Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде



жүктеу 3.57 Kb.

бет10/10
Дата05.06.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

LEARNING ENGLISH
Интересной  может  показаться  двойная  классификация  статей 
- по темам и по континентам. Можно предложить обучающимся 
работать по двое или по трое, исследовать статьи, охватывающие 
все  стороны  жизни:  передовицы,  спорт,  погоду,  культуру.
Преимущество такой работы заключается в полной вовлеченности 
всех студентов в сочетании с дифференциацией заданий: сильные 
студенты могут заняться исследованием более трудных статей, в то 
время как более слабым ученикам можно поручить отчет о погодных 
условиях  или  что-нибудь  из  области  культуры.  В  дополнение 
к  работе  над  навыками  чтения  и  говорения,  можно  пополнять 
словарный запас. Для этого надо предложить студентам составить 
словарные  статьи,  опираясь  на  прочитанную  информацию.  Для 
развития  межкультурной  компетенции  исследование  статей 
на  определенную  тему  лишь  одного  из  новостных  агентств  на 
протяжении длительного промежутка времени имеет также свои 
преимущества:  досконально  изучив  проблему,  студенты  будут 
в  состоянии  не  только  определить  позицию  данной  страны  к 
изучаемой  проблеме,  но  и  выявить  основания  для  такой  точки 
зрения,  и,  соответственно,  смогут  прогнозировать  развитие 
событий.  После  проделанной  работы  необходима  дискуссия  или 
телеконференция, где работа каждого ученика или группы будет 
являться  отдельным  сектором  общей  проблемы.  Поделившись 
результатами своей работы и сложив их в единое целое, ученики 

136
получат  многогранную  картину  события,  которая  позволит  им 
понять  причины  происходящего  и,  вполне  вероятно,  нацелит  их 
на поиск оптимального решения - ведь понимание, установление 
причинно-следственных  связей  -  это  единственно  правильная 
основа для выхода из конфликта. 
Овладение  коммуникативной  и  межкультурной  компетенцией 
невозможно  без  практики  общения,  и  использование  ресурсов 
Интернет  на  уроке  иностранного  языка  в  этом  смысле  просто 
незаменимо. 
Использованные литературы:
1.  Андреева  Н.В.  Компьютерные  технологии  в  обучении 
иностранному  языку  /  Н.В.  Андреева;  Калинингр.гос.ун-т.- 
Калининград: Изд-во Калинингр.гос.ун-та, 2002. - 101 с.
2.  Африна  Е.  ЦОР,  ИИСС,  ИУМК  -  что  это  такое  и  как 
их  использовать  в  школе?//Народное  образование.-2007.-
№9.С.146-150.
3.  Григорьева  Т.В.  Компьютер  в  преподавании  иностранных 
языков  /  Т.В.  Григорьева,  О.А.  Мерцалова  //  Иностр.  яз.  в  шк.  - 
1991. - № 3. - С. 99-111.
4.  Бухаркина  М.Ю.  Мультимедийный  учебник:  что  это?: 
[сопоставление электронных учебников по иностранным языкам с 
традиционными видами изданий] // Там же. –2001. –№ 4. -С. 29-32.
5.  Есенина  Н.Е.  Обзор  электронных  образовательных  и 
информационных  ресурсов  для  обучения  иностранному  языку// 
Информатика и образование. -2006. -№ 12. -С.103–105.
6.  Муковникова  Е.В.  Эффективное  использование  цифровых 
образовательных  ресурсов  при  работе  с  одаренными  детьми  на 
уроке английского языка//Одаренный ребенок.-2007. -№4.-С.92-99.
7. Недбай В.В. Активная работа с медиа-информацией как одно 
из условий развития умения опосредованного общения учащихся 
при обучении иностранному языку // Язык и время. – Красноярск, 
2004.–С.184-189./Р.К.Потапова.–М.: МГЛУ, 2002.–576 с.

137
Мұғалім мінбесі
Мейрамгүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, 
Семей қаласындағы
№29 орта мектептің мұғалімі.
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН 
ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2006-2007  оқу  жылында  өзге  тілді  мектептерде  қазақ  тілін 
оқыту  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін 
мектептеріне  арналған  «Жалпыға  міндетті  мемлекеттік  білім 
стандарты»  негізінде  «Қазақ  тілі»  пәні,  Қазақстан  Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрлігінің  2002  жылғы  24  қыркүйектегі 
№693 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Екінші  тіл  ретінде  оқытылатын  мемлекеттік  тіл  мазмұны 
қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерге  сәйкес  үнемі  жаңарып, 
жетілдірілу  үстінде.  Сондықтан  білім  беру  жүйесінің  барлық 
сатысында,  соның  ішінде  өзге  тілді  мектептерде  де  қазақ  тілі 
мемлекеттік  тіл  болғандықтан  міндетті  пән  ретінде  оқытылып 
келеді.
Мемлекеттік  тілді  оқытудың  мақсаты  –  оқу  орыс  тілінде 
жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте алған білімін 
жалғастырып,  5-7  сыныптағы  білім  мазмұнын  «қоршаған  орта» 
тақырыптары  арқылы  грамматикадан  практикалық  түрде  алған 
білімдерін теориялық жүйелеу, сөз қорын байыту.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі 
қазақ мектептеріндегіден басқаша. Өйткені орыс сыныптарындағы 
қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше.
Орыс  сыныптарында  сөз  байлығын  молайту  негізінен  сөздік 
жүргізу,  суретпен  жұмыс,  мәтін  оқыту  жұмыстарына  қатыстыру 
әдістері арқылы жүргізіледі.
Орыс сыныптарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін 
 

138
мақсаты  –  оқушыларды  белгілі  дәрежеде  қазақша  сөйлеуге,  өз 
ойын  басқаға  жеткізе  алатын,  біреудің  сөйлеген  сөзін,  жазғанын 
түсіне алатын дәрежеде жеткізу. Былайша айтқанда, орыс мектебін 
бітірген  оқушылар  кейін  еңбекке  араласқан  кезінде  жергілікті 
халықпен қазақша сөйлесіп, түсінісе алатындай болуға тиіс.
 Бұл мақсатқа жету үшін орыс сыныптарында қазақ тілі алғашқы 
сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуге тиіс. Өйткені жеке атау 
тұлғалы  сөздерді,  грамматикалық  формалар  да  өзара  бір-бірімен 
байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды 
білдіре алады. Адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бір-
бірімен түсінісіп, пікір алыса алады. Орыс сыныптарында өтілетін 
әр сабақ тіл дамыту сабағы деуге болады.
Екінші  бір  тілді  меңгеру  –  сөз  үйренуден,  мәтін  оқудан,  сол 
тілдің грамматикасын білуден басталады.
Орыс  мектебінің  оқушыларына  күнделікті  өмірде  қазақша 
сөйлесе  білу,  өз  ойын  сауатты  жаза  білу  міндеттеледі.  Ол  үшін 
бағдарлама  көлемінде  көрсетілген  жаңа  сөздерді  үйреніп, 
грамматикалық  ережелерді  меңгеріп,  сурет,  жаттығу  бойынша 
жұмыс жүргізу арқылы сөз байлықтарын молайтып, сөйлем жаза 
білуге жаттықтыру керек.
Оқушыларға  тіл  үйрету  дегеніміз  –  кезкелген  сөзді  құрғақ 
жаттап  алу  емес,  жаңа  сөздің  мағынасын  түсініп,  саналы  түрде 
жаттау, ауызша, жазбаша сөзді орынды қолдана білу.
Тіл  үйретудің  негізі  –  оқушылардың  сөздік  қорын  байыту 
және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқу орыс тілінде 
жүретін  мектептердің  бастауыш  –  орта  буын  сыныптарындағы 
оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде мынадай әдістемелік талаптар 
ескерілуі тиіс.
1. Жаңа сөздер жеке-дара алынбай, басқа сөздермен байланысты 
мәнінде алынып, қолданыстағы жағдайда беріледі.
2. Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 6-7 сабақ 
бойы еске түсіріліп, қайталанып отырылады.
3.  Сондай-ақ  жаңа  сөз  оқушының  түсінуіне  ыңғайлы,  жеңіл 

139
түрде беріледі.
4. Оқушы жаңа сөзді тиянақтап еске сақтау үшін сабақта түрлі 
көрнектіліктер қолданылады.
Жаңа  сабақ  өткен  сабақтың  жалғасы  ретінде  өтілуге  тиіс. 
Әсіресе,  оқушылардың  тілін  дамыту  үшін  өткен  сабақтарда 
үйренген  сөздерді  қайталап,  сол  сөздерден  ауызша  да,  жазбаша 
да  сөйлем  құратып  жаттықтыру  керек  және  жаңадан  үйретілген 
бұрынғы сөздермен өзара байланыста алынғаны орынды.
1.  Жаңа  сөздерді  дұрыс  айтуға  дағдыландыру.  Сөздердің 
мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің 
мәні  зор.  Ол  үшін  алдымен  үйретілетін  сөздердің  дыбысталуын 
айтып,  одан  кейін  оқушылар  сынып  болып  қайталайды.  Әр 
оқушының  сөзді  дұрыс  айтуына  бақылау  жасалынады,  ол  сабақ 
сайын жалғасып отырылуы керек.
2.  Заттың  өзін  көрсету  арқылы  меңгерту.  Затты  нақты 
көрсету  арқылы  оқушы  сөздің  мағынасын  түсінуі  керек.  Есте 
сақтау қабілетімен қатар, көру қабілетінің де мүмкіндігі артады. 
Затты  көрсету  барысында  оқушы  сөзді  нақты  деректік  негізде 
қабылдайды.
3.  Жаңа сөзді оқушылардың естерінде тұрақтандыру жолдары.
а) Мұғалім әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке 
жазғызып  қоюмен  шектелмей,  оларды  естеріне  тұрақтандыруға 
арналған жаттығулар жүргізу қажет. Онда мына сияқты жұмыстар 
орындалады: сол сөздерді қатыстырып, бір-біріне сұрақ қойғызу,  
оған  жауап  бергізу,  ол  сұрақ-жауаптарын  жазғызу,  сол  сөздерді 
дұрыс оқуға көңіл бөлу, сурет бойынша сөйлем құрату, орысшадан 
қазақшаға,  қазақшадан  орысшаға  аударту,  т.б.  Әрине,  бұдан  бұл 
айтылғандарды бір сабақта жүргізу керек деген ұғым тумау керек. 
ә)  Сабақ  сайын  үйретілген  сөз  сол  сабақпен  тынбай,  кейінгі 
сабақтардағы  жұмыстарда  да  қайталанып  отырғанда  ғана 
оқушылардың сөздік қорын тұрақтандыруға болады.
б) Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін, заттың өзін немесе 
суретін, мүсінін көрсете отырып, атын айтқызу, сол сөздер арқылы

140
в)  Оқушылардың  сөздік  дәптері  болуын  мұғалім  бірінші 
күннен бастап қадағалап отыруы қажет. Осы сөздік жұмыс арқылы 
олардың сөздік қорының шамасы қандай дәрежеде екенін білуіне 
мүмкіндік туады.
Оқушының  сөздік  дәптерін  мұғалім  аптасына  бір  рет  жинап 
алып,  сауаттылығын  тексеру  керек,  баға  қойып  отырса,  сөздік 
жұмысын мұқият жазып отыруына ықпал ете алады. V-VI сынып 
оқушыларының  белгілі  дәрежеде  сөздік  қоры  болғандықтан, 
жаңа  сөздерді  үйреткенде,  әрине,  төменгі  сынып  оқушыларына 
қарағанда  басқаша  әдіс  қолданылады.  Мысалы,  төменгі  сынып 
оқушылары  үшін  үйретілетін  сөздерді  мұғалім  дайындап  алып 
келетін  болса,  жоғары  сыныптарда  мәтінді  оқу,  оны  талдау 
барысында айқындайды. 
 II-IV сыныптар оқушыларына грамматикалық анықтамаларды, 
ережелерді  жаттатып  үйретудің  қажеті  жоқ.  Бірақ  мұғалім 
оқушыларға  сөздердің  бір-бірімен  байланысу  жолдарын 
практикалық  жолмен  білдіруі  керек.  Мысалы:  «Қалам  партада 
жатыр» деген сөйлемді алып, «партада» сөзін талдау арқылы мұның 
қайда? деген сұраққа жауап беріп, қаламның орнын білдіретіндігін 
үйрету  қажет.  Басқада  грамматикалық  формаларды  осы  әдіспен 
практикалық  түрде  үйреткен  дұрыс.  Орыс  сыныптарының 
оқушыларына қиын тиетіні, әсіресе, етістік формалары. Мысалы, 
орыс  тілінде  өткен  шақтың  бір  ғана  түрі  болса,  қазақ  тілінде 
оның  бірнеше  түрі  бар.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  мұның 
жедел өткен шақ түрін ғана практикалық жолмен түсіндірген жөн. 
Мұнда да екі не бірнеше сөйлем алып, соларды салыстыру әдісі 
қолданылады.  Мысалға,  «Асқар,  сен  оқы.  Асқар  кітап  оқыды.» 
деген екі сөйлем алып, оқы-читай, оқыды – читал деген мағына 
беретіндігін  түсіндіргеннен  кейін,  оқушылардың  есіне  нық 
сақтауы  үшін  біркелкі  лайықты  жаттығу  жұмыстары  молынан 
жүргізіліп,  олардың  қайталанып
 
отырғаны  абзал.  Оқушылар 
«оқыды» сөзінің өткен шақта екендігін түсінгеннен кейін, осыған 
ұқсас «Айша сыныпқа кірді. Еркебұлан бор алды. Мағжан тақтаға 

141
жазды.»  сияқты  біртектес  сөйлемдерді
 
талдау,  аудару  арқылы
 
жаттықтырған орынды.
4. Сурет арқылы жаңа сөздерді үйрету.
Қазақ  тілі  сабағында  сөз  үйретудің  тиімді  тәсілдерінің  бірі  – 
суретті пайдалану. Бала табиғатында көрнекілікке өте бейім келеді. 
5 жаңа сөзді құрғақ суретсіз түсіндірсе, оқушы ұзақ және нәтижесіз 
қиналысқа түседі. Әр түрлі сурет арқылы 20 сөз үйретсең, оқушы 
оны сол сәтінде қабылдап, үйренеді.
Оқушыларға тіл үйретуде ең басты құрал – оқулық. Оқушылар 
төменгі  сыныптарда  үйренген  сөздеріне,  сөз  тіркестеріне 
жалғастыра отырып, сыныпта жаңа сөздерді үйреніп, сөз байлығын 
арттырады.  Жаңа  сөздерді  үйрену  арқылы  оқиғаларын  қысқаша 
болса да айтып беруге дағдыланады.
Төменгі  сыныптарда  меңгерілген  сөздер  мен  сөз  тіркестері 
ауызекі  сөйлеуде,  жазу  жұмысы  және  мәтіндер  оқу  арқылы  тіл 
ұстарту  жұмыстарымен  байланысты  жүргізіліп,  пысықталады. 
Осындай тәсілдермен оқушылардың сөздік қоры молая береді.
Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  үйретуде  әріптері  түсіріліп 
жазылған  сөздері  бар  сөйлемдерді  толықтырып  жаздыру  әдісі 
көбірек қолданылады. Мысалы: Бізді ... сынып б...р...ші қабатта. 
Мен...ызық к...тап оқ...дым.
Оқушылар  көбінесе  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібін 
ауыстырып  алады.  Сондықтан  орыс  сыныбының  оқушыларына 
әр  сабақ  сайын  қазақ  тілінде  баяндауыш  пен  етістік  сөйлемнің 
соңында тұратынын айтып отыру керек. Мысалы: Бала алды кітап. 
Асқар берді дәптер. Ойнады доп Әсет.
Орындары  ауысып  келген  сөздерден  сөйлемдер
 
құратып 
жаздыру керек.
5.  Мәтінді  оқумен  байланысты  тіл  ұстарту.  Сабақ  өткізу, 
оқыту  барысында  өткізілетін  ең  күрделі  жұмыс  –  кітаппен 
жұмыс.  Мәтінмен  жұмыс  дегеніміз  –  сабақта  өтілетін  әр  түрлі 
жұмыстардың  жиынтығынан  құралады.  Олар:  дыбыстармен 
жұмыс, сөздіктермен жұмыс, сөздік қорын жетілдіру, тіл дамыту 

142
ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Оқулықтағы  мәтіндер,  жаттығулар,  өлең,  жұмбақтар,  сұрақ-
жауаптар  балаларды  қазақша  сөйлетіп  үйретуге,  сұраққа  жауап 
беруге, өздерін бір-бірімен сөйлестіруге, оқығандарын ауызша, өз 
бетінше істеуге дағдыландырады.
Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тіл ұстарту
Сабақ  үстінде  оқушылардың  тілін  ұстартуда  сабақты  құрғақ 
сөзбен  түсіндіргеннен  гөрі,  көрнекі  құралдарды  пайдаланып 
түсіндірген тиімді.
Баланың  сөздік  қорын  байытып,  тілін  дамытудағы  тиімді 
жолдардың бірі – суретпен жұмыс.
Ойын элементтерін сабақта пайдалану жолдары
1-3  сыныптарда  оқушыларды  қазақша  сөйлеуге  үйретуде 
ойын  элементтерінің  үлкен  ықпалы  бар.  Ойындарды  пайдалану 
арқылы  оқушының  бірте-бірте  сөйлей  білуге,  сондай-ақ  ойын 
ситуациялары  арқылы  олардың  ынтасы  мен  зейінін  арттыруға 
болады.
Дидактикалық  ойын  түрлерін  сыныптардағы  сабақтарда 
қолдану барысында оқушыларға сұрақтар беріп, оған дұрыс жауап 
қайтару талап етіледі.
1)  - Дүкенде не бар?
     - Дүкенде нан, сүт, май бар.
     - Дүкенде балмұздақ бар ма?
     - Дүкенде балмұздақ бар.
2)  - Бағдаршамда неше түс бар?
     - Бағдаршамда үш түс бар.
     - Олар қандай?
     - Қызыл, жасыл, сары.
     - Қызыл жанғанда тұр.
     - Жасыл жанғанда жүр.
     - Сары жанғанда абайла, дайындал.
Сабақ ортасында «Сергіту» ойынын жүргізу керек.

143
3)    Ойын  «Қажетті  буынды  қос».  Мақсаты:  оқушылардың 
есту,  тез  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту,  қазақ  тіліне 
қызығушылықтарын тудыру.
Ойын  барысы:  Мұғалім  бірінші  буынды  айтады,  оқушы 
қажетті буынды қосып, сөзді аяқтайды. Мысалы: са-бақ, сы-нып, 
дәп-тер, кі-тап, о-қу-шы, жел-тоқ-сан және т.б.
4) Ойын: «Ә» дыбысын тап.
Көрнекі  құралдар:  «А»  және  «Ә»  дыбыстары  жазылған 
кәртішкелер.
Ойын  барысы:  Мұғалім  осы  дыбыстары  бар  сөздерді 
араластырып  айтады.  Оқушылар  қайталайды,  «Ә»  дыбысы  бар 
сөздер айтылғанда кәртішкелерін көтереді.
Аға, адал, әже, апа, алма, әліппе, алтын, әтеш, әдемі, ақ, әке, 
әріп, адам.
5) Сөздегі дыбысты ата. Ұ және Ү дыбыстарын қайталау.
Ойын  барысы:  Мұғалім  ү  және  ұ  дыбыстары  бар  сөздерді 
айтады,  оқушылар  қайталап,  «ұ»  дыбысы  бар  сөз  айтылғанда 
алақандарын шапалақтайды.
Бір оқушы тұрып сөзді қайталайды. Жүр, жұмыс, күн, үлкен, 
ұя, үзіліс, жүзім, ұшақ, ұзын, үй, ұлу, үстел, үйрек.
6)  Жеміс-жидектерді  өткеннен  кейін  білімдерін  бекіту  үшін 
ойналатын ойын.
Мақсаты:  Оқушылардың  жеміс-жидектер  туралы  алған 
білімдерін қорытындылау, сөйлеу тілдерін дамыту.
Көрнекі құралдар: жемістер мен жидектердің суреттері.
Ойын  барысы:  Мұғалім  жемісті  көрсетеді.  Оқушы  қазақша 
оның атын, түсін, дәмін, көлемін айтады.
Мысалы: Мынау - алма. Алма үлкен. Алма қызыл. Алма тәтті.

Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе” 
ай сайын шығатын республикалық 
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: 
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 30.11.2010ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 1483.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 
бөлімдер.........................256-06-46.
Факс................................256-13-41.   
Электрондық пошта: 
КazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – «Алматы – Болашақ» акционерлік
                                   қоғамы
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
 ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
 Алматы, №1, 2011 ж. 144 бет.
144


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал