Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1. 1, 2016 ж



жүктеу 5.07 Kb.

бет2/18
Дата11.03.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бағдарламалап оқыту технологиясы 
Ғылыми  негізде  түзілген  бағдарлама  негізінде  оқытудың  тиімділігін  арттыру, 
баланың  жеке  қасиеттерін  ескере  отырып  оқыту.  Оқыту  құралдарының  көмегімен 

МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық 
бірізділікпен берілген. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы 
Дидактикалық,  тәрбиелік,  дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету. 
Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына 
сүйенеді.  Баланың  бойындағы  білімдік,  танымдық,  шығармашылық  қасиеттерін  аша 
түсуді көздейді [5, 30]. 
Дамыта оқыту технологиясы 
Баланы  оқыта  отырып,  жалпы  дамыту. Даму  нәтижесінде  әр  оқушы  өзін-өзі 
үйренуші  субъект дәрежесіне  көтерілуі  көзделеді.  Оқыту  дамытудың  алдында  жүруі 
керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді 
даму  жүйесі  негізінде  мақсатты  даму,  мазмұнның  жүйелілігі мен  тұтастығы,теориялық 
білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту,материалды меңгеруде жедел 
ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық 
баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек [6, 15]. 
Түсіндіре оза оқыту технологиясы 
Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, 
әр  оқушыға  берілетін  тапсырманың  қолайлығы;  бағдарламаның,  кейбір  тақырыптарда 
біртіндеп ойнату  әдісін  қолдану. Сабақты  пысықтауға әуелі  озаттар,  сосын  ортаншылар, 
ең  соңынан  нашар  оқушылар қатыстырылады;  бірте-бірте  толық  дербестікке  жету; 
сыныпта қалыпты  жағдай  қалыптастыру,  түсіністік  өзара  көмек, ынтымақтастық  қарым-
қатынас;  оқушының  қателігін  ескерту,  бірақ  жазғырмау;  үй  тапсырмасы  тек  оқушының 
мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау. 
Өздігінен даму технологиясы 
 
Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі 
мен  ойлау  әрекетінің  бірігуі. Оқыту  баланың  дамуына  сәйкес  табиғи  (жасанды  емес) 
болуы  керек, сонда  бала  өзін-өзі  дамытады.  Монтессори  педагогиканың  ұраны баланың 
мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету. 
Ынтымақтастық педагогикасы 
Талап  ету  педагогикасынан  қарым-қатынас педагогикасына  көшу.Оқу  мен  жазу 
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты 
ояту, мағынаны  тану, ой  толғаныс. Сабақтағы  аса  қажетті  мәнді, маңызды  әрекет  болып 
табылады.  Осы  сабақ  кезінде үйренуші  не үйренгенін  саралап,  салмақтап,  оны 
қандай жағдайда,  қалай  қолдану  керектігін  ой  елегінен  өткізеді.  Белсенді  түрде  өз  білім 
үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. 
Проблемалық оқыту технологиясы 
Заманауи  білімдендірудің  мақсаты  мамандарды  шығармашылыққа  дайындау  екені 
даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, 
жаңа  әдіс)  ашу.  Осыған  орай,  проблемалық  оқытудың  өзі  де  шығармашыл  процесс: 
бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған 
оқу  түрінің  мәні:  мұғалім  жаңа  білімді  дайын  түрде  баяндамай,  оқушылардың  алдына 
проблемалық  сұрақтарды  қойып,  оларды  шешудің  жолдары  мен  тәсілдерін  іздеуге 
бейімдейді.Аталмыш  оқыту  жаңадан  ғана  пайда  болған  жоқ.  Кезінде  бұған  өз  үлесін 
қосқан  педагог-ғалымдар:  Сократ,  Руссо,  Дистервег,  Ушинский.  Мысалы,  Дистервегтің 
дәлелдеуінше,  "жаман  ұстаз  ақиқатты  айта  салады,  жақсы  ұстаз  оны  іздеп  табуды 
үйретеді”. 
Модульдік оқыту технологиясы 
10 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Оқытудың  тұтас  технологиясын  жобалау,  алға  қойған мақсатқа  жетуді  көздейтін 
педагогикалық  үрдіс түзу, мұғалімге  нәтижені  талдап, түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені 
таңдау  және  құру. Жобаланған  технологияны  іске  асыратын  жаңа  тәсіл 
қалыптастыру. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық 
модуль. Оқушылар  әр  сатыға  жоғарылаған  сайын  олардың  білімді қабылдауы 
өзгеріп, өтілетін  пәндер  жүйесі  күрделене  түседі. Модульді  оқыту  технологиясының 
тұжырымдамасын  американ  зерттеушісі  Дж.  Рассель  жасаған.  Ол  модуль  деп  –  білім 
алушылардың әрекетін бірізділеу және оқу материалының тұжырымды бөлігін қамтыған 
оқу  жиынтығы  (пакет)  дейді.  ЮНЕСКО  –  ның  тезаурусында  модульді  жол,  модульді 
дайындық. 
Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы 
Жеке  тұлғаға  бағдарланған   технологияда  (Хуторской  А.В.)  оқу-  тәрбие 
процесінде балалардың   жеке  ерекшеліктерін  ескеру, әр  білім  алушының  оқу 
тапсырмаларын  орындауына  қолайлы  жағдай  жасау  көзделеді. Аталған  технологияның 
негізгі ұстанымдары төмендегідей: 

жеке  тұлғаның  өзіндік  ерекшелігін  ескеру  ұстанымы  (әрбір  шәкіртті  өзіндік 
еркшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту); 
-
білім  беру  траекториясын  таңдау  еркіндігі  ұстанымы   (міндетті  білім  беру 
деңгейінен төмен болмауы тиіс); 
 -
оқытудың жағдаяттылығы  ұстанымы (құзыреттілікке бағдарланған  
-
тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу). 
Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы 
Саралап 
(деңгейлеп)  
оқыту 
технологиясының  
психологиялық 
негізі 
болып табылатын  теория  – Л.С.Выготскийдің  “оқыту  процесінде  білім  алушының  ақыл-
ойының  дамуы“актуальді  даму”  аймағынан  “жақын  арадағы  даму”  аймағына  ауысу  “ 
теориясы. 
Бұл  ауысу  тапсырмаларды  қайталап  орындауға  арналған 1-деңгейден  өнімді  іс-
әрекетті  қажет  ететін  жоғары  деңгейлерге  ауысу негізіндегі  іс-әрекет  арқылы  жүзеге 
асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі 
деңгейде  қабылдайды. В.П.  Беспалько  бұл  деңгейлерді  төртке  бөледі: бірінші  деңгей-
“міндетті, білім алушылық”, екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық және төртінші 
– 
шығармашылық  деңгейлердегі  қабылдау. Бұл  деңгей  әрбір  тақырыптың  ең  негізгі  де, 
басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді. 
Кейс-технология  шын жәнеойдан   шығарылған   жағдайларға   негізделген  қысқа 
мерзімді   оқытуға   арналған  интерактивтік  технология.Кейс-технология  -  оқытушы-
тьюторлардың  дәстүрлі  және  қашықтықтан  консультацияларды  үйымдастыру  кезінде 
мәтіндік,  аудиовизуальды  және  мультимедиалық  оқу-әдістемелік  материалдарды  жинау 
және  оларды  пайдаланушылардың  өз  бетінше  меңгеруі  үшін  жіберуге  негізделген.Кейс 
технологиясы  (ағылшынның  сasе—портфель)  оқытуда  жасалынған  әдістемелік 
материалдармен іске асырылады. Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана 
қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, 
мәдениеттану,  медицина  және  т.  Б.  Салаларда  жемісті  қолданылуда.  Қазір  кейс-стади 
амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. 
Кристенсен,  Э.хансен,  М.В.  Коротков,  М.В.  Кларин,  А.И.Наумова,  А.М.Зобина, 
М.С.Керимбаева,  В.А.Канн-калик,  Н.Д.Никандров,  Б.Н.Киселева,  И.В.  Липсина, 
Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда. 
Жобалап оқыту технологиясы 
11 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Европа  тілдерінде «жоба» сөзі  латын  тілінен  алынып, projectus  «алдыға 
лақтырылған» деген мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші»,яғни бір объектінің, 
бір  істің  прототипі,  прообразы  сияқты,  осы  іс—әрекет  жоба  жасауға  әкеледі.   Сонымен 
жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол бір нәрсені алудың жолын көрсетеді. Жоба сөзінің 
түсінігі терминологияда  «проблема» сөзімен тығыз байланыста болады.  Жоба проблема 
ретінде   шығармашылықтың  шынайы  жағдайын  жасауы  мүмкін,  онда  адам  идеялардың 
жаршысы,  жүзеге асырушысы. Жоба әдісі  оқушылардың бір проблеманы шешуін талап 
етеді.  Ал  проблеманы  шешу  үшін  олар  бір  жағынан  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданса, 
екінші  жағынан  әртүрлі  пәндерден  алынған  білімнің  интеграциясын  пайдалануы  керек. 
 
Демек,  жоба  әдісі  оқушылардың  білімділік  ситуацияға  түсіп,  өз  проблемаларын 
іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы. 
Бүгінгі таңда П.Эрдиневтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, 
Л.Занков, 
Д.Эльконин, 
мен 
В.Давыдовтың 
дамыта 
оқыту 
технологиясы, 
Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының 
белгі  және  сызба  үлгілері  негізінде  қарқынды  оқыту  технологиясы,  М.Чошановтың 
мәселелік  модулді  оқыту  технологиясы,  П.Третьяковтың.  К,Вазинаның  модулді  оқыту 
технологиясы.  В.Мохановтың,  В.Беспальконың  және  басқа  да  көптеген  ғалымдардың 
технологиялары кңінен танымал. 
Қорыта  айтқанда,  қай  пәнді  оқытуда  болмасын  оқушылардың  танымдық, 
шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіре  отыра  оқыту  олардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір 
тұтып, шетел тілі мен екінші тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз 
мемлекеттің  ойшыл  ұрпағын  тәрбиелеу  еліміздің  білікті  ұстаздарының  қарызы  мен 
парызы деп есептейміз.  
Музыка  тыңдап,  ән  айтқызу,  музыка  ырғағына  сай  әр  түрлі  қимылдар  жасату, 
музыканың адамның сезіміне әсер етіп қандай ой туғызуына байланысты шығарма жазып 
келу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әсер етеді. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  шетел  тілі  сабақтарын  арттыру 
мақсатында  жүргізілген  мұндай  жұмыстар  олардың  тек  қана  ойлау  дағдыларын 
қалыптастырып  қана  қоймай,  шетел  тіліндегі  сөздерді  есте  сақтауға,  образдық  кейіпке 
бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда 
айтылған  тәсілдерді  пайдаланудың  тиімділігі  тәжірибе  жүзінде  дәлелденіп 
отыр.Оқушылардың  шетел  тілі  пәніне  деген  қызығушылығын  артуы,  шетел  тілінде 
сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын 
бекітуге  үлкен  көмегін  тигізеді.Жоғарыда  айтылған  тәсілдерді  пайдаланудың  тиімділігі 
тәжірибе  жүзінде  дәлелденіп  отыр.  Оқушылардың  шетел  тілі  пәніне  деген 
қызығушылығын артуы, шетел тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы 
және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып 
табылады.  
Міне  осындай  әдіс  тәсілдерді  шетел  тілі  сабақтарында  қолдану  арқылы 
оқушылардың  тек  қана  шығармашылық  қабілеттері  емес,  ауызекі  және  жазба  тіліндегі 
білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, 
оқушылардың 
мүмкіндіктерін, 
жас 
және 
дербес 
ерекшеліктерін 
ескеріп, 
қызығушылықтарын арттыра түседі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. – Астана, 2007, шілде – 27 б.  
12 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
2.
 
Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: Методология и теория // - 
Алматы, 2005.  –стр. 264 
3.
 
Ожегов  С.И.  Словарь  русского  языка  \  подред.  Н.Ю.  Шведовой.  –  М.:  Рус.яз., 
1989. – 
стр. 924.  
4.
 
Таубаева  Ш.Т.  ,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и 
практика нововведений в системе образования: научный  фонд и перспективы развития. – 
Алматы: Ғылым, 2001. – стр. 296. 
5.
 
Конышева А.Б. Игровой метод в обучении иностранному языку, - Минск, 2006. 
6.
 
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқу технологиялары. – Алматы, 2002.  – 76 б. 
 
Түйін  
Шетел   тілін   жаңаша   оқыту   соңғы   жылдары   жоғары   қарқынға   ие  болды. 
Ұстаздардардың  сабақты  жобалаудағы    жауапкершілігі    студенттердің   шетел   тілінде  
нәтижелі  тілдік қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады.  Олар  аз  уақытта  
жаңа  технология   жәрдемінде  үлкен   жетістіктерге   жете   алады.   Оқудың дәстүрлі   
үрдісіне   инновациялық  технологияны   ендіру,  оқытушылар   мен   студенттерге  дәстүрлі  
формаларды   және  әдістерді  жетілдіруге   мүмкіндік  береді,  сонымен   қатар   жаңаларды  
да,  атап   айтқанда:  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер,  пресс-конференциялар   және   т.б.  
Оқытушылардың   біліктілігі   олардың   педогогикалық   қарым-  қатынаста   жағдай  
жасауда   көрінеді,  онда  оқытушылар   да,  студенттер   де  таңдау  және   бақлау 
мүмкіншілігіне  ие болады. Білім  беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану 
мәселесі  жұмыстың  өзектілігін  дәлелдейді.    Жаңа  педагогикалық  технология  баланың 
жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. 
 
Summary  
The process of learning a foreign language must include the conscious activity of students 
at the level of verbal behavior and develop the ability to carry out communication activities on 
their own, not only and not so much on the reproductive rate as at the level of the productive and 
creative. The professionalism of the teachers can be seen when you create a situation in the 
pedagogical relationship, here and the teachers and students have the opportunity to select and 
monitor. Innovation is not only the introduction of something new,  but also the ability to use 
etonovoe in the process of traditional education. Subject the use of innovative technologies in the 
educational process confirms the relevance of this article. Who we paid special attention to the 
use of the latest techniques, to put it in scientific language of innovative teaching method in 
modern schools. Using these innovative teaching methods and improve the quality of education, 
interest in the study of foreign languages at school. Systematic introduction of innovative 
technologies in education in secondary schools and higher educational institution, proving the 
effectiveness of scientific and methodological point of view, will create favorable conditions for 
the study and development of the English language. 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
                                                                
Қазыбаева Г.С., Түсіпова Р.Ш., 
тілдер және журналистика кафедрасының  
аға оқытушылары, Қайнар академиясы  
 
Бұл мақалада қазақ тілін кәсіби бағытта оқытудың әдістері қарастырылады. 
13 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
Түйін сөздер: кәсіби бағыт, тілдік қатынас, қатысымдық әдіс, мамандық, оқу үрдісі. 
      
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  жолдауында  айтқандай  «Болашақта  өркениетті  дамыған 
елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған 
елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан қазір білім беру 
жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылып отыр.  
Қазіргі  жаһандану  үдерісі  басталғалы  тілдік  қатынас  мәселесіне,  тілдерді  тиімді 
оқыту амал-тәсілдеріне үлкен мән берілуде.  
Еліміздегі мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі, оны оқытудың, меңгертудің тиімді 
жолдары бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі.     
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлау 
міндеті қойылып отыр. Мемлекеттік тілді білу, оны өз қызметінде қолдана білу құзіреті 
болашақ  маманға  қойылатын  негізгі  талаптың  бірі  болып  табылады.  Осыған  орай  білім 
беру  саласында  болып  жатқан  өзгерістер  оқытуды,  соның  ішінде  қазақ  тілін  кәсіби 
бағытта оқытуды жаңа сатыға көтеруді талап етеді.  
Сол  себепті  жоғары  білім  жүйесінде  мемлекеттік  тілді  әрбір  мамандықтың 
ерекшеліктері  мен  тілдік  жүйесін  ескере  отырып  үйрету  күн  тәртібіне  қойылып  отыр. 
Заманауи  білім  беру  үдерісі  ең  алдымен  жеке  тұлғаға  бағытталып,  білім  алушының,  тіл 
үйренушінің  іскерлігін,  коммуникативтік  құзіреттілігін  дамыту  міндеттерімен  ұштасып 
жатқандықтан,  қазақ  тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасын  дұрыс  таңдап  алу 
қажеттілігі туындайды. 
Қазіргі  заман  талабына  сай  мемлекеттік  тілді  меңгертуде  озық  технологияларды, 
ұтымды  әдіс-тәсілдерді  пайдалану,  білім  беру  саласында  жүйелі  жұмыстар  атқару  – 
еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып табылады. 
Мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік-қатысымдық  қызметін  кеңейту  мен  дамытуда  оның 
ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңейе түсуі 
тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.  
Соңғы  жылдары  әдіскер-ғалымдар  қазақ  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
меңгертумен  қатар,  студенттердің  кәсіптік  мамандығын  ескере  отырып  игертудің  тиімді 
жақтарын қарастыруда. Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі 
уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  
Кәсіби  бағдар  бере  отырып  оқыту  қазақ  тілінде  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  мен 
дамытудың ең маңызды факторы. Кәсіби бағдарлық дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ 
маманды  қалыптастыру  үшін  қолайлы  жағдай  туғызу,  тіл  үйренушілерді  мамандығына 
сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту. 
Мамандардың  пікірінше,  кәсіби  бағытты  ескере  отырып  оқыту  студенттердің 
таңдаған  мамандықтарына  қажетті  білімді  толық  игерген,  кәсіби  мүмкіндігі  мол  маман 
иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерді мамандықтарына қатысты оқыту болашақ 
мамандардың  кәсіби  даярлығы  мен  дағдыларын  қалыптастыруда  ерекше  рөл  атқарады. 
Өзінің  мамандығы  бойынша  білім  ала  отырып,  студент  кәсіби  –  жеке  тұлғаға  тән 
ерекшеліктерді  сезініп,  моральдық-психологиялық  ахуалды  түсіне  бастайды.  Өзінің 
болашақ  мамандығына  тән  барлық  аспектілермен  жете  танысып,  игерген  теориялық 
білімдерін тиянақтап, мамандығына деген өз көзқарастары қалыптасады. 
Кәсіби іскерліктерді жетілдіру жұмыстары кәсіби қызығудың пайда болуымен тығыз 
байланысты.  Ал,  кәсіби  қызығушылық  дегеніміз  –  студенттердің  болашақ 
мамандықтарына  жетелейтін,  олардың  іс-әрекеттерін  белсендіретін  қызмет.  Сондықтан 
14 
МАТЕРИАЛЫ 
Международной заочной научно-практической конференции молодых ученых «Роль молодежи в образовании и науки в 
реализации  пяти институциональных реформ»,  приуроченной к 25 летию независимости Республики Казахстан и 
1000 летию г. Алматы 
 
 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №1.1, 2016 ж. 
 
қазақ тілін кәсіби бағытта меңгертуде студент қажеттілігін өтейтін тиімді әдістер қолдану 
көзделеді. 
Қазіргі  таңда  тілді  оқытудың  ең  басты  бағыты  –  қатысымдық  бағыт.  Тілді 
қатысымдық тұрғыдан меңгертуге тілшілер де, әдіскер-ғалымдар да,  ұстаздар да ерекше 
назар аударып отыр. Себебі, қатысымдық бағыт бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған 
заман  талабына  жауап  бере  алады.  Қатысымдық  оқытудың  нәтижесі  –  тілдік  қатынас. 
Тілдік  қатынас  дегеніміз  адамдардың  бір-бірімен  тілдесуі,  сөйлесуі,  тіл  арқылы  тілдік 
қатынас жасауы деген сөз. Осы тілдік қатынас бойынша зерттеу жүргізіп, оның тілдерді 
оқытудағы  тиімділігін  көрсеткен,  тілдік  қатынастың  тұжырымын  жасаған  ғалым 
Ф.Оразбаеваның  сөзімен  алсақ,  тілдік  қатынас  –  сөйлеу  тілі  арқылы  ұғынысу,  түсінісу 
дегенді  нақтылай  келіп,  жай  ғана  қарым-қатынас  дегеннен  гөрі  тамыры  тереңге  кеткен, 
өмірде  өзіндік  орны  бар,  қоғамның  дамуы  үшін  ең  қажетті  қоғамдық-әлеуметтік 
ақпараттардың  жиынтығы  арқылы  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алмасуы,  адамдар 
қатынасының  түп  қазығы  дегенді  білдіреді  [1,8].  Берілген  анықтамадан  көріп 
отырғанымыздай, тілдік қатынас – тек сөйлеу тілі арқылы тілдесу ғана емес, сондай-ақ, ол 
жалпы  адамзатқа,  қоғамға  қызмет  ететін,  оны  қоғамның  өзі  тудырған,  оның  әлеуметтік 
қажеттігін өтейтін күрделі құбылыс. 
Тілдік  қатынасқа  түсушілердің  ең  басты  қызметі  –  қатысымдық  қызмет. 
Қатысымдық қызмет бойынша хабар таратушы мен хабар қабылдаушылар тілдік қарым-
қатынастың  барлық  түрлерін  іс  жүзіне  асыра  отырып,  хабар  арқылы  бір-бірімен  қарым-
қатынастық  қызмет  атқарады.  Сондықтан  да  тілді  қатысымдық  тұрғыдан  меңгертудің 
алатын орны ерекше. 
Қатысымдық  әдісін  зерттеушілер  В.Т.Костоморов  пен  О.Д.Митрофановалардың 
«қатысым  әдісінсіз  жаңа  әдістеменің  болуы  мүмкін  емес»  деген  тұжырымдары  өте 
орынды айтылған [2,7]. Себебі, тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы 
меңгертуге,  оны  кәсіби  ортада  еркін  тілдік  қатынасқа  түсе  алатын  дәрежеге  жеткізу 
мүмкін емес. 
Қатысымдық  әдіс  туралы  А.Р.Артюнов:  «қатысым  әдісі  дегеніміз  –  ерекше 
ұйымдастырылған  тілдік  әрекет,  оның  мәні  тіл  үйренушілердің  өзара  түсінісіп,  әрекет 
етулері  үшін  ақпаратпен  алмасуларынан  тұрады»,  -  деген  пікір  айтады  [3,23].  Бұл 
айтылғандардан,  қатысым  әдісі  оқу  үрдісін  қатысымдық  үрдіске  айналдырумен 
теңестіріледі  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Себебі,  оқыту  үрдісі  қатысым  үрдісінің 
моделі болған жағдайда қатысым әдісінің негізі қаланады.  
Қатысымдық  тілдерді  оқытып  үйретудегі  негізгі  бағыт  болып  табылады.  Өйткені, 
тілдерді сапалы меңгертуде қойылатын негізгі талаптардың бірі – үйренетін тілде қарым-
қатынас жасай білу. Егер студенттерді үйренетін тілде, яғни қазақ тілінде қарым-қатынас 
жасауға үйреткіміз келсе, онда бүкіл сабақ барысы тікелей қарым-қатынасқа сай құрылуы 
тиіс.  Сондықтан  оқытудың  барлық  үрдісі  тек  тілдік  қарым-қатынасты  іске  асыратындай 
құрылып,  ұйымдастырылуы  керек.  Қатысымдық  әдістің  мәні  де  осында.  Сонымен  бірге 
тілдік қарым-қатынас студенттің қажеттілігін өтейтіндей болуы тиіс. Әрине, бұл жердегі 
қажеттілік дегеніміз қарым-қатынастың мамандыққа сай құрылуы керек екендігі түсінікті. 
Сонда тілдік қарым-қатынас қажеттілікті қанағаттандыратын құрал да бола алады. 
Профессор Ф.Ш.Оразбаева қатысым әдісін жеке қарастырған әдіскер Е.И.Пассовтың 
қатысымдық  әдістің  негізгі  мәні  оның  ұстанымдарын  айқындаумен  байланысты  деген 
тұжырымын талдай келсе, қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысым әдісінің 
алты  түрлі  ұстанымының  ішіндегі  ең  басты  ұстанымы  –  тіке  байланыс  ұстанымы  деп 
көрсетеді.  Тіке  байланыс  болмаса,  сөйлесім  әрекеті  де  іске  аспайды  деген  қорытынды 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал