Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет5/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

үстел, орындық бар.
VІІ.  Мәнерлеп  оқу  дағдысын  тексеру  мақсатында  «Кезекші» 
атты өлеңді оқыту.
VІІІ. Жазба жұмысы.
4-тапсырма. Оқушылар сыныпқа кірді. Болат партаға отырды. 
Ол  сөмкесін  ашты.  Сөмкесінен  күнделік,  кітап,  дәптер,  қалам 
алды. Әлия тақтаға шықты. Сабақ қызықты өтті.
62

ІХ. Мақал-мәтел айту. 5-тапсырмадағы мақалмен ауызша және 
жазбаша жұмыс жүргізу.
Х. Кім зерек? Сөйлем құрап үйрету.
Кезекші.
Антон – кезекші.
Антон – бүгін кезекші.
Антон – сыныпта кезекші.
ХІ. Сөзжұмбақтар шешу, кластер құру, есте сақтау 
қабілетін тексеру мақсатында сынақ өткізу.
ү
т
с
қ
к
к
с
а
ө
а
і
ү
т
қ
м
л
т
н
е
т
к
а
а
д
л
а
е
м
п
е
қ
л
а
і
с
к
1). Ү дыбысы.                            2). Әріп сөзжұмбағы.
 1) Баланың аты – Үсен.                1) Стол.
 2) Түн құсы – Үкі.                         2)  Доска.
 3) Сан атауы – үш.                        3) Сумка.
 4) Кішкентай үй – үйшік.             4) Ручка.
 5) Үй құсы – үйрек.                      5) Книга.
                                                     6) Дневник.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Кезекші» өлеңін жаттау. 
63

Аяужан КАРБОЗОВА,
Астана қаласындағы
№27 мектеп-лицейдің
 қазақ тілі және әдебиеті
 пәнінің мұғалімі.
ТІЛ ҮЙРЕТКЕН САЗ ӨНЕРІ
(9-сынып
)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  оқушылардың  өткен 
тақырыптар  бойынша  игерген  білімін  еске  түсіру,  жинақтау, 
пысықтау;  дамытушылық  -  тілді  үйрену  белсенділігін  арттыру, 
ойлау, еске сақтау қабілеттерінің дамуына жол ашу; тәрбиелік - 
ұлттық музыка туындылары мен музыка аспаптарына танымдық 
түсіну,  сүйсіну  сезімдерін  ояту  арқылы  эстетикалық,  ұлттық 
тәрбие беру. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, көрме, 
фишка. 
Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиет, информатика.
Әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау жобасы, топтық.
Түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: 
 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Күй ойнап тұрады. 
Сәлемдесу. 
Мұғалім  сабақтың  барысын,  мақсаты  мен  міндеттерін  айтып 
өтеді, топтар таныстырылады.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Домбыра мен қобыз туралы аңыз. 
3. Сайыс кезеңі.
- Домбыра, мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап, ғасырлардан жөнелесің,
64

Саусағым тиіп кетсе, ішегіңе, – деп Қ.Аманжолов жырлағандай, 
домбыра  -  халқымыздың  сан  ғасырдан  бері  келе  жатқан  асыл 
мұрасы.  Бүгінгі  қорытындылау  сабағымыздың  тақырыбын  мына 
сөзжұмбақты шешу арқылы ашайық.
Сөзжұмбақ. 
1)  Құрмалас сөйлемнің түрі.
2)  Құрманғазының шәкірті.
3)  Ішекті аспап түрі. 
4)  Өмірде мәңгілік не?
5)  Алматыда туған сазгер, дирижер.
6)  Құрманғазының алғашқы күйі.
7)  Қобыздың атасы.
8)  Дәулеткерей кім?
-  Кілт  сөз  –  «Саз  өнері».  Яғни,  сабағымыздың  тақырыбы 
ашылды. 
Интерактивті  тақтамен  жұмыс.  Слайд.  Қазақ  музыка 
аспаптарының  түрлері.  Оқушылар  аспаптар  туралы  қысқаша 
мәлімет айтады. 
Мұғалім:  -  Балалар,  не  себепті  аспап  жетіген  деп  аталады? 
(жетіген туралы аңыз айтылады)
- Жетігеннің тиегі неден жасалған? (асықтан)
65
 
 
 
 
 
 С 
 а  л   а  
л 
 а  с   
  
Д  
и  
н  
 А 
қ  
 о 
б  
 ы 
 З 
  
  
  
  
 Ө   н  е    р 
  
  
  
  
 Н 
ұ   р  
ғ 
и  
с 
 а 
 к 
 і 
ш 
к  
 Е 
н    т 
а 
 й 
  
  
 Қ 
 о 
 Р 
 қ   ы   т 
 к 
ү  
й  
 ш 
 І  
 

- Асық туралы не білесіңдер? (ұлттық ойын)
Сұрақ-жауап.  Нөмірленген  асықтар  арқылы  білімдерін 
тексеру.   
     
1. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы.
2. Күй дегеніміз не?
3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылаулары. 
4. Сүгірдің ұстазы.
5. «Былқылдақ» күйінің авторы. 
6. Желбуаз аспабын кім және қай оркестрде қолданды?
Интерактивті  тақтамен  жұмыс.  Слайд.  Музыкалық 
аспаптарда ойнаған тұлғалар. Оқушылар күйші, сазгерлер туралы 
әңгімелейді. 
Мұғалім:  -  Қазіргі  заманда  осы  аталған  аспаптарда  кімдер 
ойнайды?  (слайд,  жетігенде  Қарақат  Әбілдина,  домбырада 
Асылбек Еңсепов, т.б.). Өнер көрсету (ән, би). 
Мұғалім: - Мақал-мәтелдердің жалғасын табайық. 
Ата өнері - ... мұра. 
алтын   алтын
Жігітке ... өнер де аз,
... өнер көп емес.
дана ісі
Өнерсізден ... жүр,
Өнермен ... шашып жүр.
балаға
Өнерді көп білетін ... болар 
Өнерсіздің ... шала болар.
кең
Өнерлінің өрісі ... 
жеті   жетпіс  
Өнерлінің қолы - ...
Өлеңшінің сөзі - ...
қашып
үлгі
Синонимдік қатар құру. Мақал ішіндегі синоним бола алатын 
сөздермен синонимдік қатар құру. 
Сөйлем құрастыру, синтаксистік талдау жасау. 
4. Қорытынды. Семантикалық карта. 
5.  Үйге  тапсырма  беру.  «Мені  таңқалдырған  өнер» 
тақырыбында эссе жазу. 
6. Бағалау. (Фишкаларды жинап, санау).
66

Индира БАЛТАБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы 
№ 90 лицейдің  
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
 
ЖАҢА СӨЗДЕР - «ҰЛТТЫҚ 
КИІМДЕР» ДҮКЕНІНДЕ
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:    білімділік  -    қазақ  халқының  ұлттық 
киімдерімен  таныстыру,  мәтін  бойынша  сөздік  қорларын 
қалыптастыру,  әңгімелеуге  дайындау,  толымды  және  толымсыз 
сөйлемдерге  байланысты  білімдерін  бекіту;  дамытушылық  –  
тақырыпты өрбітіп, ауызекі сөйлей білуге, мәнерлеп оқуға үйрету, 
алған білімдерін шығармашылықта қолдана білуге дағдыландыру; 
тәрбиелік  –    ұлттық  дүниетанымды  құрметтеуге,  дәстүрді 
қастерлеуге,  әдемі  де  таза  киіне  білуге  тәрбиелеу;  Типі:  жаңа 
білімді меңгерту;
Сабақтың ұйымдастырылу түрі: білім мен іс-әрекет әдістерін 
қалыптастыру;
Сабақтың  дидактикалық  қамтамасыз  етілуі:  суреттер, 
үлестірмелер, деңгейлік тапсырмалар. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру  кезеңі:  ҚР  мемлекеттік  әнұранын  орындау. 
Амандасу, түгелдеу. 
Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
2. Қонақасы дегеніміз не?
3. Сүт өнімдерін атайық.
4. Ұлттық сусындар туралы не білесіңдер?
5. Қымыздың қандай қасиеттері бар?
67

68
Жаңа сабақ. 
Жаңа тақырыпты сұрақ қою арқылы анықтау.
Кез келген халықтың ұлттық ерекшелігін неден тануға 
болады? Оқушылар жауап береді.
Қазақ халқы киімге ерекше көңіл бөлген. Олардың жеңіл, әдемі, 
жас ерекшелігіне қарай ыңғайлы болуына аса мән берген. Қазақ 
ұлттық киімдерін бас киім, сырт киім, аяқ киім деп топтастыруға 
болады. Енді, ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарға көңіл бөлейік. 
Олардың  ішінен  сендер  нені  білесіңдер?  Өздерің  байқағандай, 
ұлттық киімдердің түрлерін анықтау сендерге қиындық тудырып 
тұр. Олай болса, тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, яғни, ұлттық 
киім, әшекей бұйым атауларымен танысайық. 
1) Сөздік жұмысы:
Жейде – рубашка;
Ішік – шуба;
Тақия – тюбетейка;
Кимешек – национальный женский головной убор;
Бөрік – шапка;
Кебіс – калоши;
Мәсі – ичиги; 
Білезік – браслет;
Шолпы – украшение для волос;
Жүзік – кольцо;
Бұйым – вещь;
Өрнектелген – покрыт узором;
Насихаттау – пропагандировать;
Бүрмелі көйлек – платье с сборками. 
а) сөздерді аудармасымен оқытып, қайталату;
ә) берілген сөздермен сөз тіркестерін құрау;
б)сөздік дәптерлеріне жазып, жаттап алу;
2) Суретпен жұмыс. Суретке қарай отырып, сұрақтарға жауап 
беру.
Тақтада сәукеле, мәсі, шапанның суреті ілініп тұрады. Топтық 

69
жұмыс.  I  топ  –  сәукеле,    II  топ  –  шапан,  III  топ  –  мәсі.  Ортақ 
сұрақтар: 
1. Суретте не бейнеленген?
2. Ол қандай киімге жатады?
3. Оны кімдер киеді?
4. Неден тігілген?
5. Қалай әшекейленген?
3) Грамматикалық тақырыпты қайталау және бекіту. 
1. Жай сөйлем сөйлем мүшелерінің қатысына қарай қандай 
түрлерге бөлінеді?
2. Толымды сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір. 
3. Толымсыз сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Сурет  бойынша  құрған  сөйлемдеріңнен  бір  толымды,  бір 
толымсыз сөйлем көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар. 
4)  Мәтінмен  жұмыс.  Мәтінді  оқыңдар.  Төмендегі  деңгейлік 
тапсырмаларды орындаңдар. 
I  деңгей.
Төмендегі сөйлемдердің аудармасын табыңдар.
1. Я этому очень обрадовалась.
2. После пошли в отдел ювелирных изделий.
3.  Место,  где  пропагандируют  национальные  костюмы  – 
магазин «Национальная одежда».
 II  деңгей.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Жазда Баян отбасымен қайда барды?
2. Қазақтың ұлттық киімдер бөлімінде не сатады?
3. Қамзол неден тігілген және қалай өрнектелген?
III деңгей.
Төмендегі  сөздерді  құрамына  қарай  талдаңдар,  олармен 
сөйлем құраңдар:
1. Отбасымызбен.
2. Қаласына.
3. Бөлімдерін.

5) Интерактивті тақтамен жұмыс.
Толымды сөйлем
Толымсыз сөйлем
1
2
4
3
Бас киім
Сыртқы киім
Аяқ киім
Сәукеле
 Тақия
Бөрік
Шапан
Қамзол
Күпі
Мәсі
Кебіс
Шәркей
Оқулықпен жұмыс. 
6-тапсырма  бойынша  4  оқушы  «ұлттық  бұйым»  бөлімінде 
жағдаятты өрбітеді. Қалған оқушылар оқулықтағы диалогті оқып, 
ішінен бір сөзді алып, «Полиглот» ойынын ойнайды. Мысалы: – 
Сәлеметсіз бе? Здравствуйте, Нello. 
Сабақты  қорыту.  Тақтада  берілген  суреттерді  пайдалана 
отырып, қыз баланы ұлттық киімге киіндіру.
Оқушыларды бағалау. 
Жинаған суреттері бойынша бағаларын айту.  Бас киімдер көп 
болса, «5» деген баға, сырт киімдер – «4», аяқ киім – «3» деген 
бағаның көрсеткіші.                                                                             
Үйге тапсырма. Мәтін мазмұнын айту. 7-тапсырма жазу. 
Оқушыларды бағалау.  Рефлексия жүргізу. 
«Үкілі кәмшат» әнін орындау.
70

Әсемгүл БЕКІШЕВА,
Ақмола    облысының
Жақсы  ауданындағы
Лозовой мектеп- бақшасының 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ІЗЕТТІ   БАЛАНЫҢ 
ГРАММАТИКАЛЫҚ БІЛІМІ
       (
6 - сынып)  
Сабақтың  мақсаты: білімділік - достық  туралы   ойларын   
толықтыру, грамматикалық білімдерін   тереңдету және  мәтінді  
түсінуге, жаңа  сөздерді   дұрыс   қолдана     білуге     үйрету; 
дамытушылық  -  оқушылардың  ойлау  шеберлігін,      сөйлеу 
мәдениетін  жетілдіру;  тәрбиелілік:  оқушыларды  бірін-бірі 
сыйлауға, ой   бөлісе білуге, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: аралас  сабақ.
Сабақтың      әдіс-тәсілдері:  сөздікпен    және  топпен  жұмыс, 
сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың    көрнекілігі:    оқулық,  мақал-мәтел    кітабы, 
үлестірмелі тапсырмалар, «Сиқырлы  сандық»  ойыны.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі.
    а/ Сәлемдесу.
    ә/ Кезекші   сөзі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 3-тапсырма. 18-бет.
«Досымның  отбасы» деген  мәтінді   түсініп  оқу,   сөздіктерді   
жаттау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау мақсатында сөздік диктантын 
жүргізу.
Дружба-жолдастық;             не грубить-қатты сөзге келмеу;
Общаться-араласу;               ровесники-түйдей құрдас;
Воспитанный - тәрбиелі;     костёр-алау;
71

Ценить- қадір   тұту;      аккуратный-ұқыпты;
Искренний - адал;     верный- сенімді.
ІҮ. Жаңа сабақ. «Ізетті  бала» мәтіні.
а) сөздік бойынша жұмыс.
ізетті-вежливый;             теріс қарау-отвернуться;
елгезек-чуткий;               оқасы жоқ-ничего страшного; 
ізет-почёт, уважение;      ұялу-стыдиться;
үнсіз - безмолвно;            нұрлану-светиться;
кінәлі-виноват;                 ренжу-обидеться; 
күлімсірей қарау - смотреть  улыбаясь;
мән-жайды білу - разведать обстановку.
1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарын түсіндіру,  аудару.
2. Сөздер мен сөз тіркестерін  дұрыс айтуға   дағдыландыру.
  *  Мұғалім сөзді мәнерлеп оқиды.
  *  Оқушылар қайталайды.
  *  Оқушылар сөздікті тізбектеп оқиды.
3. Жаңа   сөздерден   сөз   тіркесін  құрау.
Ізетті бала, елгезек оқушы, ізет көрсету, бала   ұялды, оқушы 
кінәлі, үнсіз отыру, елгезек ұл.  
4. Сөздіктерді пайдаланып сөйлем құрау.
Оқушылар   сабақта үнсіз отырады. Біздің мектепте    елгезек 
оқушылар өте көп.    
5. Жаңа сөздерді  сөздік дәптерге жазу.           
Ү. Оқулықпен жұмыс.
Достастыру мәтіні бойынша жұмыс;
 а)  Мәтінді тізбектей оқу;
 ә)  Мәтінді бір рет  іштей оқып шығу;
 б)  Сұрақ-жауап.
«Сиқырлы сандық» ойыны.
Сандықтан  сұрақтар  жазылған  кәртішкелерді      алып,  толық 
жауап беру.
1) Айдос, Асхат, Мақсат - үшеуі қайда шықты?
2) Жол бойында Асхат пен Мақсат  не істеді?
72

3) Асхат пен Мақсаттың қасына  кім келді?
4) Мән-жайды біліп алған Айдос  Мақсатқа не деді?
5) Асхат не деп жауап берді?
6) Мақсат Асхаттан кешірім сұрады ма?
7) Айдос Мақсат пен Асхатқа не айтты?
8) Достар не істеді?
ҮІ. Сергіту сәті:
4-тапсырманы «Ізетті  бала» өлеңімен   өткізу.
                    Ерлан қандай елгезек,
                    Берді  ағайға  жол кезек:
                    - Алға, ғапу етіңіз!
                    -Алға  қарай  өтіңіз!
                    - Оқасы  жоқ, ұланым,
                     Ізетіңмен ұнадың!-
                    деп, ағай да Ерланды
                    Жақсы көріп  нұрланды.   (Ә.Табылдиев).  
ҮІІ. Жазбаша жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді етістіктермен толықтырып  оқып, көшіріп 
жазу.
Бүгін демалыс. Айбар сабақ ... еді. Оның үйіне   Ерасыл....
Екеуі    сабаққа  бірге....  Сабақтарын  қайталап        болған    соң,   
олар   шахмат....Оған  Айбар  шахмат   ойнауды...   .   Айбар  мен  
Ерасыл - дос.  
Керекті    сөздер:  білмейтін,  ойнайды,  келді,  үйретті,  
дайындалды, оқып отыр.
ҮІІІ. Талдау жұмысы.
Мына сөздерге фонетикалық талдау жасау:
1. Ізет: і-ашық буын, -зет- бітеу буын, 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын.
і- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң;
з- дауыссыз, ұяң;
е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық;
т- дауыссыз, қатаң.
2. Момын: мо- ашық буын, -мын- бітеу буын, 5 әріп, 
73

5 дыбыс, 2 буын.
м-  дауыссыз, үнді;
о- дауысты, жуан, еріндік, ашық;
м-  дауыссыз, үнді;
ы- дауысты, жуан, езулік,  қысаң;
н-  дауыссыз, үнді.
ІХ. Тіл дамыту жұмысы.
2-тапсырма.  Мақал-мәтелдердің  орыс  тіліндегі        баламасын  
тауып, жаттап  алу.
1.Жаман жолдастан             1. С добрым человеком
таяғым артық.                        сдружишься-цели   своей
                                                 достигнешь.
                                                 С дурным сдружишься-
                                                  в  дураках останешься.
2.Күлме досыңа-                  2.Одежда хороша новая,
келер басыңа.                          а друг старый.
3.Досы көппен сыйлас,     3.Над бедой друга не смейся,
 Досы  азбен сырлас.      Тоже может случиться с тобой.
4.Заттың жаңасы жақсы,   4. Крепкая палка лучше 
Достың  ескісі  жақсы.           плохого попутчика.
5.Жақсымен жолдас           5. Дружи  с тем, у кого
болсаң, жетерсің мұратқа,     приятелей много,
Жаманмен жолдас                 откровенничай  с тем,    
болсаң- қаларсың  ұятқа.      у кого друзей   мало.
Х. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен, бүгінгі  сабақта не білдік, не үйрендік?
Жалпы, дос, жолдастық туралы білімімізді бекіту  мақсатында 
топтастыру әдісін  жүргізейік. Қандай достар болады?
ХІ. Оқушылардың білімін бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма беру.
74

Болатқазы ҚАЖЫҰЛЫ,
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалім
і.
ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢДАРДАҒЫ 
ЕТІСТІКТІҢ БОЛЫМСЫЗ ТҮРІ 
Сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  жалпы  мәдени 
хабардарлығы  дамытылады;  етістіктің  болымсыз  түрінің  жасалу 
жолдары  түсіндіріледі;  ауызекі  сөйлеу  тілі,  ойлау  қабілеттері 
кеңейтіледі.  Оқушыларға  терісі  бағалы  аңдар  туралы  тың 
мәліметтер беріліп, білімдері молайтылады.
Сабақтың міндеттері: 
1. Білімділік: мәтінмен, 
сөздікпен жұмыс жүргізе 
білулеріне; терісі бағалы 
аңдарды ажыратуға, олардың 
сипаттары мен мінез 
ерекшеліктерін салыстыра 
білуге үйретіледі.
мәтінді оқу, сөздікпен 
жұмыс жүргізген, сөйлемдер 
құрастырылған кезеңдерде.
2. Дамытушылық: 
оқушылардың тіл байлықтары, 
әңгімелей, мазмұндай, аудара, 
салыстыра білу қабілеттері 
дамытылады.
жаңа сөздермен танысу, 
мәтінді аударып, мазмұндау, 
топпен жұмыс жүргізу 
барысында.
3. Тәрбиелік: топпен жұмыс 
жүргізулеріне, бір-бірін 
сыйлап, тыңдай білулеріне, 
табиғатты, аңдар мен үй 
жануарларын қорғауға 
тәрбиеленеді.
қорыту бөлімінде, әңгімелеу
жұмбақ шешу кезінде.
75

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, биология. 
Сабақтың  көрнекілігі:  плакат,  аңдардың,  жануарлардың 
суреттері, үлестірмелі қима қағаздар, схема.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: жеке және топтық сараптау, сөздікпен, мәтінмен 
жұмыстар, аудару, сұрақ-жауап әдістері, ойын, сайыс элементтері.
Сабақтың жоспары:
І. Кіріспе бөлімі: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тіл дамыту кезеңі.
3. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру, мәтінді оқу.
3. Қазылар алқасы мен топ басшыларын сайлау.
4. Сайыс жүргізу.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
1. Ұпай санын есептеу.
2. Сайысты қорытындылау.
3. Бағалау.
4. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды топқа бөлу, сәлемдесу, түгендеу.
2. Тіл дамыту: Бүгін қандай күн? Табиғат қандай? Қазір қандай 
жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болады?  Ауа райы қалай 
өзгереді? 
3.  Үй  тапсырмасын  сұрау.  «Қазақстан  таулары.  Еліміздегі 
қорықтар».
4. Бүгін біз еліміздегі терісі бағалы аңдарды өтеміз, олардың 
пайдасын  анықтаймыз.  Ол  аңдардың  мінез  ерекшеліктерін,  қай 
жерлерде мекендейтіндерін білетін боламыз. Етістіктің болымсыз 
түрі қалай жасалатынын үйренеміз.
5. Әр топ өз басшысын сайлап алады. Сонымен қатар, топтардың 
76

жеңімпаздарын анықтау үшін, әділқазылар алқасын сайлаймыз. 
Етістік.
Болымды
Болымсыз
                 кел, бар
1. -ма, -ме: барма, келме;
    -ба, -бе: жазба, сүзбе;
    -па, -пе: айтпа, сүртпе;
жоқ, емес сөздері арқылы:
келген емес, көрген жоқ.
Сөздер жазылған қима қағаздар тарату арқылы оқушылардың 
болымсыз  етістіктің  жасалу  жолдарын  қалай  түсінгендерін 
анықтап білу. 
Мысалы: сөйле, айт, іш, бер, жаса, күт.
Күлген ..,  алдаған ..., білген..., басқан... .
1.  Сайыс жүргізу барысы. Командалар таныстырылады: 
1 команда – «Жолбарыстар», 2 команда – «Арыстандар».
1.  «Мәнерлеп оқу» сайысы. Әр командадан 2-2 оқушыдан 
ортаға шығып, мәтінді мәнерлеп оқиды. 
Терісі бағалы аңдар.
Біздің ормандарымызда терісі бағалы аңдар көп. Олардың бірі 
– түлкі. Түлкінің бірнеше түрі болады. Қазақстанда қызыл және 
қаракүрең түлкі ғана мекендейді.
Ал  түлкінің  ең  асылы  –  қарасұр  түлкі.  Бұл  суық  жақтағы 
ормандарда, Енисей өзені бойында тіршілік етеді. 
Қарсақ  –  түлкінің  бір  тұқымы.  Ол  түлкіден  кішірек,  түсі 
сұрғылт.  Қарсақтың  құйрығы  қысқа,  құлағы  тік,  көзі  дөңгелек 
болады. Қазақстанда қарсақ көп. 
Күзен – жыртқыш аң. Күзеннің аяқтары қысқа. Күзеннің терісі 
жылы болады. Оның тісі өте өткір. Қазақстанда күзен де көп. 
Тиін  –  терісі  бағалы  кішкентай  аң.  Тиіннің  құйрығы  ұзын 
болады. Ол қысқа көп қор жинайды. 
2.  «Мәтінді  толықтыр»  сайысы.  Әр  топтан  2  оқушы  ортаға 
шығып, берілген мәтінді толықтырып жазады. 
77

78
А) Бұл - .... Африка мен Оңтүстік  Шығыс Азияда ғана.... Бұлар 
Африка және Үнді пілі деп екі түрге.... Піл нан, қант, жем, бор..., 
су.... Қазіргі кезде пілді аулауға тыйым салынды. 
Б)  Бұл  -....  Ол  өте  күшті....  Ол  Қиыр  Шығыста....  Жолбарыс 
басқа аңдармен .... Кейде мал мен адамға да шабуыл.... 
В) Бұл -.... Қазақстанда түлкінің... түрі бар. Түлкі өте қу, айлакер 
.... Оның терісі өте бағалы. Ол..., тауық, құстармен....
Г) Бұл - .... Қоянның түсі.... Қыста..., жазда... болады. Құлағы 
...,қорқақ аң. Қазақстанның барлық орманды жерлерін .... Ол қыста 
ағаш бұтақтарымен ...        
3. «Шешуін тап» сайысы. Жұмбақ шешу сайысы. 
1. Өзі - айлакер, өзі - бір қу, 
    Жүрген жері - айқай да шу. 
2. Қалқиып ұзын құлағы, 
    Елеңдеп қорқып тұрады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал