Қазақ оқырмандарының кейбіреулері сүлейменовтің бірен-саран қиын шығармаларын бүгін



жүктеу 95.78 Kb.

Дата07.02.2017
өлшемі95.78 Kb.

119

№ 3 (76) 2010

Қазақ  оқырмандарының  кейбіреулері  сүлейменовтің  бірен-саран  қиын  шығармаларын  бүгін 

жете түсінбегенімен, оның бүкіл шығармашылығы реализм кемесінің жел өтінде келе жатыр, ол 

халықтық шығарма деуге  толық правомыз бар. Бүгін түсінбесе, ертең түсінеді, рухани өсу жолы 

соған апармақ» -  деген пікір айта отырып, оның публицистикалық жалынды өлеңдеріне  жарқын 

да терең сипаттама береді [1,422].

Бұл мақалалар олжас пен Әнуар  шығармашылығын зерттеушілерге көп пайда келтірері сөзсіз. 

сонымен, қазақ ауыз әдебиетінің  талай ғасыр бойында қол жеткен биігі болған қазақтың бай 

эпосы дәрежесінен көп жанрлы жазба әдебиетінің роман-эпопея жанрын туғызған жемісті жол 

екенін ыждағатпен байыптаған «Эпостан  эпопеяға» еңбегі – академик мұхаметжан Қаратаевтың  

сыншылық-шығармашылық қолтаңбасын  байқататын туынды. 

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  Қаратаев м. Эпостан   эпопеяға. -Алматы: Жазушы, 1969.- 444 б.

2.  Әшімбаев с. Шындыққа сүйіспеншілік. -Алматы: Жазушы, 1993.- 624 б.      

3.  Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. екі томдық.1-том. -Алматы: ҚазАқпарат, 2008.- 646 б.

редакцияға 17.12.2010 қабылданды. 

к. ахмет

CӘбит мҰҚанов ЖӘне ӘДеби-көРкем сын

1925 жылдан бастап “Ақжол” газетінің 555 санында Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінің 

бүгінгі жай-күйі жайында ұзақ әңгімені бастап, әркімге ой салатын, бел қайыстыратын сауалдарды 

көлденең тартты. 

“Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты, рухы қандай еді? енді қандай болуы керек? 

Төңкеріс әдебиетке қандай олжа салды?  Қазақта төңкерісшіл тапшыл ақын-жазушылар бар ма? 

Болса кімдер? Тапшыл ақын жоқ болса, себеп не ?  Қашан болады ? Әдебиеттен ұлтшылдық жол 

қашан қалады? Қазақ әдебиетінің орыс әдебиетінен өзгешелігі бар ма? 

Қазақ ақын-жазушылары төңкеріске жолдан қосылған жолбикелер ме? Әдебиет техникамен 

қатар өсе ме? Қазақ әдебиеті қазір қай дәуірде? Әдебиетке қандай көзбен қарау керек?” 

Бұл сауалдардың қыршаңқылығы да жоқ емес. Төңкеріс бір жағынан уайым-қайғы, екінші 

жағынан  айғай-шу  еңгізді  деген  уақытта  найзаның  ұшы  кемпірге  өсиет  айтқан  тапшыл 

ақындарға, әсіресе айғайы басым сәбит мұқановқа бағытталғанын аңғармау мүмкін емес сәкен 

болса  “Асау  тұлпар”  жинағы,  “Қызыл  сұңқарлар”  мен  “Бақыт  жолына”  пьесалары  үшін  1922 

-1923 жылдары “Шолпан” мен “Темірқазық” журналдарынан тиісті “сыбағасын” алды. оңбай 

сыналды.  Әрқайсысына  жауап  беріп,  қысас  сөздер  уытына  еті  үйрене  де  бастады.  Ал  “Қара 

тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” атты памфлетімен екпіндетіп келген сәбит мұқановқа 

енді ғана құрық сілтене бастағанда тарпаңдық танытып, қып-қызыл айтысқа кірді де кетті [1]. 

Ташкенттегі “Ақжол” газетіндегі айтыс мақаласының ызғары Қазақстанға жетті. сәкен 1925 

жылдың басынан өкімет жұмысына да, жазушылыққа да селқостана бастады. Қазан төңкерісінің 7 

жылдығына арналған поэмасын әзер дегенде бастырып, смағұл садуақасовтың “күміс қоңырау” 

повесі жарияланғаннан кейін және сырдария мен Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуымен 

бірге  Түркістандық  қызметкерлердің,  әсіресе  іскер  де  тапқыр,  1922  жылы  Ташкенге  барғанда 

Шегірдің  мақаласы  және  өзінің  “кім  жауапкер,  жолдас!”  өлеңімен  сәкенге  қоңырау  тағып 

жіберген сұлтанбек Қожановтың өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі 

(яғни екінші хатшы) болып келгеннен соң смағұлмен тізе қоса қимылдаулары төңкерісшілдерге, 

әсіресе сәкен сейфуллин мен сәбит мұқановқа өте жайсыз болды. сәкеннің орнына редактор 

болып  тағайындалған  смағұл  сәдуақасов  сәбит  мұқановты  “еңбекші  қазақтағы”  қызметінен 

шығарды, жазғандарын жарияламауға көшті. V сьезде казцик мүшелігіне қайтадан сайланбады. 

Пролетариат  және  қарашаруа  жазушылар  ұйымының  (қысқартып  айтқанда  казАПП) 

платформасын  жасау  хатшы  сәбит  мұқановқа  тапсырылады.  «оны  тез  жасау  қажет  болды, 

себебі-сол тұстағы қазақ әдебиетінде біріне-бірі қарама қарсы айқын екі жүйе байқалып қалған: 



120

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

бірі-еңбекші таптың қамын ойлаушылар, екіншісі-байшыл, ұлтшылдар». 

ол  платформа  1926  жылы  4  қазанда  алынып  мәнді-мәнді  12  баппен  негізделді.  Әрине, 

әдебиеттің тапшыл, пролетаршыл, қара шаруашыл бағытын нығыздай түсумен қатар “қазақтың 

еңбекші  жазушыларының  қаламы  әлі  төселіп  болған  жоқ.  олардың  жазғандарының  көбінде 

мазмұн мен түр (форма и содержание) екеуі тең түспей тұр. еңбекші жазушылардың міндеті осы 

екеуін де ақсатпау. Түр үшін ешкіммен таласпайды да айырылыспайды”  дегенді де айрықша атап 

өту қажет саналады. 

Ақжол” газеті бастаған әдеби айтыстың нысанасы “қазақта тап ақыны бар ма, жоқ па? дегеннен 

ұзап шықпай қойған соң сәбит мұқанов 1926 жылдың 14-15 қазанында “көркем әдебиет туралы” 

мәнді айтысты бастап, оңды - солды сілтеді [2]. 

“Біздің  үстіміздегі  дәуір  күрес  дәуірі.  мылтық  алып  күреспегенімізбен  пікір  жүзіндегі 

күресіміз  әлі  қойылмайды”  деп  домбыраның  құлақ  күйін  тапшылдыққа  келтіріп  алады  да, 

Қазақстанда совет өкіметі орнағаннан бергі 6 жылда не істелді, қандай шығармалар жарық көрді 

деген мәселе айтыстың негізгі арқауына айналып кедейден шыққан жазушыларға, тілшіден өсетін 

қаламгерлерге, яғни “біздің бүгін көтеріліп келе жатқан тілшілерден шыққан ақындарымыз да 

ертең көкке қолын сермейтіндерге” керек деп жеті түрлі ұсыныс жасайды. 

кейінгі және күні бүгінге дейін әңгіме болып келе жатқан бір проблема — “... құрғақ айғайдан 

шығатын пайда аз екеніне ешкім таласпайды. Бірақ елді бір жағынан қанын қыздырып үгіттеу 

деген нәрсені менімше әзір түгелімен тастауға болмайды. Қазақ кедейлері әлі оянып болған жоқ. 

Байдың ықпалынан әлі шығып кеткен жоқ. оларды саналандыру үшін әртүрлі тәсіл керек. соның 

біреуі нақты іс болса, біреуі пәрменді үгіт, онсыз болмайды. 

Ал сөздің әдемілік, суретшілік жағына келсек, ол бір күнде бола қоймайды. оқи, біле, түсіне, 

көре  болады.  “Үйрен”  деген  сөздің  айыбы  жоқ.  Жас  жазушыларымыз  үйренуге  тырысулары 

керек. Бірақ үйреніп болғанша қыспақтап кету қате. Азын-аулақ кемшіліктеріне ақыл берілсін, 

бірақ  көңілін  қалдырарлықтай  әзірге  зілді  сын  болмасын”  деп  сәбит  мұқанов  жаңадан  туып 

келе жатқан әдебиеттің өкілдерін қызғышша қорғап келешек кадрлары үшін қам көңіл болыпты. 

казАПП-тың  жұмысын  жақсарту,  журнал  ашу,  шығармаларын  жариялау,  әдебиеттің  тарихын 

түсіндіретін,  жазуға  үйрететін  курстар  ашып,  талапты  жастарды  жоғарғы  мектептерде  оқыту 

мәселелерін күн тәртібіне қояды. сөздің қысқасы, әдебиет шаруашылығын бүгінгі күннің мәнді 

мәселелерінің бірі деп есептеді. 

Дер  кезінде  қозғалғандықтан  ба,  әлде  қоғамдық-әлеуметтік  дамуда  жаңа  бір  науқанның 

айқындалып келе жатқандығынен ба (қазақ байларын тәркілеу қарсаңы), әлде Ахмет Байтұрсынов 

мерейтойы  тұсында  айрықша  тапшылдығын  танытқандықтан  ба,  айтылған  ащы  ойларының 

бастауынан ба, сәбит мұқановтың бұл мақаласы бұрынғыдай белсенділігін танытуға себепші 

болып, қиян-кескі айтысты өршітіп жіберді. 

сәбит мұқановтың мақаласынан көп кемшілік табуға талаптанған алғашқы жарияланым – 

Қошке (Қошмұхамед) кемеңгерұлының 1926 жылы 1 желтоқсандағы мақаласы болды. Қошке 

“алты жылдың ішінде көркем әдебиет туралы не істедік дегенде, сәбит “жоқ” деп жауап береді” 

дегенге дау айтып “сәбит өңгені көрмесе де, Бейімбет пен сәкенді, “Қартқожа” романын көруі 

керек еді” деп талай дәлелдер келтіреді. Бұған пәлендей күдік келтірмегенмен, осы ойдың ар 

жағында “бұдан былай кедей әдебиеті өрісін кеңейтер деп үміттенуге болады. Әліде болса кедей 

әдебиеті  көрнекті  орын  алу  үшін  көп  жылдар  керек.  сынның  қаттылығы  бөгеу  болады  деген 

қисынға келмейді. сынның әкесі Нәзірдікіндей болар, сонда да сәкен бұққан жоқ», деп алады 

да “біздің жас жазушыларымыз емлені білмей жатып қатардан қалғысы келмейді, өлең жазған 

болады. Бұған не дерсің!” деп кекетеді. 

“Қазақ әдебиетінде тойып секіретін күн әлі туған жоқ. Ұлтшылдардікі көп басылатын болса, 

көркемдігі үшін басылған шығар” деген ойлар түтінінің қалай шалқығанын, яғни көркемдікті 

талап ету тым шамадан тыс екендігімен араласып жатты. Талай орыс білімпаздарынан цитата 

келтіргенде  өзінің  ішкі  ойына  сабақтастыра  береді  де  “әзіргі  қазақ  әдебиетінде  екі  ағым  бар, 

біреуі – кедейшілік, екіншісі – бұқарашылдық” деп жіліктейді де, пролетаршылдар айтып жүрген 

негізгі тезистердің үстіне көркемдіктің пердесін жаба салады. Тіпті “іші алтын, сырты күміс сөз 

жақсысы” дегенде Абай пәлсапашы болғандықтан мазмұнға артық баға беріп отыр” деп мінейді 

де “сұлулық жағынан түрі де алтын болу керек дегенді ұран қылу керек” деп ойын дөңгелетеді. 

Бұдан  кейінгі  ерғали  Алдоңғарұлы  12,  мәжит  Дәулетбайұлы  31  желтоқсанда  жариялаған 


121

№ 3 (76) 2010

мақалаларында сәбит мұқанов ойларына іш тартып, кедейшіл әдебитеттің сойылын соқты.    

күреске әбден дағдыланып алған сәбит мұқанов келешек авторлардың не айтарын тоспай 

“көркем  әдебиет  туралы  қортынды  пікірім  (Қошкеге  жауап  ретінде)  деген  мақаласын  1927 

жылдың  4  қаңтарында  “еңбекші  қазақта”  (сонымен  қатар  “Қызыл  Қазақстан”  журналының  1 

санында)  жариялап,  айтыс  арнасын  кеңейтіп,  назар  аударатын  әдебиет  мәселелерін  нақтылай 

түсті. көркемдік неге байланысты екенін әңгімелей келіп, екінші бапта, “бізде қазір неше бағыт 

бар?” деген түбегейлі мәселеге нақтылай жауап береді. еңбекшілдік бағыт, кеңес өкіметіне қарсы 

бағыт және шөре-шөредегілер деп үшке бөледі. Әсіресе соңғы “бағыттағыларда тиянақты пікір 

жоқ. күш кімде болса, оның тілегі сонда. кеңес өкіметін тамағы тойса жақсылайды, қарны ашса 

жамандайды. Бір күні байды жырласа, бір күні кедейді жырлайды. олар тарыға қызығатын тауық 

сықылдылар”  деп жолбике жазушылардың ар-намысына тигізе пікір айтады. Талайлардың сәбит 

мұқановқа қарсы пікір айтуына осы ойы себепші болғанын да жасырмайық. 

Ал “Ұлтшылдар туралы” тарауында Ахаң жөнінде жазған ойынан қайтпайтынын айта келіп, 

“біз  олармен  біріге  алмаймыз,  жолымыз  бөлек”  деп  шорт  кеседі.  еңбекшілер  жазушыларына 

тоқталғанда, Қошкенің емлені білмей жатып шығарма жазады дегеніне біраз шамданып алады да 

“бізде өсіп келе жатқан талай жазушылар бар. Бірақ көңілдегідей өсіп болғанымыз жоқ. мұндай 

кезде көркем әдебиеттің қазіргі міндеті – үкімет пен партияға көмек беріп, іспен қатар үгіт те 

жүргізу, кедей, жалшы, жұмыскерлердің мұқтажын табу. осыдан үгіт те шығады, көңілдендіру де 

шығады, тұрмысты суреттеу де шығады, әдебиеттің бағыты да табылады.” ол үшін мазмұн мен 

пішіннің  бірлігі  керек,  “біздің  еңбекші  жазушылар  поэзиясының  түр-пішін  дәрежесін  мазмұн 

дәрежесіне жеткізуге тырысуы керек”, ол үшін білу, үйрену, білгеннен үлгі алу керек. Қазақтың 

байшыл ақындары бізге үлгі болуға жарай алмайды. Жалпы қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын 

дәуірге жеткен жоқ деген нигилистік түсінігін ашық айтқанда талай тілектестерінен айырылып 

жатқанын аңғармай қалған.

осы көркемдік мәселесін “кім үстем болады?” деген ушықтырғыш проблемамен аяқтайды. 

“күш, шаруа, саясат кімнің қолында болса, соның әдебиеті тез өседі. Қазақ байлары ажал аузында 

отыр. олар құриды. олар өлсе жыршылары да өледі. Қазақтың еңбекші табы өркендеп келеді. 

олай болса, еңбекші таптың әдебиетшілері де өркендейді. келешек біздікі!” деп үкім шығара 

пікір түйеді. кедейшілдердің қаузайтын тақырыптарын  мүмкін қадірінше көрсетіп береді. 

Әдебиет  туралы  айтыс  өзінің  бар  аумағымен  өріс  ала  бастағанда  Қошке  30  қаңтар  күні 

“мұндай  адаммен  айтысарлық  менің  уақытым  жоқ.  сондықтан  сәбитпен  айтысты  доғардым. 

Білім жолымен айтысатындар болса мен даярмын” деп менсінбеушілік танытады. Бірақ сәбит 

оған шамданбай жауап қайтарды. Айтыс мұнымен тұйықталған жоқ. Ы.мұстамбайұлы (“Қызыл 

Қазақстан”, N2), Ж.орманбайұлы (“еңбекші қазақ”, N171), сәкен сейфуллин (“Жыл құсы”, N1), 

Ш Тоқжігітов, (“Қызыл Қазақстан”, N3-4), мәжит, сейтбаттал, мұстафа, Жұмабай, Жанайдың 

түйінді ойлары “еңбекші қазақтың” 2 тамызында жарияланды. Ал “екеудің” атышулы мақаласы 

8,9 тамызда шығып, мәселені мейлінше ушықтырып жіберді. 

Әуелі “екеу” деген бүркеншік атты шешіп алайық. “кереку-Баян кітапханасының” 13 кітабында 

“екеу” Жүсіпбек Аймауытов пен мұхтар Әуезовтің бүркеншік аты дегенді Қайым мұхамедханов, 

орталық архив қызметкері Бейсембай Байғабылов пен зерттеуші ғалым филология ғылымының 

докторы мекемтас мырзахметовтың пікіріне сүйеніп айттық деген шүбәлі ойды қазір анықтау 

керек, себебі теріс пікір етек жайып барады. 

Жүсіпбек  Аймауытов  пен  мұхтар  Әуезов  1916  жылы  “Алаш”  газетінде  және  1918  жылы 

“Абай”  журналында  бірлесіп  жазған  мақалаларына  “екеу”  деп  қол  қойғандары  рас.  енді  осы 

мәселеге тиянақ жасау үшін сәбит мұқановтың “Өсу жолдарымыз” деген жинағында берілген 

ескертпені  келтірейік:    “Бұл  мақаланы  “еңбекші  қазақ”  редакциясына  мен  жазып  апарғанда, 

редактор Тоғжанов баспады. Аздап өзгертіп, өлкелік партия комитетінің партиялық коллегиясында 

секретарь боп қызмет атқаратын Хамза Жүсіпбековтің қолын қойғызып апарған соң басты. деп 

ешбір ескертусіз түсіндірме беруіне күмән келтіруге болмайды. 

Ал енді “екеудің” атышулы мақаласы қазақ әдебиеттану ғылымында үлкен дау-дамай туғызып 

келе жатуының арғы бастауы сәбит мұқановқа байланысты болған соң оған амалсыз тоқталасың 

және сәбит мұқанов позициясының қай кезеңде болмасын мәнді іздері айғай-шумен қабаттасып 

жататынын көреміз. мүмкін, бұл сәбит мұқанов пенделігінің белсенді позициясының ерекшелігі 

болар. Әйтеуір  сәбит мұқанов жүріп өткен жерден із қалмай қоймайды. 


122

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

“Байдың  толғағы”  дейтін  кезеңдік  мақала-эссе  газетте  Хамза  Жүсіпбековтің  атымен 

жарияланды. оның шын авторы – сәбит мұқанов мақала мәтінін 1960 жылғы “Өсу жолдарымыз” 

жинағының 56-68 беттерінде келтірген. Әрине, ол мәтін сәбит мұқановтың осы қалың 996 беттік 

жинаққа берер материалы аздығынан кіріп отырған жоқ, айрықша мәнділігінен және кезеңдік ой-

пікірдің жүйесін танытатындықтан кіріп отыр.

Тартыс бірден басталған. “Шынында, “екеудің” мақаласы әдебиет туралы ғана емес, әдебиетті 

бүркеншектеп  біздің  ұстаған  түпкі  мақсатымызға  түбімен  қарсы  пікір”  деп  алады  да,  таптар 

күресі  туралы,  өз  мақсатына  жету  үшін  маркс-Лениннің  сөздерінен  мысал  келтіріп,  кешегі 

ашық қарсылығын бүгін бұқпантайлап өткізуге көшкендігін ұлтшылдық жөніндегі ойларымен 

жалғастырады. 

“Қазақтың  ұлтшылдығы  басқаны  өзіне  бағындыруды  көксеген,  шегіне  жеткен,  озбыр 

ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жан сауға қылуға, жете алса теңдік алуға талпынған 

тіленші ұлтшылдық. Бұрынғы жалаңаш ұлтшылдық бұл күнде бұқарашылдыққа айналса бұл бір 

саты, бұл бір табиғи жол” деген мүләйім пікірлерін келтіріп, еңбекшілерді осындай сөздермен 

алдауға бұлар машықтанып, тәсілденіп алған. оларға әдебиеттің өсіп-өркендеуін әңгімелеу өз-

өзінің қысас ойларын, елді бүгінгі шындықтан алыстату үшін ғана керек. сондықтан “идеология 

майданындағы күшті құралдардың бірі — көркем әдебиет. Бұл ретте олар ашық қарсы болмай, 

марксты шымылдық қыла сөйлеуге тырысады... олар дамып келе жатқан жаңалықты көрмей, 

өліп, құрып бара жатқан ескілікті тірілтіп, пайдаландыруға жан сала тырысады”  дегенді негізгі 

тезиске айналдырып, байшылдық-ұлтшылдықтың сырын ашуға талаптанады.

сәбит мұқанов “екеудің” оң сөзін де теріске шығаруға ниеттенген соң “жаңа жұртшылық әлі 

қалыптана алмай жатыр. Бұрын жекеге бағынған дарашылық пікір үстем болса, енді көпшілік, 

тапшылдық пікір күшейіп отыр. мұның бәрі де әдебиетке әсер етіп отыр” деген өнімді пікірді де 

теріске шығармақ болып, талай қисынды-қисынсыз деректерді алға тартады. реализм жөніндегі 

добалдау пікірін “біздің жаңашыл жазушыларымыз ескінің құрығанын, жаңаның туғанын жазса, 

оның аты сарнау емес, шындықтың өзі” деп үкім шығарады. осындай ойға әбден берілгендіктен 

“біздің әдебиетімізде әсіресе сыртқы пішінінен де ішкі мазмұны анағұрлым артық, айқын болу 

керек. мазмұн айқын, таза болмаса, біздің әдебиетіміздің пайдасы шамалы болады”  деп советтік 

штампты орнықтыруға үндеп, қателікке ұрынады. Бірақ бұл пікір бүкіл совет әдебиетінің  ғана 

емес, елінде үстемдікке жеткен тапшылдық түйін болатын. осы тоңмойындық әлгі мақаланың 

болсын, кейінгілерде болсын сары аурудай соңымыздан қалмағаны рас.

саяси  астары  қалың  “Байдың  толғағын”  әшкерелеу  1927  жылы  шыққан  “Жыл  құсы” 

альманағының,  1928  жылдан  шыға  бастаған  “Жаңа  әдебиет”  журналының  (қазіргі  “Жұлдыз”) 

негізгі  шығармашылық  мәселелеріне  ұласып,  өлкелік  партия  комитетінің  1929  жылғы  V 

пленумының  шешімімен  тұйықталды.  онда  “укрепление  и  развитие  казахской  пролетарской 

литературы и завоевание ею руководящей роли всей художественной национальной литературе 

требует решительного преодоление среди коммунистов-казахов и восточных нацмен неверия и 

сомнений в возможность создания пролетарской художественной литературы в данную эпоху” 

делінді  

1926  жылы  сәбит  мұқанов  бастаған  әдеби  айтыстың  пайдасы  казАПП,  яғни  қазақтың 

пролетарлық-қара шаруалар жазушылар ассоциациясының ұйымдық негізін нығайтты, Жүсіпбек 

Аймауытов ұсынған “Бұхарашыл жазушылар ұйымы”, Ғаббас Тоғжанов пен смағұл садуақасов 

әлеуметтік-идеологиялық  астары  әлі  жетіп-пісіп  болмаған  “совет  жазушыларының  одағын” 

құру жөніндегі ұсыныстары, сол сияқты мағжан Жұмабаевтың мәскеуде жүрген кезінде әртүрлі 

ресейлік және батыстық платформалардан сығымдап алып, қазаққа ұсынған, тек қана 16 данамен 

таратылып, көбінен құптау таппаған, жанбай жатып сөнген “Алқа” тобының айтқандары болмай, 

партия мен үкіметке сүйенген және жаңа заманның екпінін пайдаланған казАПП ожарлықпен 

жеңіске жете бастады. оның сыртында әкімшілік шаралары, яғни бай-феодалдарды тап ретінде 

жоюды көздеген тәркілеудің қауырт өтуі әрқилы ой-пікірлердің негізін талқандап тастады. осы 

тұста кедейшіл жазушылардың туындылары барынша молайып, көркемдік жағынан болмаса да 

айғайы жағынан басым болды. 

міне,  осындай  жағдайлар  пролетарлық  бағыттағы,  яғни  қазақ  кеңес  әдебиеті  деген 

шығармашылықты  сапа  жағынан  болмаса  да  сан  жағынан  көбейтіп  алды  да,  өлкелік  партия 

комитетінің  1929  жылдың  желтоқсанында  өткен  V  пленумның  шешіміне  жеткізді.  сөйтіп 


123

№ 3 (76) 2010

пролетарлық бағыттағы әдебиеттің туып, дүниеге келгендігі, ендігі көркемдік дамудың негізгі 

бағыты,  ағар  арнасы  осыдан  табылуға  тиіс  екендігі  аян  болады.  осы  айтыстарда  айрықша 

серкелік танытқан сәбит мұқановтың әлеумет алдында даңқы өзінен өзі өсіп, сәбит мұқанов 

ойына, сөзіне құлақ қоятын, іс-әрекетіне мән беретін дәрежеге жетті және бұл айтыс-тартыспен 

ғана емес, кезеңдік шығармашылық табыстарымен дәлелденіп жатты. 

Үлкен айтыста екпін алып қалған сәбит мұқановтың енді өз түсінігін басқаларға ұғындырамын 

деп жүріп, өзара мінесуге себепші болған сәті де аз емес. Әуелінде тапшылдықтан басталған 

айтыс енді жеке тұлғаларға ауыса бастады. “казАПП 20-жылдардың аяқ кезінде өз арасындағы 

уақ-түйек түсінбеушілікті шұқылаумен шұғылданып кетті” 

мәскеуде  журналистика  институтында  оқып  жүрген  Ілияс  Жансүгіров  бір  келгенде  ораз 

Жандосовқа  өзінің  әркез  жазған  өлеңдерінің  қолжазбасын  тастап  кетеді.  Өлкелік  комитетте 

жауапты қызметте жүрген ораз Жандосов оны Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы 

сәбит  мұқановқа  тапсырады.  сәбит  мұқанов  оқиды.  ол  жөнінде  сәбит  мұқановтың  “20 

баспатабақтай жинақты әуелі өзім оқып шықтым. одан алған әсерім: басым көпшілігінің өлеңдік, 

сөздік жағы жақсы екен. Ал мазмұнына келгенде бірталай сұрақтарым болды. ең басты сұрауым 

– тап тартысының мәселесі” (686) дейді де “сағанақ” деген атпен шығайын деп жатқан Ілияс 

жинағына алғы сөз жазады. “Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры” дегендей, сәбит мұқанов  

пен Ілияс Жансүгіровтың әлеумет алдында тұңғыш рет ұстасуына, айтысуына себепші болған 

болар-болмас кіріспені толық келтірейік. 

“Жансүгірұлы Ілиястың бұл “сағанағына” таңдамалы өлеңдері кіріп отыр. Ілияс жаңада ғана 

қаламы өсіп келе жатқан жазушы. Әзірге ол шығаннан шыққан жүйрік те емес, желісі жоқ топас 

та емес. Өлеңнің ішінде көркемдері де орташасы да, төмендері де бар. Ілияс көбінесе ауылдың 

ақыны, қара шаруаның ақыны. ел ішіндегі кедейді өзгеден гөрі бұрынырақ көретін мінез Ілияста 

бар.  Бірақ  Ілияста  бір  дұрыстыққа  жатпайтын  әдет  “ел”  деген  сөзді  көп  қолданады  “еліме”, 

“елім үшін”, “елімнің жайы” деп елді көбірек сөйлейді. Бұл ауру жалғыз Ілияста емес, осы күні 

жазушылардың біразында әдетке айланып барады. Тегінде, ол жақсы әдет емес. “ел” ішінде кімдер 

жоқ? елге бай да, молда да, саудагер де, кедей де, батырақ та кіреді. мұндай “бұқарашылдық” 

қазақ еңбекшілеріне қызмет етем дегендерге ыңғайлы емес, дұрыс емес. Ілияс бұл кемшілігін 

келешекте түзер деп сенеміз және сенуге де болады, өйткені Ілиястың “заводта” дейтін өлеңі 

оның біраз күнәсін аршып, қара шаруамен қатар пролетариатқа да қызмет еткісі келетініне, соған 

қаламын бұрғандығына сендіреді”.

“Алғы сөздің” бар-жоғы  осы ғана. Бірақ оның аяғы ұзаққа созылған айтысқа, түсінбеушілікке, 

дүрдараздыққа апарып соқты. Бұған әрине кедейшіл емессің, елшілсің, таза қара шаруа жағында 

екеніңді ашық жазбайсың деген пролетарлық ожар талап себепші болғанын сырт көз анық көреді. 

Тіпті екеуінің арасында салғыласқан сөз сайысының сыртқы көрінісі осы таптық түсінік болды. 

Бірақ Ілияс оған емес, “жаңада ғана қаламы өсіп келе жатқан жазушы. Жүйрік те емес, топас та 

емес” деген ойдың 1927 жылы айтылып, жазылып жатуына мықтап намыстанған сияқты. Өйткені 

1894 жылы туған, 14-15 жасынан бері өлең шығарып, ел арасында танылып қалған, Диваевтың 

фольклорлық экспидициясына қатысып, Ташкент жеткен, онда “Жас Алаш” газетіне жанасып, 

мағжан өлеңдеріне тәнті болған, Ілияс мырзабек Дүйсеновтың сөзімен айтқанда “біраз идеялық 

бояулар жұқтырып алып”, елге оралған, “Тілші” газетін шығарысуға білек-сана күшін қосқан, 

Жетісудың оқу-ағарту майданында белсене араласып, абыройға ие болған Ілияс Жансүгіровтың 

таптық көзқарасын іліп қаққаннан гөрі, елді аузына қарататын  шығармаларын, соны біліммен 

толықтырайын деп мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқып жатқан ағасына 

рабфактық  қана  білімі  бар  сәбит  мұқановтың  жөн-жоба  айтуы,  өлеңдерінің  ішінде  “өте 

көркемдері де, орташасы да, төмендері де бар” деп баға беруі шамдандырып, Ілиястың қолына 

қалам алуына себепші болғанын аңғарамыз. сәбит мұқановтың казАПП, оның төңірегіндегілер 

“уақ-түйекті шұқылап”, дау-дамайды өршітіп жіберді дегенінің бір дәлелі осы. 

мәскеуде  оқып  жатқандықтан  болсын,  не  өзінің  табиғи  ақындық  мінезінен  болсын,  Ілияс 

Жансүгіров сәбит мұқановтың ескертпесін қабылдамады. “Бетім анадай емес, мынадай”  деген, 

шаққан  жерінен  қан  шығаратын  ащы  да  өткір  сөздерді  аямай  қолданып,  жауап  берді.  сәбит 

мұқанов қолма-қол “Бас асаулық”  деген мақаламен жауап қатты [3]. сөз әлпеттерін, бірінің бетін 

бірі шиедей қылғанын аңғарту үшін сәбит мұқанов мақаласының үзіндісін мысалға келтірейік. 

“Жүген-құрық көрмеген асаудың мойнына алғаш рет құрық түскенде бауырына шаптырып 

жіберетін.  мына  Ілияс  сын  көрмегендігін  жасап  отыр.  оған  қарағанда  біздің  жанымыз  сірі 



124

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

екен” деп ендігәрі көріспейтін сөзге барады. мұның өзі жаңадан туып келе жатқан әдебиетте 

жікшілдіктің пайда болуына апарып соқтырды. 

Бір  ғана  1928  жылда  жарияланған  мақалалардың  өзі  біраз  шындықтардың  бетін  ашады. 

мәскеудегі қазақ оқушыларының пікірін Ө. Балқашұлы мен Ө. оспанұлы, қарақалпақтағы қазақ 

оқырмандарының  ойын  елтоқ  білдірсе,  Ы.  мұстанбайұлы  “Біздің  таластарымыз,  “сын  және 

баспасөз туралы”, Ғабит мүсірепов “Қазақстан баспасөзінің жайы”, Ө.Тұрманжанов “Баспасөз 

бен сын мәселесі”, с.сейфуллин “Әдебиет майданында”, Ғ. Тоқжанұлы “Әдебиет мәселелері”, 

“Қандай әдебиетіміз үстем болмақ, қандай әдебиетіміз бар”, Ш. Тоқжігітұлы “Тағы да “Тоқсанның 

тобы” туралы”, А. Тоқмағамбетов “Жас жазушылар, естеріңде болсын” мақалалары жарияланса, 

1929  жылы  онан  әрі  өрши  түсті.  олардағы  іліп-қақпа  сөздер  мен  ойлар  ақын-жазушылардың 

пенделік сезімдерін оятып, топтасуға, жіктелуге бастады. Ғабит мүсіреповтың сәкен сейфуллин 

мен  сәбит  мұқановты  сынауы,  сәбит  мұқановтың  Ғаббас,  Ілияс,  Ғабиттармен  ұстасуы, 

Ғаббастың пролетарлық әдебиет жоқ дегені бүкіл кедейшілдерді өзіне қарсы қойғандағы әдебиет 

әлеміндегі әңгімені мейлінше қыздырып, зор екпінмен екінші он жылдыққа, яғни 30 жылдардың 

босағасын айрықша белсенділікпен ашқызды. осы қозғалысқа от тастаған сәбит мұқановтың 

1926 жылғы “көркем әдебиет туралы” мақаласы өнімді ойлардың айтылып-жазылуына түрткі 

болды.Бұл-сәбиттанушылар еңбектерінен де орын алды [4]. Жаңа зерттеулер де жарық көрді [5]. 

“Әдебиет – тап жаршысы, идеологиялық құрал” деген түсінік қанат жайып, көркемдік дегенді 

саясатқа,  бүгінгі  күннің  тыныс-тірлігіне  айналдырып  жіберген-ді.  Басқаны  былай  қойғанда 

ажалмен  алысып,  шығарма  жазуға  мұрсаты  болмай  жүрген  сәбит  Дөнентаевты  “соңғы  кезде 

жазбай қоюына қарағанда бұл байшыл-ұлтшыл жазушы деп саналсын” деген Қайыпназаровтың 

күмәнін теріске шығару былай тұрсын, сол кезде ойлана қарағанды кездестіре қоюдың өзі қиын 

еді.  “Өмірдің  қай  мәселесіне  болса  да  енжар  қарай  алмаймын,  бәріне  араласамын,  халқыма 

қолымнан келген пайдамды тигіземін” деп жанын аямаған сәбит мұқанов осы тұста айрықша 

тұлғаланып көрінді. 



паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  мұқанов с. Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер // еңбекші қазақ,1923, 1 наурыз.

2.  мұқанов с.көркем әдебиет туралы қорытынды пікірім // Қызыл Қазақстан,1927, №І.-33-58 бет

3.  мұқанов с.Бас асаулық // еңбекші қазақ,1928, 11 сәуір.

4.  ергөбек  Қ.сәбит  мұқанов.  -  Алматы:  санат,  2000.-  320  б.;  Тұрысбек  р.  Тарих.  Таным.  Тағылым.  - 

Астана, 2008. - 510 б.

5.  кәкішұлы Т., Ахмет к. сәбит мұқанов. - Астана: Фолиант, 2009. - 352 б.

редакцияға 12.03.2010 қабылданды. 



б. ӘбДеШев

ҚыРҒыз РоманынДаҒы таРихи тҰлҒалаР беЙнесІ

The issues of  historical theme, the genre formation of the historical wovels and their development in 

the related Kirghiz literature are revealed in this article.

ежелден көршілес отырған екі ел қазақ пен қырғыздың әдеби байланысы ертеден басталады. 

Әдет-ғұрып пен салт-санада да ортақ жайлар көп-ақ. міне, осы түбі бір туыстық, көне көршілік, 

тарихи тағдырластық екі елдің саяси-экономикалық және мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне 

де әсерін тигізіп, олардың өзара байланыс жасап, жақындасуына сеп болды. мұны, әсіресе, екі 

халықтың  ежелден  бері  келе  жатқан  ауыз  әдебиеті  үлгілері  мен  көне  әдебиет  нұсқаларынан 

анық көруге болады. Қазақ әдебиетінің бай мұрасын өзге халықтардың әдебиетімен салыстыру, 

ортақ құбылыстарға баға беру бұрыннан бар. көптеген ғылыми еңбектерден қазақ әдебиетінің 

дүниежүзі халықтарының әдеби мұрасымен сабақтастығын, біздің әдебиетіміз де адамзат жасаған 

мәдениеттің бір тармағы екендігіне баса назар аударған зерттеулерді молынан кездестіреміз. 

Біз  тақырыбымызға  өзек  етіп  алған,  көршілес  қырғыз  әдебиетінде  тарихи  тақырыптың 

игерілуі қандай деңгейде, тарихи роман жанрының қалыптасу, даму қарқыны қалай деген сауалға 

жауап іздеп көрелік. Әрине бұл тақырыпта қырғыз әдебиетшілері, сыншылары, зерттеушілері 

бірсыпыра  еңбектер  жазғаны  анық.  Біздің  мақсат  –  қырғыз  тарихи  романы  мен  қазақ  тарихи 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал