Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет7/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әлия МҰНТАЕВА,
Рудный қаласындағы
№2 гимназияның 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІН  ЖОҒАРЫ,  САПАЛЫ 
ДЕҢГЕЙДЕ ОҚЫТУДЫҢ  БАСТЫ 
ФАКТОРЫ - ИНТЕРАКТИВТІ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазіргі  кезде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағдарланған 
жаңа  білім  беру  жүйесі  құрылуда.  Заманауи    білім  беру  жүйесі 
мемлекет мәртебесін, оның мәдени деңгейін, ғылымы мен білімі 
жоғары  ел  ретіндегі  халықаралық  беделін  айқындауда  маңызды 
фактор  болып  саналады.  Жаңа  ғасыр:  жаңа  мазмұн,  жаңаша 
көзқарас,  икемді  мінез-құлық,  озық  педагогикалық  менталитетті 
талап етіп отыр. 
Қазіргі  кезеңде  білім  беру  процесіне  жай  ғана  оқушы  емес,  
әлемдік  деңгейде орын алатын түлектерді  дайындауға  мүмкіндік 
беретін  инновациялық  және  интерактивті  технологияларды 
енгізудің    қажеттілігі  күрт  өсіп  отыр.    Сондықтан  өз  бетімен 
білім алу тақырыбымды  «Қазақ тілін  жоғары,  сапалы деңгейде 
оқытудың    басты  факторы  –  интерактивті  технологиялар»  деп 
белгілеп алдым.
Мақсаты:  Интерактивті  технологиялар  және  техникалық 
обьектілердің көмегімен ақпаратты шығармашылықпен жеткізетін, 
материалды  іріктей,  талдай  алатын,  өз  бетінше  ізденетін  жеке 
тұлғаны қалыптастыру және дамыту. 
Міндеттері: 1Интерактивті  технологиялардың мүмкіндіктерін 
жан-жақты ашу; 2. Тақырыптың теориялық   және  практикалық 
тәжірибесін    талдау;  3.  Сабақта  интерактивті  технологиялардың 
қолдану деңгейін  анықтау.

95
Өз  жұмысымда  инновациялық    технологияларды  ертеректен  
қолданып отырмын, бірақ 2007 жылдың сәурінен бастап  мектепте  
шетелдік  PROMETHEAN    International    PASCO  scientific    және 
қазақстандық  NUREKOM  LTD  компаниялары бірігіп  жасаған, 
жалпы  білім  беруге  арналған  интерактивті  оқыту  әдістері    мен 
құрал-жабдықтары орнатылды.. 
Алдымен интерактивті оқыту  әдістері мен құрал-жабдықтары  
неден тұрады екенін анықтап алдым. Олар:
1. ACTIVboard интерактивті тақта.
2. Aktivstudio бағдарламасы.
3. AKTIVvote тестілеуші құрылғысы.
4.  AKTIVSLATE   сымсыз радиобасқарушы құралы.
5. MERITZ  бағдарламасы. 
  Осы  интерактивті  технологиялармен    жұмыс  жасау  бірнеше 
кезеңнен тұрды: 
Теориялық:
-  Бағдарламалық  қамтамассыз  ету  және  құрал-жабдықтармен 
жұмыс  жасау  бойынша    2007  жылы  «Қазақ  тілі  сабақтарында 
MERITZ    бағдарламасын  қолдану»  ,  2009  жылы  «Интерактивті 
технологияларды қолдану мүмкіндіктері» атты  үйретуші курстарға 
қатыстым. 
Практикалық:
Тақырыптық флипчарттар жасау.
- MERITZ  бағдарламасы бойынша жұмыс жасау.
-  МАБ  және  ҰБТ-ге  дайындық  көзі  ретінде  AKTIVvote 
тестілеуші құрылғысын пайдалану.
Мониторинг:
-  Ашық  сабақтар,  шығармашылық  шеберханалар  өткізу, 
тақырыптық жинақтар жасау.
Осы  интерактивті  технологияларды  қолдану  арқылы    мен 
төмендегідей  қорытындыға  келдім:
1.  ACTIVboard    интерактивті  тақтасын  пайдаланып,  
интерактивті    оқытудың    артықшылығы  сол,  сабақ  жоспарлау 

96
барысында  оқытушыға  оқу  жоспарындағы    әрбір    тақырып 
бойынша    қызықты  оқу-танымдық  интерактивті  сабақтарды 
дайындауға мүмкіндік береді;
2.  Мұғалім  қолда  бар  Aktivstudio  бағдарламасының   
дайындамаларын пайдаланып, оларды өздігімен үйде,  өзінің дербес 
компьютерінде немесе оқушылармен бірге  тікелей сабақ үстінде 
құрып алуына болады.  Aktivstudio бағдарламасының  мүмкіндігі  
- кітапхана  қоры  арқылы оқушы өзі  белгілі  тақырыпқа материал 
жасай алады және Microsoft Power Pointті флипчатқа өзгертіп, тек 
демонстрация  ретінде    қолданбай,  суреттерге,  сұрақтарға  қалам, 
маркер,  виртуалды  клавиатураны  пайдаланып  түсіндірме  жасай 
алады. 
3. Сабақ сонында  мұғалім тақырыптың қаншалықты  табысты  
өткендігін  және  материалдың  қаншалықты  меңгерілгендігін   
ұсынылған  жауап нұсқаларының  біреуін таңдап алуға арналған 
алты  кнопкалы  интерактивті  сымсыз    AKTIVvote  тестілеуші 
құрылғысы көмегімен жылдам  тексеріп шығып,  сұралғандардың 
қайсысы  дұрыс,  қайсысы  қате,  қанша  уақытта  жауап  бергенін 
анықтайды, сондай-ақ сұрақ нәтижелерін кесте немесе диаграмма 
режимінде принтерден басып шығара  алады.
4.  AKTIVSLATE  сымсыз  радиобасқарушы  құралы  арқылы 
мұғалім сабақты кабинеттің әр жерінен басқара алады, әр оқушыға 
жеке тапсырма беріп, түзетулер енгізе алады.
5.  MERITZ    бағдарламасы    дайын  сабақтарды  ұсынып  отыр, 
тек  мұғалім  күнтізбелік  жоспар  арқылы  өзіне  бір  жүйе  құрап 
алады.  Бұл    бағдарламада    сөздік  жұмыс,  сөздерді  бекітуге 
арналған жаттығу, сөйлесулер,  қызықты видеоматериал, мәтіндер, 
мәтіндерді қорытуға ұсынылған ойындар, жаттығулар,  ережелер, 
тестілер бар.  Осы бағдарламада ұсынылған ережелер, ережелерді 
бекітуге    арналған  жаттығу  мен  тестілерді  бір    базаға  жүйелеп 
алдым.Мультимедия кабинетінде  әр оқушыға жеке  компьютеріне  
түсіріп,  оқушы    өз  бетімен  ережелерді    қайталап,  тестілерді 
орындап, қателерін түзету арқылы  олардың ҰБТ-ге сапалы

дайындалуына үлкен септігін  тигізді.
Осы интерактивті  технологиялармен жұмыс жасау нәтижелері:
1. Тақырыптық флипчарттар  жасалды.
2.  MERITZ    бағдарламасы  бойынша  мәтіндер,  ережелер, 
жаттығулар базасы құрылды.
3.  МАБ  және  ҰБТ-ге  дайындық  көзі  ретінде  AKTIVvote 
тестілеуші  құрылғысын  пайдалануға  арналған  тақырыптық 
тестілер базасы құрылды.    
Қорытынды.
Интерактивті  технологияларды  қолдануда    бірнеше 
мүмкіндіктер  ашылады.  Мұғалім  үшін:  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
сабақтарында  тақырып  мазмұнын  жан-жақты  ашу  мүмкіндігі, 
оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, сабаққа 
деген қызығушылықтарын арттыру мүмкіндігі. Оқушылар  үшін: 
ізденімпаздық,  дербес  ойлау,  өзіндік  қорытындылау  қабілеттерін 
дамыту  мүмкіндігі,  істелген  жұмысы  үшін  жауапкершілік 
сезімдерін  нығайту  мүмкіндігі,  интерактивті  технологияларды 
қолдануда    шығармашылығын  көрсету  және  өз  білімдері  мен 
дағдыларын практика жүзінде қолдану мүмкіндігі.
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», 2007.
2.  Қазақстан  Республикасында  орта  жалпы  білім  берудің 
12-жылдық  Концепциясы, 2004.
3. Қазақстан Республикасының «Білім беруді  дамытудың 2004-
2015 жж.» тұжырымдамасы, 2004.
4.  Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  тілді  дамыту 
бағдарламасы»
5.  «Мектептегі  ғылыми  жұмыс»  Республикалық  ғылыми-
әдістемелік жұрналы, 2010. №5, №7.
6.  «Білім    беру  мекемесі    басшыларының    анықтамалығы» 
журналы, 2010.
7.  «Управление  современной  школой»,  Республиканский  
научно-методический  журнал, 2009. №3.
97

Әдеби кеш
 
  Айгүл  САДЫҚОВА, 
Семей қаласындағы 
№9 орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
АБАЙ МЕН МҰХТАР
Мақсаты:  Мұхтар  Әуезовтің  Абай  тақырыбын,  оның  өмірі 
мен  өнерінің  мән-мағынасын  бар    ынта-ықыласымен,  асқан 
сүйіспеншілікпен терең зерттегенін көрсету.
1-жүргізуші: - Қош  келдіңіздер,  құрметті   қонақтар!
2-жүргізуші: - Біздің  бүгінгі әдеби кешіміз Ұлы Абай   мен  
Мұхтарға  арналған!  
1-жүргізуші:  -  Қазақ  әдебиеті    тарихында  Абайдан    кейін 
әдебиет      саңлағы,  қазақ    прозасының    негізін  салушы  –Мұхтар  
Әуезов    деп  дөп  басып    айта    аламыз.  Біз    Мұхтарды    жазушы, 
драматург , қоғам  кайраткері, ғалым, академик деп танысақ, бүкіл  
әлем  оны  Абайдың    ізін  жалғастырушы  деп    біледі.  50  жылдық 
тарихты  қамтыған  «Абай    жолы»  эпопеясы  -  әдебиет  әлеміндегі 
баға  жетпес  құндылықтардың  бірі. 
2-жүргізуші: - Бұл күнге  лайық алыпсың,
Ол  күнге  қалай  сыйғансың?!
Бір  өзің – бүкіл  халықсың,
Қалдырмай  бәрін  жиғансың.
Жарылып кете  жаздапты-ау
Жырламай тынсаң жүрегің.
Айтпаған сөзің  аз  қапты-ау,
Бөлек бір туған  кім  едің?!...
Атаның   ұлы  емессің,
(Кешіре жатар Кеңгірбай),
98
 

Халықтың  ұлы  боп  өстің,
«Ибраһим» демей, деді  «Абай».
Абай  десе  Абайсың, 
Абайладың  жан-жақты.
Риза  еттің,  жарайсың,
«Қалың    елің  -  қазақты!».  (Қасым  Аманжолов,  «Абайға  
айтарым»). 
1-жүргізуші: - Атасы  Әуездің  жәрдемімен, бір  жағынан, сол  
кезде  ел  арасына  көп таралған  қиссалар  мен аңыздарды,   өлең-  
жырларды, екінші  жағынан, Абайдың  шығармаларын көп  тыңдап, 
жаттап    өскен    Мұхтардың  бойында  көркем    әдебиетке    деген  
ықылас,  құмарлық   ерте оянды. «Өз  жайымнан  мағлұмат» атты 
өмірбаянында  Мұхтар  Әуезов:  «Қазақ жазушыларынан,  әрине,  
Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен  асым, алған  нәрімнің 
барлығы  да  - Абайдан. Таза  әдебиет сарынына бой  ұрғанда маған  
Абай  деген  сөз қазақ  деген  сөзбен  теңбе-тең түскендей    кездері  
бар  сияқты.  Абайды сүюім үнемі  ақылдан  туған, сыннан  туған 
сүйіс    емес,  кейде    туған    орта,  кір  жуып,  кіндік    кескен    жерді 
сүюмен  бара бар  болатыны  бар»   деп  жазды. 
2-жүргізуші:  -  Қазақтың    әдебиетіне    жан    берген,  сөздің 
сыртын    сырлап,    ішін    түрлеген,    өлеңнен    өрнек    шығарған, 
ақындық пен сыншылдық бірдей дарыған Абай  еді. «Өнер  тап,  
оқы, қарекет  қыл, тәрбие  ал, ынсапты,  адал  бол»  деп  қақсап 
өткен Абай  еді. Халықтың  қамын  же, адам  баласын  бауыр тұт, 
адамшылыққа    қызмет    ет  деген  Абай    болатын,  өмір    жолында  
Абайдың  айтпағаны  аз. Абай - философ, данышпан.
1-жүргізуші: «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында автор 
әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытады. 
Әйелді  қоғамдық  ортаның  ұйтқысы  ретінде  бағалайды.  Әйел 
басындағы  тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні 
күліп қарамайды. Өйткені, адам қоғамындағы адамгершілік – ана 
тәрбиесінің нәтижесі.
2-жүргізуші: М.Әуезовтің  драматургиялық  шығармаларының  
99

қатарында «Абай»  трагедиясы айрықша  орын алады. Бұл  пьеса  
тек    М.Әуезовтің  ғана  айтулы  туындысы  емес,  бесжылдықтар 
дәуіріндегі  жалпы  қазақ  драматургиясының жетістігі.
                                              Абай 
                               ( Либреттодан  үзінді )
Қатысушы  адамдар:
1.  Абай.
2. Айдар.
3. Әзім.
4. Есбай.
5. Нарымбет.
6. Ажар.
7. Қарлығаш.
8. Жиренше.
9. Сырттан.
10. Мес.
Автор: – Жартасты, тоғайлы шатқал. Алысырақта - көл. Жаңа 
туған  ай  сәулесі  су  бетіне  сұлаған.  Жым-жырт  кеште  бар  дүние 
мүлгіп, түн  тыныштығына  бейімдеп  барады….. Кенеттен тастақ 
жолда  тасырлата  шапқан  ат  тұяғы естіледі.
I акт.
1-сурет.
Ажар: – Жар  бола  гөр, Жасаған – ай! 
Айдарым, жаным, қайдасың?!
Айдар (жүгіріп  шығады): Қуғын  жақын
Мертікті  атым!
Ажар: – Сен  қаш, мені-ақ  байласын.
Айдар: – Не  дейсің, жаным?
Тастап  сені  тажалға,
Амандық  сәтін
Қашқын болып  табам  ба?
Одан  да  ажал  алсын!
От  боп  жалған  жансын!
100

Ажар: – Қош,  Айдар, жарым!
Жер тар, жалғыз антым -
Серт, осы - барым,  
Тосамын  тағдыр  артын!
Арман  есте қалсын,
Жаным  бірге  жансын!....
Автор: – Сыртта тарсылдаған  аттылар… Айдар мен Ажарды 
қоршалай жан-жақтан қуғыншылар жүгіріп шығады. Ұйқы-тұйқы 
ұмтылыс. 
Топ  ортасында   Нарымбет, Жиренше,  Мес: – Ұста ! Сой!  
Байла!  (Айдар мен Ажарды  байлатады).
2-сурет.
Жиренше: – Аяма.
Айдар: – Әлсіз қолын байласаң да, Ақ жүрегін байламассың.
Нарымбет: –Доғар, тоқтат тіліңді, өшіремін  үніңді.
Ажар: – Өлсем  Айдар  қасында  өлем.
Нарымбет: – Сал  арқанды  мойнына.
(Айдар  мен  Ажар екеуінің  мойнында  арқан).
Айдар: – Қош, Ажар жаным!
Ажар: – Бақыл бол, жарым!
Нарымбет: –Тарт, сүйрет!
Айдар: – Абай, Абай аға,  қайдасың?
Жиренше: – Сенгенің  құдай  емес, Абай  екен.
Айдар: – Абай!…. Абай  аға!
Мес  жөнеле  береді. Абай  шауып  шығады, қасында  Есбай 
мен Әзім.
Абай: – Тоқтат!
Есбай: – Тоқта!
Абай: –Кес  арқанды! (Есбай  ұмтылады).
Мес: – Тиме  арқанға! Есбай  кесіп  жібереді.
3-сурет.
Айдар: – Абай  аға!....
Ажар: – Қайран аға!
101

Жиренше (Абайға): - Неге  келдің,  не  деп  келдің?
Кім  шақырды  сені  мұнда?
Абай: - Жат  жаза,  жалған  намыс  қостамаймын,
Көпті  алдап , жамандыққа  бастамаймын.
Айыбын  жаза  басса, бірге  тартам,
Айдардай  асыл  бауыр  тастамаймын.
Есбай: – Сал  ағайын  алдына!
Әзім: – Сал  атаның  салтына!
Жиренше (Абайға): - Жауабыңды  айт   ендеше,
Қанды мойын қасымды
Паналатқан  сен  десе,
Төсермісің басыңды?
Абай: - Аяп  қалар  түгім  жоқ
Салдым  қалған  жасымды!
Жиренше: - Жауапкер  Абай    болды  ғой!
Абай: - Болдым, қайтар  жерім  жоқ.
Жиренше: - Жауды  тапқан  мен  болсам,
Ара  түсер  сен  болсаң,
Арманым  жоқ, белдестім.
Кінә  өзіңде  жар  болсаң!
Абай: - Ара  бидің  алдында
Жеңсең  бітер  таласым,
Шеш қолдарын, азат  ет!
Жиренше: - Шеш!
4-сурет (Айдар мен  Ажардың  қолдарын  шешеді).
Абай: – Аядым, аянышпен ара  түстім,              
Жалғыз  жол - адал  жолым  бұрылмаған!
Жау - Абай!  Жалғыз - Абай, жауым - Абай! 
Нарымбет,  Жиренше,  Мес:  -  Жау  -  Абай!    Жалғыз  -  Абай! 
Жауың - Абай!
Жиренше: – Айдарға  өлім. Жауым - Абай!
Әзім: – Болмайды.
Жиренше: – Қорғап  көрсін,
102

Бүгін  ойран  ойнатам,
Аман қалсын өз  басың!
Әзім: - Не тілейсің  менен  өзің?
Жиренше: - Көндіріңдер  Ажарды,
Қайтсын  кеткен  ауылына. 
Айдар  тисін  қолыма,
Айт  аралық  дос  сөзін.
Әзім: - Тыныштық  табамыз  ба?
Жиренше: - Сен  тыныштық  табасың,
Жауласарым  - жалғыз  Абай…
Әзім: – Жалғыз  Абай. (Жиренше  кетеді)
ІІ  акт.
1-сурет.
Халық,  Сырттан,  Жиренше, Әзім,  Абай.
Дауыстар: Тоқта! Әне!
- Шықты билер!
- Абай, әне!
- Сырттан, әне!
Сырттан: - Сөйле, Әзім, кезек ал!
Әзім: - Әніне ерді Айдардың,
Аңсаған жан айыпсыз
Ажардай жан қайда жоқ?
Жиренше: - Ал, айтқаның жөн болсын,
Алданған Ажар жер болсын,
Қайтсын қазір ауылына!
Бірақ Айдар өледі,
Көнбесіне көнеді!
Арқан тағып мойнына,
Өлтіремін сүйретіп,
 Ұл мен қызым көреді.
Сырттан: - Сөйле!.. Бар  ма сөйлер?
Жұрт: - Абайды несіне айтты екен?!
Абай: - Жиренше, өткенге өктеп зар қағасың,
103

Тіріден тамтық қоймай мін тағасың,
Барға қас, жоққа жала жапқан биді 
Білдің бе нәсіл ұрпақ қарғамасын?
Нарымбет: - Барыңды айтып бол,
Найзаменен, шоқпармен
Айтысармын жиып қол!
Абай: – Найзалы жау - оңай  жау,
Сенің жауың ол емес,
Қаранғының - қара тау!
Батыр болсаң соны бас,
Болсын десең есің сау!
Жиреншеге  келейін,
Асырам деп өктеді
Кеңгірбайдың мерейін.
Өлген күні екі жас 
Ессіз таудың басында -
Жөргекте  жылап үні өшкен
Ұлан зарын тыңдаумен
Егілген-ді  қара тас!                               
Еңіреген-ді кәрі-жас!             
Ата-анаңнан сұрашы,
Қарғап па  екен  Кебекті?
Жоқ… Кеңгірбайдан көрген-ді
Барлық бәле себепті. 
Шықпақпысың бүгін сен
Арам құстай қан көксеп,
Қарғыспен алып кезекті?
Ал, Айдар тисін қолыңа,
Сонда шыдап тұрар ма
Мына  отырған халайық?!
Халық: – Шықпақ емес ондай жан,
Ақпақ емес  адал қан…
Айт  білікті, ақсақал.
104

Сырттан: – Сөйлер  бар ма, ағайын?
Халық: – Сөз жоқ.
Сырттан: – Айтылар сөз айтылды.
Сөз аяғы сарқылды!
Уа, Ағайын!
Айттым мына  нарқымды (Абайларға қарап).
- Айыпты ма сол екеу?
Айыбында күмән жоқ,
Айыбын, Абай, тартасың.
Ит те болса өлмесін(Жиреншеге )
Қарғыс алып қара боп,
Шулата алман халқымды!
Жұрт ду етеді (Есбай:  - Уа! Сүйінші!  Сүйінші!)
Халық: – Алдияр, құлдық, қария,
Айдар, Айдар қайдасың?!
Жүгіріседі (Нарымбет, Жиренше, Мес оңаша қалады).
Нарымбет: – «Аталы жауым - Абай» деп
Ант етемін ендеше!
Нарымбет (жанынан у алып): 
– Жан  болмайсың егер де
Мынадан Абай өлмесе!
Жиренше: – Осы-ақ болсын байлауым! 
(У сауытын алып өз қойнына салады).
Тек берік бол!
Нарымбет: - Берік бол, Серт беремін, ант етемін!
III акт.
1-сурет. Той  күні. Қанаттаса  тігілген  үйлер. Бір  жақта  дала  
көрінеді Алыста жайлау. Үйде  Әзім, Жиренше.
Жиренше: – Жетті,  Әзім, жауап  айт,
Уәдең  қайсы  байлаған?
Әзім: – Нені  талап  етесің?
Жиренше: – Аяғын тындыр мынамен! (уды  ұсынады)
Әзім: (алып) – Қандай  сұмдық  айтасың,
105

У берем  бе  Абайға?
Жиренше: – Сұмдық  емес,  шошыма.
Әзім: – Қаңғымаңдар далаға,
Абай  - елдің Абайы.
Бергізбеймін  Абайға,
Енді  қайтып  жолама!
Халық (тыстан  сыймай): – Айдар, шықсын ортаға,
Жырын тыңдай  жиылдық.
Айтсын  әнін  халқына,
Бұлдамасын қолқаға !
Шықсын  Айдар  ортаға!
(Айдар  қозғалады. Әзім  Айдарды  тоқтатады)
Әзім: – Айдар! Аласың  ба  тілімді?
Айдар: – Не  демек  ең,  айта  ғой?
2-сурет.
Әзім: – Айтпа,  тоқтат  жырыңды,
Көрмедің  бе әлгіні,
Тағы  да  жұрт  бүлінді!
Айдар: – Айтам,  Әзім,  бөгеме!
Әзім: – Бар,  ендеше, мейлің,
Ел  намысын  жаралап,
Жат  екенің  білінді.
Көріп жүрсең  қайтесің
Бұзған  үшін дініңді?!
Халық: – Айдар? Қайдасың Айдар!  
Айдар кетеді. 
Әзім: - Кеттің бе аямай асқақ жолға,
Кеттің бе  мені санап әлсіз қорға,
Кеттім бе Абайды ертіп, ата жау боп,
Кеттім де, ал, ендеше, қалың сорға!
(У алып қымыз құяды. Үйге Айдар алқынып кіреді).
Айдар: – Дау айтқам жоқ  жаңа мен, 
Бірақ мынау елді көрші...
106

Сусын! Сусын бар ма?
Әзім: – Мә, қымыз! (Айдар ішеді. Әзім кетеді. Ажар кіреді).
Айдар: – Ажар, жаным! 
(«Айттым сәлем, Қаламқас» әні үнтаспадан беріледі).
3-сурет.
Ажар: – Абай, Абай аға! (Абай мен халық жиналады).
Халық: – У! У! Берілген Айдарға!
Неткен сұмдық!
Елің - досың, Абайжан,
Қасыңдамыз бәріміз.
Абай: – Алыста емес, жау жақын,
Кім бұл, Айдар?
Сырттан: – Асыл Айдар, қарағым,
Жау алыстан алмапты,
Міне, қастық жасаған. (Әзімді нұсқап).
Әзім: – Жалған! Жала!!
Айдар: – Сенбе! Сақ бол осыдан!
Осы лағнет! Осыдан! (Әзімді әкетеді. Айдар өмірі үзіледі).
Ажар: (Жоқтау) – Қош, жазықсыз арыстаным!
Ғазиз жаным арманды,
Жолын жарқын алысқанның
Елі етіп қалғанды!
Жараң жанға жара салды,
Зарын төгер алғаның.
Шер жүрегін жалын шалды,
Қасірет білер қалғанның!
4-сурет. Осы кезде Абай жалғыз күңіреніп далаға кетеді. 
Абай: – Бауырым - жара, сөзім - нала,
Дертпен келем мен бүгін.
Аямас жау мені айнала
Салды салмақ сұмдығын!
107

108
Білім сынағында
Гүлзада КӘРІМОВА, 
     Көкшетау қаласындағы
                    №4 орта мектептің
                    қазақ тілі мұғалімі.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІГЕ 
АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ СҰРАҚТАР
1-Үлгі:
1. Қазақтың тұңғыш балеті?   / Қалқаман –Мамыр /
2. Қазақтың тұңғыш пьесасы?     / Еңлік - Кебек /
3. Қазақтың тұңғыш фильмі?   / Амангелді /
4. Тұңғыш қазақ театры қай қалада болды?   / Қызылорда /
5. Қазақтың тұңғыш театры қай жылы ашылды?   / 1926 ж./
6. Қазақтың тұңғыш ғалымы?    / Ш. Уәлиханов /
7. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы?    / Ә. Қастеев /
8. Ахмет Жұбановтың туған жері?   / Ақтөбе /
9. Қазақтың батыр қыздары?   / Әлия, Мәншүк /
10. Қазақстанның ең терең көлі?   /Алакөл /
11. Дәулет Тұрлыханов кім?   / балуан /
12. Наурыз көже неше тағамнан жасалады?  / жеті /
13. И.В.Панфилов кім?  / Генерал /
14. Отырар қаласы қай облыста орналасқан? 
Оңтүстік Қазақстан /
15. Қазақ фольклорын кім зерттеген?  / В.В.Радлов /
16. Алғашқы астана?   / Орынбор /
17. Тілдер мерекесі қай айда?   / қыркүйекте /
18. Неше жыл мезгілі бар?     / төрт /
19. Отырар қалай аталды?     / Фараб /
20. Тәуелсіздік күні қашан?    / 16 желтоқсан /
21. Шешесінің әкесі кім?       / нағашы ата /
 

22. Жамбыл Жабаев қай жылы туған?      / 1846ж. /
23. Ұлы жүздің биі кім?         / Төле би /
24. Ұлттық валюта қашан қабылданды?     / 1993ж, 15 қараша /
25. Тудың ені, ұзындығы неше метр?   /ені-1, ұзындығы-2 /
26. Әбілда Ақшораев спорттың қай түрінен 6 рет чемпион?
 / тоғызқұмалақ /
27. Киіз үй кімнің баспанасы?   / қазақтың /
28. 1 - мамыр қандай мереке?      
/Қазақстан халқының  бірлігі күні /
29. Шахмат қай елде пайда болды?   / Үнді /
30. Орта жүздің биі кім?    / Қазыбек би /
31. Киімді кім тігеді?    / тігінші /
32. Талғат Бигельдинов кім? 
Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш /
33. Қалибек Қуанышбаев кім?      / әртіс /
34. Талғат Бигельдинов қайда туған?   / Ақмола облысында /
35. Бауыржан Момышұлы кім?  / жауынгер, жазушы/

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал