Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет3/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
М 
Ұ 
Ғ 
А 
Л 
І 
М 
 
О 
 
Қ 
 
У 
 
Ш 
 
Ы 
Тақырыпты 
таңдау, бағыт 
беру
 
Білім дең-
гейіне сәйкес 
тапсырма бе-
ру, шығарма-
шылық жұ-
мысқа бағыт-
тау
 
Мазмұнын 
толықтыру, 
жеңілдету, 
түсіндіру
 
Тақырыпқа сәй-
кес әдебиеттер, 
қосымша мате-
риалдар жинау
 
Шығарма, ре-
ферат, мазмұн-
дама, буклет, 
кроссворд, 
мақал- мәтел-
дер, өлеңдер
 
Мақсат қою
 
Іздену, 
қабылдау
 
Білімін 
қолдануға 
үйрету
 
Кітапхана, 
мүражаймен 
байланыс
 

Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Ш.ЖАНЫБЕКОВА,
Астана қаласындағы 
                                          № 31 мектеп-гимназияның мұғалімі.
МАҒЖАН  ЖҰМАБАЕВ. 
«ҚАРАҒЫМ»
Сабақтың  мақсаты:  Білімділік:  өткен  тақырып  бойынша 
білімді жинақтап, ой қорыту, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. 
Дамытушылық:  өлең  мазмұнына  көңіл  аударту,  негізгі  идеясын 
ашу.  Тәрбиелік:  өлеңнің  тәртіп  мәнін  түсіндіріп,  өздеріне  керек 
жерінен тәлім алуды ескерту. Мұның терең ойлы нақты мақсатының 
бар екенін айыру.
Сабақтың  көрнекілігі:  портреттер,  суреттер,  буклеттер, 
кәртішкелер,  т.б  мақалдар  (білім-өнер)  ойын  түрінде  жазылған, 
сөздер жазған плакаттар (үлестірмелі материалдар).
Пәнаралық    байланыс:  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  тарих,  орыс 
әдебиеті.
Сабақта  қолданылған  әдіс-тәсілдер:  дамыта  оқыту 
технологиясы, әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас сабақ.
Сабақ барысы: 
1.  Ұйымдастыру  сәті:  а)  амандасу;  ә)  сабақтың  тақырыбын, 
мақсатын айту; б) кезекші рапорты.
     2. Үй тапсырмасын сұрау.
     3. Жаңа сабақты меңгерту.
     
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Сабақты  фонетикалық  жаттығудан  бастау,  өлең  оқу,  түсіп 
қалған әріптерге көңіл бөлу.
Мұғалім сұрақтары: 1) фонетикалық талдау жаса (ауызша); 
31

2) өлеңнің авторы кім? 3) Абай мен қазақ әдебиетін бөліп қарауға 
бола ма? 4) Қазақтың тағы қандай ақын жазушыларын білесіңдер?
- Үй тапсырмасы қандай? 
- Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесінің екінші бөлімін оқу, 
мазмұнын айту.
Интерактивті  тақтада  әңгіменің  мазмұнына  байланысты 
суреттер көрсетіліп тұрады.
Мұғалім:  -  Бұл  әңгімеде  қазақ  халқының  қандай  мерекелері 
туралы айтылады? Халқымыздың қандай дәстүрі туралы білдік?
Оқушылар жауап береді.
Мұғалім: Бұл әңгіменің негізгі тақырыбы не туралы, немесе 
кім туралы? Әңгіменің негізгі кейіпкері?
Осы  кезде  бірнеше  оқушыға  үлестірмелі  кәртішкелер 
таратылады.
Мұғалім: Әңгіме шынында қандай әнші туралы? Бұл қандай 
әншінің прототипі? 
Жауап: - Әміре Қашаубаев.
Мұғалім: - Әншілік өнер туралы не айтар едіңдер? 
Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы өткізіледі.
Жаңа  тақырып  туралы  хабарлау.  Мақсатын  қою.  Белсенді 
игеруге дайындау. 
Интерактивті тақтадан мектеп, кітап, глобус суреттерін көрсете 
отырып, сұрақ қойып, пікір туындату.
Мұғалім: - Дәптерлерімізді ашып, сабақтың тақырыбын жазып 
қояйық: Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі.
Мұғалім: - Бүгінгі тақырыпқа мына суреттердің қандай қатысы 
бар деп ойлайсыңдар? 
Оқушылардың жауаптары.
Суреттер  сырын  аша  отырып,  пікірлерді  жүйелеп,  ортақ 
шешімге келеді.
Мұғалім «Қарағым» өлеңінің авторы туралы қысқаша мәлімет 
береді. 
-  Енді сөздік жұмысын өткіземіз.
32

Интерактивті тақтадағы сөздікті дәптерге жазамыз.
Өлең  мәнерлеп  оқылады.  Мұғалім  сұрақтары:  1)  өлеңдегі 
мәселе не туралы? 2) ақын өлең арқылы сендерді неге шақырады? 
3) автордың тағы басқа қандай өлеңдерін  білесіңдер? Оқушылар 
жауабы.
- Бұл өлең қай ақынның өлеңімен мазмұндас? Жауап.
Әрі қарай өлеңді түсініп оқып, талдау. Бұл жай емес, өсиет өлең 
екенін айтып түсіндіру.
Тест  түрінде  «Шығарманың  жанрын  анықта»  атты  ойын 
өткізіледі.
Екінші ойын: «Ойлан, тап». Абай, Мағжан, Мұқағали, Ыбырай 
шығармаларынан  үзінділер  оқылып,  авторларын  табу  ойыны. 
Дәптермен жұмыс. «Кітап бойынша тапсырмалар орындалды».
Мұғалім сұрақтары: 1) Шығарманың негізгі идеясы не? 2) Оқу, 
білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? 
- Ақынның құптайтын және құптамайтын әрекеттері туралы не 
айтар едіңдер? Оқушылар жауабы.
Сабақты бекіту.
      1) Бүгінгі сабақтан қандай тәлім алдың?
      2) Сабақ сендерге ұнады ма?
Үйге тапсырма беру:
1)  Өлең, сөздік жаттау;
2)  Өлең, сөздік, автордың өмірбаяны;
3)  Өлең,  сөздік,  мақал-мәтел,  автордың  екі  шығармасын 
оқып, мазмұнын айтуға дайындалу. 
33

Айгүл ҚАСЕНОВА,
Шығыс Қазақстан облысының 
Семей қаласындағы 
№2 жалпы орта білім
 беретін мектептің
 қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
 
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ  
МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
(10 - сынып)
Сабақтың  мақсаты:  Шортанбай  Қанайұлы  туралы  тың 
деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен таныстыру. 
Жаңа мағлұматтар, деректер беру.
Білімділігі:  Шортанбай  Қанайұлының  «Зар  заман» 
шығармасына  талдау  жасайды.  Өлеңнің  тақырыбы  мен  идеясын 
айқындайды.
Дамытушылығы:  Ш.Қанайұлының  өлеңіне    талдау  жасай 
отырып,  теориялық  білімдері  беки  түседі.  Шығармашылық 
қабілеттері 
шыңдалады, 
ойлау, 
таным 
белсенділіктері 
арттырылады.
Тәрбиелігі:  ұлттық  рухани  құндылықтарды  бағалай  білуге, 
адамгершілік  қасиеттерін  ұштай  отырып  бірін-бірі      сыйлауға, 
пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі:  білім, білік дағдыларын бекіту.
Сабақтың түрі:  конференция. Іздендіру сабағы.
Әдіс-тәсілдері:   тапсырмамен  жұмыс, сұрақ-жауап. 
Көрнекіліктер:  таратпа  кестелер,  интерактивтік  тақта, 
Шортанбай Қанайұлының суреті. 
Пәнаралық байланыс: тарих.                                  
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин. 
а) Оқушыларды түгелдеу; ә) Оқушы назарын сабаққа аудару.
34

ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Мұғалім:  –  Бүгінгі  конференциямызда  Шортанбай 
Қанайұлының  өмірімен  танысуды  әрі  қарай  жалғастырып,    «Зар 
заман»  шығармасын  талдаймыз.  Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ірі 
тұлғалардың бірі – Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік 
Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 
63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс 
болған.  Балалар,  Шортанбай  Қанайұлы  1818  жылы  туған  екен, 
олай болса оның өмір сүрген кезіндегі тарихи жағдайлар туралы 
не айта аласыңдар? (Оқушылар жауабы.) 
Мұғалім: - міне, Шортанбай Қанайұлының ақындық, азаматтық 
кезеңі осындай қиын кезеңмен тұспа-тұс келген екен. 
Конференцияға  қатысушылар  құр  қол  келмеген,  Шортанбай 
Қанайұлы туралы мәлімет жинап, екі презентация жасап әкелген. 
Соларды  назарларыңызға  ұсынайық.  Бәріміз  мұқият  тыңдайық, 
сұрақтарға жауап берейік. Презентация. 3 мин.
1-сұрақ.  Осындай  қиын  заманда  өмір  сүріп,  еңбек  еткен 
Шортанбай Қанайұлы өз шығармаларында нені жырлады?
Оқушылар жауап береді.
Мұғалім: - ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат, тағы басқа 
ақындар Шортанбай Қанайұлы сияқты ел мұңын жырлаған. 
Ардақ:  -  Иә,  бұл  ақындарды  жерлесіміз,  заңғар  жазушы, 
классик Мұхтар Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған. 
2-сұрақ: «Зар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар жауап береді. 2 мин.
Мұғалім:  –  Ардақ,    өзіңіз  осы  сұрақ  бойынша  түйіндеме 
жасасаңыз жақсы болар еді.
Ардақ  «Зар» деген сөздің мағынасын тағы да ашып береді.
Мұғалім: – Құрметті конференцияға қатысушылар, естеріңде 
ме, қай ғалым-зерттеуші «Орхон-Енисей жазбаларын»  зерттеген?  
(Оқушылар жауап береді.)  
Мұғалім:  -  Дұрыс.  В.В.Радлов.  Шортанбай  Қанайұлының 
шығармасын алғаш зерттеген де - орыс зерттеушісі В.В.Радлов.
35

Ардақ  :  –  Ол  отаршылдықтың  қазақ  ұлтына  әкелген  зияны 
туралы былай депті: «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат 
берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз».
Мұғалім:  –  Құрметті  конференцияға  қатысушылар, 
сіздерге    қазір  Шортанбай  Қанайұлының  «Зар  заман»  өлеңдер 
топтамасынан бір өлеңін  тыңдауға ұсынамыз.
3-сұрақ: «Зар заман» өлеңінде заманның бұзылған белгілерін 
табайық, неліктен заман бұзылып тұр? Себебі?
4-сұрақ: Заманның бұзылған белгісі тек адамда ғана ма, жоқ, 
әлде, табиғатта да бар ма?
5-сұрақ: Заманды бұзған кімдер?
6-сұрақ: Бүгінгі таңда осының белгілері біздің ортамызда бар 
ма, біз оған қалай қараймыз?  Себебі не?  
- Дәл осы бойынша  алдарыңдағы «Шығарма кестесін» жасап 
жіберейік.
Мұғалім:  –  Ардақ,  келген  қонақтарымызға  да  бір-бір  кесте 
үлестіріңіз.
Оқушылар екі топқа бөлініп, өлеңді оқып талдайды.
1 және 2-бөлімін оқып, кесте толтырады. Ауызша талдайды.
Мұғалім:  –  Құрметті  конференцияға  қатысушылар  және 
қонақтар!  Бәрімізге  мәлім,  қазіргі  күнде  көнеден  келе  жатқан 
ұлттық  «Қара  жорға»  биі  әйгілі  Гиннестің  рекордтар  кітабына 
алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін 
келе  арамызға  қайта  оралған  осынау  би  үлгісі  бүгінгі  ұрпақтың 
орындауында  тіпті  жандана  түскендей.  «Қытайдағы  ұлтжанды 
қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» 
бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп 
әкетті.  «Қара  жорға»  болмаса,  тойдың  сәні  келмейді»  демекші, 
бүгінде  қазақтың  көп  жиындары  мен  той-томалақтары  осы  бір 
ерекше, ғажап бисіз өтпейді.
Ардақ:  - Сондықтан біз де бүгінгі конференциямызда осы биді 
билеп, бойымызды сергітейік. Бәріміз тұрайық.
36

Сергіту сәті. «Қара жорға».
3 және 4-бөлімін оқып, кесте толтырады. Ауызша талдайды.
Адлен:  –  Құрметті  конференция  ұйымдастырушылары, 
қонақтар.  Біз  жігіттермен  осы  Шортанбайдың  қазақ  үшін  жаны 
күйіп жазған өлеңінің бір шумағына көрініс дайындағанбыз, соны 
көрсетсек қайтеді?! (Көрініс көрсетіледі.)
Конференцияны қорыту. 
Мұғалім: -  Шортанбайдың  «Зар заман» өлеңдер топтамасы 
–  адам  сипатынан  түңілген,  халық  үшін  жаны  күйінген  жанның 
толғанысы,  дәуір  айнасы.Оған  жаңа    көздерің  жетті.  Сонымен, 
қорыта келгенде, мынадай сұраққа жауап беріңдерші: 
-  Шортанбай  Қанайұлының  шығармаларының  негізгі  идеясы 
не? 
Оқушылар ойларын айтады.
Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай 
Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының 
қайғы, мұңы еді. Болашақ ұрпақты жаман әдеттерден тыю, ұлттық 
рухымызды асқақ ұстауды ұрпаққа аманат еткен. 
Бағалау.
Үйге  тапсырма:  «Зар  заман  ақынынан»  алатын  тағылым» 
деген тақырыпқа эссе жазып келу.
37

Рабиға АТАЕВА,
Батыс Қазақстан облысының
Орал қаласындағы 
№20 жалпы орта білім 
беретін мектептің
 қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі. 
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН.
«АНАНЫҢ ХАТЫ» 
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  жаңа  технологияға 
байланысты,  жобалық  оқытудың  мақсаты  -  оқушылардың 
шығармашылық  және  зерттеушілік  жұмыстары  арқылы 
оқушыларды  С.Сейфуллиннің  өмірімен,  өнерімен  таныстыру; 
дамытушылық  -  білім  стандартының  талаптарына  сай 
қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмаларды кеңейту, 
оқушылардың  сөздік  қорын,  тіл  байлығын,  шығармашылық 
ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік - өткен тарихын меңгерту 
арқылы өз Отанын, жерін, тарихын, ата-анасын құрметтеуге баулу, 
С.Сейфуллиннің  өмірін  үлгі  етіп,  оған  деген  сүйіспеншілігін 
арттыру.  Түрі:  ауызша  жұрнал.  Әдісі:  проблемалық  сұрақтар, 
кластер әдісі, топпен жұмыс. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ 
әдебиеті, қазақ тілі, информатика, орыс тілі; Көрнекілігі: портрет, 
бейнелі суреттер, кітап көрмесі, компьютер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ауызша жұрнал.
ІІІ. Сабақтың  қорытындысы.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
38

«Туған жерім – Сарыарқа»
              
1894 жылы туған                         1938 жылы қайтыс болған
Ғалым                    С.Сейфуллин                  Сыншы             
               Жазушы                             Ақын
                                                                                                                                                                                                         
 
      
  
         
                    
Баласы мен  әкесі
              С. Сейфуллиннің әке – шешесі
39
 
Шешесі-адал, әде-мі, 
ақылды, әңгімеші. 
Әкесі-домбырашы,  
саятшы, аңшы. 
 
Абумуслим 
Камила
 
Салима
а 
Рахима 
Габдулмажит 
Малиқаждар 
     
Сәкен 
(Садуақас) 
Әке-шешесі 
Жамал 
Сейфолла 
Балалары 

40
С. Сейфуллиннің отбасы
Жолдасы - Гүлбаһрам, балалары  – Аян, Лаура.
С. Сейфуллиннің оқыған оқу орындары:
                                   
1. Ауыл молдасы.
2. Нілдегі орыс-қазақ мектебі.
3. 1908-1913жж. Ақмоладағы 2 жылдық училище.
4. 1913-1916жж. Омбыдағы мұғалімдер семинариясы. 
 
 

«Мен халық үшін жазамын»
«Менің сүйікті өлеңім» (Өлеңдерден үзінді оқу.)
             «Дала»
Құшағын жайған кең дала
Төсін ашқан анадай.
Қаладан келген сағынып
Бейне бір жас баладай.  
            «Наурыз»
Адам да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы ап тұр
Кәрі де, жас та, бала да.
      «Ананың хаты»
Байғұс ана хат жазыпты,  
                    
Депті: «Балам, сағындым,                  
Ұмыттың ғой бізді, тіпті,                       
Бір келмедің, не қылдым?    
                   
41
 
«Тар жол, тайғак кешу» 
романы (1927ж.) 
С. 
Сейфуллиннің
 
шығармалары
 
«Өткен күн-
дер» өлеңдер 
жинағы  
   (1914ж
.)  
«Далада» 
өлеңі 
(1922ж.) 
«Домбыра» 
өлеңі  (1924ж) 
 
 
 
(1924ж.) 
«Көкшетау» 
поэмасы 
(1929ж.) 
т.б. әңгімелер,
 
очерктер,  
драмалар  

Қалжырадым, сағындым мен
Бір кеп көрін көзіме.
Ұмытқандай не қылдым мен? 
Жауап қайтар сөзіме»
«Сен білесің бе?»
1. Кластер құрыңыз.
         
2. 
Сөзжұмбақ шешу.
Сөздердің аудармасын табыңыз.
1. Вырасти.                               4. Качать.
2. Баюкать.                                5. Скучать.
3. Помогать.
3. Мәтіннен мына сөздердің синонимін тауып жазыңыз:
1. Келмедің –              3. Шаршадым -        5. Қайғы - 
2. Ақыл –                    4. Үлкен - 
4. Ана мен бала туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
42
 
Ана 
 
с 
 
Ә 
 
 
к 
Е 
Н 




3
  

Тиімді әдіс - баршаға ортақ
Жібек ДЮСЮПОВА,
Шығыс Қазақстан облысының
Семей қаласындағы
№ 9 орта мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
СӨЙЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ПРОЦЕСІНДЕ МҰҒАЛІМ МЕН 
ОҚУШЫНЫҢ БІРЛЕСІП ӘРЕКЕТ 
ЖАСАУЫ
Орыс мектебінде оқитын балаларға қазақ тілін үйретудің түпкі 
мақсаты-өз  ойын  сол  тілде  жеткізе  білуге  және  халқымыздың 
мәдениетін,  әдет-ғұрпы  мен  әдебиетін  түсіне  білуге  үйрету.  Ол 
үшін менің міндетім - мәдениетті түрде біліміммен, іскерлігіммен 
қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  мәртебесін  көтеру,  осы 
мақсатқа тез жететіндей тиімді жол іздеу.
Нағыз  сабақ    -  әрқашан  диалог,  іздене,  дайындала,  үйрене, 
кеңесе,  шәкірттер  болашағын  ойлай  жасалған  еңбек  пен 
тәжірибенің бірлігі.
Өз  іс-тәжірибемде  оқушыға  ауызекі  сөйлеу  тіліне  үйрету 
барысында өтілген материалдарды бекітіп, белгілі бір тақырыпта 
сөйлеу  дәрежесін  көтеру  үшін  пысықтау,  сөйлеу,  тілдік 
жаттығуларды пайдаланамын.
Сабақтың  алғашқы  бөлімінде  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды 
дұрыс айту, яғни, күнделікті сабақ процесіне қажетті практикалық 
мәні бар жұмыс жүргізу.Жалпы суретпен жұмыс жүргізудегі мақсат 
- жаңа сөз үйрету, жай сөйлемдерді есту, қайталап айту жолымен 
оқушылардың тілін ширату, сұрақ-жауап әдісі арқылы қазақ тілінің 
ерекшелігі, сөйлеу сазымен практика жүзінде таныстыра беру.
Әр сабақта 4-5 сөздің суреті салынып үйретілсе, жаңа сөздер 
43

оқушылардың  естерінде  жақсы  сақталады.  Оқушылар,  әдетте, 
көрнекі құралдың қай жерге ілінгенін, сонан соң бірінші  суретте 
не  салынғанын,оның  астына  қандай  сөз  жазылғанын  ойша  көз 
алдарына  елестетеді,  заттың  қазақша  атын  сонан  кейін  барып 
естеріне түсіреді. Оқушылардың өткен сабақтағы суретті мынадай 
психологиялық  жолмен  ойларына  түсіруіне  мұғалімнің  жаңа  сөз 
үйретудегі тәсілі (сурет пен сөзді кезек жауып тұру) себеп болады.
Тіл үйретудің негізі-оқушылардың сөздік қорын байыту және 
сол  сөздерді  дұрыс  айтуға  дағдыландыру.  Сондықтан  қазақ  тілі 
сабағында  бұл  жұмысқа  көңіл  бөлуге  тиіс.  Оқушылар  тек  сөз 
біліп, сөйлем құрап қана қоймайды, жүйелі сөйлеуге, пікір айтуға 
дағдыланады.
Оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету үшін мынадай жұмыстар 
жүргізіледі: 
1. Әңгіме оқытып, оның мазмұнын айтқызу. 
2. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Көргендері жөнінде әңгіме айтқызу.
Бұл  жұмыстарды  ұйымдастырғанда  алға  қоятын  мақсат-
оқушыларды еркін, өз сөзімен әңгімелеуге, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Оқылған  ертегі  бойынша  әңгіме  жұмысы  былай  жүргізіледі. 
Алғашқы  кезде  әңгіменің  мазмұнын  айтқызу  үшін  мұғалім 
мәтін  бойынша  сұрақ  қояды,  сұрақ  арқылы  ауызекі    әңгімеге 
енетін  сөйлемдер  түгел  құрылады.  Осындай  дайындықтан  кейін 
оқушылар әңгіменің бір бөлігін айтқызғандай етіп үйренеді.
Сурет  мазмұны  оқушылардың  тілден  алған  дағдысына  сай 
болуға тиіс. Суреттің мазмұны айқын болса, әңгіме құрап айтуға 
оңай болады.
  Мұғалім  алдымен  сурет  бойынша  сұрақ  қояды.  Сұрақ 
оқушыларды өз біліміне сай әңгіме құруға бағыттауға, әңгіменің 
көлемін,  мазмұнын  белгілеуге  тиіс.  Оқушылар  суретке  қарап 
мұғалімнің  сұрағына  жауап  береді.  Осындай  дайындықтан  соң 
олар сурет бойынша әңгімені түгел айтады.
Оқушылардың  көргендері,  өздерінің  істері  жөнінде  әңгіме 
44

ұйымдастырғанда да осы тәрізді жұмыс жүргізіледі.
Қазақ  тілі  сабағында  жүргізілетін  жұмыстың  бір  түрі-
оқушыларды  қазақша  сөйлеуге  үйрету,  сұраққа  жауап  бергізу, 
өздерін  бір-бірімен  сөйлестіріп,  оқығандарын  ауызша  айтқызуға 
(түсінгені  бойынша)  дағдыландыру.  Демек,  оқушылардың  көру, 
есту, айту, есте сақтау қабілетін үнемі дамытып отыру қажет.  
Оқушыларды  қазақша  сөйлетуге  жаттықтыру  үшін  сурет, 
кәртішкелер немесе заттың өзі пайдаланылады.Мысалы, «қайда?» 
сұрағына байланысты портфельді немесе оның суретін көрсетіп, 
кітап, қарындаш, дәптер, қалам, т.б. оқу құралдарын портфельдің 
ішіне салып немесе жанына қойып, сұрақ-жауап әдісімен сөйлем 
құрастырылады.  Сонымен  қатар  «қайда?»  деген  сұраққа  жауап 
беретін сөздердің тұлғасы, мәні ашыла түседі. Бұл сияқты көрнекі 
түрде түсіндірілген сабақ оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
«Кімде?»  сұрағын  дұрыс  қолдану  үшін  жеке  сөздер,  сөз 
тіркестері  мен    қысқа  сөйлемдердің  тізімін  алдын  ала  дайындап 
қойған дұрыс.
Кімде? Маратта - өшіргіш Маратта, дәптер Маратта.
Қысқа сөйлем: Маратта ақ, қызыл өшіргіш бар.
Осы сияқты сөз тіркестері мен қысқа сөйлемдерді оқушылардың 
өздеріне  де  ойлатуға  болады.  Осындай  жұмыстар  оқушыларды 
қызықтыратыны анық. Бұл сияқты тіл дамыту жұмыстары қазақ 
тілін  жақсы  білетін  оқушыларға  сүйене  отырып,  мұғалімнің 
жетекшілігімен орындалады.
Оқушы әр тақырып бойынша сабақта тілдік жағдайды түсініп, 
қолданып,  әр  түрлі  жағдайда  сөйлейтін  дағды  алса,  ол  өмірде 
өзінше басқа адамдармен қарым – қатынас жасай алады.
Тілді  үйретуде  қатысым  үстемдік  алып,  қатысым  әдісіне 
көшкенде ғана тіл үйрену нәтижелі болады. Мысалы, оқушылардың 
үй ішімен,  табиғат аясында достарымен, сыныптарымен түскен 
суреттерін сабаққа әкелгізіп, оқушыларды бір - бірімен сөйлетуге 
болады.
- Бұл кім?
45

- Бұл - менің әкем.
- Ол жұмыс істей ме?
- Иә, істейді. Ол - мұғалім. Мектепте сабақ береді.
- Бұл кім?
- Бұл - менің досым.
- Оның аты кім?
- Оның аты - Саша.
- Ол қай мектепте оқиды?
- Ол № 9 мектепте оқиды.
- Қайда тұрады?
- Ол Абай көшесіндегі № 15 үйде тұрады.                                                                            
Осы сияқты жұмыс түрлерімен монолог, диалог, сұрақ – жауап, 
мәтін  бойынша  жұмыстарға  көп  көңіл  бөлу  тілдесім  әрекетін 
жандандыра түседі.
Бастауыш  сыныпта  ауызекі  сөйлесе  алу,  кез  келген  тақырып 
бойынша  қысқаша  өз  пікірін  білдіру,  өз  ойын  жазбаша  сауатты 
жеткізе  алу,  мәтінді  оқып  әңгімелей  алу,  мәтін  бойынша  сұрақ- 
жауап  ұйымдастыру,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  мақал,  өлең,  сергіту 
сияқты тапсырмалардың айырмасын біліп, нақышына келтіре оқу 
жұмыстарын  жүйелі  жүргізіп,  оқушыны  коммуникативтік  тілдік 
қатынас деңгейіне жеткізу - мұғалімнің тікелей борышы.
Сондықтан да алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, 
оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын 
енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуіміз керек.
Қазіргі  таңда  тестілік  бағалау  жүйесі  кеңінен  пайдаланылып 
отыр. Жаңа өмір талабына сай ҰБТ жүйесі енгелі біз де бастауыш 
сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сай,  бағдарламаға 
сәйкес әр тоқсан сайын әр тарау бойынша тестілік бақылау жүйесін 
тәжірибеме енгізудемін.
«Тест» – ағылшын сөзі - «сынау»,  «тексеру» деген мағынаны 
білдіреді. 
Тестік бақылау жүйесі - оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу 
әрекетін  арттырады,  оқытудың  тиімділігіне  қол  жеткізеді,  ойлау 
қабілетін,  шығармашылық  әрекетін  белсендіреді.  Осыларға  қоса 
оқушылардың  алған  білімдеріндегі  олқылықтарын  анықтайды, 
уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мен, мысалы, 3-сыныпта: 1)ашық тестіні қолданамын (оқушы 
жауапты өзі құрастырады).
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал