Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет8/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-Үлгі:
1. Түркістан қалай аталды?   / Иассы, Шабғар /
2. Көмір қай жерде өндіріледі?   / Қарағандыда /
3. «Адай», «Сарыарқа» кімнің күйлері?     / Құрманғазы /
4. Музыкалық аспапты кім жасайды?     / шебер /
5. «Невада- Семей» қозғалысын кім басқарды?  
О.Сүлейменов /
6. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш?        
Т.Бигельдинов /
7. Халықаралық әйелдер күні?    / 8 наурыз /
8. Қазақтың бұлбұл әншісі?     / Күләш Байсейітова /
9. Мұсылман мәдениетінің орталығы?  / Түркістан /
10. Конституция күні?     / 30 тамыз /
11. Шәкен Айманов кім?      / әртіс, режиссер /
12. Қыста ауа райы қандай?   / суық /
13. Шоқан Уәлиханов кім?    / ғалым, саяхатшы, зерттеуші /
109

14. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?  / түркі /
15. Спорт қай елде пайда болды?    /  Грекия /
16. Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар?  / жұлдыз /
17. Құрманғазы Сағырбаев кім?   / күйші /
18. Асыл тастармен кім жұмыс істейді?    / зергер /
19. Әкенің шешесі кім болады?   / әже /
20. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? / Ш.Айманов/
21. Мизам мейрамы қай кезде болады?    / күзде /
22. Мұқан Төлебаев кім?    / композитор /
23. Тоқтар Әубәкіров кім?    / ҚР тұңғыш ғарышкері /
24. Күріш қайда өсіріледі?    / Қызылордада /
25. Шетелде өнер көрсеткен әнші?    / Әміре Қашаубаев /
26. Қажымұқан кім болды?                / балуан /
27. Конституцияда неше бап бар?         / 98 /
28. «Аз и Я»кітабының авторы кім?   / Олжас Сүлейменов /
29. Шоқан Уәлиханов қай қалада баяндама оқыды?
 /Петербургте/
30. Шоқанның шын аты кім?    / Мұхаммедханафия /
31. Тудың авторы кім?        / Шәкен Ниязбеков /
32. Елтаңбаның авторлары кім?   /Ж.Мәлібеков, Ш. Уәлиханов/
33. Әнұранның авторлары кім?   
/Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев/
34. Тұңғыш роман-эпопея қалай аталады?    /«Абай жолы»/
35. Сидней олимпиадасының чемпионы?  /Бекзат Саттарханов/
3-Үлгі:
1. «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» кімнің әні?  / Әміре Қашаубаев/
2. Медеу қайда орналасқан?   / Алматыда /
3. Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітап? / «Құтадғу білік» /
4. Неше пайыз халық араб алфавитін пайдаланады?  /10 пайыз /
5. Қазақстанның жер көлемі?          / 2,7 шаршы шақырым /
6. Қазақстанда неше облыс бар?     /14 /
7. Күләш Байсейітова кім?   / қазақтың бұлбұл әншісі /
8. Соңғы қоңырау қай айда?      / мамырда /
110

9. Қабанбай батырдың шын аты?     / Ерасыл /
10. Парижде ән салған қазақ әншісі кім?    / Әміре Қашаубаев /
11. Кіші планетаға аты берілген ғалым ?   /Қ. Сәтбаев/
12. Апта сөзі қалай аударылады?      / неделя /
13. Ядролық қаруға қарсы қозғалыс аты?   /«Невада- Семей»/
14. Конституция неше тараудан тұрады?            / 9 /
15. Шахмат қалай аударылады?    / патша өлді /
16. « Полярная звезда» - аудармасы қалай?   / темірқазық /
17.  Әбілхан  Қастеевтің  «Қарындасым»  портреті  қай  өнерге 
жатады?   / графика /
18. Айша бибі кесенесі қай қалада?     / Таразда /
19. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? 
Ы. Алтынсарин /
20. Бір тәулікте неше сағат бар?   / 24 /
21. Елтаңбада қандай жазу бар?   /«Қазақстан»/
22. Олжас Сүлейменов кім?  /ақын, қоғам қайраткері/
23. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен кім?     / Р.Қошқарбаев /
24. «Музыканың ұлы кітабының» авторы кім?  / әл Фараби /
25. Барсакелмес қорығы қайда орналасқан?   / Арал теңізінде /
26. Бала мектепке барғанда жасалатын той? /тілашар/
27. Екі қыз бір-біріне кім болады?   / апалы-сіңлілі /
28. В.В.Радлов кім?       / әйгілі түрколог, зерттеуші /
29. «Гәкку» әні қай операда қолданылған?     / «Қыз Жібек» /
30. Тұңғыш қазақ гроссмейстері?      / Болат Асанов /
31. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болды? 
1992ж. 2 қазан /
32. «Тамыр» деген кім?     / дос /
33. Әкесінің әкесі кім?      / ата /
34. Қазақстанның ең тұщы көлі?   / Марқакөл /
35. Қазақ музыкасын зерттеуші, композитор?  / А.Затаевич /
4-Үлгі:
1. Мереке сөзі қалай аударылады?   / праздник /
2. Ойлауға үйрететін ойын?   / тоғызқұмалақ /
111

3. Кіші жүздің биі?  / Әйтеке би /
4. «Диуани-лұғат-ат-түрк» авторы? /Махмұд Қашқари /
5. «Ленинградтық өрендерім» толғауының авторы?/ Ж.Жабаев/
6. Қазақстанның Швейцариясы?  /Көкшетау, Бурабай/
7. Қазақтың тұңғыш газеті? / «Түркістан уәлаяты»/
8. Дина Нұрпейісованың ұстазы?  / Құрманғазы /
9. Орхон-Енисей жазуларын кім зерттеді? / В.В.Радлов /
10. Ғұбайдолла Айдаровтың неше еңбегі бар? / 250-ден астам /
11. Өскемен қайда орналасқан? / Шығыста /
12. « Түрксіб» суретінің авторы? / Ә. Қастеев /
13. А.Байтұрсынұлы қай газеттің редакторы? / «Қазақ» /
14. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? / 04.06. 1992ж./
15. Абайдың шын аты кім? / Ибраһим /
16. Күнпарақ қалай аударылады? / календарь /
17. Аптаның соңғы күні? / жексенбі /
18. Бала жүре бастағанда қандай той жасайды? / тұсаукесер /
19. Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ азаматы? / Т.Әубәкіров /
20. Е.Брусиловский жазған опера?  / «Қыз Жібек» /
21. Қазақстанда қанша қорық бар?  / 9 /
22. Алғашқы қоңырау қашан соғылады? / қыркүйекте /
23. Сан есім мен екі зат есімнен тұратын жалқы есім? 
Екібастұз /
24. Киіз үйдің бөліктері? / кереге, уық, шаңырақ /
25. Әбілхан Қастеев мұражайы қайда орналасқан? / Алматыда/
26. Қазақстанмен қандай елдер шектеседі?
 / Қытай, Ресей,Өзбекстан. /
27. Астана күні қашан? / 6 шілде /
28. Қаныш Сәтпаевтың қанша еңбегі бар?  / 640- тан астам /
29. Қазақ хандығының билеушісі кім?  / хан /
30. Бейжің олимпиадасының жеңімпаздары?
 / Б.Сәрсекбаев, И.Ильин /
31. Жетісу өлкесінің облыстары?  /Алматы, Талдықорған /
32. Солтүстік аймақ қалалары? 
112

Петропавл, Қостанай, Павлодар /
33. Ш.Қалдаяқовтың ең танымал әні? /«Менің Қазақстаным»/
34. 22- қыркүйек қандай күн?  /Тілдер мерекесі/
35. «Екінші Аристотель» атанған ғалым?  / Әл Фараби /
5-Үлгі:
1. Әбу Насыр әл Фараби туған қала?          / Фараб /
2. Қазақтың ұлттық аспаптары?     / домбыра, қобыз /
3. Әлия Молдағұлова кім болған?       / мерген /
4. Тәуелсіздікті білдіретін нышандар? / елтаңба, ту, әнұран /
5. Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті?                  
Қ. Сәтбаев /
6. Наурыздың ең басты тағамы не?    / наурыз көже /
7. Қазақ-қырғыздың әдеби мұраларын зерттеуші? 
Ш.Уәлиханов /
8. Шәкен Айманов еңбек еткен сала?      / кино /
9. Түркістанның алғашқы атауы?          / Иассы / 
10. Қазақтың тұңғыш журналистері?
 / Е. Абылайханов, Д. Сұлтанғазин /
11. « Пырақ»сөзінің аудармасы? / мифический конь /
12. Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әнші?  
Әміре Қашаубаев /
13. Қазақстанның орналасқан жері?   / Еуразия құрлығында /
14. ХІХ ғасыр басында «Ақмешіт бекінісі» атанған қала?     
  / Қызылорда /
15. Мектеп бітіргенде оқушы қандай білім алады?   / орта /
16. 1925 жылы Парижде ән шырқаған кім?  
Әміре Қашаубаев /
17. Күзден кейін келетін жыл мезгілі?     / қыс /
18. Шабғар деп қай қаланы атаған?      / Түркістан /
19. «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырушы композитор?
Нұрғиса Тілендиев /
20. Еліміздің Ата заңы қашан қабылданды?   / 1995 ж /
21. Алғашқы «Алтын адам » қай жерде табылған?  /Есік обасы/
113

22.  «Екінші Мекке» атанған қала?    / Түркістан /
23. «Жеті Жарғы» заңдар жинағын жазуға кімдер қатысты?
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би /
24. Қазақтың қасиетті күні?    / жұма /
25. Жер бетіндегі тұщы су көлемі қанша?   / 2, 5 /
26. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтары қанша пайыз?
 / 40 пайыз /
27. «Қазақстан-2030» бағдарламасы қашан жарияланды? 
 / 1997 ж. /
28. 1921 жылдан бастап Верный бекінісі қалай аталды? 
/Алматы /
29. Әлия Молдағұлова қайда туған?    /Ақтөбе /
30. Этимология нені зерттейді?   / сөздің шығу төркінін /
31. Синтаксис нені зерттейді?   / сөйлем мүшелерін /
32. Морфология нені зерттейді?    / сөз табын /
33. Фонетика нені зерттейді?     / тіл дыбыстарын /
34. Жоғарғы оқу орнына түсушіні кім дейді?  / талапкер /
35. Абайдың мұражай үйі қайда? /Семей өңіріндегі Жидебайда/
6-Үлгі:
Мақал- мәтелдер.
1. Жаңбырсыз жер - жетім, басшысыз ел - жетім.
2. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.
3. Басқа пәле - тілден.
4. Біреудің сырын білгің келсе, баласынан сұра.
5. Бақ кейде тауып қонады, кейде ауып қонады.
6. Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.
7. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
8. Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір.
9. Еңбек етсең, емерсің.
10. Туған жер – тұғырың.
11. Ел іші – алтын бесік.
12. Тазалық - денсаулық кепілі.
13. Білім – арзан, білу- қымбат.
114

14. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді. 
15. Ер дәулеті – еңбек.
16. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа;
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
17. Тәрбие басы – тіл, өнер алды – тіл.
18. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
     Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
19. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.
20. Әлін білмеген - әлек.
21.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
22. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
23. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл.
24. Ер – елінде, гүл – жерінде.
25. Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.
26. Жеті атасын білмеген – жетесіз.
27. Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
28. Мектеп – кеме, білім – теңіз.
29. Тілге құрмет – елге құрмет.
30. Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
31. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
32. Ердің атын еңбек шығарады.
33. Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер.
34. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
35. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. 
 
115

Күлбарам ҚАЙМАҚОВА,
Қарағанды облысының
Осакаров ауданындағы
Садовое ауылының
№16 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Барлық  пәндер  сияқты  қазақ  тілінен  де  тоқсан  сайын  әр 
жарты  жылдың  соңында  жазбаша  тексеру  жұмыстары  (диктант, 
мазмұндама, бақылау жұмысы, шығарма, тест) өткізіледі. Себебі, 
жүйелі жүргізілген бұл жұмыстар оқушылардың тоқсан бойы, жыл 
бойы  игерген  білімдерінің  нәтижесін  көрсетеді.  Ал  әр  жұмысты 
белгілі  бір  нәтижеге  бағыттау  бүгінгі  күннің  талабы  екенін 
мұғалімдер жақсы білуі тиіс.
Орыс  мектебіндегі  орыс  тілінен,   қазақ  мектебіндегі   қазақ,   
орыс тілдерінен  әр  тоқсан  сайын өткізілетін  жазбаша  тексеру  
жұмыстарының түрлері мен мөлшері оқу бағдарламасында анық 
көрсетілген.  Ал  орыс  мектебіндегі  қазақ  тілі  пәні  бойынша  бұл 
мәселе қарастырылмаған. 
Жазбаша тексеру жұмыстарының түрлері:
Сөздік  диктант.  Оқушылардың  сөздік  қорын,  сауаттылығын 
тексеру  мақсатымен  жүргізілетін  тексеру  жұмысы  сыныптар 
арасында жүйелі түрде өткізіліп тұрса, пайдасы зор. Тек белсенді 
лексикадан тұратын бұл диктанттағы сөз саны сыныптан сыныпқа 
ақылға қонымды мөлшерде көбейе береді. Бастауыш сыныптарда 
тақтаға  қазақша  жазылған  сөздерді  орысшаға  аудару,  кейінірек 
орысша  сөздердің  қазақша  аудармасын  дұрыс  жазғызу.  Орта 
буындарда  қазақша  сөздерді  жатқа  жазғызып,  орысшаға  аударту, 
кейін жатқа оқылған орысша сөздердің қазақша аудармасын қолма-
116

қол жазып беруді талап ету. Жоғары сыныптарда осы жұмыс реті 
бойынша  сөз  тіркестерін  жазғызу,  олармен  сөйлемдер  құрғызу, 
түрлі талдау жұмыстарын беру сияқты т.б. тапсырмаларды қосып, 
сөздік диктантты күрделендіре беруге болады.
Тест.  Ежелден  келе  жатқан  дәстүр  бойынша  оқушының, 
көбінесе,  оқуды  тек  баға  алумен  шектеп,  келешек  мамандығына 
қажет  болатын  дүниелерді  жинап  алуға  аса  көңіл  бөлмейтіндігі 
әлі  де  жиі  кездеседі.  Осындай  көлеңкелі  жағдайларды  өзгерту 
бағытында оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бағалау рейтинг-
тест арқылы іске асырылып жүр.
Тест дегеніміз - оқушының жеке бір немесе бірнеше тақырып 
бойынша алған білімін сұрақтар арқылы бағалау немесе бақылау.
Бүгінгі  таңда  кең  тараған  уақыт  үнемдейтін  және  тексеруге 
өте қолайлы жазбаша бақылау жұмыстарының түрі. Ол орындалу 
формуласына қарай ашық тест, жабық тест, сәйкестендіру тестісі, 
т.б.  болып  аталса,  мазмұны  мен  тексеру  мақсатына  байланысты 
қарым-қатынастық  тест,  грамматикалық  тест,  лексикалық 
тест,  аралас  тест  болып  бөлінеді.  Тест  арқылы  оқушылардың 
тілдік,  танымдық  және  қарым-қатынастық  біліктерінің  деңгейі 
анықталады.  Тест  өткізуде  барлық  оқушыларға  берілген 
тапсырмалар  топ  бойынша  әр  түрлі  болғанмен,  орындалуына 
бірдей талап қойылуы және білімдерін мейлінше әділ бағалауына 
жағдай жасалатындығымен ыңғайлы.
Әр  сыныпқа  байланысты  тест  сұрақтары  беріледі.  Мысалға 
алатын болсақ, 5-сыныпқа арналға тест сұрақтары: 
1. Тәуелдік жалғауы бар сөз бар ма?
а) балалар;
ә) қаламым;
б) ұяға.
2. Жіктік жалғауы бар сөзді табыңыз.
а) көйлегім;
ә) борым;
б) оқушымын.
117

3. Ұяң дауыссыздар қайсысы?
а) к, қ;
ә) ж, з;
б) р, л.
4.  Етістіктің болымсыз түрін тап.
а)  бар;
ә)  барады;
б)  барма.
5.  Абай Құнанбайұлы кім?
а) ақын;
ә) суретші;
б) күйші.
6-сыныпқа арналған тест сұрақтары:
1.  Ұяң дыбысқа біткен қай сөз?
а) намыс; 
ә) әнұран; 
б) елтаңба.
2.  Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз:
а) балаға;
ә) баланың;
б) балалық.
З. Өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз.
 а) -ның, -нің; 
 ә) -ға, -ге;
 б) -ды,-ді.
4.  Абайдың туған жері қалай аталады?
а)  Алматы;
ә)  Көкшетау;
б)  Семей.
5.  Сөйлемді аяқтаңыз: Кітап - жақсы ...
а)  аға;
ә) құрбы;
б) дос.
118

Осылайша   әр   сыныптың  сұрақтары   беріліп, оқушының  
сабақты қаншалықты меңгергенін анықтайды.
Мазмұндама (аудирование). Оқушылардың тыңдап түсінуден 
икем  дағдысын  тексеру  мақсатында  жүргізілетін  мазмұндама 
жазғызу  жұмысы  жеңіл  түрінен  басталып,  күрделі  түрімен 
аяқталады.
Мазмұндама жұмысының түрлері:
Орыс тілді оқушыларға оқылған мәтін мазмұны бойынша
-  орысша сүрақтарға жауап жазу; мәтін мазмұнын орыс тілінде 
жазып беру (5 сынып);
-  қазақша жазылған сұрақтарға қазақ тілінде жауаптар жазу (6- 
7 сыныптар);
-  мазмұнын  қазақ  тілінде  жазып  беру  (8-11  сыныптар) 
тапсырмалары беріледі:
Шығарма. Жазба жұмысының бүл түрі арқылы оқушылардың 
өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізе білу дәрежесі, лексикалық, 
грамматикалық білімдерін қолдана алу деңгейі анықталады. Шағын 
шығарма көрген суретті немесе фильмді, оқыған қызықты әңгімесі, 
барған  экскурсиясы,  өткізген  демалысы,  сүйікті  адамдары,  т.б. 
туралы жазылып, оқушылардың шығармашылық икем-дағдылары 
тексеріледі, танымдық қызығушылығы байқалады.
Бақылау  жұмысы.  Ол  ірі  блокты  тақырыптардан  соң 
немесе  тоқсан  аяғында  оқушы  білімінің  қорытындысын  шығару 
мақсатында  өткізіледі.  Мазмұнына  байланысты  лексикалық, 
грамматикалық  немесе  аралас  бақылау  жұмыс  болып  бөлінеді. 
Осымен қатар әр оқушының оқу жылын қандай біліммен бастап, 
жыл  арасында  ол  білімін  қандай  дәрежеге  көтергенін,  ал  жыл 
соңында оны қандай деңгейге жеткізгенін байқау үшін алғашқы, 
аралық  және  қорытынды  бақылау  жұмыстарын  тек  бір  ғана 
түрінен  жүргізілсе,  нәтижелерін  салыстырып,  оқушы  білімінің 
жоғарылағанын,  төмендегенін  немесе  бір  деңгейде  түрғанын 
анықтауға  болады.  Ал  алғашқы  бақылау  жұмысы  лексикадан, 
аралығы  грамматикадан,  қорытынды  бақылау  жұмысы  -  аралас 
119

түрінен болса, нәтижелерді салыстыру мүмкін болмай қалады.
Жазбаша  тексеру  жұмыстарын  орындау  ұзақтығына  көңіл 
аударсақ, ол жұмыстың мақсатына, мазмұны мен көлеміне, түріне 
байланысты. Көшіріп жазу, сөздік диктант, тест жұмыстарын 15-20 
минутқа да, 40-45 минутқа да шақтап өткізуге болады. Ал шағын 
шығарма,  бақылау  жұмысы  қолайлы  екенін  тәжірибе  дәлелдеп 
отыр.  Жазбаша  жұмыстарының  мөлшері  туралы  сөз  қозғасақ, 
алдымен олардың шамадан тыс көп болып кетуінен сақтану керек 
(11,15).
Жазбаша  жұмыстарының  бұл  мөлшері  оқушылар  жүйесіне 
салмақ  түсірмейтінін  мектеп  тәжірибесі  көрсетеді.  Тек  ол 
жұмыстардың  жүргізілу  ұзақтығы  әр  түрлі  екендігін  үнемі  есте 
сақтау  керек.  Мақсатты  да  жүйелі  жүргізілетін  жазбаша  тексеру 
жұмыстарына  бойлары  үйреніп,  қорқып-үрку,  қобалжу  сияқты 
жағымсыз  сезімдері  азаяды.  Керісінше,  олар  жұмыстың  қажет 
екенін түсініп, әр бақылау, тексеру жұмысын күтіп, білімдерінің 
деңгейі  мен  сапасын  анықтауға  асығады.  Жазба  жұмыстарының 
нәтижелі болуына талпынады.
Сәуле ҚАЙЫРБАЕВА,
Шығыс  Қазақстан облысының
Семей қаласындағы 
№ 30 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА 
ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН 150 СҰРАҚ
 (
9 сынып)
Құрметті  әріптестер!  Өз  іс-тәжірибеммен  бөлісу  мақсатында 
осы жинақталған сұрақтарды сіздерге ұсынып отырмын. Сұрақтар 
орыс мектебінің 5-9-сынып аралығында өтетін барлық лексикалық 
120

тақырыптарды қамтыған. Бұл  сіздерге оқушыларды мемлекеттік 
аралық  бақылауға  дайындауға  азды-көпті  көмегін  тигізер  деп 
ойлаймын.
1. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы. /Ы.Алтынсарин/
2. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала.
 /Түркістан/
3.  Жасынан  ұшқыш  болуды  армандаған  екі  мәрте  Кеңес 
Одағының Батыры.  /T. Бигелдинов/
4. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы.  /Алматы/
5.  Парижде  «Ағаш  аяқ»,  «Жалғыз  арша»  әндерін  орындаған 
әнші.  /Ә. Қашаубаев/
6. Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. /Тәуке/
7. Қазақстандағы ең терең көл.  /Алакөл/                                                  
8.  Рейхстагқа  ең  алғаш  Жеңіс  туын  тіккен  батыр.  /P. 
Қошқарбаев/
9. Қазақстанның оңтүстік шығысында шектесетін ел. /Қытай/
10.  «Музыканың  ұлы  кітабы»  деп  аталатын  еңбекті  жазған 
ғалым.     /әл Фараби/
11. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгіле.
    /Айманов/
12.  «Аз  и  Я»  зерттеу  кітабының  авторы,  белгілі  қоғам                  
қайраткері.   /O. Сүлейменов/
13. Ұлы жүздің төбе биі. /Төле би/
14. Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымы. /B.B.Радлов/
15. Қазақтың батыр қыздары. /M.Мәметова, Ә.Молдағұлова/
16. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы.  /Жетісу/
17. Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдырған адам. 
/Ақсақ Темір/
18. Көмір өндірілетін жер. /Қарағанды/
19. «Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. / К.Байсейітова/
20. Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары. 
/«Сарыарқа», «Адай», т.б /
21. Қабанбай батырдың шын аты.  /Ерасыл/
121

22. «Невада-Семей» қозғалысының басшысы. /О.Сүлейменов/
23. Е.Г.Брусиловскийдің жазған операсы. /«Қыз Жібек»/
24. Қазақстанның ең алғашқы астанасы.  /Орынбор/
25. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы.
 /«Семей-Невада»/
26. Соңғы Конституцияның шыққан жылы.  /1995 ж/
27. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 
/1997 ж/
28. «Казақстан-2030» Жолдауының жарияланған жылы. 
/1997 ж/
29. Латын алфавиті қолданылған жылдар. /1929-1939 ж.ж/
30. Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл.
 /1991 ж/
31. Қазақстан облыстарының саны. /14/
32. Киіз үй неден тұратынын белгіле. /шаңырақ, уық, кереге/
33. Әбілхан Қастеев кім? /суретші/
34. Бауыржан Момышұлы кім?  /батыр, жазушы/
35. Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. 
/құсбегі/
36. Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. /нағашы ата/
37. Көшпелілердің баспанасы. /киіз үй/
38. Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата? /Дина/
39. Тұңғыш қазақ  ғалымы? /Шоқан Уәлиханов/
40. Тіл білімінің негізін салушы?  /A.Байтұрсынұлы/
41. Балалар әдебиетінің негізін салушы?  /Ы.Алтынсарин/
42. Жазба әдебиетінің негізін салушы?  /Абай/
43. Тұңғыш педагог?  /Ы. Алтынсарин/
44. Тұңғыш қазақ балеті?  /«Қалқаман-Мамыр»/
45. Тұңғыш көркем фильм?  /«Амангелді»/
46. Тұңғыш спектакль?  /«Еңлік-Кебек»/
47. Шахматтан халықаралық дәрежедегі гpоссмейстр. 
 /Болат Асанов/
48. Қазақстандағы ең тұщы көл?  /Марқакөл/
122

49. Қалибек Қуанышбаев кім?  /әртіс/
50. Тұңғыш қазақ газеті?  /Түркістан уәлаяты/
51. Семей полигоны қашан жабылды? /1991 ж/
52. Шетелде тұңғыш ән салған әнші?  /Ә. Қашаубаев/
53. Жүз жасаған ақын?  /Жамбыл/
54. Тоқтар Әубәкіровтың туған жері?  /Қарағанды/
55. Шәкен Аймановтың туған жері?  /Павлодар/
56. «Қазақ» газетін шығарған кім?  /А.Байтұрсынұлы/
57. Тұңғыш қазақ оқулығын ата?  /«Қазақ хрестоматиясы»/
58. Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім?  /А.Байтұрсынұлы/
59. Қазақ музыкалық аспаптары нешеге бөлінеді? /4-ке/
60. Тұңғыш қазақ балеті қай жылы қойылды? /1938 ж/
61. Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? 
/Тәуке хан/
62. Алакөл шайқасына қатысқан батыр?  /Қабанбай/
63. Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? /1938 ж/
64. «Отырар сазы» оркестірін ұйымдастырушы? /Н.Тілендиев/
65. Бейнелеу өнерінің негізін салушы? /Ә. Қастеев/
66. Әбділда Ақшораев кім? 
/тоғызқұмалақ ойынынан республика чемпионы/
67. «Алтын Адамды» тапқан кім? /Кемел Ақышев/
68. Спорт алғаш қай елде пайда болды? /Грекия/
69. Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары? /1846-1945 ж.ж/
70. Шоқанның өмір сүрген жылдары?  /1835-1865 ж.ж/
71. Сидней олипиадасының чемпиондары? 
Б.Саттарханов, Е.Ыбырайымов /
72. Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы? / Д.Тұрлыханов /
73. Күрестен олимпиада чемпионы? / Ж.Үшкемпіров /
74. Тұңғыш қорық? / Ақсу-Жабағылы /
75. Қазақстанда неше қорық бар?  /9/
76. Ішекті аспаптарды ата? 
/домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна/
77. Шешендік өнер нешеге бөлінеді? /3-ке/
123

78. Әйтеке бидің шын аты? /Айтық/
79. Шоқанның шын аты?  /Мұхамедханафия/
80. Абайдың шын аты? /Ибраһим/
81. Жеті ырысты ата? 
/ақыл-ой, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит/
82.  Жеті  қазынаны  ата?  /жүйрік  ат,  құмай  тазы,  берен 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал