Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет2/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  И.А.Зимняя.  Психология  обучения  иностранным  языкам  в 
школе. М., «Просвещение», 1991.
2. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. Алматы, «Ана тілі», 1992.
3.  П.Ф.Каптерев.  Дидактические  очерки.  Теория  образования//
Изб.педагог.соч. М., 1982.
4. Қ.Жарықбаев. Жантану. Алматы, «Шұғыла», 2008.
5. В.А.Артемов. Психология обучения иностранным языкам. М., 
«Просвещение», 1969.
6. Н.Оралбаева, К.Жақсылықова. Орыс мектептерінде қазақ тілін 
оқыту әдістемесі. Алматы, «Ана тілі», 1996. 
7.
 
Ж.Аймауытұлы. Псиқолоғия. Алматы, «Рауан», 1995.
8.  Қ.Сейталиев.  Жалпы  психология.  Алматы,  «Білім», 
2007. 
17

Мұғалiмдерге көмек 
Тұрсын МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы 
 Қазақ ұлттық өнер 
университетінің
 аға оқытушысы.
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГI
 
Қазақ  әдебиеті  сабақтарында  оқушылар  терең  ойланып, 
парасатпен  оқуға,  мәтін  ішіндегі  ойды  түсініп,  оларды  әр  түрлі 
көзқарас  тұрғысынан  зерделеуге  үйренеді,  мәтіннің  стилі  мен 
жанрын  бағалауға,  оқуды  өз  басындағы  мәселелерді  шешуде 
қолдануға дағдыланады.
Қазақ  әдебиеті  сабақтарындағы  мәтіндік  қызмет  екі  бағытта 
жүргізіледі: оқу мәтіндерін оқу және әдеби (бос уақытта) оқуды 
ұйымдастыру  немесе  А.А.Леонтьевтің  анықтамасы  бойынша 
«еңбектену ретінде оқу және демалу мақсатында оқу». Оқи білуді 
оқытудың дәстүрлі әдістемесі «Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап 
беріңіз» сияқты тапсырмалардан құралған оқу белгісінен тұрады. 
Бұдан  кейін  оқылған  мәтінді  қаншалықты  дәрежеде  түсінгенін, 
сөздерді  есте  сақтағанын  тексеру  мақсатында,  кейде  оқылғанды 
талқылау үшін, бірқатар тапсырмалар беріледі. Сабақ барысында 
оқу мәтіндерін интерактивті оқуға үйрететін қазіргі әдістеме үш 
кезеңнен  тұрады:  мәтінді  оқуға  дейін,  мәтін  оқу  кезінде  және 
мәтінді оқығаннан кейін. Оқырмандардың белсенділік дәрежесін 
көрсететін  үшбұрыш  түрінде  ұсынылған  сызбада  оқуға  және 
жазуға  үйретудің  қазіргі  тәсілі  мүлде  басқаша  жасалған,  яғни, 
аударылған үшбұрышты еске салады. Мұнда дәстүрлі әдістемеге 
қарағанда  мүғалімнің  жетекшілігімен  жүргізілетін  мәтінді  оқуға 
дейінгі қызметке көп көңіл бөлінеді, ал дәстүрлі әдістеме бойынша 
18

мәтінмен  интерактивтік  және  коммуникативтік  сипатта  жұмыс 
жасалады. Мұндайда мәтінді оқудан кейінгі жұмыс жұптық негізде 
орындалады.
Оқуға және жазуға үйрету.
Оқудың қалыпты түрі            Интерактивтік оқу                         
                   Мақсат: мағынасын құрастыру.
                           
                         
 
 
          
Алдын-ала оқу    
                                                                                                   
                                     
                                      
Оқу
                                     Оқудан кейін
Мәтінді  сәтті  меңгеру  үшін  оқушы  мәтіндік  ақпаратпен 
жұмыс  істеу  стратегиясының  бірнеше  тәсілдерін  білуі  керек. 
Стратегияны  өз  қалауы  бойынша  таңдауға  болады,  бірақ  таңдау 
жасау үшін оқушы тәжірибесінде стратегиялар репертуары болуы 
керек.  Қазіргі  кезде  әдебиет  пәнінің  мұғалімдерінде  оқудың  әр 
кезеңіне арналған стратегиялар репертуары бар, бұл – сабақта әр 
алуан мәтіндік қызметті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді 
және  барлық  білім  алушыларды  оқылым  үдерісіне  белсенді 
жұмылдыруға көмектеседі.
Мәтінді  оқуға  дейінгі  кезеңде  білім  алушыларға  олардың 
бойындағы  білімді  және  тәжірибені,  сезімдер  мен  болжамдарды 
талдауға  және  бағамдауға  және  тағы  басқаларды  талқылауға 
бағытталған бірқатар тапсырмалар беріледі. Мұғалім мәтінді оқуға 
дейін  мазмұнын  тақырып  бойынша  болжау,  сұрақтарды  талдау, 
ойлау әрекеті, «білемін – білгім келеді – білдім» (Б-Б-Б) және т.б. 
сияқты стратегияларды қолданады.
Мысалы, Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесін» 
меңгерудің  қиындығы  –  оның  бейнелі,  метафоралық  тілмен 
19
 

жазылуында,  орыс  тілді  мектеп  оқушылары  оны  бірден  түсіне 
алмайды.
Сабақта  сөздік  жұмысын  міндетті  түрде  жүргізу  қажет,  бұл 
білім  алушыларға  қазақ  тілінің  сұлулығын  көруге  және  сезуге 
мүмкіндік береді.
Ойтүрткі: 
Автобиография 
(өмірбаян) 
дегеніміз 
не? 
Автобиография  –  (авто  –  менің,  био  –  өмір,  графия  –  жазу). 
Жазушылар  не  туралы  жазады?  (Қашан,  қай  жерде  туды?  Сол 
өлкенің  ерекшелігі  қандай?  Ата-анасы  кім?  Қандай  балабақшаға 
барды,  өздерінің  тәрбиеші  апайларының  есімін  еске  ала  ма? 
Мектептегі алғашқы мұғалімін ұмытқан жоқ па?).
Балалар  5  топқа  бөлінеді,  әр  топқа  тапсырма  беріледі.  Олар 
мәтіннің үзіндісін оқып, аударып, содан соң басқа тапсырмаларды 
орындайды (15 минут).
1-топ.  Ғ.Мүсіреповтің  өмірбаянымен  танысып,  берілген 
сұрақтарға жауап беру.   
Ғабит Мүсірепов – академик, Қазақстанның халық жазушысы, 
қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері.
Ғабит  Мүсірепов  –  қазақ  әдебиетінің  проза,  драматургия, 
публицистика, журналистика салаларының дамуына үлес қосқан 
суреткер-жазушы.
2-топ. Өз өмірбаяныңды жаз. Сұрақтарға жауап бер.
1. Аты-жөнің кім? Атыңды кім қойды?
2.   Қашан, қай жерде тудың?
3. Сол өлкенің ерекшелігі қандай?
4. Ата-анаң кім?
5. Отбасыңда басқа балалар бар ма?
6. Қандай балабақшаға бардың?
7. Өзіңнің тәрбиеші апайларыңның есімі есіңде қалды ма?
8.  Мектептегі   алғашқы   мұғаліміңді  ұмытқан  жоқсың   ба? 
Оқу  кезеңінде  мұғалімдер  оқу  мәтінінің  түріне  байланысты 
стратегияны  қолдану  арқылы  мәтіндік  қызметті  ұйымдастырады. 
Ақпараттық  мәтіндермен  жұмыс  істеуде,  әсіресе,  ақпараттық 
20

кәртішке,  белгілеу  арқылы  оқу,  сұрақтар  қою,  анықтау  картасы, 
айғақтар  пирамидасы,  Венн  диаграммалары  сияқты  және  т.б. 
стратегияларды  қолдану  тиімді.  Мәселен,  оқушы  ақпараттық 
кәртішкемен  жұмыс  істей  отырып,  оны  кілт  сөздермен 
толықтырып қана қоймай, сонымен қатар ол ақпаратты серіктестің 
кәртішкесімен салыстырады, өз кәртішкесіне жеткіліксіз ақпаратты 
басқа түспен көшіреді, содан соң оқушылар бір-біріне сұрақ қояды 
және  не  туралы  білгендерін,  нені  анықтағандарын  өз  сөздерімен 
айтып береді.
Көркем мәтіндермен жұмыс барысында келесі стратегияларды 
қолдану  қызметті  жақсы  ұйымдастыруға  көмектеседі:  әңгімелеу 
картасы,  әңгіме  пирамидасы,  кейде  тоқтап  оқу,  сұрақтар  қою, 
мәтінді  ықшамдау,  аңдатпа  –  қысқаша  мазмұндау  –  мазмұндау 
және т.б.
3-топ «Автобиографиялық әңгіме»  шығармасымен жұмыс 
жасайды.
Мәтінді оқы, түсінуге тырыс, сұрақтар құрастыр.
-  Қазіргі  кезде,  яғни,  еліміз  егемендік  алған  шақта,  Наурыз 
мерекесі қалай тойлануда? 
-  Мен  жыл  басы  –  22  Наурыз  күні  киіз  үйде  туыппын. 
Қазақ  даласының  ең  суық  жағын  жайлайтын  біздің  елдердің 
бірсыпырасы  XX  ғасырдың  бас  кезінде  де  қыс  айларын  киіз 
үйде  өткізеді  екен.  Ол  күні  жер  де  сілкінбеген,  күн  түгіл  ай  да 
тұтылмаған,  есте  қаларлық  боран  да  болмаған,  ең  аяғы  қалжа 
сүйегіне  иттер  де  таласа  алмаған.  Менсіз  де  үбірлі-шүбірлі  бір 
қора үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына 
ұйқастыра ат берген.
Оқушылармен  жұмыс  мәтінде  кездесетін  жаңа  сөздермен, 
фразеологизмдермен  жүргізіледі,  себебі  оқулықта  олардың 
талдауы берілмеген.
Сөздік: 22 наурыз – 22 марта;
бірсыпырасы – многие; 
үбірлі-шүбірлі – многодетная семья; 
21

жер сілкіну – землетрясение;
күн мен айдың тұтылуы – затмение;
сәби – младенец;
қалжа сүйегі - кость (сәби туғаннан кейін койдың етінен тағам 
жасалып, босанған ананы және қонақтарды тамақтандырады);
ұйқастыра  ат  берген  -  младенцу  давали  имя  созвучное  с 
именами других детей в семье.
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезеңде оқырмандық пікірді, бағаны 
білу  мақсатында  мәтіннен  кейінгі  талқылау  жүргізіледі,  білім 
алушылар пікір алмасып, нені білгендерін, нені анықтағандарын 
ортаға  салады.  Кластерлерді,  графиктер  мен  сызбаларды, 
синквейндерді құрастыру, пікірталасқа түсу, эссе жазу жұмыстың 
әдеттегі стратегияларына айналды.
4-топ  мәтіннен  метафораларды  тауып,  мағынасын  ашуға 
тырысады.
–  «Ол    кезде    тістеген    мен    шаққанға    да    енжар    болған  
сияқтымын:  жылауық  болмаппын».  «Сәби  туған  күні  жер  де 
сілкінбеген,  күн  түгіл  ай  да  тұтылмаған,  есте  қаларлық  боран 
да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған». 
Осы сөйлемдердің мағынасын аш.
Мәтіннің  мағынасын  ажырату  (15  минут  ішінде  оқушылар 
мәтіннің  мағынасын  қалай  түсінгенін,  ой-қиялында  қандай 
көріністер  туғанын,  әдеби  тілдің  қандай  ерекшеліктерін 
анықтағанын көрсетуге тырысқанын байқадық).
Үйге  тапсырма:  мәтінді  оқып,  сұрақтарға  жауап  беріңдер, 
«Менің өмірбаяным» деген тақырыпта шығарма жазып келіңдер. 
«Автобиографиялық әңгіменің» басқа үзінділерін оқып, мазмұндап 
бер, өзіңнің ой-пікіріңмен бөліс». Орыс әдебиетінде өмірбаяндық 
туындыларды  кімдер  жазған?  (Л.Толстой,  М.Горький).  Сол 
туындылардың үзінділерін қазақ тілінде тауып, оқып келіңдер.
Білім  алушылар  Ғабит  Мүсіреповтің  “Автобиографиялық 
әңгімесін”  оқу  және  талдау  барысында  мәтіннің  орыс  тіліне 
соншалықты  дұрыс  және  әдеби  аударылғанын  ескеріп, 
22

маңыздылығын  түсінді.  Себебі:  әңгімені  бірінші  рет  оқығанда 
оларға  көп  нәрсе  түсінікті  болған  жоқ.  Білім  алушылардың  өз 
өмірбаяндарын  құрастыруы  оларға  жазушының  өз  өмірбаянын 
мазмұндау  логикасын  түсіну,  жазушының  тілі  мен  стилінің 
ерекшеліктерін  анықтау,  өздерінің  сөздік  қорларын  байыту  оңай 
болды.
Нақтылау,  жеке  көзқарасты  кеңейту  немесе  өзгерту  әр 
алуан  мәтіндік  қызметтің  нәтижесі  болып  табылады,  бұл  оқуда 
ынтымақтастық жасауға, сонымен қатар кең репертуарлы стратегия 
құруға көмектеседі, ал білім алушыларға әр түрлі мәтінді әр түрлі 
мақсатта  оқуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  оқу  «эмоционалдық 
және  зияткерлік  тұрғыдан  бірге  уайымдау,  бірге  ойлау,  бірге 
әрекет ету» құбылыстарын туындатады және жеке танымдық әрі 
шығармашылық  дербестікке  әкеледі.  Осылайша,  оқу  жаттаудан, 
зымырап  оқудан  тұрмайды,  ол  берілгенді  түсіну  арқылы  жүзеге 
асырылады.
Біз  мәтіндік  қызмет  стратегияларын  оқытуды  нұсқаулармен 
жұмыс  стратегиясынан  бастаймыз.  Білім  алушылар  берілген 
тапсырмадан  кілтті  сөздерді  табуға  үйренеді,  олардың  астын 
сызып  немесе  маркермен  ерекшелеп,  мынадай  сұрақтарға  жауап 
береді: «Біз не істейміз?» және «Біз мұны қалай істейміз?». Білім 
алушылар  «ойға  алғандарын  естіртеді»,  тапсырманы  орындау 
тәсілдері туралы пікір алмастырады. Бұл стратегия барлық пәндер 
бойынша  қолданылады  және  білім  алушыларға  тапсырмаларды 
орындауда мұқият, соған сәйкес табысты болуға мүмкіндік береді.
Нұсқаулықты  дұрыс  пайдалану  іскерлігі,  әсіресе,  жоғары 
сынып оқушыларын бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау кезінде 
аса  маңызды.  Себебі:  тапсырманы  дұрыс  түсінбеу  оны  бұрыс 
орындауға әкеліп соғады.
Оқушыларға  күрделілігіне  қарай  үш  деңгейден  тұратын 
сұрақтар беріледі, олар «Сұрақтар ағашы» және «Сұрақтар теңізі» 
стратегияларында  берілген.  Осыдан  сұрақтар  тобының  шартты 
атауы  туындайды.  Шын  мәнінде,  бұл  -  бір  стратегияның  әр 
23

алуан түрі, бұл балаларға таңдау мүмкіндігін тудыру мақсатында 
жасалған. 1-топ – беткі немесе үстіңгі сұрақтар: Кім? Не істеді? 
Қайда? Қашан? 2-топ – «Су астындағылар»    немесе  «Тамырлар». 
Сұрақтары:  «Неге?,  Қалай?,  Егер  ...  болса,  онда  ...?,  Солай  бола 
ма?  және  т.б.»  сөздері  мен  сөз  тіркестерінен  басталады.  3-топ  – 
«Сандық  ішіндегі  сұрақтар».  Бұл  сұрақтардың  мәні  -  мәтінді 
өмірмен,  оқырман  тәжірибесімен  байланыстыру:  мәтін  сенің 
өміріңдегі  оқиғалармен  қалай  байланыстырылған?  Егер  сен  ... 
орнында болсаң, онда не істер едің? Бұл неге ұқсайды? Бұл бүгінгі 
күні болып жатқандармен байланысты ма?
Біздің ойымызша, балаларға барлық күрделі деңгей бойынша 
сұрақтар  қоя  білуді  үйрету  маңызды.  Біз  сол  арқылы  олардың 
мәтінді  түсіну  дәрежесін  байқай  аламыз.  Ақпарат  айғақтық, 
концептуалдық  және  мәтіндік  болып  үшке  бөлінеді.  Бірінші 
топтағы  сұрақтарсыз  айғақты  ақпарат  жоғалады,  онсыз  мәтінді 
қысқаша  мазмұндау  мүмкін  емес.  Екінші  топтағы  сұрақтарсыз 
мәтіннің  құрылымдық-логикалық  байланыстарын  түсіну  мүмкін 
емес, автордың ойын аңғару және мәтіннің толық мазмұнын айту 
қиын. Үшінші топтың сұрақтары мәнмәтінді түсінуге көмектеседі.
Балаларымызға  үйреткен  тиімді  стратегиялардың  тағы  бірі-
«сұрақтар  мен  жауаптар  арасындағы  қатынас»  стратегиясы. 
Бұл  стратегия  мәтінді  түсінуге,  сұрақтардың  жауабын  табуға 
көмектеседі.  Біздің  білім  алушылар  мәтін  бойынша  сұрақтарға 
жауап  бермес  бұрын  «жауаптың  қайда  екенін»  түсіну  керектігін 
біледі.  Кез  келген  сұрақтың  жауабы  не  мәтінде,  не  жауап 
берушінің басында болуы мүмкін. Егер жауап мәтінде болса, онда 
ол  бір  сөйлемнен  немесе  бірнеше  сөйлемнен  тұруы  мүмкін,  не 
болмаса мәтіннің әр түрлі бөліктерінен табылуы мүмкін. Екінші 
жағдайда, окушылар мәтіннің әр түрлі бөліктерінен жауап іздейді. 
Егер сұрақтың тікелей жауабы мәтінде болмаса, бірақ оны автор 
түсіндіріп  өтсе,  онда  мұндай  жауапты  біз  «автор  және  мен»  деп 
атаймыз,  себебі,  мен  авторды  зерделеп  отырмын.  Егер  сұрақтың 
жауабы  мәтіннен  тыс  жерде  болса,  бірақ  сұрақ  қоюшы  жауап 
24

берушінің сұрақ-жауабын білетіндігін білсе, онда мұндай жауапты 
біз «тек мен» деп атаймыз.
Мәтіндік  қызметті  ұйымдастыру  білім  алушылардың 
оқырмандық  және  ақпараттық  құзыреттілігін  дамытуға 
көмектеседі,  бұл  «өз  бетінше  іздеуге,  талдауға,  сұрыптауға, 
өңдеуге  және  ауызша,  жазбаша  ақпараттық  технологиялардың 
көмегімен қажетті ақпаратты тарату іскерлігі қабілетінің» болуын 
көрсетеді. Білім алушылар жаңаша оқуға үйрене отырып, бастауыш 
сыныптағы үйірмеде оқу жолынан әдеби конференцияға, жоғары 
сыныптардағы  пікірталастарға  өтеді.  Ақпаратпен  жұмыс  істеу 
іскерлігі жобалық-зерттеу қызметінде де көмектеседі.
Интерактивтік  оқытудағы  стратегиялық  тәсіл  білім 
алушылардың өз бетінше оқу деңгейін жоғарылатуға, оқылғанды 
есте  сақтауға,  білім  алушылардың  оқырмандық  құзыреттілігін, 
коммуникативтік  және  рефлексивтік  мәдениетін  дамытуға 
көмектеседі.
Кенжегүл ҚАШҚЫНБАЕВА, 
Алмаш ОТАРБАЕВА,
Шығыс Қазақстан облысының 
Риддер қаласындағы 
орта мектептің мұғалімдері. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА 
АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТТЕРДІ 
ҚОЛДАНУ
Еліміздің 
егемендік 
алуы, 
ұлттық 
сана– 
сезімнің 
өсуі, 
жас 
ұрпақты 
отансүйгіштікке 
тәрбиелеу  білім  беру  саласында  аймақтық  компонентті  енгізуді 
қажет  етеді.  Аймақтық  компонент  білім  берудің  негізгі  бөлігі 
25

болып табылады.
Бұл  тұрғыда  ең  негізгі  артықшылықтың  бірі  -  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру,  көп  ұлттың  өкілдері  тұратын  қоғамға  сәйкес 
отансүйгіш азаматты тәрбиелеу.
Аймақ – ортақ белгілеріне қарай біріккен аудан, аумақ немесе 
елдердің ірі тобы не болмаса облысы деген сөз.
Компонент  –  бір  нәрсенің  құрамды  бөлігі,  яғни,  аймақтық 
компонент  –  белгілі  бір  облыстың  не  ауданның  бөлігі  деген 
сөз.  Еліміздегі  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық  өзгерістер 
оқытылатын пәндердің мазмұнына тікелей әсер етуде. Қазақстан 
Республикасының  жаңа  білім  беру  саясатына  байланысты 
аймақтық  компонентті  енгізу  білім  беру  саласының  ең  маңызды 
бір бөлігі болып отыр. Аймақтық компонентті енгізудегі құндылық 
–  адамдарды  табиғатпен,  қоршаған  ортамен  өзара  байланысты 
екендігін көрсету, туған өлкеге, туған қаласына, «Отанына» деген 
азаматтық  тұрғыдағы  көзқарасын  тәрбиелеу.  Осы  талаптарды 
жүзеге  асыру  мақсатында  бағдарлама  жасалды.  Бағдарлама 
бойынша  қазақ  тілі  сабақтарында  мынадай  модуль  сабақтары 
енгізілген:
- өлкеміздің табиғаты, экономикасы;
- өлкеміздің тарихы;
- географиялық жағдайы;
- тұрғылықты халықтың ұлттық құрамы;
- ұлы адамдар өмірі, шығармашылығы;
- осы аймақта тұрып жатқан тұрғындардың салт-дәстүрлері;
- ғылымның, спорттың, мәдениеттің дамуы;
- аймақтың экологиялық жағдайы.
Аймақтық компонентті енгізудің мақсаттары мен міндеттері 
қандай?
Оқытудағы  мақсаттар:  1.  Оқушылардың  туған  өлкемізге 
деген  сүйіспеншілігін  арттыру;  2.  Қазақстан      Республикасының   
«Қазақстан  –  2030»      даму      бағдарламасы      мен  Қазақстан 
Республикасының «Тіл туралы» Заңын орындап, азаматтық тәрбие 
26

беру; 3. Оқу – тәрбие ісінде аймақтық компонент туралы көптеген 
шаралар өткізу; 4. Барлық білім салаларында аймақтық компонентті 
кеңінен пайдалану. Осы мақсаттарды орындау үшін, өз өлкеміздің 
патриоттарын    тәрбиелеу  үшін  мынадай  міндеттерді  орындау 
керек.  Міндеттері:  өз    аймағымыз      бойынша    өз      өлкеміздің  
тарихы,   әдебиеті,   экологиясы,   өнертанушылары жайында түсінік 
беріп, мәліметтер жинау. Өз өлкеміздің тағдырына үлес қосатындай 
сезім қалыптастыру.  
Жүргізілетін жұмыстардың 
әдістері
Жұмыс түрі (формасы)
1. Әңгімелесу (дәріс, 
баяндама, әңгімелеу, 
түсіндіру).
2. Көрнекілік (байқау, саяхат, 
демонстрация).
3. Практикалық. 
1. Жекеше.
2. Топпен.
3. Ұжыммен.
4. Жас ерекшеліктеріне 
байланысты.
5. Жалпы сыныппен.
6. Сыныптан тыс.
Күнтізбелік    жоспарда  көрсетілген  тақырыптар  бойынша 
сабақты  дайындау  барысында  ең  алдымен  материалдарды 
жинақтаймыз.  Әдебиеттерді  жинақтауда  мынадай  принциптерді 
басшылыққа  аламыз:  ғылымилығы,  тиімділігі,  мазмұндылығы, 
өзектілігі, 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктерін, 
ұлттық 
ерекшеліктерін  ескеру.  Әдеби  материалдар  оқушыларға  қызықты 
тақырыптар  төңірегінде  топталады.  Мысалы:  Шығыс  Қазақстан 
қалалары,  өзен-көлдердің  тарихы,  «Менің  қалам»,  «Біздің  қала 
туралы  өлеңдер,  әндер»,  «Белгілі  адамдар»,  «Туған  өлке  туралы 
аңыз-әңгімелер»,  т.б.  «Отан  отбасынан  басталады»  десек,  туған 
облысымыздың,  қаламыздың  тарихын,  атаулы  оқиғалар,  айтулы 
адамдардың өмір жолдарымен таныстырудың мәні зор.
Қолданылатын  көрнекіліктер:  физикалық  карта,  суреттер, 
бейнефильм.  Оқушыларды  мәтінмен  таныстырып,  толығырақ 
мәлімет  беру  мақсатында  бейнефильмді  көрсетеміз.  Картадан 
27

сол жерді немесе өзен-көлдің қайда орналасқанын табу. Бұл жерде 
пәнаралық  байланысты  көруге  болады.  Белгілі  адамдардың  өмірі, 
шығармашылығы  жайында  айтқанда  мынадай  үлгіні  пайдаланған 
тиімді:  өмірбаяны  –  шығармашылығы  –  диалог  –  монолог  – 
абзацқа бөлу – сөйлем – сөз – септеу – тәуелдеу, т.б. лексиканы  
грамматикалық    тапсырмамен    байланыстыра  беруге  болады. 
Жергілікті ақын-жазушылардың өмірінен деректер келтіру.
Бастауыш  және  орта  буынды  сыныптарда  «Жыл  мезгілдері» 
тақырыбы  жиі  кездеседі.  Мақсаты:  туған  өлкеге  сүйіспеншілігін 
арттыру,  адамгершілікке,  отансүйгіштікке  баулу,  табиғатты, 
қоршаған ортаны қорғау, жергілікті суретшілердің жұмыстарымен 
таныстыру.  Сабақтың  көрнекілігі:  суреттер,  буклеттер,  мектеп 
мұражайына,  қалалық  өлкетану  мұражайына  саяхат.  Риддер 
қаласының  табиғатымен  салыстыра  суреттеу,  әңгіме  құрату, 
бейнефильмнен Риддердің табиғатын көрсету.
Аймақтық  компонент  білім  беруде  тек  білім  саласымен 
шектелмейді. Бұл, ең алдымен: тарих,   мәдениет,   әдебиет, салт-
дәстүр. Мектептерде  аймақтық компонеттерді енгізуді үш бағытта 
қарастыруға болады: 1-бағыт – оқушылардың оқу кезеңі; 2-бағыт 
–  оқушылардың  оқудан  тыс  кезеңі;  3-бағыт  –  оқушылардың 
мектептен тыс кезеңі.
1-бағыт  –  оқушылардың  оқу  кезеңі.  Бұл  бағытта  аймақтық 
компонентті сабақтың әр түрлі  кезеңдерінде,  сонымен  қатар тіл 
дамыту  сабақтарында да қолдануға болады. Мысалы: шығарма, 
мазмұндама,  диктант  жазу,  мәтінмен  жұмыс,  реферат  жазу  және 
т.б.
2-бағыт  –  оқушылардың  оқудан  тыс  кезеңі.  Олар:  сыныптан 
тыс  оқу,  сыныптан  тыс  сағаттар,  конференциялар,  ақын-
жазушылармен,  белгілі  адамдармен  кездесу.  Іздену-зерттеу 
жұмыстары.  Бұл  жұмыстардың  нәтижесі  оқушылардың  ғылыми 
жұмыстары болуы мүмкін.
3-бағыт  –  оқушылардың  мектептен  тыс  кезеңі.  Олар:  үйірме 
жұмыстары, көрмеге, мұражайға саяхат, олимпиадаға, байқауларға 
28

қатысу.  Оған  мысал  ретінде  қалалық  білім  бөлімі  тарапынан 
өткізіліп  тұратын  дәстүрлі  «Абай  оқулары»,  «Оралхан  Бөкей 
оқулары», «Қазақтың хас батыры» байқауларын атауға болады.
Қазақ  халқы  -  тамыры  тереңге  тартқан  ұлы  ұлыстардың 
бірі.  Бірақ  тәуелсіздік  алғанға  дейін  еліміздегі  мәдениет,  білім, 
ғылымның  даму  тарихы  халық  арасына  барынша  бұрмаланып, 
орталықтың қалауы бойынша ғана насихатталып келген. Осындай 
саясаттың  кеселінен  еліміздің  біршама  тарихынан,  тарихи 
ескерткіштері мен тарихи тұлғаларынан қол үзіп қалғаны мәлім. 
Туған елімізді айтпаған күннің өзінде, туған өлкеміздегі қаншама 
тарихи  мұраларымыз  осы  күнге  дейін  жеткілікті  жарияланбай, 
халық  арасына  өз  деңгейінде  жетпей  келе  жатыр.  Тіпті,  қазірге 
дейін Шығыс Қазақстан өлкесі тек қана орыс революционерлері 
мен орыс мәдениетінің ошағы болған сияқты әсер қалдырады.
Еліміз егемендік алғанға дейін де Шығыс өлкемізде көптеген 
мәдениет  ошақтары  мен  тарихи  тұлғалардың  болғаны  жөнінде 
отандастарымыз  біле  бермейді.  Мысалы,  республикамыздағы 
алғашқы  мектептердің  бірі  біздің  облысымызда  болғандығы  – 
өзімізге  мақтаныш.  Солардың  бірі  –  Шыңғыстай  ауылындағы 
іргесі  1907  жылы  қаланған  орыс-қазақ  мектебі.  Өкінішке  қарай, 
белгілі  себептермен  бұл  мектепті  де  жерлестеріміз  сақтап  қала 
алмағаны  –  бізге  халық  алдында  үлкен  сын.  Ал,  осы  мектептің 
іргесінен қазақтың талай тарихи тұлғалары шыққан. Сондай ұлы 
тұлғалардың бірі – Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов екенін газет 
беттерінен, осы аймақты зерттеуші ғалымдардың мақалаларынан 
оқып білдік, сол сияқты Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Дидахмет 
Әшімханұлы  сияқты  ұлы  тұлғалар  өмірі  мен  шығармашылығын 
таныстыру, облыс, қаламыздың тарихын оқушыға жете таныстыру 
– біздің, яғни, мұғалім алдындағы үлкен міндет.
Сабақта,  сабақтан  тыс  жұмыста  жергілікті  жер  материалдарын 
пайдалану  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Мысалы:  Марқакөл  туралы  аңыз,  Зайсан  көлінің  шуылына 
байланысты  «Қоңыраулы  көл»  деп  аталатыны,  «Алакөлдің  «бір 
29

жері ақ, бір жері көк, бір жері қара» болғандықтан солай аталғаны, 
Семей қаласының «жеті шатыр» деген аттан шыққаны оқушыларды 
өте қызықтырады. Аймақтық компонентті қолдануда оқушылардың 
шығармашылық  жұмыстарын  қалай  ұйымдастыруға  болады? 
Мұғалім  мен  оқушылардың  іс-әрекетін  мына  кесте  арқылы 
түсіндіруге болады:
 
30
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал