Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет6/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. «Енесі мен баласы» сайысы. Оқушылар суреттер бойынша 
алма-кезек  тақтаға  шығып,  берілген  сөздердің  астына  тиісті 
суреттерді орналастырады. 
Құлын - бие.
Бөлтірік – қасқыр.
Қозы – қой.
Қонжық – аю.
Бұзау – сиыр.
Бота – түйе.
5.  Капитандар  сайысы.  «Жекпе-жек»  сайысы.  Берілген 
етістіктерден болымсыз етістік жаса. 
Бар, кел, бұр, ал, жүр, көр, кес, жаз, қайт, ойлан.
Қоректен, бол, қу, қаш, ат, тірке, қорға, күт, үз, жырт.
6.  Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды жасалады, 
жеңімпаздар анықталып, бағаланады.
7.  Үйге  тапсырма  беріледі:  «Жануарлар»  тақырыбына 
сөзжұмбақ жасап келу.

79
Бақытгүл ЖАНҒОЖАЕВА,
Павлодар облысының
 Ақсу қаласындағы №7 мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті
 пәнінің мұғалімі.
ОТБАСЫЛЫҚ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫ
Мақсаты:  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру,  сөздік  қорын 
байыту.
Біліктілік: отбасының атауларын қазақша тереңдете меңгерту, 
яғни, ата-дәстүр үрдісіне жол ашу.  
Дамытушылық:  мақал-мәтелдегі  қасиетті  сөздер  арқылы 
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:  ұрпақтан-ұрпаққа  ұласқан  қазақтың  салт-дәстүр, 
тарих, мәдениетіне тереңірек үңілуіне жан-жақты машықтандыру.
Көрнекілік: интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі:  сәлемдесу,  түгелдеу.  Сабаққа 
психологиялық  дайындық.
Жаңа сабақтың мақсатын ашу.
(Грамматикадан салалас құрмалас сөйлемді пысықтау).
Нәресте анадан екі түрлі мінезбен туады.
1.  Біреуі  –  ішсем,  жесем,  ұйықтасам  деп,  себебі,  бұлар  -  тән 
құмары.
2. Екіншісі – білсем, көрсем, естігеннің бәрін сұрап, тыныштық 
көрмейді, өйткені, мұның бәрі - жан құмары. (Абай Құнанбайұлы). 
Сөздікпен жұмыс жүргізу.
Ата – әкенің әкесі.
Әже – әкенің шешесі.
Әке-шеше,  ата-ана  –  дүниеге  ұрпақ  әкелген  ерлі-зайыпты 
адамдар.
Бала – ата-анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады.

80
Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы.
Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана.
Немере – ұлдың баласы.
Шөбере – немеренің баласы.
Жеңге – ағаның әйелі.
Ағайын – бірге туған туыстар.  
Аға,  апа(әпке),  қарындас,  сіңлі  –  бір  әке-шешеден  туған 
немесе  туыстың  балалары,  үлкен  болса  –  аға,  кіші  болса  –  іні
үлкен қыз – апа(әпке), кіші болса – қарындас, қыздар үшін сіңлі 
болады.  
Туыстықтың үш бұтағы. (Көп нүктенің орнына тиісті сөзді 
тауып жаз).
Бабамнан басталар
«Өз жұртым» мыналар:
Ең жақын адамдарым – ......... мен ................. бар.
Әкемнің әкесі –  Ақ басты ........... бар.
Әкемнің шешесі –  Ақ шашты ...... бар. 
Ұлдардың үлкені –  Бір туған ......... бар.
Қыздардың үлкені – Бір туған .......... бар.
Ұлдардың кішісі –  Бір туған ........ бар.
Қыздардың кішісі –  Бір туған ........ (ұл балаға)
Әпкеге .......... бар.
Отбасы туралы мақал мәтелдер.
1. Он үште отау иесі.
В тринадцать лет глава семьи.
2. Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары.
Незнание своей родословной до седьмого колена – следствие 
сиродства.
3. Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Кто  не  знает  своей  родословной  до  седьмого  колена  –  тот 
бестолковый, неразумный.
Білгендерің артық болмас.
Жеті ата: 1. Әке; 2. Бала; 3. Немере; 4. Шөбере; 5. Шөпшек, 

81
6. Немене; 7. Туажат.
(Жеті атаның орнын тап).
Әкеме мен ........
Атама мен ........
Немере баласы болады..............
Шөбере баласы ...........деп аталар.
Шөпшектің баласы ........... саналар.
Немененің баласы .............. деп аталып, 
Осындай ұрпақ жалғасы «Жеті ата» бола алар.
3- тапсырма:
Мына сұрақтарға жауап бер:
1. Отбасында неше адам бар?
2. Олар кімдер? Әрқайсысын жеке-жеке ата.
3. Олардың мамандықтары қандай?
4- тапсырма:
а) мына сөздіктерді пайдаланып,  мақалды аудару. 
ә) Бір мақал-мәтел бойынша әңгіме құрап жазу.
асқар тау – неприступная гора;    жаға – берег;    
бұлақ – родник;                              құрақ – тростиник;
сыншы – критик;                          қу мазар – одинокая могила.
1. Әке – асқар тау.                          3. Әке балаға сыншы.
Ана – бауырыңдағы бұлақ.           4. Балалы үй – базар,
Бала – жағасындағы құрақ.           Баласыз үй – қу мазар. 
2. Әкеге қарап ұл өсер,      
Шешеге қарап қыз өсер.
Сабақты  бекіту:  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркесін  екі  тілде 
қайталап бекіту.
Рефлексия: әр оқушы өз біліміне өзі баға береді.
Үй тапсырмасы: жаңа сөздер мен мақалдарды жаттау.
 

Баян ӘБІЛМӘЖІНОВА,
Петропавл қаласындағы 
№5 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
 пәнінің мұғалімі.
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ - ҚАЗАҚТЫҢ 
ҰЛТТЫҚ АСПАПТАРЫ
Сабақтың мақсаты :
1.  Білімділік:  оқушыларға  мәдениет  пен  ұлттық  аспаптар 
туралы мәлімет  беру,  жинақталған білімдерін пайдалана отырып, 
сөздік қорларын толықтыру.
2.    Дамытушылық:  сөйлеу  тілін  дамыту,  өз  ойын  жеткізе 
білуге  дағдыландыру.
3.  Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін 
арттыру. 
Түрі: жаңа сабақ .
Әдістері:  түсіндіру,  топтық  жұмыс,  өз  бетімен  жұмыс,                                                 
сұрақ-жауап.
1.  Оқушылардың  құзыреттілігін  дамытуын  қолдануда  оқу 
үрдісінің  интерацияға  құрылуында  коммуникативтік  әдістерді 
қолданды. Атап айтқанда:
пікірсайыс әдісін; 
рефлексия негіздеу әдістерін;
сөйлеу мен ойлау;
көрнекілік құралдармен жұмыс әдісі;
шығармашылық білім қалыптастыру тәсілідері қолданылды.
2. Оқушылардың оқу үрдісінде белсенді жұмыс істеу 
формасы. Топ бойынша жеке жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті
Көрнекілік: буклет, портреттер, домбыра, магнитофон, 
музыка.
82

Сабақтың барысы:  
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу , оқушыларға жақсы тілек айту.
2. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.   
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің  кіріспе сөзі:                                                                                                                                            
     - Балалар, біз  бүгін қазақ халқының ұлттық аспаптарымен 
танысамыз.
Буклет арқылы таныстыру.
Қазақ  музыкасы  өз  бастауын  қайдан  алады?  Бізге  жеткен 
аңыз  бойынша,  оның  бастауында  қазақ  музыкасының  атасы, 
қобызды,  домбыраны  дүниеге  келтірген  ұлы  сазгер,  шежіреші, 
ақындардың, сазгерлер мен бақсылардың қамқор пірі, сонау VIII-
IX ғасырлардың шебінде өмір сүрген Қорқыт ата тұрған. Ұлы дала 
содан  кейін  де  көптеген  дарын  иелерін  таныған.  Кең  даладағы 
көшпенді  қазақтардың  қай-қайсысы  да  домбыраның  үніне  жан-
тәнімен  беріліп,  оны  өзінің  бүкіл  асыл  ойы  мен  қазынасындай 
сезінеді.  Қазақ  музыкасының  керемет  білгірі  академик  Ахмет 
Жұбанов домбыра туралы былай деп жазып кетті: «... Кең даланы 
мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыка аспабы 
-  домбыраның  бірде  күмбірлеп,  бірде  тыңк-тыңк  шертілген 
ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей 
83

сыңғырлаған үні ...».
Халықтық  музыкалық  классиканың,  ұлттық  мәдениеттің 
мақтанышы болған өкілдері ― Сүгір Әлиұлы, Тәттімбет, Ықылас, 
т.б.  Олардың  арасында  Құрманғазы  Сағырбаевтың  алатын  орны 
ерекше.  Оның  бір  басында  сазгерлік,  орындаушылық,  ұстаздық, 
бой бермес «бүлікшілік» түгел болды. Ұлы күйшінің өмір сүрген 
кезінің өзінде-ақ оның шығармашылық және адами бейнесі аңызға 
айнала бастаған еді.
Құрманғазының  шығармалары:  «Түрмеден  қашқан»,  «Қызыл 
қайың»  күйлерін  шығарды.  Ол  өзінің  «Түрмеден  қашкан» 
күйін  орындаған  кезде:  «  Мен  бұл  күйді  бостандықты  аңсаған, 
осы  күндерді  күткен,  армандаған  кезде  шығарған  едім»  депті. 
Құрманғазы  күйлерінде  әйелдердің  бейнесі  де  суреттеледі. 
«Назым», «Қайран шешем», «Адай»  сияқты күйлер.
Құрманғазының «Адай»  күйін тыңдау.
-  Балалар,  қандай  белгілі  адамдарды  білесіңдер?  Кім  айтып 
береді? 
1. Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1860)
2. Дина Нұрпейісова (1861 - 1955)
3. Нұрғиса Тілендиев(1925 - 1999 )
Жаңа сөздермен жұмыс:
Ішекті аспап – струнный инструмент:
84

Үрмелі аспап – духовой инструмент.
Дабылды-шулы аспап - тревожно-музыкальный инструмент.
Сарнамалы аспап – заунывный инструмент.
а) мәнерлеп оқу.                                                                                 
ә) дауыстап бірге оқу.                                                                                                   
б) жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.                                                      
 в) жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу.
III. Сабақта алған білімдерін қорыту кезеңі.
1. Топтық жұмыс . 
-  қызығушылықты ояту (сұрақтар қойылуда).
-  әр  шәкірттің  жеке  ерекшелігі  ескеріліп,  шығармашылықпен 
жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі (жауаптар іздеу мәселелері).
Тапсырмалар бойынша оқушылар әңгіменің мазмұнын айтады.
Әр топтан 1-2 оқушыдан мазмұнын айтса, басқа топтан сұрақтар 
қойып, топ мүшелері де жауап бере алады.
«Қобыз»  тобы.  Қобыздың  тарихымен  таныстырады.  Қобыз 
туралы өлеңдер оқылады .
    «Домбыра»  тобы.  Домбыраның  тарихымен  таныстырады. 
Домбыра туралы өлең оқылады. «Домбырасыз ән қайда» өлең.
(Күй тыңдау.)
2. Пікірлесу кезеңі.
      Өз ой-пікірлерін ортаға салады.
      Енді, дауылпаз, жетіген туралы аңыздарды тамашалайық.
  Бірінші оқушы:
                                           ЖЕТІГЕН
Ертеде өмір сүрген бір шалдың жеті ұлы болыпты. Бір жылғы 
жұтта әлгі шалдың қолындағы бар малы қырылады. Суық үйдің 
берекесі кетеді. Киіз үйдің шаңырағына бақытсыздық орнап, жеті 
ұлы бірінен соң бірі өледі.
Өлгеннің  артынан  жоқтау  айтып,  ас  беруге  еш  қаржысы  жоқ 
шал кепкен ағаштан ойып аспап жасапты. Үлкен ұлы өлгенде оған 
ішек  тағып,  тиек  орнатады.  «Қарағым»  деп  атап,  жоқтау  күйін 
тартады. Екінші ұлы өлгенде екінші ішек тағып, «Қанат сынар» 
85

күйін орындайды. Әрбір ұлына арнап «От сөнер», «Бақыт көшті», 
«Күн тұтылды», «Жеті баламнан айырылдым» деген жаңа күйлер 
шығарыпты.  Сөйтіп,  жетігенге  жеті  ішек  тағылатын  болыпты 
дейді аңыз.
  
 Екінші оқушы:
                                   ДАУЫЛПАЗ
       Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарының тұрпаты жағынан көз  
тоқтатарлық көлемді түрі - дауылпаз. Дауылпаз қазақпен көршілес 
көптеген  халықтардың  музыкалық  аспаптар  қорында  бар.  Оны 
туысқан  қырғыз  халқы  доолбас,  әзербайжандар  -  тәбльбаас
ұйғырлар - тевилваз деп айтады.
    
3. Мәтін бойынша сұрақтарғажауап беру.   
      а) қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер ?
      ә) қандай ұлттық  аспапта ойнайсыңдар ?
      б) қандай музыкалық аспаптарды ұнатасыңдар ?
VI. Рефлексия. Оқушылардың сабақ туралы пікірі.  
- Балалар, біз бүгін не білдік? Оқушылардың жауаптары.                                                                                                                                   
Қорытынды.
Бағалау.
86

Педагог пайымы
Гүлжан ҚАЗБЕКОВА,
Астана қаласындағы 
№30 мектеп – гимназияның 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖЕКЕ 
ТҰЛҒА БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Тіл үйренуші тұлға мен ұстаз арасындағы байланыс жеке тұлға 
белсенділігін арттыруға міндетті. Бұл жолда оқу үрдісінің тиімді 
де қарапайым жақтарын пайдалану керек. Мен сабақты: «Сен қазақ 
тілін үйренуің керек, - деген ой тастаудан бастаймын. Сондай-ақ 
әр өзге  ұлт өкіліне:
- Сен  қазақ елінің азаматысың.
- Сенің отансүйгіштігің мемлекеттік тілді білуден бастау алады.
- Сен Қазақстанда тұрасың.
- Сен қазақ тілін білуге міндеттісің.
- Қазақ тілі – сенің екінші ана тілің болуға тиіс.
-  Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  меңгермесең  биікке  қол  жеткізу 
мүмкін  емес,  –  деп  әр  жеке  тұлғаның  таным  белсенділігінің 
дамуына  бағыт  беремін,  ой  тастаймын.  Мұны  түсінген  оқушы 
мұғалімнің әр айтқан сөзін түсініп, үйренуге тырысады. Мұндай 
ой тастауды үнемі қолдану әр жеке тұлғаның бойында, біріншіден, 
патриоттық сезімді оятады, екіншіден, жеке тұлға белсенділікпен 
жұмыс  жүргізуге  әрекет  жасайды.  Бұл  тұста  мұғалім  әрекеті 
-  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  жеке  танымдылық 
белсенділікті дамыту.
Жеке  тұлға  белсенділігі  –  мұғалім  сыныптағы  оқушыларға 
тақырыпты  толық  түсіндіріп  болғаннан  кейін  пайда  болатын 
құбылыс. Себебі: сынып ішіндегі оқушылардың таным белсенділігі 
әр түрлі.
87
 

Жеке тұлға белсенділігінің пайда болу жолдары.
1. Оқушылардың ақпаратты түйсігінде қабылдауынан кейін. 
2.  Қабылдаған  ақпараттың  көмегімен  проблеманы  шешу 
жолында туындаған қиындықтардан кейін.
3. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру кезеңінде. 
4. Өз бетінше әрекет ету кезеңінде.
Қазақ  тілі  сабақтарында  жеке  тұлға  белсенділігін 
арттырудың тиімді жолдары.
Өзге ұлт өкілінің қазақ тілін үйренуі балабақша мен мектептен 
бастау алады. Қоршаған орта дегеніміз – ол  жеке тұлғаның ата-
анасы,  достары,  ол  оқитын  мектеп  ұжымы.  Осы  қоршаған  орта  
жеке тұлға мен мұғалім еңбегіне әсер етеді, яғни, оқушы досымен 
бір ауыз қазақша сөйлессе, оны ешқашан да ұмытпайды. Мектеп 
ұжымы  директордан  бастап,  асханадағы  аспазшы  да,  мектептегі 
дәрігер де қазақша ауызекі тілде сөйлессе, әр оқушы қазақ тілін 
білуге  тырысады.  Қазақ  тілін  білгенін  өзіне  мақтан  етеді.  Осы 
мақсатпен  біздің  №30  мектеп-гимназиясында  «Мен  қазақша 
сөйлеймін» атты кеш өтті. 
Жеке  тұлға  белсенділігін  арттырудағы  ата-ананың 
әрекеті. Бүгінгі таңда өз баласы қазақ тілін білсе екен деген ата-
аналар  қатары  көбейіп  келеді.  Бастауыш  сынып  оқушылары  үй 
тапсырмасын орындау барысында ата-анасынан көмек күтеді. Ата-
анамен  біріге  жұмыс  істеу  мақсатында  әр  жеке  тұлғаның  ереже 
дәптері болады. Бұл дәптерсіз әр оқушы тіл сабақтарында жұмыс 
істеу мүмкін еместігін түсінуі керек. Әрбір жеке түлға үшін бұл 
дәптер  қазақ  тілінен  анықтама  кітапшасы  болып  саналады.  Бұл 
дәптерде:
- Дыбыс жүйесі. Дыбыстың түрлері.
- Буынның түрлері.      
- Үндестік заңы.
- Жалғау түрлері.
- Сөз таптарын ажырату. 
- Тұйық етістік. 
88

- Шақ түрлері.
-  Етістіктің  болымды,  болымсыз  түрлерінің  қолдану 
ерекшеліктері   түсіндіріледі.  Мұны «Жеке тұлғаға қазақ тілін үйрету 
жолындағы грамматикалық жүйелілік»  деп атап өттім. Осы жүйені 
негізге ала отырып, әр оқушы сөз – сөз тіркесі – сөйлемдерді орындап 
береді.  Ата-ана  да  ереже  дәптерінің  көмегімен  баланың  үй 
тапсырмасын  орындаудағы  түсінбеген  тұстарында  көмекке  келе 
алады.  Осылайша  жеке  тұлға  үйде  де,  сыныпта  да  өз  бетінше 
тапсырма  түрлерін  орындай  алады.  Жеке  тұлғаның  білімін 
тексерудің  әдістері  көп.  Соның  бірі  тақтада  жұмыс  жүргізу 
барысында орындаған тапсырмасын ашық ереже дәптерімен өзіне 
тексертемін,  бағалатамын.  Жіберген  қатесіне  ұқсас  тапсырманы 
қайтадан орындатамын. Қатесі аз немесе мүлде болмайды. Оқушы 
миына шабуыл жасап, өз қатесін өзі көрсету әрекетімен мұғалім 
жұмысына  бағыт  береді.  Берілген  тапсырманы  орындауынан 
жеке  тұлға  деңгейіне  дейін  сараптама  жасап  отырамын.  Мұндай 
жүйе  қазақ  тілі  сабақтарында  жеке  тұлға  белсенділігін  арттыру 
жолында өте тиімді. Осылайша жеке тұлға мен мүғалім арасында 
тығыз  байланыс  орнатылады.  Мұғалім  жанашырлығын  сезген 
жеке  тұлға  білмегенін  сұрап  алуға  тырысып,  өз  бетінше  әрекет 
етуге бағытталады. Үлгерімі жақсы оқушылар бір сәтке мұғалім 
рөлін атқарады. Ереже дәптеріне сүйене отырып, оған көмектесе 
алады. Өзара оқыту жеке тұлғаға оқушы мен мұғалім рөлін кезек 
орындауға,  өзара  қарым-қатынастағы  білімін  бекітуге  мүмкіндік 
береді. Өзара көмек нәтижесінде жеке тұлға деңгейі өсіп отырады. 
І  деңгейдегі  тұлға  II  деңгейге,  II  деңгейдегі  тұлға  III  деңгейге 
көтеріледі.  Нәтижесінде  тілдік  құзыреттілік  молайып,  өзара 
қазақша  сөйлесуге  тырысады.  Мұндай  өзара  оқыту  әрекеті  жеке 
тұлға белсенділігін арттыруда өте тиімді.
Жеке тұлға бойында қазақ тіліне деген қызығушылықты 
қалыптастырудағы  ұстаз  шеберлігі  және  ақпаратты 
технологияның әсері.
Қазақ тілін үйрету жолында ақпаратты технологияны пайдалану 
89

90
жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын арттырады. Ақпаратты 
технологияның  көмегімен  жеке  тұлға  танымдық  қиыншылықты 
жеңуге бағыт алады. Мұғалім көмегіне сүйене отырып, біліктілігін 
арттырады.  Осылайша  жеке  тұлға  бәсекеге  қабілетті  тұлғаға 
айналады.  Бәсекеге  қабілетті  тұлға  өзіндік  білім  алу  жолында 
әрекеттенеді.  Жеке  тұлға  белсенділігін  арттыру  жолында  тіл 
маманы:
-  жеке  тұлғаны  қазақ  тілінде  таза  сөйлету  үшін  қалай  оқыту 
керек;
-  оқыту  үрдісінің  тиімділігін  қалай  арттырсам  деген  ізденіс 
үстінде болады.
Мұнда: мұғалім---------оқушы, оқушы---------мұғалім    
    
 
                     педагогикалық-ақпараттық технология
                                          жеке тұлға
Мұндағы  оқушы  -  ортаңғы  сатыдағы  тұлға,  мұғалім  өзін-
өзі жетілдіруші, жеке тұлға - ізденіс үстіндегі тұлға, яғни, менің 
қайтсем  де  қазақ  тілін  үйреніп,  қазақша  сөйлеуім  керек  деген 
ой  жетегіндегі  тұлға.  Осындай  ой  жетегіндегі  жеке  тұлға  үнемі 
ақпараттар технологиясын негізге ала отырып, мұғалім көмегіне 
жүгінеді. Себебі, мұғаліммен қарым-қатынасқа түскен жеке тұлға 
ақпаратты технологиядан алған білімін нақтылай түседі. 

Айнаш ИМАНҒАЛИЕВА,
Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданындағы
Қойшыбек орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ ҒИБРАТЫ
Ұлы  данышпандардың  бірі  –  Абай    атамыздың  кейінгі 
ұрпақтарына  қалдырған  мұрасы  өте  көп.  Абай  өлеңдері  тұнып 
тұрған  тәрбие,  ақыл-ой  десек  те  болады.  Ақынның  «Жасымда  
ғылым бар деп ескермедім»,  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің 
ғибраты,  оқушыға  берер  тәрбиесі  өте  зор.  Мен    мектепте  қазақ 
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, әр кезде оқушы 
санасына Абай өлеңінің маңызын, мәнін түсіндіріп отырамын.
Абайдың    атаған  бес  асыл  ісін  оқушылар  алдында  талдап 
көрсетейін.
Бірінші талап. Қазақта «Талаптыға нұр жауар» деген мақал бар. 
Әрбір адамзаттың өмірде алдына қойған талабы, мақсаты болуы 
керек. Бұған қоса халқымыз «Таудай талап бергенше, бармақтай 
бақ берсін» дейді. Абай өзінің 44-ші қарасөзінде талап жайында 
былай  дейді:  «Адам  баласының  ең  жаманы  –  талапсыз.  Талап 
қылушылар да неше түрлі болады. Талаптың өзі де түрлі-түрлі 
Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де  бірінен-бірі 
өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я  талапты, 
я  талапсыз  болсын,  әйтеуір  «бәрекелдіні  керек  қылмайтұғыны 
болмайды  әрнешік,  орынсыз  ба,  орынды  ма»  бәрекелді  деуміші 
көңіл іздеп тұрады...
Талаптың  ішінде  адам  баласы  көбінесе    басына  кәдір  іздеп, 
сол  талапта  болады.  Біреуі  мал  қуып  жатыр.  Сараңдықпен, 
арамдықпен,әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» 
дейтұғын,  «Малдының  беті  жарық»  дейтұғын,  мақалға  сеніп, 
халықтың  түріне қарай, ит тек болса, малдыны сөге алмайды 
91

92
деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы 
рас, қазақтың өз құлқына қарағанда, көңіл жиіркендіретұғын іс...
Қазақтың  бетіне  қарап,  содан  оқыған  болса,  ол  талабыңды 
қыла бер, көкіректі дым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, 
ішінде  қатпар  көп  болмаса,  құт-берекеге  жағымды  болмайды 
дейді.  Енді  осыған  қарап  қайдан  оқып,  ұмтылған  талап  екенін 
білерсің.»
Міне,  оқушы  осы  қағиданы  оқып-үйрену  арқылы  сана  - 
сезімде  талаптың  құдіреттілігін  сезінеді.  Оның  өміршеңдігін 
түсінеді. 
Екінші - еңбек. 2-ші қарасөзінде қазаққа көршілес жатқан өзбек, 
татар, ноғай, орыс халқынан шаруа жасауды, еңбек етуді үйрен дей 
отырып, Абай «Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, 
салтанат, әсем де соларда, үйрен» деп терең өсиет айтады. 
Еңбектің  адам  өміріндегі  атқаратын  рөлін  ақын  жеткізе 
түсіндіреді.
Үшіншісі – терең ой. Адамның қоршаған ортадағы жан-жануар, 
құстардан айырмашылығы – оның ой - өрісі, сөйлеуі «Өнер алды – 
қызыл тіл» деп Абай анық, дәл басып айтып тұр. «Басында ми жоқ, 
өзінде ой жоқ» деп ақын дәл айта білген. 
«Адамның  адамшылығы  істі  бастағандығынан  білінеді, 
алайда бітіргендігінен емес.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Бақпен  асқан  патшадан  мимен  асқан  қара  артық:  сақалын 
сатқан  кәріден  еңбегін  сатқан  бала  артық»,  -    деп  ақын  37-ші  
қарасөзінде шынайы көрсете білген.
Төртіншісі – қанағат.
Бұл  туралы  ақын  15-ші,  17-ші,  18-ші,  19-шы    қарасөздерінде 
дәлелдеп берген.
Мысалы,  18-ші  қарасөзінде:  «Адам  баласында  жыртықсыз, 
кірсіз сыпайы киініп Һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, 
таза киюі - дұрыс іс. Өз дәулетінен артық киінбек не киімі артық 
болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің 

93
ісі», - дейді.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: Бірі- бет пішінін, сақал – 
мұртын,  жүрісін,  қас-қабағын  қолдан  түзеп,  шынтағын  көтеріп, 
қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі – атын, киімін, «айран ішерін» 
деп,  солардың  арқасында  сыпайы,  жұғымды  жігіт  атанбаққа, 
өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың ішін кердіріп, өзінен 
кейінгіге «Әттең дүние- ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей 
киім кигеннің не арманы бар екен?»  дейтұғын болмаққа ойланбақ. 
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. 
Мұны  адам  бір  ойламасын,  егер  де  бір  ойласа  қайта  адам 
болмағы - қиын іс....
Бесіншісі – рақым.  Қазақта Рақым, Рақман, Рақымжан есімді 
адам  есімдері  жиі  кездеседі.  Бұл  есімдердің  берілуі  тегін  емес. 
Оған тағы да Абай сөзі дәлел бола алады. Абай 17–ші қарасөзінде  
былай  депті:  –  Қайрат,  ақыл,  жүрек  үшеуі  өнерлерін  айтысып, 
таласып келіп, ғалымға жүгініпті. Сонда ғалым: 
-  Осы  үшеуің  бір  кісідей  менің  айтқанымдай  табылсаңдар, 
табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің 
ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды 
таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың 
айтқаны осы депті.
Рақымшылық  жасау  -  әркімнің  қолынан  келе  бермейтін  іс. 
Рақымшылық  - тек өзіне ғана емес, алыс пен жақынға, үлкен мен 
кішіге, жас пен кәріге, еркек пен әйелге жасайтын қайырымдылық. 
Оның астарында жүрек жылуы мен шынайы сезім жатыр. Адамға 
көмектесу, жәрдемдесу, яғни, қол ұшын беру – рақымшылықтың 
белгісі. Ендеше:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым - ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз,- деп ұлы ақын айтқандай, біздің болашақ 
ұрпағымыз осы асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершіліктің 
кәусар суымен сусындап, халқының баласы болып өсе берсе екен 
деймін.

94

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал