дауыссыздың арасындағы ы, і әріптерінің

жазылуы  немесе   түсірілуі   белгілі   бір   грамматикалық   құбылысқа

байланысты.   Көптеген   тілдерде   сөз   тұлғасы   өзгергенде,   кейбір   дауысты

дыбыстардың   сусып   түсіп   қалу   құбылысы   бар.   Қазақ   тілінде   де   соңғы

буындарында  ы,   і  қысаң   дыбыстары   бар   бірқатар   сөздерді   тәуелдегенде,

олардағы соңғы қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады:  халық + ы – халқы,

көрік + і – көркі (ажары), ерік + і – еркі. Бұл заңдылық ы, і дыбыстарының

үнді   (сонор)  р,  л  дыбыстары   мен  қатаң  қ,  к  дыбыстарының   аралығында



келген   жағдайында   ғана   байқалады.   Ал   қалған   сәттерде   соңғы   буындағы

қысаң дыбыстар сусымайды, сақталып айтылады және жазылады: киім + і –



киімі, құлын + ы – құлыны, ойын + ы – ойыны, бұрым + ы – бұрымы.

Соңғы   буынында  ы,   і  дыбыстары   бар  түбір   етістіктерге   (мұнда  да

көбінесе р, л сонорлары мен қ, к қатаң дауыссыздардың аралығында келген

ы,   і  дыбыстары   бар   сөздерге)  дауыстыдан   басталатын   жұрнақтар

жалғанғанда, қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады, бұл заңдылық жазуда да

орын алады:  үрік  +  ек  –  үркек, бұйыр  +  ық – бұйрық, қорық  +  ақ – қорқақ,

қорық + атын – қорқатын, қорық + ыныш – қорқыныш т.т.

Сондай-ақ кейбір зат есім,  сын  есімдерге көбінесе  а, е  сияқты ашық

дауыстыдан   басталатын  қосымшалар   жалғанғанда,   соңғы   буындарындағы

ы,   і  дыбыстары  түсіріліп  айтылады  және  жазылады:  орын  +  а  – орнады

(орынады  емес),  ойын  +  а –  ойнады (ойынады  емес),  жиын  +  а  +  лыс   –

жиналыс (жиыналыс емес), ерінеу – ернеу (ерінеу емес), қырық + ыншы –

қырқыншы (қырықыншы емес) т.т.

Р дыбысынан басталатын бірқатар сөздердің басында (р әрпінен бұрын)

ы,  і  әріптері  жазылады да,  бірқатарында  жазылмайды.  Бұл сөздердің  саны

аса көп емес, сондықтан сөздіктен қарап жазуға болады. Дегенмен бұларды

ажырататын   белгілердің   бірі   мынадай:   егер   сөз   басындағы  р  дыбысынан

кейін қысаң ы, і дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, сөз басында ы, і

әріптері жазылмайды: рас, рай, рақмет, ресми, рәсім, рең, рет, риза, рия, ру,

рұқсат, рәсуа.  Ал  р  дыбысынан  кейін  ы,  і  қысаң дауыстылары келсе, олар

сөз басында да жазылады: ырым, ырыс, ырық, ірі, іріту, ырылдау т.б.

Түбір сөздің басындағы л дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, сөз

басында ы, і әріптері жазылмайды (ілім деген сөзден басқасында); лақ, лаж,



лас, лай, лезде, лек-лек, леп, леген, лоблу, лоқсу, лық (толды). Бұл ережеге қарап

ілу, ілесу, іле-шала дегендердің жазылуын шатастырмау керек: бұл сөздердің

түбірі іл болғандықтан, сөз басында да і әрпі сақталады.

И әрпі кірме сөздердегі жалаң и дыбысымен қатар (кино, икс, философ),

ій, ый қосар дыбыстарын да таңбалайды. Жінішке айтылатын и-дің алдынан



і  әрпін жазбау қазақ емлесінде бірсыпыра қалыптасып, орнықты:  би, тиек,

киім, биік, имек, ирек, иіс, ине. Сондай-ақ и дыбысының жуан айтылған түрі

де (ый) жалаң и әрпімен таңбаланады: бидай, диқан, риза, қария, иық, дария,



кағида, қиын, сиыр, Сағира, Қалима.

Ій, ый дыбыстарын жалаң и-мен, сол сияқты үу, ұу дыбыстарын жалаң



у таңбасымен беру оқыту ісінде, мысалы, сөздерді буынға бөлуде қиындық

келтіретіні   айтылып   жүр.   Тіл   табиғатына  қарасақ,  қиын,   қиық,   қуыс,   гуіл

деген   сөздер   дұрысында  қы-йын, қы-йық, құ-уыс, гү-уіл  болып   буындалуы

керек, ал қазір жазылуына қарап шартты түрде қи-ын, қи-ық, қу-ыс, гу-іл деп

буындап, соған қарай тасымалдап жүрміз.

Ый  қосар   әріптері  тек  тый, сый  деген   сөздерде   ғана   (олардың   түбір

тұлғасында  да,  қосымшалы   түрінде   де)   жазылатынын   негізгі   ережеден

ауытқу ретінде есте тұту керек:  сый, сыйлық, сыйлау, сыю, сыяды, сыйды;



тый, тыю, тыйылды т.т.

Дауыссыздардың   ішінде  х  әрпінің   қазақ   сөздерінде   (негізінен  араб,



парсы  тілдерінен енген  сөздерде) жазылуына  өте ұқыпты қарау  керек. Не

морфологиялық,  не  фонетикалык   принципке   сай   келмесе   де,   бірсыпыра

сөздерде х әрпі жазылып, дәстүрге айналып кетті: хат, хабар, халық, мұхит,

сахна, -хана.  Оларды сөздіктен қарап жазуға болады. Ерекше  есте болатын

жағдай– араб, парсы тілдерінен енген көптеген сөздерде х әрпін жазудан сақ

болу керек. Бақыт, құрмет, қатер тәрізді сөздерді бахыт, хұрмет, хатер деп

жазу   түпнұсқаға   жуық   келгенмен,   қазақ   емлесінде   қалыптаспағандығын

білу қажет. X әрпі қазақ тіліндегі жалпы есімдерден гөрі, жалқы есімдерде

(адам   аттарында)   жиірек   қолданылады:  Мұхтар,  Ахмет,   Хамит,  Халел,



Хафиза, Райхан т.б.

Қ о с ы м ш а л а р д ы ң   жазылуында  да  мына   мәселелерге   көңіл

аударуға  болады.  Қазақ   тілінде   қосымшалар,   негізінен,   үндестік   заңы

бойынша жалғанады. Қосымшаның жуан не жіңішке жалғануына келгенде,

түбірдің соңғы буынындағы дауыстының жуан-жіңішкелігі ескеріледі:  кі -

тап + тың, мұға - лім + нің, ки - но + ға, те - атр +ға. Бірақ қосымшалардың

буын үндестігінен ауытқып жалғанатын тұстары да бар. Мұндайда қосымша

сөздің   соңғы   буынындағы   дауысты   дыбыстың   жуан-жіңішкелігіне   қарай

емес,   соңғы   дауыссыз   дыбыстың  (не  дыбыстардың)   жуан-жіңішкелігіне

қарай   жалғанады.   Бұл   құбылыс   әсіресе   орыс   тілі   арқылы   енген   сөздерге

қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда айқын байқалады.  Мысалы,  руль, ось

деген  сөздердегі  дауыстылар   жуан  болғанмен,   бұлардың   соңындағы

дауыссыздар   жіңішке   айтылатындықтан,   қазақ   тілі   қосымшалары  да

жіңішке жалғанады: рульдің (рульдың емес), рулі (рулы емес), жердің осі (осы

емес).   Соңғы   дауыссыздың   жіңішкелігіне   қарап   қазақ   тілі   қосымшасын

жіңішке жалғау ль дыбысына аяқталатын көп буынды сөздерге келгенде тек

тәуелдік жалғауларына қатысты болады, яғни магистраль, фестиваль сияқты

соңғы   буыны   жуан   көп   буынды   сөздерге   дауыссыздардан   басталатын

қосымшалар   жуан   жалғанады  да,  дауыстылардан  басталатын  тәуелдік

жалғаулары жіңішке жалғанады:  магистраль + ға, магистраль + дық, бірақ

магистралі, фестивальға, бірақ фестивалі.

Енді   бірқатар   тұстарда,   керісінше,   сөздің   соңғы   буынында   жіңішке

дауысты   дыбыстың   әрпі   таңбаланғанмен,   қосымшалар   жуан   жалғанады.

Мысалы,  кінә, күнә, күмән, Күләш, Іңкәр  тәрізді соңғы буындарында  ә  әрпі

жазылған сөздерге қосымша жуан жалғанады: кінәлау (кінәлеу емес), күнәлы

(күнәлі  емес),  күмәндану   (күмәндену  емес),  күнәға   (күнәге  емес),  Күләшқа

(Күләшке емес).

ск,   кс,   кт,  нг,  лк,   нкт,  кль,   брь,   бль  сияқты  дауыссыздар  тізбегіне

аяқталған сөздерге де, соңғы буынның  жуан не  жіңішкелігіне қарамастан,

қосымша жіңішке жалғанады. Мұнда бұл дыбыс қатарларының ішіндегі к, г

дыбыстарының жіңішкелігі де әсер етеді. Осының салдарынан бұл тізбектер



кіт, кіс, нгі, нкіт, іскі, кіл, бір, біл тәрізді болып айтылады: Омскіге (Омскыға

емес),  фактіге (фактыға  емес),  фактісі (фактысы  емес),  танкіге (танкыға

емес),  паркке   (паркқа  емес),  пунктке   (пунктқа  емес),  спектакльге

(спектакльға емес), ансамблі (ансамблы емес).

Емле  ережелерінің соңғы редакциясы  бойынша орыс  тілінен  енген  ог,



уг  дыбыстарына  аяқталатын сөздерге  де  қазақ тілі қосымшалары  жіңішке

түрде жалғанатынын есте сақтау қажет. Г  дыбысы қазақ тілі үшін жіңішке

дауыссыз  дыбыс  екендігі  мәлім. Сондықтан  орыс  тілінен енген  сөздердің

соңында осы дыбыс тұрса, қазақша сөйлегенде сөз соңы жіңішке айтылады.

Осы  заңдылық бұл сөздерге қазақ тілі қосымшаларын жалғауда үлкен  әсер

етеді, яғни жіңішке қосымшаларды қалайды: педагогке, педагогтік, педагогі,



округке, округтік, округі.  Қосымшалардың жазылуын сөз еткен тұста орыс

тілі   үлгісімен  фамилия  жасайтын  -ов,   -ев,   -ин   (-ова,   -ева,   -ина)

жұрнақтарына  да  назар аудару қажет. Бұл күнде қазақтардың фамилиясын

таныту үшін орыс тілі қосымшаларынан бас тартып, өзгеше белгілерімен

қазақша  беру  принципі   өте   дұрыс   екенін   мақұлдай   отырып,   әлі   де   біраз

уақыт осы жолмен жасалған қазақ фамилиялары қолданылатынын ескеріп,

“Қосымшалардың  жазылуы” деген  тарамның 26-параграфында көрсетілген

жұрнақтардың жалғану тәртібі, емлесі беріледі.

Қ о с ы м ш а л а р д ы ң жазылуында да тағы бір көңіл қоятын нәрсе –

олардың   кейбір   тұлғаларға

 дефис   (жарты

 сызықша)   арқылы

жазылатындығы.   Әріптерден   қысқарған   сөздерге   қосымшаның  дефис

арқылы жалғанып жазылуы – қалыптасқан ереже. Осымен бірыңғайлас болу

үшін шартты белгілерге  де, объект  болып тұрған әріп, буын сияқты жеке

тұлғаларға да қосымша жалғанғанда, дефиспен жазу керек: 10 см-ге, 20°-қа;



и-дің  жазылуы   (и  әрпінің  жазылуы),  да-ға  қарағанда  (да  шылауына

қарағанда) т.б.

Тәжірибеде  пайызды   (процент),  градусты   таңбалар   арқылы,   ал

бірсыпыра   өлшем   атауларын   шартты   әріптер   арқылы   белгілеу,   басқа

тілдердегідей,   қазақша   жазуда  да   бар.  Мысалы:   5%   (5  процент  бұл   сөз

пайыз  деген  вариантта  да  қолданыла бастады), 20° (20  градус),  15 см (15

сантиметр),  250  га  (250  гектар),  220V  (220  вольт), 10А  (10 ампер), 5W  (5

ватт).   Жазу  тәжірибемізде   көбінесе  осы   сөздер   атау  тұлғасында

қолданылғанда,  шартты  белгілер   арқылы  жазылады   да,  соларға   қосымша

қосыла қалса, толық жазылатыны жиі кездеседі: 5%, ал 5 процентке немесе

пайызға; 10А, ал 10 амперге. Бұл шартты белгілермен берілген сөздерге де

қазақ   тілі   қосымшаларын   жалғағанда,   оларды   “ашып”   жібермей-ақ,

қосымшаны   сол   таңбалардың  өзіне  дефис  арқылы   тіркеп   жазуға  болады.

Оқығанда таңбалар жеке әріп түрінде оқылмай, толық сөз түрінде оқылады.

Мысалы: 5 см-ді, оқылуы – бес сантиметрді (5 эсэмді емес), 5 А-ге, мұның

оқылуы – 5 амперге (5 аге емес), 17°С-ге оқылуы – 17 градусқа (цельсийше 17

градусқа). Негізінен бұл қосымшалар таңбаның (әріптің) дыбысталу әуеніне

қарай емес, сол әріп арқылы  таңбаланған сөздің әуеніне қарай жалғанады.

Мысалы:  5  А-ге  (бес амперге),  егер  а  дыбысының  әуеніне қарай жалғанса,

5А-ға болар еді.

Сөздердің   б   і   р   г   е   және   б   ө  л  е  к  жазылу   ережелері   жайында  да

бірсыпыра түсініктер беруге  тура  келеді, өйткені бұл – жазу тәжірибесінде

көп қиындық тудырып келе жатқан мәселе. Сондықтан қазақ орфографиясы

ережелерінің   соңғы   редакциясында   жүргізілген   толықтыру,   айқындаулар

осы салада көбірек орын алды. “Біріккен сөздердің компоненттері қосылып



жазылады және олардың дыбыстық жағынан өзгеріп кірігіп кеткен түрлері

сол  өзгерген   қалпында,   ал   көпшілігі   түбір   тұлғаларын   сақтап  жазылады”

деген  мазмұндағы ережелер бұрыннан  да бар  әрі даусыз болатын. Жазуда

қиындық   туғызып   келе   жатқан   жайт   ереженің   өзі   емес,   сол   ережеге

бағынатын біріккен сөз категориясын ажыратуда болып келе жатыр.

Соңғы кездердегі жазу дәстүріміз көрсетіп отырғанындай, ғылым мен

техникаға,   қоғамның   әлеуметтік-саяси   өміріне,   мәдениетке,   спортқа   т.б.

салаларға   қатысты   терминдік   мәнде   жұмсалатын   күрделі  атаулар  бір   сөз

ретінде   танылып   кетті.  Мысалы,  1978   жылға   дейінгі   орфографиялық

сөздіктерде келіс сөз, қонақ асы, жанар май түрінде бөлек жазылып берілген

сөздер   күнделікті   баспасөзде,   кейбір   оқулықтар  мен  жеке   кітаптарда

біріктіріліп  жазылып  жүрді. Екі түбірден құралып, терминдік сипат алған

сөздерді біріктіріп жазу ережесі мен тәжірибесі бұрыннан бар  (өнеркәсіп,

кәсіподақ, баспасөз, бесжылдық т.б.).

Соңғы   редакцияда   бұрынғы:   “Ғылымның   әр   алуан   саласындағы

терминдік   мәнге   ие   болып   қалыптасқан   атаулар   және   басқа   сөздер   де

бастапқы   тұлғалары   сақталып,   дағды  бойынша  бірге  жазылады”   деген

параграф сараланып, толықтырылды, атап айтқанда: “1) ғылым мен техника

салаларында терминге айналған күрделі  атаулар;  2) екі түбірден құралған

аң-құс,   жан-жануар,   құрт-құмырсқа,   өсімдік   атаулары;   3)   шаруашылық,

тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық,

әр алуан ұғым атаулары мен мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары; 4)

екінші   сыңары  аралық,   тану  сияқты  сөздер  және   алғашқы   сыңары  авиа,



авто, изо, ультра... тәрізді сөздер болып келген күрделі тұлғалар біріктіріліп

жазылады” деп айқындалды және олар жеке баптарға ажыратылды.

Бұл   күнде   ғылымның  сан   алуан  саласы   қазақ   тілінде   сөйлеп   отыр.

Мектептер   мен   жоғарғы   оқу   орындарына   арналған   оқулықтардан   бастап,

ғылыми   еңбектерде,   ғылыми-көпшілік   қолды   әдебиет   пен   баспасөз

беттерінде   жүздеген   күрделі   терминдер   мен   тіркестер   қолданылады.

Олардың   дені   интернационалдық  сөздер   болса,  енді   бірқатары   қазақ   тілі

мүмкіндігімен жасалған атаулар болып келеді. Солардың ішінде екі түбірді

біріктіріп, жаңа ұғым атауын білдіру де кең орын алатыны мәлім. Бұл күнде

көзіміз   үйреніп,   қолымыз   дағдыланып   қалған  баспасөз,   өнеркәсіп,



бесжылдық  дегендермен  қатар,   термин  мәніндегі  қонақасы  (ресми,   яғни

үкімет   қонақтарына   берілетін),  келіссөз  (үкіметтер,   мемлекеттік   ұйымдар

арасында   жүргізілетін),  жарыссөз  (жиналыстарда   айтылатын),  тілхат,

қолхат тәрізді сөздерді қосып жазу қажеттігі сезіледі.

Сондай-ақ биология, зоология терминдері болып саналатын өсімдік, аң-

құс,   жан-жануар,   құрт-құмырсқа   атаулары   және   солардың   құрылысына,

организміне   (ағзасына)   қатысты   бөлшек  не  тұтастық  атаулары  екі   түбір

арқылы   білдірілсе,   оларды   біріккен   сөз   ретінде   тану   қажеттігі   даусыз.

Мысалы,  гүлтабан,   тозаңқап,   бұршаққын,   сүтқоректілер  деген   сөздер   –

өсімдіктер   мен   жан-жануарлардың   өздерінің  атаулары   емес,  олардың

бөлшектері немесе топтарының терминдік аттары.

Өсімдіктер   дүниесі   мен   жан-жануарлар   әлемінде  ақ,  қара,  сары, боз,


теңбіл  сияқты  сын  есімдермен келген бір ғана өсімдік түрінің немесе бір

ғана аң-құстың, жәндіктің т.б. атаулары жиі кездеседі. Бұлардың қосылып не

бірге жазылуында да қиындықтар ұшырасып жүр. Олардың бірге де, бөлек

те жазылатын реттері (заңдылықтары) бар. Әдетте түсті, қасиетті білдіретін

сөздердің жеке өзі белгілі бір аңның, өсімдіктің, жәндіктің, құстың тұқымын

айырып  көрсету  үшін қолданылса, олар  бөлек жазылады. Мысалы,  ақ аю,



қара  аю,   қоңыр   аю  дегендердегі   аңның   аты   –  аю,  оның   алдындағы  сын

есімдер   аюдың   тұқымдарын   (түрлерін)   айырып   айтады,   сондықтан   бөлек

жазылады.   Ал  кейбір   атауларда   түсті,   қасиетті   білдіретін  сын  есімдер

немесе  солармен   тіркесетін   негізгі   сөздер   өздерінің   лексикалық   негізгі

мағынасынан айырылып, екеуі бірігіп, бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің

т.б.   жалпы   атауын   білдіреді.   Мысалы,  ақбауыр  (құс),  аққайран  (балық),



ақсары (құс) дегендердегі ақ сын есімі өз тіркескен сөзімен бірге жазылады,

өйткені бұл жердегі балық, құстардың  атаулары  бауыр, қайран,  сары  емес,

бұл сөздер  ақ  сөзімен қосылып барып қана  жалпы  атау болып тұр, демек,

мұндағы  ақ  сөзі  де   тек  қана   түсті   білдіріп,   айырымдық   қызмет   атқарып

тұрған   жоқ,   сондықтан   бұлар   бірге  жазылады.  Әрине,   кез   келген   сәтте

бұларды бірден ажыратып тану оңай емес. Әр алуан кітаптарда, сөздіктерде,

энциклопедияларда   мұндай   күрделі   атаулардың  жазылуында  бірізділік

болмай   келеді.   Бұлардың   орфограммасын   (таңбалануын)   мүмкіндігінше

реттеу   –   емле   сөздіктерінің   міндеті,   бірақ   мұнда  да  едәуір   қиындықтар

болатынын мойындаймыз.

Тек  ғылым   салалары  емес,   техника,  шаруашылық,   қоғам   өмірі,

мәдениет,   күнделікті   тұрмыс,  өнер,   спорт  сияқты   салаларға  да  қатысты

терминдік   мәнге   ие   болған  сөздер   аз   емес.   Мысалы,  бір   ғана  спортта,

бессайыс, онсайыс, жанкүйер, тоғызқұмалақ тәрізді күрделі сөздер термин

есебінде қалыптасты. Сондай-ақ өнер-білімге қатысты қылқалам, күйтабақ,



сөзжұмбақ,   сөзтізбе,   төлтума,   жолжазба  сияқты   атаулар   да  жиі

қолданылып, бір сөз ретінде танылып жүр. Жолсерік (проводник), жағажай

(пляж),  ақжайма  (простыня),  балабақша  (детский  сад),  гүлтәж  (венок),

саяжай  (дача),  майбалшық  (раствор сияқты сөздер белгілі бір ғылым  мен

техника  саласының  терминдері   болмағанымен,   бір   ғана   атау   ретінде

қолданылып,   біріктіріліп   жазылып   жүргені   аян.   Әсіресе   екі   түбірден

жасалған мамандық кәсіп, қызмет, белгілі бір бағыт иелері атауларын бір сөз

деп тануға бет алып барамыз:  теміржолшы, қызылізшілер, ізашар т.т. Міне,

тілдегі   осы   бағыт   жазуда  да  өз   әсерін   тигізіп   отыр:   бір   сөз   ретінде

танылғаннан   кейін   мұндай   атауларды   біріктіріп   жазу   дәстүрі   орныға

бастады.


Осы жерде соңғы емле ережелерінің к і с і   а т т а р ы н ы ң   жазылуына

енгізілген   өзгерістер   мен   түзетулерге   назар   аудару   қажет.  Мұнда  

“екінші

компоненті  қ,  к  дыбыстарынан   басталатын   біріккен   сөзден  болған  кісі



аттары естілуінше  жазылады

”  деген  ескерту айтылды. Мысалы:  Қоскелді,



Амангелді,   Төрегелді,   Күсепқали,   Аманғали,   Құтқожа,   Телғожа,   Көккөз,

Қарагөз, Аққыз, Айғыз.

Жалпы   кісі   аттарының   жазылуына   байланысты   және   мынаны   айту



қажет:   қазақтың   төл   сөздерінен   жасалғандары   болсын,  араб,   парсы

сөздерідерінен   қойылғандары   болсын,   кісі   аттарына   қатысты   жалқы

есімдерде едәуір ерікіндік  бары  байқалады. Бір сөздің өзі әр түрлі болып

қойыла береді. Мысалы: Шекер – Секер (хан), Әлия – Ғалия – Қалия, Зәуре 



Зура  –  Зухра,   Гүлбаршын  –  Гүлбараш,   Нәзікен    Назықан,  Роза  –  Рауза,

Фарида –  Фариза, Болат  –  Полат, Жүсіп    Нүсіп   Дүсіп – Түсіп –  Жұсып,

Асанғали – Асанәли – Асанәлі, Құрбан – Құрман, Мұхамбет – Мұхамет (қали)

–   Махамбет   –   (Айт)мағамбет   –   (Айт)   мұхамбет  т.т.  Бұл   варианттардың

көпшілігі   өзге   тілдік   есімдерді   әр   жерде   әр   түрлі   қабылдауға  (Шекер  



Секер,  Фариза    Фарида),  оларды   қазақ   тілінің   дыбыс   заңдылықтарына

түрліше бағындыруға (Мұхаммед есімінің қазақша сан түрлі болып қойылуы

бұған дәлел), жуан-жіңішке айтуға  (Нәзім  –  Назым, Айтым  –  Әйтім)  тағы

осы   сияқты   себептерге  байланысты  болып   келеді.   Бұл   жарыспалы

қатарлардың  тек  біреуінің   қолданылуын   (демек,   жазылуын)   талап   етіп,

қалғандарына   тыйым   салу   мүмкін   емес.   Бұл   –  тек  жалқы   есімдерге   тән

құбылыс. Сондықтан қазақша кісі аттары баласына ат қойған ата-анасының

қалауына немесе  сөздің сол өлкеге, сол отбасына тән болып калыптасып,

дағдылануына  байланысты  қалай айтылса, солай жазылғаны дұрыс. Бірақ

бұл еркіндікті тілдің дыбыстық заңдылықтарына қайшы етіп пайдалануға

болмайды. Мысалы, қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген

сөздер  еш  уақытта екі дауыссыз дыбыстан басталмайды. Ол екі дауыссыз

дыбыстың  не  алдында (сөз басында),  не  ортасында  ы,  і  дауыстыларының

бірі қатысып айтылады. Бұл фонетикалық заңдылыққа жалпы есімдер де,

жалқы есімдер де (соның ішінде кісі аттары да) бағынады. Сондықтан соңғы

жылдары   кітап,   газет-журнал   беттерінде   орын   теуіп  бара  жатқан  Рза,



Сматай,   Сланов,   Рсалды,   Смайыл,   Сқақ  сияқты   жазулар   мүлде   қате.   Бұл

есімдер   қазақша   жазғанда  Ырза  (немесе  Риза),  Сыматай,   Сылан(ов),



Ырысалды  (немесе  Ырсалды), Ысмайыл  (немесе  Сымайыл), Ысқақ  түрінде

таңбалануы керек.

Күрделі  сын  есім   жасап   тұрған   екі   (кейде   үш)   сөздің   әрқайсысы

өздерінің   нақтылы   лексикалық   мағынасына   ие  болып   тұрса,   бір-бірінен

бөлек   жазылатындығын   алдыңғы   айтылған   (көрсетілген)   топтармен

шатастырмау керек. Мысалы: үш бұрышты тақтай, көп таңбалы сан, ауыл



шаруашылық   артелі.  Бұл   жердегі   көрсетілген   күрделі  сын  есімдердің   әр

сөзінің бөлек  жазылу себебі олардың өз мағыналарын сақтап тұруларында.

Аударма   әдебиетте,   содан   барып  төл  жазбаларда  да   осы  тектес  сын

есімдерді   қосып   жазып   шатастыру   кездеседі,   себебі   бұлар   орыс   тілінде

біріккен  сөз   болады:  треугольная   дощечка,   многозначное   число,

сельскохозяйственная   артель.  Бірақ   екі   тілдің  сын  есімінің  жасалуы   мен

жазылуы тепе-тең емес екендігін, яғни айырмашылық болатындығын қатты

ескеру қажет.

Сол   сияқты

 к ү р д е л і   с а н   е с і м д е р д і ң ,   к ү р д е л і

е т і с т і к т е р д і ң  

әрбір   компоненті   (сөзі)   бір-бірінен

 бөлек


жазылатындығы  да  қазақ тілінің ерекшелігі:  он  бірінші,  он  бір,  он бес, он

бестегі; қол қой,қол қойды, көре алмады, көре алмаушылық т.т.

Емлеге байланысты  көңіл  аударатын жайт –  бір сөздің екі  не одан да

көп болып келетін нұсқаларының (варианттарының) қайсысын таңдап жазу

жайында.   Табиғаты   жағынан   мұндай   қатарлардың   біркелкі   емес   екенін

ескеру   қажет.   Бір   алуан   нұсқалардың   қайсысын   таңдау   негізінен   емлеге

қатысты   емес,   лексикалық   нормаға,   яғни   ол   жарыспа   қатарлардың   тілде

қолданылу   сипатына  байланысты   болады.  Кейбір  вариант  қатарларының

екеуі де (кейде үшеуі, төртеуі де) қолданыла беруі мүмкін.  Мысалы,  әдеби

тілдің өзінде бір түбірден өрбіген разы, риза, ырза деген үш түрлі тұлғаның

үшеуі де жұмсалады. Сол сияқты бір түбірден тараған сұрақ – сұрау, рұқсат

 лұқсат, адас – аттас, едәуір – недәуір, шейін  шекті, я – жә, өн бойы  өне



бойы,  бұл    бұ,  қаһар    кәр,   заһар  –  зәр,  әскер  –  ләшкер,   адым    қадам,

күнбағыс  күнбағар, айдаһар  аждаһа, шайтан – сайтан, күкірт – кеуірт,

лық толды  –  лықа толды, заман  –  замана, жиналыс    жиылыс, қоныш  –

қойыш, бүліну – бүлу дегендердің екі сыңары да – тілден орын алуға құқықты

сөздер.   Олардың   бірқатарының   екі  варианты   да  әдеби  норма   болса,  енді

бірсыпырасының   біреуі  көне  тұлға  (ләшкер, ұғыл, адас)  немесе  жергілікті

қолданыс (кеуірт, қойыш, күнбағар, шекті) болып келеді. Сондықтан мұндай

бір мағынадағы жарыспалы қатарлардың екеуі де (кейде үшеуі, төртеуі де)

сөздіктерден орын алып, орфограммалары (жазылу түрі) көрсетіледі.

Енді   бірқатар  жарыспалы  тұлғалар   бір   түбірден   екі   түрлі   мағына

беретін   екі   сөз   жасаудың   нәтижесінде   пайда   болғандар.  Мысалы:  үкімет

(правительство) және өкімет (власть). Бұл екі сөздің түбірі – хукмат деген

бір сөз. Сол сияқты есеп және хисап, әрекет – харекет, найзағай –  нажағай,



дүр – дүррі, каһар – кәр, кәдімгі  қадим (заман) т.б.

Жарыспалы сөздердің үшінші тобына стильдік мақсатпен бір сөздің екі

түрлі   тұлғада   жұмсалатындары   жатады.  Мысалы,  мына   қатарлардың

әрқайсысы   белгілі   бір   стильдік   жүк   арқалап   жұмсала   береді:  шайтан  –



сайтан  (соңғысы   “өжет,   өткір,   жұртты   өзіне   қаратқан”   деген   сияқты

ауыспалы   мағынада   стильдік   мақсатпен   қолданылады:  Мен   қара  көз



сұлумын,   сайтан   қызбын  –   Ж.Молдағалиев),  жұмақ  –  ұшпақ  (соңғысы

ауызекі сөйлеу тілінің элементі ретінде көркем әдебиетте кейіпкер аузына

салынады),  әзіз  –  ғазиз,   көңіл  –  кеуіл,   патша    падиша,   заман    замана,

көктем    көктеме, беріп жіберді  –  періп жіберді  (соңғысы “соғып қалды,

қойып жіберді” дегенді айырып көрсету мақсатында жазылуы мүмкін).

Сөйтіп,  жарыспалы  қатарлардың қай сыңарын жазуда контекске қарау

қажеттігі туады.

Тағы   бір   алуан   варианттар   қатарының   жазуда   біреуін   таңдауға  тура

келеді.   Олар   –   фонетикалық-орфографиялық   дублеттер,   яғни   бір   сөз   екі

түрлі   айтылып,   бірақ   ешбір   мағыналық   айырмасы  не  стильдік   жүгі   жоқ

болып   келетін   сөздер.   Мұндай   қатарлардың   біреуін  жазуда  тұрақтандыру

арқылы әдеби  норма  етіп қалыптастыруға  тура  келеді.  Мысалы:  бұл күнде

лағынет  –  лағнат, башай    бәшей, саршұнақ  –  сары-шұнақ, ерегіс    ерегес,

қонағуар – қонақуар, уайым – уәйім, жай  жәй, екі ұшты – екі үшті тәрізді

фонетикалық   дублеттердің   алдыңғы   сыңарларын   жазып   тұрақтандыру

бағыты күшті.


Оқулықтар   мен   анықтағыш   құралдарда   көрсетіп   отыру   арқылы,

күнделікті жазу тәжірибесінде, әсіресе баспасөзде біркелкі қолдану арқылы

бұрын   екі-үш   түрлі  жазылып  келген  жүздеген  сөздердің   бір  ғана   тұлғада

таңбалануы   едәуір   орнығып   қалды.  Мысалы,  бәйтерек,  бәйшешек,  диқан,



ерегіс, жай, қазір, қисса, меруерт,  мысалы,  өйткені, өйтіп, патша, сіріңке,

шілдехана  сияқты сөздердің  байтерек, байшешек, дихан, ерегес, жәй, кәзір,

хисса    қысса  –  қыса,   мерует,   үйткені,   үйтіп,   патса,   сіреңке,   шілдеқана,

шылдақана  деген   варианттарының  жазылуы  біршама   тежелді.   Мұндай

фонетикалық-орфографиялық  варианттардың   дұрысын  емле  сөздіктерінің

көрсетуі бойынша жазу керек.

Қ о с   с ө з д е р д і ң  жазылуын сөз еткенде, дефис арқылы жазылатын

қос сөздерден басқа, үтір арқылы немесе тіпті ештеңе қойылмай жазылатын

күрделі қосар құрылымдардың болатындығын еске алу керек: апы кіріп, күпі



шығып; үлде мен бүлдеге; ақай жоқ, тоқай жоқ; күн демей, түн демей т.б.

3. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында

Тыныс   белгісі   ережелерінің   ішінде   оңашаланған   айқындауыш

мүшелердің   және   құрмалас   сөйлемдердің   ажыратылуына   тоқталып  өтуге

тура келеді.

Оңашаланған   айқындауыш   мүше   қазақ   тілінде   өзіне   қатысты   сөзден

кейін   келеді.   Ол   өзінен   бұрынғы   сөздің   мәнін   айқындаңқырай,

дәлелдеңкірей түсу үшін қолданылады. Оңашаланған мүше, көбінесе, атап



айтқанда  деген   сөзді   қосуды   тілеп   тұрады.   Оңашаланған   мүшені   айтқан

кезде   ол   сөйлемдегі   басқа  сөздерден  дауыстың   аздап   кідірісімен   бөлініп

тұрады:  Ол   Құнанбай   аулына,   Қорыққа,   осы   Ералыдан   барған   болар

(М.Әуезов). Мұндағы Қорыққа деген сөз Құнанбай аулы деп тұрғаны Қорық

екендігін айқындай түседі:  Ол Құнанбай аулына, атап  айтқанда  Қорыққа,

осы Ералыдан барған болар.

Оңашаланған айқындауыш мүшенің тағы бір белгісі – ол өзі айқындап

тұрған   сөзбен   септік   жалғаулары   жағынан   тұлғалас   келеді.  Мысалы:

Тобықты   ішінде   ең   алғаш  келген   арба   осы  Зеренің,  Құнанбайдың   кәрі

шешесінің,  көк  арбасы   десе  де   болады  (М.Әуезов).   Мұнда   айқындалып

тұрған Зеренің деген сөз бен оңашаланып тұрған ...шешесінің деген сөз екеуі

де ілік жалғауда. Ал осылардың біреуі жалғаусыз айтылса, ол оңашаланған

айқындауыш   мүше   емес,   қосалқы   айқындауыш   мүше   болып   кетеді:



Тобықты ішіне ең алғаш келген арба Құнанбайдың кәрі шешесі Зеренің көк

арбасы   десе   де  болады.  Қосалқы   айқындауыш   пен   айқындалушының

арасына ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.

Оңашаланған айқындауыш мүшелердің үшінші бір белгісі – олардың

бірқатары  яғни,   әсіресе,  мысалы,   яки,   немесе,  болмаса,   басқаша   айтқанда,



көбінесе,   оның   ішінде,  атап  айтқанда  деген   сөздермен   қоса   айтылады.

Әдетте   түсінбеушіліктен   осы   сөздердің   жеке   өздерін   екі   жағынан   бірдей

үтірмен бөліп тастаушылық кездеседі. Ол дұрыс емес. Екі жағынан үтірге

осы   сөздермен  қоса   жасалған   оңашаланған   тізбек   алынады:  Әңгімемізді



өнердің   бір   түрі,  мысалы   музыка,  туралы   бастайық.   Жастар,  әсіресе

мектеп балалары, спортқа үйір келеді.

Тағы  бір  көңіл  қоятын   мәселе   –  сияқты, ретінде,  қатар, емес,  түгіл

деген сөздермен  және  -дай жұрнақты  сөзбен келген  тізбектердің де сөйлем

ішінде   оқшауланып   тұратындығы.   Сондықтан   мұндай   құрылымдар  да,

оңашаланған мүше тәрізді, екі жағынан бірдей үтірге алынып жазылады.

Қарсылықты   мәнді   құрмалас   сөйлемдердің   жалғаулықтары   түсіріліп

айтылса, жай сөйлемдердің арасында үтірдің сақталатындығын және түсіп

қалған   жалғаулықтың   орнына   сызықша   қойылып   жазылатындығын   есте

ұстау  қажет.   Мысалы:  Елге   мойнымды   созам,   –  көрінбейді.   Маңайға



мойнымды  созам,   –   дәнеңе   жоқ  (С.Мұқанов)   деген   сөйлемді   алсақ,   оның

жалғаулықты   түрі   былай   болар   еді:  Елге  мойнымды  созам,  бірақ  [ел]



көрінбейді.   Маңайға  мойнымды  созам,  ал  [маңайда]   дәнеңе   жоқ.  Бұл

құрылым   мақал,   жұмбақ   сияқтылар   мен   өлең   жолдарында   жиі   кездеседі:



Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ,  –  сөйлейді. Үйде шешен, – дауда жоқ, үйде

батыр, – жауда жоқ.

Кез  келген  жалғаулықтың   түсіп   қалған   жеріне   сызықша   қойыла

бермейді. Құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы өйткені, сондықтан,

себебі  деген   жалғаулықтар   түсіп   қалып   айтылса,   сол   жерге  қос  нүкте

қойылады:  Қасқырдың артына алаңдағанына енді ғана түсіндім: оның арт

жағында   шоқақтап   екі   бөлтірік   кетіп  бара  жатыр  (С.Мұқанов).  Маған

қиыны екі етігім болды: сазға кірген етіктер әлденеге тістесіп тұрып алады

да, қонышынан қолыңмен тартпай шықпайды (С.Мұқанов).

Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің бастауышы көбінесе екеуіне

ортақ   болып   келеді.   Мұндайда   бастауыш   қай   жай   сөйлемнің   құрамында

айтылса,  соған   жатқызылады  да,  үтір   екі   жай   сөйлемнің   аралығына

қойылады. Осы ережені жете білмегендіктен, кейде бірінші жай сөйлеммен

келген ортақ бастауышты оның құрамынан үтірмен бөліп тастап, екінші жай

сөйлемге жатқызу кездеседі. Мысалы: Мен, оқуды бітіріп, Қарағандыға бара

жатырмын.  Мұндағы тыныс белгісі дұрыс қойылмаған. Бұл жерде оқуды

бітірген   де  мен,  Қарағандыға   бара   жатқан  да  мен.  Сондықтан  мен  деген

бастауыш  қай  жай  сөйлемнің құрамында  айтылса,  соған кіреді:  Мен оқуды

бітіріп,   Қарағандыға  бара   жатырмын.  Немесе:  Оқуды  бітіріп,  мен

Қарағандыға  бара   жатырмын   (Окуды  бітіріп  мен,  Қарағандыға  бара

жатырмын деп жазу да дұрыс емес).

Пунктуация ережелерінің бірқатарын сөз еткенде, соларға сәйкес орыс

тілінің  пунктуация  ережелерімен салыстырып отыруға  тура  келеді. Әрине,

екі   тілдегі   қолданылатын   пунктуациялық   таңбалар   бірдей   болғанмен,

олардың қолданылатын орындарының әрдайым бірдей болуы мүмкін емес.

Осыған   қарамастан,   орыс   тіліндегі   сөйлемде   қай   жерде   қандай   тыныс

белгісі   тұрса,   соны   бұлжытпай   қазақ   сөйлеміне   көшіре   салу   тәжірибеде

кездесіп   қалады.  Мысалы,   орыс  тілінде   бір   жай   сөйлемдегі   баяндауыш

келесі жай сөйлемде (құрмалас сөйлемнің құрамындағы) түсіріліп айтылса,

орнына сызықша қойылады:

1) Я читал книгу, а он – газету. 2) В этих случаях из одних физических тел

получаются другие физические тела: из стакана  –  кусочки стекла, из куска

парафина  –  свеча  (“Химия”  оқулығынан). Қазақ  тілінде құрмаласқа  енген


жай   сөйлемдердің   соңғысының   баяндауышы   түсіріліп   айтылмайды.

Керісінше,   алдыңғы   сөйлемдер   баяндауышсыз   қалдырылып,   баяндауыш

жалпы   сөйлемнің   соңында   айтылады  немесе   баяндауыш  екі   рет

қайталанады. Жоғарғы сөйлемдердің аудармаларын қараңыз:



1) Мен кітап, ол газет оқыды. Тіпті дұрысырағы: Мен кітап оқыдым,

ал ол газет  оқыды  (Мен кітап оқыдым,  ол –  газет  деген  сияқты   сөйлем

құрылысы   болмайды).   2-сөйлемнің   дұрыс   аудармасы:  Бұл   жағдайларда

физикалық   бір   денелерден   екінші   бір   денелер:   стаканнан   бірнеше   шыны

сынығы, парафиннің бір кесегінен май шам пайда болады. Қазақша құрылған

сөйлемде ешқандай сызықша қойылмайды.

Сондай-ақ   орыс   тілінде   құрмаласқан   жай   сөйлемдердің   бірі   шартты

мәнді   болса,   араларына   сызықша   қойылғанымен,   қазақ   тілінде   шартты

бағыныңқылы сөйлемдерде сызықша емес, үтір қойылады (бұлар жайында

ережеде   толық  айтылады).   Тыныс  белгілерінің   қойылуын   бұлайша   орыс

тіліндегі тәртібімен салыстырып отырғанымыздың себебі – кейбір әдебиет

түрлерінің орыс тілінен аударма болып келетіндігін ескеруге  байланысты.

Әсіресе   көркем   әдебиет   пен   ғылыми   әдебиет   үлгілерінің,   оның   ішінде

кейбір   оқулықтардың   орыс   тілінен   жиі   аударылып   келе   жатқанын

ескермеске болмайды. Сол сияқты ағылшын, неміс, француз тілдері сияқты

өзге   тілдерден   де   қазақ   тіліне   тікелей   аударма   жасаған   күнде  де,  тыныс

белгілері  тек  қазақ   тілінің   синтаксистік   құрылысына   орай   қойылуы   тиіс

екенін жақсы білу қажет.

І тарау


ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал