Қазақ тілін оқытудың МӘселелері айтимова Б. Т



жүктеу 65.76 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі65.76 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Айтимова Б.Т

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., А.Е. Абдрахманова 

Еуразия гуманитарлық институты, Астана қаласы 

 

Елдің елдігін кӛрсетіп, мемлекеттің мерейін ӛсіретін,  халықты мұратына 



жеткізіп,  қажеттілігін  қанағаттандыратын  ұлтымыздың  болашақ-ӛскелең 

ұрпақ  екендігі  әлемге  аян.  Сондықтан  жан-жақты  жетілген,  парасаты  мен 

пайымы  мол,  асқақ  рухты,  туған  елі  мен  Отанын    сүйетін  ұлтжанды  әрі 

үйлесімді азамат тәрбиелеу – заман талабы [1,48]. Жаңа форматтағы мұғалім 

қалыптастыру, 

оқу-тәрбие 

ісінің 

сапасын 


жаңа 

инновациялық 

технологияларды  пайдаланып  кӛтеру  сияқты  іргелі  реформалар  жүргізілуде. 

«Мектептің  тірегі  де,  тіреуі  де  оқыта  білетін  мұғалім»  деген  Ахмет 

Байтұрсынұлы.  Яғни  мұғалімнің  іс-әрекеті  оқыту  процесінің  кӛрсеткіштік 

ӛлшемі  бола  алады.Сонымен  қатар  ұстаздың  педагогикалық  мәдениеті  де 

үлкен  орын  алады.  Оқыту  дегеніміз  –  оқушылардың  белсенділігін  арттыру 

арқылы 


оқу-танымын 

ғылыми 


тұрғыда 

игерту, 


шығармашылық 

мүмкіндіктерін  ұлғайту,  дүниетанымын  және  эстетикалық  кӛзқарасын 

қалыптастыратын  үрдіс.  Бұл  үрдіс  тек  білім  берумен  шектелмейді, 

оқушының  жан-жақты  дамуына,  ақыл-ойы  мен  ойлау  тәсілдеріне  үйрету, 

талдау,  салыстыру,  қорытынды  шығару  –  бұл  мұғалімнің  еңбегі,  оның  жеке 

кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеті.  Бұған  мұғалімнің  адамгершілігі,  тәлім-

тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады [2,48]. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Тәуелсіздік  –  Алтын  күмбез  дейтін  болсақ, 

сол  күмбезді  тіреп  тұрған  тӛрт  белгіміз  бар,  оның  біріншісі  –  елтаңба, 

екіншісі – әнұран, үшіншісі – кӛк байрақ, тӛртіншісі – қазақ тілі» деген сӛзі 

кім-кімді 

болмасын, 

ойға 

қалдырады.Бүгінгі 



күні 

Қазақстан 

Республикасының  білім  туралы  тұжырымдамасы  ойлы,  ӛнерлі,  білімді 

тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  және  қазіргі  білім  жүйесі 

оқушылардың  сӛйлеу  белсенділігін  дамытатын  оқытудың  дәстүрлі  және 

дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында 

құрылуы тиіс. Осы әдістерді құрастыру үшін компьютердің маңызы зор және 

компьютерді  пайдалану  барысында  оқушылардың  қызығушылығы  артып, 

сӛйлеу  дағдысы  дамуына  септігін  тигізеді  [3].  Елбасымыз  «Жаңа  әлемдегі 

жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай 

жаңа  технологиямен  оқыту  маңызды  екенін  атап  кӛрсетті.Қазақстан 

Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеті  –  оқудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап 

кӛрсеткендей-ақ,  қазіргі  кезеңде  әрбір  мұғалімнің  алдына  қойылып  отырған 

басты  міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру 



WWW.ENU.KZ

 

 



және  жаңа  педагогикалық технологияны  меңгеру  [4].Технология  дегеніміз  – 

бір істегі шеберлік пен ӛнердегі әдіс жиынтығы. Технология дегеніміз  – оқу 

процесін  жандандыру  мақсатын  ұйымдастыру,  белгілі  бір  мақсатқа 

жұмылуда  алдын  ала  ойластырудың  ықпалы  мен  әсері  және  оқу  процесін 

ойдағыдай  жүзеге  асырудың  мазмұнды  техникасы  [5].  Ең  алғаш  ХХ  ғ.  30- 

жылдары 


мәдени-тарихи 

тұжырымдама 

негізінде 

педагогикалық 

технологияның  ерекше  идеясы  қалыптасқан.  Дамыта  оқыту  теориясы  сонау 

Г.Песталоций, А.Дистерверг, К.Ушинскийден басталды. Бұл теорияны алғаш 

енгізген  Л.С.Выгодский  болса,  кейінірек  бұл  теорияны  Л.В.Занков, 

Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов,  Н.А.  Менчинский  және  т.б  ғалымдардың 

экспериментерінде 

күні 


бүгінге 

дейін 


жалғасын 

тауып 


келеді. 

Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов  технологиялары  –  танымдық 

қызығушылыққа, 

Г.К.Селевко 

технологиясы 

– 

ӛзін-ӛзі 



жетілдіру 

қажеттілігіне,  И.С.Якиманский  технологиясы  –  тұлғаның  жеке  іс- 

тәжірбиесіне, 

И.П.Вольков, 

Г.С.Альтшуллер, 

Б.М.Неменский 

шығармашылық қажеттілікке, И.П.Иванов технологиясы әлеуметтік түйсікке 

негізделген  [5].  Мемлекеттік  тілге  қатысты:  «Қазақстандықтардың  ӛзіміз 

ӛмір  сүріп,  елімізді  жақсылықтарға  бастап  бара  жатқан  туған  жерге  атауын 

берген,  мемлекеттік  қазақ  тіліне  құрметпен  және  лайықты  оқып  үйрене 

бастағандығын атап ӛтудің ӛзі қуанышты [6].  Бұл – тәуелсіздіктің орасан зор 

жетістігі.  Біздің  міндетіміз  –  2017  жылға  қарай  мемлекеттік  тілді  білетін 

қазақстандықтар  санын  80  пайызға  жеткізу.  Ал  2020  жылға  қарай  олар 

кемінде  95  пайыз  құрауы  тиіс.  Енді  он  жылдан  кейін  мектеп  бітірушілердің 

100  пайызы  мемлекеттік  тілді  біліп  шығатын  болады»  деп  нақтылап  ӛткен. 

Бұл  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасының» ең басты нәтижесі болмақ. Мемлекеттік тіл 

тәуелсіздігіміздің  жырын  жырлап,  мемлекетіміздің  бұғанасын  қатайтты[7]. 

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да  себеп болатын нәрсенің ең  қуаттысы 

— тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата Заң 

аясында  бақ-берекеміздің  сақталып  отырғаны  тіл  саясатын  да  дұрыс 

жүргізудің  жемісі  екені  анық.  Тіл  –  халық  қазынасы,  ұлттың  жаны.  Тілдің 

мәселесі  –  ұлттың  мәселесі.  Мерейін  асыратын  да  ӛзіміз,  құтын  қашыратын 

да  ӛзіміз.  Отбасы  ӛзіміз  де,  Отанымыз  –  Қазақстан!  Елбасымыз  айтқандай, 

«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде».  Ендеше,  тілімізді,  ұлтымызды 

отбасымызды  қадірлегендей  қадірлейік.  Тіл  –  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынастың  аса  маңызды  құралы  ғана  емес,  ойлаудың,  дүниетанымның, 

рухани  мәдениетті  жасаудың,  ұлттық  ұжымдық  тәжірибесін  жинақтаудың, 

сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету 

тіл  арқылы  жүзеге  асады.  Мемлекеттік  тілді  оқыта  отырып,  жастардың 

бойына  елдік  сана  сіңіріліп,  мемлекеттік  рәміз,  ұлттық  діл,  ұлттық  болмыс 

туралы  ақпараттар  толық  беріледі.  Тілді  үйретуде  қатысым  әдісінсіз  тілді 

жылдам  әрі  сапалы  меңгерту,  оны  кез  келген  ортада  еркін  тілдік  қатынасқа 

түсе  алатын  дәрежеге  жеткізу  мүмкін  емес.  Қазақ  тілін  оқытудың  тиімді 

әдістері  туралы  айтқанда  қатысымдық  әдіс  (коммуникативный  метод)  деген 


WWW.ENU.KZ

 

 



әдіс  туралы  айтқан  дұрыс.  Қазақ  тіл  білімінде  қатысымдық  әдістің  негізін 

қалаған профессор Ф. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық 

әдіс  дегеніміз  –  оқушы  мен  оқытушының  тікелей  қарым-қатынасы  арқылы 

жүзеге  асатын;  белгілі  бір  тілде  сӛйлеу  мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік 

қатынас  пен  қағидалардың  жүйесінен  тұратын;  тіл  үйретудің  тиімді 

жолдарын  тоғыстыра  келіп,  тілді  қарым-қатынас  құралы  ретінде  іс  жүзінде 

асыратын әдістің түрі» [8, 78].  

Қатысымдық  технология,  негізінен:  а)  оқу  материалын  меңгеруге 

бағытталады; ә) оқушы тұлғасына бағытталады; б) оқытушы мен оқушының 

ынтымақтастығына  бағытталады,  сол  арқылы  оқу  мақсаты  жүзеге 

асырылады.  Сӛйлеуді  үйрету  барысында  қатаң  талаппен  сұрыпталған 

лексикалық,  фонетикалық,  грамматикалық  минимумдар  мен  сӛздік 

материалдар алынады. Олардың барлығы сӛйлеуді меңгеруге тікелей қатысы 

бар  жағдаяттар  болып  табылады.  Оқытудың  жаңа  технологияларын 

пайдалануда  жоғары  оқу  орнының  алатын  орны  ерекше.  Ӛйткені  білім  де, 

тәрбие де, дүниеге кӛзқарас та жоғары  оқу орнында қалыптасып, орнығады. 

Осыларды  іске  асыратын  басты  тұлға  -  ұстаз.  Қазіргі  кезде  шығармашылық 

ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  жете 

меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан  мұғалім  қажет.  Қазақ  тілі  

балаға  ертеңгі  күні  үлкен  ӛмірге  араласқанда  оның  қоғамды  қызметіне 

кӛмегін  тигізетін,  жұмысында  күнделікті  ӛмірінде  қажетіне  жарайтындай 

білім  бере  алатындай  аса  білікті  пәндердің  бірі.  Қазақ  тілін  үйреніп  жүрген 

балалардың тілі тез дамуы үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сӛйлесіп, 

араласуы  қажет.  Сондықтан  кішкентай  бүлдіршіндерге  балабақша 

қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.  

Қазіргі  таңда  қазақ  тілінің  дамуына  барлық  жағдай  жасалған,  тек  соған 

кӛңіл  қойып  қазақ  тілін  үйренем  деген  ниет  керек.  Мектеп-балабақшада  

мекеме  қызметкерлерінің  арасында  мемлекеттік  тілді  оқып,  үйренуде 

бірқатар  жұмыстар  жүргізілуде.  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  Үйретуден 

балаға» - деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап 

оларды  ізгілікке,  адамгершілікке,  отаншылдыққа,  ұлтжандылық  пен 

мемлекеттік  тілге  деген  құрметке  тәрбиелесең  ғана  еңбегің  жемісті  болмақ! 

Ертеңімізді  бүгін  ойлап,  жас  ұрпақты  жан-жақты  тәрбиелеу  мен  жеткілікті 

білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық.  

«Біз ұсынып отырған тӛрт деңгейдің бірінші сатысы – тұрмыстық сӛйлеу 

тілі,  былайша  айтқанда,  күнделікті  ӛте  қажет  тілді  үйрету,  екінші  деңгейі  – 

кәсіби  тіл.  Яғни  әркім  ӛзінің  мамандығына,  жұмысына  байланысты  тілді, 

соның лексикасын, сӛйлеу үлгілерін білуі керек. Үшінші деңгейі – іскери тіл. 

Қазір  кӛбінесе  қазақ  тілін  үйреткенде  бірден  осы  сатыдан  бастап, 

«қызметкерлер  іс-қағаздарымен  жұмыс  істей  білуі  тиіс»  деген  сықылды 

мәселе кӛтеріледі. Біз мұны үшінші деңгейге қойып отырмыз. Ең соңғысы  – 

әдеби сӛйлеу тілі. Әдеби тілде сӛйлеу үшін алдыңғы үш деңгейден ӛтіп келу 

керек.  Сонда  ғана  адам  әдеби  тілде  сӛйлеуге  жаттығады.  Мұның  тағы  да 

мынандай  жақтары  бар.  Мысалы,  тұрмыстық  сӛйлеу  тілін  кӛпшілік  үйренуі 



WWW.ENU.KZ

 

 



керек.  Бұл  қиын  болмайды.  Себебі  бұған  отбасында,  кӛшеде,  жұмысқа 

барғанда,  келгенде  маңайындағы  адамдармен  қарым-қатынас  жасау 

барысында күнделікті қолданылатын тұрмыс, тіршілік сӛздері кіреді. Екінші 

деңгейге ӛткенде үйренетін адамдар қатары сейіліп қала береді. Бұл адамның 

кәсібіне  байланысты.  Мәселен,  дәрігер  ӛз  саласына,  шаштараз  ӛз  саласына 

қатысты сӛздерді білуі қажет. Сол сияқты, іскери тілге барғанда да оны елдің 

бәрі  жаппай  білуі  міндетті  емес.  Кез  келген  мекемедегі  басшы,  жетекші 

қызметкерлер,  бас  мамандар  білсе,  жетіп  жатыр.  Оның  қарамағындағы 

қарапайым  халықтың  бәрі  іскери  тілді  білуі  керек  деген  дұрыс  емес.  Себебі 

баяндама жасау, құжат дайындау олардың жұмысы емес қой. Ал әдеби тілді 

жүздің  бірі  үйреніп  кетеді  десек,  артық  айтқандық болмайды.  Міне,  біз  осы 

тӛрт  деңгейді  ұсынып  отырмыз  және  сол  бойынша  жұмыс  істейміз»-,  дейді 



филология ғылымының докторы,профессорӘлімхан ЖҮНІСБЕКОВ.  

Қазақ  тілі  сабағы  әрі  тартымды,  әрі  қызықты,  әрі  сапалы  болуы  әр  пән 

мұғалімдерінің  ӛзіне,  білім  деңгейіне,  кәсіби  шеберлігіне  байланысты.  Оқу 

мен  тәрбиенің  негізгі  тетігі  -  сабақ.  Сондықтан  сабақ  тартымды,  әсерлі, 

мақсатты,  айқын,  қызықты  және  толық  мәнді  болуы  тиіс.  Ол  сонымен  бірге 

басқа  ұлт  балаларына  қазақтың  әдебиеті  мен  мәдениетін,  ғылымын,  ӛнерін 

насихаттайтын  пән.  Сол  себепті  де  пән  мұғалімінің  сабақты  дұрыс 

жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алғаны жӛн. Оқыту үрдісі орыс тілінде 

жүргізілетін  топтарда  қазақ  тілін  оқитын  бала  ӛзіне  таныс  емес  тілдің 

дыбыстық 

құрамын, 

дыбыстардың 

айтылу 

нормасын, 



дыбыстық 

заңдылықтарын,  оның  грамматикалық  құрылысын  игеруге,  ойын  еркін 

жеткізуге,  басқаның  сӛзін  түсінуге,  жеткілікті  дәрежеде  сӛздік  қорын 

меңгеруге  тиісті  және  қазақша  сӛйлеуге  жаттығып,  қазақ  тілінде  қарым-

қатынас  жасай  алуы  қажет.  Қазақ  тілін  оқытуда  жақсы  нәтижелерге  қол 

жеткізу  үшін,  мынадай  басты  бағыттарда  жұмыс  түрлерін  жүргізген  тиімді. 

Ең бастысы, балалардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сӛздік 

жұмыстарын  үнемі  жүргізу.  Қазақ  тіліндегі  сӛздер  кӛп  мағыналы  және 

синонимдер  мен  омонимдерге  бай. Сӛйлемде  осындай  сӛздердің  мағынасын 

ажырата  білуге,  оларды  тиімді  қолдана  білуге  үйрету,  балалардың  тілдік 

қорын  байыту  оң  нәтижелер  беретіні  сӛзсіз.  Әрбір  бала  ұлты  пен  ұлысына 

қарамастан -  тәуелсіз еліміздің болашағы, алдағы үкілеген үміті. Сондықтан 

да  балаларды  алаламай,  жақсы,  жаманға  бӛлмей  ортақ  қарап,  әр  дүниені 

санасына сіңіре білген дұрыс. Ал әрбір ұстаз Отанын шексіз сүйетін, білімді, 

іскер,  адамгершілігі  мол,  парасатты,  мәдениеті  жан-жақты  жетілген  ұрпақ 

дайындауға  міндетті.  Яғни  сабақта  әртүрлі  әдіс  тәсілдерді  пайдалану  керек.  

Қазіргі  оқыту  үрдісінің  негізгі  талабы  -  оқушының  жеке  басын  құрметтей 

отырып,  тиісті  дәрежеде  білім  беру.  Ӛйткені  балалардың  бәрінің  ойлау 

қабілеті  бірдей  емес.  Сондықтан  бұл  мәселеге  психологиялық  әрекет, 

әдістемелік шеберлікпен келу керек. 

Қазіргі  таңда  мемлекеттік  тілді  оқытуда  жаңа  идеялар  әр  сабақта  жан-

жақты  қолданылып,  жаңаша  оқытудың  тиімді  жолдарын  қарастырған.  Оқу 

орыс  тілінде  жүргізілетін  мектептерде  қазақ  тілін  игертуде  оқушылардың 


WWW.ENU.KZ

 

 



ақыл-ой  қабілетін  даму  деңгейін  ӛсіріп  дұрыс  сӛйлеу,  білім  деңгейін 

тереңдету  және  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастырған.  Қазіргі  таңдағы 

еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  ең  басты  міндетті  –  жас  ұрпақтың  білім 

деңгейін  халықаралық  дәрежеге  жеткізу  керектігін  айтқан.  Қазіргі  заман 

ақпаратты  технология  заманы  болғандықтан,  әр  сабағын  интерактивті 

тақтамен  ӛткізіп,  керекті  жаңалықты  интернет  арқылы  алып,  оқушылардың 

білім  деңгейін  жоғарылатуға  кӛп  кӛңіл  бӛлген.  Жас  ұрпақты  ұлттық 

игіліктермен  адамзат  мәдени  мұрасының  сабақтастығын  сақтай  отырып 

тәрбиелеу  және  әрбір  шәкіртті  тұлға  деп  санау,  оның  жан-жақты  дамуына 

мүмкіншілік  жасау  болып  отыр.  Оқушылардың  қазақ  тілінде  ауызекі  тілде 

сӛйлеу  мәдениетінің  дамуы  олардың  тілге  деген  қызығушылықтарының 

артуында. Олар әртүрлі қызықты тапсырмалар мен іскерлік, деңгейлік, ӛздік 

жұмыстар  арқылы  шығарма,  мазмұндама  жазып  пікірлеседі,  ӛз  ойларын 

толық  дұрыс  жеткізуге  білуге  дағдыланады.  Оқу  орыс  тілінде  жүргізілетін 

мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  әдістері  ана  тілін  оқытудан  ӛзгеше.  Ахмет 

Байтұрсынұлы:  «…..  Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  һәм  сондай  болмақшы. 

Яғни,  мұғалім  білімді  болса,  ол  мектептен  кӛбірек  білім  алып  шықпақшы. 

Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика, методикадан 

хабардар,  жақсы  оқыта  білетін  мұғалім»,  –  деп  тегін  айтпаған.  Мұғалім 

әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Сабақта тиімді 

жұмыс  түрлерінің  жан-жақты  орындалуы,  ойластыруы  мұғалімнің 

біліктілігімен  әдістемелік  шеберлігіне  байланысты.  Мемлекеттік  тілдің 

беделін түсірмеу – біздің қазақ тілі мамандарының басты міндеті. 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.Этнопегогика журналы. 2005ж.,№1(48) 

2. Білімдегі жаңалықтар журналы. 2005ж.,№3(48) 

3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.  

4. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы 

5.  Т.  Қ.  Жұмажанова  «Әдебиетті  оқыту  әдістемесі»,  Алмат,  2009  ж 

6.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  //  Қазақстан  мұғалімі.  – 

Алматы, 2009. – 78б. 

7.  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2011  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы». 

8. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық 

негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 ж. – 345 б. 

9. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі.  –Алматы, 2000 

ж. -256 б. 

10.  Қазақ  тілі.  Республикалық  ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық 

журнал. 2006 ж., № 1 (13) 

11. Ана тілі. Ұлт газеті. 2005 ж., №34 (764) 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал