Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1. 1, 2016 ж



жүктеу 5.07 Kb.

бет7/18
Дата11.03.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Түйін 
Мақалада жағдаяттарды дәлелдеу мен дәлелдемелерді зерттеудің негізгі мәселелері 
қарастырылады. 
Резюме 
В  статье  рассматрива
ю
тся  основные  понятия  исследования  доказательств  и 
доказывание  обстоятельств. 
 
 
 
 
45 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ 
МЕН АНЫҚТАМА ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Нұрадинова Т., 
  
магистрант 
 
Мақалада Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу мен анықтама 
жүргізу кезеңдері қарастырылған. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының  екінші  сатысы  
ретінде  алдын ала  тергеу  сатысы туралы айтылады.  
Түйін сөздер: қылмыс, іс, сот, алдын-ала тергеу, анықтама. 
 
Алдын-ала тергеудi Қылмыстық іс жүргізу  Кодексінiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде 
және 285-бабында көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық 
iстер  бойынша  жүргiзу  мiндетті  [2,  100  б.].  Алдын  ала  тергеудi  кәмелетке  толмағандар 
немесе  өздерiнiң  дене  немесе  ақыл-ой  кемiстiктерiне  байланысты  өздерiнiң  қорғану 
құқықтарын  өздерi  жүзеге  асыра  алмайтын  адамдар  жасаған  қылмыстар  туралы  барлық 
қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi. Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда 
(облыста)  жүргiзiледi.  Алдын  ала  тергеу  жедел  және  толық  болуы  мақсатында  қылмыс 
анықталған  орын  бойынша,  сондай-ақ  сезiктi,  айыпталушы  адам  немесе  куәлардың 
көпшiлiгi  тұрған  жерде  жүргiзiлуi  мүмкiн.      Тергеу  iс-әрекеттерiнiң  басқа  ауданда 
(облыста)  жүргiзу  қажет  болған  жағдайда  тергеушi  оны  тiкелей  өзi  жүргiзуге  не  бұл  iс-
әрекеттердi  жүргiзудi  сол  ауданның  (облыстың)  тергеушiсiне  немесе  анықтау  органына 
тапсыруға құқылы.   
Алдын  ала  тергеу  қылмыстық  iс  қозғау  туралы  қаулы  шығарылғаннан  кейiн  ғана 
жүргiзiледi. Тергеушi  өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс бойынша тергеуге дереу 
кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдағаны туралы тергеушi қаулы шығарады. 
Егер  қылмыстық  iстi  тергеушi  қозғаса  және  өзiнiң  iс  жүргiзуiне  қабылдаса,  онда 
қылмыстық  iстi  қозғау  және  оны  өзiнiң  iс  жүргiзуiне  қабылдау  туралы  бiрыңғай  қаулы 
жасалады. Қылмыстық iстер жөнiндегi алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғалған күннен 
бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей аяқталуға тиiс.   
 
 
 
Алдын  ала  тергеу  мерзiмiне  iс  қозғалған  күннен  бастап  iстi  айыптау 
қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 
мәселенi  қарау  үшiн  iстi  сотқа  беру  туралы  қаулымен  бiрге  прокурорға  жiберген  күнге 
дейiнгi  не  iс  бойынша  iс  жүргiзудi  қысқарту  туралы  қаулы  шығарылған  күнге  дейiнгi 
уақыт  енгiзiледi.    Алдын  ала  тергеу  мерзiмiне  Қылмыстық  іс  жүргізу  Кодексінде 
көзделген негiздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт, айыпталушы мен 
оның  қорғаушысын  қылмыстық  iс  материалдарымен  таныстыру  уақыты,  сондай-ақ 
айыпталушының  шағымы  бойынша  талап  етiлген  қылмыстық  iстiң  сотта  және 
прокуратурада жатқан уақыты енгiзiлмейдi. 
 
 
 
 
 
Алдын ала тергеу мерзiмiн тергеушiнiң дәлелдi қаулысы бойынша:   
 

iстiң  күрделiлiгiне  байланысты  аудандық  және  оған  теңестiрiлген  прокурор  -  үш 
айға дейiн;   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

iстiң  аса  күрделi  болуына  байланысты  облыс  прокуроры  және  оған  теңестiрiлген 
прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға дейiн ұзартуы мүмкiн.   
 
Iс  қосымша  тергеу  жүргiзу  үшiн  қайтарылған  кезде,  сондай-ақ  уақытша  тоқтатыла 
тұрған  немесе  қысқартылған  iс  қайта  қозғалған  кезде  қосымша  тергеудi  iс  тергеушiге 
түскен кезден бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi мүмкiн. Мерзiмдi одан әрi 
46 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
ұзарту осы бапта көзделген тәртiппен жалпы негiздерде жүргiзiледi.  Қылмыстық заңмен 
тыйым салынған iс-әрекеттi жасаған адам анықталмаған iс бойынша iс жүргiзу мерзiмдерi 
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмiмен шектеледі [3, 532 б.]. 
Қылмыстық  iс  бойынша  алдын  ала  тергеу  ол  күрделi  немесе  оның  көлемi  үлкен 
болған  жағдайда  тергеушiлер  тобына  (тергеу  тобына)  тапсырылуы  мүмкiн,  бұл  туралы 
қылмыстық  iс  қозғау  туралы  қаулыда  көрсетiледi  немесе  жеке  қаулы  шығарылады.  Бұл 
туралы  шешiмдi  тергеу  бөлiмiнiң  бастығы  қабылдауға  құқылы.  Қаулыда  тергеу  жүргiзу 
тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс. 
Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың 
өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және 
оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден 
бас тарту құқығы түсiндiрiледi.   
  
Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу 
тобының  жұмысын  ұйымдастырады,  басқа  тергеушiлердiң  iс-әрекеттерiне  басшылық 
жасайды. Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн 
тоқтату, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы, сондай-ақ 
тергеу  мерзiмiн  ұзарту  туралы  өтiнiмдердi  қозғау,  бұлтартпау  шарасы  ретiнде  қамауға 
алуды,  үйде  қамап  ұстауды  қолдану  және  оларды  ұзарту  туралы  шешiмдердi  тергеу 
тобының жетекшiсi ғана қабылдайды.   
Айыптау  қорытындысын  және  медициналық  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын 
қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулыны тергеу тобының 
жетекшiсi жасайды және оған қол қояды.  Тергеу тобының жетекшiсi басқа тергеушiлер 
жүргiзетiн  тергеу  iс-әрекеттерiне  қатысуға,  тергеу  iс-әрекеттерiн  жеке  өзi  жүргiзуге 
құқылы. 
 
 
 
 
 
  
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде 
анықтау  органы  қылмыстық  iс  қозғауға  және  қылмыстың  iзiн  анықтау  мен  бекiту 
жөнiндегi  кейiнге  қалдыруға  болмайтын  тергеу  iс-әрекеттерiн:  қарауды,  тiнтудi,  алуды, 
куәландыруды,  сезiктiлердi  ұстау  мен  олардан  жауап  алуды,  жәбiрленушiлер  мен 
куәлардан жауап алуды жүргiзуге құқылы [4].   
 
 
 
 
Анықтау  органы  байқалған  қылмыс  пен  қылмыстық  iс  қозғалғаны  туралы 
прокурорға дереу хабарлайды. 
 
 
 
 
 
 
 
  
Кейiнге  қалдыруға  болмайтын  тергеу  iс-әрекеттерiн  орындағаннан  кейiн,  бiрақ  iс 
қозғалған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, 
бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.  Iстi 
тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс-әрекеттерiн және жедел 
iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады.   
Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, 
олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-
әрекеттерiн  жүргiзудiң  тәртiбiн  түсiндiредi.  Кейiнге  қалдыруға  болмайтын  жағдайларды 
қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi. 
Тергеу  iс-әрекетiнiң  хаттамасы  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзу  барысында  немесе  ол 
аяқталғаннан  кейiн  бiрден  жасалады.    Хаттама  қолмен  жазылуы,  машинка  жазбасы  не 
компьютер  арқылы  жасалуы  мүмкiн.  Хаттаманың  толық  болуын  қамтамасыз  ету  үшiн 
стенографиялау,  киноға  түсiру,  дыбыс  және  бейнежазба  қолданылуы  мүмкiн. 
Стенографиялық жазба, дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады. 
Хаттамада: 

тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi;  
47 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 

оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; 

тергеушiнiң лауазымы мен аты-жөнi;  

тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал қажет болған 
жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi.   
 
 
 
 
Хаттамада iс жүргiзу әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында 
iс үшiн мәнi бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан 
адамдардың  мәлiмдемелерi  жазылады.  Егер  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзу  кезiнде 
фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме 
бедерi мен таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны 
жүргiзу  барысында  қолданылған  ғылыми-техникалық  құралдар,  оларды  пайдалану 
жағдайлары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер 
көрсетiлуге тиiс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Хаттамада  бұған  қоса  ғылыми-техникалық  құралдарды  қолданудың  алдында  бұл 
туралы  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  адамдардың  хабардар  етiлгенi  көрсетiлуге 
тиiс.    Танысу  үшiн  хаттама  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  барлық  адамдарға 
ұсынылады.  Оларға  хаттамаға  енгiзiлуге  тиiс  ескертпе  жасау  құқығы  түсiндiрiледi. 
Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертпелер, толықтырулар, түзетулер көрсетiлуге және олар 
осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс.  Хаттамаға тергеушi, жауап алынған 
адам,  аудармашы,  маман,  куәгерлер  және  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  барлық 
адамдар  қол  қояды.  Тергеу  iс-әрекетiнiң  хаттамасына  қол  қоюдан  бас  тартылған  немесе 
қол  қою  мүмкiн  болмаған  жағдайда  бұл  фактiнi  куәландыру  ҚР  Қылмытық  іс  жүргізу 
кодексіне  жүргiзiледi.  Хаттамаға  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзу  кезiнде  орындалған 
фотографиялық  негативтер  мен  суреттер,  кинотаспалар,  диапозитивтер,  фонограммалар, 
бейнежазба  кассеталары,  сызбалар,  жоспарлар,  схемалар,  iздiң  көшiрме  бедерлерi  мен 
таңбалары қоса тiркеледі [5].  Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу 
нәтижелерi  бойынша  ресми  құжат  жасаса,  онда  бұл  құжат  хаттамаға  қоса  тiркеледi,  ол 
туралы  хаттамаға  тиiстi  жазу  жазылады.  Жәбiрленушiнiң,  оның  өкiлiнiң,  куәнiң  және 
олардың жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған 
кезде тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында олардың 
жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеушi жеке басы туралы 
деректердi  құпия  сақтау  туралы  қабылданған  шешiмнiң  себептерi  жазылған,  олардың 
бүркеншiк аттары көрсетiлген және ол қатысқан тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол 
қолданатын қол қоюдың үлгiлерi келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрі 
қылмыстық  істі  тергеген  органда  сақталатын  конвертке  салынып,  желiмделедi,  оның 
iшiндегiлермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi.  1997 жылғы 16 шiлде № 167-1. 
– 
Алматы: Юрист, 2013. – 164 б.  
2.
 
Бычкова  С.Ф.,  Гинзбург  А.Я.  Следственные  действия.  Краткий  комментарий  к 
Уголовно-процессуальному  кодексу  Республики  Казахстан:-  Алматы:  Аян  Әдет,  1998.  - 
100 с. 
3.
 
Полянский  Н.Н. Курс уголовного судопроизводства. – Санкт – Петербург, 1996. – 
532 с. 
4.
 
«
Қазақстан  Республикасының  iшкi  iстер  органдары  туралы»  1995  жылы    21 
желтоқсандағы № 2707 Қазақстан Республикасының Заңы  өзгерістер мен толықтырулар //  
Алматы: Юрист, 2014.  
48 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
5.
 
«
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  қауiпсiздiк  органдары  туралы»  1995  ж.  21 
желтоқсандағы № 2710  Қазақстан Республикасының Заңы өзгерістер мен толықтырулар //  
Алматы: Юрист, 2014.  
6.
 
Шифман М.Л. Қылмыстық іс қозғау сатысы ол процестің жеке дара сатысы емес, 
ол тек алдын ала тергеудің алғашқы кезеңі // Законность. - 1997. -№ 7. С. 18. 
 
Резюме 
Статья в суд уголовного дела, предоставленной в предварительных этапах следствия 
и  дознания.  Вторым  этапом  уголовного  судопроизводства  является  предварительное 
расследование. В правилах расследования уголовного процессуального законодательства 
имеются  определенные  функций.  Чтобы  определить  преступление,  которое  требует 
предварительного  расследования  проводят  следственные  действия:  просмотр, 
осуществление  поиска, обследование, задержание и допрос, намеренное реагирование на  
показания потерпевших и свидетелей и т.д. 
 
Summary 
An article in the court a criminal case provided in the preliminary stages of investigation 
and inquiry. The second stage of the criminal proceedings is the preliminary inquiry. The rules of 
the criminal procedural law, there are certain funktsiy.Chtoby define a crime that requires a 
preliminary investigation is conducted investigations: view, search, examination, detention and 
interrogation, deliberate response to the testimony of victims and witnesses, etc. 
 
 
 
АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 
 
Жубанова Н.Б., 
магистрант 
 
Мақалада  адвокаттың  құқықтық  мәртебесі,  оның  құқықтары  мен  міндеттері, 
адвокаттық  қызметке  лицензия  алу  тәртібі,  адвокаттар  алқасына  мүше  болуы, 
адвокаттың  көмекшісі  және  тағылымдамадан  өтушілері  ұғымдарына    анықтама 
берілген 
Түйін сөздер: адвокаттың мәртебесі, лицензия, адвокаттар алқасы, адвокаттың 
көмекшісі
,
 
тағылымдамадан өтушілер
.
  
 
Адвокаттардың  барлық  жағдайда  құқықтары  мен  бостандықтарын  заң  тұрғысынан 
көмек беріп, қорғайтын бірден бір жеке тұлға адвокат болып табылады. Адвокат әркімге 
белгілі  –  жалпы  азаматтарға  заңдық  көмек  беруші  тұлға  болғандықтан  өз  өкілеттілігін 
жүзеге  асыруда  басты  міндеті  азаматтың  құқығы  мен  бостандығын  қорғау  арқылы 
жүргізіледі. 
Адвокат Қазақстан Республикасының азаматы, міндетті түрде адвокаттар алқасының 
мүшесі  болып  табылатын  және  заң  көмегін  көрсететін  адам.  Жоғарғы  заң  білімі  бар, 
заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметті 
жүзеге  асыру  құқығына  лицензия  алған  адам  бола  алады.  Бұрын  басқа  салада  істеген 
болса, бұл мерзім алты ай болып есептелінеді.  
Адвокат  болғысы  келген  заң  мамандары  әділет  министрлігі  бекіткен  біліктілік 
комиссиясына  өтініш жазып адвокаттық қызмет пен айналысу лицензиясын ала алады. Ол 
үшін біліктілік сынағынан өту қажет [1, 11 б]. 
49 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Қазақстан  Республикасының  әділет  министрлігі  берген  адвокат  лицензиясы 
лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсатнама болып 
табылады.  Лицензия  адвокаттар  алқасында  үш  айдан  бір  жылға  дейінгі  мерзімде 
тағылымдамадан    өткен  адамдарға  олар  атестациядан  өткен  жағдайда  беріледі. 
Атестациядан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді [2, 20 б]. 
Ал  атестациядан  өтпестен  адвокаттық  қызметпен  айналысуға  лицензия  алуға 
тұрақты  судьялардың  және  прокуратура,  тергеу  және  анықтау  органдарында  кемінде  он 
жыл  жұмыс  істеген  прокурор,  тергеушілер  мен  анықтаушылар  адвокаттар  алқасына 
тағылымдамадан  өткенен  кейін  емтихан  тапсырудан  босатылады.  Бірақ  бұған  өз 
міндеттерін  орындау  кезінде  атына  кір  келтіретін  теріс  қылықтары  және  заңды  бұзғаны 
үшін  қызметінен  босатылған  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері  кірмейді. 
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығын беретін лицензияны беру мәселесін Қазақстан 
Республикасының  Әділет  министрлігі  шешеді.  Адвокаттық  лицензия  негізінен  әділет 
министрлігінде тіркеліп нөмерлік сандары реестрде көрсетіледі.  
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру 
тәртібі  мен  шарттары  Қазақстан  Республикасының  лицензиялау  туралы  заңнамада 
көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының 
қолданысы: 
1)
 
адам мемлекеттік қызметте болған; 
2)
 
Қазақстан  Республикасы  парламент  депутатының,  өз  қызметін  тұрақты  не 
босатылған  негізінде  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен  төленетін  мәлихат 
депутаттарының өкілеттіктерін орындаған; 
3)
 
Мерзімді әскери қызметте өткерген; 
4)
 
мүшелік  жарнаны  ұдайы  төлемеген  және  адвокаттар  алқасының  мүшелігінен 
шығарылуы кезінде тоқтатыла тұрады. 
Аталған  жағдайларда  адвокаттық  қызметпен  айналысуға  лицензияның
 
қолданысы 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрінің  бұйрығымен  тоқтатыла  тұрады. 
Қабылданған  шешім  туралы  лицензияның  қолданысы  тоқтатыла  тұрған  адам,  соттар, 
құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі. 
«Лицензиялау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңында  көзделген  жалпы 
негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын 
тоқтату Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша: 
1)
 
адвокат  өз  кәсіби  міндеттерін  орындау  кезінде  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасын,  адвокатураны  ұйымдастыру  және  оның  қызметі  принціптерін  өрескел  не 
бірнеше рет бұзған; 
2)
 
біліктілігінің  жеткіліксіздігі  салдарынан  адвокаттың  өз  кәсіби  міндеттерін 
орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады. 
Адвокаттар  алқасы  төралқасының  өтініші  аталған  жағдайларда  адвокаттық 
қызметпен  айналысуға  арналған  лицензияның  қолданысын  тоқтату  туралы  талап-арыз 
дайндау үшін негіз болып табылады. Аумақтық әділет органдардың ұсынымы жоғарыда 
бірінші  аталған  жағдайда  адвокаттық  қызметпен  айналысуға  арналған  лицензияның 
қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болады.  
Адвокаттық  қызметпен  айналысуға  арналған  лицензиядан  айыру  ҚР  Әкімшілік 
құқық бұзушылықтар кодексімен көзделген сот тәртібімен жүзеге асырылады. Қазақстан 
Республикасы Әділет министрлігі сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға 
арналған  лицензияның  қолданысының  тоқтатылғаны  туралы  соттар,  құқық  қорғау 
органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.  
50 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Жоғарыда  аталған  негіздерден  басқа  адвокаттық  қызметпен
 
айналысуға  арналған 
лицензияның  қолданысын  тоқтатуды  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігі 
төмендегідей жағдайларда жүзеге асырады: 
1)
 
заңды  күшіне  енген  сот  шешімі  бойынша  адвокат  әрекет  қабілеті  жоқ  немесе 
әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабар ошарсыз кетті деп танылған
2)
 
адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан; 
3)
 
адвокат  қасақана  қылмыс  жасағаны  үшін  ақтамайтын  негіздер  бойынша 
қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; 
4)
 
қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды 
күшіне енген; 
5)
 
адвокатқа  медициналық  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын  қолдану  туралы  сот 
шешімі заңды күшіне енген жағдайларда. 
Адвокат  көмекшісі.  Адвокаттың  көмекшісі  бұл  заң  консултациясында,  адвокат 
кеңселерінде  немесе  заңды  тұлғаны  тіркемей  адвокаттық  қызметпен  жеке  дара 
айналысатын, адвокатта еңбек шарты (келісім шарт) негізінде жұмыс істейтін, адвокаттың 
нұсқауы  бойынша  және  оның  жауапкершілігімен  белгілі  бір  тапсырманы  орындайтын 
адам. 
Кез-келген  адам  біліміне  қарамастан  адвокат  көмекшісі  бола  алады.  Олар  заң 
консультацияларында, адвокат кеңселерінде  немесе заңды тұлғаны тіркемей адвокаттық 
қызметпен жеке дара айналысатын адвокатта еңбек шарты (келісім шарт) негізінде жұмыс 
істейді. 
Адвокат  көмекшілері  адвокаттың  нұсқауы  бойынша  және  оның  жауапкершілігімен 
белгілі  бір  тапсырманы  орындауға  құқылы.  Олар  азаматтарды  адвокаттың  қабылдауына 
жазу,  іс  қағаздарын  жүргізу,  нормативтік  құқықтық  актілер  мен  құқықтық  сипаттағы 
құжаттар тігу, олардың көшірмесін алу, компьютер мен ұйымдық техникада жұмыс істеу 
сияқты қосымша және техникалық іс-әрекеттер және т.б. көмекші адвокатқа есеп береді, 
оның жұмысының саны мен сапасы адвокаттың ай сайынғы есебіне кіруге тиіс. 
Адвокат көмекшісінің еңбегі адвокат есебінен төленеді. Көмекші жалақының еңбек 
шартымен  анықталады  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  ең 
төменгі  айлық  жалақыдан  кем  болмауы  тиіс  (2013  жылға  арналған  ең  төменгі  айлық 
жалақы 18 660 теңгені құрайды) [3,1б]. 
Адвокаттар  тағылымдамадан  өтушілерді  ұстай  алады.  Жоғарғы  заң  білімі  бар 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  адвокаттың  тағылымдамадан  өтушілері  бола 
алады. 
Тағылымдамадан  өтушілер  адвокаттар  алқасы  төралқасы  Қаулысының  негізінде 
кемінде  бес  жыл  адвокаттық  қызмет  өтілі бар  адвокаттарда  үш  айдан  бір  жылға  дейінгі 
мерзімде  тағылымдамадан  өтеді.  Тағылымдаманың  тәртібін,  мерзімі  мен  шарттарын 
адвокаттар алқасы белгілейді.  
Тағылымдамадан  өтуші  тағылымдамадан  өту  үшін  жағдай  жасауды  талап  етуге 
құқылы.  Тағылымдамадан  өтушілердің  қылмыстық  сот  ісіне  қатысуға  құқығы  жоқ,  ал 
анықтау  мен  тергеу  органдарына  керсінше  тергеу  ісі  жас  және  тәжіребесіз  мамандарға 
тапсырылады.  
Адвокаттық тағылымдамадан өтушісі: 

 
қолданыстағы заңнаманы оқып үйренуге;  

 
өз кәсіби деңгейін көтеруге; 

 
заң  консультациясында  немесе  адвокат  кеңсесінде  белгіленген  ішкі  тәртіп 
қағидаларын сақтауға; 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал