Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет4/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

I тоқсан
 
Біздің сынып
1. Біздің сынып қаңдай?
2. Сенің сыныбың нешінші қабатта?
3. Қабырғада не ілулі тұр?
4. Терезенің алдында не тұр?
5. Сыныпта неше терезе бар?
6. Сыныпта сен не істейсің?
                II тоқсан
 
      Уақыт
1. Сен сағат нешеде тұрасың?
2. Сағат нешеде мектепке келесің?
3. Түскі тамақты қашан ішесің?
4. Кешкі тамақты қашан ішесің?
5. Апта күндерін ата.
6. Бір жылда неше күн бар?
 
III тоқсан
 
    Біздің қала
1. Сен қай қалада тұрасың?
2. Семей қандай қала?
3. Көшелері қандай?
4. Қалада саябақтар, ескерткіштер, мектептер көп пе?
5. Қалада қандай үйлер бар?
6. Сен қалаңды жақсы көресің бе?
IV тоқсан
 
Азық-түлік
1. Азық-түлік дүкені қандай?
2. Дүкенде қандай азық-түліктер бар?
46

қабілетін,  шығармашылық  әрекетін  белсендіреді.  Осыларға  қоса 
оқушылардың  алған  білімдеріндегі  олқылықтарын  анықтайды, 
уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мен, мысалы, 3-сыныпта: 1)ашық тестіні қолданамын (оқушы 
жауапты өзі құрастырады).
 
I тоқсан
 
Біздің сынып
1. Біздің сынып қаңдай?
2. Сенің сыныбың нешінші қабатта?
3. Қабырғада не ілулі тұр?
4. Терезенің алдында не тұр?
5. Сыныпта неше терезе бар?
6. Сыныпта сен не істейсің?
                II тоқсан
 
      Уақыт
1. Сен сағат нешеде тұрасың?
2. Сағат нешеде мектепке келесің?
3. Түскі тамақты қашан ішесің?
4. Кешкі тамақты қашан ішесің?
5. Апта күндерін ата.
6. Бір жылда неше күн бар?
 
III тоқсан
 
    Біздің қала
1. Сен қай қалада тұрасың?
2. Семей қандай қала?
3. Көшелері қандай?
4. Қалада саябақтар, ескерткіштер, мектептер көп пе?
5. Қалада қандай үйлер бар?
6. Сен қалаңды жақсы көресің бе?
IV тоқсан
 
Азық-түлік
1. Азық-түлік дүкені қандай?
2. Дүкенде қандай азық-түліктер бар?
47

3. Дүкен қай көшеде?
4. Сүт тағамдарын ата.
5. Сүт қандай тағам?
6. «Нан» туралы мақал білесің бе? 
Оқушылардың білім деңгейін тест арқылы жан-жақты тексеріп, 
бағалау  арқылы  жетістіктерге  де  жеттік.  Мысалы,  4-сынып 
оқушысы  Кузьмина  АРИНА  2009  жылы  қазақ  тілі  пәнінен 
облыстық  интеллектуалдық  «Тұлпар»  конкурсында  1-орынға  ие 
болып, мақтау қағазымен марапатталды.
Жас  ұрпақтың  жаңаша  ойлауына,  олардың  біртұтас 
дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, 
білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын 
құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына 
байланысты, сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технологиялар 
енгізіліп  жатыр.  Сол  технологиялардың  арасында  оқушылардың 
ауызекі сөйлеу тілін дамытуда үлкен орын алатыны - «Оқу мен жазу 
арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау»  технологиясы.  «Сыни  тұрғыдан 
ойлау»  (СТО)  бағдарламасының  ерекшеліктерін,  психологиясын 
түсінгеннен бастап, бұл бағдарламаның стратегияларын (әдістерін) 
өзімнің сабақ беру жүйеме үздіксіз енгізіп келе жатырмын. Оқушы 
ұтымды әдістерді пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын 
ұштайды, таным-білім көкжиегін кеңейтеді, еркін ойлауға, өз ойын 
дәлелдеуге  үйренеді.  Осының  дәлелі  ретінде  4-сыныпта  «Күз» 
тақырыбы  бойынша  өткен  сабағымды  мысал  ретінде  көрсеткім 
келеді. 
Күз - молшылық айы
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын, негізгі ойды ұғындыру. 
Таным  мүмкіндіктерін  анықтау.  Міндеттері:  қоршаған  ортаның 
сырларына  қызықтыру  арқылы  табиғатқа  деген  көзқарасын 
қалыптастырады. Мәтінді талқылап, зерттеп, салыстырып талдау 
жасай  алатын  болады.  Өз  ойларын  еркін  айта  білу  қабілеттерін 
дамытады,  сөздік  қорларын  толықтырып  жетілдіреді.Табиғат 
қамқоршысы  болуға,  ынтымақтастыққа,  бірлікке  тәрбиелейді. 
48

49
Түрі:  аралас  комплексті  сабақ.Әдіс-тәсілі:  «Сыни  тұрғыдан 
ойлау»  стратегиялары.  Көрнекіліктер:  компьютерлер,  суреттер, 
кестелер.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
Компьютерден  судың  сарқыраған  ағысы,  құстар  әуендері 
естіліп тұрады. 
- Балалар, сендер көздеріңді жұмып, осы әуендерге байланысты 
әсем табиғатты көз алдарыңа елестетіңдерші. 
Мұғалім  осы  уақытта  тақтада  жабық  тұрған  «Күз»  суретін 
ашады. Оқушылармен тілдік жаттығу жұмысы жүргізіледі.
- Балалар, кімнің көз алдына елестеткен табиғат бейнесі осы 
суретке ұқсас?
-  Сендерге  судың  сарқыраған  дыбысы,  құстар  әуендері  әсер 
етті ме? (Оқушылар жауап береді.)
2. Ой қозғау.
-  Балалар,  «Күз»  сөзін  естігенде  ойларыңа  не  келеді?  Соны 
жазайық.    
                          жапырақтар сарғаяды
                                                    
         салқын                              
                                         Күз                        күн қысқа
           құстар 
              
                                                                       күн ұзақ   
                                  молшылық
3. Мәтінмен жұмыс.
а) Оқушылар компьютерлерін қосып, жаңа сөздермен танысады:
молшылық-богатство;
азық-түлік қоры - запасы;
бүрі - почка;
санырауқұлақ - гриб;
кептіреді - сушит; 
күн қысқа - дни короткие;
 

50
күн ұзақ - дни длинные.
ә) «Insert» («Түртіп алу») стратегиясы.
-  Балалар,  сендер  мәтінді  іштеріңнен  оқып,  мына  белгілерді 
қойып отырасыңдар.
V (білемін)
-  (білмеймін)
+  ( мен үшін 
жаңа мәлімет)
? (бұл  мәселені
тереңірек білгім 
келеді)
«Кім еңбек 
етсе,
сол - тоқ»,
«Қыс азығын
күз жина»
Түрлі жеміс-
терді жинап, 
кептіреді 
де,  қыста 
жейтін азығын          
дайындайды.
Ақ тиін ағаш
қуысына 
саңырауқұлақ, 
қарағайдың 
бүрін тасиды.
Жан-
жануарлар 
қысты қар-сы 
алуға қалай 
дайын-
далады?
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, белгілер бойынша 
сөйлемдерді дауыстап оқып, талдайды.
4. Ойтолғаныс (Дискуссиялық карта).
Топпен жұмыс. Күздің пайдасы бар ма?
                                         Иә
1. Кім еңбек етсе,  сол - тоқ.         5. Ексең егін,  
2. Қыс азығын күз жина.              Ішерсің тегін.
3. Еңбексіз өмір - сөнген көмір. 6. Еңбек, 
4. Жердің сәні - егін,                    Еңбек бәрін жеңбек.
   Ердің сәні - білім.  
5. Үйге тапсырма: 1-топ: «Күз – молшылық айы» тақырыбына 
эссе жазып келеді;  2-топ: 5 жол өлең құрастырады; 3-топ: кестені 
толтырады.
Ретімен сұрыптап, қолданылған стратегиялардың қай-қайсысы 
болмасын  қазақ  тілі  сабағының  сапасын  арттыруға  үлесі  зор 
екеніне көзіміз жетуде.
Тіл  үйренуде,  дұрыс  сөйлеп,  сауатты  жазуда  сол  тілдің 
грамматикалық  заңдылықтарын  меңгеру  басты  шарттардың  бірі 
болып  саналады.  Оқушы  алғашқы  кезден  бастап  қазақ    тілінің 
грамматикалық  құбылыстарымен  танысады,  сол  үлгі  бойынша 

51
дұрыс  сөйлеуге,  сауатты  жазуға  үйренеді.  Осы  грамматикалық 
үлгілерді  пайдалануда  «Оқытудың  компьютерлік  әдісі»  жақсы 
көмектесіп, оқушының ақпаратпен жұмыс істеуін қалыптастыруға, 
қазіргі  заманғы  компьютерлік  бағдарламалармен  жұмыс  істей 
білуге, қатынас қабілетін дамытуға әсер етеді. 
Назигүл ШАҚПАҚПАЕВА, 
Семей қаласындағы                            
№35 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
(Жалғасы. Басы 2010ж. №11 санда.)
 
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
(5-сынып)
Бөлімі
Сабақ 
саны
Модульдің мазмұны
Уақыты
                   
          КІРІСПЕ 
      
      
      
  
1-сабақ
Модульдің құрамын түсіндіру.
Грамматикалық тақырыпты сызба 
бойынша түсіндіру.
Сөздік жүмысы.
Лексикалық тақырыпты түсіндіру.
Бекіту.
5 минут
10 минут
 8 минут 
12 минут 
10 минут

52
                         СӨЙЛЕС
У   
2-сабақ
1. “Алматы - менің қалам”. 
Топпен жұмыс. “Қарлы кесек” 
ойынын өткізу.
45 минут
3 -сабақ
1. Жұппен жұмыс. “Менің қалам”. 
Сұхбат құру
45 минут
4- сабақ
1.  “Қала”.   Үш   деңгейлік   
тапсырмалармен жұмыс.
45 минут
5-сабақ
1. “Менің   қалам”.   “Брейнг-ринг”   
ойынын өткізу.
45 минут
      ҚОРЫТЫНДЫ 
6-сабақ.
Тест. 
Диктант.
10 минут
35 минут
1 .Қатемен жұмыс.
45 минут
Оқушы нені білуі тиіс:
1.  Қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді, дұрыс айтуды, сауатты 
жазуды;
2.  Зат есімнің түрлерін ажырата білуді, сұрақтарын дұрыс қоя 
білуді;
3.  Сөйлемдерде сөздердің орын тәртібін сақтауды, дұрыс 
қолдануды.
Оқушы нені үйрену қажет:
Лексикалық тақырыпты өз сөздерімен әңгімелеуді. Зат есімнің 
түрлерін  ажыратуды.  Сауатты  жазуды.  Лексикалық        тақырыпқа    
байланысты    сөздерді, сөз тіркестерін пайдалануды.
Кіріспе бөлім.
1-сабақ.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрамын айту.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Грамматикалық тақырып. 
Тақтада      тірек-сызба      ілулі      тұрады.  Мұғалім  осы      сызба 

арқылы грамматикалық тақырыпты түсіндіреді.
Заттың  атын  білдіретін  сөздерді  ЗАТ  ЕСІМ  дейміз.  Кім?  Не? 
сұрақтарына  жауап  береді.  “Кім?”  сұрағы  адамдарға,  соларға  тән 
мамандық атауларына қойылады. Басқа сөздердің (жанды, жансыз) 
барлығына  “Не?”  сұрағы  қойылады.  Мысалы:  сиыр,  ит,  торғай, 
кітап, Астана.
СЕПТІК ЖАЛҒАУ (ПАДЕЖНОЕ ОКОНЧАНИЕ)
Септіктер
Сұрақтар
Жалғаулары
Атау
(Именительный)
Кім? (кто?)
Не? (что?)
Адам, көз
Ілік
(Родительный)
Кімнің? (кого? 
чей?)
-ның, -дың, -тың, 
-нің, -дің, -тің
Адам+ның, көз+дің
Барыс
(Дательно-
направительный)
Кімге? (кому?)
Неге? (чему?)
Кайда? (куда?)
-га, -қа, -на, -а
-ге, -ке, -не, -е
Адам+ға, көз+ге
Табыс
(Винительный)
Кімде? (кого?)
Нені? (что?)
-ны, -ды, -ты
-ні, -ді, -ті, -н 
Адам+ды, көз+ді
Жатыс
(Местный)
Кімде? (у кого?)
Неде? (у чего?
в чем? на чем?)
-да, -та, -нда
-де, -те, -нде
Адам+да, көз+де
53
 
ЗАТ ЕСІМ 
жанды 
М.: ата, оқушы 
 
жанды, жансыз 
М.: ит, көше 
 

Шығыс
(Исходный)
Кімнен? 
(от кого? у кого?)
Неден?
 (от чего? из чего?)
Қайдан? (откуда?)
-дан, -тан, -нан
-ден, -тен, -нен
Адам+нан, көз+ден
Көмектес
(Творительный)
Кіммен? (с кем?)
Немен? (с чем?)
Қалай? (как?)
-мен,  -менен
-бен, -бенен
-пен -пенен 
Адам+мен, көз+бен
Оқушылар берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып 
шығады.
Сөздік жұмысы:
Оңтүстік – юг;
ықшамаудан – микрорайон;
солтүстік – север;
қойылым – спектакль;
батыс – запад;
шағын – небольшой;
шығыс – восток;
сүйікті – любимый;
азық-түлік – продукты;
кілем – ковер;
жасау – делать;
ескерткіш – памятник;
шығару – выпускать;
саябақ – парк;
тоқу – здесь: ткать;
сауда – торговля;
әкелу – здесь:привозить;
өнім – продукция;
сату – продавать;
мата – ткань.
Сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  мағыналарын  түсіндіру,  сөздік 
дәптерлерге жазу. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
а) Мұғалім мәнерлеп оқиды;
ә) Оқушылар дауыстап қайталайды;
б) Оқушылар тізбекпен оқиды.
Сөздермен  сөз  тіркестерін  құрастыру.  Олардың  синоним, 
антоним, омоним қатарын табу. Сөйлемдер құру.
VI. Лексикалық тақырып.
Сызба бойынша мүғалім лексикалық тақырыпты  түсіндіреді.
54

VII. Бекіту:
- Тірек-сызбадағы жалпы және жалқы есімдерді теріп жазу;
- Грамматикалық тірек-сызба бойынша зат есім туралы 
айтып, мысалдар келтіру;
- -шы, -ші, -лық, -гер, -қып жұрнақтары арқылы жасалған зат 
есімдердің мысалдарын келтіру. 
VIII. Үйге тапсырма беру. 
Жаңа сөздерді жаттап келу.
СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ:
I. Ұйымдастыру кезеңі;
II. Үй тапсырмасын тексеру;
III. Сабақтың мақсаты, барысын айту;
IV.  Топтық жұмыс.
“Алматы  -  менің  қалам”,“Алматы”,  “Алматының        көрікті    
жерлері”, “Алматының өндірісі” мәтіндері бойынша жұмыс. 
“Қарлы кесек” ойыны. Ойынның шарты:
Сынып   оқушыларын   4   топқа   бөліп,   А,Ә,Б,В  деген  үстелге 
отырғызамыз.  Әр  үстел  өз  тапсырмасын  алады.  Дайындыққа  20 
минут уақыт беріледі. Дайындалып болған соң оқушылар “І тур 
басталды”  деген  кезде  өз  үстелдеріне    отырып,    жауап    береді  
де,  қолдарына  берілген  “жүру  бағыты” парағына өзіне ұнаған 
жауаптың  нөмірін  белгілейді.  Яғни,  әр  оқушы  “жүру  бағыты” 
парағы  мен  соның  нөміріне  сәйкес,  үстелдің  нөмірі  жазылған 
парақты  кеудесіне  тағып  алады.  Әрі  қарай      ІІ  турда  оқушылар 
55
 
Алматы 
қаласы 
мәдени орындары 
ескерткіштері 
атауы 
өзгерген 
көшелері 
тарихы 
ұлт өкілдері 
оқу орындары 
орналасқан 
жері 
халқының 
саны 

“жүру бағыты” парағында көрсетілген үстелге барып, реті бойынша 
сөйлейді. Осылай 4 турда 4 үстелге отырып, жауап беріп, тыңдап 
шығады.
А тобы - “Алматы - менін сүйікті қалам” мәтінін аударады. 
Ә тобы - “Алматы” мәтінін аударады.  
Б тобы - “Алматының көрікті жерлері” мәтінін аударады. 
В тобы - “Алматының өндірісі” мәтінін аударады.
Ойынның  соңында  “жүру  бағыты”   қағазы  жиналып,  әр 
оқушының  жинаған  ұпайы  есептеледі.  Оны  сызба  бойынша 
көрсетуге болады.
    Үстел
1
2
3
4
5
Ең      
жақсы 
жауап
А 
Ә
Б
В
V.  Үйге тапсырма беру. Зат есім туралы ережені жаттап келу.
56

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Гүлшат  ҚАРЖАУБАЕВА,
Ақтөбе облысының 
Темір ауданындағы
Шұбарши орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі. 
ШЫЛАУ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  өтілген  тақырыптар  бойынша 
оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пысықтау.
а)  Білімділік:  түрлі  жұмыстар,  жаттығулар,  тест  орындау 
арқылы теориялық білімдерін жинақтау, қорытындылау;
ә) Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, 
мәтінді  мазмұндауға  дағдыландыру,  сөздік  қорын  молайту,  есте  
сақтау қабілетін дамыту;
б)  Тәрбиелік:  оқушыларды  өз  заманының  озық  ойлы, 
мәдениетті  азаматы болуына тәрбиелеу; Отанын, елін, туған жерін 
сүюге, оны қорғауға, құрметтеуге баулу; патриоттық сезімін ояту. 
Түрі:  білімді  жинақтау,  пысықтау  сабағы.  Әдіс-тәсілдері: 
ойын, сұрақ-жауап, тест, карта, интерактивті тақта, суреттер. 
Көрнекілігі:  Қазақстан  Республикасының  картасы,  тәуелдік 
жалғау кәртішкелері. 
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық тренинг).
Әр оқушы өзінің атын айтып, атының бас әрпінен басталатын 
өз бойындағы жақсы қасиеттерді атайды.
Мысалы: - Ардақ – аяулымын.
- Балалар , сіздер қандай грамматикалық тақырыпты өттіңіздер? 
- Шылау.
- Ал, қандай лексикалық тақырыптарды өттіңіздер?
- Ауруханада.
57

-  Олай  болса,  кәне,  балалар,  осы  өтілген  өзімізге  таныс 
тақырыптар бойынша білетін сөздерімізді 5 минут ішінде  жазып 
шығайық. (50 сөз -60%)
БиС  технологиясы  бойынша  сөздік  қорыңызды  анықтау 
мақсатында жүргізілетін жұмыс.  
        1      2                        1                    2
                                                      
   
Әр оқушының жазған сөздерінің жалпы санын шығарып,  тиісті 
тор көздерге  жазамын.
Оқушылардың сөздік қоры анықталды.
-  Енді,  балалар,  бір-бірімізге  ризашылығымызды  білдіріп, 
бәріміз бірге қолдарымызды 3 рет шапалақтайық.
Тақтаға назар аударайық. 
Сөздікпен жұмыс.
Шылауларды есіңде ұста: 
Не, немесе –или;                 себебі – потому что
Сондықтан – потому;         өйткені – потому что; 
Егер – если;                         онда – тогда; 
Үшін – для;                          сол үшін – для того; 
Туралы – о (об),про;            дейін – до того; 
     Шейін – до;                          содан  кейін – после; 
Бірге – вместе;                    содан соң  - после;                    
Үстінде – над;                     астында – под.
Қасында, жанында – возле, около;
Қайталау - білім  анасы.
  1. Шылау дегеніміз не?
  2. Шылаудың қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Уақыт мезгілдерін  атаңдар.
58
 
   
                            
 
                   
 
   
    
 
   
                            
 
                   
 
   
    

  4.  Уақыт  мезгілдеріне  шылаулар  тіркеу  арқылы  сөйлемдер 
құрастырыңдар. 
Оқулықпен жұмыс. 
2-тапсырма. 
Көп нүктенің орнына тиісті дене мүшесінің атауын қойып айт.
                                        
... ойлайды
                                                ... көреді
 Адам                                      ... естиді
                                                 ... демалады
                                                ... сөйлейді
Сызбаны толтыр:
                           Дене мүшелері
                     (части тела человека)
бас мүшелері                                     дене мүшелері  
Сергіту сәті :
–  Балалар,  шаршаған  сияқтысыздар,  ә?  Олай  болса,  «Елім 
менің» әнінің бір шумағын бәріміз қосылып орындап көрейік. Әнді 
орындау  үшін  денемізді  босатып,  қолымызды  тіземізге  қойып, 
өзімізді еркін ұстайық.Әннің сөзі тақтада жазулы тұр.
“Елім менің”.
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!
Тапсырма.
Өлең  шумағындағы  шылауларды  табыңдар.
Өлеңде не туралы айтылған, мазмұнын ашыңдар. 
- Ал, балалар, ән ұнады ма? Ұнаса, тақтаға назар аударайық осы 
59
 
 
 
 
 
 
 

өлең шумақтарындағы  шылау сөздерін тауып көрейік (мен, үшін).
- Ән не туралы?
- Олай болса «Отан» сөзін қалай түсінеміз?  
Топтастыру стратегиясы (қалғанын белгіле).                             
                       
                        жер  
Тест сұрақтары:
1.  Шылаудың    басқа  сөз    таптарынан  қандай 
айырмашылығы бар?
а) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
ә) Көңіл-күйді білдіреді.
б) Заттың атын білдіреді.
2. Шылау тұрған қатарды тап:
а) он бес, қырық;  ә) ғана, ғой, бірақ;    б) келді, оқыды.
3. Шылаудың неше түрі бар?
а) 5;      ә) 3;     б)  2.  
4. Берілген сөйлемнен шылауды тап:
Егер жау берілмесе, оны құрту керек.
а) жау;  ә)  керек;   б) егер.
5. Мақалдан шылауды тап:
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
а) отан;  ә)  күймейсің;  б) үшін.
Кілті.   1 – а;   2 – ә;   3 – ә;   4 – б;   5 – б. 
Бекіту. 
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ деген не үшін керек?
60
 
 
Отан 
 
 

- Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
- Ал, шылау не үшін қажет... (сұрақ... ой – толғаныс)
Қорытынды: 
- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ 
тілінің  дәрежесі жоғары болуына  шылау сынды сөз табының қосар 
үлесі  зор.  Міне,  балалар,  жүйелі  ойлау,  ой-өріс  кеңістігіміздің 
кеңеюіне шылаулар да үлкен ықпал етеді.
Оқушы білімін бағалау.
Үй  тапсырмасы:  “Шылау  патшалығы”    тақырыбына    ертегі 
құрастыру. 
Гүлзира МАКИШЕВА,
Жамбыл облысының
Тұрар Рысқұлов ауданындағы
 
Көгершін ауылының
 Ақтоған орта мектебінің
 қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҮШІНШІ СЫНЫПТАҒЫ СӨЗДІК ҚОР
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  модуль  бойынша  алған 
білімдерін  саралау.  Әңгімелей  білу  дағдыларын  байқау; 
дамытушылық  -  модуль  бойынша  алған  білімдерінің 
олқылықтарын  байқап,  қайталау,  пысықтау  жұмыстарын  жасау; 
тәрбиелік:  оқушыларды  ұйымшылдыққа,  ұжымшылдыққа, 
61

бірлікке,  достыққа  баулу.  Көрнекілігі:  мақал-мәтелдер,  өлең, 
сөзжұмбақтар,  суреттер,  кесте.  Түрі:  қайталау  сабағы.  Әдіс-
тәсілдері: сұрақ-жауап.
 І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Кезекшілік жұмыс.
3. Ауызекі сөйлеу.
- Бүгін нешесі?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Ауа райы қандай?
- Сен нешедесің?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.  Сабақтың  мақсатын,  барысын  айту.  Үйге  берген 
тапсырманы сұрап, шешуін табу.
ІV. Сөздікпен жұмыс. а) тақырып бойынша кездескен 
бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, 
аудару, сөйлемдер құрау; ә) дұрыс айтуға дағдыландыру.
V. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша сөйлеп үйрену.
VІ. Диалогпен жұмыс. Диалогты досымен оқыту.
–  Бұл не?
–  Бұл - сынып.
–  Бұл нешінші сынып?
–  Бұл - үшінші сынып.
–  Үшінші сынып нешінші қабатта?
–  Үшінші сынып екінші қабатта.
–  Сыныпта неше парта, неше үстел, неше орындық, неше 
терезе, неше есік, неше тақта бар?
–  Сыныпта үш терезе, бір есік, екі тақта, он үш парта, бір 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал