Қазақ тілін оқыту құралдары



жүктеу 82.96 Kb.

Дата04.05.2017
өлшемі82.96 Kb.

Қазақ

 тілін оқыту құралдары 

 

Дидактикалық  принциптердің  бірі  –  оқыту  жүйесінде  көрнекі 

құралдарды  пайдалану.  Мектепте  қазақ  тілін  оқытуға  байланысты  мынадай 

көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық 

көрнекілік  (кесте,  схема),  бейнелеу  көрнекілігі,  иллюстрация  жасау, 

фотоларды  көрсету,  суреттерді  көрсету,  осындай  көрнекіліктермен  қатар, 

техникалық 

құралдарды 

(магнитофон, 

ойнатқыштарды, 

диафильм, 

кинофильм  фрагменттері,  радио,  телевизия,  кодоскоп,    дамытуға  арнайы 

көңіл бөлінеді. 

Демек,  мұғалімнің  түсіндіруімен  қоса,  есту  жəне  көру  үшін 

көрнекіліктер  қолданылады.  Сыныптан  тыс  жұмыстарда  көрнекілікті 

пайдалану  оқушының  ана  тілін  құрметтеуге,  оған  деген  сүйіспеншілігін 

арттырады.  Оқушының  танымдық  қабілетін  жетілдіріп,  өздігінен  жұмыс 

істеуге бағыт береді. 

Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық 

ұғымдарды  немесе  ережелерді  түсінуге  көмектесіп  қана  қоймай,  сондай-ақ 

оқушылардың  пікір  алысуына  да  мүмкіндік  туғызады.  Көрнекі  құрал 

мұғалімнің  сабақта  өткен  материалдарды  қайталау,  жаңа  материалдарды 

түсіндіру,  бекіту  мақсаттарында  қолданылуы  мүмкін.  Сондықтан  да 

көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.  

Қазақ  тілі  сабағында  жиі  қолданылатын  көрнекілік  –  кесте.  Ол  не 

схема,  бұрын  таныс  емес  грамматикалық  материалды  нақты  түсіндіруге, 

сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы. 

Қазақ 


тіліндегі 

кестелер 

мазмұнына 

қарай: 


лексикалық, 

морфологиялық, 

фонетикалық, 

орфографиялық 

жəне 

синтаксистік, 



пунктуациялық  болып  бөлінеді.  Ал  қолдануы  жағынан  –  салыстырмалы, 

сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып бөлінеді. 

Лексикалық  кестелер  сөздің  мағынасын  түсіндіруге,  оқушының  сөздік 

қорын  дамытуға,  лексикадан  ауызша  жəне  жазбаса  жаттығу  жұмыстарын 

жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан əр түрлі 

болады.  Өрнектелуі  жəне  жасалуы  жағынан  кейде  сөздің  тізімі  болуы  да 

мүмкін.  Мысалы,  сөз  жəне  оның  мағынасы,  сөздің  тура  жəне  ауыспалы 

мағынасы,  омонимдер,  синонимдер,  антонимдер,  қазақ  тілінің  сөз  байлығы 

туралы,  басқа  тілден  енген  сөздер,  көнерген  сөздер  (архаизмдер)  мен  жаңа 

сөздер  (неологизмдер),  жалпылама  қолданылатын  сөздер  мен  терминдерге, 

диалект  сөздер  мен  кəсіби  сөздерге,  тұрақты  сөз  тіркестеріне,  мақалдар  мен 

мəтелдерге,  сөздіктер  мен  олардың  түрлеріне  байланысты  мұғалімдер  мен 

əдіскерлердің жасаған кестелері бар. 

Осындай  мақсатта  жасалған  кестелер  оқушылардың  сөздік  қорын 

молайтумен  бірге,  грамматикадан,  орфоэпиядан,  орфографиядан  тіл  дамыту 

жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Фонетикалық  жəне  орфографиялық  кестелер  жазылуы  жəне  айтылуы 

қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Əсіресе фонетика тарауын өткен 

кезде  дыбыстар  жүйесін  саналы  меңгерту  көптеген  ұйымдастыру  жəне 


шығармашылық  жұмыстарды  қажет  етеді.  Мысалы,  фонетиканы  оқытуға 

байланысты жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:  

 

Ұяң

 

дыбыстар

 

Ұяңмен

 

келген

 

сөздер

 

 

Ұяң

 дыбыстармен келген сөйлемдер 

б 

в 



д 

с 

ж 



г 

ғ 



Байлық 

Вагон 


Дала 

Зейін 


Жаппар 

Гүлсім 


Ғұмар 

Аһ, уһ 


Ел байлығы жылдағыдан арта түсті. 

Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді. 

Дала гүлге бөленді. 

Айша сабақты зейін қойып тыңдады. 

Жаппар ағасының сөзін тыңдады. 

Гүлсім оқуға жүріп кетті. 

Ғұмардың жолдасы Павел болатын. 

Аһ, -деп демімді алдым. 

   

Бұл  кестедегі  материал  бойынша  ұяң  дауыссыз  дыбыстардың 



фонетикалық  заңдылықтарын,  ерекшеліктерін  (қатаң  мен  сонор  дауыссыз 

дыбыстарға қарағанда) салыстырып байқайды. 

Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында 

пайдаланылады  дедік.  Мысалы,  сын  есім,  зат  есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік, 

жалғау,  жұрнақ  категорияларын,  сондай-ақ  құрмалас  сөйлемнің  жасалу 

жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді. 

 

Морфологияны оқытуға байланысты кесте. 



 

Қосымша

                                                                 көптік 

сөз тудырушы                                                         тəуелділік 

 

 

Жұрнақ                                                         Жалғау 



 

                                                                            септік 

Сөз түрлендіруші                                               жіктік 

 

Жұрнақ



                                                    

Сөз тудырушы                                           Сөз түрлендіруші 

             

 

 



ім 

ар 


   Біл 

гіш 


айт қан 

 

гір 



қыз 

 

 



тық 

тау 


   бас 

                            қызық 

 

шы 


ырақ 

Сондықтан  бұл  кестенің  құрылысы  ІV  сынып  оқушыларының  жас 

ерекшелігіне  лайықты.  Кестеде  негізгі  мəселе  дараланып  берілген,  яғни 

жұрнақ  жалғанғандағы  өзгеріс  қандай,  жалғау  жалғанғанда  қандай 

айырмашылық  болғанын  оқушының  саналы  түсінуіне  көмектесетінін  көруге 

болады. 

Кесте  –  схема  қазақ  тілі  сабақтарында жиі  пайдаланылады.  Əсіресе  ол 

жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен 

байқауға,  салыстыруға,  белгілі  тілдік  материалдың  көлемімен  таныстыруға, 

абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен əсері бар. 

Қазақ  тілі  əдістемесінде  құрылымдық  схема  –  кестенің  негізін 

жасаушылардың бірі Ш.Əуелбаев. Кестелерден мысал келтірелік. 

Үтір

 қойылатын сөйлем құрылымдары 

 

Бірыңғай бастауыштар 



Бірыңғай баяндауыш 

Талап, ұғым, махаббаттан  

Аспан айқын, ашық. 

               шығады. (Абай.)    

(Ғ.М.) 

 

Талап 



Аспан 

ұғым 


айқын, 

 

ашық 



махаббаттан шығады. 

 

Үтірмен

 ажыратылатын құрмалас сөйлем  

құрылымдары

 

Салалас құрмалас сөйлемдер 

 

а) Ыңғайлас салалас 



    Кілемдей жерім түрленді,  

    қызғалдағым гүлденді. (Ж.Ж.) 

                    жерім                                            қызғалдағым 

кілемдей 

                                     түрленді                    

гүлденді 

 

ə) Іліктес салалас 



    Екі тайым бар: бірі ақ, бірі қара. (Ы.А.) 

 

Екі               тайым                                                               бірі 



                     бар:                                                                  ақ, 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

   бірі 


                                                                                              қара 

 

б) Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас 



    бағыныңқы сөйлем                                 -п, -ып, -іп...басыңқы сөйлем 

                                                                 -а, -е, -и............... 

                                                                 (-қан, -кен) (-дай, дей-) 


   Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. (І.Ж.) 

   Жапырағы 

тал 

   судырлап,                                        сұлуша таранды. 



 

Мұндай  құрылымдық  схема-кесте  арқылы  оқушыларға  қазақ  тілінен 

негізгі  синтаксистік  құрылымдарды  таныту  арқылы  пунктуациялық  білім 

негіздерін жан-жақты меңгеруге болады.  

Мұндай 

схемалармен 



түрлі 

практикалық 

жұмыстар 

жүргізу 


нəтижесінде оқушылар қазақ тіліндегі тыныс белгілері қойылмайтын сөйлем 

құрылымдары  мен  сөйлемдердің  синтаксистік  негізгі  жəне  қосымша 

желілерін, тыныс белгілерін тудырушы түрлі синтаксистік байланыс түрлері 

мен тəсілдерін, сөйлем мүшелерін саналы меңгеретін болады. 

Қазақ  тілі  сабағында  графикалық  көрнекілік  белгілі  орфограммаларды 

дұрыс  жазып  үйрану  үшін  пайдалы.  Мысалы,  жалғау  –  жұрнақ 

жалғанғандағы  өзгерістерді  графикалық  схема  арқылы  көрсетуге  болады. 

Оқушыларға  таныс  тілдік  материалдарды  схема  арқылы  иллюстрация  жасап 

отыру  да  тиімді.  Схема  арқылы  оқушылардың  сөз  немесе  сөз  тіркестерінен 

жіберген қателерін түзетуге болады. 

Кейбір 

грамматикалық 



тақырыптарды 

оқытуға 


байланысты 

динамикалық  көріністі  қолдану  да  пайдалы.  Мысалы,  сөз  тудыру, 

синтаксистік  синонимдер  тақырыбына  байланысты  жылжымалы  кестелерді 

кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Ол мөлдір, жылтыр пленкаға жазылады 

да, кодоскоп арқылы жылжытылып көрсетіледі. Мысалы, бас – бас-шы, бас-

тық, бас-қар-ма, бас-шы-лық. Сөзді осындай түбір арқылы өрбітіп жасалатын 

жылжымалы  динамика  арқылы  көрсету  мұғалімдерге  үлкен  жеңілдік 

жасайды. 

Үлестірме  карточка  да  көрнекіліктің  бір  түріне  жатады.  Бұл  жеке 

оқушымен  жұмыс  істеуге  өте  ыңғайлы.  Əсіресе  суретпен  берілген 

карточкаларды 

«Лексика», 

«Сөз 

құрамы» 


тақырыптарын 

оқытуға 


байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, 

зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді. 

Берілетін  материалдағы  тапсырмалар  суретке  сай  болуы  қажет. 

Мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық жəне пунктуациялық 

дағды  беруге,  тіл  дамытуға  байланысты,  құрмалас  сөйлем  синтаксисін 

қайталау мақсатында қолдану керек. 

Қазақ  тілі  сабағында  сурет  көрнекілігі  де  ерекше  орын  алады.  Бұл 

көбіне  оқушылардың  тілін  дамыту  мақсатында  қолданылады.  Суретке  ат 

қойғызу,  суреттің  астын  оның  мағынасын  жазып  көрсету  оқушылардың 

дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды. 

Қазақ  тілі  сабақтарында  кесте,  альбом,  лото  сияқты  көрнекіліктер  де 

қолданылады.  Бұлар  белгілі  бір  тақырыпқа  (тұтас  қамтитындай)  немесе  бір 

сыныптың  тақырыбын  түгел  қамтитындай  мақсатта  жасалады.  Мысалы,  зат 

есімнен  жан  –жакты  мəлімет  беруге  байланысты  кесте  –  альбом  жасауға 

болады. 

Ал 


лото 

көрнекілігі 

оқушылардың 

орфографиялық 

жəне 

грамматикалық білімдерін бекіту үшін пайдаланылады. 



Оқушылардың  бейнелеу  өнеріне  деген  ықыласын  арттыру  мақсатында 

қазақ  тілі  сабақтарына  открытка  жəне  түрлі  түсті  сериялы  суреттер 

пайдаланылып  жүр.  Открытка  жəне  түрлі  түсті  сериялы  суреттер  сабақты 

қызықты  ұйымдастыруға  ғана  емес,  сондай-ақ  оқушының  белсенділігін 

арттырып,  танымдық  қабілетін  дамытады.  Түрлі  түсті  сериялы  суреттер 

магнит  тақталары  арқылы  көрсетіледі.  Сурет  бойынша  сөйлем  құрату, 

мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді. 

Қазіргі  мектептегі  оқу  –тəрбие  ісінде  мыңдаған  мұғалімдеріміз 

техникалық  құралдарды  өте  орынды  пайдалануда.  Ауылдық  мектептерден 

магнитофон, 

телевизор, 

оқу 


диафильмдері, 

кодоскоп, 

эпидиаскоп, 

грампластинка,  телевизор,  кинопроекторлар,  ЛЭТИ,  СВЕТ-терді  жиі 

кездестіруге болады.  

Мұғалімдер  қазақ  тілі  сабақтарында  диаграммалар,  диафильмдер, 

диапозитивтер, 

магнитофондық 

жазбалар, 

кинофильмдерді 

кеңінен 

пайдалануда. 

Дыбысты 

жазып 


алатын, 

оны 


қайта 

естіртетін 

аппаратты 

(магнитофонды)  қолдану  оқу  процесін жетілдіретін, оқу-тəрбие жұмысының 

сапасын арттыратын жетекші құралдардың бірі деп есептеледі. 

Қазақ  тілі  сабақтарында  магнитофон  мынадай  жұмыс  түрлерінде 

пайдаланылады: дыбыстар мен сөздерді айтуға үйрету, оқушылардың сөйлеу 

дағдыларын  дамыту,  сөздік  қорларын  байыту,  дұрыс  сөйлей  білуге 

жаттықтыру,  өлеңдер  мен  əндерді  жаттату,  фабулалық  мəтіндер  мен 

диалогтарды  тыңдату,  классикалық  жəне  қазіргі  кездегі  музыканың 

граммофондық  немесе  магнитофондық  жазуларын  тыңдату,  сөз  шеберлері, 

аса 


белгілі 

артистердің 

орындауындағы 

мəтіндерді, 

поэтикалық 

шығармаларды  тыңдату,  диафильм,  кинофильмдердің,  мазмұнын  дыбыс 

арқылы  жандандыру  сияқты  жұмыс  түрлері  оқушылардың  өздігінен  білім 

алуына көмектеседі. 

Магнитофон 

қазақ 


тілі 

сабақтарында 

мынадай 

мақсаттарда 

қолданылады: 

магнит 


таспасына 

жазылған 

мəтінді 

қара 


сөзге 

айналдыру,өлеңмен  жазылған  сөздерді  қара  сөзге  айналдыру,  диктор 

тарапынан  оқылған  мəтінге  немесе  сөйлемге  сұрақ  қою,  белгілі  бір 

тақырыпқа  жазылған  мəтінді  магнитафон  арқылы  тыңдап,  оған  жоспар 

құрғыза  отырып,  мазмұндама,  шығарма,  диктант  жұмыстарын  жүргізу, 

сондай-ақ  шығарманың  тіл  ерекшелігін  таныту,  идеялық  мəнін,  мазмұнын 

ашу  мақсатында  үлгілі  мəтіндерді,  көркем  шығарма  үзінділерін  тыңдату 

арқылы тіл дамыту жұмысын ұйымдастыру өте пайдалы. 

«Қазақ  фильм»  киностудиясы  қазақ  тілінде  оқу  диафильмдерін 

шығаруда.  Оқу  диофильмдері  сабақ  процесін  жандандырып,  оқушылардың 

ой-өрісін дамытып, əр түрлі оқиғаларға құрылған əңгімені нақты түсіндіруге 

мүмкіндік жасайды. 

Диафильмді  əр  түрлі  тақырыптарды  оқыту  барысында,  сондай-ақ 

белгілі  бір  жазушының  шығармасын  (тіл  ерекшелігін)  оқытуға  байланысты 

пайдаланады.  Диафильм  сабақтың  əр  кезеңінде:  жаңа  материалды  түсіндіру, 


жаттықтыру,  қайталау,  тіл  дамыту,  мазмұндама,  шығарма  жаздыру 

мақсатында пайдаланылады. 

Кино  –  ғылыми-техникалық  көрнекі  оқу  құралдарының  ең  жетілген 

түрлерінің бірі. 

Қазақ  тілі  сабақтарында  орыс  тіліндегі  кейбір  оқу  фильмдерінің 

үзінділері пайдаланылып жүр. Оқу фильмін пайдалану оқушының ықыласын 

арттырады,  қызықтырады,  ой-өрісін  кеңейтеді,  ауызекі  сөйлеу  тілін 

жетілдіреді. Оқушының сол пəнге деген ықыласын арттырып, көзбен көрген 

нəрселері естерінде ұзақ сақталады. 

Қазақ тілі сабақтарында əмбебап проекциялық аппараттарды пайдалану 

кең жолға қойылып отыр. Солардың бірі – диаскоп. Бұл проекциялық фонарь 

сияқты аппарат. Фотографияға түсірілген суреттерді, схемаларды, кестелерді 

көрсету  үшін  ыңғайлы  құрал.  Қазақ  тілі  сабақтарында  эпидиаскоп  та 

пайдаланылады.  Бұл  құралмен  кез-келген  грамматикалық  тақырыпқа  орай 

схема, кестелерді көрсетуге болады.  

Қазақ 


тілі 

сабағында 

ЛЭТИ, 

«Орбита» 



сияқты 

отандық 


диапроекторларды пайдаланады. Бұл арқылы мұғалім кинофильмнің қажетті 

бөлімдерін көрсете алады.  

Қазақ  тілі  материалдарындағы  кестелер,  схема,  түрлі  суреттерді 

көрсетуде  мұғалімдер  кодоскопты  пайдаланып  жүр.  Сайып  келгенде,  қазақ 

тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің түрі осы сияқты əр алуан. 

Көрнекілік  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  тиімді  деп  те  айтуға  болмайды. 

Сабақта бірнеше  көрнекі  құрал  пайдалану  да  тиімсіз.  Көрнекіліктің мақсаты 

–  оқушыларға  нақты  нəрсені  көрсету  ғана  емес,  нақтылықтан  деректі 

қорытынды  жасауға  үйрету.  Нақтылы  көрнекі  материалды  саналы  түрде 

меңгеру  үшін  қабылданатын  зат  пен  құбылысты  дұрыс  байқау,  талдау 

жасауға  бағыт,  дағды  беріледі,  яғни  оқушы  көрген  нəрсесін  дұрыс  байқай 

отырып,  ең  бастысы  қайсысы  екенін  ажыратуға,  оның  артықшылығын 

байқауға, заңдылықтарды анықтап, одан қорытынды шығаруға үйренетіндей 

мақсат  қойылады.  Демек,  орыстың  əйгілі  педагогы  К.Д.Ушинский 

көрнекіліктің  мəнін  психологиялық  жағынан  терең  зерттеген:  «Бұл  дерексіз 

түйсіктер  мен  сөздерге  емес,  балалар  тікелей  қабылдайтын  нақты  бейнеге 

құрылған  ілім...  нақтыдан  дерексіз,  түйсінуден  ойлауға  қарай  оқыту 

соншалық  табиғи  айқын  психикалық  заңдылыққа  негізделеді»  деді.  Олай 

болса,  көрнекілікті  пайдалану  оқушыны  байқағыштыққа,  оймен  топшылауға 

жаттықтырып,  одан  логикалық  қорытындылар  шығаруға  тəрбиелейді. 

Сөйтіп, сабақ көрнекілігі, жалпы көрнекіліктің ғылыми негізі И.П.Павловтың 

жоғары  дəрежелі  нерв  қызметі  туралы  іліміне  негізделген  психологияда 

түбегейлі зерттелді.  

 

Сұрақтар



 мен тапсырмалар: 

1.

 



Қазақ тілі сабақтарында пай  даланылатын 

көрнекіліктердің 

əдістемелік жағынан қандай тиімділіктері бар? 

2.

 



Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктерді атаңдар. 

3.

 

Техникалық  құралдарды  пайдаланудың  қандай  педагогикалық 



тиімділігі  бар?  Техникалық  құралдардың  түрлерін  қарап,  проекциялық 

аппараттардың пайдалану жолын айтыңыз. 

4.

 

Лексика, 



морфология, 

пунктуацияға 

байланысты 

көрнекі 


құралдың үлгісін жасап көрсетіңіз.  

5.

 



Сабақта  көрнекілікті  пайдалануға  қандай  əдістемелік  талаптар 

қойылады?     

6.

 

Көрнекілік ретінде сынып тақтасының қандай ролі бар? 



7.

 

Қазақ 



тілі 

оқулықтарында 

(IV-VI 

сыныптар) 



берілген 

көрнекіліктерге əдістемелік талдау жасаңыз. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал