Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру ж. М. Нәрікова



жүктеу 42.04 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі42.04 Kb.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Ж.М.Нәрікова  

Орал қ. 

 

«Тегінде,  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  білім,  ар,  мінез  деген  қасиеттермен  озады»  деген 

ұлы Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның 

дамуына,  өзгеруіне  өз  үлесін  қосады.  Осындай  қоғамдық,  әлеуметтік,  мәдени  өзгерістер,  дамулар 

мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған 

жан- жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. 

Кез  келген  оқыту  белгілі  мөлшерде  адамды  дамытады.  Оқушының  адам  ретінде  қалыптасуы 

белсенділік  арқылы  жүзеге  асады.  Жаңа  технологияның  басты  мақсаттарының  бірі  –  баланы  оқыта 

отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. 

Жаңа  әдістерді  пайдалануда  өзіміз  қолданып  жүрген  әдістерді  жаңа  жағдайға  бейімдей 

пайдалануымыз  керек.  Оқушылардың  дүниетанымын,  ойлауын,  болжауын,  өткен  құбылысын 

тұжырымдау,  сенімді  оқытудың  негізгі  зерделік  көрсеткіштерін  қалыптастыру  үшін  сабақтың 

жоспарын  алдын  ала  тиянақты  құрып,  сабақ  барысында  бақылап  отыру  қажет.  Өтілетін  сабақтың 

нәтижесін  мейілінше  жоғары  көрсеткішпен  шығу  үшін  сабақты  бастамас  бұрын  оқушы  қандай 

мәселеге жете көңіл аудару қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі. 

Өтілетін  сабақ  туралы  хабардар  болған  оқушы  одан  көптеген  жаңалықты,  қарастырылатын  құбылыс 

туралы құқықты мәліметтерді күтеді. 

Мұғалім міндеті – оқушының осы үмітін ақтау, оның осы құбылыс туралы маздап жана бастаған 

танымына қажетті бағыт беру. 

Дамыта  оқыту  –  сабақтың  қызықты  да  тартымды  және  тиімді  түрде  өтуінің  арқауы  болып 

табылатын,  алдағы  уақытта  оны  бұдан  да  терең  білім  жолдары  күтіп  тұрғанын  сездіретін  оқытудың 

тиімді әдісі. 

Америка  философы  әрі  педагогі  Джон  Дьюи  «Білім  беру  және  демократия»  атты  еңбегінде 

оқушының өз ой-өрісін, өзінің белсенді еңбегі арқылы меңгергенін ғана есіне сақтап, өмірде қолдана 

алатынын терең дәлелдеді. Л.С.Выготскийдің шет ел әріптесіне қосқан жаңалығы – баланың ойлауын, 

тілін, «жақын зонадағы даму» деңгейін басты нысана етіп алуы және дамыта оқытудың негізін салуды. 

Ал осы мәселелер туралы қазақ педагогтары ХХ ғасыр барысында не дегенін салыстыра көрсек: 

Ресей ғалымдары дамыта оқыту принциптері 

Ұлттық  педагогиканың  негізін  қалаушылардың 

пікірлері 

Білім  даяр  күйінде  берілмеуі  керек,  оқушы 

оған  қауырт  ой  еңбегін  қажет  ететін 

тапсырманы  орындау  арқылы  қол  жеткізгені 

дұрыс 


Оқытудың түп қазығы- еңбек,... өмірдегі сан алуан 

құбылыстарды,  нәрселерді  сол  тақырыптың 

төңірегіне  жинап,  қосып,  түйдектеп,  біріктіріп 

оқыту 


арқылы 

шәкірт 


психологиясына 

орайластыру (Ж.Аймауытов) 

Жаңа  материалды  оқиға  мен  құбылыстарды 

оқушының өз байқауы  және  талдауы  негізінде 

практикадан 

шығатын 


теориялық 

білім 


жетекші роль атқарады 

Баланың  жаратылысы  солай,  ол  көру,есту, 

байқау,ұстау  көру,жасап  көру  секілді  сезімдері 

арқылықабылдайды.  Бір  затпен  таныстырғанда 

осы жолдарды ұстанса – бала білімі берік болады. 

Құр  жаттау  есте  қалмайды.  (М.Жұмабаев 

«Педагогика») 

Таным процесі жоғары өрлеу түрінде түзіледі 

Кішірек  оқушыларға  білімді  молайту,  дамытуға 

күш салса, ...өсіңкірей келе жаңадан жаттай беруге 

емес, 

бар 


білімді 

оймен 


тереңдетуге 

ұмтылады.(М.Жұмабаев) 

Оқыту  жедел  қарқынмен  жүргізеледі.Өткен 

тақырып  жаңа  тақырыпқа,  жаңа  білімге  негіз 

болады 

Балаға білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан 



жатқа  көшіп,  жаңа  білімді  ескі  білімге  байлап 

беру, керек. .(М.Жұмабаев) 

Оқушы  оқу  процесін  ынтасымен  қабылдауы 

шарт.  Сабақтың  әр  кезеңінде  ынтамен  жұмыс 

істеу  оның  неліктен  орындағанын  мұқият 

түсініп отыруына кепіл болады 

«Білімге  ынталанушылық  адам  бойындағы  ой 

еңбегінің  қайнар  көзі,  солардың  көбірек  ашу, 

бөгетсіз  саулатып  ағызу,  өркендету  –  мұғалімнің 

қасиеті болу керек»(Ж.Аймауытов) 

Әрине, қазіргі кезде «баланың даму зонасы» әлдеқайда кеңіді, яғни қазіргі толассыз өсіп жатқан 

ақпараттар ағыны, информация көздерінің көбеюі жас баланың ойлауының жетілуіне үлкен әсер етеді. 

Сондықтан жоғарыдағы идеялардың негізінде білім көлемін тек даяр күйінде меңгерідің орнына білім 

алудың тиімді жолдарын меңгертудің, оны интеграциялаудың маңызы бүгінгі күні дәлелденіп отыр. 



Бағдарлама  бойынша  өткізілетін  сабақ  алдын  ала  өткізілген  сабақтың  материалымен 

байланыстырудан  басталып,  дидактикалық  материалдар  көмегімен  еске  түсіріліп  барып  жүргізіледі. 

Нәтижеде  ол  оқушының  назарын  бірден  сабаққа  белсенді  түрде  араласуына  жағдай  туғызады. 

Қайшылығы  бар  ұсыныстар  мен  сұрақтар  арқылы  проблемалық  жағдайлар  туғызылып,  оның  шешімі 

пікір таластыра отырып,  ақиқатты  іздеумен  жалғастырылады.  Оқушы  оның  мақсатын орындау  әдісін 

ұғып меңгергеннен кейін ғана тақырыптың мазмұнын толығымен ашады. Сонымен бірге тақырыптағы 

осы  сабаққа  дейінгі  жаңа  ұғымдар  мен  атаулардың  мағынасы,  қолдану  аясы  айқындалып, 

оқушылардың  санасында  олар  туралы  түсіністіктің  берік  орнауы  қадағаланады.  Бұл  тақырыпты 

оқушылар тобының қарқынды түрде талданып, бірге орындаудың, ақиқатты бірге енгізудің арқасында 

оқушылардың  санасында  ғылыми  таным  нышандары  қалыптасады,  нәтижесінде  терең  ізденістің, 

білімді өз бетінше игеруге ұмтылудың қажеттігіне көзі жетеді. 

Жаңа  сабақты  түсіндіруге  сабақ  мерзімінің  10-15  минуттық  үлесі  жұмсалатындай  етіп 

жоспарланады.  Қолданбалы  бағдарламаны  пайдаланып,  тақырыптың  мазмұны  соңғы  рет  шолудан 

өткізіліп, қысқа- қысқа дидактикалық материалдан тапсырма беріп, тестік сұрақтар ойластыру арқылы 

оқушылардың  тақырыпты  қаншалықты  түсінгенін  бағалайды.  Қажет  болған  жағдайда  оған  қосымша 

талқылау  ұсынылады,  бұдан  оқушылардың  сабаққа  қызығуы  оянады.  Мұғалім  сабақтың  қызықты 

өтуіне оқушылардың түгелдей дерлік белсенді қатысуын қадағалап отырады. Алғашқы екі- үш сабақты 

орындау барысында құралдармен жұмыс істеуге машықтанып қалғандықтан, олар зерттеу амалдарын 

орындайтын  дәрежеге  жетеді.  Оқушы  өз  ойын  тұжырымдауға,  танымдық  қабілеттерінің    өзгеру 

себебін,  грамматикалық  байланыстарын  анықтауға  бейімделеді.  Сабақтың  10-15  минуты 

шығармашылық барысында жұмыс істеуге кетеді. 2-4 минуты өтілген материалды бекітуге жұмсалады. 

Өтілген сабақты бекіту барысында оқушылардың белсенділігін, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, 

әрбір оқушының жұмысы туралы пікірі сараланып, қаншалықты мағыналы екені бағаланады.  

Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі: 

-

 



Оқушының зейіндік қабілеті артады

-

 



Үлгерімі жоғарлайды; 

-

 



Алған білімінің саналығы ғылыми көзқарасы қалыптасады; 

Бұл  құндылықтар  оқушының  білімділігін  және  білімінің  қаншалықты  тиянақты  болып 

қалыптасқандығын жан- жақты сипаттай алады. 

 

 



 

 

                                                    



 

 

 



           

 

 



                               

 

                                                                                              



                                                                                     

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сонымен қатар, әрбір мәселе бойынша өзіндік пікірі болып, оны қорғай білуі қажет.  



Күтілетін нәтиже: 

-

 



Маңызды білім алады; 

-

 



Дағдылары қалыптасады; 

-

 



Оқушылар жетістікке қол жеткізеді; 

-

 



Шығармашылыққа жетелейді

-

 



Өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді. 

Дамыта оқыту 

технологиясын 

жүргізу 

барысында 

Оқушылардың 

білім дейгейін 

анықтау 


Өтілген 

материалды 

меңгертудің 

деңгейі 


                                                                                     

меңгерту 

деңгейі 

сабақтастыру 

Теориялық 

материалды 

толық меңгерту 

0

20

40

60

80

100

1 кв

2 кв

3 кв

4 кв

Восток

Запад

Север

 

Дидактикалық 



материалды 

қолдану 


Үй тапсырмасын 

орындатуға 

жетелеу 

Өз бетінше 

білімін 

жетілдіруге 

бағыттау 


Дамыта  оқыту  негізінде  оқушылардың  білім  деңгейінің  әрбір  өзгерісін  сабақ  сайын  анықтап 

отыру  –  мұғалім  міндеті.  Сөзіміздің  дәлелі  ретінде  шығыс  даналарының  сөзінде:  «Маған  айтсаң 

ұмытып  қаламын,  көрсетсең  есімде  қалар.  Ал  істеуін  көрсетіп  берші,  үйреніп  аламын».  Яғни,  бұл 

баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. 



 

Әдебиеттер 

1.

 

Қараев Ж. Деңгейлік және саралап оқыту технологиясы. 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал