Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1. 1, 2016 ж



жүктеу 5.07 Kb.

бет3/18
Дата11.03.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

15 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
жасайды.  Қатысымның  өзі  адамдардың  біріккен  әрекетінің  бір  қыры,  яғни  адамдардың 
үйренетін  тіл  арқылы  өзара  бірігіп  әрекет  жасауы  болып  табылады.  Қатысымдық  әдіс  – 
ақпарат  алмасу  үрдісі,  тіл  үйренушілердің  алға  қойған  мақсатқа  жетуіне  бағытталған 
белсенді  тілдік  қатынас  үрдісі.  Белсенді  тілдік  қатынастың  өзі  –  тіке  байланыс  арқылы 
жүзеге  асатын  үрдіс.  Тіке  байланыс  –  тек  қатысымдық  әдіске  ғана  тән  ерекшелік.  Тіке 
байланыс арқылы студенттер бір-біріне өз ойларын жеткізеді, өз көзқарастарын білдіреді. 
Бір-бірінен  алған  мәліметтерді,  ақпараттарды  қабылдайды.  Сол  арқылы  жаңа  хабарлар 
мен ұғымдарды меңгереді, ой қорытындылайды. Тіке байланыс арқылы студенттердің өз 
беттерімен  жұмыс  істеулеріне  жол  ашылады.  Тілдік  қатынастың  ары  қарай  өрбуі  үшін 
әрекет  етіп,  өзіндік  жұмыс  атқарады.  Бұл  қатысымдық  әдістің  бір  ерекшелігі  болып 
табылады.  Сонымен  бірге,  оқыту  үрдісіне  қойылатын  жаңа  талапты  –  студенттердің  өз 
беттерімен  білім  алуға  жағдай  тудыру  керек  деген  талапты  –  ескерсек,  қатысымдық 
әдістің  осы  талапты  іс  жүзіне  асыратын  бірден-бір  әдіс  екендігіне  дау  жоқ.  Сондай-ақ, 
қазіргі  заман  талабына  сай  студент  объект  емес,  субъект  болуы  тиіс  деген  қағида 
ұсталады. Аталған қағиданы іске асыруда да қатысымдық әдістің орны ерекше. Өйткені 
қатысымдық әдіс – субъект-субъектінің бірлескен әрекеті. Тілдік қатынасқа түсушілер бір-
бірінен  білімі,  көзқарасы,  белсенділігі  арқылы  ажыратыла  отырып,  бірде  субъектінің 
рөлінен объектінің рөліне ауысса, келесі мезетте объектіден субъектінің рөліне ауысады. 
Бұны қытысымдық әдістің екінші ерекшелігі деп есептеуге болады. 
Қатысымдық  әдістің  үшінші  бір  ерекшелігі  –  тілдік  қатынастың  проблемалық 
жағдайға  сай  құрылуы.  Бұл  жердегі  проблемалық  дегеніміз  –  тілдік  қатынасты  жүзеге 
асыруға  бағытталған  жағдайлар.  «»….любой  речевой  поступок  должен  совершаться 
только  в  условиях  соответствующей  речевой  ситуаций»  -  деп  көрсетеді  Е.И.Пассов 
[4,119]. 
Яғни, қазақ тілін үйретуде үйренетін тілде тілдік қатынасты іске асыру үшін тілдік 
қатынас міндетті түрде болатын проблемаға тап болуы тиіс. Сонда ғана тіл үйренушінің 
тілді  жылдам  әрі  сапалы  меңгеруіне  жол  ашылады.  Студенттің  тіл  үйренуге  деген 
қызығушылығы оянып, белсенділігі артады. Себебі, қатысымдық әдіс – тілдік қатынасқа 
түсушілер  арасында  белгілі  бір  проблеманы  шешуге  негізделген  үрдіс.  Ол  проблемалар 
студент  мамандығына  сай  құрылады.  Проблемалық  жағдай  туғызуда  мынадай  ережеге 
сүйену керек: 
1.
 
Проблемалық сұрақтарды студенттердің білмеуі; 
2.
 
Проблемалық сұрақтарды шешуде студенттердің бұрынғы қалыптасқан білімін 
пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.  
П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай 
деп көрсетеді: 
1.
 
Проблемалық жағдай туғызу. 
2.
 
Проблеманы шешу және оған өз тұжырымын беруге әрекет ету. 
3.
 
Қиындық тудырған мәселе бойынша талдау жасау, өз ойларын білдіре білу. 
4.
 
Жауабының дұрыстығын дәлелдеу. 
5.
 
Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу. 
Проблемалық оқыту әдісінің осы бес кезеңін іске асыру барысында студент міндетті 
түрде белсенді тілдік қатынасқа түседі. Өйткені ол белгілі бір мәселені шешу бойынша ой 
бөліседі, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Бұның бәрі тілдік қатынасқа түсудің 
бірден-бір  жолы  және  студенттің  өзіндік  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  туады.  Яғни, 
проблемалық  оқыту  дегеніміз  –  оқытушы  мен  студенттердің  бірлескен  оқу  және  іздену 
әрекеті. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, студенттердің өз беттерінше саралау, 
түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады. 
16 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Проблемалық  оқыту  әдісі  арқылы  қазақ  тілі  сабағын  ұйымдастырғанда  оқу 
қызметінің  бес  түрін  де  (тыңдалым,  тілдесім,  оқылым,  жазылым,  айтылым)  жетілдіруге 
болады.  Бұл  әдісті  сабақ  барысында  қолданғанда  студенттердің  шығармашылық 
белсенділіктерін  жетілдіреді,  пәнге  деген  қызығушылықтары  артып,  пәннен  терең 
білімділіктерін  дамытады.  Студенттердің  ғылыми  тұрғыдан  ойлау  дағдылары 
қалыптасады.  Көтерілген  мәселе  бойынша  көпшілік  ақпарат  құралдары  мәліметтерімен, 
кітапханада,  қосымша  әдебиеттермен,  энциклопедиялық  сөздіктермен  жұмыс  істей 
отырып  кәсіби  білім  қорларын  молайтады.  Қозғалған  мәселе  бойынша  бір-бірімен  ой 
бөлісуге, сол арқылы белсенді тілдік қатынасқа түсуге мүмкіндік туындайды. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  тілді  қатысымдық  тұрғыдан 
меңгертудің негізгі ерекшеліктері мынадай болады.  
Біріншіден, қатысымдық оқыту үнемі тілдік қатынастың кәсіби бағытта жүргізілуін 
қамтамасыз етеді. Яғни, сабақтың барлық кезеңінде, тәжірибе жүзінде, студенттердің бір-
бірімен тілдесе отырып, тілдік материалды меңгерулері болып табылады.  
Екіншіден, әр студенттің жеке бас қасиеті ескеріледі. Топтағы кез келген адам бір-
бірінен  өздерінің  сөйлеу,  ойлай  қабілеті,  қызығушылығы  т.б.  қасиеттері  арқылы 
ажыратылады.  Қатысымдық  тұрғыдан  оқыту  осы  жеке  қасиеттердің  барлығын  ескере 
отырып, әр студенттің танымына, қызығушылығына, қабілетіне сай ұйымдастырылады.  
Үшіншіден,  қатысымдық  тұрғыдан  тілді  меңгертуде  оқытудың  проблемалық  түрі 
басты  орын  алады.  Студенттер  алдына  мамандықтарына  сай  мәселе  қойылады.  Ол 
мәселелерді  шешуді  студенттердің  өздері  іске  асырады.  Берілген  мәселені  шешу 
барысында  студенттер  өз  пікірлерін  білдіреді,  көзқарастарын,  ойларын  жеткізеді.  Сол 
арқылы кәсіби тілдік қор молаяды.  
Төртіншіден,  қатысымдық  тұрғыдан  тілді  меңгертудің  басты  ерекшелігі  –  оқу 
үрдісінің үнемі өзгеріп отырылуы, яғни, жаңашылдығы. 
Қатысымдық  әдіс  –  тіл  үйренушілердің  оқытушымен  тікелей  қарым-қатынасы 
арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас 
пен  қағидалардың  жүйесінен  тұратын;  тіл  үйретудің  тиімді  жолдарын  тоғыстыра  келіп, 
тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі. 
 
Яғни,  қатысымдық  әдісті  қолданудың  тиімділігі,  алдымен  тілді  оқытуда  үйренуші 
мен  үйретушінің  арасында  бір-бірімен  көзбе-көз  кездесу,  ауызба-ауыз  тілдесу,  яғни 
тікелей  қатынас  жиі  болса,  сөйлесім  әрекеті  де  ұтымды  жүзеге  асатындығы,  сөйлеуді 
үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық 
минимумдар мен сөздік материалдар алынатындығы болып отыр. 
Тілді  кәсіби  оқыту  әдістері  -  бұл  жүйелі  және  логикалық  бірізділікпен  іс-әрекет 
жасайтын  оқытушы  мен  тіл  үйренушінің  бірлескен  қимылы.  Осы  арқылы  олар  кәсіптік 
білім  негіздерін  меңгереді;  білік  пен  дағды,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытады, 
кәсіби  шеберлік  қыр-сырын  үйреніп  оның  негіздерін  қалыптастырады.  Тыңдаушы  сабақ 
барысында  тек  тіл  үйреніп  қана  қоймайды,  олардың  сабақ  үдерісінде  ойлау  дағдылары 
қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді. Сондықтан да 
оқытушы әр тыңдаушының қабілетін, тілді меңгеруге деген көзқарасын білуі керек.  
Осылайша, кәсіби бағытта қазақ тілін үйретудің мәртебесін көтеремін деген әрбір тіл 
үйретуші  ұстаз  әдістемелік  тәжірибесін  үнемі  жетілдіріп,  оны  тиімді  қолданып  отырса, 
қазақ  тілімізді  үйренудегі  қиындықтар  қызығушылыққа  айналуы  әбден  мүмкін.  Яғни, 
маманның біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары болуы оқытуды  дұрыс ұйымдастыра 
білумен байланысты демекпін. 
17 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Қазақ  тілін  кәсіби  бағытта  оқытудың  әдістемесі  теориялық  білім  берумен  қатар 
болашақ  мамандыққа  баулиды.  Білікті  маман  дайындау,  білім  беру  –  қоғам  дамуының 
негізгі  жолы.  Осыған  орай  қазақ  тілінен  берілетін  базалық  білім  таңдалады.  Қажетті 
базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі 
маман,  іскерлік  қарым-қатынас  жағдайында  жол  таба  білуге  үйрету  маңызды  болып 
саналады.  Бүгінде  оқытудың  барлық  түрін  кешенді  қарастыру,  оларды  бір-бірімен 
байланыстыру  мақсаты  басым.  Бүгінгі  күн  талабы  –  маманның  кәсіби  бағыттылығын, 
іскерлігін  қалыптастыру.  Сондықтан  кәсіби  бағытта  білім  беруде  қамтылатын  білім 
мазмұны, соның ішінде тақырыптар ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс [5]. 
Жаңа заманның талаптарына сай, интелектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау 
бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда 
студенттерге  іскерлік  қарым-қатынасты  дұрыс  оқыту  қажеттігі  күннен  күнге  айқын 
сезілуде. Бұл айтылған ұстанымдар мен тәсілдер қазақ тілін кәсіби бағдарлы мамандыққа 
байланысты  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері,  заңдылықтары,  оны  меңгертудің  әдіс-
тәсілдері кәсіби бағдарлы қатысымда атқаратын маңызы зор. 
Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үрдісін  жетілдіруде,  болашақ  мамандардың 
ізденімпаздығын қалыптастыруда, шығармашылық ойлау қабілеттерін кеңейтуде, рухани 
дүниесін дамытуда кәсіби бағытта оқытудың маңызы ерекше.  
Сондықтан,  қазіргі  уақытта  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  мемлекеттік 
тілді  оқытып  үйретудің  кәсіби  бағдарлы  қатысымдық  жағын  күшейту,  оны  ұлтаралық 
қатысым құралына айналдыру маңызды болып табылады. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы 
қатысымдық қызметінің деңгейін көтеру үшін, оны студенттерге кәсіби бағытта оқытып 
үйрету қырынан жандандыру қажет. 
Осылайша,  жоғарыда  қарастырылған  әдіскер-ғалымдардың  еңбектерінде  тілді 
мамандыққа сәйкес оқытуға байланысты құнды ой-пікірлер кездесетінін байқауға болады. 
Олар  мұнда  қазақ  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде  меңгертумен  қатар,  тілді 
мамандыққа  қатысты  оқытудың  ұтымды  жақтарын  саралап  көрсетіп  отыр.  Олардың 
ғылыми  еңбектерінде,  оқу  құралдарында  қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкестендіріп 
қатысымдық  тұрғыдан  оқытудың  барлық  мәселелері  қамтылған.  Бұл  талданған 
еңбектердегі  айтылған  тұжырымдардың,  әсіресе  қазақ  тілін  мамандыққа  байланысты 
оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерінің кәсіби 
қатынаста атқаратын маңызы зор.  
      
Әдебиеттер тізімі: 
1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі.-Алматы: РБК, 2000.-
207б. 
2. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучений.-М.: Просвещение, 1971.-191с. 
3.  Артюнов  А.Р.  Коммуникативный  интенсивный  курс  РКИ  для  заданного 
контингента  учащиехся (мет.пособие). Москва, 1989.-97с. 
4.  Пассов  Е.И.  Коммуникативный  метод  обучения  иноязычному  говорению.- 
Москва:  Просвещение, 1985.-208с. 
5.  Қасым.Б.,  Омарова  А.,  Бейсенбекова  Г.  Кәсіби  қазақ  тілі.Оқу  құралы.-Алматы, 
2012.- 220 
б. 
6. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағдарламасы.   
7.  Қадашева  Қ.  Жаңаша  жаңғыртып  оқытудың  ғылыми  әдістемелік  негіздері: 
өзгетілді  дәрісханалардағы қазақ тілі: Пед.ғыл.док. ...дисс. Алматы, 2001.-301б. 
18 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-50» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси      
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 14.12.2012.-Астана, Ақорда,-2012. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  методы  обучения  казахского  языка  в 
профессиональной направленности. 
 
Summary 
This article discusses methods for studying the Kazakh language in professional direction. 
 
 
МӘМIЛЕНIҢ ЖАРАМСЫЗДЫҚ  НЕГIЗДЕРI  ЖӘНЕ ЖАРАМСЫЗ  
МӘМІЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Дүйсебаев А.,  
 
магистрант 
 
Мақалада  Қазаақстан  Республикасының  заңнамасы  бойынша        мәмiленiң 
жарамсыздық    негiздерi    және  жарамсыз    мәмілелерге  қатысты    кейбір  өзекті 
құқықтық-теориялық  мәселелер  сараланған. 
Түйін сөздер: мәміле, жарамсыздық, негіздер, ерік, талаптар. 
 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексінің  157  -  бабы  бойынша  мәмілені 
жарамсыз  деп  тану  үшін  келесі  шарттар  болу  қажет,  ол:  мәміленің  нысанына, 
қатысушыларына,  мазмұнына  және  ерік  білдіру  бостандығына  қойылатын  талаптарды 
бұзып жасау. 
Біз  бұл  мақалада  тек  ерік  білдіру  бостандығына  қойылатын  талаптарды  бұзып 
жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану мәселесін қарастырамыз. 
Ерік  білдіру  арқылы  мәмілелер  сыртқы  құбылыстардан  ерекшеленеді,  өйткені 
сыртқы құбылыстар тұлғалардың еркінен тыс пайда болады. 
Мәмілелердің  еріктік  сипаты  екі  элементтен  тұрады.  Ол  субъективтік  және 
объективтік. Субъективтік - ол ерік, ал объективтік - ерік білдіру. 
Сонымен мәмілені жасар алдында тұлғада ең алдымен ерік қалыптасады. Ерік - бұл 
түлғаның белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ой-ынтасы. 
Заң ғылымы үшін еріктің қалыптасу мәселесі өте маңызды. 
Ерік  білдіру-  бұл  еріктің  сыртқы  ортада  көрініс  табуы,  ол  әрекет  арқылы  көрініс 
табады.  Егерде  ерік  сыртқы  өмірде  көрініс  таппаса,  онда  ол  азаматтық  құқықтық 
қатынастар үшін маңызы болмайды. 
Ерік  білдіру  мәмілелердің  сипатына  әсер  етеді,  осыған  байланысты  мәмілелер  бір, 
екі, көп жақты болып бөлінеді. 
Сонымен ерік білдіру- бұл еріктің сыртқы ортада көрініс табуы. Осы ерік білдіруге 
байланысты мәміле жасалды немесе жасалмады деп танылады. Кейбір мәмілелерді жасау 
үшін  тек  ерік  білдіру  аз  болады,  ерік  білдірумен  қатар  мүлікті  беру  керек.  Осыған 
байланысты мәмілелер реалды және консесуалды деп бөлінеді. 
Мәмілелер жарамды деп танылу үшін ерік пен ерік білдіру бір бірімен сәйкес болу 
керек. 
19 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Ал  егер  ерік  пен  ерік  білдіру  бір  бірімен  сәйкес  келемесе  онда,  қайсысына 
басымдылық беруіміз қажет. Бұл сұрақты шешудің үш жолы бар, ол: ерікті басқы шарт 
деп  тану;  ерік  білдіруді  басқы  шарт  деп  тану;  ерік  пен  ерік  білдіру  тең  деп  тану, 
сондықтан  ол мәмілені жарамсыз деп тану. 
Рабинович  Н.  ойынша,  егер  ерік  пен  ерік  білдіру  арасында  қайшылық  болса,  онда 
ерікке  басымдылық  берілу  керек,  сондықтан  мәмілені  жасаған  кезде  тараптардың 
еріктерін анықтау керек. Егер де тараптар, нағыз еріктерін дәлелдеп  көрсете алмаса, онда 
ерікті анықтау мүмкін еместігін тану керек. 
Ал  И.  Новицкийдің  ойынша,  ерік  білдіруге  басымдылық  беру  керек,  өйткені 
мәмілелерден заңды салдардың пайда болуы осы ерік білдірумен тікелей байланысты, осы 
ерік  білдірудің  басымдылығы  арқасында,  мәмілелердің  және  азаматтық  айналымның 
тұрақтылығы  қамтамасыз  етіледі. 
О.С.Иоффе, О.А.Красавчиковтың пікірінше, ерік пен ерік білдіру бір бірімен сәйкес 
келуі керек, ал егер сәйкес келмесе онда ол мәмілелер жарамсыз болып танылуы қажет. 
Сонымен  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексінің  157-бабы  бойынша  мәмілені 
жарамсыз  деп  тану  үшін  келесі  шарттар  болу  қажет,  ол:  мәміленің  нысанына, 
қатысушыларына,  мазмұнына  және  ерік  білдіру  бостандығына  қойылатын  талаптарды 
бұзып жасау. 
АК-ның 157-бабы мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-
ақ олардың ерік білдіру бостандығына  қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі 
адамдардың,  тиісті  мемлекеттік  органның  не  прокурордың  талабы  бойынша  мәміле  
жарамсыз  деп  танылуы  мүмкін  деп  көрсетеді.  Аталған  талаптардың  біреуі  бұзылатын 
болса,  мәміле  жасалған  заңдық  факті  ретінде  таныла  алмайды  және  заң  күшіне  ие 
болмайды.  Заң  шығарушылар  мәмілені  жарамсыз  деп  танудың  нақты  негіздерін 
белгілеуде  нақ  осы  мән-жайды  басшылыққа  алады.  Ең  маңызды  және  кең  таралған 
негіздер АК-ның 4-тарауының баптарында шоғырландырылған. 
ҚР  АК  4-тарауында  көзделген  мәмілені  жарамсыз  деп  танудың  басқа  да  нақты 
негіздері және жарамсыздықтың салдары баяндалатын болады. 
Егер құқық бұзушылық жеке адамдардың мұдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда 
мәмілені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етуімен сот шеше алады. 
ҚР  АК  2-бабына  сәйкес  мемлекеттік  органдардың  мұндай  дауға  араласу  құқығы  жоқ. 
Керісінше,  жария  мүдделер  бұзылғанда  мәмілені  жарамсыз  деп  тану  туралы  сотқа 
қойылатын  талапты,  мәміленің  екі  қатысушысы  оның  шарттарымен  келіскен  болса  да, 
оны қоюға жария орган құқылы болады[1, 21 б.]. 
Мұндай ара жігін ажыратудан бұдан былайғы баяндаулар келіп шығады. 
Егер  мәміле  мынадай  талаптарды  бұзатын  болса,  мәміле  жарамсыз  деп  танылуы 
мүмкін:  а)  оның  шарттарының  зандылығы  туралы,  яғни  оның  мазмұнының  заңдылығы 
туралы; б) мәмілеге қатысушылардың мәміле жасасу қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік 
білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы. 
Мәміле мазмұнының заңдылығы туралы талаптардың бұзылуы. ҚР АК 158-бабы бұл 
жөнінде  мәміленің  аса  маңызды  талабы  -  оның  заңға  толық  сәйкестігі  деп  айқындайды. 
Құқық  бұзушылықтың  көп  болуы  ҚР  АК  159-бабына  және  өзге  заң  ережелеріне  сәйкес  
мәмілелердің  жарамсыздығына  негіз  болады.  ҚР  АК  158–бабы   мәміле  мазмұнынын  заң 
талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы,заңға қайшылыққа қарсы бағыталған. Бұл мәміленің 
қылмыстың  жасалуын,  заңның  бұйрық  ережелерін  орындаудан  жалтаруды,  айналымнан 
алынған  заттарды  жеке  адамдарға  сатуды  және  т.с.с.  көздейтін  жағдайлар  болуы 
мүмкін[22, 526 - 527 бб.]. 
20 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Алайда,  заңда  белгілі  бір  мәмілені  жасауға  рұқсат  ететін  норманыңболмауығана 
оны жарамсыз ете алмайды. Мазмұны заңда тыйым салынған қағидаларды бұзатын мәміле 
жарамсыз деп танылуға тиіс. 
Көпе-көрінеу  құқық  тәртібінің  негіздері  мен  адамгершілікке  қарсы 
бағытталғанмәмілелер  заңға  қайшы  мәмілелерге  теңестіріледі.  Мысалы,  баланы  сату 
туралы мәмілені айтуға болады. Келесі мысал. Салық төлеуге жататын кірістерді қолдан 
азайту  мақсатында  еншілес  акционерлік  қоғам  өзі  өндіретін  өнiмді  негізгі  қоғамға 
қасақана -темендетілген бағамен сатады. 
Мәміле  жарамсыздығының  бұл  негізі  заңның  қоғамның  барынша  маңызды 
мүдделерін қорғау саласында кездесетін шалалығының орнын толтыруға көмектесуі тиіс. 
Сондықтан  оны  қолдану  кезінде  мәмілеге  қатысушылардың  нақты  қай  заңды  бұзғанына 
сілтеме  жасалмауы  мүмкін,  бұл  осы  негіз  бойынша  мәміленің  жарамсыздығын  тануда 
айрықша абай болуды қажет етеді және мұндағы негіз айтарлықтай дәлелді болуға тиіс. 
Мәмілеге  қатысушылардың  оның  заңға  қайшы  немесе  моральға  қарсы  бағыттылығын 
жақсы түсінудің дәлелдемесі қажет болады. 
АК-ның 158-бабының 2-тармағы заңның ұйғарымдарын, заңды тұлғаның жарғысын 
не оның органдарының құзіретін бұзатын, мәмілені қасақана жасаған адам,егер мұндай 
талап  пайдакүнемдік  мақсаттармен  немесе  жауапкершіліктен  жалтару  ниетімен 
жасалатын  болса,  мәмілені  жарамсыз  деп  тануды  талап  етуге  құқығы  болмайтынын 
көздейді. 
Мәміле  жасау  кезінде  заңды  саналы  түрде  бұзған,  одан  соң  өзінің  осы  құқық 
бұзушылығына  сүйеніп,  мәмілені  жарамсыз  деп  тануды  талап  ететін  жеке  және  заңды 
тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға аталған себептер бойынша жол берілмейді. 
Осымен  бірге,  ҚР  АК  158-бабының  2-тармағында  көзделген  мәміле  оған 
қатысушылардың  ниеттеріне  қарамастан,  заңның  талаптарын  объективті  түрде  бұза 
алатынын  теріске  шығаруға  болмайды.  Және  бұл  осындай  құқық  бұзушылық  жасаған 
мәмілеге қатысушының жеке мүдделерімен ғана емес, сондай-ақ жария мүдделерімен де 
байланысты. 
Бұл  айтылғандардың  негізінде  заң  талаптарын  бұзатын  мәміле  құқық  бұзушының 
және  бұл  фактінің  өзін  жеке  басының  мүдделері  үшін  пайдалануға  тырысатын 
адамдардың талап етуі бойынша жарамсыз деп таныла алмайды. Алайда жария мүддеге 
ықпал  ететін  құқық  бұзушылық  жария  мүдделерді  білдіретін тұлғалар  мен  органдардың 
(лицензиялық орган, салық органы, прокуратура) талап етуі бойынша мәмілені жарамсыз 
деп тануға негіз болуы мүмкін. 
ҚР АК 158-бабының 2-тармағы құқық бұзушылықтың белгiлерін ғана емес, сондай-
ақ  мәмілені  жарамсыз  деп  тану  жөніндегі  сот  дауында  болашақ  талапкерді  де  анықтай 
отырып,  материалдық-құқықтық  және  іс  жүргізу-құқықтық  сипатқа  ие  болуы  мүмкін. 
Өмiрден  мысал  келтiрелiк.  Ресейлiк  заңды  тұлға  салынған  сомаға  шартта  белгiленген  
пайызды    есептейтiн    болып,  депозиттiк  есеп  –  шот  ашу  жөнiнде  қазақстандық 
коммерциялық банкпен шарт жасасқан. Шарттың мерзiмi өткен соң депонент есептелген   
пайыздарымен қоса өз ақшасын қайтаруды талап етедi. Банк –  депозиторий есеп - шот 
ашу кезiнде валюталық операциялар туралы  ереже  бұзылғандықтан, ол (банк) мәмiленi 
жарамсыз деп есептейдi де, оны орындаудан бас тартады,  бiрақ бастапқыда есеп - шотқа 
салынған соманы қайтаруға әзiр екенiн   мәлемдейдi. 
Депозиторийдiң талап етуi бойынша мұндай мәмiле жарамсыз деп   таныла алмайды, 
өйткенi өзiнiң құқық бұзышылығын басқаға кiнә  етуге және жария мүдденi қорғау деген 
желеумен  жеке  мүдденi  қорғауға  болмайды,    алайда,  құзыреттi  мемлекеттiк  органның 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал