«Қазақ тілі мен әдебиеті» және



жүктеу 2.63 Kb.

бет1/10
Дата13.09.2017
өлшемі2.63 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
«Қазақ тілі мен 
әдебиеті» және 
«Ұлағат» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
Республикалық 
ғылыми-
педагогикалық, 
әдістемелік 
жұрналы 
                        
 
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...
АБАЙ.
         
                  ҚАЗАҚ ТІЛІ
 
                   МЕН 
                   ӘДЕБИЕТІ
                               
1958 жылдың                 
                                                                     наурыз айынан 
                                                                     бастап шығады
                      
         5/2013     
МАМЫР
    
МАЗМҰНЫ
Сиез сабақтары: тереңдетіп оқытатын білім ордасында
Қалима ҚАППАСҚЫЗЫ.               Танымдық мәтіндермен жұмыс........................3
Бағдат МҰҚАТАЙҚЫЗЫ.              Публицистикалық стиль..................................10
Гүлбану ЖАНБЕКҚЫЗЫ.              Сөз – өмірдің ұлы қаруы.................................19
Жайна ӘБДІНӘБИҚЫЗЫ.             Қазақ шешендік өнерінің дамуы....................25 
Көкейкесті көзқарас
Сая ДӘУЛЕТҚЫЗЫ.                       Оқулық пен бағдарлама қашан түзеледі?.....34
Орынбасар БАЙҚУАТОВА.            Грамматикалық ұғымдарды инновациялық
                                                              тұрғыда таныту................................................40
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Гүлнұр ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ.   Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.....................46
Құралай ШАЛҒЫМБАЕВА.          Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.......................51
Серғали БЕРТІЛЕУОВ.                   Көсемшенің жасалуы......................................56
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Ғалия АТКЕШОВА.                         Ыбырай әңгімелері..........................................59

Жанат КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ.           «Жолама, қулар, маңайға»,
                                                             «Адамдық борышың».......................................63
Жанар МЕДЕТОВА.                        Абай өскен орта –   
                                                             «Қалың елім, қазағым...»..................................67
Шабал БЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.        «Менің атым – Қожа» повесіндегі 
                                                             Қожаның бейнесі...............................................71
Қамарсұлу ОТАРҒАЛИЕВА.         Бала Тұрар.........................................................75
Мирамгүл ҚУАНЖАНОВА.           «Шығамын тірі болсам адам болып».............80
Ұлттық ұлағат
Бақытжан КЕЛГЕМБАЕВА,         Нұрлан Мәукенұлы лирикасындағы
Райхан ӘНУАРБЕКОВА.                ұлт тағдыры.......................................................83
Авторлық бағдарлама
Шәмшагүл ҚАЙЫҢБАЕВА.         «Мұқағалитану» қолданбалы курсы...............92 
Сыныптан тыс сабақ
Раушан МҰРАТОВА.                       «Өлең – сөздің патшасы...»..............................98
Роза ЖАҢҒАҚБАЕВА.                   Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі..................102 
Мұғалім шығармагерлігі
Жұмабақыт ТОЛЫШҚЫЗЫ.        Өшпейтін із.....................................................105
Индира БЕКЕНОВА.                       Ана – өмір тірегі.............................................108
Бұлбұл ИСПАНОВА.                       Шәмшия Имаққызына, 
                                                              Құралай Шамұратқызына..............................111
Қызықты грамматика
Саламат ҚОМЫТҰЛЫ.                  Ахмет шығармашылығына сөзжұмбақ........114
Таным табиғатында
Тоқболат ЕҢСЕГЕНҰЛЫ,              Күлтегін ескерткіштеріндегі Қытай
Сейілхан ТОҚБОЛАТ.                      жазбасының маңызы.....................................116
Жас маманға жәрдем
Ғалия ПІРӘЛІ.                                   Есімдіктен өткенді қайталау........................134
Айсұлу КҮЗЕНБАЕВА.                    Фариза Оңғарсынова. «Оюлар»...................139
Гүлмира СЕЙІТҚАДЫР.                 Он жетінші қарасөз.......................................142
       
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
Құсиын Айтқалиев, Шәмша Беркімбаева, Қанипа 
Бітібаева, Жанғара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбаева,                                     
Мекемтас Мырзахметұлы, Қуандық Мәшһүр Жүсіп,                      
Нұрша Оразахынова, Бақтияр Сманов, Жансейіт Түймебаев, 
Рақымжан Тұрысбек, Нұргелді Уәлиұлы.

3
Сиез сабақтары: тереңдетіп оқытатын білім 
ордасында 
(Абай атындағы Республикалық мамандандырылған 
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін 
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат 
мұғалімдерінің іс-тәжірибелері)
Қалима ҚАППАСҚЫЗЫ,
Білім беру ісінің құрметті қызметкері,
«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.
ТАНЫМДЫҚ МӘТІНДЕРМЕН 
ЖҰМЫС
Сабақтың  мақсаты:  балалардың  ұшқыр  қиялын 
шарықтатып,  баланың  ой-өрісін  кеңейтіп,  дүниетанымын 
тереңдетіп  жіберетін,  тәлімдік-тәрбиелік  ғибраты  мол 
танымдық мәтіндер арқылы бойында өз еліне деген шынайы 
сүйіспеншілікті,  перзенттік  патриотизмді,  Отан  тарихын 
білуге деген азаматтық құштарлығын, өзінің ана тіліне деген 
ерекше құдіретті мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал 
ету.  Міндеттері:  а)  білімдік  –  танымдық  мәтіндердегі  сөз 
бен  ой  қисындарының  жүйелі  қуатты  мәнін  меңгерту;  ә) 
дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілетін 
жетілдіріп,  қаламының  ұшқырлығын  таныту,  дарындылы-
ғын  сезіндіру;  б)  тәрбиелік  –  әрбір  шәкіртті  іскерлікке, 
рухани ой қызметіне баулып, шешендікке тәрбиелеу, елі мен 
жерін қорғай білетін намысты азамат болып өсуіне әсер ету, 
патриоттық сезіміне қозғау салу.
Біз  бұл  әдістемелік  мақалада  сабақ  беру  үдерісінде 
атқаруға  тиісті  әр  түрлі  міндетті  шараларды  жақсы 
білетіндігін  ескеріп,  бұларды  әріптестердің  өз  еншісіне 
қалдырғанды жөн көрдік. Сондықтан іске кірісейік.
Ең әуелі танымдық мәтіндерді іріктеп, сұрыптап барып 

4
таңдау керектігіне ерекше назар аударған мұғалім ұтады. 
Бұл  сабақта  шәкірттерге  бұрыннан  мәлім  «Қазыбек 
пен  Қоңтажы  аңызы»  мәтініне  арнайы  тоқталдық. 
«Қайталау – оқу анасы» тұжырымын басшылыққа алып 
және  айтылмаған  сыры  мен  қыры  әлі  жетерлік  екенін 
мойындағандықтан, бірінші, дауыстап мәнерлеп оқу ісін 
жүзеге асырдық. Сол дауыстап мәнерлеп оқуға берілген 
дүниенің толық нұсқасы төмендегідей:
«Біз  –  қазақ  деген  мал  баққан  елміз,  бірақ  ешкімге 
соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын 
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан 
елміз,  ешбір  дұшпан  басынбаған  елміз,  басымыздан  сөз 
асырмаған  елміз.  Досымызды  сақтай  білген,  дәм-тұзын 
ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай 
білген  елміз.  Атадан  ұл  туса,  құл  боламын  деп  тумайды; 
анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды 
қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен – қалмақ та, біз – қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен – темір де, біз – көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз.
Танысуға көнбесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен – қабылан да, біз – арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз,
Жабысқалы келгенбіз.
Берсең, жөндеп бітіміңді айт,
Бермесең, дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!»
Осы үзіндінің авторы (Қаз дауысты Қазыбек) қай кезең-
дегі оқиға (XVII ғасырда, Тәуке хан жіберген би-батырлар 

5
бастаған  елшілікке  ілесіп,  алғаш  рет  қалмақ  қонтайшысы 
Цеван-Рабтанмен  кездескен  сәтінде  болған)  екендігі  тілге 
тиек етіледі.
Содан  соң  оқушыларға  танымдық  мәтіннен  «нені 
таныдық»  деген  мәселелердің  мынадай  жобасы 
ұсынылады:
1.  Қазыбек  сөзіндегі  тегеурінді  ой,  шымыр  серпіліс, 
шымырқанған  ашу-ыза  Қоңтажыны  жайбарақат  қалдыр-
майды.  Өйткені  ол  құрғақ,  жалаң  сөйлемейді.  Көңілге 
сәулелі ой түсіріп, сезімді шарпып сөйлейді.
2. Шешен сөзінің күш-қуаты оның айтқан сөйлемдерінің 
бір-бірімен  мағыналық  бірлігінде  жатыр.  Мәтіндегі  «біз  – 
қазақ  деген  мал  баққан  елміз»  дейтін  темірқазық  –  негізгі 
ойды  әрбір  сөйлемді  жасаушы  құрылымдар  таратып, 
ұлғайтып,  дамытып  жеткізуге  лайықты  да  орнықты  үлес 
қосып  отыр.  Бірыңғай  құрылымдағы  сөйлемдер,  бірдей 
аяқталатын  баяндауыш  үлгілері,  баяндау  ерекшелігіндегі 
біртектілік  бірігіп  келіп,  көздеген  басты  ойдың  сомдалып 
барып тұтасқан ұғынықтылығына қызмет жасап тұр.
3.  Шешен  сөзін  құрап  тұрған  сөйлемдер  қарасөзбен 
(проза) келген бөлігінде де, өлең жолдарында да бір-бірімен 
қиылыспайтын  қатар  (параллель)  тәртіппен  байланысады. 
Мұнда  алғашқы  сөйлемдегі  ой  екпінін  «арқалаған» 
сөйлем  мүшесі  қалғандарында  да  басқа  бір  анықтауыш 
сөздермен «айқындалып, толықтырылып», «салыстырмалы, 
салғастырмалы» түрде берілген.
4.  Мәтіндегі  сөйлемдердің  қатарлық  (параллельдік) 
қатынасында  байланыстың  негізі  ретінде  синтаксистік            
қатар (параллелизм) қызмет көрсетеді.
5.  Талданып  отырған  Қазыбек  шешен  сөзіне  барлап 
қарасақ, ондағы сөйлемдердің барлығы – оның қазақ туралы 
айтатын ойына үйіріліп, сол мағыналық басты орталықпен 
әрбір сөйлем тікелей байланысады.
6. Өлең жолдарында тек бір-ақ жерде «танымайтын жат 
елге  танысқалы  келгенбіз,  танысуға  көнбесең  шабысқалы 
келгенбіз»  және  қарасөзбен  (проза)  айтылған  сөйлеу 

6
бөлігінде «атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды; анадан 
қыз  туса,  күң  боламын  деп  тумайды.  Ұл  мен  қызды  қаматып 
отыра  алмайтын  елміз»  деген  тармақтарда  сөйлемдер  әрі 
тізбектеліп,  әрі  қатарласып  (параллельдене)  жұмсалған. 
Тізбектелген  байланысында  сөйлемдер  бірінің  мазмұнын  бірі 
аша түсіп, басқа бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, 
танысқалы келгенбіз - баяндуыш, ұл мен қызды – толықтауыш.
Бұдан  кейін  шығармашылық  қабілетін  жетілдіру, 
дарындылығын сезіндіру міндетімізді көздеп, нақты тірекке 
жүгінген орынды шығар. Мәтіндегі көп нүктенің орынына 
оқушылар  өздерін  толғандырған  ойларын  орамды 
сөздермен  дәл  тауып  жазады.  Бір  ғана  дәлел  келтірсек 
жеткілікті. «Біз – қазақ ... елміз, бірақ ешкімге соқтықпас ... 
елміз.  Елімізден  құт-береке  ...  деп,  жеріміздің  шетіне  жау  ... 
деп  ...  елміз,  бау-бағында  ...  елміз,  ешбір  жерімізге  ...  елміз, 
басымызға  ...  елміз.  Досымызға  ...  елміз,  қасымызға  ...  елміз, 
хан ... елміз. Атадан ұл туса, ... елміз, анадан қыз туса, ... елміз».
Көп  нүктенің  орынына  қойылатын  сөздер:  табысты, 
намысты,  кетпесін,  жетпесін,  тып-тыныш  қана  жай 
жатқан, ырыс қазанын қайнатқан, жауды кіргізбеген, дауды 
мінгізбеген,  тұлпар  баптаған,  сабыр  сақтаған,  ордасын 
таптаған, қырандай түлеткен, жұпардай гүл еткен.
Енді мына танымдық мәтінге талдау жасап көрейік:
«Бірі  бастап  берген  әңгімені  екіншісі  қостай  жөнелген-
де  тоты  құстың  қауырсынындай  құлпырып,  аяқ  астынан 
ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің ауызының дуасындай 
бірлік бергенде қазақтың жұлдызы қалай жарқырар еді! Қандай 
қиын  түйінде  де  Әйтеке  «бауыздап»,  Қазыбек  «ұшалап», 
Төле «мүшелеп» берер еді! Қандай қиқар даукесің де Әйтеке 
айтқанда  құлақ  аспасқа,  Қазыбек  айтқанда  құптамасқа,  Төле 
айтқанда  «төресі  осы»  деп  жығыла  кетпеске  жағдайы  жоқ-
ты. Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып 
айтады деген сөз де содан қалған-ды. Үш арыс қазақ оларды 
сөйлетіп  қойып,  қақаған  қаңтарда  арқар  сорпасын  ішкендей 
бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау!»
Үзіндіден  тұнып  тұрған  терең  тілді  байқау  қиын  емес. 

7
Бірі бастаған әңгіменің тартымды екенін «құстың қауырсы-
нына»  теңесе,  «аяқ  астынан  ажарланады»  деген  тұрақты 
тіркесі  дерексіз  ұғымды  деректіге  айналдырса,  екінші 
жағынан,  «ажарландырып»  деген  сияқты  жанды  бейнеге 
тән  кейіптеуді  шешендікпен  ұтымды  жеткізуі  ағаштан 
түйін түйетін хас шеберді елестетеді.
Екінші,  үшінші  сөйлемдегі  үш  бидің  «ауызының 
дуасындай»  қандай  қиын  түйінді  де  «бауыздап,  ұшалап, 
мүшелеп  берер  еді»  деуі  –  сөздің  майын  тамызатын  би, 
шешендерге  тән  дүние,  олардың  сөзін  сілтідей  тынып 
тыңдап,  сөзге  тоқтайтын  халқымыздың  ерекше  қасиеті 
үзіндінің өн бойында маржандай төгіліп тұр.
Тілдің  өткір  өрнектерін  беріп  тұрған  тіл  айшықтарын 
табу  да  оңай  емес.  Атап  айтқанда:  1.  Теңеу:  тоты  құстың 
қауырсынындай,  ауызының  дуасындай,  арқар  сорпасын 
ішкендей; 2. Эпитет: қиын түйін, қиқар даукес, қақаған қаңтар; 
3.  Тұрақты  тіркес:  аяқ  астынан,  жұлдызы  жарқырау,  жығыла 
кету, жарып айту, тал бойы түгел еріп, қазып айту, тауып айту, 
балбырап отыру.
Ой  қисынына  негізделген  жаттығу.  Шарты:  төмендегі 
бірінші  бағанада  көрсетілген  құбылыс  атауларға  екінші 
бағанадағы белгі-қасиеттердің қайсысы тән? Тіркестіріп және 
сол  тіркестердің  мағынасын  бір-ақ  сөзбен,  яғни,  ұғыммен 
түсіндіру:
жүрек                    перде
қараңғылық          шыжық
тағдыр                  от
үміт                       сызық
өмір                       көз
Жауабы:
             Жүректің көзі – саналылық.
             Қараңғылық пердесі – надандық.
              Тағдырдың сызығы – жазмыш.
              Үміттің оты – үміттену.
              Өмірдің шыжығы – қайғы, трагедия.
Шешендік сөздерден үзінді алып, көрме диктант жазу.

8
Төмендегі  өлең  үзіндісі  бірнеше  рет  оқытылады,  өлең    
өшіріледі, жатқа жазылады:
              Сіз – сұңқар самғай ұшқан қиядағы,
              Талпынған мен – балапан ұядағы.
              Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,
              Дүниенің жалғыз үміт – тиянағы.
Бұл шумаққа морфологиялық талдау жасалады.
Шешендік 
мәтінді 
үлгі 
ете 
отырып, 
мәтін 
құрастырылады. 
Мұғалім  үлгі  ретінде  жас  Абай  мен  Жанқұтты  шешен 
арасында  өрбіген  ғибраттық,  нақылдық  диалогті  –  танымдық 
мәтінді жан-жақты, толық әңгіме арқауына айналдырып, соған 
байланысты оқушылардың шығармашылық қабілетін танытқан 
танымдық  мәтінін,  шешендік  диалогін  тыңдайды.  Мысалы, 
әке мен баланың диалогы:
- Әке, ұлттың ғұмырлы болуы дегеніміз не?
-  Балам,  ұлттың  ғұмырлы  болуы  дегеніміз  –  тіл  мен 
діннің, ділдің тұғырлы болуы.
- Әке, тіл мен діннің, ділдің тұғырлы болуы дегеніміз не?
Сонда әкесі:
«Тіл тұғырлы болғаны –
Халқыма бақыт қонғаны.
Бабамша сөйлеп барлық жұрт,
Ортамыз тасып толғаны.
        Діл тұғырлы болғаны –
        Салт-сана оның қорғаны.
        Жапырақ жайып жайқалған
        Қазақы болмыс орманы.
Дін тұғырлы болғаны –
Алланың өзі қолдауы.
Иманын айтып мұсылман,
Ұрпаққа соны жолдауы»,- дейді.
Қарама-қарсы сөздерді қатыстырып, өлең жазу.

9
Үлгі. Оқушы жауабы:
             Жылжып жылдар тұғырға,
             Күн менен Түн ауысқан.
             Мынау қысқа ғұмырда
             Бақ пен қайғы қауышқан.
                      Өмір бұраң жол дейміз,
                      Алыс-жақын арасы.
                      Кездеседі сол жолда
                      Адамның ақ пен қарасы.
              Көзді ашып-жұмғанша
              Қу жалған жалт бұрылған.
              Қараша қазан ұрғанша
              Бұл дәурен сан құбылған.
                      Өмір мен өлім арасы –
                      Адамның тәлім кітабы.
                      Ақ болса кімнің санасы,
                      Бәрінен сол жан ұтады.
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» (ойтолғау).
Ақсәуле: - Жөн сөзге шын тоқтаған халық едік,
                    Шешендерден ұлылық танып едік.
 
 
Аяқталып қалғаны өкінішті,
 
 
Бұл сабақтан жақсы әсер алып едік.
Нұртілеу: - Әз Жәнібек, Қарашаш, Жиреншенің
 
 
Сөздерінен ізгілік үйренгенмін.
 
 
Тоқсан сөзден тобықтай түйін айтқан
 
 
Солардай мен абыздық күйге енгенмін.
Айбота: - Қақ жарып қара қылды кесім айтқан,
 
          Шындықтан шырақ жағып шешім айтқан,
 
          Дәрісі тәрбиелеп келе жатқан
 
          Бабалар өнегесін еттім мақтан!
Балжан: - Даналықтың орманын аралармын,
 
           Керек жеміс өзіме таба алармын.
 
           Шешендіктің қандырған қыр-сырына
 
           Бұл сабақты тек беске бағалармын.
Үйге  тапсырма:  қалаған  ақын,  жазушы  шығармаларынан 
танымдық  мәтін үзінділерін тауып жазып, талдау жасау.

10
Бағдат МҰҚАТАЙҚЫЗЫ,
Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
ПУБЛИцИСТИКАЛЫҚ СТИЛь
(9-сынып)
Сабақтың    мақсаты:  оқушыларға  оның  анықтамасы 
жөніндегі тұжырымды ой-пікірлерді білгізіп, әдебиетімізде 
алар 
жетекші 
орыны 
жайында, 
қадір-қасиетіне 
байланысты ерекшеліктеріне қатысты байыпты көзқарасын 
қалыптастыру. 
Міндеттері:  а)  білімдік  –  публицистика, 
оның  стилі  мен  түрлері  туралы  жалпы  мағлұмат  беріп, 
ұғымын  кеңейту;  бүгінгі  қоғамдық-саяси  өмірде  атқарып 
келе  өте  маңызды  рөлін  таныту;  ә) 
дамытушылық  – 
публицистикалық  стильдің  ерекшеліктерін  терең  сезініп, 
ажырата  алу  дағдысын  қалыптастыру,  сауаттылығын 
жетілдіру; 
тәрбиелік – балаларды өз ұлтының, мемлекеттік 
тілінің шынайы жанашыры болу қасиетін күшейтуге ықпал 
ету.
Сөз  жоқ,  күнделікті  сабақ  өткізудің  міндетті  шаралары 
бәрімізге  белгілі  болғандықтан,  әңгімені  бірден  сабақтың 
әріптестерге  тигізер  пайдалы  жақтарына  қарай  бұрғанды 
дұрыс  көрдік.  Әрине,  жаңа  тақырып  слайдтар  арқылы 
түсіндіріледі.  Әуелі,  «публицистика»  деген  сөздің  қандай 
мағына беретінін сөз етейік. Көптеген еңбектерге, сөздіктерге 
үңіле қарағанымызда, бұл сөздің қоғамдық-саяси өмірімізде 
әлеуметтік,  экономикалық,  ғылыми-өндірістік  көкейтесті 
мәселелерді,  заманымыздың  рухани  құндылықтары  мен 
құбылыстарын,  тіршіліктің  өзекті  де  өткір  оқиғалары  мен 
фактілерін  өзіне  арқау  еткен  әдеби  ұғымын  беретіндігі 
айтылады. Бұдан оның анықтамасы айқындалып отыр.

11
Енді  оның  қандай  түрлері  бар  екенін  әңгімелесек, 
ғалымдар  оны  «1)  Ғылыми  стиль,  2)  Ресми  іс  қағаздар 
стилі, 3) Публицистикалық стиль, 4) Көркем әдебиет стилі, 
5)  Ауызекі  сөйлеу  стилі»  деп  жіктейді.  Осы  арада  ресми 
іс қағаздар стилі іс қағаздарында, нұсқау хаттар мен кеңсе 
құжаттарында; ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ғылыми 
баяндамалар  мен  лекцияларда;  публицистикалық  стиль 
газет-жұрналдарда және сонымен бірге әр түрлі жиналыстар 
мен митингілерде, теледидарда сөйленген сөздерде, көркем 
әдебиет  стилі  көркем  әдеби  шығармаларда,  ал  ауызекі 
сөйлеу  стилі  адамдардың  еркін  әңгімелескен  сөздерінде 
қолданылатындығы  айтылады.  Содан  кейін  ғылыми 
стильге  дәлелді,  зерттелген  фактілерді,  сөзді  тура,  нақты 
мағынасында алуы; ресми іс қағаздары стиліне ресми, анық, 
дәл ұғымдар мен түсінік; публицистикалық стильге шақыру, 
үндеу,  нақтылық,  көтеріңкі  леп;  көркем  әдебиет  стиліне 
образдылық,  эмоционалдылық,  экспрессивтілік;  ауызекі 
сөйлеу  стиліне  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  еркін  қолдану, 
даярлықсыз  сөйлеу  мәнері  тән  сипат  екеніне  қысқаша 
тоқталамыз. Бұл мәселелерге жалғас ретінде ғылыми стильде 
ғылыми  терминдер  жиі  пайдаланылып,  көбіне  хабарлы 
сөйлем болып келетіні, өткен шақ пен осы шақ жиі әңгіме 
арқауына айналатыны; ресми іс қағаздары стилінде кітаби, 
ресми  сөздер  мен  тіркестер,  қалыптасқан  даяр  хабарлы 
сөйлемдер, сөз тіркестері мен терминдер қолданылатындығы 
сөз  болады;  ал  публицстикалық  стильде  риторикалық 
сұрақтар,  стильдік  қайталау,  анитезаны  пайдалану  тәрізді 
көркемдік  құралдар  ерекше  рөл  атқарса,  көркем  әдебиет 
стилінде  ауыспалы  мағына,  көркемдік  тәсілдер,  суреттеме, 
ажарлау, айшықтау және құбылту құралдары жетекші орынға 
көтеріледі,  ал  ауызекі  сөйлеу  стилінде  қарапайым  сөздер, 
сұраулы және лепті сөйлемдер, диалог басым түсіп жатады.
Тоқсан  ауыз  ойдың  тобықтай  түйініне  –  сабағымыздың 
«Публицистикалық  стиль»  тақырыбына  оралайық.  Оның 
анықтамасы: «Тірек құралдарын тиімді де ұтымды қолдану 

12
арқылы  қоғамдық-саяси  өмірде  болып  жатқан  тарихи 
оқиғалар мен құбылыстарға, бағыттар мен ағымдарға жедел 
үн  қосып,  мәнін  ашып,  көпшіліктің  назарын  соған  аудару, 
көзқарасына әсер етіп, санасында сілкініс жасау». Басқаша 
айтқанда,  еліміздің  ішкі-сыртқы  саясатына,  қоғамдық 
құрылымына,  экономикалық  жағдайы  мен  оның  дамуына, 
ғылыми  техникалық  жетістіктердің  одан  әрі  өркендеуіне, 
мәдениеті  мен  әдебиетінің  өркениетті  мемлекеттер  биігіне 
көтерілуіне ықпал ететін өте өзекті де маңызды мәселелердің 
кеңінен,  байсалды  да  салмақты  талқыланып,  терең 
талданылуы – публицистикалық стильдің негізгі объектісі.
Сонымен,  публицистикалық  стиль  дегеніміз  әрбір 
суреткер  жазушы  немесе  ақынның  қоғамдық  көзқарасына 
тікелей  ықпал  ету  мақсатын  көздейтін,  әлеуметтік 
маңызды,  өзекті  мәселелерді  талқылап  талдаған  әдеби 
жанр  деген  тұжырымдамалық  анықтама  беруге  болады, 
оған  публицистикалық  мақала,  очерк,  эссе,  памфлет, 
фельетон  жатады.  Олай  болса,  кез  келген  қарымды 
қаламгердің  шығармашылық  әлемінен  пцблицистикалық 
стильдің қалайда бір түрін кезіктіреміз. Жоғарыда сөз еткен 
ойларымыздан «стиль – өнер ерекшелігі» екені аңғарылады. 
Ал  бұл  ерекшелік  дарынды  суреткердің  шығармашылық 
тақырыбынан,  идеясынан  және  тілінен  танылады.  Дәлелге 
жүгінсек,  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  ірі  көрнекті  қаламгер 
Сәбит  Мұқанов  қай  тақырыпқа  қалам  тартпасын,  міндетті 
түрде  оған  таптық  тұрғыдан  қарайды.  Көтерген  тақырыбы 
–  шаруа,  кедей  өмірі,  идеясы  –  шындыққа  коммунистік 
көзқарас.  Шығармалары  тек  өзіне  ғана  тән  тіл  ерекшелігі 
тұрғысынан жазылған. Айтпақшы, стиль өзгеруі де ықтимал. 
Мұны  Сәбеңнің  алдымен  «Адасқандар»,  кейін  «Мөлдір 
махаббат»  деген  атпен  дүниеге  келген  туындыларынан  да 
көруге болады. 
Осы  жазып  отырған  мәселемізге  байланысты  академик 
жазушы  Зейнолла  Қабдолов  былай  дейді:  «...  Ерубаев  – 
Мұстафин – Шашкин; «Менің құрдастарым» - «Қарағанды» 

13
- «Теміртау»; Рахмет – Мейрам – Қайыр... Үш жазушы, үш 
роман, үш қаһарман. Сөз жоқ, үш түрлі жазушы, үш түрлі 
роман,  үш  түрлі  қаһарман!-  Бірақ  бұлардың  әрқайсысына 
тән  өзгешелікті  көре  тұра,  бәріне  тән  бірлікті  де  байқауға 
болады. Қандай бірлік?
Алдымен  үш  жазушыда  әдіс  бірлігі  бар;  содан  соң  үш 
романда тақырып бірлігі бар, ақыр соңында үш қаһарманда 
идеялық  бірлік  бар.  Басқасын  айтпағанда,  тек  осы 
бірліктердің өзі-ақ үш әдебиетімізге тән өзара ұқсас сыр мен 
сипатты аңғарта алады. Ал осындай бірлік, яки, өзара ұқсас 
сыр  мен  сипат  тек  осы  үшеуіне  ғана  тән  бе?  Жоқ,  қазіргі 
қазақ жазушыларының бәріне тән. Қалайша?
Қазіргі  қазақ  жазушылары  қай  тақырыпқа  жазбасын, 
бәрібір, шындыққа тек қазіргі қоғамдық таным тұрғысынан 
қарайды.  Қандай  бір  күрделі  шығарма  (поэма,  пьеса, 
роман)  болсын,  бәрібір,  бас  қаһарманы  –  халық;  суреткер 
шығармасын  кешегі  шындықтан  туғыза  ма,  болмаса, 
бүгінгі  шындықтан  туғыза  ма,  бәрібір,  әйтеуір,  халықтың 
ертеңгі болашақ жолындағы күресін суреттейді» (Зейнолла 
Қабдолов. Сөз өнері. А., «Санат», 2007, 339-б.)
Біз теоретик ғалымның осы айтқандарына нақты жарқын 
айғақ  ретінде  былтыр  классик  ақын  М.Әуезовтің  115 
жылдығы қарсаңында өткізген «Әлемге әйгілі заңғар тұлға» 
атты баспасөз-мәслихатының материалдарына кезек берейік.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал