Қазақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 0.82 Mb.

бет1/9
Дата08.09.2017
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі  тіл, бірі  ділің жүректегі.

              



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС   

       МЕКТЕБІНДЕ 

    

Казахский язык и литература 

                  в русской школе

      РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–

     ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ

  2001 жылдың

  қаңтар айынан      

10/2015   

ҚАЗАН

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     

МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     

САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ

Мұғалімдерге көмек

Г.ҚҰРАҚОВА.                                     Орыс тілді мектепте Абайтануды оқытудың  

 

 



 

      ерекшеліктері.........................................................3



Ғ.ШӘРІПЖАНОВА.                            -Лық, -лік қосымшасы......................................7

А.РАМАЗАНОВА.                             Тірек және белгі үлгілер негізінде қазақ тілі  

 

 



           

      сабақтарында ауызекі сөйлеуге үйретуді 

 

 

                         интенсивтендіру...................................................13



Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

А.АБДРАСИЛОВА.                             Абайдың қара сөздері........................................26

Ойын - ойдың өрісі

Л.АЙТЖАНОВА.                               Грамматикалық ойын-жаттығулар....................30

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Г.НСАНОВА.                                       Сан есім түрлері.................................................36

Б.ӘБІЛМӘЖІНОВА.                         Қазақ халқының салт-дәстүрлері......................40

В.ТАҢАТАРОВА.                                Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану............46

Х.СЕМБАЕВА.                                    Үй жануарлары...................................................51

З.ЖОЛМАНОВА.                                Жазғы саяхат. Үстеу...........................................54

Л.ӘУБӘКІРОВА,

С.МҰХАМЕТЖАНОВА.                  Күз әлеміне саяхат...............................................58

И.ЖАНАЛИЕВА.                              Қыстырма сөздер..................................................65

Н.ТАСТАНБЕКОВА.                         Қарсылықты бағыныңқы сабақтас...................71

А.ХАВДРАШ.                                      Менің мектебім...................................................76

А.СҰЛТАНОВА.                               Қазақстанның табиғаты......................................79

Ә.ЫҚЫЛАСОВА.                             Етістіктің райларын қайталау.............................84

Тиімді әдіс-баршаға ортақ

А.ТЛЕУҒАЗИНА.                              Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын                                                                   

 

 



 

       технологиясын тиімді пайдалану......................89 



Г.БЕРКУТОВА.                                  Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін    

 

 



                          дамыту.................................................................96

 

Сыныптан тыс жұмыс

Г.ХАМЗИНА.                                      «Ханталапай» ойыны.......................................100

Қ.ТЫШТЫБАЕВА.                           «Жұлдызды сәт»...............................................102

А.КАДРУШЕВА.                                 Алтын қақпа.....................................................108

Мұғалім мінбері

Г.САЛИКОВА.                                     Әлем өзгеруімен білім де, ғылым да, 

 

 



                           біз де өзгере міз................................................111

Н.БЕЙСЕМБАЕВА.                          Қазақстанның қалалары...................................140

Білім сынағында

В.СҰЛТАНҚЫЗЫ.                            Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған  

 

 



                          модульдік тест сұрақтары................................114

Н.АРЫНОВА.                                     Тест тапсырмалары...........................................128

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл!

Г.АЛАТАЕВА.                                     Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш зерттеушісі -  

 

 



 

        Шоқан Уәлиханов...........................................139



Бір өлең - бір әлем

Г.МАДИЯРОВА.                                  Қазақ елі..........................................................143

Мұғалімдерге көмек

 Г.ҚҰРАҚОВА,                                                          

№10 «ЖОББМ» КММ.

Семей қаласы



ОРЫС ТІЛДІ  МЕКТЕПТЕ  

АБАЙТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Ұлт тағдыры - ұрпақтан» - дегендей, біздің болашағынан 

үлкен үміт күткен жеткіншек ұрпағымызды бәсекеге қабілетті 

маман, білімді, тәрбиелі адам етіп тәрбиелеу-қазіргі мұғалім 

алдында тұрған үлкен міндет. Қазіргі оқытудың мақсаты тек 

қана  білім  беру  емес,  сол  білімді  өмірде  қолдана  алатын, 

болашаққа  жаңа  көзқараспен  қарай  білетін,  өзгерістерге 

өмір сүруге бейім, ой – толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны 

қалыптастыру.  Бірақ  тарихсыз,  мұрасыз  адам  тәрбиелеу 

мүмкін  емес.  Бұл  жағдайда  мектептегі  «Абайтану»  курсы 

ерекше орын алады. Өйткені ұлы Абайдың шығармашылық 

мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын 

рухани қазынасы. Абайды тану, насихаттау, оқыту – оқушы 

ой-санасында  патриоттық  сезім  туғызып,  мақсаткерлікке 

жұмылдырады. Абайдың тағдыры мен рухани ізденістерінің 

қиыры мен шиырын жіті пайдаланып, дұрыс қорытындылап, 

тәлім тәрбие ала білсек, өткен мен болашақты сабақтастыра 

білсек, болашақтан көп мән мен нәр алар едік.

  Абай  айтқандай  «Атаның  баласы  болма,  адамның 

баласы  бол»,  «Өнер-білімді  ізде,  өнер-білім  дүниенің 

кілті»,  -  деген  ой  қазіргі  уақытта  да  өзінің  өзектілігін 

жоғалтқан жоқ.Сондықтан «Абайтану»— қазақ әдебиеттану 

ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын 

шығармаларының  алғаш  баспасөз  бетінде  жарық  көріп, 

оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз 

жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы 

туралы  ғылыми  мәні  бар  алғашқы  ой-пікірлердің  жарық 

көруі  де  осы  ғасырдың  бас  кезінен  басталады.  Бірақ 

Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері 

соңғы  кезге  дейін  жабық  саналып,  Абайтанудың  алғашқы            



4

5

ақтаңдақ  күйінде  қалып  келді.  Тек  еліміздің  тәуелсіздік  алуы 



жағдайында  ғана  бұл  мәселені  ашық  әңгімелеуге  мүмкіндік 

туды.  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығын  зерттеу, 

тағылым  алу,  бүгінгі  күннің  тұрғысынан  баға  беру,  тану  ісі, 

үрдісі  жалғасып  келеді.  Мұның  бәрі  абайтану  ілімінің  өсіп-

өркендеуіне  өзіндік  үлес  болып  қосылатыны  сөзсіз  құбылыс. 

Мектептегі « Абайтану» курсында Абай Құнанбайұлының:

• 

Қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық 



сипатын;

• 

Ақындық  әлемін,  өлең  өнеріндегі  қайталанбас 



өзгешелігі мен шеберлігін;

• 

Шығыс  пен  Еуропа,  орыс  әдебиеті  классиктерінің 



туындыларымен  жете  танысуын  және  оның  шығармашылық, 

ақындық  өнеріне  игі  ықпалын  тигізіп,  поэзия  мен  қарасөз 

жанрында теңдессіз дүние тудырғанын;

• 

Абай  әдеби  мұрасының,  аудармалар  арқылы  дүние 



жүзіне таралуын;

• 

Абай шығармашылығының қазіргі әдебиетке ықпалын;



• 

Кемеңгер,  ойшыл  Абай  Құнанбайұлы  «Қазақтың  бас 

ақыны» екенін танытуға бағытталған оқыту қолға алынған.

Абайдың  осылай  нағыз  кемеңгерлік  деңгейдегі  еңбегінің 

мазмұнын  ашып,  сырына  қанығу  үшін  ақынның  өмір  сүрген 

заманын, сол кездегі қазақ тілінің орнын, ақын өмірін, заманына 

деген көзқарасын, ақын мәртебесін зерттер сабақтар өткізіліп 

тұрады. Әрине, орыс мектебінде Абайды тану қазақ мектебіндей 

жүре  алмайды.  Оған  себеп,  тіл  мәселесі.  Әзірше  көптеген 

оқушылардың  Абайды  қазақ  тілінде  толық,  көңілдегідей 

тануға  жағдайы  жетпейді.  Бірақ  та  бұл  жағдай  «Абайтану» 

курсының  мақсаттары  мен  міндеттерін  өзгертпейді.  Бұл  курс 

алдындағы  ең  басты  міндет:  қазақ  сөз  өнеріндегі  Абайдың 

орны мен ақындық болмысын тану, Абай шығармаларын оқып-

білудің өзектілігін, ақын өмірінен, туындыларымен таныстыра 

отырып  оқушылардың  ұлттық  танымын  қалыптастыру,  ақын 

идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу. 

Біздің мектепте «Абайтану» курсы 5-сынып және 9-10-сынып 

оқушыларына арналған. Курсқа 9 «А» сыныбынан – 10 адам, 

10  «А»  сыныбынан  –  10  адам  қатысады.  Сабақ  жұмасына  1 

рет  өтеді.  Оқушылар  бұл  сабақтарға  қызыға  қатысады.  Абай 

туралы  әр  түрлі    материалдармен  танысып  отырамыз.  Бұл 

курсты оқытуда күтілетін нәтиже:

а)  Оқушылар  Абай  өмірімен  және  шығырмашылығымен 

танысады.

ә)  Ақынның  өнер  жолы,  туып  –  өскен  ортасы  мен  әдеби 

мектебімен,  қарасөздері  мен  өлеңдерімен,  аудармалары  мен 

поэмаларымен танысады.

б) Абайды насихаттауға, оның өмірі мен шығармашылығы 

туралы айтып бере алуға талпынады. 

в)  Абай  шығармаларын  таныту  арқылы  елжанды, 

халқымыздың әдебиетін, өнерін, мәдениетін, тілін білетін дара 

тұлға қалыптастыру негізделеді.

г) Оқушылардың «Абайтану» курсында дайындық деңгейіне 

қойылатын  талаптарды  білу,  орындау  оқушылардың    Абай 

туралы білімін тереңдетуге көмектеседі. 

Орыс  тілді  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті                                  

сабақтарында  Абай  шығармаларын  талдап  оқуға  арналған 

сағаттар  саны  аз.Сондықтан  Абай  шығармаларын  тереңірек 

оқып-білу  мақсатында  5-сынып  бағдарламасына  1сағат 

«Абайтану» курсы енгізілді. 

Абайтану  ілімі  дәл  қазіргі  заманда  еліміз  рухани  білім 

іздеп,  сусап  тұрған  кезде  аса  қажет.  Абай  шығармалары- 

таптырмайтын тәрбие құралы.

Ұлы  ақын  жан-жақты,  кемел  тәрбиелі  адам  ғана  «толық 

адам» санатына қосылады деп санағаны белгілі. Ал кемелдікке 

жетудің  тура  жолы  –адам  бойында  имандылық  қасиеттерінің 

туындауынан  басталады.  Тәрбиенің  қалған  түрлері- 

адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі –бәрі де осындай 

имандылыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі.

Абайды  осынау  саладағы  идеяларының  ең  мол  көрініс 

тапқан жері- әйгілі өлеңдері мен қара сөздері. Ондағы нақыл 

сөздерді бүгінгі ғылым мен білім деңгейінен қарасақ, Абай ұлы 

ойшыл, педагог, психолог, көріпкел екендігіне көзіміз жетеді.

Сондықтан арнайы курстың негізгі мақсаты – оқушыларды 

Абай  шығармалары  арқылы  сөз  маржанын  тануға  үйрету, 

сөз  өнерін  сүюді,  ұғынуды  олардың  санасына  дарыту.    Абай 

–  халқымыздың  ұлы  ұстазы,  тәлімгер  педагогы.  Оның

            


6

7

Ғ.ШӘРІПЖАНОВА,



Алматы энергетика және байланыс

университетінің доценті, ф.ғ.к.

- ЛЫҚ, -ЛІК ҚОСЫМШАСЫ

 

Қазақ  тілінде  қос  қызметті  деп  аталып  жүрген 



қосымшалар  қатарына  –лық,  -лік  қосымшасы  да 

жатады.  Қазақ  тілі  оқулықтарында  бұл  қосымша  зат 

есім  мен  сын  есім  тудырушы  қосымшалар  қатарында 

қарастырылады.  Ғалымдардың  бір  тобы  бұл 

қосымшаны зат есім құрамында қараса, енді бір тобы 

сын есім тудырушы жұрнақ деп көрсетеді. Үшінші бір 

тобы оны екі сөз табының да құрамында қарастырады. 

Ғалымдардың –лық, -лік қосымшасы туралы пікірлерін 

саралай келе, біз оның зат есім құрамында қарастырылуы 

жиі кездесетінін анықтадық.

 

Сонымен қатар бұл қосымша зат есім мен сын 



есімнің  құрамында  ғана  көрсетіліп  қойған  жоқ,  оның 

форма  тудырушы  қызмет  атқаратын  ерекшеліктері 

де  ғалымдар  еңбектерінде  сөз  болады.  Түркологияда 

біраз  ғалымдар  осы  тұлғаның  екі  қызметін,  яғни,  сөз 

тудырушы  және  форма  тудырушы  қызметін  танып, 

екі функциялы аффикс ретінде қарастырған. Айталық, 

татар  ғалымы  В.Н.Насилов  оны  аралық  тұлға  ретінде 

«аффиксы  включения»  деп  аталатын  қосымшалар 

құрамында 

көрсетсе, 

Ф.А.Ганиев 

«жартылай 

функционалды», М.А.Хабичев «синкретті аффикс» деп 

көрсетеді. 

 

М.А.Хабичев  бұл  тұлғаны  «синкретті»  деп 



атауына  байланысты  мынадай  уәж  айтады:  «К 

синкретическим  продуктивным  аффиксам  относится 

аффикс –лыкь. Параллельное употребление в карачаево-

өлеңдері мен қара сөздерінің ең басты кейіпкерлері –Адам, 

басты мақсаты- адам тәрбиесі. Абайдың  «адам бол», «адал 

бол» деген өсиеттері жас буын тәрбиесіндегі «адамды таны», 

«өзіңді  өзің  таны»  деген  ұсыныстарымен  үндес  келетініне 

назар  аударту,  ізденімпаздыққа,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу, 

жеке тұлғаны қалыптастыруға ұмтылу.

Бұл  курс  бағдарламасында  ақынның  ғылым,  білім, 

өнер  туралы  шығармалары;  еңбек  туралы  айтылған 

сөздері;  адам,  оның  қасиеттері,  қабілеті,  ақылы,  мінез 

құлқы,  іс-әрекеті,  жүріс-тұрысы,  әлеуметтік  жағдайы;-

табиғат  лирикасы  оқытылады.  Оқушылар  әр  сабаққа 

өздігінен дайындалады:оқушы қабілеті бойынша деңгейлік 

тапсырмалар  беріледі.  Бір  оқушы  Абай  өмірі  туралы 

мәлімет жинаса, екіншісі ойтолғау жазады,ал келесі оқушы 

презентация  дайындайды.  «Жидебайға  саяхат»,  «Абайдың 

Семейі»,  “Бөрілі”,  т.б.  презентациялар,  жазылған  реферат, 

ізделінген  мәлімет,  жиналған  материалдар,  қолданылған 

әдебиет  оқушы жадында, мұғалім қорында қалады. 

  Тіл  үйрену  қабілеті  төмен  оқушылардың  өзі  де 

компьютермен  берілген  тапсырмаларды  орындау  арқылы 

сөйлеуге,  ойын  жеткізуге  тырысады.  Әр  ұстаз  Абайдың 

өмірі  мен  шығармашылығын  оқыту  арқылы  оқушыларда 

ұлттық  сана-сезім,  ұлттық  психология  қалыптастырады 

деп жоғарыда атап өттік. Ендеше, Абай шығармаларын тек 

оқып, әсерлену үшін ғана емес, күнделікті өмірде пайдалану  

ауадай  қажет.  Яғни,  Абай  шығармаларын  іс-жүзінде 

пайдалануға, санаға сіңіруге, тәрбиелік мақсатта қолдануға 

әбден  болады.«Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы  — 

халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани 

қазынасы.  Маңызын  жоймау  былай  тұрсын,  заман  өзгеріп, 

қоғамдық  санада  күрт  сапырылыстар  пайда  болған  сайын 

бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, 

қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз 

жеткізді.

                                   

Әдебиет:

1 Қирабаев С.С. «Абайтану ғылымының бел-белестері»; 

2 Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - А., «Атамұра» баспасы, 2011;

3.  Мырзахметов  М.  «Мұхтар  Әуезов  және  абайтану  проблемалары» 

-А., 1989. 

 4 Абайтану тарихы, -А., 1994.



8

9

балкарском языке бурундукъ и бурунлукъ «намордник», 



сандыкъ  и  санлыкъ  «ящик».  С  другой  стороны  в 

карачаево-балкарском  языке  аффикс  –лык,  -лик,  -лук, 



-люк может присоединиться ко всем существительным, 

прилагательным, наречием, числительным, и придают 

им  значение  «материал  такого  же  размера,  столько, 

сколько  будет  соответствовать  предмету  (понятию, 

признаку, количеству). Например: бычаклыкь «столько, 

сколько нужно для изготовления ножа» и др» /1/.

 

Қазақ  тіл  білімінде  –лық,  -лік  қосымшасын  екі 



функциялы деп атаған Қ.Шаяхметов оның зат есім мен 

сын  есім  тудырушы  функциясын  негізгі  функциясы 

деп көрсетеді. Форма тудырушы функциясын мынадай 

сипатта анықтайды: жалқы есімдерге қосылып форма 

тудырушы функция орындайды; есімдіктерге жалғанып 

форма  тудырады;  модаль  сөздерге  қосылып  стильдік 

мақсаттағы дәлдеуші, нақтылаушы рөл атқарады; түрік 

изафетіндегі  тіркестердің  соңғы  сыңарына  қосылып, 

форма  жасайды  (Ат  теріндік  бірдеме  ауларсыздар), 

етістіктің есімше негіздеріне қосылып форма тудырушы 

қызметте  болады  (Одан  бас  тарт  деуіңізді  озбырлық, 

басынғандық, қорлағандық деп білемін) /2/.

 

Ы.Маманов  бұл  тұлғаның  форма  жасаушылық 



қызметіне  кеңінен  тоқталған.  Зат  есімдерге,  сын 

есімдерге, сан есімдерге, етістіктің есімше формалары, 

сонымен  бірге  жер-су,  қала,  адам  аттарын  білдіретін 

жалқы есімдерге түгелдей жалғанады. Бірақ –лық, -лік 

қосымшасы жалғанған зат есімдердің барлығы түгелдей 

тілдің  сөздік  құрамына  енбей,  тек  сөйлеу  кезінде 

қолданылатын сөздік формаға енетінін атап көрсетеді. 

Зат  есімге  –лық,  -лік  қосымшасы  жалғанған  сөздің 

лексикалық бүтін болып қалыптасқан туынды түбір сөз 

немесе  тек  сөйлеу  ішінде  қолданылатын  уақытша  сөз 

екендігін зат есімге тән септік, көптік, тәуелдік, иелік 

формалармен түрлендіру арқылы айырады.

 

Сонымен бірге –лық, -лік қосымшасы жалғанған 



сын есімдердің туынды түбір зат есім немесе сөйлемде 

уақытша  қолданылатын  сын  есімнің  субстантив 

формасы  екендігін  айырудың  басты  өлшемі  олардың 

септік,  көптік  формаларымен  түрлену,  түрленбеуінде 

болатындығын көрсете келе, былай деп жазады: «Егер 

туынды түбір зат есім болатын болса, онда көптік, септік 

формаларымен тікелей түрленеді. Сын есімнен зат есім 

болып  қалыптаспаған  субстантив  форма  сөйлемнен 

тыс  дербес  қолданылмайды  және  септік,  көптік 

формаларымен  түрленбейді.  Олар  тек  ілік  септігімен 

матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамында тәуелді 

формада  қолданылады  (үйдің  аласалығы,  ағаштың 

түзулігі, баланың жылауықтығы) /3/. 

 

-Лық,  -лік  қосымшасының  форма  жасушылық 

қызметі  туралы  Ы.Маманов  былай  деп  тұжырым 

жасайды:  «-Лық,  -лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік 

қосымшасы  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім  және  өткен 

шақ    формасына  түгелдей  жалғанады.  Бір  сөз  табын 

немесе бірнеше сөз табын толық қамту грамматикалық 

форма  тудырушы  морфемаға  тән  қасиет.  Олай  болса, 



-лық,  -лік  қосымшасының  о  бастағы  негізгі  қызметі 

форма  тудырушы  екендігі,  келе-келе  бұл  формадағы 

кейбір сөздердің белгілі бір ұғымда ұдайы қолданылу 

нәтижесінде  мағыналары  нақтыланып,  туынды  түбір 

сөзге айналуы-заңды құбылыс» /3/.

 

Ы.Мамановтың  жоғарыдағы  тұжырымдарын 



басшылыққа  ала  отырып,  А.Жаңабекова  –лық,  -лік 

қосымшасы туралы мынадай пікір айтады: «-лық, -лік 



10

11

қосымшасы  барлық  зат  есімдерге  жалғану  мүмкіндігі 



бар  жұрнақ.  Бірақ  бұл  тұлға  жалғанып  жасалған 

сөздердің барлығы бірдей сөздік құрамға енетін дербес 

лексикалық единица бола алмайды. –Лық, -лік тұлғасы 

жалғанып  жасалған  нақты  зат  атаулары  тілімізде  көп 

емес. Мысалы: инелік, орындық, түндік, кездік, өсімдік, 

сыйлық, базарлық, қалыңдық, т.б. Бұл аталған сөздер, 

әрине, -лық, -лік қосымшасының қатысуымен жасалған 

туынды  сөздер  екендігі  дау  тудырмайды.  Бірақ  бұл 

сөздерді  –лық,  -лік  қосымшасының  сөз  тудырушылық 

қабілетінен  тумаған,  сөзжасамның  синтетикалық 

тәсілінен  гөрі,  семантикалық  тәсілінің  қатысуымен 

жасалған, яғни, мағына дамуының нәтижесінде сөздік 

қалыпқа  жеткен  сөздер  деп  қарауымыз  керек.  Себебі, 

-лық,  -лік  қосымшасы  жалғанған  сөздердің  барлығы 

бірдей дербес сөз бола алмайды, атрибут-анықтауыштық 

мәнде  қалып  қойған  туылымдар  көптеп  кездеседі. 

Мысалы,  үйлік,  көйлектік,  дәптерлік  сияқты,  т.б.  сөз 

формаларын  жоғарыда  берілген  сөздермен  бірқатарда 

алып  қарауға  болмайды.  Бұл  сөздердің  алдыңғы 

сөздерден  құрылымы  жағынан  еш  айырмашылығы 

жоқ.  Бұл  сөздер  алдыңғылардай  сөздік  қорға  енетін 

туынды сөздер емес, сөйлеу үдерісінде  қолданылатын 

сөз  формалары  ғана.  Ы.Маманов  оларды  уақытша 

сөздер  деп  атаған.  Осы  тілдік  фактілерден  –лық,  -лік 

қосымшасы  бір  зат  есім  сөздерге  жалғанғанда  сөз 

тудырады да, екінші бір зат есім сөздерге жалғанғанда 

сөз тудырмайды десек, қандай заңдылыққа сүйенеміз? 

Басқа  сөз  таптарын  қарастырмай-ақ,  бір  сөз  табының 

құрамындағы осындай қайшылықты тұстары –лық, -лік 

қосымшасын басқаша тануға итермелейді» /4/.

 

Ғалым  пікірін  ескерер  болсақ,  жоғарыда 



көрсетілгендей  –лық,  -лік  қосымшасының  тілдік 

табиғаты  әлі  де  толығырақ  зерттеуді  қажет  етеді.  Бұл 

орайда мынадай мәселелердің басы ашылуы тиіс:

 

1)  –лық,  лік  қосымшасы  сөзжасамдық 



қосымшаларға  қойылатын  талаптарға  жауап  бере  ме? 

Яғни, сөзді талғап жалғана ма, әлде талғамай жалғанып, 

грамматикалық абстракция жасай ма?

 

2)  –лық,  -лік  жалғанған  сөзіне  қандай  мағына 



үстейді? Жаңа мағына жасай ма, әлде грамматикалық 

мағына үстей ме?

 

3)–лық, 



-лік 

тұлғалы 


сөздер 

мен  


сөзформаларының  түсіндірме  сөздіктерде    берілу  

дәрежесі    қандай?  Олардың  сөз  таптарына  қатысы 

қалай  көрсетілген?  Олардың  мағыналары  қалай 

ашылған?  Оларды  салыстыра  отырып,    мағыналық  

ерекшеліктерін  анықтау  керек.

 

4) –лық, -лік қосымшасының негізгі функциясы 



қандай? Сөзжасамдық қызметі бірінші ме, әлде форма  

жасаушылық қызметі бірінші ме?

 

5)  –лық,  -лік  қосымшасы  жалғанып  жасалған 



сөздер  сөзжасамның  синтетикалық  тәсілі  арқылы 

жасалған  ба,  әлде  лексика-семантикалық  тәсілдің 

қатысуымен жасалған ба?

 

-Лық,  -лік  қосымшасының  тілдік  табиғаты, 

оның сөзжасамдық ерекшеліктері мен функционалды-

семантикалық  мүмкіндіктері  арнайы  зерттеуді  қажет 

етеді.  Бұл  орайда    -лық,  -лік  қосымшасы  туралы 

айтқан Ы.Маманов пікірлерінің маңызы зор және алда 

жазылатын  зерттеу  жұмыстарына  теориялық  бағыт 

беретіндігі анық.



12

13



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал